SC 3 Deluxe EasyFix Premium - бумен тазалағыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз SC 3 Deluxe EasyFix Premium Kärcher PDF форматында.
| Өнім түрі | Бу тазалағыш |
| Бренд | Kärcher |
| Модель | SC 3 Deluxe EasyFix Premium |
| Қоректену | 220-240 В, 50-60 Гц, 1900 Вт |
| Максималды жұмыс қысымы | 0,35 МПа |
| Қызу уақыты | Шамамен 30 секунд |
| Үздіксіз бу шығыны | 40 г/мин |
| Максималды бу шыңы | 100 г/мин |
| Су ыдысының сыйымдылығы | 1 литр |
| Салмағы (керек-жарақсыз) | 3,3 кг |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 361 x 250 x 282 мм |
| Қорғаныс класы | I |
| Қорғаныс түрі | IPX4 |
| Жинақтағы керек-жарақтар | Еден саптамасы, қол соппасы, дөңгелек щетка (кіші және үлкен), қарындаш саптама, Power саптамасы, буын щеткасы, кілем төсеніші, микрофибр шүберектер (еденге 2, соппаға 1), ұзартқыш түтіктер (2 дана), кірден тазарту картриджі |
| Функциялар | Қос бу шығыны (макс. және төмендетілген), бала қорғанысы, су жетіспесе сорғыны автоматты өшіру, кірден тазарту картриджін ауыстырудың жарық индикаторы |
| Күтім | Микрофибр шүберектерді ең көбі 60°C температурада жуу, кірден тазарту картриджін индикатор бойынша ауыстыру |
| Кепілдік | Ел шарттарына сәйкес, материал мен өндіріс ақаулары қамтылған |
Жиі қойылатын сұрақтар - SC 3 Deluxe EasyFix Premium Kärcher
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы SC 3 Deluxe EasyFix Premium Kärcher
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бумен тазалағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз SC 3 Deluxe EasyFix Premium - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. SC 3 Deluxe EasyFix Premium брендінің Kärcher.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ SC 3 Deluxe EasyFix Premium Kärcher
| Жалпы нүсқаулар | 174 |
| Бүйымды мақсатына сәйкес қолдану | 174 |
| Қоршаған ортаны қорғау | 175 |
| Қерек-жарак және қосалқы бөлшектер | 175 |
| Жеткізілім жинағы | 175 |
| Қепілдік | 175 |
| Қорғаныс құрал-жабдықтары | 175 |
| Құрылғының сипаттамасы | 175 |
| Бастапқы іске қосу | 176 |
| Орнату | 176 |
| Пайдалану | 176 |
| Қолдануға арналған маңызды ескертулер | 177 |
| Қондырмаларды қолдану | 177 |
| Қутім және техникалық қызмет көрсету | 179 |
| Ақаулар кезіндегі көмек | 180 |
| Техникалық мағлүматтар | 181 |
Жалпы нұсқаулар
Құрылғыны алғаш рет қолданбас бұрын, осы пайдалану жөніндегі түпнұсқа нұсқаулық пен берілген
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз. Оларға сай әрекет етіңіз.
Екі кітапшаны да әрі қарай пайдалану немесе келесі иесі үшін сақтап қойыңыз.
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану
Бұйымды үй шаруашылығында ғана қолданыңыз. Құрал буды тазартуға арналған және оны осы нұсқаулықта сипатталғандай сәйкес толымдаушылармен қолдануға болады. Тазартқыш құралдар қажет емес. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Қоршаған ортаны қорғау

Орауыш материалдарын утилизациялауға болады. Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.

Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе утилизациялау нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өндірілетін материалдар және батареялар, аккумуляторлар немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі. Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.kaercher.com/REACH
Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.
Кепілдік
Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда, ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз. (Мекенжайы артқы жағында берілген)
Өндірілген күні көрсетілген түр кестесінде шифрланған.
Жеке сандардың мағынасы келесідей болады:
Мысалы: 30190
3 Өндірілген жылы 0 Өндірілген ғасыры 1 Өндірілген онжылдық 9 Өндірілген айының екінші саны 0 Өндірілген айының бірінші саны
Сонымен бұл мысалда 30190 коды 09 /(2)013 өндірілген күнін білдіреді.
Қорғаныс құрал-жабдықтары
△АБАЙЛАҢЫЗ
Жоқ немесе өзгертілген қорғаныс құрал- жабдықтары
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған.
Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз немесе ажыратпаңыз.
Құрылғыдағы белгілер
(Құрылғы түріне байланысты)
| Кую каупі бар, жұмыс кезінде құрылғының беті қызады | |
| Будан кую каупі бар | |
| Пайдалану нұсқаулығын оқып шығыңыз |
Қысым реттегіші
Ақаулық нәтижесінде өте жоғары қысым туындайтын болса, сақтандырғыш клапаны артық қысымды қоршаған ортаға шығарады.
Созылмалы сақтандырғыш
Созылмалы сақтандырғыш құрылғының қызып кетуін алдын алады. Құрылғы қызып кеткен кезде созылмалы сақтандырғыш оны желіден ажыратады. Құрылғыны қайтадан іске қоспас бұрын, KÄRCHER өкілетті тұтынушыларға қолдау қызметіне жүгініңіз.
Құрылғының сипаттамасы
Осы нұсқаулықта құрылғының максимал жабдықталуы сипатталған. Үлгісіне байланысты жеткізу жиынтығында айырмашылықтар бар, қаптаманы қараңыз.
Суреттер үшін графикалық бетті қараңыз. Сурет А
① Қақтан тазарту картриджі ② Қосу/өшіру қосқышы ③ Төмендетілген бу мөлшері ④ Қызыл басқару шамы - Қақтан тазарту картриджін ауыстыру керек. ⑤ Максимал бу мөлшері ⑥ Аксессуар бөлімі ⑦ Еден қондырмасын тұраққа қою тұтқышы ⑧ Жылжытуға арналған сап ⑨ Желілік істікшесі бар желілік байланыстырғыш кабель ⑩ Бу тапаншасы ⑪ Бу тетігі ⑫ Құлыптан шығару түймесі ⑬ Балалардан қорғау ⑭ Бу беруге арналған шланг ⑮ Нүктелік шүмек ⑯ Дөңгелек щетка
⑰** Үлкен дөңгелек щетка ⑱** Турбо қондырма ⑲ Тегістеу щеткасы ⑳ Қондырма-щетка ㉑ Қол қондырмасына арналған микроталшықтан жасалған қабықша ㉒ Ұзартқыш түтіктер (2 дана) ㉓ Құлыптан шығару түймесі ㉔ Еден саптамасы ㉕ Жабысқыш ㉖ Микроталшықтан жасалған еден шүберегі (1 дана) ㉗** Кілем төсемелеріне арналған қондырма ㉘** Микроталшықтан жасалған еден шүберегі (2 дана)
** SC 3 Deluxe EasyFix Premium
Бастапқы іске қосу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қақ себебінен құрылғының зақымдалуы
Қақты жинақтау патроны құрылғыны 1-рет іске қосудан бұрын судың жергілікті кермектігіне орнатқан жағдайда ғана онтайлы жұмыс істейді.
Құрылғыны судың жергілікті кермектігіне орнатыңыз.
Құрылғыны судың кермектігі өзгеше аймақта пайдаланған кезде (мыс., көшкен соң), алдымен құрылғыны судың сәйкес кермектігіне орнатыңыз.
- Қақты жинақтау патронын саңылауға салып, бекітілмейінше басыңыз.
Сурет B
- Судың кермектігін реттеу үшін мына бөлімді қараңыз: Судың кермектігін орнату.
Орнату
Қондырғыларды монтаждау
- Құрамдас бөліктерінің бос ұшын бу тапаншасының құлпын ашу түймесі жабылғанша бу тапаншасына бұрап салыңыз.
Сурет C
- Қондырманың ашық шетін нүктелік шүмекке кигізіңіз.
Сурет D
- Ұзартқыш түтіктерді бу тапаншасымен байланыстырыңыз.
а 1-ші ұзартқыш түтікті бу тапаншасының құлпын ашу түймесі сырт етіп жабылғанша бу тапаншасына бұрап салыңыз.
Байланыстырғыш түтік жалғанған.
b 2-ші ұзартқыш түтікті 1-ші ұзартқыш түтікке кигізіңіз.
Байланыстырғыш түтіктер жалғанған.
Сурет E
- Кондырманы және/немесе еден саптамасын ұзартқыш түтіктің бос шетіне кигізіңіз.
Сурет F
Кондырма жалғанған.
Кондырманы ажыратыңыз
- Балалардан қорғау құлпын артқа сырғытыңыз.
Бу тетігі құлыпталған.
- Құлыптан шығару түймесін басып, бөлшектерін ажыратыңыз.
Сурет G
Пайдалану
Су құйыңыз
Су багын кез келген уақытта толтыруға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрылғыны зақымдау
Сәйкес келмейтін су бүріккіштерді бітеп, су деңгейі индикаторын зақымдауы мүмкін.
Киімді кептіргіштегі конденсатты суды пайдаланбаңыз.
Жиналған жаңбыр суын қолданбаңыз.
Құрылғыға тазалау құралын немесе басқа қоспа (мыс., хош иістендіргіш) құймаңыз.
- Су багына 1 л кұбыр суын құйыңыз. Сурет Н
Құрылғыны қосу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрылғыны судың дұрыс емес кермектігін орнатуға байланысты зақымдау
Қақты жинақтау патроны құрылғыны судың жергілікті кермектігіне орнатқан жағдайда ғана, онтайлы жұмыс істейді. Құрылғыда судың дұрыс емес кермектігі орнатылған жағдайда қақтың жинақталуы мүмкін.
Алғаш рет іске қоспас бұрын, құрылғыны судың жергілікті кермектігіне орнатыңыз, мына бөлімді қараңыз: Судың кермектігін орнату.
Нұсқау
Қақты жинақтау патронын шешіп алып, жаңасын орнатқан соң, буды алғаш рет іске қосқан кезде, будың шығарылуы әлсіз немесе тегіс болмауы, сондай-ақ, бөлек су тамшылары түзілуі мүмкін. Қақты жинақтау патроны сумен толтырылмайынша, құрылғыны аз уақытқа қыздырып алу керек. Будың берілген мөлшері 30 секундтан соң ең жоғарғы мәніне жетпейінше, үнемі көбейе береді.
- Құрылғыны тұрақты тірекке орналастырыңыз.
- Желі істікшесінің ашасын розеткаға салыңыз.
- Қосу/өшіру қосқышын басыңыз.
Сурет I
- Жарықдиодтық жолақ қызыл түспен жанады және баяу сөнеді.
- Шамамен 30 секундтан кейін жарықдиодтық жолақ тұрақты жасыл түспен жанады. Құрылғы пайдалануға дайын.
Сурет J
Бу мөлшерін реттеу
Шығатын бу мөлшері бу мөлшерін реттеу түймесімен реттеледі. 2 түрлі бу мөлшерін реттеу түймесі бар:
Сурет К
![]() | Максимал бу мөлшері |
![]() | төмендетілген бу мөлшері |

бу жоқ - балалардан қорғаныс
Нұсқау
Бұл қалыпты бу төмігі басылмаған күйде болады.
Нұсқау
Құрылғы қосулы кезде әрқашан максимал бу мөлшері орнатылады.
- Бу мөлшерін реттегеннен кейін, бу тетігін басыңыз.
- Тазалау алдында бу тапаншасын шүберекке бағыттап, бу тегіс шығарылғанша күтіңіз.
Суды толтырыңыз
Егер су жеткіліксіз болса, жарықдиодтық жолақ тез қызыл болып жыпылықтайды.
Будың әрдайым берілуі үшін су деңгейі қақты жинақтау патронының қақпағынан жоғары болуы керек. Су құйған кезде қақтан тазарту картриджі құрылғыда болады.
Нұсқау
Құрылғы «құрғақ» жүрістен қорғалған сорғымен жабдықталған. Сорғы ұзақ уақыт бойына құрғақ түрде жұмыс істейтін болса, қақты жинақтау патроны дұрыс орнатылмаған болса, сорғы өшіріледі, қызыл судың жетіспейтіндігін бақылау шамы жыпылықтап тұрады.
Құрылғыны әрі қарай пайдалану үшін құрылғыны өшіріп, қайтадан қосу керек. Бұл кезде патрон дұрыс орнатылған және су багіне жеткілікті су мөлшері құйылған болу керек.
- Су багына су деңгейі қақты жинақтау патронынан жоғары болатын етіп ең көбі 1 литр құбыр суын құйыңыз. Жарықдиодтық жолақ үнемі жасыл түспен жанады.
Жұмысты тоқтату
Энергияны үнемдеу үшін, 20 минуттан асатын үзіліс кезінде құрылғыны өшіріп қоюды ұсынамыз.
- Қосу/өшіру қосқышын басыңыз.
Құрылғыны өшіру
- Қосу/өшіру қосқышын басыңыз. Құрылғы өшірілген.
- Бу шығару тоқтағанша бу тетігін басып тұрыңыз. Бу генераторы қысымсыз.
- Балалардан қорғау құлпын артқа сырғытыңыз. Бу тетігі құлыпталған.
- Желі істікшесін розеткадан ажыратыңыз.
Сурет L
Сурет M
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрылғының судың тұрып қалуынан зақымдалуы
Құрылғы 2 айдан астам уақытқа қолданылмайтын болса, бактағы судың бұзылып бастауы мүмкін. Құрылғыны пайдаланудағы ұзақ үзілістерден бұрын, бакті босатып қою керек.
- Қақты жинақтау патронын құрылғыдан шығарып алыңыз.
Сурет N
Құрылғыны ұстау
- Еден қондырмасын тұраққа қою тұтқышына салыңыз.
Сурет О
- Қозғалтқыш түтіктерді қондырманың үлкен тұтқышына салыңыз.
- Кол кондырмасымен нуктелік шумектің әрбірін 1- үзартқыш түтікке кигізіңіз.
- Кабельді орап, оны кондырғыларға арналған бөлімде сақтаңыз.
- Кішкентай деңгелек шөткені және турбо қондырманы қондырғыларға арналған бөлімде сақтаңыз.
- Бу беруге арналған шлангіні кондырғыларға арналған бөлімде сақтаңыз.
- Құрылғыны құрғақ және аяздан қорғалған орында сақтаңыз.
Қолдануға арналған маңызды ескертулер
Еден бетін тазарту
Құрылғыны қолдану алдында еденнің бетін шаңсорғышпен соруға немесе сыпыруға кеңес беріледі. Осылайша ылғалды тазартудан бұрын еден лас пен бөтен заттардан тазартылады.
Матаны жаңарту
Құрылғыны пайдаланбас бұрын бүркеулі жерде матамен үйлесімділігін әрқашан тексеріңіз: Матаны бумен өндеп, кептіріңіз, сосын түсінің немесе пішімінің өзгергенін тексеріңіз.
Көпқабатты немесе лакталған беттерді тазарту
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдалған беттер
Бу балауызды, жиһаз лагын, пластик жабындарды немесе шеттерінің бояуы мен жапсырмасын ерітіп жібере алады.
Буды желімделген шеттеріне бағыттамаңыз, жапсырмасы қатпарлануы мүмкін.
Құралды қорғалмаған ағаш немесе паркет едендерді тазартуға қолданбаңыз.
Құрылғыны боялған немесе пластикпен жабылған беттерді, асүй немесе үй жиһазын, есіктерді немесе паркетті тазалауға қолданбаңыз.
- Осы беттерді тазарту үшін, матаны бумен қысқа уақыт өңдеп, онымен бетін сүртіңіз.
Әйнекті тазарту.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Әйнектің сынуы және беттің зақымдалуы
Бу терезе жақтауының жапсырылған бөліктерін зақымдауы және сырт температурасы төмен болған кезде терезе әйнегі бетіне күш түсуіне әкелуі, нәтижесінде оның сынуы мүмкін.
Буды терезе жақтауының жапсырылған бөліктеріне бағыттамаңыз.
Әйнектің бүкіл бетін бумен мұқият жеңіл өңдеу арқылы әйнектерді сырт температурасы төмен болған кезде қыздырыңыз.
- Терезенің бетін қондырма-щеткамен тазалап, микроталшыққа арналған алынбалы майлықты тазартыңыз. Суды жою үшін, айдауды пайдаланыңыз немесе бетін құрғатып кептіріңіз.
Қондырмаларды қолдану
Бу тапаншасы
Бу пистолетін мына жағдайларда құрамдас бөліктерсіз пайдалануға болады:
- Ілініп тұрған киімдегі жеңіл қыртыстарды жою үшін: Киімді бумен 10-20 см қашықтықтан өңдеңіз.
- Шанды вигалмен жою үшін: Майлықты бумен жеңіл өңдеп, онымен жиһазды сүртіңіз.
Нүктелік шүмек
Нүктелік шүмекпен қиын қол жететін аймақтарды, тігістер, фитингтер, суағар, шүңғылша, әжетхана, жалюзи немесе радиаторларды тазалауға болады. Нүктелік шүмек ластанған жерге жақын болған сайын, тазарту әсері жоғары болады, себебі шүмектен шыққан кездегі температура мен бу мөлшері ең жоғары. Қатты әк шөгінділерін бумен тазарту алдында сәйкес келетін жуғыш құралмен өңдеуге болады. Жуғыш құралды шамамен 5 минут әрекет етуге қалдырып, бумен өңдеңіз.
- Нүктелік шүмекті бу тапаншасына ысырыңыз.
Cypet C
Дөңгелек щетка (кішкентай)
Кішкентай дөңгелек щетка қатты кірді кетіру үшін қызмет көрсетеді. Щетка арқылы ескі ластарды жою оңай.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдалған беттер
Щетка жұмсақ беттерді сызып тастауы мүмкін. Жұмсақ беттерді тазартуға арналмаған.
- Кішкентай дөңгелек щеткені нүктелі тозандату кондырмасына орнатыңыз.
Cypet D
Дөңгелек щетка (үлкен)
Үлкен дөңгелек щетка шүңғылша, себезгі кабинасы, ванна, ас үй жуғышы сияқты үлкен дөңгелек беткейлерді тазалауға қолайлы болып табылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдалған беттер
Щетка жұмсақ беттерді сызып тастауы мүмкін. Жұмсақ беттерді тазартуға арналмаған.
- Үлкен дөңгелек щеткені нүктелі тозаңдату қондырмасына орнатыңыз.
Cypet D
Турбо қондырма
Турбо қондырма кірді тазалауға және бұрыштарды, тігістерді және т.б. үрлеп тазалауға жарамды.
- Турбо қондырманы дөңгелек щеткеге сәйкес келетін нүктелік шүмекке орнатыңыз.
Cypet D
Тегістеу щеткесі
- Тегістеу щеткесі тар саңылауларды, мысалы, терезе тауашалары мен қабырғадағы інінді тесіктер арасында тазарту үшін қолданылады.
Cypet D
Қондырма-щетка
Қондырма-щеткамен шағын жуылатын беттерді, душ кабиналарын және айнаны тазалауға болады.
- Қолмен жұмыс істейтін қондырманы бу пистолетіндегі сәйкес нүктелі тозаңдату қондырмасына кигізіңіз.
Cypet C
Еден тазалауға арналған қондырма
Еденге арналған қондырмамен тас едендер, плитка және ПВХ едендер сияқты жуылатын қабырға және еден жабындарын тазалауға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бумен өңдеуден болған зақымдар.
Жоғары температура мен ылғалдылық зақымдарға әкелуі мүмкін.
Пайдалану алдында будың жылуға төзімділігін және әсерін көрінбейтін жерде будың аз мөлшерімен тексеріңіз.
Нұсқау
Тазартылатын беттегі тазартқыш құралдардың немесе күтім көрсетуге арналған эмульсиялардың қалдығы бумен тазалаған кезде жолақтар пайда болуына әкелуі мүмкін, ол қайта өңдеген кезде жойылады.
Құрылғыны қолдану алдында еденнің бетін шаңсорғышпен соруға немесе сыпыруға кеңес беріледі. Осылайша ылғалды тазартудан бұрын еден лас пен бөтен заттардан тазартылады. Қатты ластанған жерлерде будың ұзақ әрекет етуі үшін мұқият жұмыс істеңіз.
- Ұзартқыш түтіктерді бу тапаншасымен байланыстырыңыз.
Сурет E
- Еденге арналған қондырманы ұзартқыш түтікке кигізіңіз.
Сурет F
- Еденге арналған қондырмаға майлықты бекітіңіз. а Еденге арналған майлықты еденге жабысатын жолақтарын жоғары қаратып қойыңыз.
b Еденге арналған қондырманы майлыққа қойып, жеңіл қысыңыз.
Еденге арналған майлық жабыстыру бекіткішіне өздігінен бекітіледі.
Еденге арналған майлықты алыңыз.
- Аяққа арналған сүйеуішке еденге арналған майлықты қойып, еденге арналған қондырманы жоғары көтеріңіз.
Нұсқау
Ең басында еденге арналған шуберектің бекітпе таспасы әлі жеткілікті түрде жақсы ұсталады және еден қондырмасынан әрең ажыратылады. Көп рет қолданған және жуған соң, шуберек еден қондырмасынан жақсы шешіледі, оңтайлы бекіту күшіне қол жеткізілген.
Еден қондырмасын тұраққа қою
- Жұмыстағы үзілістер кезінде еден қондырмасын тұраққа қою тұтқышына қойыңыз.
Кілемге арналған қондырма
Кілемге арналған қондырма арқылы кілемді жаңалауға болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кілемге арналған қондырма мен кілемдегі зақымдар
Кілемге арналған қондырмадағы ластанулар, сондай-ақ жоғары температура мен дымқылға қанығу кілемнің зақымдануына әкелуі мүмкін.
Оган қоса пайдаланбас бұрын, кілемнің көрінбейтін жеріне будың аз мөлшерімен жоғары температураға және будың әсеріне тұрақтылығын тексеріңіз.
Кілем өндірушісінің тазарту жөніндегі нұсқауларын орындаңыз.
Кілемге арналған қондырманы пайдалану алдында кілемнің шаңсорғышпен тазаланғанына және ықтимал дақтардың кетірілгеніне көз жеткізіңіз. Пайдалану алдында және жұмыстағы үзілістен кейін ағатын түтікке (шуберек қондырмасыз/құрамдастармен) булау арқылы құрылғыда жиналып қалуы мүмкін суды (конденсатты) жойыңыз.
Бу щеткасын еденге арналған щеткада шуберек қондырмамен ғана қолданыңыз.
Кілемге арналған қондырма арқылы бумен тазалау жұмысын тек кіші буға айналдыру режимі арқылы орындаңыз.
Жоғары температура әсерінен қатты ылғалданбауы және зақымдалмауы үшін, бу ағынын ұзақ уақыт бойы бір орынға бағыттамаңыз (ең көбі 5 секунд).
Кілем тазалауға арналған биік түкті кілемге арналған қондырманы қолданбаңыз.
Кілемге арналған қондырманы еденге арналған қондырмаға бекіту
- Шуберек қондырманы еденге арналған қондырмаға бекіту, мына бөлімді қараңыз: Еден тазалауға арналған қондырма.
Cypet Q
- Кілемге арналған қондырманы еденге арналған қондырмаға сырт еткенше жеңіл басып қондырыңыз.
Cypet R
- Кілемді тазалауды бастаңыз.
Кілемге арналған қондырманы еденге арналған қондырмадан алу
△АБАЙЛАНЫЗ
Аяқтың киюі
Бумен өңдеу кезінде кілемге арналған қондырма қатты қызуы мүмкін.
Бу щеткасымен жалаң аяқ немесе ашық аяқ киімде ешқашан жұмыс істемеңіз және алмаңыз.
Бу щеткасымен тек сәйкес келетін аяқ киімде жұмыс істеңіз және алыңыз.
- Кілемге арналған қондырманың тілшесін бәтеңке тұмсығымен төмен басыңыз.
- Еденге арналған қондырманы жоғары көтеріңіз. Сурет R
Күтім және техникалық қызмет көрсету
Су багын босату
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрылғының судың тұрып қалуынан зақымдалуы
Құрылғы 2 айдан астам уақытқа қолданылмайтын болса, бактағы судың бұзылып бастауы мүмкін. Құрылғыны пайдаланудағы ұзақ үзілістерден бұрын, бакті босатып қою керек.
- Қосу/өшіру қосқышын басыңыз. Құрылғы өшірілген.
- Желі істікшесін розеткадан ажыратыңыз.
- Кондырмаларды кондырмаларға арналған ұстағыштан шығарыңыз.
- Қақты жинақтау патронын құрылғыдан шығарып алыңыз.
- Су багын босатыңыз.
Cypet S
Қақтан тазарту картриджін ауыстыру
НАЗАР АУДАРЫНЫҢ
Құрылғыны зақымдау және қызмет көрсету мерзімінің қысқартылуы
Қақты жинақтау патронын ауыстыру аралықтарын сақтамау (басқару шамы индикациясы) құрылғыны зақымдауы және қызмет көрсету мерзімін қысқартуы мүмкін.
Ауыстыру аралықтары судың жергілікті кермектігіне байланысты болады. Суының тұзы көп аймақтарда (мыс., III/IV) ауыстыру аралықтары суы жұмсақ аймақтарға (мыс., I/II) қарағанда қысқарақ болады.
Жұмысты аяқтаған кездегі индикатор
Қақты жинақтау патронының бақылау шамы қақты жинақтау патронын қашан ауыстыру қажет екендігін көрсетеді:
- Мерзімінің аяқталуынан 2 сағат бұрын басқару шамы жыпылықтай бастайды.
- Мерзімінің аяқталуынан 1 сағат бұрын басқару шамы жылдамырақ жыпылықтай бастайды.
- Қақты жинақтау патронын ауыстыру мерзімі өтіп кеткен болса, басқару шамы мен жарықдиодтық жолақ үнемі қызыл түспен жанып тұрады және құрылғыға зақым келтірмеу үшін сорғы өздігінен өшеді.
Құрылғыны зақымдау қаупі
Бұрын пайдаланылған қақты жинақтау патронын орнату құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Патрондарды ауыстырып алмау үшін, абайлап жұмыс істеңіз.
Нұсқау
Қақты жинақтау патронын шешіп алып, жаңасын орнатқан соң, буды алғаш рет іске қосқан кезде, будың шығарылуы әлсіз немесе тегіс болмауы, сондай-ақ, бөлек су тамшылары түзілуі мүмкін. Қақты жинақтау патроны сумен толтырылмайынша, құрылғыны аз уақытқа қыздырып алу керек. Будың берілген мөлшері 30 секундтан соң ең жоғарғы мәніне жетпейінше, үнемі көбейе береді.
- Өшіру қосқышын басыңыз. Құрылғы өшірілген.
- Қақтан тазарту картриджін алыңыз.
- Жаңа қақты жинақтау патронын салыңыз.
- Қосу қосқышын басыңыз. Бу генераторы қосылған.
- Бір уақытта «максимал бу мөлшері» және «төмендетілген бу мөлшері» түймелерін «Қақтан тазарту картриджін ауыстыру» индикаторы сөнгенше басып тұрыңыз. Бұл қалпына келтірудің аяқталғанын білдіреді.
- Құрылғының қыздырылуына мүмкіндік беріңіз.
- Қақтан тазарту картриджінен ауаны шығару үшін, бу тетігін шамамен 30 секунд басып ұстап тұрыңыз.
Судың кермектігін орнату
НАЗАР АУДАРЫНЫ
Как себебінен құрылғының зақымдалуы
Қақты жинақтау патроны салынбаған және құрылғыда судың дұрыс емес кермектігі орнатылған жағдайда қақтың жинақталуы мүмкін. Әрдайым тек қақты жинақтау патронымен жұмыс істеңіз.
Құрылғыны судың жергілікті кермектігіне орнатыңыз.
Құрылғыны судың кермектігі өзгеше аймақта пайдаланбас бұрын (мыс., көшкен соң), алдымен құрылғыны судың сәйкес кермектігіне орнатыңыз.
Нұсқау
Су шарушылығы басқармасы немесе муниципалитеттер су құбыры суының қаттылығы туралы ақпарат береді. Судың кермектігін реттеу жаңа параметр орындалғанға дейін, мысалы, көшуден кейін сақталады. Зауытта құрылғыға ең жоғарғы судың кермектігі (IV деңгей) орнатылады. Орнатылған судың кермектігі құрылғыда импульстік жыпылықтаумен көрсетіледі.
Судың кермектік деңгейі мен импульстік жыпылықтау
| Қаттылықауқымы | °dH | ммоль/л | Импульстікжыпылықтаусаны | Жыпылықтауларарасындағыаралық | |
| I | жұмсақ | 0 - 7 | 0 - 1,3 | 1x | 4 секунд |
| II орташа | 7 | - 14 1,3 | - 2,5 2x | ||
| III | қатты | 14 - 21 | 2,5 - 3,8 | 3x | |
| IV етекатты | >21 >3,8 | 4x | |||
Нұсқау
Қақты жинақтау патроны құрылғы сумен толтырылған және қосылған соң ғана іске қосылады. Судағы қақ қақтан тазарту картриджіндегі түйіршіктерге сінеді. Қосымша қақтан тазарту талап етілмейді.
Нұсқау
Картридждегі түйіршіктің түсі сумен байланысқаннан кейін өзгеруі мүмкін. Бұл судағы минералдардың құрамына байланысты. Мұндай түс өзгеру зиянсыз болып табылады және құрылғыға, тазалау жұмысына немесе қақтан тазарту картриджінің жұмысына кері әсерін тигізбейді.
Нұсқау
Реттеу кезінде 15 секундтан ұзақ үзіліс жасамаңыз, әйтпесе құрылғы соңғы рет таңдалған судың кермектігін немесе алғаш рет іске қосқан кездегі судың ең жоғарғы кермектігін автоматты түрде орнатады.
- Құрылғының қосылғанына көз жеткізіңіз.
- Қосу/өшіру қосқышын 6 секунд басып тұрыңыз. Сурет К
- Қақтан тазарту картриджінің бақылау шамы жыпылықтай бастайды, импульстер саны бұл кезде су кермектігінің ағымдағы параметрі туралы ескертеді.
- Су кермектігінің төменгі деңгейін орнату үшін «Төмендетілген бу мөлшері» түймесін бірнеше рет басыңыз.
- Су кермектігінің жоғарғы деңгейін орнату үшін «Максимал бу мөлшері» түймесін бірнеше рет басыңыз.
- «Төмендетілген бу мөлшері» немесе «Максимал бу мөлшері» түймесін босатыңыз. Орнатылған судың кермектігі үшін импульстік жыпылықтау көрсетіледі.
- Қажет болған кезде, су кермектігінің қажетті деңгейі орнатылғанша, процесті бірнеше рет қайталаңыз.
Нұсқау
Бу мөлшерін реттеу түймесі басылған кезде импульстік жыпылықтау көрсетілмейді.
- Су кермектігінің реттелген деңгейін сақтау үшін, қосу/өшіру қосқышын 4 секунд басып тұрыңыз. Қақтан тазарту картриджінің бақылау шамы жанады.
Толымдаушыларға күтім көрсету
(Жеткізілуіне қарай толымдаушылар)
Нұсқау
Микрофазадан жасалған майлық кептіргіште кептіруге арналмаған.
Нұсқау
Майлықтарды жуған кезде жапсырмадағы жуу шарттары көрсетілген нұсқауларды сақтаңыз. Майлықтар ласты жақсы сіңіре алуы үшін, жұмсақ шайғышты пайдаланбаңыз.
- Еденге арналған майлықтар мен қаптарын кір жуғыш машинада ең көбі 60 °С-пен жуыңыз.
Ақаулар кезіндегі көмек
Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, рұқсат етілген сервистік орталыққа хабарласыңыз.
ЕСКЕРТУ
Күйіктер қаупі және электр тогынан жарақат алу
Құрылғы қуат көзіне қосылу кезінде немесе суымаған кезде, ақауларды жою қауіпті.
Желілік штекерді розеткадан шығарып алыңыз. Құрылғыны суытыңыз.
Жарықдиодтық жолақ қызыл болып жыпылықтайды
Сорғыны «құрғақ» жүрістен қорғау функциясы қосылған.
- Құрылғыны қосып, қайтадан өшіріңіз.
- Қақты жинақтау патронының дұрыс орнатылғанын және бактегі су мөлшері жеткілікті екенін тексеріңіз.
Бакта су жоқ.
- Су багын толтырыңыз, мына бөлімді қараңыз: Суды толтырыңыз.
Бу тетігі басылмайды
Бұл тетік балалардан қорғаныспен құлыпталған.
- Балалардан қорғау құлпын алға сырғытыңыз. Бұл тетік құлыптан шығарылған.
Бактағы судың жеткілікті мөлшеріне қарамастан будың жоқтығы немесе жеткіліксіз мөлшері. Қақтан тазарту картриджі орнатылмаған немесе дұрыс орнатылмаған.
- Қақтан тазарту картриджін орнатыңыз немесе дұрыс орнатыңыз.
Қақтан тазарту картриджі су құю кезінде алынған.
- Су құю кезінде қақтан тазарту картриджін құрылғыда қалдырыңыз.
Жаңа қақтан тазарту картриджі орнатылған.
- Бу тетігін үздіксіз басып ұстап тұрыңыз. Шамамен 30 секундтан кейін будың толық өнімділігіне қол жеткізіледі.
Қызыл «Қақтан тазарту картриджін ауыстыру» басқару шамы жанып немесе жыпылықтап тұр.
Жуырда қақтан тазарту картриджінің мерзімі аяқталады.
- Жаңа қақтан тазарту картриджін орнатып, техникалық қызмет көрсету индикаторын қалпына келтіріңіз, мына бөлімді қараңыз: Қақтан тазарту картриджін ауыстыру.
Қақтан тазарту картриджін ауыстырғаннан кейін, техникалық қызмет көрсету индикаторы қалпына келтірілмеген.
- Қақтан тазарту картриджін ауыстырғаннан кейін бір уақытта «Максимал бу мөлшері» және «Төмендетілген бу мөлшері» түймелерін «Қақтан тазарту картриджін ауыстыру» индикаторы сөнгенше басып тұрыңыз, мына бөлімді қараңыз: Қақтан тазарту картриджін ауыстыру.
Жарықдиодтық жолақ үнемі қызыл түспен жанып тұрады және бактағы судың жеткілікті мөлшеріне қарамастан бу жоқ.
Қақтан тазарту картриджінің мерзімі аяқталуға таяп қалды.
- Жаңа қақтан тазарту картриджін орнатып, техникалық қызмет көрсету индикаторын қалпына келтіріңіз, мына бөлімді қараңыз: Қақтан тазарту картриджін ауыстыру.
Қақтан тазарту картриджін ауыстырғаннан кейін, техникалық қызмет көрсету индикаторы қалпына келтірілмеген.
- Қақтан тазарту картриджін ауыстырғаннан кейін бір уақытта «Максимал бу мөлшері» және «Төмендетілген бу мөлшері» түймелерін «Қақтан тазарту картриджін ауыстыру» индикаторы сөнгенше басып тұрыңыз, мына бөлімді қараңыз: Қақтан тазарту картриджін ауыстыру.
Техникалық мағлұматтар
| SC 3 Deluxe EasyFix | SC 3 Deluxe EasyFix Premium | ||
| Электр желісіне косу | |||
| Кернеу V 220 - | 240 | 220 - 240 | |
| Фаза ~ 1 | 1 | ||
| Жилік Hz 50 - 60 50 - 60 | |||
| Корғаныс класы | IPX4 | IPX4 | |
| Корғау класы I | I | ||
| Жұмыс сипаттары | |||
| Жылу қуаты | W | 1900 | 1900 |
| Максимал жұмыс қысымы | MPa | 0,35 | 0,35 |
| Қызу ұақыты | Секун д | 30 | 30 |
| Үздіксіз булап жібіту | g/min | 40 | 40 |
| Максимал бу импульси | g/min | 100 | 100 |
| СЫЙЫМДЫЛЫҚ | |||
| Су багы | I | 1,0 | 1,0 |
| Өлшемдері мен салмағы | |||
| Салмағы (толымдаушыларсыз) | kg | 3,3 | 3,3 |
| Үзындығы | mm | 361 | 361 |
| Ені | mm | 250 | 250 |
| Биіктігі | mm | 282 | 282 |
Техникалық өзгерістер рұқсат етілген.

