ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EWM 2 Premium Kärcher
Қауіпсіздік нұсқаулары
Бұйым сипаттамасы
Орнату
Бұйымды іске қосу
Пайдалану
Кедергілер болғанда көмек алу
Техникалық мағлұматтар
Жалпы нұсқаулар


Бұйымыңызды алғаш рет қолдану алдында осы түпнұсқа пайдалану бойынша нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, нұсқауларды орындап,
кейін пайдалану үшін немесе осы бұйымды кейін пайдаланатын тұлғалар үшін сақтап қойыңыз.
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану
Еден тазалағышын тек үй шаруашылығындағы қатты еденді тазалау үшін және тек суға төзімді едендерде ғана қолданыңыз.
Суға сезімтал төсемелерді, мысалы, тозды едендерді тазаламаңыз (ылғал еденге сіңіп, оны зақымдауы мүмкін).
Құрылғы ПВХ, линолеум, кафель, тас, майланған және жуылған паркетті, ламинатты және барлық суға сезімтал еден төсемдерін тазалауға арналған.
Қоршаған ортаны қорғау

Қаптау материалдары екінші өндеуге жарамды. Қаптаманы үй қоқысына лақтырмауыңызды сұраймыз, оларды екінші өндеу үшін бөлек қойыңыз.

Пайдаланылған құралдарда қоршаған ортаға тасталмауы тиіс құнды, өндеуге бейім материалдар мен заттар бар. Сондықтан, құрал мен оның қуаттандырғышын үй
қоқысына тастауға болмайды. Оларды жергілікті қоқыстарды тапсыру және жинау жүйелеріне табыс ету керек.
Құрамындағы заттар туралы анықтамалар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мағлұматтарды төменде көрсетілген интернет беттерімізде оқи аласыз:
Қаптама ішіндегі бөлшектер
Сіздің бұйымыңыздың жеткізілу көлемі қорапшада бейнеленген. Бұйым қорапшасын ашқанда қорапша ішіндегі бұйым мен бөлшектерінің толық және бұзылмаған түрде болғандығын тексеріп алыңыз. Егер кейбір жабдықтар жоқ болса немесе тасымалдау кезіндегі ақаулар болса, аппаратты сатқан фирманы хабардар етіңіз.
Қосалқы бөлшектер
Тек түпнұсқа керек-жарақтар мен түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданыңыз, себебі олар бұйымның қауіпсіз және ақаусыз жұмысына кепілдік береді. Керек-жарақтар мен қосалқы құралдар туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Кепілдеме
Бұйымдарымыз үшін әр елде жауапты өтім серіктестеріміз тарапынан шығарылатын кепілдеме шарттары күште болады. Егер материалдардың ақаулығы немесе дайындау барысындағы қателіктер табылса, біз ықтимал ақаулықтарды кепіл мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепіл мерзімі ішінде наразылықтарыңыз болса, аспапты сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті сервистік қызмет көрсету орнына сатып алу чегін көрсетіп, хабарласыңыз.
Өндірілген күні көрсетілген түр кестесінде шифрланған.
Жеке сандардың мағынасы келесідей болады:
Мысалы: 30190
3 Өндірілген жылы 0 Өндірілген ғасыры 1 Өндірілген онжылдық 9 Өндірілген айының екінші саны 0 Өндірілген айының бірінші саны
Сонымен бұл мысалда 30190 коды 09/(2)013 өндірілген күнін білдіреді.
(Мекенжайы артқы жағында берілген)
Қауіпсіздік нұсқаулары
- Пайдалану нұсқауындағы ережелермен қоса, жалпы заңды қауіпсіздік және жазатайым оқиғаны алдын алу талаптарын сақтаған жөн.
- Бұйымға орнатылған ескерту және нұсқау белгілері бұйымды қауіпсіз қолдану үшін маңызды нұсқауларды береді.
Бұйымдағы символдар мен белгілер

Құрылғыда электр компоненттері бар, сондықтан оны ағынды судың астында немесе су толтырылған контейнерлерде ұстауға, сондай-ақ құрылғыны тазалауға болмайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!



НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Таза суға арналған бакті мына тәртіппен толтырыңыз:
Ауыр жарақаттануға не өлімге апарып соғатын тікелей түрде түсе алатын тәуекелге нұсқау.
⚠️ЕСКЕРТУ
Ауыр жарақаттануға не өлімге апарып соғатын ықтимал қауіпті жағдайларға нұсқау.
△АБАЙЛАҢЫЗ
Жеңіл жарақаттануға апарып соғатын ықтимал қауіпті жағдайға нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Материалдық зиянға әкеп соғатын ықтимал қауіпті жағдайға нұсқау.
Электрлік құрамдастар
⚠️ҚАУІП
■ Құрылғыны суға салмаңыз! Қолдану алдында құрылғы мен керек-жарақтардың дұрыс күйін тексеріңіз. Егер оның күйі жақсы болмаса, қолдануға тыйым салынады. Зарядтау кабелі мен зарядтау құрылғысында бұзылған жерлер бар болса, оны дереу түрде бұйым шығарушының жаңа құрылғысын алып, ауыстырыңыз. Бұйым бойынша өткізілетін барлық жұмыстар уақытында бұйымды міндетті түрде электр тоғынан шығарып, электр ашасын розеткадан шығарып алынуы тиіс. Бұйымды жөндеу жұмыстары тек өкілетті қызмет көрсету орталығының тарапынан орындалуы керек. Бұйым құрамында электрикалық бөлшектері бар - оны ағынды сумен тазаламаңыз. Толтыру жеріне ток өткізе алатын заттарды (мысалы бұрағыш немесе ұқсас заттарды) енгізбеңіз. ■ Контактілерге немесе байланыс желілеріне қол тигізбеңіз. Бұйым түр белгісіндегі көрсетілген кернеу қолданылған электрлік ток кернеуіне сәйкес болуы тиіс. Желілік кабельді өткір бүйірлерден тартып немесе қысып өткізуге болмайды.
⚠️ЕСКЕРТУ
Бұйымды тек электршінің IEC 60364 стандартына сәйкес қондырған электр розеткасына жалғауға болады. Бұйымды тек ауыспалы токқа жалғаңыз. Кернеу бұйымның түр кестесінде көрсетілген кернеуге сәйкес болуы тиіс. ■ Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құрылғыны автоматты ажыратқыш (макс. 30 мА) арқылы қолдануды ұсынамыз.
Зарядтау құрылғысы
⚠️ҚАУІП
Электрлік токтың соғу қаупі.
Кабель ашасы мен электр розеткасын ешқашан ылғалды қолмен ұстамаңыз не түртпеңіз. Құрылғыны ластанған немесе ылғал күйде пайдаланбаңыз. ■ Зарядтау құрылғысын жарылу қаупі бар ортада пайдаланбаңыз. Зарядтау құрылғысын куат беру сымынан тартпаңыз. Зарядтау құрылғысын тек қана құрғақ жерлерде қолданып, жерлерде сақтаңыз. ■ Куат беру сымын қызу көздерінен, өткір шеттерден, майдан және аспаптың жылжымалы бөлшектерінен алыс ұстаңыз. Көп ашалы ұзартқыштарды және бірнеше аспаптарды бір уақытта пайдаланбаңыз. ■ Ашаны розеткадан куат беру сымынан тартып шығармаңыз. Зарядтау құрылғысын жаппаңыз және оның желдеткіш саңылауларын ашық ұстаңыз. ■ Зарядтау құрылғысын ашпаңыз. Жөндеу жұмыстарын тек мамандар орындауы керек. Зарядтау құрылғысын тек рұқсат етілген аккумулятор блоктарын зарядтау үшін қолданыңыз. Зарядтау кабелі мен зарядтау құрылғысында бұзылған жерлер бар болса, оны дереу түрде бұйым шығарушының жаңа құрылғысын алып, ауыстырыңыз.
Аккумулятор
⚠️ҚАУІП
Электрлік токтың соғу қаупі.
■ Аккумуляторлық батареяны тікелей күн сәулесі, жоғары температура және оттың әсеріне ұшыратпаңыз.
■ Аккумуляторды тек жинақтағы түпнұсқалық зарядтау құралымен немесе KÄRCHER рұқсат берген зарядтау құралымен зарядтаңыз.
Келесі адаптерді пайдаланыңыз:

PS02
■ Аккумуляторды ашпаңыз, өйткені қысқа тұйықталу мүмкін, сондай-ақ қоздырғыш бу немесе күйдіргіш сұйықтар ағуы мүмкін.
■ Осы құрылғыда ауыстыруға болмайтын аккумуляторлық батареялар бар.
Қауіпсіздік нұсқаулары
⚠️ҚАУІП
Пайдаланушы бұйымды нысанына байланысты қолдануы керек. Бұйыммен жұмыс істеу кезінде жергілікті шарттарға назар аударуы керек, жақында жүрген адамдарды ескеруі қажет. Жарылу қаупі бар жерлерде пайдалануға тыйым салынады. Бұйымды қауіпті аймақта қолдану кезінде тиісті қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. Бұйым алдында құлатылған болса, оның үстінде зақым белгілері көрінсе немесе кемістіктер бар болса, оны пайдаланбаңыз. ■ Қаптама қағазын балалардан аулақ ұстаңыз, тұншығып қалу қаупі бар!
⚠️ҚАУІП
Балаларға немесе нұсқау берілмеген адамдарға бұл бұйымды пайдалануға болмайды. Бұл құрылғыны физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой дамуы шектелген немесе тәжірибесі және/немесе біліктілігі жоқ адамдар білікті маманның бақылауында болмаған кезде немесе осы мамандар тарапынан бұйымды қолдану тәсілі және оған қатысты қауіптер түсіндірілмеген кезде пайдаланбауы тиіс. ■ Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз. Балаларға құрылғымен ойнауға жол бермеу үшін оларды бақылап отыру керек. Бұйым өшірілмеген немесе суымаған кезде, оны балалардан алыс ұстаңыз. Балалар құрылғыны тек ересектердің бақылауында тазалауы және пайдалануы мүмкін. Бұйымды тек сипаттамаға немесе суретке сәйкес қолданыңыз немесе сақтаңыз!
⚠АБАЙЛАҢЫЗ
■ Қауіпті жағдайлар мен бұйым зақымдалуының алдын алу үшін бұйымды пайдалану алдында қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Ерітінділерді, ерітінді қосылған сұйықтықтарды немесе ерітілмеген қышқылдарды (мысалы, тазалағыш құрал, бензин, бояғыш еріткіштер және ацетон) су багына ешқашан құймаңыз, себебі олар бұйымда қолданылған материалдардың бұзылуына апарып соғады. Бұйымды ешқашан қосулы күйінде қалдыруға болмайды. Дене мүшелерін (мысалы, шаш, саусақтар) айналмалы тазалағыш білікшелерден алшақ ұстаңыз. Дірілді басын тазалағанда қолыңызды абайлаңыз, себебі оны өткір заттармен (мысалы, жоңқамен) жаралап алу қаупі бар. Байланыстырғыш сымын қызу көздерінен, өткір шеттерден, майдан және аспаптың жылжымалы бөлшектерінен алыс ұстаңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бұйымды тек таза су багы мен кір су багы орнатылған кезде қосыңыз.
Аспап өткір немесе ірі заттарды (мысалы, сынықтарды, жұмыр тастарды, ойыншық бөлшектерін) жинауға арналмаған. ■ Таза суға арналған бакке сірке қышқылын, әктасты кетіруге арналған құралдарды, эфир майын және ұқсас заттарды қоспаңыз. Ол заттардың сіңірілуіне жол бермеңіз. Бұйымды тек суға төзімді жабыны бар қатты едендерде (мысалы, лакпен боялған паркет, жылтырланған кафель, линолеум) қолданыңыз. Бұйымды кілемдерді немесе кілем төселген едендерді тазалау үшін пайдаланбаңыз. Бұйымды еден торы арқылы конвекторлық жылытуға бағынтамаңыз. Шығып кеткен су тор арқылы бағынталған кезде, оны бұйымнан кетіру мүмкін болмайды. Жұмыс ұзақ токтан тұрғанда және пайдаланып болған соң, құрылғыны басты ажыратқышпен ажыратып, зарядтау құрылғысының ашасын токтан суырыңыз. ■ Температура 0 °C-ден төмен болғанда бұйымды қолданбаңыз. Бұйымды жаңбырдан сақтаңыз. Далада ашық аспан астында сақтауға болмайды.
Бұйым сипаттамасы
1 Қосқыш/ажыратқыш 2 Ұстау тұтқасы 3 Тұтқаның жылжуынан қорғау 4 Таза су багы 5 Таза суға арналған бактің батырылған тұтқасы 6 Зарядтау құрылғысы қосылатын ұяшық 7 Кір су багы 8 Тазалағыш білікшенің тұтқышы 9 Тазалағыш білікшелер 10 Дірілді басының қақпағы 11 Дірілді басы қақпағының фиксаторы 12 Аккумулятордың индикаторы 13 Толтыру кабелі бар толтыру құрылғысы 14 Тұрақтату станциясы 15 Білікшелерді сақтау орны 16 * Тазалағыш зат RM 536 30 мл 17 ** Тазалағыш зат RM 534 30 мл 18 ** Тазалағыш зат RM 536 500 мл 19 ** Тазалағыш 2x білікшелер * EWM 2 ** EWM 2 Premium
Орнату
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қуат кабелі тұтқаны орнатпас бұрын бағыттаушыда тұрғанын ескерген жөн.
Сурет 1
→ Тұтқа жиегін негізгі бұйымға шерту дыбысымен тірелгенше енгізіңіз. Тұтқа жиегі бұйымға берік орнатылуы керек.
Бұйымды іске қосу
Сурет 2
→ Тұрақтылығы үшін құрылғыны тұрақтату станциясына орнатыңыз.
Білікшелерді орнату
Сурет 3
→ Тазалағыш білікшелерді тірелгенше білікше бекіткішіне бұрап бекітіңіз. → Білікшелердің ішкі жағы мен бұйымдағы білікше ұстағышының түстері сәйкес екендігіне назар аударыңыз (мысалы, көк пен көк). → Салып қойған соң, тазалағыш білікшелер берік орнатылып тұрғанын тексеріңіз.
Зарядтау процесі
→ Зарядтау құрылғысының сымын құрылғыдағы зарядтау ұясына енгізіңіз. → Зарядтау құрылғысының ашасын розеткаға қосыңыз.
Жарықдиодты бақылау шамы аккумулятор зарядының нақты күйін көрсетеді. Заряды толығымен біткен аккумуляторды зарядтағанда үш бірдей жарықдиодты бақылау шамдары төменнен жоғарыға қарай кезекпен жыпылықтайды. ■ Аккумулятордың 1/3 бөлігі зарядталғанда астыңғы шам тұрақты жанып, жоғарғы екі шам жыпылықтауын жалғастырады. ■ Аккумулятордың 2/3 бөлігі зарядталғанда астыңғы екі шам тұрақты жанып, жоғарғы шам жыпылықтауын жалғастырады. ■ Аккумулятор толық зарядталғаннан кейін, 3 жарықдиодты бақылау шамы тағы 60 минут бойы жанып тұрады. Осы уақыт өткеннен кейін жарықдиодты шамдар өшеді.
→ Зарядталып болған соң ашаны розеткадан және зарядтау сымын зарядтау ұясынан суырыңыз.
Таза су багын толтыру
→ Құрылғыны тұрақтату станциясына орнатыңыз.
→ Таза суға арналған бакті батырылған тұтқасынан ұстап, оны құрылғыдан шығарып алыңыз.
→ Бактің ілмекті құрылғысын ашып, оны бір жаққа қарай бұрыңыз.
→ Таза су багын суық немесе жылырақ кұбыр суымен толтырыңыз. → Қажет болса, KÄRCHER тазалағыш заттарын немесе күтімге арналған құралдарын таза су багына құюға болады.* → Толтырған кезде "MAX" белгісінен асыруға болмайды. → Бак құлпын жауып қойыңыз.
Cypet 10
→ Таза су багын бүйым ішіне салып қойыңыз. → Таза су багы бүйымға берік орнатылуы керек.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
*Тазалағыш заттарды немесе күтімге арналған құралдарды мөлшерлеу бойынша ұсыныстарды орындаңыз.
Пайдалану
Қолдану бойынша жалпы нұсқаулар
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Cypet A
Аспап тек құрғақ кір мен сұйықтықты жинай алады (ең көбі 140 мл).
Cypet B
Жұмысты бастау алдында еденді сыпырыңыз немесе шаңын сорғызыңыз. Осылайша ылғалды тазартудан бұрын еден лас пен бөтен заттардан тазартылады.
Бұйымды іске қоспас бұрын, еденнің елеусіз жерінде су тұрақтылығын тексеріп көріңіз. Өңделмеген тозды едендер сияқты суға төзімді төсемдерді тазаламаңыз (ылғал еденге еніп, оған зақым келтіруі мүмкін).
Назарыңызда болсын
Жолақ өрнектердің түзілуін болдырмас үшін, құрылғыны сезімтал беттерде, мысалы, ағашта немесе фарфордан жасалған бұйымдарда қолданар алдында, оны байқалмайтын жерде тексеріп алыңыз. ■ Бір орында тұрмай, тек қозғала беріңіз. ■ Еден жабындарын өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
Cypet C
Таза жуылған еденде аяқ іздерін қалдырмау үшін, есікке қарай кері бағытпен жұмыс істеңіз.
→ Еденді тазалау әрекеті бұйымды шаң сорумен бірдей жылдамдықпен алға-артқа жылжыту арқылы орындалады. → Қатты кірленген жерлерде бұйымды еден бойынша баяу сырғытыңыз. Құрылғыға қатты күш салмаңыз. → Жеткізілетін жиынтыққа сұр және сары түсті білікшелер жұбы кіреді: Білікшелер жұбының функциялары бірдей, алайда олардың әртүрлі мақсатта қолданылуы мүмкін (мысалы, түрлі-түсті білікшелер асүйге және ваннаға қолданылады).
Жұмысты бастау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бұйым іске қосылған соң, тазалағыш білікшелер бірден айнала бастайды. Бұйымның өзінен-өзі жылжып кетуіне жол бермеу үшін, тұтқаны берік ұстап тұру керек.
Таза су багы сумен толтырылғанына, ал кір су багы бұйымға орнатылып тұрғанына көз жеткізіңіз.
Сурет 11
→ Бұйымды қосу үшін бұйым қосқышын (Қосу/Өшіру) басыңыз. → Білікшелер қажетінше ылғалданғанша құрылғыны бірнеше рет алға-артқа жылжытыңыз.
Аккумулятордың жұмыс уақытының индикаторы
Сурет 12
– 3 жарықдиоды жанады - 3/3 заряды (толық жұмыс уақыты). - 2 жарықдиоды жанады - 2/3 заряды. – 1 жарықдиодты шам жанады - 1/3 заряд. ■ Аккумулятордың заряды толық бітуге дейін шамамен 2 минут ішінде астыңғы жарықдиодты шам жыпылықтай бастайды. ■ Аккумулятордың заряды толық бітіп, құрылғы өшкеннен кейін, астыңғы жарықдиодты шам 60 секунд ішінде тез жыпылықтайды.
Тазалағыш сұйықтықты еселеп құю
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Таза су багын толтырмас бұрын, кір су багын босатыңыз. Осылайша кір су багының артық толуына жол берілмейді.
«Таза суға арналған бакті толтыру» бөлімін қараңыз.
"Кір су багын босату" тарауын қараңыз.
Кір су багын босату
Сурет 2
→ Құрылғыны тұрақтату станциясына орнатыңыз.
Сурет 15
→ Дірілді басы қақпағының фиксаторының үстінен басыңыз. → Дірілді басының қақпағын шешіп алыңыз.
Сурет 16
→ Лас суға арналған бакті дірілді басынан шығарып алыңыз.
Сурет 17
→ Лас суға арналған бактің екі камерасының үстіндегі қақпақты қайырып қойыңыз. → Кір су багын босатыңыз.
Сурет 18
→ Ластану деңгейіне қарай дірілді басы қақпағын және лас суға арналған бакті құбыр суымен жуыңыз. → Лас суға арналған бактің екі камерасының қақпағын шешіп алып, бөлек тазалауға болады. → Лас суға арналған бактің екі камерасының қақпағын орнына бекітіп, жабыңыз.
Сурет 21
→ Лас суға арналған бакті дірілді басына кигізіңіз.
Сурет 22
Дірілді басы қақпағының фиксаторының үстінен басып, қақпақты дірілді басына кигізіңіз де, фиксаторды босатыңыз. Лас суға арналған бак және дірілді бастың қақпағы нығыздалып бекітілуі керек.
Бұйымның жұмыс істеуін уақытша тоқтату
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жұмыс ұзақ тұрып қалғанда ылғалды білікшелермен сезімтал еден жабындарына зақым келтірмеу үшін құрылғыны тұрақтату станциясына орнату ұсынылады.
Сурет 11
Бұйымды өшіру үшін, бұйым қосқышын (қосу/өшіру) басыңыз.
Сурет 2
Құрылғыны тұрақтату станциясына орнатыңыз.
Бұйымды істен шығару
Сурет 11
Бұйымды өшіру үшін, бұйым қосқышын (қосу/өшіру) басыңыз.
Сурет 2
Құрылғыны тұрақтату станциясына орнатыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жұмыс аяқталғаннан кейін құрылғыны тазалаңыз.
→ Таза суға арналған бакте әлі су болса, оны төгіңіз.
→ Лас суға арналған бакті, дірілді басы қақпағын және тазалағыш білікшелерді тазалаңыз.
«Лас суға арналған бакті тазалау» бөлімін қараңыз.
«Дірілді басын тазалау» бөлімін қараңыз.
«Білікшелерді тазалау» бөлімін қараңыз.
Буйымды сақтау
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Иіс пайда болуына жол бермеу үшін, құрылғыны сақтаған кезде таза су мен кір су багы толығымен босатылуы керек.
Білікшелерді ауада (мысалы, тұрақтату станциясында) құрғатыңыз. Ылғал білікшелерді жабық шкафта құрғатпаңыз.
→ Құрылғыны тұрақтату станциясына орнатыңыз. → Кептіру үшін ылғалды білікшелерді тұрақтату станциясына орнатыңыз. → Бұйымды құрғақ бөлмеде сақтаңыз.
Күту мен техникалық тексеру жұмыстары
Құрылғыда электр компоненттері бар, сондықтан оны ағынды судың астында немесе су толтырылған контейнерлерде ұстауға, сондай-ақ құрылғыны тазалауға болмайды.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Cypet 26
Кұрылғыны тазалау үшін жеке бөлшектерді (еден бетінің қақпағы, тұщы және лас су ыдысы мен білікшелер) бөлек алып тастау және тазалау керек. Кұрылғының өзін дымқыл шуберекпен сүртуге болады.
Кір су багын тазалау
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Ластың бак түбінде тұнып қалмауы үшін лас суға арналған бакті жүйелі түрде тазалап тұрыңыз.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Дірілді бастың қақпағын жуу машинасында тазаламаңыз: Егер дірілді бас қақпағы жуу барысында майысса және жиек білікшеге қажетінше жабыспаса, құрылғы жұмысы бұзылуы мүмкін. Тазалау нәтижесі нашарлайды.
Cypet 11
→ Бұйымды өшіру үшін, бұйым қосқышын (қосу/өшіру) басыңыз.
Cypet 2
→ Құрылғыны тұрақтату станциясына орнатыңыз.
Cyp. 15 18
→ Кір су багын бұйымнан алыңыз.
"Кір су багын босату" тарауын қараңыз. → Дірілді бас қақпағын, лас суға арналған бакті және лас суға арналған бактің қақпақтарын кұбыр суымен тазалаңыз. → Лас суға арналған бактің екі камерасының қақпағын шешіп алып, бөлек тазалауға болады. → Лас суға арналған бакті және лас суға арналған бактің қақпақтарын жуу машинасында жууға болады.
Нұсқау
Лас суға арналған бактің қақпақтарының резеңке жабыны жуу машинасында жуылғандықтан жабысқақ болуы мүмкін. Алайда бұл бітеулікке әсер етпейді.
→ Егер құрылғы бұдан әрі пайдаланылмайтын болса, білікшелерді де тазалаңыз.
«Білікшелерді тазалау» бөлімін қараңыз.
→ Тазалаған соң қақпақтары бар лас суға арналған бакті және дірілді басы қақпағын құрылғыға орнатыңыз.
Дірілді басын тазалау
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Ластанған болса, дірілді басын тазалаңыз.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Дірілді бастың қақпағын жуу машинасында тазаламаңыз: Егер дірілді бас қақпағы жуу барысында майысса және жиек білікшеге қажетінше жабыспаса, құрылғы жұмысы бұзылуы мүмкін. Тазалау нәтижесі нашарлайды.
→ Бұйымды өшіру үшін, бұйым қосқышын (қосу/өшіру) басыңыз.
→ Құрылғыны тұрақтату станциясына орнатыңыз.
→ Дірілді басы қақпағының фиксаторының үстінен басыңыз.
→ Дірілді басының қақпағын шешіп алыңыз.
Сурет 18
→ Дірілді бас қақпағын ағын су астында тазалаңыз.
→ Лас суға арналған бакті және білікшелерді тазалаңыз.
«Лас суға арналған бакті тазалау» бөлімін қараңыз.
«Білікшелерді тазалау» бөлімін қараңыз.
→ Білікшелер сымын ылғалды шуберекпен тазалаңыз.
Сурет 22
→ Дірілді бас қақпағын дірілді басқа орнатыңыз.
Білікшелерді тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Білікшелерде уақыт өтісімен көбіктің түзілуіне әкелуі мүмкін жуғыш заттардың қалдықтарының тұрып қалмауы үшін білікшелерді пайдаланған соң, құбыр суымен немесе жуу машинасында жуыңыз. Білікшелерді шешу үшін құрылғы еденге жатқызылса, таза және лас суға арналған бактерді босатыңыз. Осылайша, құрылғы еденге жатқызылғанда бактерден сұйықтық ақпайды.
Сурет 11
→ Бұйымды өшіру үшін, бұйым қосқышын (қосу/өшіру) басыңыз. → Құрылғыны тұрақтату станциясына орнатыңыз. → Тазалағыш білікшелерді тұтқасынан шығарып тастаңыз.
Сурет 2
Сурет 19
Cypet 20
→ Тазалағыш білікшелерді ағынды су астында тазалаңыз.
Немесе
→ Тазалағыш білікшелерді кір жуу машинасында ең көбі 60°C температурасында жуыңыз.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Кір жуу машинасында тазалаған кезде, кондиционерді қолданбаңыз. Сөйтіп микроталшықтар зақымдалмайды және тазалағыш білікшелер өзінің жоғары тазалау өнімділігін сақтап тұрады. Тазалағыш білікшелерді кептіргіште кептіру болмайды.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Кір жуғыш машинаға зақым келтірмес үшін біліктерді киім-кешек торына салып, кір жуғыш машинаға қосымша киім-кешек салуды ұсынамыз.
Cyp. 23 24
→ Тазалаған соң білікшелерді тұрақтату станциясына орнатып, ауада құрғатыңыз. → Білікшелерді алдымен сығып алсаңыз, құрғату уақыты қыскарады. → Егер құрылғы бұдан әрі пайдаланылмайтын болса, дірілді бас қақпағын және лас суға арналған бакті де тазалаңыз. → Білікшелер сымын ынғалды шуберекпен тазалаңыз.
Тазалағыш және күтімге арналған заттар
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Жарамсыз тазалагыш және күтімге арналған заттарды қолдану бұйымға зақым келтіруі және кепілдік күшінің жойылуына апарып соғуы мүмкін.
Нускау
Қажетінше өденді тазалау үшін KÄRCHER тазалағыш немесе күтімге арналған заттарын қолданыңыз.
→ Тазалағыш және күтімге арналған заттарды мөлшерлеген кезде, өндірушінің мөлшер бойынша нұсқауларын орындаңыз. → Көбіктің пайда болуын болдырмау үшін, таза су багын алдымен сумен, ал содан кейін тазалағыш және күтімге арналған затпен толтырыңыз. → Таза су багының "MAX" толтыру көлемінен асырмау үшін, су құйған кезде тазалағыш және күтімге арналған заттың мөлшері үшін орын қалдырыңыз.
Кедергілер болғанда көмек алу
Кемшіліктердің себебін төменде көрсетілген тізімге сәйкес өзіңіз жоя аласыз. Күдікті жағдайларда немесе осында аталмаған себептер болған жағдайда, Қызмет Көрсету бөлімінің арнайы мамандарымен хабарласыңыз.
■ Зарядтау ашасы/қуат беру ашасы қате салынған. → Зарядтау ашасын/қуат беру ашасын дұрыстап салыңыз.
Құрылғы қосылмайды
■ Аккумулятордың заряды жоқ. → Құрылғыны зарядтаңыз. Зарядтау сымының құрылғыға қосылғанын тексеріңіз. → Зарядтау сымын ажыратыңыз, себебі зарядтау сымы қосылып тұрғанда пайдалану мүмкін емес.
Ақаулықтар индикациясының жарықдиодтары
Астыңғы жарықдиодты шам құрылғыны қосқанда жыпылықтайды, ал құрылғы жұмыс істемейді.
■ Аккумулятордың заряды жоқ. → Құрылғыны зарядтаңыз. Барлық жарықдиодты шамдар бір уақытта тез жыпылықтайды.
■ Құрылғы қозғалтқышы құлыпталған (мысалы, білікшеге қатты қысым түскеннен немесе қабырға/бұрышқа келіп тірелгеннен).
→ Бұйымды өшіріңіз және қайта қосыңыз.
немесе
Сәйкес емес немесе зақымдалған қуат беру блогын пайдалану.
→ Түпнұсқалық қуат беру блогын пайдаланыңыз/ ақаулы қуат беру блогын ауыстырыңыз.
Үш жарықдиодты шам секундтық тактпен бірінен соң бірі жанады.
Жұмыс барысында құрылғы тым қызып кеткен (мыс., қоршаған орта температурасы жоғары болғанда пайдаланған жағдайда). → Үзіліс жасап, құрылғының салқындауын күтіңіз. ■ Құрылғы өшірілсе: → Үзіліс жасап, құрылғының салқындауын күтіңіз. → Құрылғы салқындаған соң қайтадан қосылады.
Білікшелер тым құрғақ
Білікшелер дұрыс суланбаған.
→ Құрылғыны бір орында алға-артқа жылжыту арқылы білікшелерді сулаңыз.
Тұщы су ыдысының астындағы сүзгі дұрыс емес немесе мүлдем пайдаланылмайды.
→ Тұщы су ыдысының астындағы сүзгінің құрылғыға дұрыс салынғанына көз жеткізіңіз. Ортасындағы сары түйрегі бар көбікпласт жоғары қарай бағытталуы керек.
Нұсқау
Егер сүзгі жоқ болса, оны қосалқы бөлшек ретінде тапсырыс беріп алуға болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы құралдар туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Бұйым кірді кетірмейді
Таза суға арналған бакта су жоқ.
→ Суды толтырып құйыңыз. Таза су багы бұйымға дұрыс орнатылмаған. → Таза су багын бұйымда берік орнатылатындай етіп салыңыз.
Тазалағыш білікшелер жоқ немесе дұрыс орнатылмаған.
→ Тазалағыш білікшелерді салып қойыңыз да, тазалағыш білікшелерді тірелгенше білікше бекіткішіне бұрап бекітіңіз.
Тазалағыш білікшелер ластанған немесе тозған.
→ Тазалағыш білікшелерді тазалап шығыңыз. немесе
→ Тазалағыш білікшелерді ауыстырыңыз. Қосылмаған, қате мөлшерде қосылған немесе жарамсыз тазалағыш құрал
→ Тек KÄRCHER тазалағыш құралын пайдаланып, дұрыс мөлшерде қосылуын қадағалаңыз.
Дірілді басы қақпағы қате орнатылған
→ Дірілді басы қақпағы дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Ол үшін қақпақты шешіп, қайтадан кигізіңіз.
Дірілді басында және еденде көбіктің түзілуі
Нұсқау
Жұмыс барысында еденде шамалы көбіктің жиналуы қалыпты жағдай болып табылады және функция мүмкіндігіне ешбір шектеу келтірмейді. Көбік шектен тыс көп жиналса ғана (мысалы, еденде көбік жолақтары пайда болса) қосымша шара қолдану қажет болады.
Жарамсыз тазалағыш құрал немесе оны қате мөлшерлеу.
→ Тек KÄRCHER тазалағыш құралын пайдаланып, дұрыс мөлшерде қосылуын қадағалаңыз.
Құрылғының жұмысы тазалағыш білікшелердегі қоқыстарды тазартуға негізделген. Еденнің үстіне жиналған қоқыстар мен тазалағыш құралдың қалдықтары лас су сауытына жиналады. Кейбір нақты жағдайларда бұл көпіршуге әкелуі мүмкін.
→ Лас суға арналған бакті, дірілді басы қақпағын және тазалағыш білікшелерді тазалаңыз.
Қанағаттанғысыз тазалау нәтижесі
Білікшелер ластанған.
→ Білікшелерді тазалаңыз. Білікшелер дұрыс суланбаған. → Құрылғыны бір орында алға-артқа жылжыту арқылы білікшелерді сулаңыз.
Жарамсыз тазалағыш құрал немесе оны қате мөлшерлеу.
→ Тек KÄRCHER тазалағыш құралын пайдаланып, дұрыс мөлшерде қосылуын қадағалаңыз.
Еденде басқа тазалағыш құралдардың қалдықтары бар.
→ Білікшелерді тазалағыш құралдардың қалдықтарынан дұрыстап тазалаңыз. → Еденді тазартқыш құралды пайдаланбай, құрылғы және тазалағыш білікшелер көмегімен бірнеше рет тазалаңыз. Осылайша, тазалағыш құралдардың қалдықтары еденнен кетіріледі.
Білікшелер айналмайды
Білікшелер бұғатталған.
→ Білікшелерді шешіп алып, олардың арасында қандай да бір заттың тұрып қалмағанын тексеріңіз. → Білікшелердің ұстағышқа нығыздалып бұралғанын тексеріңіз.
→ Дірілді басы қақпағы дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Ол үшін қақпақты шешіп, қайтадан кигізіңіз.
Дірілді басы қақпағы қате орнатылған
→ Дірілді басы қақпағы дұрыс орнатылғанын тексеріңіз. Ол үшін қақпақты шешіп, қайтадан кигізіңіз.
Білікшелер тозған.
→ Білікшелерді ауыстырыңыз.
Бұйымнан кір су шығып кетті
Кір су багы шамадан артық толтырылған.
→ Кір су багын бірден босатыңыз.
Кір су багы бұйымға дұрыс орнатылмаған.
→ Дірілді басы қақпағының лас суға арналған бакте орнықты бекітілгенін тексеріңіз.
→ Лас суға арналған бактің қақпақтары дұрыс жабылғанын тексеріңіз.
Тұтқаны негізгі құрылғыдан шығарып алу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Тұтқаны орнатқан соң негізгі құрылғыдан шығарып алуға болмайды.
Құрылғыны сервистік қызмет көрсету мақсатымен жіберген кезде ғана тұтқаны негізгі құрылғыдан шығарып алуға болады.
Сурет 27
Пайдалану нұсқаулығының соңындағы суретті қараңыз
→ Бұрауышты 90 градустық бұрышпен тұтқаның артқы жағындағы шағын саңылауға енгізіп, тұтқаны шығарып алыңыз.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Негізгі құрылғы мен тұтқа арасындағы байланыс кабелінің зақымдалмағанына көз жеткізіңіз.
Мұқият тартыңыз, әйтпесе құрылғы зақымдалуы мүмкін.
Техникалық мағлұматтар
| Электр желісіне косу |
| Электр кернеуі 100-240 V | 1~50-60 Hz |
| Корғау дәрежесі IPX4 |
| Бұйым | III |
| Корғау классы | |
| Құрылғыны қорғау класы II | |
| Бұйымның кернеу құаты 40 Вт | |
| Батареяның кернеуі 7,2-7,4 V | |
| Аkkutүр Литий- | ионды |
| Батарея толып тұргандағы жұмыс уақыты | 20 мин. |
| Заряды отырған аккумуляторды зарядтау уақыты | 4 сағ. |
| Зарядтағыш құрылғының шығыс кернеуі | 9,5 V |
| Толтыру құрылғысының шығу құаты | 0,6 А |
| Жұмыс сипаттары |
| Білікшелердің айналымы/минут | 500 айн./мин. |
| Толтыру мөлшері |
| Таза су багы 360 мл | |
| Лас суға арналған бак 140 мл | |
| Көлемі |
| Салмағы (керек-жарактарсыз және тазалағыш құралсыз) | 2,4 кг |
| Үзындығы 305 мм | |
| Ені 226 мм | |
| Биіктігі 1220 мм | |
Техникалық өзгерістер пайда болып қалуы мүмкін!
Жалпы нұсқаулар ID 6
ID