PHILIPS Uv Sanitizer HX6907 - санатталмаған

Uv Sanitizer HX6907 - санатталмаған PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Uv Sanitizer HX6907 PHILIPS PDF форматында.

📄 167 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice PHILIPS Uv Sanitizer HX6907 - page 148
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : PHILIPS

Модель : Uv Sanitizer HX6907

Санат : санатталмаған

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз санатталмаған PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Uv Sanitizer HX6907 - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Uv Sanitizer HX6907 брендінің PHILIPS.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Uv Sanitizer HX6907 PHILIPS

Маңызды қауіпсіздік ақпараты Өнімді тек арнайы мақсатына пайдаланыңыз. Өнімді және оның батареялары мен аксессуарларын қолданбас бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз. Дұрыс пайдаланбау қауіптерге немесе ауыр жарақаттарға әкелуі

- Дезинфекторды судан алшақ ұстаңыз. Құрылғыны ваннаға немесе шұңғылшаға құлауы немесе тартылуы мүмкін жерге қоймаңыз немесе сақтамаңыз. - Дезинфекторды суға немесе басқа сұйықтыққа салуға болмайды. - Тазалаудан кейін қабырға розеткасына қоспай тұрып, дезинфектор толығымен құрғақ екенін тексеріңіз.

- Бұл құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулар беріліп, басқа біреу қадағалаған және құралды пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер түсіндірілген жағдайда, осы құралды балалар және физикалық мүмкіндігі мен ойлау, сезу қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады. Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету қызметтерін бақылаусыз балаларға орындауға

- Балалар құрылғымен ойнамауы керек. - Дезинфекторды барлық уақытта балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. - Есік ашық кезде УК жарық шамы қосулы қалса, дезинфектор қолданысын тоқтатыңыз. УК жарығы адам көзіне және терісіне зиянды болуы мүмкін. - Бұл құрылғыда пайдаланушы қызмет көрсететін бөлшектер жоқ. Құрылғы зақымдалған болса, оны пайдалануды тоқтатып, еліңіздегі (көріңіз 'Кепілдік және қолдау көрсету') тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз. Сым зақымдалған болса, зарядтағышты және/немесе дезинфекторды жаңа біреуімен ауыстырыңыз. - Санитайзерді сыртта немесе ыстық беттердің жанында пайдаланбаңыз. - Қауіпті болдырмау үшін әрқашан дезинфекторды бастапқы түріне жататынымен ауыстырыңыз. - Philips Sonicare компаниясы ұсынған щетка басынан басқа щетка бастарын қолдануға болмайды. - Егер сізде медициналық проблемалар болса, осы құралды пайдаланар алдында дәрігеріңізбен кеңесіңіз.150

- Бұл құрылғы — жеке күтім құрылғысы және стоматологиялық жұмыста немесе мекемеде көп емделушілерге қолдануға арналмаған. - Өнімді тек 0°C және 40°C аралығындағы температурада зарядтаңыз, қолданыңыз және сақтаңыз.

- Дезинфекторды тек орнындағы қорғағыш экранмен басқарыңыз. - Дезинфектордың УК жарық шамы зарарсыздандыру кезінде және одан кейін ыстық болады. Ыстық кезінде УК жарық шамын ұстамаңыз. - Дезинфекторды 3 УК тазалау цикліне қатарынан пайдалансаңыз, келесі УК тазалау циклін бастамас бұрын, оны кемінде 30 минутқа өшіріп қойыңыз. - Өнімнің ешбір бөлігін ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды. Электромагниттік өрістер (ЭМӨ) Бұл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.

Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз! Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өнімді www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз. Жалпы сипаттама (1-сурет) 1 Қосу/өшіру түймесі 2 Есік ойығы 3 Терезе 4 Sonicare электр тіс щеткасын зарядтағыш 5 Қуат сымы Щетка бастарын зарарсыздандыру УК дезинфектор көмегімен әр пайдаланудан кейін щетка басын тазалауға

Ескертпе: УК жарығы адам көзіне және терісіне зиянды болуы мүмкін.

Щеткамен тазалаудан кейін щетка басын шайыңыз және артық суды (сурет 3) шайқап кетіріңіз. Абайлаңыз! дезинфекциялау кезінде щетка басын жол қақпағымен жаппаңыз.

Саусақты дезинфектордың үстіндегі есік ойығынасалып, есікті (сурет 4) ашыңыз.151

Щетка басын дезинфектордағы 2 ілгектің біреуіне қылшықтарды жарық шамына (сурет 5) қаратып қойыңыз. Ескерту: Philips Sonicare щетка бастарын тек дезинфекторда тазалаңыз. УК дезинфектор барлық салынбалы Sonicare щетка бастарына бекітуге

Дезинфектордың тиісті кернеулі розеткаға қосылғанын тексеріңіз.

Есікті жабыңыз және УК тазалау циклін (сурет 6) таңдау үшін жасыл қуатты қосу/өшіру түймесін бір рет басыңыз. - Терезеде жарық көрінсе, дезинфектор жұмыс істеуде. Ескерту: есік дұрыстап жабылған жағдайда ғана дезинфекторды қосуға

Ескерту: дезинфекциялау кезінде есікті ашсаңыз, дезинфектор

Ескерту: Дезинфектор циклі 10 минут бойы жұмыс істейді, одан кейін автоматты түрде өшеді. Sonicare электр тіс щеткасын зарядтау Ескертпе: Зарядтағышыңыз түбінде (сурет 7) зарядтау саңылауы бар Philips Sonicare тіс щеткаларымен ғана үйлесімді.

Сапты зарядтағышқа қойыңыз.

Зарядтау көрсеткіші мен күйін тіс щеткасы нұсқаулығынан қараңыз. Ескертпе: Sonicare электр тіс щеткасын зарядтау нұсқаулығын және зарядтау уақытын тіс щеткасы нұсқаулығынан қараңыз. Дезинфекторды тазалау Абайлаңыз! дезинфекторды ағын суға салмаңыз немесе шүмек астында шаймаңыз. Абайлаңыз! УК жарық шамы ыстық кезде дезинфекторды тазаламаңыз. Тиімдірек болуы үшін дезинфекторды апта сайын тазалау ұсынылады.

Тамшы науасын тігінен тартып шығарыңыз (сурет 8). Тамшы науасын шайып, дымқыл шүберекпен тазалап сүртіңіз.

Ішкі беттердің барлығын ылғалды шүберекпен сүртіңіз.

УК жарық шамының алдындағы қорғағыш экранды алыңыз.152

Экранды алу үшін ысырмалар жанындағы жиектерді ұстаңыз, жайлап қысыңыз және қорғағыш экраннан (сурет 9) тартып шығарыңыз.

УК жарық шамын алыңыз. Жарық шамын алу үшін ұстаңыз және металл қысқыштан шығарыңыз.

Қорғағыш экранды және УК жарық шамын ылғалды шүберекпен

УК жарық шамын қайта салыңыз. Жарық шамын қайта салу үшін жарық шамының төменгі жағын металл қысқышпен туралаңыз және шамды қысқышқа кіргізіңіз.

Қорғағыш экранды қайта салыңыз. Экранды қайта салу үшін экрандағы ілгектерді УК жарық шамының жанындағы шағылыстырғыш беттегі ойықтарға туралаңыз. Экранды дезинфектордағы тесіктерге түзу кіргізіңіз.

Тамшы науасын УК дезинфекторға кері салыңыз.

Тазалаудан кейін желіге қоспай тұрып дезинфектордың толығымен құрғақ екенін тексеріңіз.

Егер өнім ұзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, оны электр розеткасынанажыратып, оны тазалаңыз, одан кейін күн сәулесі тікелей түспейтін салқын әрі құрғақ жерде сақтаңыз.

Алмастыратын УК шамдарын Philips Sonicare тұтынушыларға қолдау көрсету орталығынан алуға болады. Жергілікті Philips тұтынушыларға күтім көрсету орталығына хабарласу үшін www.philips.com/support сайтына кіріңіз. Кепілдік және қолдау көрсету Өнім туралы ақпаратты, қолдауды және онлайн пайдаланушы нұсқауларын мына сайттан қараңыз: www.philips.com/support немесе халықаралық кепілдік парақшасын оқыңыз. Халықаралық кепілдік шарттары келесібөлшектерді қамтымайды: - Рұқсат етілмеген алмастырылатын бөлшектерінен болған зақым. - Мақсатсыз пайдаланудан, асыра пайдаланудан, немқұрайдылықтан, енгізілген өзгерістерден немесе рұқсатсыз жөндеуден туындаған

- Қалыпты тозу, соның ішінде кертілу, сырылу, мүжілу, түстің өзгеруі немесе түссіздену. - УК жарық шамы.153

- Дезинфектордың УК жарық шамында сынап бар. УК жарық шамын қызмет мерзімі соңында тұрмыстық қалдықпен қоқысқа тастауға болмайды. Оны ресми жинау пунктіне қайта өңдеуге өткізіңіз. - Электрондық және электр өнімдерін бөлек жинау бойынша жергілікті ережелерді орындаңыз. Дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына кері әсерін тигізбеуге көмектеседі.154