W 9125 Quick - ұнтақтағыш METABO - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз W 9125 Quick METABO PDF форматында.
Жиі қойылатын сұрақтар - W 9125 Quick METABO
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ұнтақтағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз W 9125 Quick - METABO және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. W 9125 Quick брендінің METABO.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ W 9125 Quick METABO
Пайдалану нұсқаулығының түпнұсқасы Жеке жауапкершілігімізбен жариялаймыз: түрі мен сериялық нөмірі бойынша сәйкестендірілетін осы бұрыштық ажарлағыш *1) директивалардың *2) және стандарттардың барлық тиісті қаулыларына *3). техникалық құжаттамаларға сәйкес келеді *4) - 4-бетті
Бұрыштық ажарлағыш түпнұсқа Metabo керек- жарағымен бірге су пайдаланбай ажарлауға, егеуқұм қағазымен ажарлауға, сым қылшақтармен жұмыс істеуге және металл, бетон, тас пен ұқсас материалдарды абразивті кесуге арналған. WEV 15-125 Quick HT, WEV 17-125 Quick Inox, WEV 17-125 Quick Inox RT, сондай-ақ жеңіл жылтырату жұмыстары үшін жарамды. Ұзақ мерзімді әрі талғампаз жылтырату жұмыстары үшін біздің бұрыштық жылтыратқышты пайдалануға кеңес береміз. WEV.. атты аспаптар айналу жиілігін реттеуге арналған реттегіш дөңгелегінің арқасында сым қылшақтармен жұмыс істеу үшін айрықша
Мақсатынан тыс пайдаланудан болған зақымдар үшін пайдаланушыға ғана жауапты
Жалпыға анық қауіпсіздік техникасының ережелерін және белгіленген қауіпсіздік нұсқауларын орындау керек. Жеке басыңызды және электрлік құралыңызды қорғау үшін осы белгі қойылған мәтіндік үзінділерді
ЕСКЕРТУ – Жарақат алу қаупін азайту үшін пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз. ЕСКЕРТУ: қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және жалпы нұсқауларды оқып шығыңыз. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды және жалпы нұсқауларды орындамау ток соғу, өрт және/немесе ауыр жарақат алу қаупін тудыруы мүмкін. Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және жалпы нұсқауларды болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз. Электрлік құралыңызды тек қана осы құжаттармен бірге табыстаңыз.
4.1 Ажарлау, егеуқұм қағазымен ажарлау,
сым қылшақтармен жұмыс істеу және абразивті кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар
а) Аталмыш электрлік құралды ажарлағыш, егеуқұм қағазы ажарлағышы, сым қылшақ және абразивті кескіш құрылғы ретінде пайдалану керек. Құрылғымен бірге алған барлық қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар, нұсқамалар, суреттер мен деректерді ұстаныңыз. Төмендегі нұсқаулар орындалмаған жағдайда, ток соғу, өрт және/ немесе ауыр жарақат алу қауіптері туындауы мүмкін. WEV 15-125 Quick HT, WEV 17-125 Quick Inox, WEV 17-125 Quick Inox RT, сондай-ақ жылтыратқыш ретінде пайдаланылуы тиіс. ә) Аталмыш электрлік құрал жылтырату үшін жарамайды. Электрлік құрал үшін жарамайтын жұмыстарды өткізу қауіпті жағдайлар мен жарақаттануға апарып соғуы мүмкін. (WEV 15-125 Quick HT, WEV 17-125 Quick Inox, WEV 17-125 Quick Inox RT үлгілеріне қолданылмайды.) б) Өндіруші осы электрлік құрал үшін арнайы әзірлеген және ұсынған керек- жарақтардан басқасын пайдаланбаңыз. Керек-жарақты электрлік құралыңызға бекіту мүмкін болғанда ғана, қауіпсіз қолданысқа кепіл
в) Алмалы-салмалы құралдың рұқсат етілген айналу жиілігі кем дегенде электрлік құралда берілген ең жоғары айналу жиілігімен бірдей болуы тиіс. Рұқсат етілгеннен жылдам айналатын керек-жарақ сынуы және шашылып кетуі мүмкін. г) Алмалы-салмалы құралдың сыртқы диаметрі мен қалыңдығы электрлік құралыңыздың өлшем деректеріне сай келуі тиіс. Қате өлшенген алмалы-салмалы құралды жеткілікті түрде жабу немесе бақылау мүмкін
ғ) Бұрандалы ендірмесі бар алмалы- салмалы құралдар ажарлағыш шпиндельдің ирек оймасына дәл сәйкес келуі тиіс. Фланец арқылы монтаждалатын алмалы- салмалы құралдардың саңылау диаметрі фланецтің бекіткіш диаметріне сәйкес келуі тиіс. Электрлік құралға дәл бекітілмеген алмалы-салмалы құралдар ауытқымалы түрде айналады, қатты дірілдейді және бақылау мүмкіндігінен айырылуға апарып соғуы мүмкін. д) Зақымдалған алмалы-салмалы құралдарды пайдаланбаңыз. Әр пайдалану алдында ажарлағыш дөңгелектер сияқты алмалы-салмалы құралдарда жарықшақтардың және сызаттардың бар- жоғын, тіреуіш ажарлағыш табақшаларда
1. Сәйкестік бойынша
2. Мақсатына сай пайдалану
3. Қауіпсіздік техникасы
бойынша жалпы нұсқаулар
4. Қауіпсіздік техникасы
бойынша арнайы нұсқауларҚАЗАҚША kk
сызаттар, тозу немесе қатты ескірудің бар- жоғын және сым қылшақтарда босаған немесе сынған сымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз. Электрлік құрал немесе алмалы-салмалы құрал құлап түскен жағдайда, оның зақымдалған- зақымдалмағанын тексеріңіз немесе зақымдалмаған алмалы-салмалы құралды пайдаланыңыз. Алмалы-салмалы құралды тексеріп орнатқаннан кейін айналадағы барлық адамдарды айналмалы алмалы- салмалы құрал тұрған алаңнан шығарыңыз да, құрылғыны ең жоғары айналу жиілігімен бір минут жұмыс істетіңіз. Зақымдалған алмалы-салмалы құралдар көбінесе осы сынақ мезетінде бұзылады. е) Жеке қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз. Жұмыс түріне қарай толық беттік қорғаныш масканы, көз қорғанысын немесе қорғаныш көзілдірікті пайдаланыңыз. Қажет болса, сіздің ажарлаудан және материалдан қалған шағын бөліктермен жанасуын болдырмайтын шаңнан қорғайтын масканы, есту мүшелерін қорғайтын құлақаспап, қорғаныш қолғап немесе арнайы алжапқыш тағыңыз. Көзді әртүрлі жұмыстардың барысында пайда болатын ұшпа бөгде заттардан қорғау керек. Шаңнан немесе тыныс жолдарын қорғайтын маска жұмыс барысында пайда болатын шаңды сүзгілеуі тиіс. Сізге ұзақ уақыт бойы шуыл әсер еткен жағдайда, есту қабілетінен айырылуыңыз мүмкін. ж) Бөгде тұлғалардың жұмыс аймағынан қауіпсіз арақашықтықта тұрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс аймағына кіретін кез келген адам жеке қорғаныс жабдығын киюі керек. Дайындаманың сынықтары немесе жарылған алмалы-салмалы құрал ұшып кетіп, тікелей жұмыс аймағынан тыс адамдарға да жарақат тигізуі мүмкін. з) Алмалы-салмалы құрал жасырын қуат сымдарына немесе өзінің желілік кабеліне тиюі мүмкін жұмыстар өткізіп тұрған кезде электрлік құралды тұтқыштың оқшауланған бетінен ұстап тұрыңыз. Кернеу астындағы сыммен жанасу құрылғының металл бөліктерінде кернеудің түзілуіне және электр тогының соғуына әкелуі мүмкін. и) Желілік кабельді айналып тұрған алмалы- салмалы құралдардан алшақ ұстаңыз. Құрылғыны бақылау мүмкіндігінен айырылған жағдайда, желілік кабель үзілуі немесе қармалып қалуы мүмкін және қолыңыз не қолыңыздың буыны айналып тұрған алмалы- салмалы құралға түсуі мүмкін. і) Алмалы-салмалы құрал толығымен тоқтамайынша, электрлік құралды ешқашан қалдырушы болмаңыз. Айналып тұрған алмалы-салмалы құрал сақтау орнының бетімен жанасып, электрлік құралды бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін. к) Электрлік құралды тасымалдаған кезде, ол өшірулі болуы керек. Киіміңіз айналып тұрған алмалы-салмалы құралмен ықтимал жанасуға түсіп, алмалы-салмалы құрал денеңізді тесіп алуы мүмкін. қ) Электрлік құралыңыздың желдету саңылауларын жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Қозғалтқыштың желдеткіші корпусқа шаң тартады және металл шаңының үлкен мөлшерде жиналуы электр тогынан қауіпті жағдайларды тудыруы мүмкін. л) Электрлік құралды тұтанғыш материалдардың жанында пайдаланбаңыз. Ұшқын мұндай материалдарды жандыруы
м) Суыту сұйықтығын қажет ететін алмалы- салмалы құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа суыту сұйықтықтарын пайдалану ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
4.2 Кері соққы және оған қатысты
қауіпсіздік техникасы бойынша
Кері соққы ажарлағыш дөңгелек, тіреуіш ажарлағыш табақша, сым қылшақ және т.б. сияқты айналып тұрған алмалы-салмалы құралдың қармалып қалуынан немесе бұғатталуынан пайда болатын кенет реакция болып табылады. Қармау немесе бұғаттау айналмалы алмалы-салмалы құралдың кенет тоқтап қалуына апарып соғады. Нәтижесінде бақылаусыз қалған электрлік құрал алмалы- салмалы құралдың айналу бағытына қарсы бұғатталған жерде үдейді. Мысалы, ажарлағыш дөңгелек дайындамада қармалып қалған немесе бұғатталған жағдайда, дайындамаға батырылған ажарлағыш дөңгелектің жиегі шатасып қалуы және нәтижесінде бұзылуы немесе кері соққы тудыруы мүмкін. Ажарлағыш дөңгелек сонан соң бұғатталған жердегі дөңгелектің айналу бағытына байланысты пайдаланушыға қарай не пайдаланушыдан ары қозғалып кетеді. Бұл ретте ажарлағыш дөңгелектер бұзылуы да
Кері соққы электрлік құралды қате немесе мақсатынан тыс пайдаланудың нәтижесі болып табылады. Оны төменде сипатталғандай арнайы сақтық шараларын қабылдап болдырмауға болады. а) Электрлік құралды екі қолмен мықтап ұстаңыз және денеңіз бен қолыңызды кері соққы күшіне төзімді ететін орнықты қалыпқа қойыңыз. Кері соққы күшін немесе жылдамдату кезінде реакция мезетін бақылау мүмкіндігін мүмкіндігінше жоғары деңгейде сақтау үшін, бар болса, әрдайым қосымша тұтқышты пайдаланыңыз. Пайдаланушы арнайы сақтық шараларының көмегімен кері соққы мен реакция күшін бақылауы мүмкін. ә) Ешқашан қолыңызды айналып тұрған алмалы-салмалы құралдың жанына апармаңыз. Алмалы-салмалы құрал кері соққы нәтижесінде қолыңызға жылжып кетуі мүмкін. б) Денеңізді электрлік құрал кері соққыдан қозғалып қалуы мүмкін аймақтан алшақҚАЗАҚШАkk
ұстаңыз. Кері соққы электрлік құралды бұғатталған жердегі ажарлағыш дөңгелектің қозғалыс бағытына қарсы жүргізеді. в) Бұрыштар, өткір жиектер және т.б. аймағында айрықша сақтықпен жұмыс істеңіз. Алмалы-салмалы құралдың дайындамадан ұшып кетуіне және қысылып қалуына жол бермеңіз. Айналмалы алмалы- салмалы құрал бұрыштарда, өткір жиектерде немесе секіріп қалған жағдайда қысылуға бейім. Бұл бақылау мүмкіндігінен айырылуға немесе кері соққыға апарып соғады. г) Шынжырлы немесе тісті ара төсемін пайдаланбаңыз. Мұндай алмалы-салмалы құралдар жиі кері соққыға немесе электрлік құралды бақылау мүмкіндігінен айырылуға апарып соғады.
4.3 Ажарлау және абразивті кесу кезіндегі
қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар: а) Тек электрлік құрал үшін мақұлданған абразивті құралдарды және тиісті абразивті құралға арналған қорғаныш қалпақты пайдаланыңыз. Электрлік құралға арналмаған абразивті құралдарды жеткілікті түрде жабу мүмкін болмайды және олар қауіпті болып
ә) Иілген ажарлағыш дөңгелектерді ажарлайтын беті қорғаныш қалпақ жиегінің астында болатындай етіп орнату керек. Қорғаныш қалпақ жиегінен жоғары тұрған, қате орнатылған ажарлағыш дөңгелектерді тиісінше жабу мүмкін болмайды. б) Қорғаныш қалпақ электрлік құралға берік орнатылуы және ең жоғары қауіпсіздік мақсатында абразивті құралдың барынша шағын бөлігі пайдаланушыға ашық болып тұратындай етіп реттелуі тиіс. Қорғаныш қалпақ пайдаланушыны сынықтардан, абразивті құралмен кенет жанасудан және киімді тұтандыра алатын ұшқыннан қорғауға көмектеседі. в) Абразивті құралдарды тек ұсынылатын мақсатына сәйкес қолдануға болады. Мысалы: еш жағдайда кескіш дөңгелектің бүйірлік бетімен ажарламаңыз. Кескіш дөңгелектер материалды дөңгелектің жиегімен алуға арналған. Кескіш дөңгелекке бүйірінен күш қолдану оның бұзылуына әкелуі мүмкін. г) Әрдайым зақымдалмаған қыспа фланецті пайдаланыңыз, оның өлшемі мен пішіні таңдалған ажарлағыш дөңгелекке сәйкес келуі тиіс. Жарамды фланецтер ажарлағыш дөңгелек үшін тірек болып табылады және осылайша оның сынып қалу қаупін азайтады. Ажарлағыш дөңгелектерге арналған фланецтер басқа ажарлағыш дөңгелектерге арналған фланецтерден өзгешеленуі мүмкін. ғ) Үлкенірек электрлік құралдардың тозған ажарлағыш дөңгелектерін пайдаланбаңыз. Үлкенірек электрлік құралдарға арналған ажарлағыш дөңгелектер шағын электрлік құралдардың жоғары айналу жиілігіне жобаланбаған және сынуы мүмкін.
4.4 Абразивті кесу кезіндегі қауіпсіздік
техникасы бойынша қосымша арнайы
а) Кескіш дөңгелектің сыналануына немесе тым жоғары басу қысымына жол бермеңіз. Тым терең кесік жасамаңыз. Кескіш дөңгелекке артық жүктеменің түсуі оның артық керілісіне және қиғаштануға немесе сыналануға әкеліп, абразивті құралдың керіс соққы немесе сыну мүмкіндігін арттырады. ә) Айналып тұрған кескіш дөңгелектің алдында және артында тұрмаңыз. Егер кескіш дөңгелекті дайындамамен бірге өзіңізден ары жылжытсаңыз, кері соққы жағдайында электрлік құрал айналып тұрған дөңгелекпен бірге тура өзіңізге қарай лақтырылуы мүмкін. б) Кескіш дөңгелек қысылып қалса немесе жұмысты тоқтатсаңыз, құрылғыны өшіріңіз де, дөңгелек толық тоқтағанша қолыңызда ұстай тұрыңыз. Әлі айналып тұрған кескіш дөңгелекті кесіктен шығарып алуға әрекет жасамаңыз, әйтпесе кері соққы туындауы мүмкін. Қысылу себебін анықтап жойыңыз. в) Электрлік құрал дайындамада орналасса, оны қайта қоспаңыз. Алдымен кескіш дөңгелекке толық айналу жиілігіне жетуге мүмкіндік беріңіз, тек содан кейін кесу әрекетін абайлап жалғастырыңыз. Кері жағдайда дөңгелек ұсталып қалуы, дайындамадан секіріп кетуі немесе кері соққы тудыруы мүмкін. г) Кескіш дөңгелектің сыналануынан кері соққы қаупін азайту үшін тақталар мен үлкен дайындамаларды өңдеген кезде тіреп қойыңыз. Үлкен дайындамалар өз салмағының әсерінен майысып қалуы мүмкін. Дайындаманы дөңгелектің екі жағынан, әсіресе кесік пен жиектің жанында тіреп қою керек. ғ) Бар қабырғаларда немесе басқа да көрінбейтін аймақтарда текше кескен кезде ерекше мұқият болыңыз. Батырылатын кескіш дөңгелек газ немесе су құбырларын, электрлік сымдарды немесе басқа нысандарды кескен кезде кері соққы тудыруы мүмкін.
4.5 Егеуқұм қағазымен ажарлау кезіндегі
қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар: а) Өлшемдері шамадан артық қажақсыдырғыларды пайдаланбаңыз, оның орнына қажақсыдырғы өлшемдері бойынша өндіруші мәліметтеріне назар аударыңыз. Тіреуіш ажарлағыш табақшалардан шығып тұратын қажақсыдырғылар пайдаланушыға жарақат тигізуі мүмкін және бұғатталуға, қажақсыдырғылардың үзілуіне немесе кері соққыға апарып соғуы мүмкін.
4.6 Тек WEV 15-125 Quick HT, WEV 15-125
Quick HT, WEV 15-125 Quick Inox, WEV 17-125 Quick Inox RT үшін: жылтырату кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар: Қалпақтың бөліктерін, әсіресе бекіткіш өзектерді бос қалдырмаңыз. БекіткішҚАЗАҚША kk
өзектерді орналастырыңыз немесе қысқартыңыз. Бос жатқан, өздігінен айналып тұрған бекіткіш өзектер саусағыңызды ұстап қалуы немесе дайындамада тұрып қалуы
4.7 Сым қылшақтармен жұмыс істеу
кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар: а) Сым қылшақ әдеттегідей пайдаланылған кезде де, оның ішінен сым бөлшектері түсетінін ескеріңіз. Сымдарға тым жоғары басу қысымы арқылы артық жүктеме түсірмеңіз. Ұшпа сым бөлшектері жұқа киім және/немесе тері арқылы оңай кіріп кетуі
ә) Қорғаныш қалпақты пайдалануға кеңес берілсе, қорғаныш қалпақ пен сым қылшақтың жанасуына жол бермеңіз. Тәрелкелі және табақшалы қылшақтардың диаметрі басу қысымы мен ортадан тепкіш күштің әсерінен ұлғаюы мүмкін.
4.8 Қауіпсіздік техникасы бойынша
қосымша нұсқаулар: ЕСКЕРТУ – Әрдайым қорғаныш көзілдірікті тағып жүріңіз. ЕСКЕРТУ – электрлік құралды әрдайым екі қолмен пайдаланыңыз. Иілгіш төсемелерді ажарлағыш құралмен бірге жеткізілген және талап етілген жағдайда қолданыңыз. Құрал мен керек-жарақ өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз! Дөңгелектерді май мен соққыдан қорғаңыз! Ажарлағыш дөңгелектерді өндірушінің нұсқауларына сәйкес ұқыпты сақтау және қолдану керек. Ешқашан кескіш дөңгелектерді сиыра ажарлау жұмыстары үшін пайдаланбаңыз! Кескіш дөңгелектерге бүйірлік қысым қолдануға тыйым
Дайындаманы, мысалы, қысқыш құрылғылардың көмегімен берік бекіту және жылжып кетуден қорғау керек. Үлкен дайындамаларды жеткілікті түрде тіреп қою
Бұрандалы ендірмесі бар алмалы-салмалы құралдар пайдаланылған кезде, шпиндель ұшы ажарлағыш құрал саңылауының түбіне тимеуі тиіс. Алмалы-салмалы құрал ирек оймасының ұзындығы шпиндель үшін жеткілікті екендігіне көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы құралдың ирек оймасы шпиндельдің ирек оймасына сәйкес келуі тиіс. Шпиндель ұзындығы мен шпиндель ирек оймасын 4-5-беттен және «Техникалық деректер» атты 14.-бөлімнен қараңыз. Стационарлық сорғыш құрылғыны пайдалануға кеңес беріледі. Әрдайым макс. жылыстау тогы 30 мА құрайтын FI автоматты ажыратқышын (RCD) алдын ала қосыңыз. Бұрыштық ажарлағыш FI автоматты ажыратқышы арқылы өшірілген жағдайда, аспапты тексеру және тазалау керек. «Тазалау» атты 9.-бөлімді
Зақымдалған, деформацияға ұшыраған немесе дірілдейтін құралдарды пайдалануға тыйым
Газ немесе су құбырларының, электрлік желілердің және көтергіш қабырғалардың (статика) зақымдалуына жол бермеңіз. Қандай да бір реттеу, қайта жабдықтау немесе техникалық қызмет көрсету әрекетін орындамас бұрын желілік ашаны розеткадан шығарып
Metabo S-automatic сақтандырғыш муфтасы. Сақтандырғыш муфта іске қосылған жағдайда, аспапты дереу өшіріңіз! Зақымдалған немесе жарықшақтары бар қосымша тұтқышты алмастыру керек. Қосымша тұтқышы бұзылған аспапты пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе жарықшақтары бар қорғаныш қалпақты алмастыру керек. Қорғаныш қалпағы бұзылған аспапты пайдаланбаңыз. Шағын дайындамаларды бекітіңіз. Мысалы, оларды білдек қысқышында қысыңыз. Шаң жүктемесін азайту: ЕСКЕРТУ - Егеуқұм қағазымен ажарлау, аралау, ажарлау, бұрғылау және басқа да жұмыстарды өткізген кезде пайда болатын шаңның кейбір түрлері обырды, туа біткен кемістіктерді немесе көбею жүйесінің басқа да зақымдарын тудыратыны белгілі химиялық заттарды қамтиды. Мұндай химиялық заттардың бірнеше мысалы: - қорғасын қамтитын бояу ішіндегі қорғасын, - құрылыс кірпіші, цемент пен басқа кірпіш қалау заттектерінен пайда болатын минералды шаң
- химиялық жолмен өңделген сүректегі күшәла
Тәуекел дәрежесі мұндай жұмыстардың түрі қаншалықты жиі орындалатындығына тәуелді. Мұндай химиялық заттардың әсерін азайту үшін: жеткілікті түрде желдетілген жайларда жұмыс істеңіз және жұмыс барысында микроскопиялық бөлшектерді сүзгілеу үшін арнайы әзірленген респиратор сияқты жеке қорғаныс жабдығын қолданыңыз. Бұл ереже басқа материалдардан, мысалы, сүректің белгілі бір түрлерінен (емен немесе шамшат сүрегінің шаңы), металдан, асбесттен пайда болатын шаңға да қатысты болып келеді. Басқа белгілі сырқаттарға, мысалы, аллергиялық реакциялар және тыныс алу жолдарының сырқаттары жатады. Шаңның денеге енуін болдырмаңыз. Материалыңыз, қызметкерлер, жұмыс жағдайы мен жұмыс орны бойынша қолданылатын директиваларды және ұлттық нұсқамаларды сақтаңыз (мысалы, еңбекті қорғау ережелері, кәдеге жарату).ҚАЗАҚШАkk
Пайда болатын бөліктерді дәл сол жерде жинаңыз, қоршаған ортаға түсуіне жол
Арнайы жұмыстар үшін жарамды керек- жарақтарды пайдаланыңыз. Осылайша қоршаған ортаға бақылаусыз түсетін бөліктердің мөлшері азайтылады. Арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз. Шаң жүктемесін азайту үшін: - пайда болатын бөліктерді және аспаптың ауа ағынын өзіңізге, айналаңыздағы адамдарға немесе жатқан шаңға бағыттамаңыз, - сорғыш қондырғыны және/немесе ауа тазалағышты қолданыңыз, - жұмыс орнын жақсылап желдетіңіз немесе сору арқылы таза күйде ұстаңыз. Қалықтап жатқан шаңды сыпырыңыз немесе үрлеп
- Қорғаныш киімді жуыңыз немесе шаңын сорыңыз. Үрлеуге, қағуға немесе қылшақпен тазалауға болмайды. 2-бетті қараңыз. 1 Quick қыспа гайкасы * 2 Тіреуіш фланец 3Шпиндель 4 Шпиндель бекіткішінің түймесі 5 Қосу/өшіруге арналған ауыстырып-қосқыш * 6Тұтқыш 7 Электрондық сигналдық индикатор * 8 Айналу жиілігін реттеуге арналған реттегіш
9 Батырма ауыстырып-қосқыш* 10 Қосу құлпы * 11 Қосымша тұтқыш / дірілді басқыш қосымша
12 Қорғаныш қалпақ 13 Екі саңылаулы гайка * 14 Екі саңылаулы кілт * 15 Қорғаныш қалпақты бекітуге арналған иінтірек
- жабдықталуға байланысты / жеткізілім жиынтығына кірмейді Қолданысқа енгізу алдында фирмалық тақтайшада көрсетілген номиналды кернеу мен номиналды жиілік ток желіңіздің деректеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз. Әрдайым макс. жылыстау тогы 30 мА құрайтын FI автоматты ажыратқышын (RCD) алдын ала қосыңыз.
6.1 Қосымша тұтқышты орнату
Орнатылған қосымша тұтқышпен (11) ғана жұмыс істеңіз! Қосымша тұтқышты аспаптың сол немесе оң жағына берік бұрап
6.2 Қорғаныш қалпақты орнату
Қауіпсіздік тұрғысынан тек тиісті абразивті құралға арналған қорғаныш қалпақты пайдаланыңыз! Сондай-ақ «Керек-жарақтар» атты 11.-бөлімді қараңыз! Ажарлауға арналған қорғаныш қалпақ Ажарлағыш дөңгелектермен, ламельді тіреуіш ажарлағыш табақшалармен, алмасты кескіш дөңгелектермен жұмыс істеуге арналған. 3-беттегі C суретін қараңыз. - Иінтіректі (15) басып тұрыңыз. Қорғаныш қалпақты (12) көрсетілген күйде орнатыңыз. - Иінтіректі жіберіп, ол тірелгенше қорғаныш қалпақты бұраңыз. - Иінтіректі басып, қорғаныш қалпақты оның жабық бөлігі пайдаланушыға қарап тұратындай етіп бұраңыз. - Берік орнатылғанын тексеріңіз: иінтірек бекітіліп тұруы және қорғаныш қалпақ айналмауы тиіс. Қорғаныш қалпақтан кем дегенде 3,4 мм шамасына шығып тұратын алмалы- салмалы құралдарды пайдаланыңыз. (Шығару әрекеттің кері реттілігімен орындалады.) Қайта жабдықтау бойынша барлық жұмыстардың алдында: желілік ашаны розеткадан суырыңыз. Аспап қосылып тұруы және шпиндель қозғалмай тұруы тиіс. Кескіш дөңгелектермен жұмыс істеу үшін қауіпсіздік тұрғысынан кескіш дөңгелекке арналған қорғаныш қалпақты («Керек- жарақтар» атты 11.-бөлімді қараңыз) пайдаланыңыз.
7.1 Шпиндельді бекіту
- Шпиндель бекіткішінің түймесін (4) басып, шпиндельді (3) бекіткіш түймесі шерту дыбысымен тірелгенше қолмен бұраңыз.
7.2 Ажарлағыш дөңгелекті орналастыру
2-беттегі A суретін қараңыз. - Тіреуіш фланецті (2) шпиндельге орнатыңыз. Фланец шпиндельде айналмаған жағдайда дұрыс орнатылған деп есептеледі. Тек W 9-100: тіреуіш фланецті екі саңылаулы кілттің көмегімен шағын буылтығы (диаметрі 16 мм) жоғары қарап тұратындай шпиндельге бұрап орнатыңыз. - Ажарлағыш дөңгелекті тіреуіш фланецке (2) орналастырыңыз. Ажарлағыш дөңгелек тіреуіш фланецпен біркелкі жанасуы тиіс.
6. Қолданысқа енгізу
7. Ажарлағыш дөңгелекті
7.3 Quick қыспа гайкасын бекіту/босату
(жабдықталуға байланысты) Quick қыспа гайкасын (1) бекіту: Quick қыспа гайкасын (1) тек «Metabo Quick жүйесі» бар аспаптарға орнатыңыз. Бұл аспаптарды «M-Quick» жазбасы бар қызыл түсті шпиндель бекіткішінің түймесі (4) арқылы тануға
Егер қысу диапазонындағы алмалы- салмалы құралдың қалыңдығы 7,1 мм шамасынан артық болса, Quick қыспа гайкасын пайдалануға тыйым салынады! Бұл жағдайда екі саңылаулы гайканы (13) екі саңылаулы кілтпен (14) бірге пайдаланыңыз. - Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз). - Quick қыспа гайкасын (1) 2 шығыңқы жер шпиндельдің 2 ойығына кіретіндей шпиндельге (3) орнатыңыз. 2-беттегі суретті
- Quick қыспа гайкасын сағат тілінің бағытымен қолмен бұрап тартыңыз. - Ажарлағыш дөңгелекті сағат тілінің бағытымен күштеп бұрау арқылы Quick қыспа гайкасын тартыңыз. Quick қыспа гайкасын (1) босату: Quick қыспа гайкасы (1) орнатылып тұрғанда ғана, шпиндельді қызыл түсті M- Quick бекіткіш түймесімен (4) тоқтатуға рұқсат
- Аспап өшірілгеннен кейін инерция бойынша қозғала береді. - Ажарлағыш дөңгелек толық тоқтамас бұрын қызыл түсті M-Quick шпиндель бекіткішінің түймесін (4) басыңыз. Quick қыспа гайкасы (1) өз бетінше шамамен бір жарым айналымға босайды да, оны қосымша күш немесе арнайы құрал қолданбай бұрап шығаруға болады.
7.4 Екі саңылаулы гайканы бекіту/босату
(жабдықталуға байланысты) Екі саңылаулы гайканы (13) бекіту: Екі саңылаулы гайканың 2 жағы бір-бірінен өзгешеленеді. Екі саңылаулы гайканы шпиндельге төмендегідей бұрап орнатыңыз: 2-беттегі B суретін қараңыз. - X) Жұқа ажарлағыш дөңгелектер үшін: Екі саңылаулы гайканың (13) буылтығы ажарлағыш дөңгелекті мықтап қысу үшін жоғары қарап тұр. Y) Қалың ажарлағыш дөңгелектер үшін: Екі саңылаулы гайканың (13) буылтығы екі саңылаулы гайканы шпиндельге берік бекіту үшін төмен қарап тұр. Z) Тек W 9-100 үлгісінде: Екі саңылаулы гайканың буылтығы төмен қарап тұр немесе тегіс беті жоғары қарап тұр. - Шпиндельді бекітіңіз. Екі саңылаулы гайканы (13) екі саңылаулы кілттің (14) көмегімен сағат тілінің бағытымен бұрап тартыңыз. Екі саңылаулы гайканы босату: - Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз). Екі саңылаулы гайканы (13) екі саңылаулы кілттің (14) көмегімен сағат тілінің бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
8.1 Айналу жиілігін реттеу (жабдықталуға
байланысты) Реттегіш дөңгелекте (8) ұсынылған айналу жиілігін реттеңіз. (Кіші сан = төмен айналу жиілігі; үлкен сан = жоғары айналу жиілігі) Абразивті кескіш, ажарлағыш дөңгелек, ажарлағыш бастиек, алмасты кескіш дөңгелек: жоғары айналу жиілігі Қылшақ: орташа айналу жиілігі Тіреуіш ажарлағыш табақша: төмен-орташа айналу жиілігі
жылтырату жұмыстары үшін біздің бұрыштық жылтыратқышты пайдалануға кеңес
Аспапты әрдайым екі қолмен ұстап
Алмалы-салмалы құралды дайындамаға тек қосулы күйінде апарыңыз. Кенет іске қосылуына жол бермеңіз: желілік аша розеткадан суырылған немесе токпен жабдықтау үзілген болса, әрдайым аспапты өшіріңіз. Үздіксіз жұмыс режимінде аспап қолдан түсірілген жағдайда да ары қарай жұмыс істейді. Сондықтан әрдайым аспапты екі қолмен арнайы тұтқыштарынан ұстаңыз, тұрақты қалыпта тұрыңыз және бар назарыңызды орындалатын жұмысқа аударыңыз. Аспапқа шаң мен жоңқаның құйындауын немесе тартылуын болдырмаңыз. Аспапты өшіргеннен кейін қозғалтқыш толықтай тоқтағанша қоймаңыз. Ауыстырып-қосқышы бар аспаптар: Қосу: ауыстырып-қосқышты (5) алға жылжытыңыз. Үздіксіз жұмыс режимі үшін ауыстырып-қосқышты тірелгенше төмен
Өшіру: ауыстырып-қосқыштың (5) артқы ұшын басып жіберіңіз.
«Бекітілмейтін ажыратқышы» бар аспаптар (қауіпсіз тоқтату функциясымен): Қосу: қосу құлпын (10) көрсеткі бағытымен жылжытып, батырма ауыстырып қосқышты (9)
Өшіру: батырма ауыстырып-қосқышты (9)
W...RT белгісі бар аспаптар: Қысқа мерзімге қосу (қауіпсіз тоқтату функциясымен) Қосу: батырма ауыстырып-қосқышты (9) алға қарай жылжытыңыз да, содан кейін батырма ауыстырып-қосқышты (9) жоғары қарай басыңыз. Өшіру: батырма ауыстырып-қосқышты (9)
W...RT белгісі бар аспаптар: Үздіксіз жұмыс режимі (жабдықталуға байланысты) Қосу: аспапты жоғарыда сипатталғандай қосыңыз. Енді батырма ауыстырып- қосқышты (9) тағы бір рет алға жылжытып және алдыңғы жақ күйінде жіберіп, батырма ауыстырып-қосқышты (9) бекітіңіз (үздіксіз жұмыс режимі). Өшіру: батырма ауыстырып-қосқышты (9) жоғары қарай басып жіберіңіз.
8.3 Жұмыс бойынша нұсқаулар
Ажарлау және егеуқұм қағазымен ажарлау: Аспапты орташа күшпен қысып, дайындаманың беті қатты қызбайтындай етіп үстіңгі бет бойынша алға-артқа жылжытыңыз. Сиыра ажарлау: жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін 30° - 40° орнату бұрышында жұмыс істеңіз. Абразивті кесу: Абразивті кесу кезінде әрдайым қарама-қарсы бағытпен (суретті қараңыз) жұмыс істеңіз. Кері жағдайда аспап кесіктен кенет секіріп шығуы мүмкін. Орташа, өңделетін материалға жарамды беріліспен жұмыс істеңіз. Қисайтуға, басуға және теңселтуге болмайды. Сым қылшақтармен жұмыс істеу: Аспапты орташа күшпен қысыңыз.
8.4 Редуктор корпусын бұрау
3-беттегі D суретін қараңыз. - Қуат ашасын тартып шығарыңыз. - Иінтіректің (15) бекіткіш бұрандасын (a) бұрап шығарыңыз. Бұранда мен иінтіректі (табақ бөлігімен бірге) шығарып алыңыз да, ары
- Редуктор корпусының 4 бұрандасын (b) бұрап шығарыңыз. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Редуктор корпусын суырып шығармаңыз! - Редуктор корпусын тарту әрекетінсіз қажетті күйге бұраңыз. - Редуктор корпусының 4 бұрандасын (b) бар ирек ойма жіптеріне бұрап кіргізіңіз! Тарту моменті = 3,0 Нм +/- 0,3 Нм. - Иінтіректі өз орнына басып тұратын серіппені бүйірге жылжытып, иінтіректі (15) (табақ бөлігімен бірге) қайта орнатыңыз және бекіткіш бұрандамен (a) бұрап бекітіңіз. Тарту моменті = 5,0 Нм +/- 0,5 Нм. Иінтіректің дұрыс қызмет етіп тұрғанын тексеріңіз: ол серіппе керілісінің астында болуы тиіс. Жұмыс барысында электрлік құралдың ішінде материал бөлшектері жиналуы мүмкін. Бұл электрлік құралдың суытылуын нашарлатады. Ток өткізгіш шөгінді электрлік құралдың қорғайтын оқшаулағышын бұзып, ток соғу қаупін тудыруы мүмкін. Электрлік құралдағы кірді барлық алдыңғы мен артқы желдету саңылаулары арқылы жүйелі түрде, жиі және мұқият сорып немесе құрғақ ауамен үрлеп тазартыңыз. Бұл әрекеттің алдында электрлік құралды қуат көзінен ажыратып, қорғаныш көзілдірік пен респираторды киіп алыңыз. VTC және TC электроникасы бар аспаптар: Электрондық сигналдық индикатор (7) жанып, жүктеме астындағы айналу жиілігі төмендейді (W...RT үлгісінде емес). Аспапқа түскен жүктеме тым жоғары! Аспапты электрондық сигналдық индикатор сөнгенше бос жүріс күйінде жұмыс істетіңіз. Аспап жұмыс істемей тұр.Электрондық сигналдық индикатор (7) (жабдықталуға байланысты) жыпылықтайды. Қайта іске қосылудан қорғаныс іске қосылды. Аспаптың қосулы күйінде желілік аша розеткаға салынған немесе электр қуатымен жабдықтау үзілгеннен кейін қалпына келген жағдайда, аспап іске қосылмайды. Аспапты өшіріп қайта қосыңыз.
10. Ақаулықтарды жоюҚАЗАҚША kk
Тек қана түпнұсқа Metabo керек-жарақтарын қолданыңыз. 6-бетті қараңыз. Тек қана осы пайдалану бойынша нұсқаулықта келтірілген талаптар мен сипаттарға сай келетін керек-жарақтарды пайдаланыңыз. A Кескіш дөңгелекке арналған қорғаныш қалпақтың қысқышы / абразивті кесуге арналған қорғаныш қалпақ Кескіш дөңгелектермен, алмасты кескіш дөңгелектермен жұмыс істеуге арналған. Кескіш дөңгелекке арналған қорғаныш қалпақтың қысқышы орнатылған жағдайда, аспапты абразивті кесу үшін пайдалануға болады. B Абразивті кесуге арналған ауа тартатын қорғаныш қалпақ Алмасты кескіш дөңгелектермен тас тақталарды кесуге арналған. Тиісті сорғыш құрылғының көмегімен тас шаңын кетіруге арналған келте құбыры бар. C Беттерді ажарлауға арналған ауа тартатын қорғаныш қалпақ Бетон, жапсарсыз еден, ағаш және синтетикалық материалдарды алмас табақшалы ажарлағыш дөңгелектермен немесе талшықты ажарлағыш дөңгелектермен және арнайы ажарлағыш табақшалармен ажарлауға арналған. Тиісті сорғыш құрылғының көмегімен тас, ағаш және пластик шаңын кетіруге арналған келте құбыры бар. Ұшқынды сору немесе металдарды ажарлау үшін жарамайды. D Шаңнан қорғайтын сүзгі Шағын ұялы сүзгі қозғалтқыш корпусының ішіне ірі бөлшектердің кіруіне жол бермейді. Жүйелі түрде шығарып тазалаңыз. E Қол қорғанысы Тіреуіш тәрелкемен, тіреуіш ажарлағыш табақшамен, сым қылшақтармен және керамикаға арналған алмасты бұрғылау коронкаларымен жұмыс істеуге арналған. Қол қорғанысын бүйірлік қосымша тұтқыштың астына орнатыңыз. F Қосымша тұтқышқа арналған көп позициялы қапсырма Әртүрлі тұтқыш позицияларына мүмкіндік
G Қапсырманың қосымша тұтқышы Керек-жарақтардың толық тізімін www.metabo.com сайтында немесе каталогтен
Электрлік құралда жөндеу жұмыстарын тек қана электрші маман өткізуі тиіс! Бұзылған желілік кабельді тек Metabo қызмет көрсету орталығында сатып алуға болатын арнайы, түпнұсқа Metabo желілік кабелімен ауыстыруға рұқсат етіледі. Metabo филиалына жөндеуді қажет ететін Metabo электрлік құралдарымен бірге барыңыз. Мекенжайлары www.metabo.com сайтында
Қосалқы бөлшектердің тізімдерін www.metabo.com сайтында жүктеп алуға
Ажарлаудан пайда болатын шаңда зиянды заттектер болуы мүмкін, сондықтан оны тиісінше кәдеге жарату керек. Пайдаланылған аспаптарды, орауыштарды және керек-жарақтарды қоршаған орта үшін қауіпсіз түрде кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша ұлттық ережелерді ұстаныңыз. Тек қана ЕО елдерінде: электрлік құралды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз! Электрлік және электрондық ескі құрылғылар және ұлттық заңға түрлендіру жөніндегі 2012/19/EU еуропалық директивасына сәйкес, пайдаланылған электрлік құралдар бөлек жиналып, қоршаған орта үшін қауіпсіз қайта өңдеуге жіберілуі тиіс. 4-беттегі мәліметтерге түсініктемелер. Техникалық дамуға қарай өзгеруі мүмкін. Ø = алмалы-салмалы құралдың макс.
max,1 = екі саңылаулы гайка (13) пайдаланылған кезде қысу диапазонындағы алмалы-салмалы құралдың макс. рұқсат етілген
max,2 = Quick қыспа гайкасы (1) пайдаланылған кезде қысу диапазонындағы алмалы-салмалы құралдың макс. рұқсат етілген
max,3 = сиыра ажарлағыш дөңгелек/кескіш
алмалы-салмалы құралдың макс. рұқсат етілген қалыңдығы M = шпиндельдің ирек оймасы l = ажарлағыш шпиндельдің ұзындығы n* = бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі (макс. айналу жиілігі)
- = бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі (реттелетін)
= номиналды тұтынылатын қуат
=шығыс қуат m = желілік кабельсіз салмағы Өлшеу мәндері EN 60745 стандартына сай есептеледі. II қорғаныс класындағы аспап ~ Айнымалы ток
- WE... белгісі бар аспаптар : энергияға толы, жоғары жиілікті кедергілер айналу жиілігінің шұғыл өзгерістерін тудыруы мүмкін. Олар кедергілер басылған соң жоққа шығарылады.
13. Қоршаған ортаны қорғау
14. Техникалық деректерҚАЗАҚШАkk
Берілген техникалық деректерде ұйғарынды ауытқулар болуы мүмкін (жарамды стандарттарға сай). Эмиссиялық көрсеткіштер Аталмыш көрсеткіштер электрлік құралдардың эмиссиясын анықтауға және әртүрлі электрлік құралдарды салыстыруға мүмкіндік береді. Пайдалану жағдайына қарай, электрлік құралдың немесе алмалы-салмалы құралдың күйі шынайы жүктемені көтеруі немесе төмендетуі мүмкін. Жұмыстағы үзілістерді және фазаларды анықтау үшін төменірек жүктемені қамтамасыз етіңіз. Сәйкесінше бейімделген бағаға сай пайдаланушы үшін қорғаныс шараларын, мысалы, ұйымдастыру шараларын анықтаңыз. Дірілдің жалпы көрсеткіші (үш бағыттың векторлық қосындысы) – EN 60745 стандартына сай анықталады:
h, SG = дірілдің эмиссиялық көрсеткіші (үстіңгі беттерді ажарлау)
h, DS = дірілдің эмиссиялық көрсеткіші (тіреуіш ажарлағыш табақшамен
h,P = дірілдің эмиссиялық көрсеткіші (жылтырату)
h,SG/DS/P = дәлсіздік (діріл) Үлгілі A өлшемді дыбыс деңгейі:
= дыбыстық қысым деңгейі
= дыбыстық қуат деңгейі
= дәлсіздік Жұмыс барысында шуыл деңгейі 80 дБ(А) шамасынан асуы мүмкін. Қорғаныш құлаққап тағыңыз! EAC-Text EAC-Text Сатып алушыға арналған ақпарат: Сәйкестік сертификаты: № ЕЭО RU C- DE.ГБ09.В.00161/20, қолданылу мерзімі
19.03.2020 ж. бастап 18.03.2025 ж. дейін,
«Независимая экспертиза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнімді сертификаттау жөніндегі органы берген; Орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызмет орнының мекенжайы: 115280, Ресей, Мәскеу қаласы, Ленинская Слобода көшесі, 19-үй, 2- қабат, 21ш8, 21ш9, 21ш10, 21ш11 бөлмелері; Телефоны: +7 (495) 722-61-68; Электрондық пошта мекенжайы: info@n-exp.ru; Аккредиттеу аттестаты № РОСС RU.0001.11ГБ09,
Сәйкестік туралы декларация (RoHS): № ЕЭО N RU Д-DE.ГБ09.В.00361/20, қолданылу мерзімі
06.03.2020 ж. бастап 26.02.2025 ж. дейін,
«Независимая экспертиза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнімді сертификаттау жөніндегі органы тіркеген; Орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және қызмет орнының мекенжайы: 115280, Ресей, Мәскеу қаласы, Ленинская Слобода көшесі, 19-үй, 2- қабат, 21ш8, 21ш9, 21ш10, 21ш11 бөлмелері; Телефоны: +7 (495) 722-61-68; Электрондық пошта мекенжайы: info@n-exp.ru; Аккредиттеу аттестаты № РОСС RU.0001.11ГБ09,
Өндіруші ел: Германия Өндіруші: "Metabowerke GmbH", Metaboallee 1, D-72622 Nuertingen, Германия Ресейге импорттаушы: ЖШҚ «Метабо Евразия» Ресей, 127273, Мәскеу Березовая аллея көшесі, № 5 а, 7-құрылыс, 106-
тел.: +7 495 980 78 41 Өндірілген жылы құралдың ақпараттық тақтайшасында аа/жжжж пішімінде көрсетілген Өнімнің жарамдылық мерзімі 7 жылды құрайды. Өндірілген күннен кейін 5 жыл сақтауда тұрған жағдайда, алдын ала тексерместен пайдалану ұсынылмайдыКЫРГЫЗЧА ky
Notice-Facile