W 26180 MVT - ұнтақтағыш METABO - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз W 26180 MVT METABO PDF форматында.
| Бренд | Metabo |
| Модель | W 26180 MVT |
| Түрі | Үккіш (бұрыштық тегістеуіш) |
| Дискінің макс. диаметрі | 180 мм |
| Бос жүріс жылдамдығы | 8500 айн/мин |
| Тұтынылатын қуат | 1400 Вт |
| Салмағы (кабельсіз) | 2,8 кг |
| Қоректену | 230 В ~ 50 Гц (айнымалы ток) |
| Қорғау класы | II (қос изоляция) |
| Қауіпсіздік | Бағытталатын қорғаныс қақпағы, шпиндельді бұғаттау, қосымша тұтқа, іске қосуға қарсы қорғаныс, қайта іске қосудан қорғаныс |
| Негізгі функциялар | Тегістеу, жылтырату, кесу, металл щеткамен өңдеу |
| Негізгі тұтқа | Екі жағынан 90° бұрылады |
| Біртіндеп іске қосу | Иә (WE... үлгілерінде) |
| Тежегіш | Иә (W...B... үлгілерінде) |
| Автобаланс жүйесі | Иә (W...A... үлгілерінде) |
| Жылдам бекіту гайкасы | Иә (кейбір нұсқаларында) |
| Күтім | Ауа саңылауларын үнемі тазалау, құрғақ ауамен сору немесе үрлеу |
| Жөндеу | Электрикке арналған; қуат кабелі және қосалқы бөлшектер Metabo қызмет көрсету орталығында қолжетімді |
| Үйлесімді керек-жарақтар | Тегістеу дөңгелектері, кесу дөңгелектері (металл, бетон), металл щеткалар, абразивті табақтар және т.б. |
| Акустикалық қысым деңгейі (LpA) | Шамамен 95 дБ(А) (EN 60745 бойынша) |
Жиі қойылатын сұрақтар - W 26180 MVT METABO
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы W 26180 MVT METABO
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ұнтақтағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз W 26180 MVT - METABO және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. W 26180 MVT брендінің METABO.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ W 26180 MVT METABO
kk Пайдалану нускаулығының түпнұсқасы 136
Пайдалану нускаулығының түпнұсқасы
1. Сэйкестік бойынша мәлімдеме
Жеке жауапкершілігімізбен жариялаймыз: түрі мен сериялық нөмірі бойынша сәйкестендірілетін осы бұрыштық ажарлағыш *1) директивалардың *2) және стандарттардың барлық тиісті қаулыларына *3). техникалық құжаттамаларға сәйкес келеді *4) - 3-бетті қараңыз.
2. Максатына сай пайдалану
Аспаптар тупнуска Metabo керек-жарағымен бірге су пайдаланбай ажарлауға, егеукүм қағазымен ажарлауға, сым қылшақтармен жұмыс істеуге және металл, бетон, тас пен ұқсас материалдарды абразивті кесуге арналған.
Максатынан тыс пайдаланудан болған зақымдар үшін пайдаланушыға ғана жауапты болады.
Жалпыға анық қауіпсіздік техникасының ережелерін және белгіленген қауіпсіздік нұсқауларын орындау керек.
3. Қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар

Жеке басыңызды және электрлік күралыңызды қорғау үшін осы белгі қойылған мәтіндік үзінділерді ұстаныңыз!

ЕСКЕРТУ – Жаракат алу каупін азайту ўшін пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз.

ЕСКЕРТУ – Аталмыш электрлік күралмен бірге берілген барлық псіздік бойынша нұсқаулар, жалпы аулар, суреттер мен техникалық ектерді оқып шығыңыз. Төмендегі ауларды орындамау ток соғу, өрт және/ есе ауыр жаракаттануға алып келуі мүмкін
Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және жалпы нұсқауларды болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз. Электрлік құралыңызды тек қана осы құжаттармен бірге табыстаңыз.
4. Қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар
4.1 Ажарлау, егеукум қағазымен ажарлау, сым қылшақтармен жұмыс істеу немесе абразивті кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар:
a) Аталмыш электрлік құралды ажарлағыш, егеуқум қағазы ажарлағышы, сым қылшақ, саңылау кескіш немесе абразивті кескіш
құрылғы ретінде пайдалану керек. Құрылғымен бірге алған барлық қауіпсіздік техникасының нұсқауларын, нұскамаларды, суреттер мен деректерді оқып шығыңыз. Төмендегі нұсқаулардың барлығы орындалмаған жағдайда, ток соғу, өрт және/ немесе ауыр жаракат алу қаупі туындауы мүмкін.
э) Аталмыш электрлік құрал жылтырату үшін жарамайды. Электрлік құрал үшін жарамайтын жұмыстарды өткізу қауіпті жағдайлар мен жарақаттануға апарып соғуы мұмкін.
б) Электрлік құралды оның конструкциясы жарамды болмайтын және өндіруші қарастырмаған функцияны атқару үшін пайдаланбаңыз. Мүндай түрлендіру бақылау мүмкіндігінен айырылуға және ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
в) Өндіруші осы электрлік құрал үшін арнайы өзірлеген және ұсынған алмалы- салмалы құралдан басқасын пайдаланбаңыз. Керек-жаракты электрлік құралыңызға бекіту мүмкін болғанда ғана, қауіпсіз қолданыска кепіл беріледі.
г) Алмалы-салмалы күралдың рүқсат етілген айналу жилігі кем дегенде электрлік күралда берілген ең жоғары айналу жилігімен бірдей болуы тиіс. Рүқсат етілгеннен жылдам айналатын алмалы-салмалы күрал сынуы және шашылып кетуі мүмкін.
f) Алмалы-салмалы күралдың сыртқы диаметрі мен қалынддығы электрлік күралыңыздың өлшем деректеріне сәйкес келуі тиіс. Қате өлшенген алмалы-салмалы күралды жеткілікті түрде жабу немесе бақылау мүмкін болмайды.
д) Алмалы-салмалы күралды бекітуге арналған өлшем электрлік күрал бекіткішнің өлшемдеріне сәйкес келуі тиіс. Электрлік күралға дәл бекітілмеген алмалы-салмалы күралдар ауытқымалы түрде айналады, қатты дірілдейді және бақылау мүмкіндігінен айырылуға апарып соғуы мүмкін.
e) Зақымдалған алмалы-салмалы құралдарды пайдаланбаңыз. Әр пайдалану алдында ажарлағыш деңгелектер сияқты алмалы-салмалы құралдарда жарықшақтардың және сызаттардың бар- жоғын, тіреуіш ажарлағыш табақшаларда сызаттар, тозу немесе қатты ескірудің бар- жоғын және сым қылшақтарда босаған немесе сынған сымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз. Электрлік құрал немесе алмалы-салмалы құрал құлап түскен жағдайда, оның зақымдалған- зақымдалмағанын тексеріңіз немесе зақымдалмаған алмалы-салмалы құралды пайдаланыңыз. Алмалы-салмалы құралды тексеріп орнатқаннан кейін айналадағы барлық адамдарды айналмалы алмалы-
салмалы құрал түрган аланнан шығарыңыз да, құрылғыны ең жоғары айналу жиілігімен бір минут жұмыс істетіңіз. Зақымдалған алмалы-салмалы құралдар әдette осы сынақ мезетінде бұзылады.
ж) Жеке қорғаныс жабдығын киіп жүріңіз. Жұмыс түріне қарай толық беттік қорғаныш масканы, көз қорғанысын немесе қорғаныш көзілдірікті пайдаланыңыз. Қажет болса, ажарлаудан және материалдан қалған шағын бөліктермен жанасуды болдырмайтын шаңнан қорғайтын масканы, құлақ қорғанысын, қорғаныш қолғапты немесе арнайы алжапқышты киіп жүріңіз. Көзді әртүрлі жұмыстардың барысында пайда болатын ұшпа бөгде заттардан қорғау көрек. Шаңнан немесе тыныс жолдарын қорғайтын маска жұмыс барысында пайда болатын шаңды сүзгілеуі тиіс. Сізге ұзак ұакыт бойы шуыл әсер еткен жағдайда, есту қабілетінен айырылуыңыз мүмкін.
з) Бөгде түлғалардың жұмыс аймағынан қауіпсіз арақашықтықта түрғанына көз жеткізіңіз. Жұмыс аймағына кіретін кез келген адам жеке қорғаныс жабдығын киноі керек. Дайындаманың сынықтары немесе жарылған алмалы-салмалы құрал ұшып кетіп, тікелей жұмыс аймағынан тыс адамдарға да жарақат тигізуі мүмкін.
и) Алмалы-салмалы құрал жасырын құат сымдарына немесе өзінің желілік кабеліне тиюі мүмкін жұмыстар өткізіп түрған кезде электрлік құралды түтқыштың оқшауланған бетінен ұстан тұрыңыз. Кернеу астындағы сыммен жанасу құрылғының металл бөліктерінде кернеудің түзілуіне және электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
к) Желілік кабельді айналып түрған жұмыс құралдарынан алшақ ұстаңыз. Құрылғыны бақылау мүмкіндігінен айырылған жағдайда, желілік кабель үзілуі немесе қармалып қалуы мүмкін және қолыңыз не қолыңыздың буыны айналып түрған алмалы-салмалы құралға түсуі мүмкін.
к) Алмалы-салмалы күрал толығымен токтамайынша, электрлік күралды ешкашан қалдырушы болмаңыз. Айналып түрған алмалы-салмалы күрал сақтау орнының бетімен жанасып, электрлік күралды бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.
л) Электрлік құралды тасымалдаған кезде, ол өшірулі болуы керек. Киіміңіз айналып түрган алмалы-салмалы құралмен ықтимал жанасуға түсіп, алмалы-салмалы құрал денеңізді тесіп алуы мүмкін.
м) Электрлік құралыңыздың желдету саңылауларын жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Қозғалтқыштың желдеткіші корпусқа шаң тартады және металл шаңының үлкен мөлшерде жиналуы электр тогынан қауіпті жағдайларды тудыруы мүмкін.
н) Электрлік құралды жанғыш
материалдардың жанында пайдаланбаңыз.
Ўшқын мұндай материалдарды жандыруы
мүмкін.
н) Суыту сүйықтығын қажет ететін алмалы- салмалы құралдарды пайдаланбаңыз. Суды немесе басқа суыту сүйықтықтарын пайдалану ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
4.2 Кері сокқы және оған қатысты қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Кері сокқы ажарлағыш дөңгелек, тіреуіш ажарлағыш табақша, сым қылшақ және т.б. сияқты айналып түрған алмалы-салмалы құралдың бұғатталуынан немесе қармалып қалуынан пайда болатын кенет реакция болып табылады. Қармау немесе бұғаттау айналмалы алмалы-салмалы құралдың кенет тоқтап қалуына апарып соғады. Нәтижесінде бақылаусыз қалған электрлік құрал алмалы-салмалы құралдың айналу бағытына қарсы бұғатталған жерде үдейді.
Мысалы, ажарлағыш дөңгелек дайындамада қармалып қалған немесе бұғатталған жағдайда, дайындамаға батырылған ажарлағыш дөңгелектің жиегі шатасып қалуы және нәтижесінде бұзылуы немесе кері соққы тудыруы мүмкін. Ажарлағыш дөңгелек сонан соң бұғатталған жердегі дөңгелектің айналу бағытына байланысты пайдаланушыға қарай не пайдаланушыдан ары қозғалып кетеді. Бүл ретте ажарлағыш дөңгелектер бұзылуы да мүмкін.
Кері сокқы электрлік құралды қате пайдаланудың және/немесе жарамсыз жұмыс шарттарының нәтижесі болып табылады. Оны төменде сипатталғандай арнайы сақтық шараларын қабылдап болдырмауға болады.
а) Электрлік құралды екі қолмен мықтап ұстаңыз және денеңіз бен қолыңызды кері сокқы күшіне төзімді ететін орнықты қалыпқа қойыңыз. Кері сокқы күшін немесе жылдамдату кезінде реакция мезетін бақылау мүмкіндігін мүмкіндігінше жоғары деңгейде сақтау үшін, бар болса, әрдайым қосымша түтқышты пайдаланыңыз. Пайдаланушы арнайы сақтық шараларының көмегімен кері сокқы мен реакция күшін бақылауы мүмкін.
э) Ешкашан қолыңызды айналып түрган алмалы-салмалы құралдың жанына апармаңыз. Жұмыс құралы кері соққы нәтижесінде қолыңызға жылжып кетуі мүмкін.
б) Денеңізді электрлік құрал кері сокқыдан қозғалып қалуы мүмкін аймақтан алшақ устаңыз. Кері сокқы электрлік құралды бұғатталған жердегі ажарлағыш дөңгелектің қозғалыс бағытына қарсы жүргізеді.
в) Бұрыштар, өткір жиектер және т.б.
аймағында айрықша сақтықпен жұмыс
істеңіз. Алмалы-салмалы құралдардың
дайындамаға қарай ұшып кетуіне және ілініп
қалуына жол бермеңіз. Айналмалы алмалы-
салмалы құрал бұрыштарда, өткір жиектерде
немесе секіріп қалған жағдайда ілінуге бейім.
Бүл бақылау мүмкіндігінен айырылуға немесе
кері сокқыға апарып соғады.
КАЗАКШАkk
e) Ағаш кесуге арналған шынжырлы ара төсемін, сегменттер аралығы 10 мм-ден асатын сегменттелген алмасты кескіш дөңгелекті және тісті ара төсемін пайдаланбаңыз. Мүндай алмалы-салмалы кұралдар жиі кері сокқыға және бақылау мүмкіндігінен айырылуға апарып соғады.
4.3 Ажарлау және абразивті кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар:
a) Тек электрлік күрал үшін мақулданған абразивті күралдарды және тиісті абразивті күралға арналған қорғаныш қалпақты пайдаланыңыз. Электрлік күралға арналмаған абразивті күралдарды жеткілікті түрде жабу мүмкін болмайды және олар қауіпті болып табылады.
э) Иілген ажарлағыш дөңгелектерді олардың ажарлайтын беті қорғаныш қалпақ жиегінің жазықтығы үстінде болмайтындай етіп орнату керек. Қорғаныш қалпақ жиегінің жазықтығынан жоғары шығып түрган, қате орнатылған ажарлағыш дөңгелекті жеткілікті жабу мүмкін болмайды.
б) Қорғаныш қалпақ электрлік құралға берік орнатылуы және ең жоғары қауіпсіздік мақсатында абразивті құралдың барынша шағын бөлігі пайдаланушыға ашық болып тұратындай етіп реттелуі тиіс. Қорғаныш қалпақ пайдаланушыны сынықтардан, абразивті құралмен кенет жанасудан және киімді түтандыра алатын ұшқыннан Қорғауға көмектеседі.
в) Абразивті күралдарды тек ұсынылатын
максатына сәйкес қолдануға болады.
Мысалы: еш жағдайда кескіш дөңгелектің
бүйір бетімен ажарламаңыз. Кескіш
дөңгелектер материалды дөңгелектің жиегімен
алуға арналған. Кескіш дөңгелекке бүйірінен
қуш қолдану оның бұзылуына әкелуі мүмкін.
г) Әрдайым зақымдалмаған қыспа фланецті пайдаланыңыз, оның өлшемі мен пішіні таңдалған ажарлағыш дөңгелекке сәйкес келуі тиіс. Жарамды фланецтер ажарлағыш дөңгелек үшін тірек болып табылады және осылайша оның сынып қалу қаупін азайтады. Ажарлағыш дөңгелектерге арналған фланецтер басқа ажарлағыш дөңгелектерге арналған фланецтерден өзгешеленуі мүмкін.
f) Улкенірек электрлік құралдардың тозған ажарлағыш дөңгелектерін пайдаланбаңыз. Улкенірек электрлік құралдарға арналған ажарлағыш дөңгелектер шағын электрлік құралдардың жоғары айналу жилігіне жобаланбаған және сынуы мүмкін.
д) Екі мақсатты дөңгелектерді қолданған кезде әрдайым орындалатын жұмыс үшін жарамды қорғаныш қалпақты пайдаланыңыз. Дұрыс қорғаныш қалпақ пайдаланылмаса, қалаулы қорғаныс қамтамасыз етілмей, бұл ауыр жарақат алуға әкелуі мүмкін.
4.4 Абразивті кесу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша арнайы нұсқаулар:
a) Кескіш дөңгелектің сыналануына немесе тым жоғары басу қысымына жол бермеңіз. Тым терең кесік жасамаңыз. Кескіш
дөңгелекке артық жүктеменің түсуі оның артық керілісіне және қигаштануға немесе сыналануға әкеліп, абразивті құралдың керіс сокқы немесе сыну мүмкіндігін арттырады.
э) Айналып турған кескіш деңгелектің алдында және артында түрмаңыз. Егер кескіш деңгелекті дайындамамен бірге өзіңізден ары жылжытсаңыз, кері соққы жағдайында электрлік құрал айналып түрған деңгелекпен бірге тура өзіңізге қарай лақтырылуы мүмкін.
б) Кескіш дөңгелек қысылып қалса немесе жұмысты токтатсаныз, электрлік құралды өшіріңіз де, дөңгелек толық токтағанша қолыңызда ұстай тұрыңыз. Әлі айналып түрған кескіш дөңгелекті кесіктен шығарып алуға әрекет жасамаңыз, әйтпесе кері сокқы туындауы мүмкін. Қысылу себебін анықтап жойыңыз.
в) Электрлік күрал дайындамада орналасса, оны қайта қоспаңыз. Алдымен кескіш дөңгелекке толық айналу жиілігіне жетуге мүмкіндік беріңіз, тек содан кейін кесу әрекетін абайлап жалғастырыңыз. Кері жағдайда дөңгелек ұсталып қалуы, дайындамадан секіріп кетуі немесе кері соққы тудыруы мүмкін.
г) Кескіш дөңгелектің сыналануынан кері сокқы қаупін азайту үшін тақталар мен үлкен дайындамаларды өндеген кезде тіреп қойыңыз. Улкен дайындамалар өз салмағының әсерінен майысып қалуы мүмкін. Дайындаманы дөңгелектің екі жағынан, әсіресе кесік сызығының жанында және жиек үстінде тіреп қою керек.
f) Бар қабырғаларда немесе басқа да көрінбейтін аймақтарда батырып кескен кезде ерекше мұқият болыңыз. Батырылатын кескіш дөңгелек газ немесе су құбырларын, электрлік сымдарды немесе басқа нысандарды кескен кезде кері сокқы тудыруы мүмкін.
д) Қигаш кесіктер жасамаңыз. Кескіш
дөңгелекке артық жүктеменің түсуі оның артық
керілісіне және қигаштануға немесе сыналануға
әкеліп, абразивті құралдың керіс сокқы немесе
сыну мүмкіндігін арттырады. Бүл ауыр жаракат
алуға әкелуі мүмкін.
4.5 Егеукум қағазымен ажарлау кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқаулар:
а) Дурыс өлшемді кажақсыдырғыларды пайдаланыңыз және кажақсыдырғыны тандау бойынша өндіруші мәліметтеріне назар аударыңыз. Тіреуіш ажарлағыш табақшалардан шығып тұратын кажақсыдырғылар пайдаланушыға жаракат тигізуі мүмкін және ілінуге, кажақсыдырғылардың үзілуіне немесе кері сокқыға апарып соғуы мүмкін.
4.6 Сым қылшақтармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нүсқаулар:
а) Сым қылшақ әдеттегідей пайдаланылған кезде де, оның ішінен сым бөлшектері түсетінін ескеріңіз. Сымдарға тым жоғары басу қысымы арқылы артық жуктеме түсірменіз. ¥шпа сым бөлшектері жуқа киім және/немесе тері арқылы оңай кіріп кетуі мүмкін.
э) Корғаныш қалпақты пайдалануға кеңес берілсе, қорғаныш қалпақ пен сым қылшақтың жанасуына жол берменіз.
Тәрелкелі және табақшалы қылшақтардың диаметрі басу қысымы мен ортадан тепкіш күштің әсерінен үлғаюы мүмкін.
4.7 Kaupcizidik техникасы бойынша косымша нускаулар:

ЕСКЕРТУ – Әрдайым қорғаныш көзілдірікті тағып жүріңіз.

Құлақ қорғанысын киіп жүріңіз.

ЕСКЕРТУ – электрлік құралды әрдайым екі қолмен пайдаланыңыз.

Ажарлағыш дөңгелекке арналған қорғаныш қалпақты абразивті кесу жұмыстары үшін пайдаланбаңыз. Кескіш
дөңгелектермен жұмыс істеу үшін қауіпсіздік түрғысынан кескіш дөңгелекке арналған қорғаныш қалпақты пайдаланыңыз.
Сегменттер аралығы 10 мм-ден асатын сегменттелген алмасты кескіш дөңгелектерді пайдаланбаныз. Тек теріс сегменттік кесу бұрыштарына рүқсат етіледі.
Байланыстырылған кескіш дөңгелектерді, олар нығайтылған болса ғана пайдаланыңыз.
Илгіш төсемелерді ажарлағыш құралмен бірге жеткізілген және талап етілген жағдайда қолданыңыз.
Күрал мен керек-жарак өндірушісінің нұсқауларын орындаңыз! Дөңгелектерді май мен сокқыдан қорғаныз!
Алмалы-салмалы күралдарды өндірушінің нүсқауларына сәйкес ұқыпты сақтау және қолдану керек.
Ешкашан кескіш дөңгелектерді сиыра ажарлау немесе тегістеу жұмыстары үшін пайдаланбаныз! Кескіш дөңгелектерге бүйірлік қысым қолдануға тыйым салынады.
Дайындаманы, мысалы, кыскыш курылғылардың көмегімен берік бекіту және жылжып кетуден қорғау керек. Улкен дайындамаларды жеткілікті түрде тіреп қою керек.
Бүрандалы ендірмесі бар алмалы-салмалы күралдар пайдаланылған кезде, шпиндель ұшы ажарлағыш күрал саңылауының түбіне тимеуі тиіс. Алмалы-салмалы күрал ирек оймасының
узындығы шпиндель үшін жеткілікті екендігіне кез жеткізіңіз. Алмалы-салмалы құралдың ирек оймасы шпиндельдің ирек оймасына сәйкес келуі тиіс. Шпиндель үзындығы мен шпиндель ирек оймасын 3-беттен және «Техникалық деректер» атты 14.-бөлімнен қараңыз.
Жарамды стационарлық сорғыш құрылғыны пайдалануға кеңес беріледі. Әрдайым макс. жылыстау тогы 30 мА құрайтын FI автоматты ажыратқышын (RCD) алдын ала қосыңыз. Бұрыштық ажарлағыш FI автоматты ажыратқышы арқылы өшірілген жағдайда, аспапты тексеру және тазалау керек. «Тазалау» атты 9.-бөлімді қараңыз.
Зақымдалған, деформацияға ұшыраған немесе дірілдейтін құралдарды пайдалануға тыйым салынады.
Газ немесе су кубырларының, электрлік желілердің және көтергіш кабырғалардың (статика) закымдалуына жол берменіз.
Қандай да бір реттеу, қайта жабдықтау немесе техникалық қызмет көрсету әрекетін орындамас бұрын желілік ашаны розеткадан шығарып алыңыз.
Зақымдалған немесе жарықшақтары бар қосымша түтқышты алмастыру керек. Қосымша түтқышы бұзылған аспапты пайдаланбаныз.
Зақымдалған немесе жарықшақтары бар қорғаныш қалпақты алмастыру керек. Қорғаныш қалпағы бузылған аспапты пайдаланбаңыз.
Бөлшектері немесе қорғаныс құрылғылары жетіспейтін немесе бұзылған аспапты қоспаңыз.
Бірқалыпты іске қосу функциясы бар аспаптар (тур тақтайшасында «WE...» белгісі бар): егер аспап іске қосылған кезде максималды айналу жилігіне дейін өте жылдам үдесе, бұл электрондық блокта ақаулықтың орын алғанын білдіреді. Электрондық блок функцияларына қатысты қауіпсіздік техникасы бойынша басқа нұсқаулар көрсетілмейді. Аспапты дереву жәндетіңіз (12.-бөлімді қараңыз).
Шағын дайындамаларды бекітіңіз. Мысалы, оларды білдек қыскышында қысыңыз.
Фланец орнатылған екі мақсатты дөңгелектер (құрама ажарлағыш және абразивті кескіш дөңгелектер) пайдаланылған жағдайда, тек келесі қорғаныш қалпақ түрлерін пайдалануға болады: А түрі, С түрі.
11.-бөлімді қараңыз
Дурыс корғаныш қалпақты пайдалану:
Кате корғаныш қалпақ бақылау мүмкіндігінен айырылуға және ауыр жаракат алуға өкелуі мүмкін. Кате пайдалану мысалдары:
- А түріндегі қорғаныш қалпақ бүйірінен ажарлау мақсатында пайдаланылғанда, қорғаныш қалпақ пен дайындама бір-біріне кедергі келтіріп, жеткіліксіз бақылауға әкелуі мүмкін.
- В туріндегі қорғаныш қалпақ байланыстырылған кескіш дөңгелектермен абразивті кесу мақсатында пайдаланылғанда, ажарлағыш дөңгелек сынып қалған жағдайда, пайда болған үшқын мен ажарлау бөліктерінің
КАЗАКШАkk
сондай-ак ажарлағыш дөңгелек сынықтарының тию қаупі артады.
- А, В, С түріндегі қорғаныш қалпақ бетон немесе кірпіш қалау бойынша бүйірінен ажарлау мақсатында пайдаланылғанда, шаңның шығуынан немесе бақылау мүмкіндігінен айырылудан кері соққының артқан қаупі туындайды.
- А, В, С түріндегі қорғаныш қалпак рүқсат
етілген шамадан қалың болған дискілі
қылшақпен бірге пайдаланылғанда, сымдар
қорғаныш қалпаққа тиюі және бұл сымдардың
сынуына әкелуі мүмкін.
Эрдайым алмалы-салмалы күралға жарамды қорғаныш қалпақты пайдаланыңыз. 11.-бөлімді қараңыз
Шаң жуктемесін азайту:

ЕСКЕРТУ - Егеукум қағазымен ажарлау, аралау, ажарлау, бұргғылау және басқа да ыстарды өткізген кезде пайда болатын ның кейбір түрлері обырды, туа біткен стіктерді немесе көбею жүйесінің басқа да қамдарын тудыратыны белгілі химиялық арды қамтиды. Мұндай химиялық ардың бірнеше мысалы:
- қорғасын қамтитын бояу ішіндегі қорғасын,
- кұрылыс кірпіші, цемент пен басқа кірпіш қалау заттектерінен пайда болатын минералды шаң және
- химиялық жолмен өнделген сүректегі күшэла және хром.
Тәуекел дәрежесі мұндай жұмыстардың түрі қаншалықты жиі орындалатындығына тәуелді. Мұндай химиялық заттардың әсерін азайту үшін: жеткілікті түрде желдетілген жайларда жұмыс істеңіз және жұмыс барысында микроскопиялық бөлшектерді сүзгілеу үшін арнайы әзірленген респиратор сияқты жеке қорғаныс жабдығын қолданыңыз.
Бул ереже баска материалдардан, мысалы, сүректің белгілі бір түрлерінен (емен немесе шамшат сүрегінің шаңы), металдан, асбесттен пайда болатын шаңға да қатысты болып келеді. Баска белгілі сырқаттарға, мысалы, аллергиялық реакциялар және тыныс алу жолдарының сырқаттары жатады. Шаңның денеге енуін болдырмаңыз.
Материалыңыз, қызметкерлер, жұмыс жағдайы мен жұмыс орны бойынша қолданылатын директиваларды және үлттық нұскамаларды сақтаңыз (мысалы, еңбекті қорғау ережелері, кәдеге жарату).
Пайда болатын бөліктерді дәл сол жерде жинаңыз, қоршаған ортаға түсуіне жол бермеңіз.
Арнайы жұмыстар үшін жарамды керек- жарактарды пайдаланыңыз. Осылайша қоршаған ортаға бақылаусыз түсетін бөліктердің мөлшері азайтылады.
Арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Шаң жуктемесін азайту үшін:
- пайда болатын бөліктерді және аспаптың ауа ағынын өзіңізге, айналаңыздағы адамдарға немесе жатқан шаңға бағыттамаңыз,
- сорғыш қондырғыны және/немесе ауа тазалағышты қолданыңыз,
- жұмыс орнын жақсылап желдетіңіз және сору арқылы таза күйде ұстаңыз. Қалықтап жатқан шанды сыпырыңыз немесе ұрлеп шығарыңыз.
- Корғаныш киімді жуыңыз немесе шаңын сорыңыз. Урлеуге, қағуға немесе қылшақпен тазалауға болмайды.
5. Шолу
2-бетті караңыз.
1 Quick кыспа гайкасы *
2 Тіреуіш фланец *
3 Ш пиндель
4 W .А...: Автобалансирдің тіреуіш фланеці (алынбайды) *
5 Шпиндель бекіткішінің түймесі
8 Күлып (кездейсок қосылудан қорғауға немесе үздіксіз жұмыс режимін қосуға арналған) *
9 Батырма ауыстырып қосқыш (қосу/өшіруге арналған)
10 Түйме (негізгі түтқышты бұрап реттеуге арналған)
11 Негізгі түтқыш
12 Косымша түтқыш / дірілді басқыш косымша түтқыш
13 Корғаныш қалпак
14 Кыспа гайка *
15 Екі саңылаулы кілт *
16 Бісырма (корғаныш қалпақты құралсыз реттеуге арналған)
17 Буранда (ысырманың қысу күшін реттеуге арналған)
* жабдыкталуға байланысты / жеткізілім жиынтығына кірмейді
6. Қолданыска енгізу
Колданыска енгізу алдында фирмалык тақтайшада көрсетілген номиналды кернеу мен номиналды жиілік ток желіңіздің деректеріне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
Эрдайым макс. жылыстау тогы 30 мА күрайтын FI автоматты ажыраткышын (RCD) алдын ала косыңыз.
Минималды көлденең кимасы 1,5 мм² күрайтын үзартқыш кабельді ғана пайдаланыңыз. ¥зартқыш кабельдер аспаптың тұтынылатын куатына сәйкес келуі тиіс (техникалық деректерді қараңыз). Кабель барабанын пайдаланған кезде кабельді әрдайым толықтай жазыңыз.
6.1 Косымша туткышты орнату
Орнатылған қосымша түтқышпен (12) ғана жұмыс істеңіз! Қосымша түтқышты сол жақ, ортаңғы немесе оң жақ бұрандалы саңылауға (қажеттілікке қарай) қолмен бұрап кіргізіңіз.
6.2 Корғаныш қалпақты орнату

Колданыска енгізу алдында: корғаныш қалпақты орнатыңыз.

Қауіпсіздік түрғысынан тек тиісті алмалы- салмалы құралға арналған қорғаныш қалпақты пайдаланыңыз! Қате қорғаныш қалпақ бақылау мүмкіндігінен айырылуға және ауыр жақақат алуға әкелуі мүмкін. Сондай-ақ «Керек-жақақтар» атты 11.-белімді қараңыз!
2-беттегі F суретін караңыз.
- Ысырманы (16) ашыңыз. Қорғаныш қалпақты (13) көрсетілген күйде орнатыңыз.
- Корғаныш қалпакты оның жабық бөлігі пайдаланушыға қарап тұратындай етіп бұраңыз.
- Ысырманы жауып қойыңыз.
- Кажет болса, ысырманың кысу күшін бұранданы (17) тарту арқылы (ысырма ашық болғанда) арттыруға болады.

Корғаныш қалпақтан кем дегенде 3,4 мм шамасына шығып тұратын алмалы- салмалы құралдарды пайдаланыңыз.
6.3 Айналмалы негізгі түтқыш

Бекітулі негізгі түтқышпен (11) ғана жұмыс істеңіз!
2-беттегі С суретін караңыз.
- Түймені (10) басыңыз.
- Енді негізгі түтқышты (11) екі жаққа да 90°-қа бұрауға және бекітуге болады.
- Берік орнатылғанын тексеріңіз: негізгі түтқыш (11) бекітіліп тұруы және айналмауы тиіс.
6.4 Электр желісіне қосылым
Желілік розеткалар инерциялық балқығыш сақтандырғыштармен немесе желілік қорғаныш автоматтармен қорғалуы тиіс.
Түр тактайшасында «WE...» белгісі бар аспаптар:
(іске қосу тогын автоматты түрде шектегіші (бірқалыпты іске қосу) кіріктірілген) Желілік розеткаларды, сондай-ақ жылдам іске қосылатын балқығыш сақтандырғыштармен немесе желілік қорғаныш автоматтармен қорғауға болады.
7. Ажарлағыш дөңгелекті орнату

Қайта жабдықтау бойынша барлық жұмыстардың алдында: желілік ашаны тқадан суырыңыз. Аспап қосылып тұруы іе шпиндель қозғалмай тұруы тиіс.

Кескіш дөңгелектермен жұмыс істеу үшін қауіпсіздік түрғысынан кескіш дөңгелекке
арналған қорғаныш қалпақты («Керек- жарактар» атты 11.-бөлімді қараңыз) пайдаланыңыз.
Шпиндель бекіткішінің түймесін (5) шпиндель токтап түрғанда ғана басыңыз.
- Шпиндель бекіткішнің түймесін (5) басып, шпиндельді (3) бекіткіш түймесі шерту дыбысымен тірелгенше қолмен бұраңыз.
7.2 Ажарлағыш дөңгелекті орналастыру
2-беттегі D суретін караңыз.
W 2..., WE 2... белгісі бар аспаптар:
- Тіреуіш фланецті (2) шпиндельге орнатыңыз. Фланец шпиндельде айналмаған жағдайда дұрыс орнатылған деп есептеледі.
- Ажарлағыш деңгелекті D суретінде көрсетілгендей тіреуіш фланецке (2) орналастырыңыз.
Ажарлағыш дөңгелек тіреуіш фланецпен біркелкі жанасуы тиіс.
W...A 2... белгісі бар аспаптар:

Автобалансирдің тіреуіш фланеці (4) шпиндельге берік бекітілген. Бүл баска
бурыштық ажарлағыштарға қарағанда қосымша алмалы-салмалы тіреуіш фланец қажет емес екендігін білдіреді.

Автобалансир тіреуіш фланецінің (4), ажарлағыш дөңгелектің және Quïck қыспа
гайкасының (1) немесе крыспа гайканың (14) беттері таза болуы тиіс. Кажет болса, оларды тазалап шығыңыз.
- Ажарлағыш дөңгелекті автобалансирдің тіреуіш фланеціне (4) орналастырыңыз. Ажарлағыш дөңгелек автобалансирдің тіреуіш фланецімен біркелкі жанасуы тиіс.
7.3 Quick қыспа гайкасын бекіту/босату (жабдықталуға байланысты)

Quick крыспа гайкасын (1) бекіту:

Егер кысу диапазонындағы алмалы- салмалы күралдың қалыңдығы 8 мм
шамасынан артық болса, Quick қыспа гайкасын пайдалануға тыйым салынады! Бүл жағдайда қыспа гайканы (14) екі саңылаулы кілтпен (15) бірге пайдаланыңыз.

Тек ақаусыз және зақымдалмаған Quick қыспа гайкасын пайдаланыңыз: көрсеткі
сыртқы сақинадағы ойыққа қарап тұруы тиіс (2- беттегі суретті қараңыз).
- Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз).
- Quick ыспа гайкасын (1) шпиндельге (3) орнатыңыз. 2-беттегі суретті караңыз.
- Quick қыспа гайкасын сағат тілінің бағытымен қолмен бұрап тартыңыз.
- Ажарлағыш деңгелекті сағат тілінің бағытымен күштеп бұрау арқылы Quick қыспа гайкасын тартыңыз.
W...В... белгісі бар аспаптарда соңғы 180°-та аскын қарсылық сезілуі тиіс.
Quick крыспа гайкасын (1) босату:
- Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз).
КАЗАКШАkk
- Quick қыспа гайкасын (1) сағат тілінің бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
7.4 Кыспа гайканы бекіту/босату (жабдыкталуға байланысты)

Кыспа гайканың 2 жағы бір-бірінен өзгешеленеді. Кыспа гайканы шпиндельге төмендегідей бұрап орнатыңыз:
2-беттегі Е суретін караңыз.
- А) Жука ажарлағыш деңгелектер үшін: Кыспа гайканың (14) буылтығы ажарлағыш деңгелекті мықтап қысу үшін жоғары қарап түр.
Э) Калың ажарлағыш дөңгелектер үшін:
Кыспа гайканың (14) буылтығы қыспа гайканы шпиндельге берік бекіту үшін төмен қарап түр.
- Шпиндельді бекітіңіз. Кыспа гайканы (14) екі саңылаулы кілттің (15) кемегімен сағат тілінің бағытымен бұрап тартыңыз.
W...В... белгісі бар аспаптарда соңғы 180°-та асқын қарсылық сезілуі тиіс.
- Шпиндельді бекітіңіз (7.1 бөлімін қараңыз). Қыспа гайканы (14) екі саңылаулы кілттің (15) көмегімен сағат тілінің бағытына қарсы бұрап шығарыңыз.
8. Пайдалану
8.1 Косу/өшіру

Аспапты әрдайым екі қолмен ұстап тұрыңыз.

Алмалы-салмалы күралды дайындамаға тек қосулы күйінде апарыңыз.

Кенет іске қосылуына жол бермеңіз: желілік аша розеткадан суырылған немесе ен жабдықтау үзілген болса, әрдайым пты өшіріңіз.

Уздіксіз жұмыс режимінде аспап қолдан түсірілген жағдайда да ары қарай жұмыс іді. Сондықтан әрдайым аспапты екі қолмен йы түтқыштарынан ұстаңыз, тұрақты пта тұрыңыз және бар назарыңызды ідалатын жұмыска аударыңыз.

Аспапка шаң мен жоңқаның құйындауын немесе тартылуын болдырмаңыз. Аспапты геннен кейін қозғалтқыш толықтай ағанша қоймаңыз.
2-беттегі А суретін қараңыз.
Косу: кулыпы (8) көрсеткі бағытымен жылжытып, батырма ауыстырып косқышты (9) басыңыз.
Өшіру: батырма ауыстырып коскышты (9) жіберініз.
Уздіксіз жұмыс режимі (жабдықталуға байланысты):
Косу: күлыпы (8) көрсеткі бағытымен жылжытып, батырма ауыстырып қосқышты (9) басып тұрыңыз. Аспап енді қосылып түр. Енді күлыпы (8) тағы бір рет көрсеткі бағытымен жылжытып, батырма ауыстырып қосқышты (9) бекітіңіз (үздіксіз жұмыс режимі).
Өшіру: батырма ауыстырып қосқышты (9) басып жіберіңіз.
W...В белгісі бар аспаптар:
Кыска мерзімге қосу (қауіпсіз токтату функциясымен)
2-беттегі В суретін караңыз.
Косу: батырма ауыстырып-коскышты (9) алға қарай жылжытыңыз да, содан кейін батырма ауыстырып қоскышты (9) жоғары қарай басыңыз.
Өшіру: батырма ауыстырып қосқышты (9) жіберіңіз.
8.2 Жұмыс бойынша нүсқаулар
Ажарлау:
Аспапты орташа күшпен қысып, дайындаманың беті қатты қызбайтындай етіп үстіңгі бет бойынша алға-артқа жылжытыңыз. Сиыра ажарлау: жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін 30° - 40° орнату бұрышында жұмыс істеңіз.
Абразивті кесу:

Абразивті кесу кезінде әрдайым қарама-қарсы бағытпен (суретті қараңыз) жұмыс істеңіз. Кері жағдайда аспап кесіктен кенет секіріп шығуы мүмкін. Орташа,
өнделетін материалға жарамды беріліспен жұмыс істеңіз. Қисайтуға, басуға және теңселтуге болмайды.
Егеукум кағазымен ажарлау:
Аспапты орташа күшпен қысып, дайындаманың беті қатты қызбайтындай етіп үстіңгі бет бойынша алға-артқа жылжытыңыз.
Сым кылшактармен жумыс істеу:
Аспапты орташа күшпен қысыңыз.
9. Тазалау
Жұмыс барысында электрлік құралдың ішінде материал бөлшектері жиналуы мүмкін. Бұл электрлік құралдың суытылуын нашарлатады. Ток өткізгіш шөгінді электрлік құралдың қорғайтын окшаулағышын бұзып, ток соғу қаупін тудыруы мүмкін.
Электрлік құралдағы кірді барлық алдыңғы мен артқы желдету саңылаулары арқылы жүйелі түрде, жиі және мұқият сорып немесе құрғақ ауамен үрлеп тазартыңыз. Бүл әрекеттің алдында электрлік құралды қуат көзінен ажыратып, қорғаныш көзілдірік пен жарамды респираторды кип алыңыз. Урлеп тазарту кезінде жеткілікті ауа тартқыш желдету қамтамасыз етілуі тиіс.
Түтқышты реттеуге арналған түйме (10): кажет болса, түймеден кірді сорып немесе құрғақ ауамен үрлеп тазартыңыз (басылған құйде, негізгі түтқыштың барлық 3 күйінде). Бұл әрекеттің алдында электрлік құралды қуат көзінен ажыратып, қорғаныш көзілдірік пен респираторды киіп алыңыз.
Тур тактайшасында «WE...» белгісі бар аспаптар:
- Артық жуктемеден қорғаныс: электрондық сигналдық индикатор (6) жанып, жуктеме астындағы айналу жилігі ҚАТТЫ төмендейді. Қозғалтқыш температурасы тым жоғары! Аспапты суығанша және электрондық сигналдық индикатор сөнгенше бос жүріс күйінде жұмыс істетіңіз.
- Артық жуктемеден қорғанық: электрондық сигналдық индикатор (6) жанып, жуктеме астындағы айналу жилігі АЗФАНТАЙ төмендейді. Аспапқа артық жуктеме түсті. Электрондық сигналдық индикатор сөнгенше жұмысты төмендетілген жуктемемен жалғастырыңыз.
- Электрондык қауіпсіздік ажыратқышы: электрондык сигналдык индикатор (6) жанып, аспап өздігінен ӨШЕДІ. Токтың артуы тым жылдам болған (мысалы, кенет бұғатталған немесе кері соққы тиген) жағдайда, аспап өшеді. Аспапты батырма ауыстырып-қосқыш (9) арқылы өшіріңіз. Содан кейін қайта қосып, жұмысты әдеттегідей жалғастырыңыз. Кейінгі бұғатталуға жол бермеңіз. 4.2 бөлімін қараңыз.
- Кайта іске қосылудан қорғаныс: электрондық сигналдық индикатор (6) ЖЫПЫЛЫҚТАП, аспап жұмыс істемейді. Кайта іске қосылудан қорғаныс іске қосылды. Аспаптың қосулы күйінде желілік аша розеткаға салынған немесе электр қуатымен жабдықтау үзілгеннен кейін қалпына келген жағдайда, аспап іске қосылмайды. Аспапты өшіріп қайта қосыңыз.
- Аспап қосылған кезде максимальды айналу жилігіне дейін өте жылдам үдейді, ягни іске қосу тогын автоматты түрде шектегіш (бірқалыпты іске қосу) қызмет етпейді. Электрондық блокта ақаулық орын алды, электрондық блок функцияларына қатысты қауіпсіздік техникасы бойынша басқа нұсқаулар көрсетілмейді. Аспапты дереу жөндетіңіз (12.-бөлімді қараңыз).
- Косу процестері кернеудің қысқа мерзімді төмендеуін тудырады. Жағымсыз желі параметрлерінде басқа құрылғылар істен шығуы мүмкін. Толық желі қарсылығы 0,2 Ом шамасынан кем болғанда, ақаулықтардың ықтималдылығы төмен болады.
11. Керек-жарактар
Тек қана түпнұсқа Metabo керек-жарактарын қолданыңыз.
Тек қана осы пайдалану бойынша нүсқаулықта келтірілген талаптар мен сипаттарға сай келетін керек-жарактарды пайдаланыңыз.
Керек-жарактарды берік бекітіңіз. Аспап ұстағыш ішінде пайдаланылған жағдайда: аспапты берік бекітіңіз. Бақылау мүмкіндігінен айырылсаңыз, жақақат алуыңыз мүмкін.
4-бетті караңыз.
Эрдайым тек өндірістік тапсырмаға жарамды алмалы-салмалы кұралды және белгіленген қорғаныш қалпакты пайдаланыңыз.
5-бетті караңыз. (Суреттер мысал ретінде берілген).
Өндірістік тапсырма:
1 = үстінгі бетімен ажарлау
2 = абразивті кесу
3 = саңылау бүрғылау
4 = сым кылшактармен жұмыс істеу
5 = ereykym kafasbimen aжарлау
Алмалы-салмалы куралдар:
1.1 = сиыра ажарлағыш дөңгелек
1.2 = ажарлағыш бастиек (керамикалық)
2.1 = «металл» кескіш дөңгелегі
2.2 = «кірпіш қалау/бетон» кескіш дөңгелегі
2.3 = «кірпіш қалау/бетон» алмасты кескіш
дөңгелегі
2.4 = екі мақсатты кескіш дөңгелектер (құрама ажарлағыш және абразивті кескіш дөңгелектер)
3.1 = алмасты бүрғылау коронкалары
4.1 = домалак кылшак
4.2 = табакшалы кылшак
5.1 = ламельді тіреуіш ажарлағыш табақшалар
5.2 = кажаксыдырғыларға арналған тіреуіш ажарлағыш табақшалар
белгіленген қорғаныш қалпак:
A түрі =-кескіш дөңгелекке арналған қорғаныш
қалпак
В түрі = ажарлауға арналған қорғаныш қалпак
С түрі = ажарлауға және абразивті кесуге
арналған қорғаныш қалпақ (қисындасу)
D typi = ажарлағыш бастиекке арналған
қорғаныш қалпак
F түрі = абразивті кесуге арналған ауа тартатын
қорғаныш қалпақ
Косымша керек-жарактар: (www.metabo.com веб-сайтын да караңыз)
А Металды кесуге арналған бағана
В Кыспа гайка (14)
С Quick кыспа гайкасы (1)
Керек-жарактардың толық тізімін
www.metabo.com сайтында немесе негізгі
каталогтен қараңыз.
12. Жөндеу

Электрлік күралда жөндеу жұмыстарын тек қана электрші маман өткізуі тиіс!
КАЗАКШАkk
Бузылған желілік кабельді тек Metabo қызмет көрсету орталығында сатып алуға болатын арнайы, түпнұсқа Metabo желілік кабелімен ауыстыруға рүқсат етіледі.
W...В... белгісі бар аспаптарда кемір қылшақтар жинағын алмастырған кезде тежегіш қалыптарды да алмастыру керек.
Metabo филиалына жөндеуді қажет ететін Metabo электрлік құралдарымен бірге барыңыз. Мекенжайлары www.metabo.com сайтында берілген.
Косалкы бөлшектердің тізімдерін www.metabo.com сайтында жуктеп алуға болады.
13. Коршаған ортаны қорғау
Ажарлаудан пайда болатын шаңда зиянды заттектер болуы мүмкін, сондықтан оны тиісінше кәдеге жарату керек.
Пайдаланылған аспаптарды, орауыштарды және керек-жарактарды қоршаған орта үшін қауіпсіз түрде кәдеге жарату және қайта өңдеу бойынша үлттық ережелерді ұстаныңыз.

Тек қана ЕО елдерінде: электрлік құралды түрмыстық қоқысқа тастамаңыз! Электрлік және электрондық ескі
құрылғылар және үлттық заңға түрлендіру жөніндегі 2012/19/EU еуропалық директивасына сәйкес, пайдаланылған электрлік құралдар бөлек жиналып, қоршаған орта үшін қауіпсіз қайта өндеуге жіберілуі тиіс.
14. Техникалық деректер
3-беттегі мәліметтерге түсініктемелер.
Техникалық дамуға қарай өзгерүі мүмкін.
t_max,1 =кыспа гайка (14) пайдаланылған кезде кысу диапазонындағы алмалы- салмалы күралдың макс. рүқсат етілген қалындығы
t_max,2 =Quick крыспа гайкасы (1) пайдаланылған кезде крысу диапазонындағы алмалы-салмалы құралдың макс. рүқсат етілген қалындығы
t_max,3 =сныра ажарлағыш деңгелек/кескіш деңгелек: алмалы-салмалы күралдың макс. руқсат етілген қалындығы
t_max,4 =дискілі қылшақтардың макс. рүқсат етілген қалындығы
M = шпиндельдің ирек оймасы
I =ажарлағыш шпиндельдің үзындығы
n_0 =бос жүріс күйіндегі айналу жилігі (макс. айналу жилігі)
P_1 =номиналды түтынылатын куат
P_2 = шығыс куат
m=желілік кабельсіз салмағы
Өлшеу мәндері EN 60745 стандартына сай есептеледі.
\~ Айнымалы ток
Берілген техникалық деректерде үйғарынды ауытқулар болуы мүмкін (жарамды стандарттарға сай).

Эмиссиялық көрсеткіштер
Аталмыш көрсеткіштер электрлік
құралдардың әмиссиясын анықтауға және әртүрлі электрлік құралдарды салыстыруға мүмкіндік береді. Пайдалану жағдайына қарай, электрлік құралдың немесе алмалы-салмалы құралдың күйі шынайы жуктемені көтеруі немесе төмендетуі мүмкін. Жұмыстағы үзілістерді және фазаларды анықтау үшін төменірек жуктемені қамтамасыз етіңз. Сәйкесінше бейімделген бағаға сай пайдаланушы үшін қорғаныс шараларын, мысалы, ұйымдастыру шараларын анықтаңыз.

дайындамаларды ажарлау көрсетілген шуыл эмиссиясының көрсеткіштерінен айтарлықтай жоғары жалпы шуыл эмиссиясын (15 дБ шамасына дейін) тудыруы мүмкін. Мүндай дайындамалардан туындайтын шуылды ауыр, икemdі діріл басқыш кілемшелерді орнату сияқты арнайы шаралар арқылы болдырмауға болады. Аскын шуыл эмиссиясын, сондай-ақ шуыл жүктемесінің қаупін бағалаған және жарамды құлақ қорғанысын таңдаған кезде ескеру қажет.
Дірілдің жалпы көрсеткіші (үш бағыттың векторлық қосындысы) – EN 60745 стандартына сай аныкталады:
a_h,SG =дірілдін эмиссиялык көрсеткіші (үстіңгі беттерді ажарлау)
a_h, DS =дірілдін эмиссиялык көрсеткіші (тіреуіш ажарлағыш табақшамен ажарлау)
K_h,SG/DS = дәлсіздік (діріл)
Улгілі А өлшемді дыбыс деңгейі:
L_pA = дыбыс кысымының деңгейі
L_WA^m = дыбыс күшінің деңгейі
K_pA, K_WA = дэлсіздік

Корғаныш күлакқап тағыңыз!
EAC
Сатып алушыға арналған ақпарат:
Сэйкестік сертификаты:
Сәйкестік сертификаты: № ТС RU С-DE.БЛ08.В.00909, жарамдылық мерзімі: 26.10.2017 ж. - 25.10.2022 ж., «Ивановский Фонд Сертификации» ЖШҚ, «ИВАНОВО-СЕРТИФИКАТ» өнімдерді сертификаттау органы берген; Мекенжайы (заңды және нақты мекенжайы): 153032, Ресей Федерациясы, Ивановская обл., Иваново к, Станкостроитель көшесі, №1 үй; тел. (4932)77-34-67; факс (4932)77-34-67; E-mail: ivfs@mail.ru; Аккредитация аттестаты № RA.RU.11БЛ08,

II корғаныс класындағы аспап
24.03.16 ж. Аккредитация бойынша
федералдык қызметпен берілген
Өндіруші ел: Германия
Өндіруши: "Metabowerke GmbH", Metaboallee 1, D-72622 Nuertingen, Германия
Ресейге импорттаушы:
Ресей, 127273, Мәскеу
Березовая аллея көшесі, № 5 а, 7-құрылыс, 106- кенсе
тел.: +7 495 980 78 41
Өндірілген күні күралдың тақтайшасында көрсетілген 10 таңбалық сериялық нөмірінде шифрланған. 1-сан жылды білдіреді, мысалы, «4» саны өнім 2014 жылы өндірілгенін білдіреді.
2- және 3-сан өндірілген жылдағы ай санын білдіреді, мысалы, «05» - мамыр айы.
Өнімнің жарамдылық мерзімі 7 жылды кұрайды.
Өндірілген күннен кейін 5 жыл сақтауда түрган жағдайда алдын ала тексерместен пайдалану ұсынылмайды (өндірілген күнін жапсырмадан қараңыз).