MQ 5020 WH Pasta - Блендер BRAUN - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз MQ 5020 WH Pasta BRAUN PDF форматында.
| Өнім түрі | Қосалқы бөлшектері бар қол араластырғыш |
| Бренд | Braun |
| Модель | MQ 5020 WH Pasta |
| Қуат көзі | Желі, қуат сымы |
| Жылдамдықтар | 2 жылдамдық: I (қалыпты) және II (турбо) |
| Негізгі функциялар | Араластыру, турау, шайқау |
| Қосалқы бөлшектер жиынтығы | Араластырғыш аяқ, шайқауыш, « hc » турағыш ыдысы, « ca » ыдысы |
| Турағыш ыдысының сыйымдылығы | « hc » ыдысы: шамамен 350 мл, « ca » ыдысы: шамамен 500 мл (бағалау) |
| Пышақтардың материалы | Тот баспайтын болат |
| Қауіпсіздік | Құлыпты ашу түймелері, өткір пышақтар |
| Қолдану | Тек тұрмыстық қолданысқа |
| Күтім | Қозғалтқыш блогы және шайқауыш жетегі: дымқыл шүберек. Басқа бөлшектер: ыдыс жуғыш машина |
| Қосалқы бөлшектер (міндетті емес) | Шайқауыш MQ10, турағыштар MQ20, MQ40, ас үй комбайны MQ70 |
| Жөндеу мүмкіндігі | Зақымдалған сымды білікті маман ауыстыруы керек |
| Шығарылған елі | Көрсетілмеген |
Жиі қойылатын сұрақтар - MQ 5020 WH Pasta BRAUN
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы MQ 5020 WH Pasta BRAUN
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Блендер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз MQ 5020 WH Pasta - BRAUN және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. MQ 5020 WH Pasta брендінің BRAUN.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ MQ 5020 WH Pasta BRAUN
Біздің өнімдер сапа, жұмыс өнімділігі мен сыртқы көрінісі бойынша ең жоғары талаптарға сай болатын етіп жасалады. Біз жаңа Braun құрылғыңыздың пайдасын толық көресіз деп үміттенеміз.
Пюре жабдығы
Осы өнімді пайдаланардан бұрын нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Ескертпе
- Жүздер өте өткір болады! Жарақаттануды болдырмау үшін жүздерді сақтықпен қолданыңыз.
- Қимылдау, сезіну немесе ойлау қабілеті шектеулі және тәжірибесі мен хабары жоқ тұлғаларға, құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану жайлы нұсқаулықтар берілген жағдайда және төнетін қауіпті түсінген жағдайда ғана қолдануына рұқсат етіледі.
• Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс.
- Бұл құрылғыны балалардың қол- данбауы тиіс.
- Балалар құрылғы мен оның қуат сымынан алыстатылуы тиіс.
- Тазалау және техникалық қызмет көрсету балалар тарапынан бақылаусыз орындалмауы тиіс.
- Қараусыз қалдырылса және жинау, бөлшектеу, тазалау немесе сақтауға қою алдында әрқашан құрылғыны розеткадан суырыңыз.
- Егер қуатпен қамту сымы зақымдалған болса, жарақатты болдырмау үшін ол өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе ұқсас өкілеттігі бар тұлғалар тарапынан ауыстырылуы тиіс.
- Ас комбайнына немесе блендерге ыстық сұйықтық құйған жағдайда абай болыңыз, себебі бу құрылғыдан сыртқа шығуы мүмкін.
- Бұл құрылғы үй шаруасында қолдануға ғана арналған және тағамдарды үй шаруасына қажетті мөлшерде ғана қолдану қажет. - Ешбір бөлшекті қысқа толқынды пеште пайдаланбаңыз.
Сипаттама
1 Ауыстырып-қосқышта: жылдамдық «|»
2 Ауыстырып-қосқышта: жылдамдық «II» (Турбо)
3 Мотор бөлігі
4 Босату түймелері
5 Блендер тіреуі
6 а Араластыру берілістер қорабы в Араластырғыш
7 Стакан
8 «hc» турағышы
а Қақпақ b Жүз с Турау тостағаны d Анти-сырғу жүзігі
9 «са» турағышы
а Қақпақ (бәсендеткішпен) b Жүз с Турау тостағаны d Анти-сырғу жүзігі
Бірінші рет пайдалану алдында барлық бөліктерді тазалаңыз — «Тазалау» тарауын қараңыз.
Бұл құрылғыны қалай қолдану қажет
Қол блендері (А тарауын қараңыз)
Қол блендері соустарды, көжелерді, майонезді, сәби тағамдарын әзірлеуге және сусындар мен коктейльдерді немесе сүт коктейльдерін араластыруға өте жақсы бейімделген.
- Мотор бөлігін (3) блендер тіреуіне (5) басыңыз.
- Қол блендерін стақанның немесе тостағанның ішіне орнатыңыз. Тек содан кейін ғана қосу үшін (1) немесе (2) ауыстырып-қосқышын басыңыз. Ең жақсы араластыру нәтижелеріне қол жеткізу үшін «ІІ» жылдамдығын қолданыңыз.
- Қолданыстан кейін мотор бөлігін ажырату үшін босату түймесін (4) басыңыз.
Соусты табада тікелей араластырғанда қайнаған сұйықтың шашырамауы үшін табаны пештен алып қойыңыз (күйіп қалу қаупі).
Рецепт үлгісі: Майонез
250 г май (мысалға, күнбағыс майы), 1 жұмыртқа және жұмыртқаның қосымша 1 сары уызы 1–2 ас қасық сірке суы (шамамен 15 г), дәм үшін тұз бен бұрыш Барлық ингредиенттерді (бөлме температурасында) стақанның ішіне жоғарыдағы рет бойынша салыңыз. Қол блендерін стақанның түбіне орнатыңыз. Қол блендерін барынша жылдамдықта қолданыңыз, оны май қоюлана бастағанша сол күйде ұстаңыз. Содан кейін май қалдығын араластыру үшін, өшірмей тұрып, тіреуді қоспаның үстіне сосын астына қарай қозғаңыз. Өңдеу уақыты: қаттылықты арттыру үшін 1 минуттан (салат үшін) 2 минутке дейін (мысалға, соус үшін).
Араластырғыш
(А тарауын қараңыз)
Араластырғышты тек шайқалған кілегейді, жұмыртқаның ақуызын, бисквиттерді және дайын қоспалар десерттерін өңдеу үшін қолданыңыз.
- Араластырғышты (6b) араластыру берілістер қорабына (6a) енгізіп, содан кейін мотор бөлігін берілістер қорабына (3) басыңыз.
- Араластырғышты тостағанның ішіне орнатыңыз. Тек содан кейін ғана
қосу үшін (1) ауыстырып-қосқышын басыңыз.
- Қолданыстан кейін мотор бөлігін ажырату үшін босату түймесін басыңыз. Содан кейін араластырғышты берілістер қорабынан алып шығыңыз.
Жақсы нәтижелер үшін
- Орта дәрежедегі тостағанды қолданыңыз.
- Араластырғышты қолданғанда тек «І» жылдамдығын пайдаланыңыз.
- Араластырғышты кішкене еңкейтіп ұстап, оны сағат тілінің бағыты бойынша жылжытыңыз.
- Мұздатылған кілегейді ең көбінде 400 мл-ге дейін шайқаңыз (майлылығы кем дегенде 30 %, 4–8 °C).
- Көп дегенде 4 жұмыртқа ақуызын шайқаңыз.
Турағыштар (В тарауын қараңыз)
• (8) және (9) турағыштары етті, қатты ірімшікті, пиязды, шөпті, сарымсақты, сәбіздерді, жаңғақтарды, бадамдарды және т.б. турағанға дәл келеді. Қатты тағамдарды әруақытта (мысалы, пармезан, шоколад) «ІІ» жылдамдығында тураңыз. - Жақсы нәтижелер үшін С өңдеу үстелін қараңыз. - «hc» турағышының ең ұзақ жұмыс уақыты: 2 минут. - Мұз, жупар жаңғағы, кофе дәндері немесе жармалар сияқты өте қатты өнімдерді турамаңыз.
Турау алдында ...
- Етті, ірімшікті, пиязды, сәбізді алдын ала тураңыз.
- Шөп сабағын және жаңғақ қабығын алып тастаңыз.
- Еттегі сүйектерді, сіңірлерді және шеміршектерді алып тастаңыз.
- Анти-сырғу жүзігі (8d, 9d) турау тостағанына жалғанып тұрғанына әруақытта көз жеткізіңіз.
Ескертпе: Жүз өте өткір болады! Оны әрқашан жоғарғы пластмассалы бөлігінен ұстап, абайлап қолданыңыз.
- Жүздегі қорғаныш жабындысын абайлап алып тастаңыз (b).
- Жүзді турағыш тостағанның орталық білігіне орнатып, бекітілуі үшін айналдырып жіберіңіз.
- Турағыш тостағанына тағамдарды салып, қақпағын жабыңыз.
- Мотор бөлігін қақпаққа сырт еткізіп бекітіңіз.
- Турағышты қосу үшін (1) немесе (2) ауыстырып-қосқышын басыңыз. Өңдеу барысында мотор бөлігін бір қолыңызбен ұстап, ал турау тостағанын екінші қолыңызбен ұстаңыз.
- Қолданыстан кейін токтан ажыратып, мотор бөлігін ажырату үшін босату түймесін (4) басыңыз.
- Қақпақты шешіңіз.
- Өңделген тағамды алмас бұрын, жүзді абайлап алып шығыңыз. Жүзді алып тастау үшін оны кішкене бұрып, тартып алыңыз.
Рецепт үлгісі: Ваниль-Бал-Қара өрік (құймақ салындысы немесе джем ретінде)
«I» турау тостағанына 40 г қара өріктен және 40 г кілегейлі балдан салыңыз.
«II» жылдамдықты қолданып, 4 секунд бойы тураңыз. Содан кейін 10 мл су (ваниль хош иісті) қосып, қайтадан бір секунд бойы тураңыз.
Тазалау (D тарауын қараңыз)
Мотор бөлігін (3) және араластыру берілістер қорабын (6а) тек ылғалды матамен сүртіңіз.
«9а» турау қақпағын (9а) тек ағып жатқан су астында жуыңыз. Ыдыс жуу машинасына салмаңыз.
Барлық басқа бөлшектерін ыдыс жуу машинасында жууға болады.
Үкыпты түрде тазалау үшін турау тостағандарындағы анти-сырғу жүзіктерін алып тастасаңыз болады.
Пигменті жоғары өнімдерді (мысалы, сәбіз) өңдеу нәтижесінде жабдықтардың түссізденуі мүмкін. Осы бөлшектерді тазаламас бұрын, оларды өсімдік майымен сүртіп шығыңыз.
Жабдықтар
(жеке сатып алуға болады, барлық елдерде қолжетімді емес)
MQ 10: Кілегейді, жұмыртқа ақуызын және дайын қоспалар десерттерін шайқауға арналған араластырғыш.
MQ 20: Шөпті, пиязды, сарымсақты, бұрышты, жаңғақты және т.б. турауға арналған 350 мл шағын турағышы.
MQ 40: Турауға, араластыруға және мұзды ұсақтауға арналған 1250 мл турағышы.
MQ 70: Турауға, араластыруға, кесуге және ұсақтауға арналған асүй комбайнының шағын жабдықтары. Қамыр илеу функциясы Multiquick 5 сериясымен бірге ұсынылмаған.
Шығарылған жылы
Шығарылған жылын белгілеу үшін бұйым такташасындағы 5-сандық шығарушы кодын қараңыз. Шығарушы кодының бірінші саны шығарған жылдың соңғы санын білдіреді. Келесі 2 сандар шығарылған жылдың күнтізбелік апта санын білдіреді. Ал соңғы 2 сандар 1992 жылдан бастап автоматты түрде есептелген басып шығару мерзімін білдіреді. Мысалы: 30421 – Бұйым 2013 жылының 4 аптасында шығарылған.
EAC
Қолмен араластырғыш/Блендер, Multiquick 5, Minipimer 5 MQ 535 Baby, MQ 535, MQ 525, MQ 520, MQ 505, MQ 500 Тип 4165 230 Кернеу, 50 Гц, 600 Ватт
Польшада жасалған үшін Делонги Браун Хаусхолд ГмбХ Германия Заңды өндіруші: Делонги Браун Хаусхолд ГмбХ Карл-Улрих-Штрассе н 63263 Ной-Изенбург
Кепілді қызмет көрсету мерзімінде немесе одан кейін қызмет көрсету, сондай-ақ ақаулықтарды анықтау мәселелері бойынша Braun компаниясының Тұтынушыларға қызмет көрсету қызметіне 8 800 200 5262 телефоны арқылы хабарласыңыз.
Бұйымды іске пайдалану нұсқаулығына сәйкес өз мақсатында пайдалану керек. Бұйымның қызмет мерзімі тұтынушыға сатылған күннен бастан 2 жылды құрайды.
Импортер: «Делонги» ААК, Ресей, 127055, Москва қаласы, Сущёвская көшесі, 27/3-үй (27-үй, 3-құрылым) Тел. +7 (495) 781-26-76
Ақаулықты түзету
| Ақаулық Себебі | Шешімі | |
| Қол блендері жұмыс істемей түр. | Қуат жоқ Құрылғының токқа қосылғанын тексеріңіз.Үйдегі сақтандырғышты/қыска түйықтағышты тексеріңіз.Егер олардың ешқайсысы ақаулы болмаса, Braun сервис орталығына хабарласыңыз. | |