Master DH 26 - Ылғалдандырғыш

DH 26 - Ылғалдандырғыш Master - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз DH 26 Master PDF форматында.

📄 184 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice Master DH 26 - page 166
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Master

Модель : DH 26

Санат : Ылғалдандырғыш

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Ылғалдандырғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз DH 26 - Master және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. DH 26 брендінің Master.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ DH 26 Master

МАЗМҰНЫМАЗМҰНЫ 1... КІРІСПЕ БӨЛІМ 2... КЕПТІРГІШТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ 3... АЛДЫН-АЛА ЖАСАЛАТЫН ӘРЕКЕТТЕР 4... ІСКЕ ҚОСУ 5... ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ 6... АПАТТЫҚ ДАБЫЛДАРДЫҢ ТІЗІМІ ►►►1. КІРІСПЕ БӨЛІМ ►►1.1. КІРІСПЕ БӨЛІМ Нұсқаулық жабық панельдермен операцияларды орындау кезінде түпкілікті пайдаланушыға арналған. Аспаптардың көмегімен есіктерді немесе панельдерді ашуды талап ететін операцияларды тек білікті қызметкерлердің орындауы керек. Әрбір аспап құрылғымен жеткізілетін ұшында желілік ашасы бар сымның көмегімен қуат көзіне қосылуы тиіс. Техникалық қызмет көрсету кезінде оператор толық қауіпсіздік жағдайында жұмыс істей алуы үшін аспаптың қуат көзінен ажыратылуы тиіс. Кептіргішті сәйкестендіру үшін (модель және сериялық нөмірі) техникалық қолдау немесе қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру туралы сұранысты беру кезінде аспаптың өзіндегі техникалық сипаттамалары бар кестені

►►1.2. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ Нұсқаулық пен барлық ұсынылатын құжаттаманың мақсаты — монтаждаушы мен операторға кептіргішті орнатуды, іске қосуды және техникалық қызмет көрсетуді қызмет көрсетуші персоналға және аспаптың өзіне зиян келтірмей дұрыс орындауына мүмкіндік

Тәуекелдерді төмендету бойынша қажетті іс- қимылдарды анықтау және қорғау шараларын қабылдау үшін әрбір аспап қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүргізілетін тәуекелдерді бағалауға жатады. Кептіргішті пайдалану және техникалық қызмет көрсетумен байланысты барлық іс- әрекеттердің: ►Жұмыс орнында қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қолдануға және олардың біліктілігіне қарай нақты орындалатын міндеттерге сәйкес жеке қорғаныс құралдарын пайдалануға тиіс арнайы оқытылған қызметкерлермен ғана орындалуы тиіс. ► Осы нұсқаулықты, техникалық құжаттарды және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құжаттарды мұқият оқып, түсінген арнайы оқытылған қызметкерлермен ғана орындалуы

►Аспапты оқымаған немесе біліксіз қызметкерлермен пайдалануға тыйым

Осы нұсқаулық, техникалық құжаттар және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі кез келген қоса берілген құжаттардың оқылуы және аспаптың барлық қызмет ету мерзімінде сақталуы тиіс: НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Осы аспап орын- жайда пайдалануға арналған. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Кептіргіш электр қауіпсіздігінің жергілікті стандарттарына сәйкес келетін электр желісіне қосылуы тиіс. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Аспап оның өлшемдері мен қажетті кеңістігін ескере отырып, шектес конструкциялардың арасындағы минималды қашықтықты қоса ала отырып орнатылуы тиіс. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Кептіргіштің әрдайым жерге тұйықталған электр желісіне қосылуы тиіс. Осы ережені сақтамау қаупті болып табылады, ол үшін өндіруші ешқандай жауапқа тартылмайды. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Үшкір аспаптардың (бұрауыштар, инелер және т.б.) торларға немесе панельдердің кез келген басқа тесіктеріне, әсіресе, егер құрал сүзгіні алу үшін ашылған жағдайда, енгізілмеуі тиіс. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Техникалық қызмет көрсету және тазалау жөніндегі әрбір операцияның электр қуаты ажыратылған кезде ғана орындалуы тиіс. Алдыңғы торды ешқашанen

алып тастамаңыз және құрылғының қандай да бір бөлігін құрылғыны алдын ала токтан ажыратпай тұрып ашпаңыз. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Аспапты сумен тазартуға тыйым салынады. Аспапты тазалау үшін ылғалды шүберекті қолданыңыз. Суды құрылғыға және оның компоненттеріне ешқашан шашыратпаңыз. Аспап тиісті бактан конденсаттың (судың) кездейсоқ төгілуін болдырмау үшін әрдайым тік күйінде болуы тиіс. Аспапты қуат көзінен алдын ала ажыратпастан жылжытуға қатаң тыйым салынады, себебі кейінгі дірілдер мен қозғалыстар тиісті бактан конденсаттың ағып кетуіне алып келуі және электр компоненттерін зақымдауы мүмкін. Аспапты конденсатқа арналған бак босатылғаннан кейін ғана жылжытуға рұқсат етіледі және кез келген жағдайда мұны ӘРҚАШАН аспаптың орнын ауыстырар алдында электрдің қуатын ажыратқаннан кейін ғана жасау керек. Егер аспапқа кенеттен су тисе, оның дереу сөндірілуі және қуат көзінен ажыратылуы тиіс; аспапты кемінде сегіз сағаттан кейін ғана қайта қосуға рұқсат етіледі. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Кептіргіштің құрамында R1234yf хладагенті бар: бұл газ тез тұтанғыш болып табылады. Толтыру деңгейі осы пайдаланушыға арналған нұсқаулықтың техникалық деректер кестесінде көрсетілген. Сақ болыңыз, хладагенттің иісі жоқ. Жібіту немесе тазарту үдерісін тездету үшін өндірушімен ұсынылғаннан басқа механикалық құрылғыларды немесе кез келген өзге құралдарды пайдаланбаңыз. Аспап тұрақты жұмыс істейтін жану көздері жоқ (мысалы, ашық от, жұмыс істейтін газ жабдығы немесе электр жылытқышы) орын-жайда орнатылуы тиіс. Аспапты теспеңіз және өртемеңіз. ►►1.3. ЖЕКЕ ҚОРҒАНЫС ҚҰРАЛДАРЫ Кептіргішті тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу үшін келесі жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз: КИІМ: Аспапқа техникалық қызмет көрсету және пайдалану үшін жауап беретін қызметкерлер сырғанамайтын табаны бар (егер еден тайғақ болса) қорғаныш аяқ киімін

ҚОЛҒАПТАР: Кептіргішті тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу кезінде қорғаныш қолғаптарын пайдалану қажет. Газ тәрізді хладагент құйылған жағдайда мұздану қаупін болдырмау үшін тиісті қорғаныш қолғаптарын пайдалану қажет. БЕТПЕРДЕ ЖӘНЕ КӨЗІЛДІРІК: Тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізу кезінде респираторлық бетперделер мен қорғаныс көзілдіріктерін кию қажет. ►►1.4. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ Кептіргіште сақталуы тиіс келесі қауіпсіздік белгілері орнатылған: Пайдаланушының нұсқаулығын оқыңыз. Техникалық нұсқаулықты оқыңыз. Электр тогымен зақымдану қаупі. Жанғыш материалдардың жану қаупі. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Кептіргіште орнатылған қауіпсіздік белгілерін алуға қатаң тыйым салынады. ►►►2. КЕПТІРГІШТІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ (1 -СУР.) Ауаны кептіргіш — бұл орнатылған қоршаған ортаның ылғалдылығын бақылауға арналған құрылғы. Кептіру кезеңінде физикалық құбылысқа негізделген салқындатқышen

кезеңі қолданылады: ауа салқын қабатпен байланысқа түседі, ылғал болып, ылғалдылығы конденсаттың тамшылары түрінде беріледі. Аспаптың құрылысы (2 -сур.): Ауа кептіргіштің алдыңғы жағында сіңеді, жуылатын сүзгі (1), салқын алюминий ирек түтігі (буландырғыш) (2), ыстық жылу алмастырғыш (конденсатор) (3), желдеткіш (4) арқылы өтеді және соңында құрғақ ауа артқы тор арқылы қоршаған ортаға шығарылады. Сұйық конденсат бакта жиналады (5). Сұйыққоймадағы су белгілі бір деңгейге жеткенде бұғаттаудың шағын өшіргіші құрылғыны іске қосады және тоқтатады. Электрондық тақта (6) құралдың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Аспап техникалық деректердің кестесінде көрсетілген температуралар мен ылғалдылық диапазонында кептіргіштің дұрыс жұмыс істеуіне кепілдік беретін ыстық газды беретін мұздатуға қарсы құрылғымен жабдықталған. ►►2.1. ТОҢАЗЫТҚЫШ КОНТУРЫ Осы кептіргіште пайдаланылатын хладагент — R1234yf. Салқындатқыш контуры қолданыстағы стандарттарға сәйкес жасалды. Жанғыш материалдардың жану қаупі. Аспап бітеліп жабылған және құрамында фторланған газ бар R1234yf GWP (R1234yf) =

►►►3. АЛДЫН-АЛА ЖАСАЛАТЫН ӘРЕКЕТТЕР ►►3.1. ҚАПТАМАНЫ АЛУ ЖӘНЕ ЖИНАУ Құралды зақымдамауға тырысып, қаптаманы абайлап алыңыз. Қаптама материалдарын (ағаш, пластик, картон) арнайы жинау пункттеріне немесе қайта өңдеу пункттеріне (қолданыстағы заңнамаға сәйкес) түсетіндей етіп кәдеге жаратыңыз. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Кептіргішті пайдаланар алдында моделіне байланысты оны барлық саптарымен, дөңгелектерімен және қаптаманың ішіндегі барлық тиісті бекіткіштерімен бірге жинаңыз (3 -СУР.). ►►3.2. ҚАРАП ШЫҒУ Барлық кептіргіштер зауытта жиналады және қосылады (кейбір компоненттерін қоспағанда). Аспапты алғаннан кейін оны тасымалдау кезінде зақымдалмағанына және онда жетіспейтін бөліктердің жоқтығына көз жеткізгеннен кейін дереу және мұқият қарап шығу керек. Кептіргішті іске қосар алдында, оның ішінде бактың бөлігінде сыртқы металл панельдерде майысқан жерлерінің жоқ екеніне көз жеткізіңіз. Сондай-ақ, кабельдің, штепсельді ашаның және тиісті оқшаулағыштың зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Әйтпесе, авторизацияланған сервис орталығына жіберілуі тиіс аспапты қосуға және іске қосуға тыйым салынады. ►►3.3. ПАЙДАЛАНУШЫЛЫҚ ШЕКТЕРІ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Кептіргіштің тиісті жұмысын қамтамасыз ету үшін оны техникалық деректер кестесінде көрсетілген шектерде пайдалануға кеңес беріледі. ►►3.4. ОРНАТУ Құрылғыны жеткілікті ауа ағынын қамтамасыз ететіндей етіп орнатыңыз. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Құрылғының сумен жанаспайтындай етіп орнатылғанына көз жеткізіңіз. ►►3.5. ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АУМАҒЫ Желдеткішпен шығарылатын ыстық ауаның кедергілерге жол бермеуі керек. Жабдықтың өнімділігін жоғалтудың және оның жұмысының бұзылуына жол бермеу үшін сору мен айдаудың арасында ыстық ауаның қайта айналуына жол

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Аспаптың артқы тордан шығатын ауаның таралуы қамтамасыз етілмейтін тар орын-жайларда жұмыс істелуіне жол берілмейді. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Заттарды алдыңғы панельге қоймаңыз және ілмеңіз, бұл аспаптың зақымдалуына әкелуі мүмкін.en

►►3.6. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Электр компоненттеріне техникалық қызмет көрсетер алдында қуат көзі сымының штепсельді ашасын желілік розеткадан ажыратыңыз. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Желілік кернеудің техникалық деректері бар тақтайшада көрсетілген кептіргіштің (кернеу мен жиілік) пайдалану деректеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. Аспап оның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін күш кабелімен жабдықталған. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Кептіргіштің әрдайым жерге тұйықталған электр желісіне қосылуы

►►►4. АСПАПТЫ ҚОСУ ►►4.1. АЛДЫН АЛА ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗУ МАҢЫЗДЫ: Қос кернеулі модельдерде (...DV) кернеудің ауыстырып қосқышының орналасуын тексеріңіз (220-240В / 110-120В). Егер белгіленген кернеу желідегі кернеумен сәйкес келмесе, кернеуді реттеу қажет (4 -сур.). Қақпақтың екі бұрандасын бұраңыз, ауыстырып — қосқышты берілетін кернеудің мәніне ауыстырыңыз/басыңыз және қақпақты орнына қойыңыз. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Қуат сымының дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Кептіргішті іске қоспас бұрын, барлық қорғаныс панельдерінің дұрыс орнатылғанына және бекітпе бұрандаларымен бекітілгеніне көз жеткізіңіз. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Егер аспап ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаса, оны әрқашан қуат желісінен ажыратыңыз. ►►4.2. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ (5 -СУР.) Аспап жабдықталған жарық сигналдық панелімен жабдықталған, ол аспаптың жұмыс күйін көрсетеді. Төменде жарықдиодты мәндердің қысқаша сипаттамасы берілген. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ: LED: ►POWER LED: Егер аспап қосулы күйінде, бірақ күту режимінде (яғни компрессор өшірулі) болса, жарықдиоды жанады. ►ALARM LED: Бұл жарықдиод төтенше жағдай кезінде жанады. Дисплейде қате туралы хабарлама пайда болады. ►WORKING LED: Бұл жарықдиоды жұмыс істеп тұрған компрессор кезінде жанады. Жарықдиоды кептіргіш қайта іске қосуды немесе еріту режимінде жұмыс істеуді күткен кезде жыпылықтайды. «ON» қалпында ылғалдылықтың қажетті деңгейіне жеткен кезде жарықдиоды өшіріледі. ►FULL LED: Конденсатқа арналған бак толтырылған кезде немесе сорғы апатты жағдайда болған кезде жарықдиоды жанады. БАТЫРМАЛАР: ►ON/OFF: Кептіргішті қосу үшін «ON/OFF» батырмасына басыңыз. Орнатылған салыстырмалы ылғалдылыққа байланысты аспап жұмыс істей бастайды. Қоршаған орта ылғалдылығының қажетті деңгейіне жеткен кезде аспап күту режиміне өтіп, блок тоқтайды, бірақ «ON» күйінде қалады (POWER LED жарықдиоды қосылған). Егер бөлмедегі ылғалдылық деңгейі бұрын белгіленген мәннен асып кетсе, кептіргіш қайтадан қосылады. Аспапты өшіру үшін «ON/OFF» батырмасына басыңыз (аспап өшірілген кезде дисплейде қоршаған ортаның салыстырмалы ылғалдылығы көрсетіледі). ►«–» / «+» (ЫЛҒАЛДЫЛЫҚТЫ БАПТАУ): «–» / «+» батырмаларын басу арқылы сіз салыстырмалы ылғалдылықтың қажетті деңгейін баптай аласыз. Дисплей жаңа баптауларды көрсете отырып, жыпылықтайды. Бірнеше секундтан кейін дисплей жыпылықтауын тоқтатады және электрондық тақта берілген ылғалдылықтың жаңа мәнін көреді. Аспапты пайдалану қоршаған ортаның ылғалдылық деңгейіне қарамастан болуы мүмкін. «–» батырмасын басу арқылы дисплейде «CONT» хабарламасы пайда болғанша кептіргіштің үздіксіз жұмыс істеуіне қолжеткізуге болады. ►HOURS: «HOURS» батырмасына басу арқылы сіз аспаптың жұмыс істеу сағатын көре аласыз.en

►►4.3. АҒЫЗУ ҚҰБЫРЫНА ҚОСУ (Дайындау) (6 -СУР.) Бұл кептіргіштің ағызу құбырына тікелей қосылуы мүмкін. Бакта ішкі диаметрі 16 мм құбырды қосуға болатын жалғастырғыш тетігі

►►4.4. КОНДЕНСАТТЫ СОРҒЫНЫ ҚОСУ (факультативті) Моделіне байланысты аспап конденсатты сорғыны қосуға арналған біріктіргішпен жабдықталуы мүмкін. Дұрыс қосылу үшін, кез келген операцияны орындау алдында құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз. Конденсат сорғысын дұрыс орнату үшін қосымша құжаттаманың жиынтығына кіретін техникалық нұсқаулықты қараңыз. ►►►5. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ►►5.1. ПАЙДАЛАНУШЫМЕН ОРЫНДАЛАТЫН

(7 -СУР.) Техникалық қызмет көрсетудің жүргізілетін жалғыз операциясы — бұл ауа сүзгісін тазалау, оның айына кемінде бір рет орындалуы керек. Өте шаң басқан орын-жайларда пайдалану кезінде тазалаудың жиірек жүргізілуі керек. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: ТАЗАЛАУ ҮШІН СҮЗГІНІ АЛЫҢЫЗ. СҮЗГІ ОРНАТЫЛҒАН КЕЗДЕ ТАЗАЛАУДЫ ЖҮРГІЗУГЕ ТЫЙЫМ

►►5.2. ҚОСАЛҚЫ БӨЛШЕКТЕР Мамандандырылған қызметкерлермен техникалық қызмет көрсетуді жүргізу процесінде бір немесе бірнеше бөліктерді ауыстыру қажет болған жағдайда, бұл тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерін пайдалану арқылы жүргізілуі тиіс. Қажет болған жағдайда «қосалқы бөлшектердің тізімін» аспаптың моделі мен сериялық нөмірін көрсете отырып, өзіңіздің жеткізушіңізден

►►5.3. КЕПТІРГІШТІ БӨЛШЕКТЕУ Аспап үздіксіз жұмысты қамтамасыз ету үшін жобаланған және өндірілген. Желдеткіш пен компрессор сияқты кейбір компоненттердің қызмет ету мерзімі техникалық қызмет көрсетуге байланысты. НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Кептіргіштің құрамында қоршаған ортаға қауіпті заттар мен компоненттер (электрондық компоненттер, газ тәрізді хладагент және май) бар. Қызмет ету мерзімінің соңында кептіргішті бөлшектеген кезде бұл операцияны мамандандырылған қызметкердің орындауы тиіс. Аспап құрамында қауіпті заттары бар жабдықтарды жинау және кәдеге жарату жөніндегі мамандандырылған орталықтарға жіберілуі тиіс. Контурдағы хладагент және майлайтын май сіздің еліңіздегі қолданыстағы ережелерге сәйкес рекуперациялануы тиіс.en

►►►6. АПАТТЫҚ ДАБЫЛДАРДЫҢ ТІЗІМІ АПАТТЫҚ ДАБЫЛДАР ЫҚТИМАЛ СЕБЕП ЫҚТИМАЛ ШЕШІМІ FULL + «FULL» Бак толық немесе жоқ Апаттық дабыл бакты босатқаннан немесе оны орнатқаннан кейін автоматты түрде өшіріледі ALARM + «Lo t» Қоршаған ортаның температурасы тым

Қоршаған ортаның жағдайы (температура) кептіргішті пайдалану үшін

ALARM + «Prob» Ылғалдылық қадағасының ақаулығы. Қалай болғанда да, кептіргіш жұмысын жалғастыруда Авторландырылған сервис орталығына хабарласыңыз ALARM + «Pro3» Қоршаған орта температурасының қадағасының жарамсыздығы. Кептіргіш күту режиміне

Авторландырылған сервис орталығына хабарласыңыз ALARM + «dEFr» Еріту қадағасының