MUM59343 - MUM5934D - Ас үй роботы BOSCH - Notice d'utilisation et mode d'emploi gratuit
Retrouvez gratuitement la notice de l'appareil MUM59343 - MUM5934D BOSCH au format PDF.
Téléchargez la notice de votre Ас үй роботы au format PDF gratuitement ! Retrouvez votre notice MUM59343 - MUM5934D - BOSCH et reprennez votre appareil électronique en main. Sur cette page sont publiés tous les documents nécessaires à l'utilisation de votre appareil MUM59343 - MUM5934D de la marque BOSCH.
MODE D'EMPLOI MUM59343 - MUM5934D BOSCH
Қауіпсіздік шаралары
Bosch фирмасының жаңа бұйымын сатып алғаныңызбен құттықтаймыз. Біздің бұйымдарымыз туралы қосымша мәліметтерді веб-сайтымызда таба аласыз.
Қауіпсіздік шаралары
Мазмұны Қауіпсіздік шаралары����������������������������220 Қауіпсіздік жүйесі����������������������������������223 Жалпы мәліметтер��������������������������������223 Жұмыс күйлері��������������������������������������224 Қолдану�������������������������������������������������224 Тазалау және күту���������������������������������228 Сақтау����������������������������������������������������229 Ақаулықтар орын алған жағдайдағы көмек���������������������������������229 Қолдану мысалдары�����������������������������230 Қоқысқа тастау��������������������������������������231 Кепілдік шарттары��������������������������������232 Қосалқы керек-жарақтар����������������������232
Бұл бұйым үшін маңызды қауіпсіздік және қолдану нұсқауларын алу үшін осы қолдану туралы нұсқаулығын толығымен мұқият оқып шығыңыз. Бұйымды лайықты түрде қолдану туралы нұсқауларға сай әрекет етілмегенде осы әрекеттерден шығатын шығындар үшін өндіруші тарапынан кепілдік берілмейді. Бұл бұйым тұрмыстық жағдайларда азық-түлік өнімдерінің тұрмыстық көлемдерде немесе тұрмыстық жағдайларға ұқсас бейкоммерциялық мақсаттарда өңдеу үшін арналған. Тұрмыстық жағдайларға ұқсас қолдану қатарына, мысалы, бұйымды дүкендер, кеңселер, ауылшаруашылық және басқа коммерциялық өндірістердегі қызметкерлер асханаларында қолдану немесе пансиондарда, шағын қонақ үйлерде немесе осыларға ұқсас жерлерде қолдану жатады. Бұйымды тек тұрмыстық көлемдер мен уақыттарда өңдеу үшін қолданыңыз. Рұқсат етілген максималдық көлемдерден («Қолдану мысалдары» мақаласын қараңыз) асырмаңыз! Бұл бұйым азық-түлік өнімдерін араластыру, илеу және қағуға арналған. Оны басқа нәрселерді немесе заттарды өңдеу үшін қолдануға болмайды. Өндіруші рұқсат еткен көмекші құралдарды қолданған кезде көбірек әрекеттер орындауға болады. Бұйымды тек қана түпнұсқалық көмекші құралдармен бірге қолданыңыз. Көмекші құралдарды қолданған кезде онымен бірге берілген қолдану туралы нұсқаулықты ұстаныңыз. Қолдану туралы нұсқаулықты сақтап қойыңыз. Бұйымды басқа адамдарға бергеніңізде онымен бірге қолдану туралы нұсқаулықты да беріңіз.
Қауіпсіздік шаралары
Жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
WW Электр қуатына түсу қаупі бар! Бұл бұйымды балаларға қолдануға беруге болмайды. Бұйымды және оның кабелін балалардан алшақ жерде сақтау керек. Бұл бұйымдар дене, сезім және ақыл-ой қабілеттері шектеулі, сонымен бірге тәжірибесі және білімі жеткіліксіз адамдар тарапынан тек бақылау астында болғандарында, немесе бұйымды қауіпсіз түрде қолдану бойынша мәліметтерін өздеріне жауапты тұлғалардан алып, осы бұйымды қолданудан пайда бола алатын қауіптерді түсінгендерінде ғана қолданыла алады. Балаларға осы бұйыммен ойнауға рұқсат етпеңіз. Тазалау және жөндеу жұмыстары бақылаусыз қалдырылған балалар арқылы жүргізілмеуі тиіс. Бұйымды қадағалаусыз қолданбаңыз. Бұйымды тек қана фирмалық тақтайшада көрсетілген мәліметтері бойынша іске қосып қолданыңыз. Құрылғы бөлме температурасындағы ішкі жайларда ғана және теңіз деңгейінен 2000 м дейінгі биіктікте қолдануға арналған. Бұйымды, оны бақылаусыз қалдырғаныңызда, құрастырып орнатқаныңызда, бөлшектегеніңізде немесе тазалағаныңызда әрқашан желіден ажыратыңыз. Бұйым кабелін өткір немесе ыстық жерлер арқылы тартпаңыз. Егер бұйым немесе оның қуат сымы зақымдалса, оны пайдаланбаңыз. Осы бұйымның кабелі бұзылып зақымданған күйде болса, қауіптердің пайда болуын болдырмау үшін, оның өндіруші немесе техникалық қызмет көрсету орталығының маманы арқылы, немесе осыларға ұқсас арнайы білімі бар адам тарапынан ауыстырылуы қажет. Бұйымды жөндеу жұмыстары тек қана техникалық қызмет көрсету орталығының маманы арқылы өткізілуі қажет.
Бұл бұйымге арналған қауіпсіздік нұсқаулары
WW Жарақаттану қаупі бар! WW Электр қуатына түсу қаупі бар! Желі ашасын тек бұйыммен жұмыс істеу үшін қажетті әрекеттер өткізіліп және өнімдер мен заттар дайындалып қойылғанда ғана электр розеткасына жалғаңыз. Бұйымды қолданбаған кезде ашаны розеткадан шығарыңыз. Ақаулықты жою алдында ашаны розеткадан шығарыңыз. Негізгі бұйымды ешқашан сұйықтық ішіне батырмаңыз және ағынды су астында ұстамаңыз. Ешқандай бу тазалағышын пайдаланбаңыз. Бұйымды тек қана айналмалы ажыратқыш арқылы қосып өшіріңіз.
Қауіпсіздік шаралары
WW Айналмалы құралдан жарақаттану қаупі бар! Жұмыс істетілген көмекші құрал не қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында, бұйымды өшіріп, желіден ажырату керек. Жетек өшірілгеннен кейін біраз уақыт жұмыс істеп тұрады және құралды алмастыру күйінде тұрады. Бұйым қосулы болған кезде, айналмалы тұтқаны реттемеңіз. Жетек толығымен тоқтағанша күтіңіз. Айналып тұратын бөлшектерін ұстамаңыз. Қолдану барысында ыдысты ұстамаңыз. Құйғыш ішіне қолыңызды салмаңыз. Тек жабылған қақпақпен жұмыс істеңіз! Қауіпсіздік себептеріне байланысты бұйымды қолданылмаған жетек қорғаныс қақпағымен жабылған кезде ғана жұмыс істетуге болады. WW Өткір пышақтан жарақаттану қаупі бар! Майдалағыш дискінің өткір пышақтары мен жиектерін ұстамаңыз. Майдалағыш дискілерге тек бүйірінен қол тигізіңіз! Араластырғыш пышаққа жалаң қолмен тимеңіз. WW Өткір пышақ/айналмалы жетектен жарақаттану қаупі! Орнатылған араластырғышты ұстамаңыз! Араластырғышты тек жинақталған күйде және жабылған қақпақпен пайдаланыңыз. WW Күйіп қалу қаупі бар! Ыстық араластырылатын өнімді өңдеу кезінде қақпақтағы құйғыштан бу шығады. Ең көбі 0,5 литр ыстық не көпіршіген сұйықтық толтырыңыз. WW Маңызды! Бұйымды тек қана түпнұсқалық көмекші құралдармен бірге қолданыңыз. Көмекші құралдарды қолданған кезде онымен бірге берілген қолдану туралы нұсқаулықты ұстаныңыз. Бір уақытта тек бір құрал не көмекші құрал қолданыңыз. WW Бұйымдағы не көмекші құралдағы белгілердің түсініктемесі
i Қолдану туралы нұсқаулықтағы нұсқауларды орындаңыз. Y Абай болыңыз! Айналмалы пышақ. болыңыз! Айналмалы құрал. W Абай Толтыру саңылауын ұстамаңыз.
WW Маңызды! Құрылғыны әр пайдаланудан соң немесе ұзақ уақыт пайдаланбай жүргенде әбден тазалаңыз. X «Тазалау және күту» мына бетті қараңыз: 228 222
Қауіпсіздік жүйесі Кенет іске қосылудан қорғаныс «Жұмыс күйлері» кестесін қараңыз. Бұйымды тек қана 1 және 3 күйлерінде қосуға болады: ■■ ыдыс (11) орнатылғанда және тірелгенше бұралған кезде және ■■ араластырғыш жетегінің қорғаныс қақпағы (8) жабылған кезде.
Қайта іске қосылудан қорғаныс Ток қуаты үзілген кезде бұйым қосулы күйінде қалады, алайда қозғалтқыш жұмыс істемей қалады. Қайта іске қосу үшін айналмалы ажыратқышты 0/off күйіне бұрап қосыңыз.
Артық жүктемеден қорғаныс
Егер жұмыс барысында қозғалтқыш өздігінен тоқтап қалса, артық жүктемеден қорғаныс іске қосылады. Бұл жағдайдың ықтимал себебі - азық-түлік өнімдерінің үлкен мөлшерлерін өңдеу. Қауіпсіздік жүйелерінің іске қосылғанында әрекеттер туралы «Ақаулықтар орын алған жағдайдағы көмек» мақаласын қараңыз. Қолдану нұсқаулығында түрлі үлгілерге сипаттама беріледі, үлгі шолуын да қараңыз (M суреті). Бұйым күтуді қажет етпейді.
Беттік жағынан жайып ашыңыз. A суреті: Негізгі бұйым 1 Босату түймесі 2 Айналмалы тұтқа Тұтқаның жоғары қарай жылжуына қолдау көрсетуге арналған «Easy Armlift» функциясы («Жұмыс күйлері» мақаласын қараңыз). 3 Айналмалы ажыратқыш Өшірілгеннен кейін (0/off күйі) бұйым құралды алмастыру үшін автоматты түрде оңтайлы күйде жұмыс істейді.
0/off = тоқтату M = жоғарырақ айналу жылдамдығына арналған жедел ауыстыру, ажыратқышты қалаулы араластыру ұзақтығы үшін ұстап тұрыңыз. 1-7 қадамы, жұмыс жылдамдығы: 1 = төмен айналу жылдамдығы – баяу, 7 = жоғары айналу жылдамдығы – жылдам. 4 Жұмыс индикаторы Жұмыс барысында жанады (айналмалы ажыратқыш M немесе 1-7 күйінде). Бұйым жұмысында қателер орын алғанда, электрондық сақтандырғыш ажыратылғанда және бұйым бүлінген жағдайда жыпылықтайды, «Ақаулықтар орын алған жағдайдағы көмек» мақаласын қараңыз. 5 Жетектің қорғаныс қақпағы Жетектің қорғаныс қақпағын алып тастау үшін, артқы жағын басып, қақпақты алып тастаңыз. 6 Жетек: – асүйлік майдалағыш және – шырын сыққыш (арнайы жабдық*). Бұйымды қолданбаған кезде жетектің қорғаныс қақпағын орнатыңыз. 7 Құралға арналған жетек (бұлғауыш, қаққыш, илегіш) және еттартқыш (арнайы жабдық*) 8 Араластырғыш жетегінің қорғаныс қақпағы 9 Араластырғышқа арналған жетек (арнайы жабдық*) Қолданылмаған кезде араластырғыш жетегінің қорғаныс қақпағын орнатыңыз. 10 Кабельді орау автоматикасы Көмекші құралы бар ыдыс 11 Тот баспайтын болаттан араластырғыш ыдыс 12 Қақпақ Құралдар 13 Профессионалды иілмелі бұлғауыш 14 Профессионалды қаққыш 223
15 Қамыр жапқышы бар илегіш 16 Көмекші құрал дорбасы Құралдар мен майдалағыш дискілерді сақтауға арналған. Асүйлік майдалағыш 17 Итергіш 18 Құйғышы бар қақпақ 19 Майдалағыш дискілер a Профессионалды Supercut бұрамалы дискі – қалын / жұқа b Үккіш бұрамалы дискімен – дөрекі / майда c Үйкелме диск – орташа d Картоп құймағының дискісі* 20 Диск ұстағышы 21 Шығыс саңылауы бар корпус Араластырғыш* 22 Араластырғыш сауыт 23 Қақпақ 24 Құйғыш * Қосалқы бөлшек жеткізілім бумасында болмаған жағдайда, оған сауда орны мен қызмет көрсету орталығынан тапсырыс беруге болады.
Аспаптар/ Жұмыс Жабдықтар жылдам дығы 1-5
Назар аударыңыз! Бұйымды тек құрал/көмекші құрал осы кестеге сай дұрыс жетекте және дұрыс күйде қолданылған кезде және жұмыс күйінде болғанда ғана қолданыңыз. Айналмалы тұтқа әрбір жұмыс күйінде енгізілуі керек. Нұсқау Айналмалы тұтқа «Easy Armlift» функциясымен жабдықталған, ол айналмалы тұтқаның жылжуына қолдау көрсетеді.
■■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны жылжытыңыз. Жылжуды бір қолмен орындаңыз. ■■ Айналмалы тұтқаны тірелгенше қалаулы күйге жылжытыңыз.
* Қаққыш, бұлғауыш, илегішті орнату/ алып тастау; үлкен өңделетін көлемдерді қосу.
Қолдану WWЖарақаттану қаупі бар! Желі ашасын тек бұйыммен жұмыс істеу үшін қажетті әрекеттер өткізіліп және өнімдер мен заттар дайындалып қойылғанда ғана электр розеткасына жалғаңыз. Назар аударыңыз! Бұйымды тек көмекші құрал/құралмен жұмыс күйінде қолданыңыз. Бұйымды бос күйінде қолданбаңыз. Бұйым мен қосалқы бөлшектерге жылу көздерін түсірмеңіз. Бөлшектер микротолқынды пештерге арналмаған.
■■ Бұйымды және көмекші құралдарды алғаш рет қолдану алдында жақсылап тазалап алыңыз, «Тазалау және күту» тарауын оқыңыз. Маңызды нұсқау Бұл қолдану туралы нұсқаулықта құрал не көмекші құралды қолданған кезде бұйымдардың жұмыс жылдамдығы бойынша шамалы мәндермен затбелгі берілген. Біз осы затбелгіні бұйымға жапсыруды ұсынамыз (C суреті).
■■ Негізгі бұйымды тегіс және таза бетке қойыңыз. ■■ Қатардағы кабельді қалаулы ұзындыққа дейін (макс. 100 см) шығарып, баяу босатыңыз; кабель тоқтатылады (D суреті). ■■ Кабельдің жұмыс ұзындығын азайтыңыз: кабельді сәл тартып, қалаулы ұзындыққа дейін жайыңыз. Содан кейін кабельді қайтадан тартып, баяу босатыңыз; кабель тоқтатылады. Назар аударыңыз! Кабель қысылған кезде, оны толығымен шығарып, жайылуына мүмкіндік беріңіз. ■■ Ашаны розеткаға жалғаңыз.
Ыдыс және құрал WWАйналмалы құралдан жарақаттану қаупі Қолдану барысында ыдысты ұстамаңыз. Тек жабылған қақпақпен (12) жұмыс істеңіз! Құралды / көмекші құралды жетек тоқтатылған күйінде болғанда ғана алмастырыңыз – жетек өшірілгеннен кейін біраз уақыт жұмыс істеп тұрады және құралды алмастыру күйінде тұрады. Айналмалы тұтқаны алдымен құралдың бос жүріс күйіне жылжытыңыз. Қауіпсіздік себептеріне байланысты бұйымды қолданылмаған жетек қорғаныс қақпағымен (5, 8) жабылған кезде ғана жұмыс істетуге болады.
Назар аударыңыз! Ыдысты тек осы бұйыммен жұмыс істеген кезде ғана қолданыңыз. Профессионалды иілмелі бұлғауыш (13) қамырды бұлғауға арналған, мысалы, кекс қамыры Профессионалды қаққыш (14) жұмыртқа ақуызын, кілегейді қағу және жеңіл қамырды бұлғауға арналған, мысалы, бисквит қамыры Илегіш (15) ауыр қамырды илеу және майдаланбайтын ингредиенттерді араластыруға арналған (мысалы, жүзім, шоколад жоңқасы) Қаққышты пайдалану бойынша маңызды нұсқау (сурет E): Қаққыш ыдыс түбіне аз тиюі керек, осылай ингредиенттер оптималды араласады. Болмаса, қаққыш биіктігін төмендегідей реттеу керек: ■■ Ашаны розеткадан шығарыңыз. ■■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 2 күйіне жылжытыңыз. ■■ Қаққыш не илегішті жетекке тірелгенше енгізіңіз. ■■ Қаққышты ұстап сомынды сомын кілтімен (өлшемі 8) сағат тілімен бұраңыз. ■■ Қаққыш биіктігін қаққышты оптималды биіктікке бұрап реттеңіз: сағат тілімен бұраңыз: көтеріңіз. Сағат тіліне қарсы бұраңыз: түсіру ■■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 1 күйіне жылжытыңыз. ■■ Қаққыш биіктігін тексеріп, керек болғанда дұрыстаңыз. ■■ Егер биіктігі дұрыс реттелген болса, босату пернесін басып қайыру тұтқышын 2 күйіне апарыңыз. ■■ Қаққышты ұстап сомынды сомын кілтімен (өлшемі 8) сағат тіліне қарсы тартып қойыңыз. 225
Ыдыспен және құралмен жұмыс істеу (F суреті): ■■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 2 күйіне жылжытыңыз. ■■ Ыдысты орнату: Алға қарай еңкейтілген ыдысты енгізіп тіреңіз, содан кейін сағат бағытына қарсы тірелгенше бұраңыз. ■■ Өңдеу тапсырмасына байланысты бұлғауыш, қаққыш не илегішті жетекке тірелгенше енгізіңіз. Нұсқау: Илегіш жағдайында қамыр жапқышты илегіш енгізілгенше бұраңыз (E-4b суреті). ■■ Өңделетін ингредиенттерді ыдысқа салыңыз. ■■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 1 күйіне жылжытыңыз. ■■ Қақпақты орнатыңыз. ■■ Айналмалы ажыратқышты қалаулы қадамға қойыңыз. Біздің ұсыныс: –– Профессионалды иілмелі бұлғауыш: алдымен 1-2-басқышта араластырып, содан кейін 7-басқышты таңдаңыз –– Профессионалды қаққыш: 7-қадам, 1-қадамда араластырыңыз –– Илегіш: алдымен 1-басқышта араластырып, 3-басқышта қағыңыз Ингредиенттермен толтыру ■■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш арқылы өшіріңіз. ■■ Ингредиенттерді қақпақтағы құйғыш арқылы толтырыңыз. немесе ■■ Қақпақты алып тастаңыз. ■■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 2 күйіне жылжытыңыз. ■■ Ингредиенттерді толтырыңыз. Жұмыстан кейін ■■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш арқылы өшіріңіз. 226
■■ Ашаны розеткадан шығарыңыз. ■■ Қақпақты алып тастаңыз. ■■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 2 күйіне жылжытыңыз. ■■ Құралды жетектен шығарыңыз. ■■ Ыдысты алып тастаңыз. ■■ Барлық бөлшектерді тазалаңыз, «Тазалау және күту» тарауын оқыңыз.
Асүйлік майдалағыш WWЖарақат алу қаупі Майдалағыш дискінің өткір пышақтары мен жиектерін ұстамаңыз. Майдалағыш дискілерге тек бүйірінен қол тигізіңіз! Асүйлік майдалағышты тек қана бұйым жетегі тоқтап тұрғанында және кабелі электр розеткасынан шығарылғанында енгізіңіз/шығарыңыз. Құйғыш ішіне қолыңызды салмаңыз. Назар аударыңыз! Асүйлік майдалағышты тек толығымен жинақталған күйінде қолданыңыз. Асүйлік майдалағышты ешқашан негізгі бұйымға құрастырмаңыз. Асүйлік майдалағышты тек құрастырылған жұмыс күйінде қолданыңыз. Артық жүктемеден қорғау G суреті: Асүйлік майдалағышқа артқы жүктеме түсіруден бұйымның ауыр зақымдануын болдырмау үшін, асүйлік майдалағыштың жетекші білігінде кертік (бағдарламаланған бұзылу орны) бар. Артық жүктеме түскен жағдайда жетекші білік осы жерден бұзылады. Жетекші білігі бар жаңа диск ұстағышы қызмет көрсету орталығында қолжетімді. Профессионалды Supercut бұрамалы дискі – қалын / жұқа жеміс пен көкөністі турауға арналған. 5-басқышта өңдеу. Айналмалы кескіш дискідегі белгі: қалың кескіш жағы үшін «Grob» жіңішке кескіш жағы үшін «Fein»
Назар аударыңыз! Айналмалы кескіш диск қатты ірімшік, нан, бөлке нан мен шоколадты турауға арналмаған. Пісірілген, қатты пісірілген картопты тек суық күйінде тураңыз. Айналмалы үккіш диск – үлкен/шағын көкөніс, жиеміс пен ірімшікті үгуге арналған, қатты ірімшіктен басқа (мысалы, пармезан). 3-басқышта немесе 4-басқышта өңдеу. Айналмалы үккіш дискідегі белгі: үлкен үккіш жағы үшін «2» шағын үккіш жағы үшін «4» Назар аударыңыз! Айналмалы үккіш диск жаңғақтарды үгуге арналмаған. Жұмсақ ірімшікті үлкен жағымен 7-басқышта үгіңіз. Үйкелме диск – орташа шикі картоп, қатты ірімшік (мысалы, пармезан), суытылған шоколад пен жаңғақтарды үгуге арналған. 7-басқышта өңдеу. Назар аударыңыз! Үйкелме диск жұмсақ және тілім ірімшікті үгуге арналмаған. Картоп құймағының дискісі Құймақ пен картоп құймағы үшін шикі картопты үгу, көкөніс пен жидекті қалың дискімен турауға арналған. Үгу: 7-басқышта өңдеу. Кесу: 5-басқышта өңдеу. Асүйлік майдалағышпен жұмыс істеу Сурет H: ■■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 2 күйіне жылжытыңыз. ■■ Ыдысты орнату: Алға қарай еңкейтілген ыдысты енгізіп тіреңіз, содан кейін сағат бағытына қарсы тірелгенше бұраңыз. ■■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 3 күйіне жылжытыңыз. ■■ Жетектің қорғаныс қақпағын асүй майдалағышын жетегінен алып тастаңыз (H-5a суреті).
■■ Диск ұстағышын астыңғы шетінен ұстаңыз, ол үшін екі ұшты жоғары қарату керек. ■■ Қалаулы кескіш не үккіш дискіні диск ұстағышының ұштарына мұқият орнатыңыз (H-6a суреті). Айналмалы дискілерде қалаулы жағы жоғары қаратылғанына көз жеткізіңіз. ■■ Диск ұстағышын жоғарғы шетінен ұстап, корпусты орнатыңыз (H-6b суреті). ■■ Қақпақты орнатып (белгіні қадағалаңыз), сағат бағытымен тірелгенше бұраңыз. ■■ Асүй майдалағышты H-8 суретінде көрсетілгендей жетекке орнатып, сағат бағытымен тірелгенше бұраңыз. ■■ Айналмалы ажыратқышты ұсынылған қадамға қойыңыз. ■■ Өңделетін азық-түлік өнімін құйғышқа салып, жапқышпен жылжытыңыз. Назар аударыңыз! Туралатын өнімнің шығыс саңылауында қалуына жол бермеңіз. Кеңес: Біркелкі турау нәтижесіне жету үшін жіңішке туралатын өнімді байлам бойынша өңдеңіз. Нұсқау: Өңделетін азық-түлік өнімдері асүйлік майдалағышта бітеліп кетсе, асүйлік комбайнды өшіріңіз, ашаны розеткадан шығарыңыз, жетек тоқтағанша күтіңіз, асүйлік майдалағыштың қақпағын алып тастаңыз және құйғышты босатыңыз. Жұмыстан кейін ■■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш арқылы өшіріңіз. ■■ Асүйлік майдалағышты сағат бағытына қарсы бұрап, алып тастаңыз. ■■ Қақпақты сағат бағытына қарсы бұрап, алып тастаңыз. ■■ Диск ұстағышын дискімен бірге алып тастаңыз. Ол үшін саусақпен астынан жетекші білікке қарсы басыңыз (J суреті). ■■ Бөлшектерді тазалаңыз. 227
Араластырғыш WWӨткір пышақ/айналып тұратын жетектен жарақаттану қаупі! Орнатылған араластырғышты ұстамаңыз! Араластырғышты тек қана бұйым жетегі тоқтап тұрғанында енгізіңіз/шығарыңыз! Араластырғышты тек жинақталған күйде және жабылған қақпақпен пайдаланыңыз. WWКүйіп қалу қаупі бар! Ыстық араластырылатын өнімді өңдеу кезінде қақпақтағы құйғыштан бу шығады. Ең көбі 0,5 литр ыстық не көпіршіген сұйықтық толтырыңыз. Назар аударыңыз! Араластырғыш бұзылып кетуі мүмкін. Жақында мұздатылған ингредиенттерді (шығарылған мұз текшесі) өңдемеңіз. Араластырғышты бос күйінде қолданбаңыз. Араластырғышпен жұмыс істеу K суреті: ■■ Босату түймесін басып, айналмалы тұтқаны 4 күйіне жылжытыңыз. ■■ Араластырғыш жетегінің қорғаныс қақпағын алып тастаңыз. ■■ Араластырғыш сауытты орнатып (ұстағыштағы белгі, негізгі бұйымдағы белгі), сағат бағытына қарсы тірелгенше бұраңыз. ■■ Ингредиенттерді толтырыңыз. Сұйық максималды көлем = 1,25 литр; көпіршікті немесе ыстық сұйықтықтардың максималды көлемі = 0,5 литр; оңтайлы өңдеу көлемі, қатты = 50-100 грамм; ■■ Қақпақты орнатып сағат бағытына қарсы тірелгенше араластырғыш ұстағышына бұраңыз. Қақпақ енгізілуі тиіс. ■■ Айналмалы ажыратқышты қалаулы қадамға қойыңыз. Ингредиенттермен толтыру Сурет K-8: ■■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш арқылы өшіріңіз. 228
■■ Қақпақты алып тастап, ингредиенттерді толтырыңыз немесе ■■ Құйғышты алып тастаңыз және қатты ингредиенттерді құйғыш саңылауға біртіндеп толтырыңыз немесе ■■ сұйық ингредиенттерді құйғыш арқылы толтырыңыз. Жұмыстан кейін ■■ Бұйымды айналмалы ажыратқыш арқылы өшіріңіз. ■■ Араластырғышты сағат бағытымен бұрап, алып тастаңыз. Кеңес: Араластырғышты қолданған соң бірден тазалаңыз.
Тазалау және күту Назар аударыңыз! Ешбір қыра алатын тазалау бұйымдарын қолданбаңыз. Үстілердің бұзылып кетуіне апаруы мүмкін.
Негізгі бұйымды тазалау WWЭлектр қуатына түсу қаупі бар! Негізгі бұйымды ешқашан су ішіне батырмаңыз және ағынды су астында ұстамаңыз. Ешқандай бу тазалағышын пайдаланбаңыз. ■■ Ашаны розеткадан шығарыңыз. ■■ Негізгі бұйым мен жетектің қорғаныс қақпағын ылғалды шүберекпен сүртіңіз. Қажет болса, біраз ыдыс жуғыш құрал қолданыңыз. ■■ Содан кейін бұйымды құрғақтай сүртіңіз.
Ыдыс пен құралды тазалау
Ыдыс және құрал ыдыс-аяқ жуатын машинада жуу үшін жарамды. Пластик бөлшектерді ыдыс-аяқ жуатын машинада қыспаңыз, себебі шаю барысында қалдықтар пайда болуы мүмкін!
Асүйлік майдалағышты тазалау Асүйлік майдалағыштың барлық бөлшектері ыдыс-аяқ жуатын машинада жуу үшін жарамды.
Кеңес: Мысалы, сәбіз өңдеуден кейін қалатын қызыл тұнбаны кетіру үшін, шүберекке біраз өсімдік майын жағып, асүй майдалағышын (майдалағыш дискілерді емес) сүртіңіз. Содан кейін асүйлік майдалағышты шайыңыз.
Ақаулықтар орын алған жағдайдағы көмек
Араластырғышты тазалау
Маңызды нұсқау: Бұйымның жұмысындағы қате, электрондық сақтандырғыштардың ажыратылуы немесе бұйым бүлінуі жұмыс индикаторының жыпылықтауы арқылы көрсетіледі. Айналмалы тұтқа әрбір жұмыс күйінде енгізілуі керек. Біріншіден пайда болған мәселені төмендегі нұсқауларды қолданып шешуге тырысыңыз.
WWӨткір пышақтан жарақаттану қаупі! Араластырғыш пышаққа жалаң қолмен тимеңіз. Араластырғыш ыдысын, қақпақты және құйғышты ыдыс-аяқ жуу машинасында жууға болады. Кеңес: Сұйықтықтарды өңдегеннен кейін әдетте араластырғышты тазалау үшін оны бұйымнан алып тастау қажет емес. Ол үшін біраз суды жуғыш құралмен бірге орнатылған араластырғышқа құйыңыз. Араластырғышты бірнеше секундқа қосыңыз (M басқышы). Шаюға қолданылған суды төгіп, араластырғышты таза сумен шайыңыз. Маңызды нұсқау: Көмекші құрал дорбасын қажетінше тазалаңыз. Дорбадағы күту бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Сақтау WWЖарақаттану қаупі бар! Бұйымды қолданбаған кезде ашаны розеткадан шығарыңыз. Сурет L: ■■ Құралдар мен майдалағыш дискілерді көмекші құрал дорбасына салыңыз. ■■ Көмекші құрал дорбасын ыдыс ішінде сақтаңыз.
WWЖарақаттану қаупі бар! Ақаулықты жою алдында ашаны розеткадан шығарыңыз.
Ақаулық Бұйым іске қосылмай тұр. Шешім ■■ Ток көзін тексеріңіз. ■■ Ашаны тексеріңіз. ■■ Айналмалы тұтқаны қадағалаңыз. Күйі дұрыс орнатылған ба? Енгізіліп тұр ма? ■■ Араластырғыш не ыдысты тірелгенше бұрап бекітіңіз. ■■ Араластырғыш қақпағын орнатып, тірелгенше бұрап бекітіңіз. ■■ Жетектің қорғаныс қақпағын қолданылмаған жетекке орнатыңыз. ■■ Қайта іске қосылудан қорғаныс белсенді. Бұйымды 0/off күйіне орнатыңыз да, содан кейін қалаулы қадамға қайтарыңыз. Ақаулық Бұйым қолдану кезінде өшіріліп қалады. Артық жүктемеден қорғаныс белсенді. Бір уақытта тым көп азық-түлік өнімдері өңделген. Шешім ■■ Бұйымды өшіріңіз. ■■ Өңдеу көлемін азайтыңыз. ■■ Рұқсат етілген максималды көлемдерден («Қолдану мысалдары» мақаласын қараңыз) асырмаңыз!
Ақаулық Жетек іске қосулы кезінде босату түймесі қате басылды. Айналмалы тұтқа жоғары қарай жылжытылды. Жетек тоқтатылған, бірақ құралды алмастыру күйінде қалмайды. Шешім ■■ Айналмалы ажыратқышты 0/off қадамына қойыңыз. ■■ Айналмалы тұтқаны 1 күйіне жылжытыңыз. ■■ Бұйымды қосыңыз (1 қадамы). ■■ Бұйымды қайтадан өшіріңіз. Құрал құралды алмастыру күйінде тұр. Ақаулық Араластырғыш жұмыс істемей бастайды немесе қолдану барысында тұрып қалады, жетек «дірілдеп» тұр. Пышақ блокталған. Шешім ■■ Бұйымды өшіріңіз және ашаны розеткадан шығарыңыз. ■■ Араластырғышты алып тастаңыз және бөгетті кетіріңіз. ■■ Араластырғышты қайтадан орнатыңыз. ■■ Бұйымды қосыңыз. Маңызды нұсқау Егер ақаулықты өз бетінше жоя алмасаңыз, қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Қолдану мысалдары Шайқалған кілегей
–– 100 г-600 г ■■ Кілегейді 1½-4 минут ішінде 7-басқышта кілегейдің мөлшері мен қасиеттеріне байланысты қаққышпен өңдеңіз.
–– 1-8 жұмыртқа ақуызы ■■ Жұмыртқа ақуызын 4 - 6 минут ішінде 7-қадамда қаққышпен өңдеңіз.
Негізгі рецепт –– 2 жұмыртқа –– 2-3 ас қасық ыстық су –– 100 г қант –– 1 пакет ванилин шекері –– 70 г ұн –– 70 г крахмал –– қопсытқыш (қосымша) ■■ Ингредиенттерді (ұн мен крахмалдан басқа) шам. 4-6 минут ішінде 7-қадамда қаққышпен көпіртіп қағыңыз. ■■ Айналмалы ажыратқышты 1-қадамға орнатып, еленген ұн мен крахмалды шам. ½-1 минут ішінде қасықпен араластырыңыз. Максималды мөлшер: 2 x негізгі рецепт
Кекске арналған қамыр
Негізгі рецепт –– 6 жұмыртқа –– 500 г қант –– 1 салым тұз –– 2 пакет ванилин шекері немесе ½ лимон қабығы –– 500 г май не маргарин –– (бөлме температурасы) –– 1000 г ұн –– 1 пакет қамыр қопсытқышы –– 250 мл сүт ■■ Жұмыртқа, қант, тұз бен ваниль шекерін немесе лимон қабығын шам. 10 секунд ішінде 1-қадамда бұлғауышпен араластырыңыз. ■■ 5-қадамға орнатып, шам. 120 секунд ішінде өңдеңіз. ■■ Май қосып, шам. 60 секунд ішінде 3-қадамда өңдеңіз. ■■ Май мен қопсытқыш қосып, шам. 2 минут ішінде 1-қадамда өңдеңіз. ■■ 3-қадамға орнатып, 2 минут ішінде сүтті біртіндеп қосыңыз. Максималды мөлшер: 1 x негізгі рецепт
Негізгі рецепт –– 125 г май (бөлме температурасы) –– 100-125 г қант –– 1 жұмыртқа –– 1 салым тұз –– кішкене лимон қабығы не ваниль шекері –– 250 г ұн –– қопсытқыш (қосымша) ■■ Барлық ингредиенттерді шам. ½ минут ішінде 1-қадамда, содан кейін шам. 2-3 минут ішінде 6-қадамда бұлғауышпен өңдеңіз. 500 г ұн: ■■ Ингредиенттерді илегішпен шам. ½ минут ішінде 1-қадамда, содан кейін шам. 3-4 минут ішінде 3-қадамда илеңіз. Максималды мөлшер: 2 x негізгі рецепт
Негізгі рецепт –– 500 г ұн –– 1 жұмыртқа –– 80 г май (бөлме температурасы) –– 80 г қант –– 200-250 мл жылы сүт –– 25 г жаңа ашытқы немесе 1 пакет –– Құрғақ ашытқы –– ½ лимон қабығы –– 1 салым тұз ■■ Барлық ингредиенттерді шам. ½ минут ішінде 1-қадамда, содан кейін шам. 3-6 минут ішінде 3-қадамда илегішпен өңдеңіз. Максималды мөлшер: 2 x негізгі рецепт
Негізгі рецепт –– 300 г ұн –– 3 жұмыртқа –– қажет болса, 1-2 ас қасық (10-20 г) суық су ■■ Барлық ингредиенттерді шам. 3-5 минут ішінде 3-қадамда қамырға дейін өңдеңіз. Максималды мөлшер: 1,5 x негізгі рецепт
Негізгі рецепт –– 1000 г ұн –– 3 пакет құрғақ ашытқы –– 2 шай қасық тұз –– 660 мл жылы су ■■ Барлық ингредиенттерді шам. ½ минут ішінде 1-қадамда, содан кейін шам. 4-5 минут ішінде 3-қадамда илегішпен өңдеңіз.
–– 2 жұмыртқа –– 2 шай қасық қыша –– ¼ л май –– 2 ас қасық лимон шырыны не сірке –– 1 салым тұз –– 1 салым қант Ингредиенттер бірдей температураға ие болуы тиіс. ■■ Ингредиенттерді (майдан басқа) бірнеше секунд ішінде 3-қадамда (2) немесе 4-қадамда (3) араластырғышта өңдеңіз. ■■ Араластырғышты 7-қадамға (4) қосыңыз және майды баяу құйғыш арқылы құйып отырыңыз және майонез пайда болғанша араластыра беріңіз. Майонезді жақын арада қолданыңыз, сақтамаңыз.
Орам материалдарын қоқысқа тастаудың экологиялық ережелерін сақтаңыз. Бұл құрылғы Электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012 / 19 / EU Еуропалық Директивасына сай тиісті таңбамен белгіленген (waste electrical and electronic equipment – WEEE). Бұл директива құрамында ЕО аумағында қолданылатын қолданыстан шығарылған құрылғыларды өткізу және қоқысқа тастау туралы ұйғарымдар бар. Қоқысқа тастаудың нақты әдістері туралы ақпарат алу үшін сатушымен хабарласыңыз. 231
Осы құрылғының кепілдік шарттары біздің өкіл арқылы құрылғы сатылатын елде анықталады. Осы шарттарға қатысты толық мәліметтерді құрылғыны сатып алған делдалдан білуге болады. Есеп-шот немесе түбіртек осы кепілдік шарттары бойынша шағымданғанда көрсетіледі. Өзгерістер сақталды.
Қосалқы керек-жарақтар
MUZ5ZP1 Шырын сыққыш
Апельсин, лимон және грейпфрутты сығуға арналған.
MUZ5CC1 Текшелеп турағыш машина
Жеміс пен көкөністі бірдей текшелермен турауға арналған
Тартар не ұнтақталған ет үшін жас етті турауға арналған.
MUZ45LS1 Саңылаулы диск жиыны шағын (3 мм), үлкен (6 мм) MUZ45SV1 Печенье қондырғысы
MUZ5FW1 еттартқышына арналған. Паштет және нанға жағылатын өнім үшін кіші, пісірілген шұжық және шпик үшін үлкен.
MUZ45RV1 Үккіш қондырғысы
MUZ5FW1 еттартқышына арналған. Жаңғақ, бадам, шоколад және кептірілген бөлке нанды үгуге арналған.
MUZ5FW1 еттартқышына арналған. 4 әртүрлі печенье пішініне арналған металл үлгілері бар.
Қосалқы керек-жарақтар MUZ45FV1 Шырын сыққыш қондырғысы
MUZ45PS1 Фри дискісі
MUZ5FW1 еттартқышына арналған. Езбе үшін таңқурай, қызанақ және итмұрыннан басқа жидектердің шырынын сығуға арналған. Сонымен қатар, мысалы, қарақатты автоматты түрде тазалауға болады. MUZ5DS1 асүйлік майдалағышына арналған. Шикі картопты фри үшін турауға арналған.
MUZ45AG1 Азиялық көкөніс дискісі
MUZ5DS1 асүйлік майдалағышына арналған. Азиялық көкөніс тағамдары үшін жеміс пен көкөністі шағын тілімдермен турайды.
MUZ45RS1 MUZ5DS1 асүйлік майдалағышына арналған. Үлкен үйкелме диск Шикі картопты, мысалы, картоп құймағы не домбай үшін үгуге арналған. MUZ5DS1 асүйлік майдалағышына арналған. MUZ45KP1 Картоп құймағының Құймақ пен картоп құймағы үшін шикі картопты дискісі үгу, көкөніс пен жидекті қалың дискімен турауға арналған. MUZ5ER2 Ыдыс ішінде 750 г ұн мен ингредиенттерді Тот баспайтын өңдеуге болады. болаттан араластырғыш ыдыс MUZ5KR1 Ыдыс ішінде 750 г ұн мен ингредиенттерді Пластик өңдеуге болады. араластырғыш ыдыс MUZ5MX1 Пластик араластырғыш қондырғысы
Сусындарды араластыру, жидек пен көкөністі даярлау, майонез дайындау, жидек пен жаңғақтарды майдалау, мұз текшелерін ұсатуға арналған.
MUZ5MM1 Мульти араластырғыш
Дәмдеуіштер, көкөніс, алма мен етті кесу, картоп, шомыр мен ірімшікті үгу, жаңғақ пен суытылған шоколадты үгуге арналған.
Қосалқы бөлшек жеткізілім бумасында болмаған жағдайда, оған сауда орны не қызмет көрсету орталығынан тапсырыс беруге болады.
Notice Facile