SENSIXX DI90 - темір BOSCH - Notice d'utilisation et mode d'emploi gratuit
Retrouvez gratuitement la notice de l'appareil SENSIXX DI90 BOSCH au format PDF.
Téléchargez la notice de votre темір au format PDF gratuitement ! Retrouvez votre notice SENSIXX DI90 - BOSCH et reprennez votre appareil électronique en main. Sur cette page sont publiés tous les documents nécessaires à l'utilisation de votre appareil SENSIXX DI90 de la marque BOSCH.
MODE D'EMPLOI SENSIXX DI90 BOSCH
kz Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
• استعملوا هذا الجهاز لألغراض التي صمم ألجلها ،أي كمكواة كهربائية .كل استعمال آخر ،يعد غير مالئم وبالتالي خطير. الصانع اليتحمل مسؤولية أي ضرر يحصل بسبب استعمال غير مالئم وغير مضبوط للجهاز.
KZ • П айдалану жөніндегі нұсқаулық Bosch компаниясының “Sensixx’x Di90 EasyComfort” бу үтігін сатып алғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Аспапты пайдалану нұсқаулықтарын мұқият оқып шығыңыз және алдағы уақытта қолдану үшін сақтап қойыңыз. Бұл нұсқаулықты Bosch компаниясының жергілікті басты беттерінен жүктеп алуға болады.
Жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары ❐❐ лектр қуатының желісіне қосылып тұрған үтікті қараусыз
❐❐ Аспапқа су толтырудың алдында немесе оны пайдаланудан кейін
қалған суды төгуден бұрын ашалы айырын ұяшықтан шығарыңыз.
❐❐ Аспапты тұрақты бетте пайдаланып, орналастыру қажет. ❐❐ Аспапты тұрағына орналастыру кезінде тұрақ орналасқан беттің
берік екендігіне көз жеткізіңіз.
❐❐ Үтік құлаған жағдайда, зақымданудың анық іздері болса немесе
одан су аққан жағдайда оны пайдаланбаңыз. Аспапты қайта пайдаланудан бұрын оны өкілетті Техникалық қызмет көрсету орталығы тексеруі тиіс. ❐❐ Қауіпті жағдайларды болдырмау үшін, құрылғыға қажет болуы мүмкін кез келген жөндеу жұмыстарын, мысалы, ақаулы магистраль сымын ауыстыруды тек Өкілетті техникалық қызмет көрсету орталығының білікті маманы ғана жүргізуі керек. ❐❐ Қауіпсіз пайдалану туралы алдын ала нұсқама алу және құрылғыны пайдаланумен байланысты қауіпті ұғынған жағдайда немесе жауапты тұлғалардың қарауымен 8 жастан асқан балаларға және дене, сезіну немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі тұлғаларға немесе сәйкесінше тәжірибесі мен білімі жоқ тұлғаларға аталған құрылғыны пайдалануға болады. Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеңіз. Ересектердің қарауынсыз балаларға құрылғыны тазалау мен күтім жасауға жол бермеңіз. ❐❐ Аспап қосулы тұрғанда немесе пайдаланылғаннан кейін сууға қойылған кезінде, үтік пен оның сымын 8 жастан кіші балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. ❐❐ Бұл аспап тек тұрмыстық жағдайда теңіз деңгейінен 2000 м жоғары пайдаланылу үшін жасақталған. ❐❐ А БАЙ БОЛЫҢЫЗ. Ыстық бет. Қолдану барысында бет қызуы мүмкін.
• Бұл құрылғы тек тұрмыстық қолданыс үшін арналған және өнеркәсіптік мақсаттарда пайдаланылмауы қажет.
• Бұл құрылғы тек тағайындалуы бойынша, яғни үтік ретінде ғана қолданылуы тиіс. Кез келген басқа жолмен пайдалану дұрыс емес, демек, қауіпті болып саналады.
• Нақты қоршаған орта жағдайларында аталған аспап жұмысында аздаған кідірістер болуы мүмкін. • Су багын толтыру мақсатында құрылғыны ешқашан су құбыры шүмегінің астына тікелей орналастыруға болмайды. • Құрылғыны әрбір қолданыстан кейін немесе ақаулық болуы мүмкін жағдайда қуат желісінен ажыратыңыз. • Құрылғы айырының сымын ұяшықтан жұлқып шығаруға болмайды. • Үтікті суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз. • Үтікті ашық қалған жерде қалдырмаңыз (жаңбыр, күн, аязды күн,...).
Кәдеге жарату туралы кеңес
Біздің тауарларымыздың қаптамасы дұрыс ойластырылған. Бұл негізінен екінші шикізат ретінде қалдықтарды кәдеге жарату бойынша жергілікті қызмет көрсету орталығына жіберілуі тиіс ластамайтын материалдарды қолданудан тұрады. Ескірген құрылғыларды кәдеге жарату туралы ақпаратты жергілікті қала әкімшілігінен алуыңызға болады. Бұл құрылғыда қолданылатын электрлік және электрондық құрылғыларға қатысты 2012/19/ EО Еуропалық директивасына сәйкес белгіленген (электрлік және электрондық жабдық қалдықтары - ЭЭЖҚ). Бұл нұсқаулық ЕО барлық аумағы үшін қолданылатын пайдаланылған құрылғыларды қайтару және қайта өңдеу бойынша жалпы шарттарды анықтайды.
Жайылатын жақтарын ашу
Сипаттама 1. 2. 3. 4.
Моторды белсендіру триггері “SensorSteam” индикатор шамы "SET" түймесі Бу жіберу параметрі индикатор шамдары 5. Бүрку түймесі 6. Бу соққысының түймесі 7. Су құю саңылауының қақпағы
8. 9. 10. 11. 12. 13. 14. 15.
Бүрку саңылауы Толудың жоғарғы деңгейінің белгісі Табан “clean” түймесі “TempOK” индикатор шамдары “MotorSteam” индикатор шамдары Табан Қуат кабелі BOSCH
Өндіруші құрылғыны дұрыс немесе тиісті түрде пайдаланбаудан пайда болған кез келген залал үшін жауаркершілік артпайды. Пайдалану барысында бұл құрылғы жоғары температураға дейін қызады және бу шығарады, бұл дұрыс пайдаланбаған жағдайда күюлерді тудыруы мүмкін. - Үтіктің табанын ұстамаңыз! Үтікті тұтқасынан ұстаңыз. - Құрылғының құлауын болдырмау үшін қуат сымын үстелден немесе үтіктеу тақтайынан салбыраған күйінде қалдырмаңыз. - Үстіңізге киіліп тұрған киімді үтіктемеңіз! - Адамдарға немесе жануарларға қарай ешқашан суды бүркімеңіз және буды бағыттамаңыз! Қуат сымының өткір заттармен немесе қызып тұрған үтіктің табанымен жанасуын болдырмаңыз. Үтіктің табаны ыстық болған кезде, үтікті ешқашан көлденең күйде қалдырмаңыз. Үтікті тігінен, табанымен орналастыру қажет. Жұмыс істеу кезінде құрылғыны су қолмен ұстамаңыз. Бұл құрылғыны техникалық сипаттамалары жазылған тақтайшадағы ақпаратқа сәйкес қосу және қолдану қажет. Бұл құрылғыны жерге тұйықталған ұяшыққа қосу қажет. Ұзартқышты міндетті түрде пайдалану қажет болған жағдайда, ол 16А сәйкес және жерге тұйықталу қосылымы бар ұяшықпен жабдықталғанына көз жеткізіңіз.
Құрылғыны пайдалану 1. Су контейнерін толтыру Аталған аспап шүмектен алынған кәдімгі суды пайдалануға арналған. Маңызды: Қоспаларды қолданбаңыз! Парфюмер өнім, сірке, крахмал, кептіргіштер не ауа салқындатқыш жүйелерінен конденсациялық суды немесе химиялық заттарды қосу аспапқа зақым келтіреді. Жоғарыда аталған өнімдерді қолданудан туындаған кез келген зақым кепілдеме күшінің жойылуына әкеледі! 1 3
Ашаны желіден шығарыңыз. Су құю саңылауының қақпағын (7) ашыңыз.
Су багын толтырыңыз. Суды ешқашан толудың жоғарғы деңгейінің белгісінен (9) асыра құймаңыз! Су құю саңылауының қақпағын жабыңыз.
Кеңес: Оңтайлы бу функциясының қызмет мерзімін ұзарту үшін, шүмектен алынған суды тазартылған сумен 1:1 қатынасында араластыруға болады. Аймағыңыздағы шүмектен алынған су кермек болса, оны тазартылған сумен 1:2 қатынасында араластырыңыз.
Табаннан (10) кез келген заттаңбалар мен қорғауыш қаптаманы алып тастаңыз. 1 2 3
Ашаны розеткаға жалғаңыз. “SensorSteam”функциясы белсендіріледі және индикатор шамы (2) жыпылықтайды. “eco” бу режимі автоматты түрде таңдалады.
“TempOK” индикатор шамдары (12) жыпылықтап, үтіктің қызып тұрғанын көрсетеді. Үтік пайдалануға дайын болғанда, индикатор шамы үздіксіз жанып тұрады.
“i-Temp” технологиясы Бұл технология үтіктеуге болатын барлық маталар үшін жарамды температура мен будың тиісті тіркесімін орнатады ( белгілері). “i-Temp” технологиясын үтіктеуге болмайтын маталарға қолданылмайды ( белгісі) Киімнің жарлықшасында келтірілген ұсыныстарға жүгініңіз немесе кигенде көрінбейтін жерді үтіктеп көріңіз.
3. “SensorSteam” функциясы Бастапқы қыздырудан кейін, “SensorSteam” функциясы қауіпсіздік пен қуатты үнемдеуді арттыра отырып үтікті қараусыз қалған кезде өшіреді. 1 2
Тұтқаны ұстаған кезде, үтік қызады. “SensorSteam” индикатор шамы (2) үздіксіз жанып тұрған күйде қалады. Тұтқаны жіберген кезде, “SensorSteam” функциясы белсендіріліп, үтік қызуды тоқтатады. “SensorSteam” индикатор шамы (2) жыпылықтайды.
4. Бу режимдері Бұл үтік кірістірілген мотор арқылы бу құрады. Мотор жұмыс істеп тұрған кезде, су контейнерінің “MotorSteam” индикатор шамдары (13) қосылады. Үтік бу көлденең күйде үтіктеу кезінде құрылуы үшін датчикпен жабдықталған. Осылайша будың қажетсіз пайда болуына жол берілмейді. Бу режимін “SET” түймесін (3) бірнеше рет басу арқылы таңдауға болады. Үтік төмендегі циклден өтеді:
Орташа (үздіксіз бу) Максималды (үздіксіз бу) Бусыз үтіктеу (құрғақ үтіктеу)
Индикатор шамы (4) “eco” (жасыл түс) “max” (қызыл түс) өшірулі ҚАЗАҚ
Бу шығарылымын бумен үтіктеу үшін қажет болғанда ғана қолмен басқаруға болады. Құрғақ үтіктеу режимін таңдап, моторды белсендіру триггерін (1) басыңыз. BOSCH
5. Бу соққысының функциясы
Бу соққысын үтіктелуі қиын қатпарларды кетіру немесе тік сызықтарды жатқызып, бүрмелерді жазу үшін қолдануға болады. 1
Бу соққысының түймесін (6) кем дегенде 5 секунд аралығында бірнеше рет басыңыз.
6. “MotorSteam” функциясы
Бұл аспапта күрделі бүрмелерді жазуға арналған арнайы функция бар. 1 2 3
Моторды белсендіру триггерін (1) екі рет жылдам реттілікте басыңыз (екі рет басыңыз). Мотор қуатты бу соққысын шығарады. Триггерді әр басу арасында 10 секунд күтіңіз.
7. Тік бу Тік буды ілініп тұрған киімдердегі, перделердегі және т.б. бүктеулерді жазу үшін қолдануға болады. 1 2 10 cm
Киімді ілгішке іліп қойыңыз. Үтікті тік күйде 10 см қашықтықта басқарыңыз және бу соққысы түймесін (6) кем дегенде 5 секунд үзілістермен қайталап басыңыз.
Маңызды: Егер тік күйде үтіктеу кезінде “SensorSteam” индикатор шамы (2) жыпылықтаса, бұл тұтқаның дұрыс ұсталмағанын білдіреді және үтік суып кетеді. Тұтқаны индикатор шамы тұрақты түрде жанып тұратындай етіп дұрыс ұстаңыз.
8. Бүрку Бүркуді үтіктелуі қиын қатпарларды кетіру үшін қолдануға болады. ҚАЗАҚ
Үтіктеу кезінде, бүрку түймесін (5) басыңыз да, су бүрку саңылауынан (8) киімге бүркіп шығады.
Кеңес:Бүрку фунциясын жібек маталарға пайдаланбаңыз.
9. Үтіктегеннен кейін 1 2
Үтікті желі розеткасынан ажыратыңыз. Су контейнерін босатыңыз.
Үтікті суыту үшін тік күйге табанына (14) ары қойыңыз. Қуат кабелін (15) үтік табанының айналасында бос етіп ораңыз. Үтікті тік күйінде сақтаңыз.
Кеңес: Үтікті бірден сақтау үшін, “StoreProtect” қосымша құралын пайдалануға болады (“Қосымша құралдар“ бөлімін қараңыз).
Тазалау және техникалық қызмет көрсету
EE Назар аударыңыз! Күйіп қалу қаупі бар!
Кез келген тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуден бұрын құрылғының ашасын желілік қуат розеткасынан шығарыңыз.
Үтік аздап кірлеп қалған болса, ашаны шығарыңыз және табанның (10) сууына мүмкіндік беріңіз. Үтіктің корпусы мен табанын дымқыл шүберекпен сүртіңіз. Табанның тегістігін сақтау үшін, оның металл заттармен жанасуына жол бермеңіз. Табанды тазалау үшін ешқашан ыдыс жууға арналған қатты ысқыштар мен химиялық заттарды пайдаланбаңыз.
Қақты тазалау жүйелері
A “self-clean” “self-clean” сүзгісі мотордың бұғатталуын болдырмайды.
B “anti-calc” “anti-calc” картриджі бумен үтіктеу кезінде пайда болатын қақтың жиналуын азайту үшін жасақталған.
C “Calc’nClean” функциясы “Calc’nClean” функциясы бу түзілу камерасындағы ұсақ қақ бөліктерін жоюға көмектеседі. Аймағыңыздағы су өте кермек болған жағдайда, бұл функцияны шамамен әр екі апта сайын қолдануға болады. 1
Үтікті желі розеткасынан ажыратыңыз.
Кеңес: Қақты терең тазалау үшін, қақты тазалау сұйықтығын пайдалану ұсынылады (“Қосымша құралдар” бөлімін қараңыз). Бұл процедураны әрбір 3 ай сайын орындау қажет.
Су контейнеріне қақты тазалау сұйықтығының мөлшерін (25 мл) құйыңыз. 2
Су контейнерін толудың жоғарғы деңгейінің белгісіне дейін толтырыңыз.
Ашаны розеткаға жалғаңыз. “TempOK” (12) шамдары үздіксіз жанып тұрғанда, үтікті ажыратыңыз (өте маңызды!).
Үтікті бақалшықтың үстінде ұстап тұрыңыз. “clean” түймесін (11) басып, контейнердің су сыйымдылығының үштен бір бөлігіндей буланғанша үтікті көлденең күйінде алға және артқа сілкіңіз. Қақпен түзілістерді қамтуы мүмкін қайнақ су мен бу шыға бастайды.
“clean” түймесін босатыңыз және үтікті бірнеше секунд ақырын сілкіңіз. 8 6- мен 7-қадамды қайталаңыз. 9 Су контейнері бос екендігін мұқият тексеріңіз (өте маңызды!). 10 Үтікті желіге қосып, қалған су толығымен буға айналғанша қайта қыздырыңыз.
11 Үтікті розеткадан ажыратып, табанын суытыңыз. Табанды тек дымқыл мақта матамен сүртіңіз.
Қосымша құралдар Қосымша құралдарды қызмет орталығынан немесе арнайы дүкендерден сатып алуға болады. Қақты тазалау сұйықтығы Булы үтіктен қақты терең тазалауға арналған. Құрамдастары: 4 бөтелке x 25 мл Қосымша құралдың атауы: TDZ1101 Қосымша құралдың коды: 00311715
StoreProtect Тіпті табаны ыстық күйде болған кезде де үтікті дереу және қауіпсіз сақтауға мүмкіндік береді. Қосымша құралдың атауы: TDZ1750 Қосымша құралдың коды: 00575960
Ақаулықтарды жою Мүмкін себебі
“SensorSteam” функция белсендірілді. Үтік күту режиміне орнатылған.
Үтікті қайта қосу үшін оның тұтқасынан ұстаңыз.
“shot of steam” функциясын пайдаланған кезде су табаннан ағады.
Сіз шерту аралығында 5 секунд күтпестен, бу соққысының түймесін (6) бірнеше мәрте бастыңыз.
Бу соққысының түймесін әр басу аралығында 5 секунд күтіңіз.
Бу көлденең күйде шықпайды.
Құрғақ үтіктеу режимі таңдалды.
Бу режимін "eco" немесе "max" күйіне орнатыңыз.
Судың әдеттен тыс көп ағуы немесе буға айналуы.
“clean” түймесі (11) дұрыс жабылмайды.
Үтікті үтіктеу аймағынан алшақ қойыңыз. “clean” түймесін бірнеше рет басыңыз.
Мотор жұмыс істемейді.
Үтік көлденең күйде орналаспаған.
Үтікті көлденең күйде пайдаланыңыз.
Алғаш рет қосқан кезде үтіктен түтін шығады.
Бұл кейбір ішкі бөлшектердің майлауынан болуы мүмкін.
Бұл қалыпты жағдай және бірнеше минуттан кейін тоқтайды.
Судың тұнбалары үтіктің табанындағы (10) тесіктер арқылы шығады.
Қақтың іздері бу камерасы арқылы шығып жатыр.
Тазалау айналымын орындаңыз (“Calc’nClean функциясы” бөлімін қараңыз).
Үтіктен сорғы жұмысының дыбысы шығады.
Су бу түзілу камерасына сорылуда.
Бұл қалыпты жағдай. ҚАЗАҚ
Жоғарыда берілген шешімдердің ешқайсысы көмектеспеген жағдайда, өкілетті техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. BOSCH
Notice Facile