TDA5029210 SENSIXX'X DA50 SENSORSEC - темір BOSCH - Notice d'utilisation et mode d'emploi gratuit
Retrouvez gratuitement la notice de l'appareil TDA5029210 SENSIXX'X DA50 SENSORSEC BOSCH au format PDF.
Téléchargez la notice de votre темір au format PDF gratuitement ! Retrouvez votre notice TDA5029210 SENSIXX'X DA50 SENSORSEC - BOSCH et reprennez votre appareil électronique en main. Sur cette page sont publiés tous les documents nécessaires à l'utilisation de votre appareil TDA5029210 SENSIXX'X DA50 SENSORSEC de la marque BOSCH.
MODE D'EMPLOI TDA5029210 SENSIXX'X DA50 SENSORSEC BOSCH
Пайдалану жөніндегі нұсқаулық
BOSCH KZ • П айдалану жөніндегі нұсқаулық Bosch компаниясының DA50 бу үтігін сатып алғаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз.
Жайылатын жақтарын ашу
Аспапты пайдалану нұсқаулықтарын мұқият оқып шығыңыз және алдағы уақытта қолдану үшін сақтап қойыңыз. Бұл нұсқаулықты Bosch компаниясының жергілікті басты беттерінен жүктеп алуға болады.
Жалпы қауіпсіздік нұсқаулықтары
❐❐ лектр қуатының желісіне қосылып тұрған үтікті қараусыз қалдырмаңыз. ❐❐ Аспапқа су толтырудың алдында немесе оны пайдаланудан кейін қалған суды төгуден бұрын ашалы айырын ұяшықтан шығарыңыз. ❐❐ Аспапты тұрақты бетте пайдаланып, орналастыру қажет. ❐❐ Аспапты тұрағына орналастыру кезінде тұрақ орналасқан беттің берік екендігіне көз жеткізіңіз. ❐❐ Үтік құлаған жағдайда, зақымданудың анық іздері болса немесе одан су аққан жағдайда оны пайдаланбаңыз. ❐❐ Аспапты қайта пайдаланудан бұрын оны өкілетті Техникалық қызмет көрсету орталығы тексеруі тиіс. ❐❐ Қауіпті жағдайларды болдырмау үшін, құрылғыға қажет болуы мүмкін кез келген жөндеу жұмыстарын, мысалы, ақаулы магистраль сымын ауыстыруды тек Өкілетті техникалық қызмет көрсету орталығының білікті маманы ғана жүргізуі керек. ❐❐ Қауіпсіз пайдалану туралы алдын ала нұсқама алу және құрылғыны пайдаланумен байланысты қауіпті ұғынған жағдайда немесе жауапты тұлғалардың қарауымен 8 жастан асқан балаларға және дене, сезіну немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі тұлғаларға немесе сәйкесінше тәжірибесі мен білімі жоқ тұлғаларға аталған құрылғыны пайдалануға болады. Балалардың құрылғымен ойнауына жол бермеңіз. Ересектердің қарауынсыз балаларға құрылғыны тазалау мен күтім жасауға жол бермеңіз. ❐❐ Аспап қосулы тұрғанда немесе пайдаланылғаннан кейін сууға қойылған кезінде, үтік пен оның сымын 8 жастан кіші балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. ❐❐ АБАЙ БОЛЫҢЫЗ. Ыстық бет.❐ Қолдану барысында бет қызуы мүмкін. BOSCH
• Бұл құрылғы тек тұрмыстық қолданыс үшін арналған және өнеркәсіптік мақсаттарда пайдаланылмауы қажет. • Бұл құрылғы тек тағайындалуы бойынша, яғни үтік ретінде ғана қолданылуы тиіс. Кез келген басқа жолмен пайдалану дұрыс емес, демек, қауіпті болып саналады. Өндіруші құрылғыны дұрыс немесе тиісті түрде пайдаланбаудан пайда болған кез келген залал үшін жауаркершілік артпайды. • Пайдалану барысында бұл құрылғы жоғары температураға дейін қызады және бу шығарады, бұл дұрыс пайдаланбаған жағдайда күюлерді тудыруы мүмкін. - Үтіктің табанын ұстамаңыз! Үтікті тұтқасынан ұстаңыз. - Құрылғының құлауын болдырмау үшін қуат сымын үстелден немесе үтіктеу тақтайынан салбыраған күйінде қалдырмаңыз. - Үстіңізге киіліп тұрған киімді үтіктемеңіз! - Адамдарға немесе жануарларға қарай ешқашан суды бүркімеңіз және буды бағыттамаңыз! • Қуат сымының өткір заттармен немесе қызып тұрған үтіктің табанымен жанасуын болдырмаңыз. • Үтіктің табаны ыстық болған кезде, үтікті ешқашан көлденең күйде қалдырмаңыз. Үтікті тігінен, табанымен орналастыру қажет. • Жұмыс істеу кезінде құрылғыны су қолмен ұстамаңыз. • Бұл құрылғыны техникалық сипаттамалары жазылған тақтайшадағы ақпаратқа сәйкес қосу және қолдану қажет. • Бұл құрылғыны жерге тұйықталған ұяшыққа қосу қажет. Ұзартқышты міндетті түрде пайдалану қажет болған жағдайда, ол 16А сәйкес және жерге тұйықталу қосылымы бар ұяшықпен жабдықталғанына көз жеткізіңіз.
Сипаттама 1. Бүрку түймесі 2. Бу соққысының түймесі 3. Бу реттегіші 4. Су құю саңылауы 5. Су құю саңылауының қақпағы 6. Бүрку саңылауы 7. Үтіктің табаны 8. Толудың жоғары деңгейінің белгісі * Үлгісіне байланысты
• Бұның алдын алу үшін өтпелі кернеудің төмендеуі немесе жарықтандырудың ауытқуы құбылыстары секілді негізгі жағымсыз жағдайларда үтікті кедергісі 0.28 Ω барынша жоғары электр желісіне қосуға кеңес беріледі. Қажет жағдайда пайдаланушы электрмен қамту компаниясынан қосылу нүктесіндегі кедергі туралы ақпаратты ала алады. • Нақты ауа-райы жағдайларында аталған аспап жұмысында аздаған кідірістер болуы мүмкін. • Құрылғыны әрбір қолданыстан кейін немесе ақаулық болуы мүмкін жағдайда қуат желісінен ажыратыңыз. • Құрылғы айырының сымын ұяшықтан жұлқып шығаруға болмайды. • Үтікті суға немесе басқа сұйықтыққа батырмаңыз. • Үтікті ашық қалған жерде қалдырмаңыз (жаңбыр, күн, аязды күн,...).
Кәдеге жарату туралы кеңес
Біздің тауарларымыздың қаптамасы дұрыс ойластырылған. Бұл негізінен екінші шикізат ретінде қалдықтарды кәдеге жарату бойынша жергілікті қызмет көрсету орталығына жіберілуі тиіс ластамайтын материалдарды қолданудан тұрады. Ескірген құрылғыларды кәдеге жарату туралы ақпаратты жергілікті қала әкімшілігінен алуыңызға болады. Бұл құрылғыда қолданылатын электрлік және электрондық құрылғыларға қатысты 2012/19/ EО Еуропалық директивасына сәйкес белгіленген (электрлік және электрондық жабдық қалдықтары - ЭЭЖҚ). Бұл нұсқаулық ЕО барлық аумағы үшін қолданылатын пайдаланылған құрылғыларды қайтару және қайта өңдеу бойынша жалпы шарттарды анықтайды.
9. Температура көрсеткіші 10. “clean” (тазалау) түймесі 11. Су багы 12. Температураны реттеу 13. Бақылау шамы 14. Қуат сымы 15. “SensorSecure” жарық индикаторы 16. “TextileProtect”* (Матаны қорғау) мата қорғауыш функциясы 17. Қақты жоюға арналған сұйықтық* 18. “StoreProtect” (Үтікті қорғау) қосымша жабдығы* BOSCH
Үтікті алғашқы рет пайдаланудың алдында
Температура реттегішін үтіктегі температура көрсеткішімен (9) сәйкестендіріп тиісті күйге орнатыңыз. Temperatura ● ●● ●●● max
Үтіктің табанынан (7) кез келген жапсырманы немесе қорғаныс жабынын алып тастаңыз. Үтікті алғашқы рет қолдану барысында темір бегілі бу және иістер шығаруы мүмкін, бірақ олар бірнеше минуттан кейін жойылып кетеді.
Құрылғыны пайдалану 1. Су багын толтырыңыз
Adecuado para: Синтетика Жібек - жүн мата Мақта Зығыр
Бақылау шамы (13) құрылғы қызу кезінде болғанда жанады және орнатылған температураға дейін қызғаннан кейін өшеді. Ыстық үтіктің температурасы төмендеп кетсе, үтік қайтадан орнатылған температураға дейін қызу үстінде болған кезде үтіктеуді жалғастыруға болады.
Жайылатын жақтарын көру Аталған құрылғы шүмек астындағы кәдімгі суды пайдалануға арналған. • Иіссу сияқты басқа сұйықтықтарды қосу (Bosch компаниясы ұсынбаса) құрылғыны зақымдайды. • Кептіргіштер, ауа салқындатқыш жүйелері немесе осыларға ұқсас құрылғылардағы конденсат суды пайдаланбаңыз. Жоғарыда аталған құралдарды қолданудан туындаған кез келген зақымдану кепілдеме күшінің жойылуына әкеледі. Бу реттегішін (3) күйіне орнатыңыз және үтікті желілерден ажыратыңыз! 1. Су құю саңылауының қақпағын ашыңыз (5). 2. Су багын (11) толтырыңыз. Суды ешқашан ең жоғарғы толтыру деңгейінің белгісінен асыра құймаңыз (8). 3. Су құю саңылауының қақпағын жабыңыз. Кеңес: Оңтайлы бу функциясының қызмет мерзімін ұзарту үшін, құбыр суын тазартылған сумен 1:1. арақатынасында араластыруға болады. Сіздің аймағыңыздағы құбыр суы кермек су болса, оны тазартылған сумен 1:2. арақатынасында араластырыңыз. Судың кермектілігі туралы жергілікті су жеткізушісінен білуіңізге болады.
Жайылатын жақтарын көру Бу реттегіші (3) үтіктеу барысында бөлінген будың мөлшерін реттеу үшін қолданылады. 1 max 1 2 2 3 3 max Температураны реттеу (12)
Бу реттегішінің (3) ❐ • eco • max • eco • max ұсынылған күйі* • eco • max • eco • max max 1 1 2 2 3 3 max
• eco • max • eco • max 1 2 3 max нәтижелеріне 1 2 3 max
Жақсы үтіктеу қол ☞☞Кеңес: жеткізу мақсатында киімдерді кептіру
• eco • max үшін, үтіктеудің соңында бусыз үтіктеңіз. • eco • max
4. Бу соққысының түймесі
Жайылатын жақтарын көру Бұл қызмет үтіктелуі қиын қатпарларды кетіру үшін, тік сызықтарды жатқызып, бүрмелерді жазу үшін қолданылады. 1. Температура реттегішін (12) “max” күйге орнатыңыз. 2. Бу соққысының түймесін (2) кем дегенде 5 секунд аралықпен қайталап басыңыз.
Жайылатын жақтарын көру Температура реттегіші (12) үтік табанының (7) температурасын реттейді.
* Үлгісіне байланысты
Жайылатын жақтарын көру Бұл функция ілініп тұрған киімдердегі, перделердегі және т.б. бүктеулерді жазу үшін қолданылады. 1. Температура реттегішін (12) “max” күйге орнатыңыз. 2. Киімдерді киім ілгішке іліңіз. 3. Үтікті тік күйде 10 см қашықтықта басқарыңыз және бу соққысы түймесін (2) кем дегенде 5 секунд үзілістермен қайталап басыңыз.
Жайылатын жақтарын көру Бұл функция үтікті құрғақ үтіктеуде пайдалануға мүмкіндік береді. Бу реттегішін (3) күйіне орнатыңыз.
7. Судың тамуынан қорғау *
Жайылатын жақтарын көру Температура тым төмен орнатылған болса, судың тамуын болдырмау үшін бу автоматты түрде өшеді. Су тамшылаған кезде шертілген дыбыс шығуы мүмкін.
Жайылатын жақтарын көру Бұл функция үтіктелуі қиын қатпарларды кетіру үшін қолданылады. Бүрку фунциясын жібек маталарға пайдаланбаңыз.
Жайылатын жақтарын көру “SensorSecure” функциясы тұтқаны ұстаған кезде ғана үтікті қыздырады және тұтқа жіберілген кезде қыздыруды тоқтатады. Осылайша қауіпсіздік пен қуат үнемдеу деңгейі арттырылады. 1. Үтіктің ашалы айырын розеткаға қосыңыз. 2. “SensorSecure” шамы (15) тұтқа ұсталмаған кезде жыпылықтайды және тұтқа ұсталған кезде үздіксіз жарықтық көрсетеді. * Үлгісіне байланысты
3. Үтіктің тұтқасы 10 секундтан артық жіберілген кезде, үтік автоматты түрде қыздыруды тоқтатады. 4. Тұтқа қайта ұсталған кезде, үтік қайтадан қыздыруды бастайды. Бастапқы қыздыру: Үтік орнатылған температураға дейін қыздырылмағанша тұтқаны ұстаудың қажеті жоқ. Мұндай температураға жеткенде, индикатор шамы (13) өшеді.
10. Үтіктеп болғаннан кейін
Жайылатын жақтарын көру 1. Бу реттегішін (3) күйінен “max” күйіне ауыстырып, бірнеше рет қайталаңыз (өздігінен тазалау). 2. Суды бактан төгіңіз. Үтікті төмен қаратып сәл сілкіңіз. 3. Оны негізінде емес, артқы жағымен тұрған күйінде сақтаңыз. 4. Қуат сымын (14) тым бекем орамаңыз!
Энергияны үнемдеу бойынша кеңестер Қуат көзі көбінесе бу түзуге кетеді. Қуат көзін пайдалануды азайту үшін төмендегі кеңестерді қараңыз: 1. Ең аз үтіктеу температурасын қажет ететін киімдерді үтіктеуден бастаңыз. Үтіктеудің қажетті температурасын бұйымның жапсырмасынан көруге болады. 2. Осы нұсқаулықтағы нұсқауларды ескере отырып, бу жіберуді таңдалған үтіктеу температурасына сай реттеңіз. 3. Қажет болса, буды ғана пайдаланыңыз. Мүмкін болса, оның орнына бүрку функциясын пайдаланыңыз. Киімдер дымқыл күйде болған кезде үтіктеңіз және будың деңгейін төмендетуге тырысыңыз. Бұл кезде бу үтікте емес, матаның өзінде түзілетін болады. Киімдерді үтіктеуден бұрын кептіру машинасында кептірсеңіз, кептіргіш машинасын “құрғақ күйде үтіктеу” бағдарламасына орнатыңыз. 4. Киімдер жеткілікті түрде дымқыл болса, бу реттегішін (3) толығымен өшіріп қойыңыз. 5. Үзілістер барысында үтікті тік күйінде қойыңыз. Үтікті бу реттегіші қосулы болғанда көлденең күйде қалдыру пайдасыз бу түзілуіне алып келеді.
Тазалау және техникалық қызмет көрсету Жайылатын жақтарын көру аударыңыз! Күйіп қалу қаупі бар! EE Назар Кез келген тазалау және техникалық
қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуден бұрын құрылғының ашалы айырын ұяшықтан шығарыңыз. 1. Үтік аздап кірлеп қалған болса, ашалы айырын ұяшықтан шығарыңыз және табанының (7) сууына мүмкіндік беріңіз. Үтіктің корпусы мен табанын дымқыл шүберекпен сүртіңіз. 2. Мата синтетикалық болса, ол үтік табанының жоғары температурасының әсерінен еріп кетуі мүмкін. Мұндай жағдайда буды өшіріп, кез келген қалдықты дереу қалың бүктелген, құрғақ мақта матамен сүртіңіз. 3. Үтік табаның тегіс, жылтыр күйде сақтау үшін, қатты металл заттармен жанасуын болдырмаңыз. Үтіктің табанын тазалау үшін ешқашан да ыдыс жууға арналған қатты ысқыштар мен химиялық заттарды пайдаланбаңыз.
Қақты тазалаудың көп функциялы жүйесі
Жайылатын жақтарын көру A self-clean Бу реттеігішін (3) пайдаланған кезде, “өздігінен тазалау” жүйесі қақтардың бөліну механизмін тазалайды.
”Calc’nClean” функциясы бу түзілу камерасындағы ұсақ қақ бөліктерін жоюға көмектеседі. Сіздің аймақтағы су өте кермек болған жағдайда, бұл қызметті 2 аптада бір рет қолданған жөн. 1 Үтікті желілер ұяшығынан ажыратыңыз, бу реттегішін (3) күйіне орнатыңыз және су багын (11) сумен толтырыңыз. 2 Температура реттегішін (12) “max” күйге орнатыңыз және үтіктің ашалы айырын розеткаға қосыңыз. 3 Қажетті қыздыру уақытынан кейін шам өшеді. Содан кейін, үтіктің ашалы айырын розеткадан ажыратыңыз (өте маңызды!)). BOSCH
4 Бу реттегішін “max” күйге орнатыңыз. 5 Үтікті бақалшықтың үстінде ұстап тұрыңыз. “clean” (тазалау) түймесін (10) басыңыз және қойманың су сыйымдылығының шамамен үштен бір бөлігі буға айналмағанша үтікті сілкіңіз. Қақ пен түзілістердің қалдығын кетіріп, үтіктің табанынан қайнақ су ағып, бу шыға бастайды. 6 “clean” (тазалау) түймесін босатыңыз және үтікті бірнеше секунд ақырын сілкіңіз. 7 Бак босамағанша 4 және 5 қадамдарды қайталаңыз. 8 Сосын үтікті желіге қосып, қалған су толығымен буға айналмағанша қайта қыздырыңыз. 9 Үтікті розеткадан ажыратып, табанын (7) суытыңыз. Үтіктің табанын тек дымқыл мақта матамен сүртіңіз.
C Қ ақты кетіруге арналған сұйықтығы бар “Calc’nClean” функциясы Қақты сапалы түрде кетіру үшін Bosch компаниясымен арнайы дайындалған қақты кетіру сұйықтығын пайдалану ұсынылады. Бұл процедураны әрбір 3 ай сайын орындау қажет. 1. Су багын (11) қақты кетіруге арналған сұйықтықтың (17*) мөлшерімен (25 мл) араластырылған құбыр суымен толтырыңыз. 2. Содан кейін, жоғарыдағы “Calc’nClean” (2 - 7 қадамдар) бөлімінде сипатталған процедураны орындаңыз. Қақты жоюға арналған сұйықтықты біздің кепілді қызмет көрсету орталығымыздан немесе мамандандырылған дүкендерден сатып алуға болады: Қосымша құралдың атауы: TDZ1101
D anti-calc “anti-calc” картриджі үтігіңіздің пайдалы қызмет көрсету мерзімін арттыра отырып, бумен үтіктеу барысында пайда болатын қақтың жиналуын азайту үшін арналған. Алайда “anti-calc” картриджі уақыт өте түзілетін барлық қақты толық кетіре алмайды.
* Үлгісіне байланысты
“TextileProtect” мата қорғауыш функциясы *
Жайылатын жақтарын көру Мақта қорғауыш (16*) функциясы нәзік, жұқа матадан дайындалған киімдерді жоғары температурада бүлдіріп алмаусыз бумен үтіктеу үшін пайдаланылады. Мата қорғауышты біздің кепілді қызмет көрсету орталығымыздан немесе мамандандырылған дүкендерден сатып алуға болады. Қосымша құралдың атауы: TDZ1550
“StoreProtect” қосымша жабдығы (18*) табаны (7) тіпті ыстық күйде болған кезде де үтікті дереу және қауіпсіз сақтауға мүмкіндік береді. Бұл қосымша құралды біздің кепілді қызмет көрсету орталығымыздан немесе мамандандырылған дүкендерден сатып алуға болады. Қосымша құралдың атауы: TDZ1750
1. Температура реттегіші (12) ең аз шамаға орнатылған. 2. “SensorSecure” (қауіпсіз) жүйесі белсендірілген. Үтік күту режиміне орнатылған.
1. Температура реттегішті жоғарырақ күйге орнатыңыз. 2. Үтікті қайта қосу үшін оның тұтқасынан ұстаңыз.
“SensorSecure” жарық индикаторы (15) жыпылықтайды.
1. “SensorSecure” (қауіпсіз) жүйесі белсендірілген. Үтік күту режиміне орнатылған.
1. Үтікті қайта қосу үшін оның тұтқасынан ұстаңыз.
Киімдер үтіктің табанына жабысып қала береді.
1. Температура өте төмен.
1. Температура реттегішін (12) төмен бұрыңыз және үтік суығанша күтіңіз.
Су бумен бірге үтіктің табанынан (7) тамшылайды.
1. Температураны реттеу (12) параметрі тым төмен. 2. Бу реттегіші (3) төмен температураға сәйкес тым жоғары орнатылған. 3. Бу соққысының түймесін (2) әр басу аралығында 5 секунд күтпей қайталап баса бергенсіз.
1. Температура реттегішін жоғарырақ параметрге орнатыңыз (“••” және “max” аралығында) және бақылау шамы (13) өшкенше күтіңіз. 2. Бу реттегішін (3) төменгі параметрге орнатыңыз. 3. Бу соққысының түймесін әр басу аралығында 5 секунд күтіңіз.
1. Бу реттегіші (3) күйіне орнатылған. 2. Температура өте төмен. Тамшыға қарсы жүйе белсендірілген.
1. Бу реттегішін жоғарырақ күйге орнатыңыз. 2. Матаға сәйкес келген жағдайда, одан да жоғары температураға орнатыңыз.
Бүрку функциясы жұмыс істемейді.
1. Бакта (11) су жоқ. 2. Құрылғы бітеліп қалған.
1. Су багын толтырыңыз. 2. Техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бастапқы рет қосқан кезде үтіктен түтін шығады.
1. Бұл кейбір ішкі бөлшектердің майлауынан болуы мүмкін.
1. Бұл қалыпты жағдай және бірнеше минуттан кейін тоқтайды.
Судың тұнбалары үтіктің табанындағы (7) тесіктер арқылы шығады.
1. Қақтың іздері бу камерасы арқылы шығып жатыр.
1. Тазалау процесін орындаңыз (“Calc’nClean” бөлімін қараңыз).
Жоғарыда берілген шешімдердің ешқайсысы көмектеспеген жағдайда, өкілетті техникалық қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. * Үлгісіне байланысты
Notice Facile