MU2R17 - кондиционер LG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз MU2R17 LG PDF форматында.
| Өнім түрі | Көп бөлмелі сыртқы кондиционер |
| Бренд | LG |
| Модель | MU2R17 |
| Суытқыш зат | R32 |
| Номиналды қуат | 17 000 Btu/сағ (шамамен) |
| Электрмен жабдықтау | 220-240 В ~ 50/60 Гц, бір фазалы |
| Номиналды ток | 20 А (ұсынылатын ажыратқыш) |
| Рұқсат етілген максималды қысым (жоғары) | 4.2 МПа |
| Рұқсат етілген максималды қысым (төмен) | 2.4 МПа |
| Дыбыс деңгейі (дыбыс қысымы) | < 70 дБ(A) |
| Қосылатын ішкі блоктар саны | 2-ге дейін (MU2 белгілеуіне сәйкес) |
| Орнату түрі | Сыртқы, тұрақты тірекке |
| Негізгі функциялар | Салқындату, жылыту (жылу сорғысы) |
| Күнделікті күтім | Сүзгіні 2 апта сайын тазалау |
| Жылу алмастырғышты тазалау | Жылына кемінде бір рет сумен |
| Қауіпсіздік нұсқаулары | Лицензияланған маманмен орнату, ақау кезінде автоматты өшіру |
| Қосалқы бөлшектердің болуы | Ауа сүзгісі, қашықтан басқару пульті, батареялар |
| Жөндеу мүмкіндігі | Лицензияланған орталыққа хабарласыңыз; кәсіби емес араласу кепілдікті жояды |
| Энергия тиімділігі класы | Нұсқаулықта көрсетілмеген |
| Жалпы ақпарат | Нұсқаулық бірнеше тілде қол жетімді; жергілікті стандарттарды сақтаңыз |
Жиі қойылатын сұрақтар - MU2R17 LG
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы MU2R17 LG
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз кондиционер PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз MU2R17 - LG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. MU2R17 брендінің LG.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ MU2R17 LG
Өтініш, жабдықты құрастыру алдында осы орнату жөніндегі нұсқаулықты оқып шығыңыз.
Өтініш, осы нұсқаулықты оқып болғаннан кейін алда қолдану үшін сақтап қойыңыз.
Түпнұсқа нұсқаулықтың аудармасы (R32)
[Әкілдік] «Эл Джи Электроникс Алмати Казахстан» АҚ КР, Алматы қ., Көкорай к-сі, 2А/9
[Өндіруші] LG Electronics Inc. Чханвон 2 фабрикасы 84, Wanam-RO, Seongsan-гу,
Бұл нұсқаулық бастапқы нұсқаулықтың оңайлатылған нұсқасы болып табылады.
Бастапқы нұсқаулықты www.lg.com сайтынан алуға болады.
- Өнімнің атауы : салқындатқыш
- Модель атауы :

Әуе шуының шығуы
Бұл өнім шығаратын А қисығы бойымен өлшенген дыбыс қысымы 70 дБ-дан аспайды.
** Орналасқан орнына байланысты шу деңгейі әртүрлі болуы мүмкін.
Көрсетілген сандар қажетті қауіпсіз жұмыс істеу деңгейлері емес, эмиссия деңгейі болып табылады.
Шу мен әсер ету деңгейлерінің арасында байланыс болғандықтан, бұны қосымша сақтық шаралар қажеттігін анықтауда сенімді түрде пайдалануға болмайды.
Жұмыс күшіне әсер етудің іс жүзіндегі деңгейіне ықпал ететін факторға жұмыс бөлмесінің сипаттамасы, басқа да шуыл көздері, яғни жабдықтар саны, басқа да көршілес үрдістер, операторға шудың әсер ететін уақыт ұзақтығы жатады. Сонымен қатар, рұқсат етілген әсер деңгейі әр елде әртүрлі болады.
Дегенмен, бұл ақпарат жабдық пайдаланушысына қауіп пен тәуекелді дұрыс бағалауға мүмкіндік береді.


- Қосымша ақпарат: сериялық нөмірі, өнімдегі штрих-кодты қараңыз
- Ең жоғары рұқсат етілген қысым, жоғары қысым жағынан: 4.2 МПа, төмен қысым жағынан: 2.4 МПа
- Фреон: R32
- Қосымша ақпарат: сериялық нөмірі, өнімдегі штрих-кодты қараңыз
- Ең жоғары рұқсат етілген қысым, жоғары қысым жағынан: 4.2 МПа, төмен қысым жағынан: 2.4 МПа
- Фреон: R32
ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ
![]() | Жабдыкты пайдаланбай тұрып, осы нұсқаулықта берілген сақтық шараларын оқып шығыңыз. | ![]() | Бүл жабдық жанғыш суық агентке толтырылған. (R32 үшін) |
![]() | Бүл таңба пайдалану нұсқаулығын мұқият оқып шығу көректігін білдіреді. | ![]() | Бүл таңба қызмет көрсетушілердің осы жабдыкты орнату нұсқаулығына сәйкес пайдалануы қажеттігін білдіреді. |
Қауіпсіздік нұсқаулары өнімге қауіп тудыра отырып, пайдалану және дұрыс пайдаланбау салдарынан болатын қауіптер мен зақымдардың алдын алуға арналған. Нұсқаулар төменде сипатталғандай «АБАЙЛАҢЫЗ» және «ЕСКЕРТУ» болып бөлінеді.

Бұл таңба қауіп тудыратын жағдайлар мен жұмысты анықтау үшін көрсетіледі. Осындай таңбасы бар бөлімді мұқият оқып шығыңыз және қауіптің алдын алу үшін нұсқауларды орындаңыз.

АБАЙЛАҢЫЗ
Бұл нұсқаулар орындалмаған жағдайда ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін екенін білдіреді.

ЕСКЕРТУ
Бұл нұсқаулар орындалмаған жағдайда өнімнің аз деңгейде зақымдалуы мен бұзылуын білдіреді.
⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ
- Орнатылған талаптарға сәйкес келмейтін тұлғамен жасалған орнату немесе жөндеу жұмыстары сізге және басқаларға қауіп төндіруі мүмкін.
- Орнату бойынша жұмыс Кеден одағы елдерінің және Ресей Федерациясының нормаларына және стандарттарына сәйкес тек білікті қызметкермен орындалуы тиіс.
- Нұсқаулықта қамтылған ақпарат қауіпсіздік процедураларымен таныс және тиісті құралдар мен диагностикалық аспаптармен жабдықталған білікті техника маманының пайдалануына арналған.
- Осы нұсқаулықтағы барлық нұсқауларды мұқият оқымау және оларды орындамау жабдықтың бұзылуына, мүліктің зақымдалуына, жеке жарақатқа және/немесе өлімге әкеліп соғуы мүмкін. • Газға қатысты мемлекеттік нормаларды орындауыңыз қажет. • Бұл жабдық ұлттық ережелерге сәйкес жеткізуші сыммен қамтамасыз етілуі тиіс.
- Жабдыққа жалғанатын түтіктерде ешқандай жанғыш зат болмауы тиіс. (R32 үшін)
Орнату
- Ақаулығы бар немесе техникалық сипаттамасы төмен автоматты ажыратқышты пайдаланбаңыз. Дұрыс көрсетілген ажыратқышты және сақтандырғышты пайдаланыңыз. Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар.
- Электр жұмыстарын жүргізу үшін дилерге, сатушыға, білікті электр маманына немесе өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Құрылғыны өздігінен бөлшектемеңіз немесе жөндемеңіз. Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар. • Құрылғыны әрқашан сым диаграммасына сай жерге тұйықтаңыз. Жер сымын газ немесе су құбырларының жайтартқышына не телефонның жер сымына жалғамаңыз. Өрттің орын алуы немесе электр тогының соғу қаупі бар.
- Баскару блогының панелі мен қақпағын нық орнатыңыз. Шаң, су және т. б. салдарынан өрт немесе электр тогының соғу қаупі бар. • Дұрыс номиналды ажыратқышты немесе сақтандырғышты пайдаланыңыз. Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар. • Қуат сымын жорамалдап өзгертпеңіз не ұзартпаңыз. Қуат кабелі немесе сым тырналған болса, немесе тері қабыршақтанса немесе бұзылса, онда оны ауыстыру керек. Өрттің орын алуы немесе электр тогының соғу қаупі бар.
- Орнату жұмысы үшін дилерге немесе өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Өрттің орын алуы, электр тогының соғуы, жарылыс не зақымдалу қаупі бар. • Құрылғыны ақаулы орнату тұғырына орнатпаңыз. Орнатқан аумақ уақыт өткен сайын нашарламайтынына көз жеткізіңіз. Бұл құрылғының құлауына әкелуі мүмкін.
- Сыртқы құралды жылжымалы негізге немесе құлауы мүмкін жерге орнатпаңыз. Сыртқы құрал құласа, зақымдауы, жарақаттауы немесе тіпті адам өліміне әкелуі мүмкін.
- Сыртқы құрылғыда өсу конденсаторы жоғары кернеу электрін электр құрамдастарына қамтамасыз етеді. Жөндеу жұмысын жүргізууден бұрын конденсаторды толығымен зарядын бітіріңіз. Зарядталған конденсатор электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
- Құрылғыны орнатқан кезде құрылғымен қамтамасыз етілген орнату жинағын пайдаланыңыз. Әйтпесе, құрылғы құлап, қатты жарақаттауы мүмкін.
- Кіріс немесе шығыс сым қосылымдары мықтап бекітілуі керек және қосылым клеммаларынан ешқандай кабельді тарту күші болмайтындай етіп кабель дұрыс бағытталуы керек. Дұрыс емес немесе бос қосылымдар жылу бөлінуге немесе өртке әкелуі мүмкін. • Қаптама материалдарын қауіпсіз түрде қоқысқа тастаңыз. Орнату немесе қызмет көрсетуден кейін бұранда, шеге, батарея, бұзылған заттар және т.б. сияқты бөлшектерді алып, пластикалық қаптаманы тастаңыз. Балалар олармен ойнап жарақаттануы мүмкін. • Хладагенттің пайдаланылуын тексеріңіз. Құрылғыдағы жапсырманы оқыңыз. Пайдаланылған дұрыс емес хладагент құрылғының қалыпты жұмыс істеуіне кедергі етуі мүмкін.
- Алдыңғы панель, корпус, жоғарғы қақпақ, басқару жәшігінің қақпағы жоқ кезде немесе ашық тұрғанда, автоматты өшіру құралын немесе қуатты қоспаңыз. Болмаса, өрт, электр тогының соғуы, жарылыс немесе өлім орын алуы мүмкін. • Ағатын жерлерін тексергенде немесе ауамен тазартқанда вакуумдық сорғыны немесе инертті газды (азот) қолданыңыз. Ауаны немесе оттегіні сығуға және жанғыш газдарды пайдалануға болмайды. Болмаса, өрт немесе жарылыс орын алуы мүмкін. Өлім, жарақат алу, өрт немесе жарылыс қаупі бар.
- Жабдықты үздіксіз жұмыс істеп тұратын жану көзі жоқ бөлмеде сақтау қажет. (мысалы: ашық жалын, жұмыс істеп тұрған газ құрылғысы немесе электрлік жылытқыш).
- Өндіруші ұсынғаннан басқа мұзды еріту немесе тазалау процесін тездететін құралдарды пайдалануға болмайды.
- Салқындату циклінің бөлігін тесуге немесе күйдіруге болмайды.
- Суық агенттер иіс шығаруы мүмкін екендігін естен шығармаңыз. • Тиісті желдету саңылауларының бітелуіне жол бермеңіз.
- Жабдық жақсы желдетілетін аймақта, бөлменің өлшемі пайдалануға арналған бөлме аймағына сәйкес келетін жерде сақталуы тиіс.
- Зақымдалуына жол бермеу үшін суық агент түтігі қорғалуы немесе қаптамаға оралуы тиіс.
- Қалыпты жұмыс барысында қозғалуы мүмкін ілгіш суық агент жалғағыштарын (мысалы, ішкі және сыртқы құрылғы арасындағы жалғағыш желілерді) механикалық зақымдардан қорғау керек.
- Суық агенттің салқындату жүйесіндегі бөліктерге ағуына мүмкіндік беру үшін балқытып жапсырылатын, дәнекерленетін немесе механикалық қосылымдар клапандарды ашпай тұрып жасалуы тиіс.
- Механикалық қосылымдарға техникалық қызмет көрсету мақсатына қол жеткізілуі тиіс.
- Қызмет көрсету және бөлшектерін ауыстыру кезінде жабдықты электр желісінен ажырату қажет.
- Құрылғы жұмыс істеп тұрған кезде немесе жұмыс істеп тұрғаннан кейін хладагент құбырына, су құбырына немесе ішкі бөліктерге тимеңіз. Бұл күйікке немесе ұсқа әкелуі мүмкін.
- Өнімді параллельді емес немесе ақаулы тұғырға орнатуға болмайды. Бұл жарақаттануды, жазатайым оқиғаны немесе өнімнің зақымдалуын тудыруы мүмкін. • Құрылғы ұлттық электрлік ережелерге сәйкес орнатылады.
Пайдалану
- Құрылғыға су кірсе (суға батқанда), жөндеу үшін қайта пайдаланудан бұрын өкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Өрттің орын алуы немесе электр тогының соғу қаупі бар.
- Қызмет көрсету бөлшектері тізімінде көрсетілген бөлшектерді ғана пайдаланыңыз. Жабдықты өзгертуге әрекеттенбеңіз. Сәйкес емес бөлшектерді пайдалану электр тогының соғуы, қатты жылу бөлінуі немесе өртке әкеледі.
- Құрылғыны су қолмен ұстамаңыз, басқармаңыз немесе жөндемеңіз. Айырды суырғанда қолмен ұстап суырыңыз. Электр тогының соғу немесе өртену қаупі бар.
- Жылытқыш немесе басқа жылыту құрылғысын қуат кабеліне жақын жерге қоймаңыз. Өрт немесе электр тогының соғу қаупі бар.
- Электр бөлшектеріне судың енуіне жол бермеңіз. Құрылғыны су көзінен алшақ орнатыңыз. Өрт, құрылғының зақымдану немесе электр тогының соғу қаупі бар.
- Жанғыш газ немесе тұтанғыш заттарды құрылғы қасында сақтамаңыз немесе пайдаланбаңыз. Өрттің пайда болу қаупі бар.
- Ұзақ уақытқа мықтап жабылған жердегі құрылғыны пайдаланбаңыз. Үнемі желдетіңіз. Оттектің жетіспеушілігі туындап, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
- Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда алдыңғы торды ашпаңыз. (Құрылғы электростатикалық сүзгішпен жабдықталған болса, ұстамаңыз.) Физикалық жарақаттану, электр тогының соғу және құрылғының зақымдалу қаупі бар.
• Құрылғыдан оғаш дыбыс, иіс немесе түтін шыққан жағдайда. Дереу ажыратқышты өшіріп, қуат көзінің кабелін ажыратыңыз. Электр тогының соғу немесе өртену қаупі бар. • Құрылғы пеш немесе басқа жылыту құрылғысымен бірге жұмыс істегенде бөлмені анда-санда желдетіңіз. Оттегі жетіспеушілігі туындап, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. • Өнімді ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, электр қуатының розеткасын ажыратыңыз не ажыратқышты өшіріп қойыңыз. Өнімнің зақымдалу немесе ақаулық пайда болу немесе мақсатсыз жұмыс істеу қаупі бар. • Ешкім, әсіресе балалар сыртқы құрылғыны баспауын немесе үстіне құламауын қадағалаңыз. Бұл жеке жарақат немесе құрылғының зақымдалуына әкелуі мүмкін. • Жұмыс барысында қуат кабелі тартылып немесе зақымдалмайтынына көз жеткізіңіз. Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар. • Қуат кабелінің үстіне ештеңе қоймаңыз. Өрт шығу немесе электр тогының соғу қаупі бар. • Жанғыш газ сыртқа шыққанда газды өшіріп, құрылғыны қосудан бұрын желдету үшін терезені ашыңыз. Телефон пайдаланбаңыз немесе қосқыштарды қоспаңыз не өшірмеңіз. Жарылыс немесе өрт қаупі бар. • Өнімді биіктікте тазартқанда, қызмет көрсеткенде немесе жөндегенде берік орындық немесе тасымал баспалдақты пайдаланыңыз. Мұқият болыңыз және жеке жарақатты болдырмаңыз. • Жылу алмастырғышындағы шаң не тұз бөлшектерін жүйелі түрде (жылына бір реттен көп) сумен тазалау. • Құрылғы демонтажы, хладагент майын төгу және соңғы бөлшектерді алу жергілікті және ұлттық стандарттарға сәйкес орындалуы тиіс.

Орнату
- Құрылғыны екі немесе одан да көп адам көтеріп, тасымалдау керек. Жеке жарақаттанудан сақтаныңыз.
- Өнімді теңіз желі (тұздың бүркуі) тікелей әсер ететін жерге орнатпаңыз. Бұл өнімнің тот басуына әкелуі мүмкін.
- Сығылған судың дұрыс төгілуіне көз жеткізу үшін төгу шлангісін орнатыңыз. Нашар қосылым судың ағуына әкелуі мүмкін.
- Құрылғыны орнатқан кезде деңгейді тегіс ұстаңыз. Дірілдеуді немесе дыбыс шығуын болдырмау үшін.
- Сыртқы құрылғыдан дыбыс немесе ыстық ауа зақымдауы немесе айналаға кедергі етуі мүмкін жерге құрылғыны орнатпаңыз. Бұл көршілерге кедергі етіп, жанжалға әкелуі мүмкін.
- Өнімді орнату немесе жөндеуден кейін әрқашан газдың (суық агенттің) ақпайтындығын тексеріңіз. Суық агент деңгейінің төмен болуы өнімнің бұзылуына әкеліп соғуы мүмкін.
- Суық агент тізбегімен жұмыс істейтін немесе оны ашатын кез келген адам өндірістік салада аккредиттелген бағалау органының жарамды сертификатына ие болуы тиіс, осылайша, оның суық агенттермен салалық бағалау сипаттамасына сәйкес қауіпсіз түрде жұмыс істеуіне сенімді бола аласыз.

- Өнімді орнату немесе орган техникалық қызмет көрсету кезінде жеке қорғаныс құралдарын (ЖҚҚ) қолданыңыз.
- Қамту сымы бүлінген болса, ол қызмет көрсету агентінің өндірушісі тарапынан берілетін арнайы сым не жинағымен ауыстырылуы қажет. • Құбырлар қосылымы физикалық зақымнан қорғалуы тиіс.
- Өнімді орнату кезінде деңгейді параллель ұстаңыз. Олай болмаған жағдайда, ол діріл немесе су ағып кетуі мүмкін. Бұл жарақатқа немесе апатқа себеп болуы мүмкін. • LG Electronics компаниясының кондиционерлерін лицензиясы бар кәсіпқой орнатушы маманнан басқа тұлға орнатса, кепілдіктің күші жойылады.
- Жөндеуге қатысты барлық шығындар толығымен иесінің жауапкершілігіне жатады. • Ажырату құралы сымдық ережелерге сәйкес тіркелген сымдарға қосылуы тиіс. • Тәкпе құбыршегін тәкпе құбырға немесе ақаба су құбырына енгізуге болмайды. Жаман иіс шығуы мүмкін және бұл жылу алмастырғыштың немесе құбырдың жемірілуіне әкеледі. • Блокты ықтимал жарылғыш атмосфераларда орнатуға болмайды.
Пайдалану
• Құрылғыны азықты сақтау, өнер туындылары және т. б. сияқты арнайы мақсат үшін пайдаланбаңыз. Бұл белгілі бір мұздату жүйесі емес, тұтынушылық ауа салқындатқыш. Зақымдалу немесе мүліктен айырылу қаупі бар. • Ауа ағынының кірісін немесе шығысын бітемеңіз. Бұл өнімнің бұзылуына алып келуі мүмкін. • Құрылғыны тазалау үшін жұмсақ шүберекті пайдаланыңыз. Өткір тазалау құралдарын, еріткіштерді пайдаланбаңыз немесе су шашпаңыз. Өрт, электр тогының соғу немесе құрылғының пластикалық бөлшектерінің зақымдалу қаупі бар. • Ауа сүзгісін шығарып алған кезде бұйымның металл бөліктеріне тимеңіз. Денеге зақым келтіру қаупі бар. • Құрылғыны баспаңыз немесе үстіне ешнәрсе қоймаңыз. (сыртқы бөлім) Жеке жарақат немесе құрылғының ақаулану қаупі бар. • Тазалаған соң әрқашан сүзгішті мықтап енгізіңіз. Сүзгішті әр екі апта сайын немесе қажет болса, одан да жиі тазалаңыз. Лас сүзгіш тиімділікті азайтады. • Құрылғы жұмыс істеп тұрғанда кіріс немесе шығыс арқылы қолыңызды немесе басқа затты кіргізбеңіз. Жеке жарақатқа әкелуі мүмкін өткір және жылжымалы бөлшектер бар. • Өнімді қаптан шығару және орнату кезінде абай болыңыз. Өткір шеттері жарақаттауы мүмкін. • Жөндеу жұмысын жүргізген кезде хладагент газы сыртқа шықса, хладагент газына тимеңіз. Хладагент газы мұздауға әкеледі (суық күйік). • Оны алғанда немесе жойғанда еңкейтпеңіз. Ішіне конденсациялық су кіріп кетуі мүмкін. • Жүйеде пайдаланылатын, көрсетілген хладагенттен басқа ауа немесе газды араластырмаңыз. Хладагент жүйесіне ауа кіріп кетсе, шамадан тыс қысым пайда болып, жабдықтың зақымдалуы немесе жарақатқа алып келуі мүмкін. • Орнату барысында хладагент газ ағып кетсе, аймақты дереу желдетіңіз. Әйтпесе, ол денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. • Құрылғы демонтажы, хладагент майын төгу және соңғы бөлшектерді алу жергілікті және ұлттық стандарттарға сәйкес орындалуы тиіс.
• Қашықтан басқару пультіндегі барлық батареяларды жаңасымен ауыстырыңыз. Ескі және жаңа батареяларды немесе әртүрлі батареяларды араластырмаңыз. Өрт немесе құрылғы ақаулығының орын алу қаупі бар.
• Батареяларды қайта зарядтамаңыз немесе бөлшектемеңіз. Батареяларды отқа жақындатпаңыз. Олар жанып, жарылуы мүмкін.
- Батареялардан шыққан сұйықтық денеңізге немесе киіміңізге тиіп кетсе, таза сумен жақсылап жуыңыз. Батареялардан сұйықтық ағып кетсе, қашықтан басқару пультін пайдаланбаңыз. Батареялардағы химиялық заттар күйдіруі мүмкін немесе денсаулыққа басқа да кесірін тигізуі мүмкін.
• Батареядан аққан сұйықтықты жұтып қойсаңыз, ауыз қуысын мұқият шайып, содан соң дәрігерге хабарласыңыз. Бұл талапты орындамау салдарынан денсаулыққа қатты зиян келуі мүмкін.
- Ылғалдылық өте жоғары болған жағдайда және есік немесе терезе ашық қалған жағдайда, ауа салқындатқыштың ұзақ уақыт бойы қосылуына жол бермеңіз. Ылғал жиналып, жиһазыңызды сулауы немесе зақымдауы мүмкін.
• Ыстық ауаның тарту күшіне теріңізді, балаларды немесе өсімдіктерді жақындатпаңыз. Бұл денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін.
- Өнімнен шыққан суды ішпеңіз. Ол санитарлық талаптарға сай емес және денсаулығыңызға кері әсерін тигізуі мүмкін.
• Құрылғыны биік жерде тазалағанда, қызмет көрсеткенде немесе жөндегенде берік орындық немесе тасымалы сатыны пайдаланыңыз. Сақ болыңыз және жеке жарақатты болдырмаңыз.
• Жабдықты механикалық зақымнан қорғалған күйде сақтау керек.
- Қызмет көрсету жұмыстары тек жабдық өндірушісінің ұсыныстарына сәйкес орындалуы тиіс. Басқа білікті қызметкерлердің көмегі талап етілетін техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары жанғыш суық агенттерді пайдалану тәжірибесі бар адамның бақылауымен орындалуы тиіс.
• Құбырлар желісінің минималды көлемі орнатылуы тиіс.
- Механикалық жалғағыштар сыртта қайта пайдаланылған жағдайда, тығыздауыш бөліктерді жаңарту қажет.
- Ернеуі кең қосылымдар іште пайдаланылған жағдайда, ернеуі кең бөлікті қайтадан жасау қажет.
- Ажыратуға арналған құрылғылар сымдық ережелерге сәйкес тіркелген сымдарға қосылуы керек.
• Бұл құрылғы физикалық, сезгіштік не ақыл-ой мүмкіндіктері шектеулі немесе бақылауда болмаса не қауіпсіздік үшін жауапты тұлға тарапынан құрылғыны пайдалануға қатысты нұсқаулар берілмесе, тәжірибесі және білімі жоқ адамдардың (балаларды қоса) пайдалануына арналмаған. Балалардың құрылғымен ойнамауын бақылау керек.
• Жабдықты қауіпсіз пайдалануға қатысты нұсқаулар берілгенде және қауіпқатерлерді түсінген жағдайда бұл жабдықты 8 жастан асқан және физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі адамдардың пайдалануына рұқсат етіледі. Балалардың бұл жабдықпен ойнауына тыйым салынады. Тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын балалар бақылаусыз жүргізбеуі тиіс.
- Тікелей күн сәулесінен немесе жаңбырдан қорғау үшін блоктың үстіне салынған аспа болған кезде, конденсатордан жылу шығысының шектелмегенін тексеріңіз.
- Блоктың алдыңғы, артқы және бүйір жақтарының айналасында нұсқауышпен көрсетілген кеңістіктің бар болуын тексеріңіз.
- Жылы ауа шығатын жолда жануарлар мен өсімдіктерді орналастырмаңыз.
- Ауа салқындатқыштың салмағын ескеріңіз және шуы мен дірілі ең аз орынды таңдаңыз.
- Ауа салқындатқыштан шығатын жылы ауа мен шу көрші тұрғындардың мазасын алмайтындай орынды таңдаңыз.
- Сыртқы блоктың салмағы мен діріліне төзімді, орнату мүмкіндігі бар орын.
- Қардың немесе жаңбырдың тікелей әсеріне ұшырамайтын орын.
- Қар басу немесе мұз қабатының (сүмелек мұздар) құлау қаупіне ұшырамайтын орын.
- Едені немесе негізі әлсіз емес орын (ғимараттың ескірген бөлігі немесе қар көп жинақталған орын).

Блокты тасымалдау кезіндегі сақтық шаралар
- Егер өнім 20 кг артық тартатын болса, оны жалғыз тасымалдамаңыз.
- Кейбір бұйымдардың қаптауға арналған пластик ленталары болады, оларды өнімді тасу үшін пайдаланбаңыз. Бұл қауіпті.
- Жылу алмастырғыштың қырларын қолмен ұстауға болмайды. Жарақаттануы мүмкін.
- Сыртқы блоктың қаптама материалы қолданыстағы ережелерге сәйкес кәдеге жаратылуы тиіс. Кері жағдайда, пластик пакеттер балалардың тұншығуына әкелуі мүмкін.
- Сыртқы блокты тасымалдау және орнын ауыстыру кезінде оны төрт нүктеде ұстау қажет. Сыртқы блокты 3 жерінен ұстау және тасымалдау оның орнықсыздығына әкелуі мүмкін, бұл өз кезегінде оның құлап кету себебі болуы мүмкін. • Жүк ілгеу үшін ұзындығы кем дегенде 8 м 2 белдікті қолдану
- Қажет болған жағдайда жүк ілгеуіштің блок тұрқысымен түйісетін жерлерінде жұмсақ материалды қолдану.
- Жук ілгеу жүктің ауырлық ортасын ескерумен жүргізілгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана блокты көтеруді жүзеге асыру
ЖАЛҒАҒЫШ ҚҰБЫРЛАР
Құбырларды дайындау
- Орнату кезінде құбыр материалы ретінде қышқылсыздандырылған мысты пайдаланыңыз.
Құбырлар мен кабельді кесіңіз.

Қылауларды кетіру
- Құбырдың/түтіктің кесілген көлденең қима бөлігінен барлық қылауларды кетіріңіз.
- Қылауларды кетірген кезде олар түтіктің ішіне түспеуі үшін, мыс түтіктің/құбырдың ұшын төмен қаратып қойыңыз.
Шырайландыру
| Кубыр диаметрі дюйм (мм) | Дюйм (мм) | |
| Канатты сомын түрі Муфта түрі | ||
| ∅ 1/4 (∅ 6.35) 0. | 04~0.05 (1.1~1.3) | 0~0.02(0~0.5) |
| ∅ 3/8 (∅ 9.52) 0. | 06~0.07 (1.5~1.7) | |
| ∅ 1/2 (∅ 12.7) 0. | 06~0.07 (1.6~1.8) | |
| ∅ 5/8 (∅ 15.88) 0. | 06~0.07 (1.6~1.8) | |
| ∅ 3/4 (∅ 19.05) 0. | 07~0.08 (1.9~2.1) | |

КӨТЕРУ ӘДІСІ
- Тасымалдау тоқтатылғанда құрылғы астындағы арқандармен өтеді және алдыңғы жағы мен артқы жағының әрқайсысында екі тоқтау нүктесі пайдаланылады.
- Әрқашан құрылғыға әсер етпейтіндей етіп құрылғыны төрт нүктеде тіркелген арқандармен көтеріңіз.
- Арқандарды құрылғыға 40° немесе одан кіші бұрышпен тіркеңіз.
Минималды еден ауданы (R32 үшін)
- Жабдықты еден аймағы минималды аймақтан үлкен болатын бөлмеде орнату, пайдалану және сақтау қажет.
- Минималды аймақты анықтау үшін кестедегі графикті қолданыңыз.
- Консоль үлгісін (ЕО нарығы үшін) тек IEC 60335-2-40:2018 Edition 6.0 стандартына сәйкес орнату керек.
IEC 60335-2-40:2013+A1:2016 Edition 5.1, IEC 60335-2-40:2018 Edition 6.0

- m: Жүйедегі суық агенттің жалпы көлемі
- Суық агенттің жалпы көлемі: зауытта толтырылған көлем + қосымша суық агент көлемі
- Амин: минималды орнату ауданы
IEC 60335-2-40:2013+A1:2016 Edition 5.1, IEC 60335-2-40:2018 Edition 6.0, IEC 60335-2-40:2013+A1:2016 Edition 5.1, IEC 60335-2-40:2018 Edition 6.0, IEC 60335-2-40:2013+A1:2016 Edition 5.1, IEC 60335-2-40:2018 Edition 6.0
| Еденде туратын | Еденде туратын | ||
| м (кг) | Амин (м 3) | м (кг) | Амин (м 2) |
| < 1.224 | < 1.842 | ||
| 1.224 | 12.9 | 1.842 | 28.88 |
| 1.4 | 1682 | 2.0 | 3404 |
| 1.6 | 2197 | 2.2 | 4119 |
| 1.8 | 2780 | 2.4 | 4902 |
| 2.0 | 3432 | 2.6 | 5753 |
| 2.2 | 4153 | 2.8 | 6672 |
| 2.4 | 4942 | 3.0 | 7660 |
| 2.6 | 5800 | 3.2 | 8715 |
| 2.8 | 6727 | 3.4 | 9839 |
| 3.0 | 7722 | 3.6 | 11030 |
| 3.2 | 8786 | 3.8 | 12290 |
| 3.4 | 9919 | 4.0 | 13617 |
| 3.6 | 11120 | 4.2 | 15013 |
| 3.8 | 12890 | 4.4 | 16477 |
| 4.0 | 13729 | 4.6 | 18009 |
| 4.2 | 15136 | 4.8 | 19609 |
| 4.4 | 16612 | 5.0 | 21277 |
| 4.6 | 18156 | 5.2 | 23013 |
| 4.8 | 19770 | 5.4 | 24818 |
| 5.0 | 21451 | 5.6 | 26690 |
| 5.2 | 23202 | 5.8 | 28630 |
| 5.4 | 25021 | 6.0 | 30639 |
| 5.6 | 26909 | ||
| 5.8 | 28865 | ||
| 6.0 | 30890 | ||
| Кабыргага орнатылатын | Кабыргага орнатылатын | ||
| м (кг) Амин (м 2) | м (кг) Амин (м 2) | ||
| < 1.224 - | < 1.842 - | ||
| 1.224 1.43 | 1.842 4.44 | ||
| 1.4 1.87 | 2.0 4.83 | ||
| 1.6 2.44 | 2.2 5.31 | ||
| 1.8 3.09 | 2.4 5.79 | ||
| 2.0 3.81 | 2.6 6.39 | ||
| 2.2 4.61 | 2.8 7.41 | ||
| 2.4 5.49 | 3.0 8.51 | ||
| 2.6 6.44 | 3.2 9.68 | ||
| 2.8 7.47 | 3.4 10.93 | ||
| 3.0 8.58 | 3.6 12.26 | ||
| 3.2 9.76 | 3.8 13.66 | ||
| 3.4 11.02 | 4.0 15.13 | ||
| 3.6 12.36 | 4.2 16.68 | ||
| 3.8 13.77 | 4.4 18.31 | ||
| 4.0 15.25 | 4.6 20.01 | ||
| 4.2 16.82 | 4.8 21.79 | ||
| 4.4 18.46 | 5.0 23.64 | ||
| 4.6 20.17 | 5.2 25.57 | ||
| 4.8 21.97 | 5.4 27.58 | ||
| 5.0 23.83 | 5.6 29.66 | ||
| 5.2 25.78 | 5.8 31.81 | ||
| 5.4 27.80 | 6.0 34.04 | ||
| 5.6 29.90 | |||
| 5.8 32.07 | |||
| 6.0 34.32 | |||
| Төбеге орнатылатын | Төбеге орнатылатын | ||
| м (кг) | Амин (м 2 ) | м (кг) | Амин (м 3 ) |
| < 1.224 - | < 1.842 - | ||
| 1.224 0.956 | 1.842 3.64 | ||
| 1.4 1.25 | 2.0 3.95 | ||
| 1.6 1.63 | 2.2 4.34 | ||
| 1.8 2.07 | 2.4 4.74 | ||
| 2.0 2.55 | 2.6 5.13 | ||
| 2.2 3.09 | 2.8 5.53 | ||
| 2.4 3.63 | 3.0 5.92 | ||
| 2.6 4.31 | 3.2 6.48 | ||
| 2.8 5.00 | 3.4 7.32 | ||
| 3.0 5.74 | 3.6 8.20 | ||
| 3.2 6.54 | 3.8 9.14 | ||
| 3.4 7.33 | 4.0 10.13 | ||
| 3.6 8.27 | 4.2 11.17 | ||
| 3.8 9.22 | 4.4 12.26 | ||
| 4.0 10.21 | 4.6 13.40 | ||
| 4.2 11.26 | 4.8 14.59 | ||
| 4.4 12.36 | 5.0 15.83 | ||
| 4.6 13.50 | 5.2 17.12 | ||
| 4.8 14.70 | 5.4 18.46 | ||
| 5.0 15.96 | 5.6 19.85 | ||
| 5.2 17.26 | 5.8 21.30 | ||
| 5.4 18.61 | 6.0 22.79 | ||
| 5.6 20.01 | |||
| 5.8 21.47 | |||
| 6.0 22.98 | |||
ЭЛЕКТР СЫМЫ
- Электр жабдықтарға қатысты техникалық стандарттарды сақтау үшін өз мемлекеттік ұйымның қаулыларын, электроэнергетикалық компаниялардың нұсқаулықтары мен орнату ережелерін сақтаңыз

АБАЙЛАҢЫЗ
Барлық электротехникалық жұмыстарды жүргізу үшін инженер-электршілердің рұқсаты бар екендігіне көз жеткізіңіз, орнату жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарға сәйкес арнайы схемаларды қолданыңыз. Егер электр қоректену желісінің қуаты жеткіліксіз болса немесе электрлік тапшылығы болса, бұл электр тогымен зақымдануға немесе өрттің шығуына әкелуі мүмкін.

Сыртқы құрылғыға немесе В.Д. құрылғысына жалғанған.

Сыртқы блокты жерге тұйықтауға міндетті түрде қосыңыз. Жерге тұйықтау сымын хладагенттің құбырларына, найзағай тартқышқа және телефон желілерінің тұйықтауларына қоспаңыз. Егер жерге тұйықтау толық емес болып табылса, бұл электр тогымен зақымдануға әкелуі мүмкін.
Электр сымын монтаждау бойынша жұмыстарды электр сымының схемасына сәйкес орындаңыз.
- Барлық электр сымдары жергілікті талаптарға сәйкес келуі тиіс.
- Ауа салқындатқыштың электротехникалық сипаттамаларына сәйкес электр қоректену көзін таңдаңыз.
- Жерге жылыстау кезіндегі қорғанысы бар сертификатталған тізбекті ажыратқышты электр қоректену көзі мен құрылғының аралығында пайдаланыңыз. Электр қоректенудің барлық желілерін қалыпты ажырату үшін ажырату құрылғысын орнату қажет.
- Тек білікті қызметкер ұсынған автоматты тізбекті ажыратқыш моделін пайдалануға рұқсат етіледі.
![graph TD A["Электр коректенудн, бас кезі"] --> B["Core-shell"] B --> C["Core-shell"] C --> D["Core-shell"] D --> E["Core-shell"] E --> F["Core-shell"] F --> G["Core-shell"] G --> H["Core-shell"] H --> I["Core-shell"] I --> J["Core-shell"] J --> K["Core-shell"] K --> L["Core-shell"] L --> M["Core-she…](/content/2026/03/546932/images/958c611a678886cfa94a6563192ba3d5ff79d814735d8be590e95549456b970f.jpg)
1)
| Модель (Бжб/саф) | Фаза (∅) | ELCB |
| 14 к/16 к | 1 | 15 А |
| 18 к/21 к/24 к | 1 | 20 А |
| 27 к/30 к | 1 | 25 А |
• Толық электрлік сипаттамаларды ӨТДК-ден қараңыз. - Сымдарды басқару тақтасындағы клеммаларға сыртқы блок қосылымына байланысты жеке-жеке жалғаңыз. - Сыртқы блок сымдарының түсі мен клемма нөмірі ішкі блоктағымен бірдей екенін тексеріңіз. • Ішкі блок пен сыртқы блок арасындағы қосқыш желі ұзындығы 40 метрден асып кетсе, байланыс желісі мен қуат желісін бөлек жалғаңыз. - Байланыс кабелі сыртқы блоктың басқару тақшасының клеммалық негізіне қосылуы тиіс (шартты белгіленуі 60245 IEC 57)
Жолсеріктердің минималды көлденең қимасы
| А жабдығының номиналды кернеуі | Номиналды көлденен кима аймағы мм2 |
| ≤6 0.75 | |
| >6 және ≤10 1.0 | |
| >6 және ≤10 1.5 | |
| >16 және ≤25 2.5 | |
| >25 және ≤32 4 | |
| >32 және ≤40 6 |
Оңтайлы жұмыс істеуін қамтамасыз ету және бұзылуын алдын алу үшін өнімді тазартып тұрыңыз.

ЕСКЕРТУ
- Қызмет көрсетпес бұрын электр қуатын өшіріп, сымды ажыратыңыз, әйтпесе ток соғуы мүмкін.
- Сүзгілерді тазартқанда температурасы 40 °С жоғары суды пайдаланбаңыз. Ол пішінін немесе түсін өзгертуі мүмкін.
- Сүзгілерді тазартқан кезде бүркілетін құралдарды пайдаланбаңыз. Олар өнімнің бетін зақымдауы мүмкін.
Жұмыс кеңестері!
• Бөлмені шамадан тыс салқындатпаңыз.
Бұл денсаулыққа зиянды, әрі электр қуаты көп жұмсалады.
• Перделерді жауып қойыңыз.
Ауа салқындатқыш жұмыс істеп тұрған кезде бөлмеге тікелей күн сәулесінің түсуіне жол бермеңіз.
- Бөлме температурасын бірқалыпты деңгейде ұстаңыз.
Бөлмедегі температураның бірқалыпты болуын қамтамасыз ету үшін ауа ағынының тік және көлденең бағытын реттеңіз.
- Есіктер мен терезелердің мықтап жабылғанына көз жеткізіңіз.
Бөлмеде салқын ауа лебін сақтау үшін есіктер мен терезелерді ашпаңыз.
• Ауа сүзгісін жиі тазалаңыз.
Ауа сүзгісіндегі кедергілер ауа ағынын азайтып, салқындату мен құрғату әсерлерін төмендетеді. Кемінде екі аптада бір рет тазалаңыз.
• Бөлмені кейде желдетіп тұрыңыз.
Терезелер жабық болғандықтан, оларды кейде ашып бөлмені желдетіп тұрған жөн.



