BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - гриль табасы

MultiGrill 9 CG 9040 - гриль табасы BRAUN - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз MultiGrill 9 CG 9040 BRAUN PDF форматында.

📄 370 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы
Notice BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - page 308
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы MultiGrill 9 CG 9040 BRAUN

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық пошта жеке болып қалады: ол тек сіздің сұрағыңызға біреу жауап берген жағдайда хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз гриль табасы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз MultiGrill 9 CG 9040 - BRAUN және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. MultiGrill 9 CG 9040 брендінің BRAUN.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ MultiGrill 9 CG 9040 BRAUN

Қауіпсіздік шаралары

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Қауіпсіздік шаралары - 1

Kayinti!

Мүндай ескертуді елемеу электр тогына түсу салдарынан өмірге қауіп төндіретін жаракатқа себеп болуы мүмкін.

  • Кұрылғыны розеткаға қоспас бұрын, мынаған көз жеткізіңіз:
  • құрылғының төлқұжат жапсырмасында көрсетілген кернеуі үйдегі розетканың кернеуіне сәйкес болуы керек;
  • розетка жерге түйыкталған болуы керек және онда кемінде 16 А куат болуы керек.
  • кәсіби немесе дұрыс емес қолдану немесе нұсқауларды орындамау өнім жасаушысын барлық, жауапкершіліктерден босатады.

- Кұрылғыны пайдалану барысында қуат сымы ыстық болуы мүмкін бөліктерге тиіп кетпесін. Егер қуат сымы зақымданса, барлық қауіп- қатерлерді жою үшін оны өнім жасаушысы немесе өнім жасаушысыныңтұтынушылық қызметтері ауыстыруы керек.

- Кұрылғыны жинап қоймас бұрын, пісіру плиталарын алыңыз немесе тазалау және күтім көрсету әрекетін орынданыз, құрылғыны өшіріп, ашасын розеткадан суырыңыз. Құрылғының толық салқындағанына көз жеткізіңіз.

- Курылғыны ешкашан сыртта пайдаланбаңыз.

- Кұрылғыны ешкашан суға батырмаңыз.

- Бул құрылғыны таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен пайдаланылмауы керек.

- Ағымдағы қауіпсіздік ережелеріне және стандарттарына сай ұзарту сымдарын ғана пайдаланыңыз. Олар тиісті қиылысу бөлігімен дұрыс жұмыс күйінде түрғанына көз жеткізіңіз.

Мүндай ескертуді елемеу жаракаттануға немесе құрылғыны зақымдауға себеп болуы мүмкін.

- Бул кұрылғы тамақ пісіруге арналған. Оны ешкашан басқа мақсаттар үшін пайдалануға, кез келген түрде құрылымын өзгертуге немесе жасанды түрі жасалмауы керек.

- Бүл тек үйде пайдалануға арналған құрылғы. Дүкендердегі, офистердегі және басқа жұмыс орталарындағы қызметкерлер тамақтанатын орындарда; фермаларда; қонақүйлердегі, мотельдердегі және басқа қонақ күту орталарындағы клиенттерге; төсек және таңғы ас беретін орталарда.

- Бул құрылғыны 8 жастан аскан балаларға, қозғалу, сезу немесе ойлану мүмкіндіктері шектелген адамдарға немесе осы құрылғыға қатысты тәжірибесі немесе білімі жоқ адамдарға тек оларға ықтимал қауіп-қатерлер мен құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалану туралы нұсқау берілгенде және олар бақыланғанда ғана пайдалануға болады. Балалардың құрылғымен ойнамауы керек.

- Балалар сегіз жастан аспаған болса және үнемі бақылауда болмаса, тазалауды және пайдаланушы орындайтын техникалық күтімді балалар 8 жастан аспаса және бақылауда болмаса орындамаулары керек. Құрылғыны және оның сымын 8 жастан аспаған балалардан аулақ ұстаңыз.

  • Кұрылғыны балалардың қолдары жететін жерде немесе пайдаланылып жатқан кезде қараусыз қалдырмаңыз.
  • Кұрылғыны ешкашан пісіру плитасынсыз пайдаланбаңыз.
  • Кұрылғыны жинап қоймас бұрын оның толық салқындағанын күтіңіз.
  • Кұрылғыны қолдану барысында жылжытпаңыз.

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Kayinti! - 1

Күйіп қалу қаупі бар!!

Мүндай ескертуді елемеу күйіп қалуға әкеп соктырады.

  • Кұрылғы қолданып жатқан кезде, оның сырты беттері өте ыстық болуы мүмкін. Қажет болса әрқашан түтқаны (2) немесе ас пісіру қолғабын пайдаланыңыз.

- Кұрылғы толық салқындаған кезде пісіру плиталарын ешкашан алмаңыз немесе ауыстырмаңыз.

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Күйіп қалу қаупі бар!! - 1

Ескеріңіз:

Бүл таңба пайдаланушыға арналған ұсыныстарды және маңызды ақпаратты білдіреді.

- Өрт қаупінің алдын алу үшін тамақты полиэтилен қабықшамен, жұқа фольгамен немесе полиэтилен қалталармен орап пісірмеңіз.

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Ескеріңіз: - 1

Бүл құрылғы тағам тиетін материалдар мен керек-жарактарға қатысты ЕО-тың 1935/2004 ережесіне сай.

СИПАТТАМА

  1. Herizrì bəlɪk және жапқыш: өздігінен реттелетін жапқышы бар мықты тот баспайтын болаттан жасалған құрылым.
  2. Тутка: жоғарғы плитаны/жапқышты тамақтың қалынддығына сай реттейтін қатты құйма металдан жасалған түтка.
  3. Плиталарды босату түймелері: плитаны босату және шығару үшін басыңыз.
  4. Отка кактау плитасын бекіту/босату куралы

  5. Ілгекті босату тетігі: жалпақ бағытта тамақ пісіру үшін құрылғыны толық ашып қоюға мүмкіндік береді.

  6. Кыздыруды реттеу тетігі: жоғарғы плитаны/жапқышты тиісті биіктікке реттеуге, престеуді қажет етпейтін тағамды дайындауға арналған.

  7. ON (Косу) шамы.

  8. Start/stop (Бастау/токтату) түймесі.

  9. t yaқыт түймесі: пісіру уақытын реттеуге (азайтуға) арналған.

  10. s yaçыт түймесі: пісіру yaқытын реттеуге (көбейтуге) арналған.

  11. Төменгі плитаны "кептіру" түймесі.

  12. Төменгі плита термостатының тетігі: температураны 60°C-тан 230°C-қа дейін реттеуге немесе төменгі плитаны өшіруге арналған.

  13. Жоғарғы плитаны "кептіру" түймесі.

  14. Жоғарғы плита термостатының тетігі: температураны 60°C-тан 230°C-қа дейін реттеуге немесе жоғарғы плитаны өшіруге арналған.

  15. Алынбалыплиталар:тамаçжабыспайды, выдыс-аяк жуғышта жууға болады, оңай тазаланады. ПЛИТАЛАР САНЫ МЕН ТУРІ УЛГІГЕ ҚАРАЙ ӘР ТУРЛІ БОЛУЫ МУМКІН.

15a.Отка қақтау плиталары: стейкті, гамбургерді, тауық етін және көкөністерді куаруға өте ыңғайлы.

15b.Шүңғыл плиталар: керемет құймак, жұмыртқа, бекон және шаянтектестерді дайындауға арналған.

  1. Май жинау науасы: құрылғыға біріктірілген және оңай тазалау үшін алынады.

  2. Тазалаукүралы: плиталардыпайдаланып болған соң тазалауға көмектеседі.

БІРІНШІ РЕТ ПАЙДАЛАНУ

Плитадан барлық орам материалдары мен жапсырмаларды алыңыз. Орам материалдарын тастамас бұрын, жаңа құрылғының барлық бөліктерін шығарғаныңызға көз жеткізіңіз. Біз қорап пен орам материалдарын болашакта қайта пайдалану үшін сақтап қоюды ұсынамыз.

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - БІРІНШІ РЕТ ПАЙДАЛАНУ - 1

Ескеріңіз: Пайдаланбас бұрын, негізгі

бөлікті, жапқышты және тетіктерді дымқыл шүберекпен тасымалдау барысында жиналған шаңды алу үшін тазалаңыз. Пісіру плиталарын, май жинау науасын және тазалау құралын мұқият тазалаңыз. Плиталарды, май жинау науасын және қалақты ыдыс жуғышта жууға болады.

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - БІРІНШІ РЕТ ПАЙДАЛАНУ - 2

Ескеріңіз: Кұрылғыны алғаш рет

пайдаланған кезде, одан аздап жағымсыз иіс немесе түтін шығуы мұмкін. Бүл қалыпты нәрсе және жабысудан қорғау қабаты бар барлық құрылғыларда болып тұрады. Құрылғы қолданыстан (кемінде 30 минуттан соң) кейін толық суыған соң плиталарды тазалауға арналған тазалау құралымен жабдықталған. Тазалау құралын тамақ пісіру барысында қалдық тамақ пен майды кетіру үшін бірнеше секунд пайдалануға болады. Егер бүл құралды әлі де ыстық плиталарды тазалау үшін ұзак ұакыт бойы пайдалансаңыз, құрал балқып кетуі мұмкін.

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Ескеріңіз: Кұрылғыны алғаш рет - 1

Ескеріңіз: алынбалы отка қактау

плиталары (отка қақтау және шүңғыл) құрылғыда толығымен ауыстырып салуға болатын нәрселер болып табылады.

Пісіру плиталарын салу

- Кұрылғыны жалпақ күйде орналастырыңыз (1-суретті көріңіз). Бір уақытта бір плитаны салыңыз.

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Пісіру плиталарын салу - 1

- Әрбір плитаны жоғарғы не төменгі корпустың кез келгеніне енгізуге болады (2-суретті көріңіз).

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Пісіру плиталарын салу - 2

text_image CLICK 2

Плиталарды алу

Құрылғыны жалпак күйде орналастырыңыз. Оң жақтағы плитаны босату түймелерін (3) анықтаңыз. Плитаны негізгі бөліктен шығарып алу үшін, осы түймені сенімді түрде басыңыз. Плиталардыекі қолыңызбенұстан, металл тіректердің бойымен сырғытыңыз және оны негізгі бөліктен алып тастаңыз. Екінші плитаны шығарып алу үшін дәл осындай әрекетті орындай отырып, басқа босату түймесін басыңыз.

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Плиталарды алу - 1

Куйіп қалу қаупі бар!! Құрылғы

салқындаған кезде пісіру плиталарын ешқашан алмаңыз немесе ауыстырмаңыз.

Май жинау науасын орналастыру

Тамақ пісіру барысында май жинау науасы құрылғының артындағы өзінің корпусына салынған болуы керек. Тамақтан шығатын май плитадағы тесікке қарай ағады және науаға жиналады.

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Май жинау науасын орналастыру - 1

Ескеріңіз: Тамақ пісіру барысында май

жинау науасын жи-жиі тексеріп, толған кезде артық майды төғу үшін шығарып алыңыз.

Тамак пісірген сон, жиналған майды тиісті жолмен қоқысқа тастаңыз.

Май жинау науасын выдыс жуғыш машинада жууға болады.

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Ескеріңіз: Тамақ пісіру барысында май - 1

Манызды! Тамак, пісіру кезінде назар быңыз.

Құрылғыны ашу үшін, салқын күйде қалатын түтқаны ұстаңыз. Алюминий құймасынан жасалған бөліктер қатты қызады, тамақ пісіру кезінде оған тиіп кетпеңіз және тамақ пісіріп болған соң дереу оны ұстауға болмайды.

Құрылғымен кез келген операцияны орындамас бұрын, оны кемінде 30 минутқа суытып қойыңыз.

Тамакты тек май жинау науасы орнында болған кезде ғана пісіріңіз. Май жинау науасын құрылғы толық суығанша босатпаңыз. Сүйықтың төгіліп кетуінен сақтану үшін май жинау науасын алу барысында абай болыңыз.

ТАМАК ПІСІРУ КУЙЛЕРІ

Отка тигізіп қақтау (жабық күйде)

- Жоғарғы плита төменгі плитаға қойылады. Бүл – бастапқы күй және құрылғы тигізіп пісіру плитасы ретінде пайдаланылған кезде тамақ пісіруге болатын күйлердің бірі. Жапқыш плитадағы тамақтың қалындығын автоматты түрде реттейді.

Осылайша, тамактың екі жағы да біркелкі болып піседі.

Тигізіп пісіру плитасы – гамбургерлерді, сүйектері алынған етті, жұқа ет тіліктерін, көкөністерді және сәндвичтерді пісіруге өте ыңғайлы нәрсе. "Contact" (Тигізіп пісіру) функциясы тамақты жылдам және пайдалы етіп дайындауға өте ыңғайлы. Тигізіп пісіру плитасын пайдаланған кезіңізде, тамақ тезірек піседі, себебі оның екі жағы да плитаға тиіп тұрады (3-суретті көріңіз).

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Отка тигізіп қақтау (жабық күйде) - 1

Тамактан шыккан май ағады және плитадағы ойықтар мен артқы тесіктер арқылы май жинау науасына құйылады. Құрылғыда тамақтың қалындығына сай жоғарғы плитаны реттеуге болатын арнайы түтқа мен ілгек болады. Егер тигізіп пісіру плитасын пайдаланып тамақтың бірнеше түрін бір уақытта

пісіргіңіз келсе, жапқыш түзу жабылуы үшін әр тамақтың қалындығы бірдей болу керек.

Open Grill (Ашык, отка қақтау)

- Жоғарғы плита төменгі плитамен деңгейлес қойылады. Төменгі плита мен жоғарғы плита бір үлкен пісіру плитасын жасай отырып, бір деңгейде болады. Бүл бағытта құрылғы отқа қақтау плитасымен немесе шүңғыл плитамен кәуап пісіру күйінде пайдаланылады. Құрылғыны осы күйге орналастыру үшін, алдымен оң жақтағы ілгекті босату тетігін табыңыз. Түтқаны сол және оң қолмен ұстан, босату тетігін жоғары қарай сырғытыңыз (4-суретті көріңіз).

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Open Grill (Ашык, отка қақтау) - 1

Түтқаны жапқыш жалпақ күйге төңкеріліп қойылғанша артқа қарай итеріңіз (5-суретті көріңіз).

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Open Grill (Ашык, отка қақтау) - 2

Босату тетігін тартқанға дейін түтқаны аздап көтеру ілгекке түсетін күшті азайтады да, әрекетті оңайлатады.

Бүл құрылғыны гамбургерлер, стейк, тауық еті және балық пісіру үшін отқа қақтау/кәуап пісіру құралы ретінде қолдануға болады. Отқа қақтау/кәуап режимі – ең әмбебап режим. Бүл режимде отқа қақтау плиталары ашық

және пісіру бетін жұптастыру күйлерінде бола алады. Әр түрлі немесе бір түрлі тағамдардың бірнешеуін дәмдерін араластырмай, бөлек табақшаларда пісіре аласыз. Отқа қақтау/кәуап күйін әр түрлі қалыңдықтағы ет бөлшектерінің әрбіреуін қалаған пісіру деңгейінде құыру үшін пайдалануға болады. Бүл режимде тамақ пісірген кезде, тамақты аударып түру керек.

Сонымен қатар, бүл құрылғыны таңғы ас үшін құймақтар, жұмыртқалар, сыр, фриттер, бекон және шұжықшалар пісіруге арналған таба/кәуап құралы етінде де пайдалануға болады (б-суретті көріңіз).

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Open Grill (Ашык, отка қақтау) - 3

Кең тамақ пісіру беті әр түрлі тағамның бірнешеуін немесе бір түрлі тағамның бірнешеуін бір уақытта пісіруге мүмкіндік береді.

Бүл күй (7-суретіт көріңіз) баяу және біркелкі қақталуы керек қалың тағамдарды тигізбей отқа қақтауға ыңғайлы.

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Open Grill (Ашык, отка қақтау) - 4

Бүл кұрамында суы көп көкөністерді дайындауға өте қолайлы, себебі ол суды буландырып жібереді.

Осы ыстық плита күйін жұмсақ сэндвичтер мен престеуді қажет етпейтін тағамдарды дайындау үшін пайдалануға да болады.

  • Тамакты төменгі плитаға қойыңыз.
  • Түткадан устап тұрып, жоғарғы плитаны

тамакка жақын қойыңыз (А сур.).

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Open Grill (Ашык, отка қақтау) - 5

- Биіктікті реттеу тетігін (6) бураңыз (В сур.).

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Open Grill (Ашык, отка қақтау) - 6

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Open Grill (Ашык, отка қақтау) - 7

  • Жоғарғы плита орнына бекітіледі. Биіктікті реттеудің 4 күйі бар.
  • Жоғарғы плитаны әрі қарай көтергенде реттеу жүйесі автоматты түрде босатылады (С сур.).

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Open Grill (Ашык, отка қақтау) - 8

- Биіктің орнатылған сон, әрі қарай реттеуді тек тетікті тартып шығару және жаңа күйді орнату арқылы орындауға болады (D сур.).

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Open Grill (Ашык, отка қақтау) - 9

text_image D OVEN GRILL

ПАЙДАЛАНУ

дрекет

Кұрылғы дұрыс дайындалғанда және тамақ пісіруге дайын болғаныңызда, температураны әрбір отқа қақтау плитасы (жоғарғы және төменгі) үшін 60°C-тан 230°C-қа дейін бөлек орната аласыз (12 және 14 термостат тетіктерімен).

Start/stop (Бастау/токтату) түймесін басыңыз, ON (Қосулы) шамы жанады. Орнатылған температураға қарай бүл құрылғы біраз уақыт ішінде қызады. Термостат қажетті температураға жеткен кезде, құрылғы дыбысты сигнал шығарып, пайдалануға дайын болады. Дисплейде "READY" (Дайын) хабары пайда болады.

Тамақ пісіру барысында, пісіріліп жатқан тамақ түріне қарай температура кез келген уақытта өзгеріп тұруы мүмкін.

Таймер функциясы

Дисплейде "READY" (Дайын) жазуы пайда болған кезде, пісіру күйін таңдап ("Пісіру күйі" бөлімін көріңіз), тамакты плиталарға қойыңыз. пісіру уақытын таймер түймелерін (9 және 10) басу арқылы таңдауға болады; бүл жағдайда, тамак пісіру уақытының соңында құрылғы автоматты түрде өшіп, "END" (Аяқталды) жазуы көрінеді. Құрылғыны қайта іске қосу үшін, start/stop (бастау/токтату) түймесін басыңыз (8). Тамак піскен кезде, тамак пісіру уақытын таңдамаған болсаңыз, start/stop (бастау/ токтату) түймесін басу немесе термостат тетіктерін (12 және 14) бұрау арқылы курылғыны өшіріңіз.

i Ескеріңз: егерешбіруақыт таңдалмаған болса, құрылғы 90 минут жұмыс істегеннен кейін автоматты түрде өшеді.

Кептіру функциясы

Бүл мүмкіндік жоғарғы және/немесе төменгі плиталарды жоғарырақ температураларға бірнеше минут қыздырады. Бүл пісіру алдында кептіруді қажет ететін тамақтарды пісіруге өте қолайлы (қалың ет үшін өте ыңғайлы). Start/stop (бастау/токтату) түймесін басып, кептіру түймелерін басу арқылы плиталарды (11 және 13) қыздырыңыз. Алдын ала қыздыру барысында дисплейде "SEAR" (Кептіру) жазуы жыпылықтайды. Термостат қажетті температураға жеткен кезде, құрылғы дыбысты сигнал шығарады және дисплейде "sear" (кептіру) жазуы пайда болады. Тамақты плиталарға дерев қойыңыз. Цикл бірнеше минутта аяқталып, дисплейдегі "sear" (кептіру) жазуы жоғалады.

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Кептіру функциясы - 1

Ескеріңіз: Бүл функцияны 30 минут е тек бір рет пайдалануға болады.

Осы циклден кейін, егер 30 минут ішінде кептіру түймесін бассаңыз, дисплейде "sear" (кептіру) жазуы жыпылықтап, кейін өшеді. Бүл операция басқару тактасында орнатылмайды.

Вафли режимі (eger косымша вафли плиталарыңыз болса)

  • Вафли плиталарын (15c/15d) 1-суретте көрсетілгендей етіп салыңыз. Мүндай жағдайда плиталарды ауыстырып салып отыру мүмкін болмайтынын және әрқайсысының, орны 8-суретте көрсетілгендей болуы керектігін ескеріңіз.
  • Төменгі плита құрылғыға салынған сон, дисплейде 000 пайда болады.
    Термостат тетіктерін вафли параметріне бұрап, start/stop (бастау/токтату) түймесін басыңыз.

- Курылғы алдын ала қыздыру

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Вафли режимі (eger косымша вафли плиталарыңыз болса) - 1

text_image 15c 15d 8

кезецін бастайды. Термостат кажетті температураға жеткен кезде, құрылғы дыбысты сигнал шығарып, пайдалануға дайын болады. Дисплейде "READY" (Дайын) хабары пайда болады.

  • Плиталарды ерітілген сары маймен жукалап майланыз
  • Әрбір вафли пісіру аймағына бір мөлшер кесе құйыңыз.
  • Сары майды аздап жағып, кұрылғыны жабыңыз.
  • Рецептілерде көрсетілген уақытқа сай пісіріңіз.

Таймерді орнатсаңыз, пісіру циклінің соңында үш дыбысты сигнал шығады, таймер жоғалады және дисплейде "END" (Аяқталды) хабары көрінеді; құрылғы автоматты түрде өшеді. Егер уақытты таңдамасаңыз, соңғы вафли пісуге жақындаған кезде құрылғыны өшіру үшін "start/stop" (бастау/токтату) түймесін басыңыз.

- Косымша вафлилер пісіру ўшін төменгі вафли плитасына май қосып, жоғарыдағы кадамдарды орынданыз.

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Вафли режимі (eger косымша вафли плиталарыңыз болса) - 2

Маңызды! вафлиді плитадан алу кезінде металл құралдарды пайдаланбаңыз, себебі олар жабысудан қорғау қабатын зақымдауы мүмкін.

Пайдаланушы көрсететін күтім

- Плиталардың жабысудан қорғайтын қабатын зақымдайтын металдан жасалған тазалау құралдарды ешкашан пайдаланбаңыз. Ағаш немесе ыстыққа шыдамды пластмасса құралдарды

пайдаланыңыз.

  • Пластмассадан жасалған құралдарды, сонымен қатар, берілген тазалау құралын ешкашан ыстық, плиталарға тиген күйінде қалдырып кетпеціз.
  • Бір тамакты пісіріп болғаннан кейінгі келесі тамакты пісіруге дейінгі уақыт аралығында тамактың қалдықтарын май ағу тесігі арқылы алып, оларды май жинау науасына жинап салыңыз, одан кейін сіңіргіш ас бөлме қағазымен тазалаңыз және келесі тамақ пісіру операциясына жылжыңыз.
  • Кұрылғыны тазалау алдында құрылғыны кемінде 30 минутка суытып қойыңыз.

Тазалау және күту

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Тазалау және күту - 1

Ескеріңіз: Кұрылғыны тазаламас бұрын, оның толық салқындағанына көз жеткізіңіз.

Тамак пісіріп болған сон, құрылғыны ӨШІРІП, розеткадан ажыратыңыз. Құрылғыны кемінде 30 минутқа сувытып қойыңыз.

Плиталардағы кез келген тағам қалдығын жою үшін берілген арнайы құралды пайдаланыңыз. Құралды қолмен немесе ыдыс жуғыш құрылғыда жууға болады. Май жинау науасын босатыңыз. Май таму науасын қолмен немесе ыдыс жуғыш құрылғымен жууға болады.

Плиталарды құрылғыдан шығарып алу үшін, плитаны босату түймелерін (3) басыңыз. Оларды түртпес бұрын, олардың толық суығанына көз жеткізіңіз. Пісіру плиталарын ыдыс жуғышта жууға болады, дегенмен, ыдыс жуғышта жиі жуу оның сыртқы қабатының қасиеттерін нашарлатуы мүмкін. Сондықтан пісіру плитасының сыртын жұмсақ жуғыш қоспа қосылған суға батырылған жұмсақ губкамен немесе шуберекпен жуған дұрыс болады.

Плиталарды тазалау үшін металл күралдарды пайдаланбаңыз.

ТЕХНИКАЛЫК, СИПАТТАМАЛАРЫ

Бүйым түрі:өнімdegі таңбалауға қараңыз
Улгі:
Кернеу:
Жиілік:
Куаты:

Кытайда:

De'Longhi Appliances s.r.l. via L.Seitz, 47 - 31100 Treviso Italy

Де'Лонги Апплайансиз с.р.л. Виа Л. Зейц, 47 31100 Тревизо Италия ўшін жасалған.

Кедендік одактар териториясында тутынушыларға тасымалдау үшін жауап кершілікті және импортер:

"Делонги" ЖШК

127055 Ресей, Мәскеу к,

Сущёвская көшесі, 27-үй, 3-ғимарат

Бүл кұрылғы пайдалану нұсқаулығында көр- сетілгендей жолмен пайдаланылады. Өнімнің мерзімі сатып алынған күннен бастан 2 жылға созылады.

Сактау шарттары:

Ылғалдылық ауқымы < 80% және температура ауқымы + 5°C және + 45°C аралығындағы бөлмелер.

Бүйым шығарылған күнін бүйым корпусында жазылған сериялық нөмір бойынша анықтау мүмкін. (Сериялық нөмірі: ASSCC, бүл жерде А – өнім жасалған жылдың соңғы саны, SS – өнім жасалған апта, CC – басып шығару күні, 1992 жылдан бастан автоматты түрде есептеледі. Мысалы: Сер.№ 30411, өнім жасалған жыл – 2003, өнім жасалған апта – 4)

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Сактау шарттары: - 1

АКАУЫКТАРДЫ ЖОЮ

Дисплейдегі қате туралы хабарларСИПАТТАМА ПРОБЛЕМА ШЕШІМІ
[5×5K]Пісіру плитасының температурасы көтерілмейді.Электрондық басқару элементі плиталардың біреуінің көзделген температураға дейін қызбағанын анықтады.Отқа қақтау плитасы құрылғыға дұрыс енгізілмеген.Отқа қақтау плитасының ішіндегі қыздыру элементі зақымданған болуы мүмкін.Қыздыру элементінің байланысы зақымданған болуы мүмкін.Электрондық басқару элементі зақымданған болуы мүмкін.Қа бырғадағы розеткадан ажыратыңыз.Отқа қақтау плитасы құрылғы корпусына дұрыс енгізілгенін тексеріңіз.Егер бұл проблеманы шешпесе, онда құрылғыда ақаулық болуы мүмкін.Де’Longi түтынушыларды қолдау қызметіне қате туралы хабарлаңыз.
BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Сактау шарттары: - 2BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Сактау шарттары: - 3Қыздыру элементініңҚОСУЛЫ уақытышамадан асып кетеді.Электрондық, басқаруэлементі қыздыруэлементінің тиістіуақыттан артықҚОСУЛЫ түрганынанықтады.Қ а б ы р ғ а д а ғыр о з е т к а д а нажыратыңыз.Отқа қақтауп л и т а л а р ы н акөлемі немесесалмағы шамадантыс тамақтардынемесе қатырылғант а ғ а м д а р д ықоймаңыз, себебіолар қыздыруэлементініңшамадантыс уақыт жұмысістеуіне себеп болуымұмкін.Басқару элементіқате туралы хабарды5 секунд бойыкөрсетіп, құрылғыныөшіреді.Жаңа пісіру циклінорындамас бұрынқұрылғыны суытыпалыңыз.
BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Сактау шарттары: - 4BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Сактау шарттары: - 5Температура зондының,ақаулығы.Электрондық, басқаруэлементі температуразондының ақаулығынанықтады.Қ а б ы р ғ а д а ғыр о з е т к а д а нажыратыңыз.Температура зондынауыстыру керек.Д е ' L o n g h ітұтынушылардықолдау қызметінекате туралыхабарлаңыз.
BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Сактау шарттары: - 6BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Сактау шарттары: - 7Температура зондының,ақаулығы.Электрондық, басқаруэлементі температуразондының ақаулығынанықтады.Қате нөмірін жазыпалыңыз.Қ а б ы р ғ а д а ғыр о з е т к а д а нажыратыңыз.Температура зондынауыстыру керек.Д е ' L o n g h ітұтынушылардықолдау қызметінекате туралыхабарлаңыз.
Құрылғы іске қосылмайды.Құрылғының розеткаға дұрыс қосылғанын тексеріңіз.Құрылғыны басқа розеткаға қосып көріңіз.Үйдің автоматты а жыратқышын тексеріңіз.Егер бұл проблеманы шешпесе, онда құрылғыда ақаулық болуы мүмкін. Д е’Long h і тұтынушыларды қолдау қызметімен хабарласыңыз.
START/STOP түймесін басқанда құрылғы іске қосылмайды.Температура тетіктерінің екеуі де 0 күйінде, жоғарғы және төменгі дисплейде OFF (Өшірулі) хабары көрінеді.Температура тетігін қалаған температураға бұрып, START/STOP түймесін басыңыз.
Кептіру түймелері басылған кезде, дисплейде "SEAR" (Кептіру) хабары жыпылықтайды да, кептіру функциясы өшеді.Кептіру функциясы пісіру циклінің 30 минуты сайын қол жетімді болады. 30 минут өтпейінше кептіру функциясын екінші рет орындауға әрекет өтсеңіз, операциядан бас тартылады.Жаңа кептіру циклін бастамас бұрын 30 минут күтіңіз.

ПИСІРУ КЕСТЕСІ

СИЫР ЕТІКАЛЫНДЫFЫ(см)NoКЕ-СЕКПІСІРУДЕНГЕЙІРЕЖИМПЛИТАЛАР °С КЕПТІРУМИН. КЕНЕСТЕР
төменгі жоғарғы
Стейк 0,5-1 2 Жақсы-лаппісіруТИГІЗІПОТҚАҚАҚТАУқырлы тегіс 230 √2-3 тағамдытабақтыжақсылапмайлаңыз
Стейк 0,5-1 4 Жақсы-лаппісіруOPENGRILL(Ашықотқакақтау)қырлы тегіс 2305-6 тағамды
Субе3-44 Сирек ТИГІЗІППІСІРУқырлы тегіс 230 √4-5 тағамдыжақсылапмайлаңыз
Субе3-44Medium(Орташа)ТИГІЗІППІСІРАУқырлы тегіс 230 √7-8 тағамдыжақсылапмайлаңыз
Субе3-44Жақсы-лаппісіруТИГІЗІПАПІСІРУқырлы тегіс 230 √10-11 тағамдыжақсылапмайлаңыз
Қабырғадандайын-далатынстейк2-32Medium(Орташа)ТИГІАЗІППІСІРУқырлы тегіс 2304-5 тағамдыжақсылапмайлаңыз
Қабырғадандайын-далатынстейк2-32Жақсы-лаппісіруТИГІЗІППІСІРУқырлы тегіс 2307-8 тағамдыжақсылапмайлаңыз
Қабырға-дандайын-далатынстейк2-34Medium(Орташа)OPENGRILL(Ашықотқақақтау)қырлыteric23010-12тамақтыжақсылапмайлаңыз,пісіру ба-рысындажарты-лай аударыңыз
Қабырға-дандайын-далатынстейк2-34Жақсы-лаппісіруOPENGRILL(Ашықотқақақтау)қырлыteric23014-16тамақтыжақсылапмайлаңыз,пісіру ба-рысындажарты-лай аударыңыз
Гамбур-гер2-36Жақсы-лаппісіруТИГІЗІППІСІРУқырлыteric2308-10тагамдыжақсылапмайлаңыз
Қәуап6Жақсы-лаппісіруТИГІЗІППІСІРУқырлыteric23013-15тамақтыжақсылапмайлаңыз,пісіру ба-рысындажарты-лай аударыңыз
КОЗЫETIКАЛЫНДЫГЫ(см)NoКЕСЕКПІСІРУДЕНГЕЙІРЕЖИМ ПЛИТАЛАР°CМИН.КЕЦЕСТЕР
төменгі жсғарғы
Котлет 1,5-3 6 Medium(Орташа)ТИГІЗІППІСІРУқырлы тегіс 230 10-12 там ақтыжаксылапмайлаңыз,пісіру ба-рысында котлеттердіжартылай аударыңыз
Котлет 1,5-3 6 Жаксы-лаппісіруТИГІЗІППІСІРУқырлы тегіс 230 12-14
ШОШКА ЕТІКАЛЫНДЫГЫ (см)No КЕСЕКРЕЖИМ ПЛИТАЛАР°CКЕП ТІРУМИН.КЕНЕСТЕР
теменгі жоғ арғы
Стейк 1-2 4ТИГІЗІПОТҚА ҚАҚТАУқырлы тегіс 230 √7-9 тағамды жақ-сылап май-лаңыз
Стейк 1-2 8OPENGRILL (Ашық отқа қақтау)қырлы тегіс 230 14-16 тамақты жақ-сылап май-лаңыз, пісіру барысында ж артылай аударыңыз
Жаншылған ет<2,54 ТИГІЗІП ОТҚА ҚАҚТАУқырлы тегіс 230 911 тамақты жақ-сылап май-лаңыз, пісіру барысында ж артылай аударыңыз
Жаншылған ет<2,58 OPEN GRILL (Ашық отқа қақтау)қырлы тегіс 230 11-13 тамақты жақ-сылап май-лаңыз, пісіру барысында жартылай ау-дарыңыз
Қабырға6-8ТИГІЗІП ОТҚА ҚАҚТАУқырлы тегіс 200 20-25 екі не үш ретаударыңыз
Бекон4 ТИГІЗІП ОТҚА ҚАҚТАУқырлы тегіс 2301-2
Шужықша8 ТИГІЗІП ОТҚА ҚАҚТАУқырлы тегіс 200 16-18 шуғықтардышанышқымен тесіңіз
Қәуап6 ТИГІЗІП ОТҚА ҚАҚТАУқырлы тегіс 230 14-16 тамақты жақ-сылап май-лаңыз, бір не екі рет ауда-рыңыз
Сосиска6 ТИГІЗІП ОТҚА ҚАҚТАУқырлы тегіс 230 810
ТАУЫК,ЖЭНЕ КУРКЕТАУЫК, ЕТІКАЛЫНДЫГЫ (см)No КЕСЕКРЕЖИМПЛИТАЛАР°CNo КЕСЕКМИН.КЕНЕСТЕР
төменгі жоғ арғы
Төс еті <1 4ТИГІЗІППІСІРУқырлы тегіс 230 √3-4 тағамдыжақсылап майлаңыз
Жамбас 3ТИГІЗІППІСІРУқырлы тегіс 200 2020-25 пісіру ба-рысында бір не екі рет аударыңыз
Қанат6 ТИГІЗІП ПІСІРУқырлы тегіс 200 144-16 пісіру ба-рысында бір не екі рет аударыңыз
Гамбургер1,5-24 ТИГІЗІП ПІСІРУқырлы тегіс 230 √6-8
Гамбургер1,5-28OPEN GRILL (Ашық отқа қақтау)қырлы тегіс 230 √14-16 пісіру ба-рысында жартылай бураңыз
Қәуап6 ТИГІЗІП ПІСІРУқырлы тегіс 230 111-13 пісіру ба-рысында бір не екі рет аударыңыз
Сосиска6 ТИГІЗІП ПІСІРУқырлы тегіс 2306-8
Отқа қақталған тауықтың жалпақ еті1 ТИГІЗІП ПІСІРУқырлы тегіс 200 4040-45 пісіру ба-рысында бір не екі рет аударыңыз
НАНNoКЕСЕКРЕЖИМПЛИТАЛАР°CМИН.КЕЦЕСТЕР
төменгі жоғарғы
Күйдірілгеннан/сэндвич2O V E N G R I L L( П е ш -те отқақақтау)тегісқырлы2303-5жоғарғы плитаны нанды сындырмайтындайетіп тигізіп орналастырыңыз
Орама2ТИГІЗІППІСІРУқырлытегіс2302-3
Нан кесіктері4O P E N G R I L L( А ш ы қо т қ ақақтау)тегісқырлы2304-5пісіру барысында жартылай бұраңыз
КОКОНІСТЕРNoКЕСЕКРЕЖИМ ПЛИТАЛАР°C МИН. КЕНЕСТЕР
төменгі жоғарғы
Тіліктелгенбаялды1 ТИПЗІППІСІРУқырлы тегіс 230 4-6тағамды жақсылапмайлаңыз
Тіліктелгенкәді2 ТИПЗІППІСІРУқырлы тегіс 230 6-8тағамды жақсылапмайлаңыз
Төртбұрыштылаптуралғантәтті бұрыш2 ТИПЗІППІСІРУқырлы тегіс 230 8-10тағамды жақсылапмайлаңыз
Тіліктелгенқызанақ1 OPENGRILL(Ашықотқақақтау)тегіс қырлы 230 5-7тамақты жақсылапмайлаңыз, пісіру барысында жартылай аударыңыз
Тіліктелгенпияз2 ТИПЗІППІСІРУтегіс қырлы 230 5-7тамақты жақсылапмайлаңыз, қалақпенжи араластырыңыз
БАЛЫК,МОЛШЕРІNoКЕСЕКРЕЖИМПЛИТАЛАР°CМИН. КЕЦЕСТЕР
төменгіжоғарғы
Бүтін250 г1ТИГІЗІППІСІРУқырлытегіс2108-10 тағамды жақсылапмайлаңыз
Сүбе500 г1OVENGRILL(Пештеотқақақтау)тегісқырлы23025-30 тамақтымайлаңыз,жоғарғы плитанытамақты жалапотыратындай етіп,бірақ толық тигіз-бей орналасты-рыңыз
Тілік450 г4ТИГІЗІППІСІРУқырлытегіс2008-10 тағамды жақсылапмайлаңыз
Кәуап 500 г6OPENGRILL(Ашықотқақақтау)қырлытегіс23010-12 тамақты жақсылапмайлаңыз; екі неүш рет аударыңыз
Кальмар400 г1-2ТИГІЗІППІСІРУқырлытегіс20010-12 тағамды жақсылапмайлаңыз
Асшаяндар 400 г10-12ТИГІЗІППІСІРУқырлытегіс2004-6тағамды жақсылапмайлаңыз
ДЕСЕРТТЕРNoКЕСЕКРЕЖИМ ПЛИТАЛАР°CМИН. КЕНЕСТЕР
Күймақтар 4 О Р Е НG R I L L( А ш ы к,о т к ақақтау)тегісқырлы2004-5плиталарды май-лаңыз, пісіру барысында жартылайаударыңыз
Вафлилер4ТИГІЗІППІСІРУВАФЛИ4-5плиталарға сарымай жағыңыз
Тіліктелгенананас4 ТИГІЗІППІСІРУқырлы тегіс2005-6 плиталарға сарымай жағыңыз
  • 2 ЖУМЫРТКА
  • 2 тілік бекон
  • 1 десерт касык сүт
  • талғамға сай мөлшердегі түз бен бұрыш
  • 2 тілік күйдірілетін нан

ДАЙЫНДАУ:

Жұмыртқаларға сүт пен түзды қосып, аздаған көпіршіген қоспа шыққанша шайқаңыз. Төменгі корпуска тегіс плитаны және қырлы плитаны енгізіп, отқа қақтау плитасын OPEN GRILL (Ашық, отқа қақтау) режиміне қойыңыз.

Төменгі термостат тетігін 230°C-қа, жоғарғы тетікті 230°C-қа реттеңіз. Отқа қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін START/STOP түймесін басыңыз. READY (Дайын) хабары көрінген кезде, араластырылған жұмыртқаны плитаның бұрышына құйып, біркелкі пісуі үшін ағаш қалақпен 2-3 мин. араластырып отырып пісіріңіз. Сол плитада бір уақытта бекон тіліктерін арасында жартылай аудара отырып, 3-4 мин пісіріңіз; басқа жалпақ плитаға нан тіліктерін қойып, арасында аударып отырып 3-4 мин күйдіріңіз. Осының бәрін сәндеп қосып, үстелге ұсыныңыз.

  • 1 баялды
  • 100 г рикотта
  • талғамғасаймөлшердегіүнтақсарымсақ
  • талғамға сай мөлшердегі ақжелкен
  • 4 десерт қасық зәйтүн майы
  • талғамға сай мөлшердегі түз
  • талғамға сай мөлшердегі бұрыш
  • 1 батон нан

ДАЙЫНДАУ:

Баялдыларды жаксылап жуып, кабығынан тазалап, қалың тіліктерге тураңыз.

Төменгі корпуска тегіс плитаны және қырлы

плитаны енгізіп, отка қақтау плитасын CONTACTGRILL(Тигізіпотқақақтау)режиміне қойыңыз. Төменгі термостат тетігін 230°C-қа, жоғарғы тетікті 230°C-қа реттеңіз. Отка қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін START/STOP түймесін басыңыз. READY (Дайын) хабары көрінген кезде, баялдыны төменгі плитаға салып, жұмсарғанша шамамен 8-10 мин. пісіріңіз.

Баялдыны ірі тіліктерге турап, рикотта, қыша, туралған ақжелкен, бір шымшым түз, бір шымшым бұрыш және май қосып, миксерге салыңыз. Біркелкі және майда қоспа алу үшін араластырыңыз. Нанды тіліктеп турап, зәйтүн майымен майлаңыз да, CONTACT GRILL (Тигізіп отқа қақтау) режимінде плиталарда 230°C-та талғамға сай қызарғанша 1-2 минут пісіріңіз.

Баялды кремін күйдірілген нан тіліктеріне жағып, екі десерт қасық майды сепкілеп, ұстелге ұсыныңыз.

ЕТ, ЕГІСТІК КЫШАТУСІ (РУККОЛА) ЖЭНЕ ЧЕРРИ КЫЗАНАГЫ КОСЫЛГАН САЛАТ ИНГРЕДИЕНТТЕР:

  • 2 бүзау еті кесегі
  • 100 г егістік қышатүсі (руккола)
  • 10-12 дана черри қызанағы
  • 100 г грана сырының үгітінділері
  • талғамға сай мөлшердегі түз
  • талғамға сай мөлшердегі зәйтүн майы

ДАЙЫНДАУ:

Егістік қышатүсі және черри қызанағы салатын дайындау: егістік қышатүсін жувіп, таза шуберекке кептіру үшін қоя тұрыңыз да, черри қызанақтарын төрт бөлікке бөліп тураңыз. Төменгі корпуска қырлы плитаны және тегіс плитаны енгізіп, отқа қақтау плитасын CONTACT GRILL (Тигізіп отқа қақтау) режиміне қойыңыз.

Төменгі термостат тетігін 230°C-қа, жоғарғы тетікті 230°C-қа реттеңіз. Отқа қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін START/STOP түймесін басыңыз. READY (Дайын) хабары көрінген кезде, алдыңғы майланған бұзау еті тіліктерін салып, жоғарғы плитаны

басыңыз да, талғамға қарай 2-3 мин. пісіріңіз. Етті тал-тал етіп турап, егістік қышатүсі мен черри қызанағы үстіне реттеп қойыңыз, талғамға қарай түздап, грана сырының үгітіндісін қосыңыз. Дәм үшін аз ғана май қосыңыз.

  • етті қабырғалар (әрқайсысы 2 x 250 г)
  • зэйтүн майы

КОФЕ КОСПАСЫ УШИН:

  • 2 шәй қасық зире түқымы
  • 2 шәй қасық кофе дәні
  • 1 десерт касык жартылай ащы кызыл бұрыш
  • 1 шәй қасық паприка
  • 1 шәй қасық ірі ас түзы
  • 1 шәй қасық бұрыш

ДАЙЫНДАУ:

Кофе қоспасын дайындау: зире тұқымдары мен кофе дәндөрін блендерге салып, ұнтақ болғанша тартыңыз (әте ұсақ емес). ұнтақтыыдыска салыңыз, басқа ингредиенттерді қосып, жақсылап араластырыңыз. Етті аздап майлап, дәмдеуіштер қосып, бөлме температурасында 30 мин бетін жауып қойыңыз.

Қырлы плитаны төменге енгізіп, тегіс плитаны жоғарыға енгізіңіз де, отқа қақтау плитасын CONTACT GRILL (Тигізіп отқа қақтау) режиміне қойыңыз.

Төменгі термостат тетігін 230°C-қа, жоғарғы тетікті 230°C-қа реттеңіз. Отқа қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін START/STOP түймесін және әрбір плитаның SEAR (Кептіру) түймесін басыңыз.

Дисплейде SEAR (Кептіру) жазуы жыпылықтауын токтатқан кезде, етті төменгі плитаға қойып, жоғарғы плитаны басыңыз да, талғамға сай етіп 6-8 мин. пісіріңіз. Ыстық күйінде беріңіз.

  • 4 кесек сныр еті (сүйексіз)
  • талғамға сай мөлшердегі түз
  • талғамға сай уатылған түйіршік қарабұрыш

- 2 түйір сарымсақ

  • 2 десерт касык Джон крышасы
  • 60 г сары май
  • талғамға сай мөлшердегі зәйтүн майы

САНЫРАУКУЛАК

ИНГРЕДИЕНТТЕРІ:

  • 30 г сары май
  • 1 десерт қасық горгонзола
  • 2 шалот
  • 300 г саңыраукұлақ
  • 1/2 шағын стақан виски
  • 200 г крем
  • Талғамға сай мөлшердегі лимон шырыны
  • талғамға сай мөлшердегі ақжелкен

ДАЙЫНДАУ:

Етті түздап, бұрыштап, бөлме температурасында төрт сағатқа қойып қойыңыз. Саңыраукұлак соусын дайындау: сары майды табада ерітіп, тіліктелген шалот пиязын қосып, 2-3 мин. құырыңыз.

Саңыраукүлактарды қосып, тағы 5 мин.

куырыңыз. Вискиді қосып, 1 мин. пісіріңіз де, бір стақан су қосып, бір минуттай пісіріңіз.

Сүйык кремді, лимон шырынын, ақжелкенді және горгонзоланы қосып, қайнатыңыз.

Соус қоюланғанша қайнатып, түз бен бұрыштың дәмін келтіріп, бөлек қоя тұрыңыз.

Пісіру барысында дәмдеуішті етке щеткамен жағыңыз: шағын табаға сары майды ерітіп, қышаны және сарымсақты салыңыз. Сары май ерігенше төменгі температурада пісіріңіз. Жылы күйде сақтаңыз.

Төменге қырлы плитаны және жоғарыға тегіс плитаны енгізіп, отқа қақтау плитасын CONTACT GRILL (Тигізіп отқа қақтау) режиміне қойыңыз.

Төменгі термостат тетігін 230°C-қа, жоғарғы тетікті 230°C-қа реттеңіз. Отқа қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін START/

STOP түймесін және әрбір плитаның SEAR (Кептіру) түймесін басыңыз. Сүбе ettің екі жағына да дәмдеуішті щеткамен жағыңыз да, төменгі плитаға салып, отқа қақтау пешін жабыңыз. Талғамға және сүбе ettің қалындығына сай 6-8 мин. пісіріңіз. Піскен кезде, сүбелерді алып, бұған дейін дайындалған саңыраукұлак соусын бетіне құйып, табақты үсталге тартыңыз.

  • 8 тілік бидай наны
  • 500 сиырдың тартылған еті
  • 100 г тіліктелген эмменталь сыры
  • 2 десерт қасық зәйтүн майы
  • 2 тіліктелген пияз
  • бөлме температурасындағы сары май кажетінше
  • 2 шәй қасық вустер соусы
  • талғамға сай мөлшердегі түз
  • талғамға сай мөлшердегі бұрыш
  • жарты шәй қасық қант

ДАЙЫНДАУ:

Гамбургерлерді дайындау: тартылған етті, Вустер соусын, түзды және бұрышты ыдыска салып жақсылап араластырыңыз. Қолмен қалындығы шамамен 2 см болатын 4 гамбургер пішіндеңіз. Отқа қақтау режимін OPEN GRILL (Ашық отқа қақтау) режиміне қойып, тегіс плитаны астына, қырлы плитаны үстіне салыңыз. Төменгі термостат тетігін 230°C-қа, жоғарғы тетікті 230°C-қа реттеңіз. Отқа қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін START/STOP түймесін басыңыз.

READY (Дайын) жазуы көрінген кезде, зәйтүн майымен және қантпен дәмдендірілген тіліктелген пиязды төменгі плитаға салып, біркелкі және жұмсақ болып пісу үшін қалақпен араластыра отырып, шамамен 5-6 мин. пісіріңіз. Сол кезде басқа плитада гамбургерді 5-6 мин. сайын аудара отырып, шамамен 12 мин. пісіріңіз (пісіру уақыты гамбургердің қалындығына сай әр түрлі болады). Пияздар піскен сон, плитадан алыңыз да, сары май жағылған нан тіліктерін плита шетіне тек 1-2 минутқа қойыңыз.

Нан тіліктерін турау тактайына күйдірілген жағын жоғары қаратып қойып, пиязды үстіне себіңіз, гамбургерлерді қосып, сырды қабаттап салыңыз. Сәндвичті нан тілігінің күйдірілген жағын төмен қаратып жабыңыз. Плитаның қайта қызғанын күтіңіз де, сәндвичтерді салыңыз және жоғарғы плитамен жақсылап басыңыз.

Талғамға сай шамамен 2-3 мин. пісіріңіз.

  • 6 козы еті котлеті
  • 10 г туралған гүлшетен (розмарин)
  • 10 г туралған сарымсақ (чеснок)
  • 100 мл бальзамды сірке суы
  • 15 г кант
  • талғамға сай мөлшердегі түз
  • талғамға сай мөлшердегі бұрыш

ДАЙЫНДАУ:

Барлық ингредиенттерді жеткілікті үлкен ыдыска салып араластырыңыз, қозы етінің бетін жауып, тоңазытқышка 1-2 сағатқа бұқтырып қойыңыз. Төменге қырлы плитаны және жоғарыға тегіс плитаны енгізіп, отқа қақтау плитасын CONTACT GRILL (Тигізіп отқа қақтау) режиміне қойыңыз. Төменгі термостат тетігін 230°C-қа, жоғарғы тетікті 230°C-қа реттеңіз. Отқа қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін START/STOP түймесін басыңыз. READY (Дайын) хабары көрінген кезде, котлеттерді төменгі плитаға қойыңыз.

Талғамға және котлеттердің қалындығына сай шамамен 11-13 мин. пісіріңіз (оларды пісіру барысында жартылай аударып отырған жән, себебі сүйек еттің жоғарғы тиюіне кедергі болады). Сол арада бұқтыру соусын табаға азайтып құйып, отқа қақталған қозы еті котлеттеріне соус ретінде құйып, үстелге ұсыныңыз.

- 500 г тауык төс еті

  • 1 шәй қасық қызыл бұрыш
  • 1 шәй қасық күнзе (кориандр)
  • 10 сл зэйтүн майы
  • 2 көк жуа
  • 3 түйір сарымсақ
  • 1 десерт қасық уатылған зімбір
  • 1 десерт қасық қант
  • 1 десерт қасық лайм шырыны
  • 1 десерт қасық ірі ас түзы
  • талғамға сай мөлшердегі бұрыш
  • 5 сл пісіру кремі
  • 1/2 шәй қасық уатылған лайм қабығы
  • 1 десерт қасық лайм шырыны
  • 1 десерт қасық зәйтүн майы
  • 1 десерт касык бал
  • талғамға сай мөлшердегі түз

ДАЙЫНДАУ:

Буктыру соусын (маринад) дайындау: барлык ингредиенттерді блендерге салып, біркелкі коспа болғанша тартыңыз. Жалпақтығы 2 см текшелерге туралған тауық еті кесектерін шүңғыл плитаға қойып, буктыру соусын қосыңыз және барлық тауық етін біркелкі батырыңыз. Тағам жабу үлдірімен жауып, 1-2 сағат буктырып қойыңыз. Кремді барлық ингредиенттерді ыдыста араластырып дайындан, мөлдір үлдірмен жабыңыз және тоңазытқышқа салып қойыңыз. Тауық етінің кесектерін кәуап шампурларына тізіңіз. Төменге қырлы плитаны және жоғарыға тегіс плитаны енгізіп, отқа қақтау плитасын CONTACTGRILL (Тигізіп отқа қақтау) режиміне қойыңыз. Төменгі термостат тетігін 230°C-қа, жоғарғы тетікті 230°C-қа реттеңіз. Отқа қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін START/STOP түймесін басыңыз. READY (Дайын) хабары көрінген кезде, кәуаптарды төменгі плитаға салып, жоғарғы плитамен басыңыз да, бір не екі рет аудару арқылы 11-13 мин. пісіріңіз. Лайм және бал соусымен бірге ыстық күйінде берілуі керек.

- 3 тауык жамбасы (550 г)

  • 25 сл күрғақ ақ шарап
  • 4 десерт қасық, зәйтүн майы
  • 3 десерт касык түқымы бар қыша
  • 3 десерт қасық ақ шарап сірке суы
  • 2 десерт қасық,прованстық шөптер
  • 2 түйір туралған сарымсақ
  • 2 шәй қасық ірі ас түзы
  • 1 шәй қасық қайен қызыл бұрышы

ДАЙЫНДАУ:

Буктыру соусын (маринад) барлық, ингредиенттерді бір ыдыста араластыру арқылы дайындаңыз. Откір пышақпен тауық жамбастарының етті бөлігін аздап қақтап тіліңіз. Жамбастарды буктырма соус қүйылған ыдысқа салып, барлық жағына жағылатындай етіп аударыңыз: 2-3 сағатқа буктырып қойыңыз. Төменге қырлы плитаны және жоғарыға тегіс плитаны енгізіп, отқа қақтау плитасын CONTACT GRILL (Тигізіп отқа қақтау) режиміне қойыңыз. Төменгі термостат тетігін 210°C-қа, жоғарғы тетікті 210°C-қа реттеңіз. Отқа қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін START/STOP түймесін басыңыз. READY (Дайын) хабары көрінген кезде, тауық жамбастарын төменгі плитаға салып, жоғарғы плитамен басыңыз да, 2-3 рет аудару арқылы 20-25 мин. пісіріңіз. Піскен кезде плитаға қойып берілуі керек.

  • талғамға сай мөлшердегі ақжелкен
  • 2 лимон
  • талғамға сай мөлшердегі түз
  • талғамға сай мөлшердегі бұрыш
  • 2 түйір сарымсақ

ДАЙЫНДАУ:

Буктыру соусын дайындау: сарымсақ пен ақжелкенді ұсақтап турап, лимон шырынын,

түз қосыңыз да, қара бұрыш себіңіз.

Асшаяндарын жуып, жақсылап кептіріңіз де, кемінде жарты сағат бұқтырып қойыңыз.

Төменге қырлы плитаны және жоғарыға тегіс плитаны енгізіп, отқа қақтау плитасын CONTACT GRILL (Тигізіп отқа қақтау) режиміне қойыңыз.

Төменгі термостат тетігін 210°C-қа, жоғарғы тетікті 210°C-қа реттеңіз. Отқа қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін START/STOP түймесін басыңыз.

READY (Дайын) хабары көрінген кезде, кептірілген асшаяндарды төменгі плитаға салып, жоғарғы плитамен басыңыз да, 4-6 мин. пісіріңіз. Беру алдында плитаны лимон тіліктерімен және жасыл салатпен сәндеңіз.

  • 500 г албырт балык субесі
  • талғамға сай мөлшердегі зәйтүн майы
  • 250 г грек йогурты
  • 1 түйір сарымсақ
  • 1 шәй қасық ас түзы
  • 1 шымшым кант
  • 20 шалғын жуа
  • 20 г акжелкен
  • талғамға сай мөлшердегі ақ бұрыш

ДАЙЫНДАУ:

Соусты дайындау: аçжелкен мен шалғын жуаны мұқият жуып-кептіріңіз де, сарымсақты бөлек тураңыз.

Йогуртты блендер ыдысына құйып, шөнтерді, сарымсақты, түзды, қантты және бұрышты қосып, біркелкі крем болғанша тартыңыз. Тоңазытқышқа салыңыз және кемінде 30 мин. қойып қойыңыз. Төменге тегіс плитаны және жоғарыға қырлы плитаны енгізіп, отқа қақтау плитасын OVEN GRILL (Пеште отқа қақтау) режиміне қойыңыз. Төменгі термостат тетігін 230°C-қа, жоғарғы тетікті 230°C-қа реттеңіз. Отқа қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін START/STOP түймесін басыңыз.

READY (Дайын) хабары көрінген кезде,

алдын ала май жағылған сүбені төменгі плитаға қойып, жоғарғы плитаны OVEN GRILL (Пеште отқа қақтау) режиміне жабыңыз (тамаққа тигізбей, бірақ барынша жақын етіп) және шамамен 25-30 мин. пісіріңіз (ең жақсы нәтиже алу үшін пісіру барысында албырт балықты 180°-қа, плитаның тағамға жақын жерін ауыстырып салу үшін шамамен жартылай бұрыңыз).

Піскен кезде албырт балык табақшаға салынып, йогурт соусымен беріледі.

  • 400 г ірі кальмар
  • 1 лимон
  • 1 тал ақжелкен
  • талғамға сай мөлшердегі зәйтүн майы
  • талғамға сай мөлшердегі орегано
  • талғамға сай мөлшердегі түз
  • талғамға сай мөлшердегі чили қызыл бұрышы

ДАЙЫНДАУ:

Кальмарды ішек-қарынын, басын және сүйегін алып тастап, мұқият жуу арқылы дайындаңыз. Төменге қырлы плитаны және жоғарыға тегіс плитаны енгізіп, отқа қақтау плитасын CONTACT GRILL (Тигізіп отқа қақтау) режиміне қойыңыз.

Төменгі термостат тетігін 210°C-қа, жоғарғы тетікті 210°C-қа реттеңіз. Отқа қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін START/STOP түймесін басыңыз. READY (Дайын) хабары көрінген кезде, алдын ала майланған кальмарды төменгі плитаға салып, жоғарғы плитамен басыңыз да, 10-12 мин. пісіріңіз. Блендер ыдысында сүйық майды туралған ақжелкенмен, лимон шырынымен, бір шымшым ореганомен, бір шымшым түзбен және бір шымшым қызыл бұрышпен араластырып, дәмдеуіш дайынданаңыз.

Кальмар піскен кезде, оны отка қақтау плитасынан алып, соуспен дәмдеңіз. Осының бәрін сәндеп қосып, үстелге ұсыныңыз.

БАНАН КУЙМАКТАРЫ ИНГРЕДИЕНТТЕР:

  • 1 банан
  • 2 жұмыртқа (1-еуі толығымен + 1-еуінің тек ақұызы)
  • 150 мл сүт
  • 100 г бидай ўны
  • 70 г сары май
  • талғамға сай мөлшердегі түз
  • 1 десерт қасық қант
  • 16 г камыр копсыткыш ¥нтақ (разрыхтитель)

ДАЙЫНДАУ:

Бананның қабығын аршып, шанышқымен жақсылап езіңіз. Бүтін жұмыртқа мен қантты ыдыста шайқап, соңына дейін араластыра отырып, сүтті жайлап қосыңыз. 50 г ерітілген сары майды қосып, қамыр қопсытқыш ұнтақ қосылған, еленген ұнды салыңыз да, сонымен қатар бір шымшым түзды, сосын езілген бананды қосыңыз. Барлық ингредиенттерді мұқият араластырып, қоспаны тоңазытқышқа 10 минутқа салып қойыңыз. Бір жағынан жұмыртқаның ақуызын әбден қатайғанша шайқаңыз. Қоспаны тоңазытқыштан алып, шайқалған ақуызбен абайлап қана астынан ұстіне қарай араластырыңыз. Төменге тегіс плитаны және жоғарыға қырлы плитаны енгізіп, отқа қақтау плитасын OPEN GRILL (Ашық отқа қақтау) режиміне қойыңыз. Төменгі термостат тетігін 200°C-қа, жоғарғы тетікті 200°C-қа орнатыңыз. Отқа қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін START/STOP түймесін басыңыз. READY (Дайын) хабары көрінген кезде плитаға аз ғана сары май жағып, оның ұстіне 1-2 десерт қасық құймақ қоспасын құйып, шеңбер пішінін алу үшін плита бетіне тез жайыңыз. Құймақтың ұсті бойында көпіршіктер көрінгенше 2 минуттай пісіріңіз де, аударып, басқа бетін 2 минуттай пісіріңіз. Құймақтар әр түрлі әдіспен беріледі: шоколадты креммен, үйеңкі шәрбатымен, жас қара жидектермен, шоколад үгітінділерімен, балмен, шайқалған қаймақпен және қант ұнтағымен.

  • 1 ананас
  • кажетінше бал
  • қамыс қанты қажетінше
  • жас жалбыз қажетінше
  • қант үнтағы қажетінше
  • ванильді балмуздақ қажетінше

ДАЙЫНДАУ:

Ананасты алып, жапырағынан және қабығынан тазалаңыз. Шамамен 1-2 см қалындықтағы тіліктерге кесіңіз, әрбір тіліктің екі жағына қамыс қантын себіңіз. Төменге қырлы плитаны және жоғарыға тегіс плитаны енгізіп, отқа қақтау плитасын CONTACTGRILL (Тигізіпотқа қақтау) режиміне қойыңыз. Төменгі термостат тетігін 200°C-қа, жоғарғы тетікті 200°C-қа орнатыңыз. Отқа қақтау плитасын алдын ала қыздыру үшін START/STOP түймесін басыңыз.

READY (Дайын) хабары көрінген кезде, ананастың екі жағына щеткамен бал жағып, отқа қақтау плитасына қойыңыз. Бір жағынан жұмыртқаның ақуызын әбден қатайғанша шайқаңыз.

Піскен соң осы тіліктерді табақшаға салып, жас жалбыз жапырақтарымен сәндеңіз, қант ұнтағын сеуіп, балмүздақ шарларымен беріңіз.

ЕГЕР КОСЫМША ВАФЛИ ПЛИТАЛАРЫНЫЗ БОЛСА

  • 2 кесе (460 г) кәдімгі үн
  • 1 шәй қасық ас түзы
  • 4 шэй касык (10 г) камыр копсыткыш ¥нтақ
  • 2 шәй қасық (30 г) ақ қант
  • 2 жұмыртқа
  • 1-1/2 кесе жылы сүт (345 мл)
  • 1/3 кесе еріген сары май (75 г)
  • 1 шәй қасық,ванил сығындысы

ДАЙЫНДАУ:

Улкен ыдыста үнды, түзды, камыр копсытқыш үнтақты және қантты араластырып, бөлек қоя тұрыңыз. Бөлек ыдыска жұмыртқаларды шайқаңыз. Сүтті, сары майды және ванилді араластырыңыз. Үнды сүт қоспасына салып, араласқанша шайқаңыз. Вафли плитасын қыздырыңыз. READY (Дайын) хабары көрінген кезде, вафли плитасына сары май жағыңыз немесе жабысуға қарсы спрейді бұркіңіз әрбір вафли пісіру аймағына қоспаны мөлшерлеп құйыңыз, қажет болса қасықты пайдаланыңыз. Қалақпен жайыңыз. Вафлилерді сары және қытырлақ болғанша пісіріңіз (5 мин.).

Коспа таусылғанша осылай қайталаңыз.

  • 2 кесе (460 г) токашка арналған үн
  • 1/2 шәй қасық ас түзы
  • 2 шәй қасық (5 г) қамыр қопсытқыш ұнтақ
  • 2 шәй қасық (30 г) ақ қант
  • 4 жұмыртқа

  • 2 кесе жылы сүт (460 г)

  • 1/3 кесе еріген сары май (70 г)
  • 1/2 шәй қасық ванил сығынддысы

ДАЙЫНДАУ:

Улкен ыдыста үнды, түзды, камыр копсытқыш үнтақты араластырып, бөлек қоя тұрыңыз. Бөлек ыдыска жұмыртқа сарыуызы мен қантты салып, қант толық ерігенше шайқаңыз.

Ванил сығындысын, еріген сары майды және сүтті жұмыртқаларға қосып, араластырып шайқаңыз.

Жұмыртқа-сүт қоспасын ұнға қосып, араласқанша шайқаңыз. Шамадан тыс араластырмаңыз. Ўшінші ыдыска жұмыртқа ақуызын электрлік миксермен 1-2 минут бойы жұмсақ төмпешіктер қалыптасқанша шайқаңыз. Резеңке қалақты пайдалана отырып, жұмыртқа ақуызын вафли қамырына жайлап ораңыз. Шамадан тыс араластырмаңыз.

Вафли плитасын қыздырыңыз.

READY (Дайын) хабары көрінген кезде, вафли плитасына сары май жағыңыз немесе жабысуға қарсы спрейді бүркіңіз әрбір вафли пісіру аймағына қоспаны мөлшерлеп құйыңыз, қажет болса қасықты пайдаланыңыз. Қалақпен жайыңыз. Вафлилерді сары және қытырлақ болғанша пісіріңіз (5 мин.).

Коспа таусылғанша осылай қайталаңыз.

  • 2 кесе (460 г) кәдімгі үн
  • 1 шәй қасық ас түзы
  • 1 шәй қасық (3 г) қамыр қопсытқыш үнтақ
  • 3/4 кесе (170 г) ак қант
  • 2 жұмыртқа
  • 1-1/2 кесе жылы сүт (345 мл)
  • 80 г сары май
  • 1 шәй қасық ванил сығындысы

  • 140 г қара шоколад

  • 1/4 кесе (60 г) какао ўнтағы
  • 2 шәй қасық даршын (6 г)

ДАЙЫНДАУ:

Шоколад пен сары майды микротолқынды пешке жарамды ыдысқа салып, ең жоғарғы куатпен шамамен 30 секунд шайқаңыз. Шоколад пен сары майды араластыруды ерігенше, қоспа біркелкі болғанша жалғастырыңыз да, аздап салқындау үшін бөлек қоя тұрыңыз.

Жұмыртқаларды, сүтті және ванилді үлкен ыдыста шайқап, салқындаған шоколад қоспасымен біркелкі болғанша араластырыңыз.

Yнды, қантты, какао үнтағын, даршынды, қамыр қопсытқыш үнтақты және түзды үлкен ыдыста араластырыңыз. Үн қоспасын жұмыртқа қоспасына қосып, біркелкі және одан бетер қою болғанша шайқаңыз. Вафли плитасын қыздырыңыз.

READY (Дайын) хабары көрінген кезде, вафли плитасына сары май жағыңыз немесе жабысуға қарсы спрейді бүркіңіз әрбір вафли пісіру аймағына қоспаны мөлшерлеп құйыңыз, қажет болса қасықты пайдаланыңыз. Қалақпен жайыңыз. Вафлилерді сары және қытырлақ болғанша пісіріңіз (5 мин.).

Коспа таусылғанша осылай қайталаңыз. Піскен соң дереу берілуі керек.

Меры безопасности

BRAUN MultiGrill 9 CG 9040 - Меры безопасности - 1

Опасность!

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BRAUN

Модель : MultiGrill 9 CG 9040

Санат : гриль табасы