GEX 150 AVE - жонғыш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GEX 150 AVE BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Эксцентрикті тегістеуіш |
| Бренд | Bosch |
| Модель | GEX 150 AVE |
| Номиналды қуат тұтынуы | 400 Вт |
| Бос жүріс айналымдары | 5 500 - 12 000 айн/мин |
| Бос жүріс тербеліс жылдамдығы | 11 000 - 24 000 терб/мин |
| Амплитуда диаметрі | 4 мм |
| Тегістеу табақшасының диаметрі | 150 мм |
| Салмағы EPTA 01:2014 бойынша | 2,4 кг |
| Номиналды кернеу | 230 В |
| Қорғау дәрежесі | II (қос оқшаулау) |
| Тербеліс жылдамдығын алдын ала таңдау | Иә, 6 позиция |
| Тегістеу табақшасының тежегіші | Иә, кірістірілген |
| Шаң сору жүйесі | Микрофильтр қорабы немесе сыртқы шаңсорғыш |
| Қосымша тұтқа | Иә, алынбалы |
| Абразив түрі | Өздігінен жабысатын дискілер (Velcro) |
| Дыбыс қысымының деңгейі | 82 дБ(А) |
| Дыбыс қуатының деңгейі | 93 дБ(А) |
| Діріл (стандартты тегістеу) | 2,5 м/с² (белгісіздік K=1,5 м/с²) |
| Пайдалану мақсаты | Ағашты, пластмассаны, металды, мастиканы, лакты құрғақ тегістеу; жылтырату |
| Күтім | Желдету саңылауларын және сүзгіні үнемі тазалау |
| Қосалқы бөлшектер | Bosch қызмет көрсету орталығында қолжетімді (сілт. 3 601 C7B 1..) |
Жиі қойылатын сұрақтар - GEX 150 AVE BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GEX 150 AVE BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз жонғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GEX 150 AVE - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GEX 150 AVE брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GEX 150 AVE BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында
қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет өту мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз - жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз - көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз - қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
- ток сымының тозуы немесе зақымдануы - өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек.
- Орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (шарт 1) құжатын қараңыз.
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады.
– босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді,
нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі бар) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алаңдаушылық бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай түрде өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. ▶ Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса, жоғары ток соғу қауіпі пайда болады. Электр құралдарын жаңбырда немесе ылғалды ортада пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қауіпін жоғарылатады. Кабельді тиісті емес мақсатта пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель ток соғу қауіпін жоғарылатады. Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жағдайларға сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта
пайдалануға жарамды кабельді пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді.
▶ Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану қажет болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді.
Жеке қауіпсіздік
Электр құралын пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралын шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып, жеке жарақаттануларды кемейтеді. Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берілген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей, қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру)
қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.
Электр құралдарын пайдалану және күту
▶ Куралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. ▶ Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе құралды қоймаға қоюдан алдын аккумуляторды электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. ▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті. Тұтқалар мен ұстау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ тұтқалар мен ұстау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
Электр құралына маман жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді.
Терістетіру үшін қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралын тек құрғақ ажарлау үшін пайдаланыңыз. Электр құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады. Адамдарға ұшқындардың қауіп тигізбейтіндігіне көз жеткізіңіз. Жанатын материалдарды алыстатыңыз. Металды ажарлау арқылы ұшқындар пайда болады. ▶ Өрт қаупі бар! Ажарланатын материалды немесе ажарлау құрылғысын қызып кетуден сақтаңыз. Шаңтұтқыш қабын жұмыс істеуден алдын тазартыңыз, босатыңыз. Шаң қабындағы, микросүзгідегі, қағазқабындағы ажарлау шаңы (немесе сүзгі қабында немесе шаңсорғыш сүзгісіндегі) металды ажарлауда болатын ұшқындар жануы, өрт тудыруы мүмкін. Ажарлау шаңы лак, полиуретан қалдықтары немесе химиялық заттектермен араласуы, ажарлау материалының ұзақ өңделуінен қызуы аса жоғары қауіп тудырады. Электр құралыңыздың желдеткіш саңылауын жүйелі түрде тазалаңыз. Қозғалтқыш турбинасы құрылғы ішіне көп шаң тартады, металды шаң жиналып электр қаупін тудыруы мүмкін. Электр құралды пайдалануда оны екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді басқарылады. Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. ▶ Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады.
Өнім және қуат сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы ағаш, пластмасса, сылағыш және лакталған беттерді құрғақ тегістеуге арналған.
Электрондық реттегіші бар электр құралдар жылтырату үшін сай.
Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған.
Бейнеленген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Қосымша тұтқа (беті оқшауландырылған) (2) Қосымша тұтқа үшін бұрандама A)
138|Қазақ
(3) Тербелу көлемін таңдау дөңгелегі (4) Қосқыш/өшіргіш (5) Қосқыш/өшіргіш құлыптау пернесі (6) Сүзгілеу элементі (микросүзгі жүйесі) (7) Шаң қорабы толығымен (микросүзгі жүйесі) (8) Тегістеу тәрелкесі (9) Тұтқа (беті оқшауландырылған)
(10) Тегістеу дискісі 4 (11) Тегістеу тәрелкесі үшін бұранда (12) Сору құбыры (13) Сорушланғы A)
A) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлеміне кірмейді. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан таба аласыз.
Техникалық мәліметтер
| Эксцентриктік терістеуіш GEX 125 AVE GEX 150 AVE GEX 125-150 AVE | ||||
| Өнім нөмірі | 3 601 C7B 0.. 3 601 C7B 1.. 3 601 C7B 1.. | |||
| Тегістеу тәрелкесі жинакта | ||||
| – Диаметрі 125 мм ● – ● | ||||
| – Диаметрі 150 мм – ● ● | ||||
| Тербелу көлемін таңдау дөңгелегі ● ● ● | ||||
| Кесімді куатты пайдалану Вт 400 400 400 | ||||
| Бос істеу айналымдар саны no | мин 1 | 5500 –12000 5500 –12000 5500 –12000 | ||
| Бос айналудағы тербеліс саны мин | 1 | 11000 –24000 11000 –24000 11000 –24000 | ||
| Тербелу контурының диаметрі | мм 4 4 4 | |||
| Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай | кг | 2,4 | 2,4 | 2,4 |
| Сақтық сыныпы | ☐/II | ☐/II | ☐/II | |
Мәліметтер [U] 230 В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
Шуыл және діріл туралы ақпарат
Дыбыс шығару мәндері EN 62841-2-4 бойынша есептелген.
А-мен белгіленген электр құрылғының шуыл деңгейі әдетте төмендегіге тең: дыбыс қысымы 82 дБ (А); дыбыс қуаты 93 дБ (А). Өлшеу дәлсіздігі К = 1,5 дБ.
Құлақты қорғау құралдарын киіңіз!
Жалпы діріл мәндері an (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі EN 62841-2-4 (бос жүріс) сай анықталған:
| Пайдалану | Тербелу саны басқышы | Басу күші [N] | ah [m/s2] | K[m/s2] |
| EN 62841-2-4 бойынша өлшеутегістегіш үшін (тегістеу қағазымен 180 тістерімен): | ||||
| Максималды алынумен | 6 | 50 | 2,5 | 1,5 |
| Лактың аралық тегістелуі | 5–6 | 10–20 | 2,5 | 1,5 |
| Жұмсақ ағашты майда тегістеу | 5–6 | 0–10 | 2,5 | 1,5 |
| Қатты ағашты майда тегістеу | 5–6 | 10–20 | 2,5 | 1,5 |
| Шере майда тегістеу | 5–6 | 10–20 | 2,5 | 1,5 |
| Ескі лактар мен көкшіл сырларды тегістеу | 5–6 | 30–40 | 2,5 | 1,5 |
| Металды тегістеу | 5–6 | 30–40 | 2,5 | 1,5 |
| Сылакты тегістеу | 5–6 | 20–30 | 2,5 | 1,5 |
| Ағаш пен шере қырларын тегістеу | 3–4 | 0–10 | 5,5 | 1,5 |
| Қырларда лакты аралық тегістеу | 3–4 | 0–10 | 5,5 | 1,5 |
| Термопластикті тегістеу | 1–2 | 0–10 | 7,5 | 1,5 |
EN 62841-2-4 бойынша өлшеу жылтыратқыш үшін (қой терісінен қалпақ):
Қазақ|139
| Пайдалану Тербелу саны | баскышы | Басу күші [N] | an [m/s2] | K [m/s2] |
| Жылтырату 1 0–10 | 3,5 2,5 |
Осы нұсқауларда берілген дірілдеу деңгейі және шу шығару мәні EN 62841 заңында қалыптанған өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарды бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса, дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Жинау
▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Өнделетін материал және қажетті беттің алынуына байланысты түрлі тегістеу дискілері ұсынылады:
| Материал Пайдалану Түйіршікт | ілік | |||
| best ▲Paint | – бояу– лак– Толтырғыш– қалақша | Бояуды тегістеу үшін дөрекі 40 | 60 | |
| Боялған беттерді ажарлау үшін (мысалы, жағындыларды, бояу тамшыларын және акқан іздерді жою) | орташа 80 | 100120 | ||
| Лактың тесеме бояуын тегістеу майда 180 | 240320400 | |||
| best ▲Wood | Expert for Wood– Барлық ағаш түрлері (мысалы, қатты, жұмсақ, ЖАТ, құрылыс панельдері)Best for Wood– Қатты ағаш– Ағаш жоңқаларынан жасалған тақта– Құрылыс панельдері– Металл материалдар | Сүргіленбеген брус немесе тактайларды алдын ала тегістеу үшін | дөрекі 40 | 60 |
| Жалпак ажарлау және аздаған кедір - бүдірді тегістеу үшін | орташа 80 | 100120 | ||
| Ағашты ақырғы және жұқалап тегістеу үшін майда 180 | 240320400 | |||
| best ▲Stone | – Автолак– Тас– Мәрмәр– Гранит– Қыш– Әйнек– Плексиглас– Шыны талшықтық пластмассалар | Алдын ала тегістеу үшін дөрекі 80 | ||
| Пішін ажарлау және қырларын сындыру үшін | орташа 100 | 120 | ||
| Пішінді беру үшін нәзік тегістеу | майда 180 | 240320400 | ||
| Жылтырату мен қырларын жұмырлау | әте нәзік | 6001200 | ||
Тегістеу дискісін алмастыру (А суретін қараңыз)
Ажарлау парағын (10) алып қою үшін шетінен көтеріп тегістеу тәрелкесін (8) шығарыңыз.
Жаңа тегістеу дискісін салудан алдын тегістеу тәрелкесін (8) лас пен шаңнан тазалаңыз, мысалы, жаққышпен.
Тегістеу тәрелкесінің беті (8) жабысқақ матамен жабдықталған болып тегістеу дискісін жылдам және оңай бекітеді.
Тегістеу дискісін (10) тегістеу тәрелкесінің (8) астына басыңыз.
Оптималды шаңсоруды қамтамасыз ету үшін тегістеу дискісіндегі ойықтардың тегістеу тәрелкесінің ойықтарымен сәйкес болуына көз жеткізіңіз.
Тегістеу тәрелкесін таңдау
Жұмысына қарай электр құралын түрлі қаттылықты тегістеу тәрелкелерімен жабдықтау мүмкін:
– Тегістеу тәрелкесі өте жұмсақ: жылтырату мен нәзік тегістеуге арналған, дөңес аймақтарды да. – Тегістеу тәрелкесі жұмсақ: барлық тегістеу жұмыстарына сәйкес, әмбебап пайдаланылады. – Тегістеу тәрелкесі қатты: тегіс аймақтарды қатты тегістеу қуаты үшін.
Ажарлау тәрелкесін алмастыру (В суретін қараңыз)
Нұсқау: Зақымдалған тегістеу тәрелкесін (8) бірден алмастырыңыз.
Тегістеу дискісін немесе жылтырату аспабын шешіңіз. (11) бұрандасын толық бұрап шығарып тегістеу тәрелкесін (8) шығарыңыз. Жаңа тегістеу тәрелкесін (8) орнатып бұранданы қайта тартып қойыңыз.
Нұсқау: Тегістеу тәрелкесін орнатуда ұстағыш тістері тегістеу тәрелкесінің тесіктеріне кіруін қамтамасыз етіңіз.
Нұсқау: Зақымдалған тегістеу тәрелкесінің ұстағышы, тек Bosch электр құралы үшін өкілетті сервистік қызметі арқылы алмастырылуы керек.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Өзіндік сору шаң қорабымен (С - Г суреттерін қараңыз)
Шаң қорабын (7) үрлегіш штуцерге (12) жылжытыңыз. Шаң қорабының ойықтары төгу штуцерлерінің ұштарында жатып шаң қорабы сезіліп тірелгенше бұраңыз.
Шаң қорабының жайы (7) мөлдір контейнер арқылы оңай бақыланады.
Шаң қорабын (7) босату үшін жай бұрап артқа тартыңыз. Сүзгі элементін (6) бұрап қойып шаң қорабын (7) тартыңыз. Шаң қорабын босатыңыз.
Сүзгі элементін (6) жай қатты тақтаға соққылап, шаңды алып қойыңыз. Сүзгі элементінің (6) тілімшелерін жұмсақ қылшақпен тазалаңыз.
Нұсқау: Оптималды шаңсоруды қамтамасыз ету үшін шаң қорабын (7) уақытында босатып, сүзгі элементін (6) жүйелік түрде тазалаңыз.
Тік аймақтарда жұмыс істегенде электр құралының шаң қорабын (7) төменге көрінетін етіп ұстаңыз.
Сыртқы сорғыш (Н суретін қараңыз)
Сорғыш шлангін (13) сору құбырына (12) салыңыз. Сорғыш шлангты (суретте көрсетілгендей) желдеткіш құбырына жаңғы тесіктер желдеткіш құбырында бос қолуы үшін жылжытыңыз. Осылай электр құралы тегістеу кезінде дайындамаға жабысуын және дайындаманың бетінің сапасына әсер етудің алды алынады.
Сорғыш шлангын (13) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар). Осы нұсқаулықтар соңында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Шаңсорғыш өңделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиян, обыр тұғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Электр құралын тік аймақтарда жұмыс істеу кезінде сорғыш шланг төменге көрсететін етіп ұстаңыз.
Қосымша тұтқа
Қосымша тұтқа (1) оңай қолдану мен оптималды күш таратылуын қамтамасыз етеді, әсіресе жоғары ажарлау-тегістеу жұмыстарында.
Қосымша тұтқаны (1) (2) бұрандасымен корпуске бекітіңіз.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс істеуге болады.
Қосу/өшіру
▶ Қолтұтқаны жібермей қосқыш/өшіргішті басу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралды қосу үшін қосқыш/өшіргішті (4) басыңыз.
Қосқыш/өшіргішті (4) бекіту үшін оны басып ұстап реттеу түймешесін (5) қосымша басыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (4) жіберіңіз. Қосқыш/өшіргіш (4) бұғатталған болса оны алдымен басып сосын жіберіңіз.
Тербелу санын таңдайтын реттеуші арқылы (3) қажетті тербелу санын жұмыс істеу кезінде де реттеуге болады.
1 – 2 төмен тербелу саны
3 – 4 орташа тербелу саны
5 – 6 жоғары тербелу саны
Талап етілетін тербелулер санын материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады.
Электр құралмен ұзақ жұмыс кіші тербелу санында істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары тербелу санына қосу керек.
Тегістеу тәрелкесінің тежегіші
Кірістірілген тегістеу тәрелкесінің тежегіші бос жүрісте тербелу санын төмендетіп, электр құралын дайындамаға қоюда сызат пайда болуының алдын алады.
Егер бос жүріс тербелу саны көтерілсе, тегістеу тәрелкесі зақымдалған болып, оны алмастыру керек немесе тегістеу тәрелкесінің тежегіші тозған. Тозған тегістеу тәрелкесінің тежегіші өкілетті Bosch электр құралының қызмет көрсету орталығында алмастырылуы қажет.
Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз.
Электр құралы тұрақты пайдалануға арналмаған. Оны, мысалы, қысқыш немесе верстакке бекіту мүмкін емес.
Аймақтарды тегістеу
Электр құралын қосып, толық ажарлау бетін өңделетін жерге қойып, күшпен қатты басып дайындама үстінен жылжытыңыз.
Көшіру деңгейі және тегістелген бет сапасы тегістеу дискіні таңдау, таңдалған тербелулер саны және басу күші арқылы реттеледі.
Тек мінсіз тегістеу дискімен ғана дұрыс тегістеуге, сол арқылы электр құралын сақтауға болады.
Ажарлау дискінің қызмет мерзімін ұзарту үшін бірқалыпты басуға тырысыңыз.
Өте қатты басу электр құралы мен тегістеу дискінің тез тозуын тудырады.
Металл өңдеген тегістеу дискісін басқа материалдар үшін пайдаланбаңыз.
Ірі түйіршікті ажарлау дискісін орнатыңыз.
Электр құралын тек жай басыңыз, сонда ол жоғары тербеліс санымен жұмыс істеп, көбірек материал алынады.
Майда тегістеу
Майда түйіршікті тегістеу дискісін орнатыңыз.
Басу қаттылығын немесе тербеліс санын аз өзгертіп, тегістеу тәрелкесінің тербеліс санын төмендетуге болады, сонда эксцентрикті әрекет өзгермейді.
Электр құралын аз қысыммен, бетке параллель немесе ішінара көлденең және тік бағытта дайындамаға қарай жылжытыңыз. Шеңбер сияқты өңделетін дайындаманы қатты тегістемеу үшін электр құралын қисайтпаңыз.
Жұмыс әдісін аяқтағаннан кейін электр құралын өшіріңіз.
Жылтырату
Жел жаққан лактарды немесе қырылған жерлерді жылтырату (мысалы, акрилдік шыны) үшін электр құралын тиісті қозы жүнінен жасалған қап, жылтырату киізі немесе губкасы (жабдықтар) сияқты жылтырату саймандарымен жабдықтауға болады.
Политураны жылтыратылатын аймақтан кішірек етіп жағыңыз. Жылтырату затын сәйкес жылтырату құралымен крест тәрізді немесе айнала тәрізді және қатты басып өңдеңіз.
Жылтырату заты бетте қатып қалмауы керек, әйтпесе бет зақымдануы мүмкін. Жылтырату аймағын тікелей күн сәулелеріне қаратпаңыз.
Жақсы жылтырату нәтижелерін қамтамасыз ету үшін жылтырату аспаптарын жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Жылтырату саймандарын жұғыш затпен немесе жылы сумен тазалаңыз, сұйылтқыш пайдаланбаңыз.
Жұмыстар кестесі
Төмендегі кестеде ұсынылған көлемдер берілген.
Өңдеу үшін оңтайлы комбинация тәжірибе жүзінде пайдалану арқылы табылады.
| Пайдалану Түйіплігі (дөрекі/майда) | Тербелу саны басқышы |
| Лактың аралық тегістелуі 120/400 5/6 | |
| Лак/көкшір сыр 40/80 5/6 | |
| Жұмсақ ағаш 40/240 5/6 |
| Пайдалану Түйірпігі(дерекі/майда) | Тербелу саны басқышы | |
| Қатты ағаш 60/320 5/6 | ||
| Фанера 240/320 5/6 | ||
| алюминий 80/240 5 | ||
| Болат 60/240 5 | ||
| Болат тотын жою 40/120 6 | ||
| Тотсыз болат 120/240 5 | ||
| Тас 80/200 6 | ||
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету орталықтарында орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз: www.bosch-pt.com
Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Мұратбаев к-сі, 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайтынан ала аласыз
Кәдеге жарату
Электр құралдарды, жабдықтарды және бумаларды айналаны қорғайтын кәдеге жаратуға апару қажет.

Электр құралдарды үй қоқысына
тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар бойынша Еуропа 2012/19/EG өрежесі және ұлттық заңдарға сәйкес пайдалануға жарамсыз электр құралдары бөлек жиналып, кәдеге жаратылуы қажет.