Bravia KDL43WG665 - телевизор SONY - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Bravia KDL43WG665 SONY PDF форматында.

SONY Bravia KDL43WG665 - телевизор
📄 321 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice SONY Bravia KDL43WG665 - page 289
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түріLED теледидар
БрендSony
МодельBravia KDL-43WG665
Экран өлшемі43 дюйм (108 см)
АжыратымдылықFull HD 1920 x 1080 пиксель
Өлшемдері (Ұ x Би) тұғырсыз974 x 572 мм
Тереңдік (стандартты қабырғаға орнату)130 мм
Тереңдік (жұқа қабырғаға орнату)88 мм
Қабырғаға арналған кронштейн үйлесімділігіSony SU-WL450 (VESA 400x300)
Қуат көзі220-240 В айнымалы ток, 50/60 Гц
Негізгі функцияларDVB-T/C/S қабылдау, телебет, таймер, ата-ана бақылауы
БайланысHDMI, USB, Ethernet, Wi-Fi кірістері (нұсқаға байланысты)
Күтім және тазалауЖұмсақ және құрғақ шүберекпен тазалаңыз. Абразивті өнімдерді қолданбаңыз.
ҚауіпсіздікҚабырғаға орнатуды мақұлданған маманға тапсырыңыз. Теледидарға сүйенбеңіз.
Қосалқы бөлшектерSony мақұлданған қызмет көрсету орталықтары арқылы қолжетімді

Жиі қойылатын сұрақтар - Bravia KDL43WG665 SONY

Sony Bravia KDL-43WG665 қандай қабырға кронштейнімен үйлесімді?
Ұсынылатын қабырға кронштейні Sony SU-WL450. Ол стандартты немесе жұқа орнатуды қамтамасыз етеді.
Қабырға кронштейнін өзім орната аламын ба?
Sony қауіпсіздік себептері бойынша орнатуды мақұлданған орнатушыға тапсыруды ұсынады. Дұрыс емес орнату жарақатқа әкелуі мүмкін.
Бұл теледидар үшін қабырға қандай салмақты көтеруі керек?
Қабырға теледидардың салмағынан кемінде төрт есе көп салмақты көтеруі керек. Нақты салмақты анықтамалық нұсқаулықтан қараңыз.
Тұғырсыз теледидардың өлшемдері қандай?
Өлшемдері: ені 974 мм, биіктігі 572 мм. Тереңдік орнату түріне байланысты: стандартты 130 мм, жұқа орнату 88 мм.
Теледидардың төменгі жағындағы қауіпсіздік белдігін қалай бекітуге болады?
Орнатудан кейін теледидардың төменгі бөлігін ұстап тұру үшін берілген белдікті пайдаланыңыз. Оны қабырғаға 5 мм бұрандамен (берілмеген) мықтап бекітіңіз.
Қабырға кронштейні үшін берілгеннен басқа бұрандаларды қолдана аламын ба?
Жоқ, теледидарға бөлшектерді бекіту үшін тек берілген бұрандаларды (PSW 6x20 және т.б.) қолданыңыз. Қабырға үшін материалға сәйкес бұрандаларды таңдаңыз.
Теледидарды кондиционердің үстіне орнатуға бола ма?
Жоқ, теледидарды кондиционердің үстіне немесе астына орнатудан аулақ болыңыз. Су ағуы немесе ауа ағыны өртке немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Теледидарды қабырғадан алу қажет болса, не істеу керек?
Орнату процедурасын кері орындаңыз. Кемінде екі адам қажет. Теледидарды мықтап ұстап, негізден ажыратыңыз.
Теледидар экранын қалай тазалау керек?
Жұмсақ және құрғақ шүберек қолданыңыз. Абразивті немесе еріткіш заттарды ешқашан қолданбаңыз. Тазалау алдында құрылғыны ажыратыңыз.
Теледидардың анықтамалық нұсқаулығын қайдан табуға болады?
Анықтамалық нұсқаулық теледидармен бірге беріледі. Сондай-ақ оны Sony қолдау сайтынан жүктеп алуға болады.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Bravia KDL43WG665 SONY

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз телевизор PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Bravia KDL43WG665 - SONY және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Bravia KDL43WG665 брендінің SONY.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Bravia KDL43WG665 SONY

Sony қабырғаға орнататын кронштейнді (SU-WL450) пайдалану туралы орнату ақпараты

Қолдау көрсетілетін модельдер:

KDL-50WG6□□* / 43WG6□□*

* Нақты модель атауындағы «☐☐» белгісі әрбір арнайы модель үшін сандарды және/немесе таңбаларды көрсетеді.

Тұтынушыларға

Өнім қорғанысы және қауіпсіздік себептері үшін Sony компаниясы ТД-ды орнату Sony дилерлері немесе лицензияланған мердігерлер тарапынан орындалуын қатаң ұсынады. Оны өзіңіз орнатуға әрекет етпеңіз.

Sony дилерлері мен мердігерлеріне

Бұл өнімді орнату, мерзімді түрде техникалық қызмет көрсету және тексеру барысында қауіпсіздікке толық назар аударыңыз.

Бұл өнімді орнату үшін, әсіресе ТД ауырлығын көтеріп тұру үшін қабырғаның беріктігін анықтау үшін тиісті сараптама жасау керек. Бұл өнімді қабырғаға бекітуді Sony дилерлеріне немесе лицензияланған мердігерлерге тапсырыңыз және орнату барысында қауіпсіздікке тиісті назар аударыңыз. Қате қолдану немесе қате орнату арқылы кез келген зақым немесе жарақат үшін Sony компаниясы жауапты емес.

Қауіпсіздік және дұрыс орнату үшін қабырғаға бекітілетін кронштейн пайдалану нұсқауларын, ТД орнату нұсқаулығын және осы нұсқаулықтағы нұсқауларды орындаңыз.

Қауіпсіздік туралы

Осы өнімді сатып алғаныңыз үшін рақмет.

Тұтынушылар үшін

Осы құрылғыны орнатуға жеткілікті тәжірибе қажет. Орнату жұмыстарын Sony дилерлері немесе лицензиясы бар мердігерлер жасауы керек және орнату барысында қауіпсіздікке аса назар аударыңыз. Sony дұрыс қолданбау, дұрыс орнатпау немесе көрсетілген құрылғыдан басқаны орнату салдарынан болған зақымдарға немесе жарақатқа жауапты емес. Заңды құқығыңыз (қандай да бір) жарамайды.

Sony дилерлері үшін

Осы құрылғыны орнатуға жеткілікті тәжірибе қажет. Орнату жұмыстарын қауіпсіз түрде орындау үшін осы нұсқаулықты толық оқып шығыңыз. Sony дұрыс қолданбау немесе дұрыс орнатпау салдарынан болған зақымдарға немесе жарақатқа жауапты емес. Орнатқаннан кейін тұтынушыға осы нұсқаулықты беріңіз.

Осы пайдалану нұсқаулығы өнімнің дұрыс қолданылуын және зақымды болдырмауға қажетті алдын алу шараларын көрсетеді. Осы нұсқаулықты толық оқып шығып, өнімді дұрыс қолданыңыз. Болашақта ақпарат алу үшін осы нұсқаулықты қолжетімді жерде сақтаңыз.

Sony өнімдері қауіпсіздікті ескере отырып жасалған. Өнімдер дұрыс қолданылмаса, өрт, ток соғу, өнімнің құлауы немесе оны лақтыру салдарынан ауыр жарақатқа әкелуі мүмкін. Осындай жағдайлардың алдын алу үшін алдын алу шараларын қараңыз.

Өнімнің күні мен штрих-кодында штрих-код таңбасының коды келесі форматта көрсетіледі: ЖЖОЖЖ / ММ, мұнда ЖЖОЖЖ - жыл, ММ - өндіріс мезгілі.

Қазақстан жеріндегі тұтынушылардың шағым-талаптарын қабылдауға уәкілетті ұйым «Сони Электроникс» АҚ Қазақстандағы Өкілдігі, 050010, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Достық даңғылы, 117/7 үй

Өндіруші: Сони Вижуал Продактс Инк.

Өндіруші мекенжайы: 2-10-1 Осаки Шинагава-ку Токио, 141-8610 Жапония

Кеден одағы жеріндегі шетелден әкелуші «Сони Электроникс» АҚ, Ресей, 123103, Мәскеу, Карамышевский әтпе көшесі, 6

Қытайда жасалған

АБАЙ БОЛЫНЫЗ!

Арнайы құрылғылар

Қабырғаға бекіту кронштейні теледидарға арналған құрылғылармен бірге қолдану үшін жасалған. Қабырғаға орнататын кронштейнді пайдалануға болатынын тексеру үшін теледидарға арналған Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.

Тұтынушылар үшін

ЕСКЕРТУ

Осы алдын алу шаралары сақталмаса, өрт, ток соғу немесе құрылғының құлауы салдарынан ауыр жарақатқа немесе өлімге әкелуі мүмкін.

Орнату жұмыстарын лицензиясы бар мердігерлер жасауы керек және құрылғыны орнату кезінде кішкентай балаларды алыс ұстаңыз.

Қабырғаға бекіту кронштейні немесе теледидар дұрыс орнатылмаса, келесі жағдайлар болуы мүмкін. Лицензиясы бар мердігерлер орнату жұмыстарын жүргізе алатындығына көз жеткізіңіз.

  • Теледидар құлап, дененің көгеруі немесе сынық секілді ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
  • Қабырғаға бекіту кронштейні орнатылатын қабырға тұрақсыз, қисық болса немесе еденге перпендикуляр болмаса, құрал құлап, жарақатқа не мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін. Қабырға теледидардың салмағынан төрт есе ауыр салмақты көтере алуы қажет. (Салмағын тексеру үшін теледидардың Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.)
  • Қабырғаға бекіту кронштейні қабырғаға берік бекітілмесе, құрал құлап, жарақатқа немесе мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін.

Балалар үшін

  • Балаларға теледидар үстіне шығуға рұқсат бермеңіз.
  • Ұсақ жабдықтарды балалардан аулақ ұстаңыз, жұтып қоймасын.

Теледидарды тасымалдау немесе бөлшектеу жұмыстарын лицензиясы бар мердігерлер жасауы керек.

Лицензиясы бар мердігерлерден басқа адамдар теледидарды тасымалдаса немесе бөлшектесе, ол құлап, жарақатқа немесе мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін. Теледидарды екі немесе одан көп адам (75 дюймді және одан үлкен теледидар жинағы үшін үш немесе одан көп адам) тасымалдауға немесе шешуге мүмкіндіктері жететіндігін тексеріңіз.

Теледидарды бекіткеннен кейін бұрандаларды және т.б. босатпаңыз.

Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.

Қабырғаға бекіту кронштейнінің бөлшектерін ауыстырмаңыз.

Егер солай істейтін болсаңыз, қабырғаға бекіту кронштейні құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.

Арнайы құрылғыдан басқа құралды бекітпеңіз.

Осы қабырғаға бекіту кронштейні тек арнайы құрылғылармен бірге қолдану үшін жасалған. Арнайы құрылғыдан бөлек құралды бекітсеңіз, ол құлап не сынып, жарақатқа не мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін.

Қабырғаға бекіту кронштейніне теледидардан басқа затты қолданбаңыз. Теледидарды солға/оңға, жоғары/төмен шайқамаңыз.

Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.

Теледидарға сүйенбеңіз немесе асылып тұрмаңыз.

Теледидарға сүйенсеңіз не асылып тұрсаңыз, ол сізге құлап, ауыр жарақат алуыңыз мүмкін.

АБАЙ БОЛЫНЫЗ!

Осы алдын алу шаралары сақталмаса, жарақат алуыңыз немесе мүлік зақымдануы мүмкін.

Құрылғыны тазалау не оған күтім жасау кезінде қатты күш салмаңыз.

Теледидардың жоғарғы бөлігіне қатты күш салмаңыз. Егер солай істейтін болсаңыз, теледидар құлауы немесе мүліктің зақымдануы мүмкін.

Алдын алу шаралары

  • Қабырғаға бекіту кронштейніне орнатылған теледидарды ұзақ уақыт бойы пайдалансаңыз, қабырғаның материалына байланысты теледидар артындағы не үстіндегі түс өзгеруі немесе тұсқағаздың түсі кетуі мүмкін.
  • Қабырғаға бекіту кронштейнін орнатқаннан кейін қайта алсаңыз, қабырғада бұранда саңылаулары қалады.
  • Қабырғаға бекіту кронштейнін механикалық тербеліс әсер ететін орында пайдаланбаңыз.

Қабырғаға бекіту кронштейнін орнату

Sony дилерлері үшін

Келесі нұсқаулар тек Sony дилерлеріне арналған. Жоғарыда берілген алдын алу шараларын оқып шығыңыз және осы құрылғыны орнату, оған күтім жасау, оны тексеру кезінде аса назар аударыңыз.

Қабырғаға бекіту кронштейнін

теледидардың

бұрыштары не қапталы қабырға бетінен шығып тұратын орындарға орнатпаңыз.

Қабырғаға бекіту кронштейнін теледидардың бұрыштары не қапталы қабырға бетінен шығып тұратын баған секілді орындарға орнатпаңыз. Адам немесе басқа зат теледидардың шығып тұрған бұрышына не қапталына соқса, ол жарақат алуы немесе мүлік зақымдануы мүмкін.

SONY Bravia KDL43WG665 - бұрыштары не қапталы қабырға бетінен шығып тұратын орындарға орнатпаңыз. - 1

Теледидарды салқындатқыштың үстіне не астына орнатпаңыз.

Теледидарға салқындатқыштан ұзақ уақыт бойы су тамшылары ақса не салқын ауа соқса, ол өртке, ток соғуға немесе теледидардың дұрыс жұмыс істемеуіне әкелуі мүмкін.

Қабырғаға бекіту кронштейнін осы пайдалану

нұсқаулығына сүйене отырып мықтап бекітіңіз.

Бұрандалардың бірі жоғалып не түсіп қалған болса, қабырғаға бекіту кронштейні құлап, жарақатқа немесе мүліктің зақымдануына әкелуі мүмкін. Қабырғаның материалына сай бұрандаларды пайдаланыңыз және диаметрі 8 мм (немесе ұқсас) болатын төрт не одан да көп бұрандаларды пайдалана отырып құралды мықтап бекітіңіз.

SONY Bravia KDL43WG665 - нұсқаулығына сүйене отырып мықтап бекітіңіз. - 1

Берілген бұрандалар мен бекіту

бөлшектерін осы

нұсқаулықтағы

нұсқауларға сүйене

отырып дұрыс пайдаланыңыз

жарақат алуы немесе теледидарды зақымдауы мүмкін.

Нұсқаулықта берілген процедураларға сүйене отырып кронштейнді дұрыстап

құрастырыңыз.

Бұрандалардың бірі жоғалса немесе түсіп қалған болса, теледидар құлап, біреуге дене жарақатын салуы немесе теледидарды зақымдауы мүмкін.

Бұрандалар көрсетілген орында мықтап бекітілуі керек.

Осылай орындалмаса, теледидар құлап, біреуге дене жарақатын салуы немесе теледидарды зақымдауы мүмкін.

Орнату кезінде

теледидарды соғып алмаңыз.

Теледидарды соғып алсаңыз, ол құлауы немесе сынуы мүмкін. Бұдан жарақат алуыңыз мүмкін.

Теледидарды қабырға мен еденге

перпендикуляр

болатындай етіп орнату керек.

Егер солай болмаса, теледидар құлауы немесе жарақат алуыңыз мүмкін.

Теледидар дұрыс орнатылғаннан кейін кабельдерді дұрыс бекітіңіз.

Адамдар немесе басқа заттар кабельге оралатын болса, жарақатқа не теледидардың зақымдануына әкелуі мүмкін.

Айнымалы ток сымы немесе қосу кабелі қысылып қалмауы керек.

Айнымалы ток сымы немесе қосу кабелі құрал мен қабырға арасында қысылып қалса, майысқан немесе күштеп оралған болса, ішкі бағыттағыштар зақымданып, қысқа тұйықталуға немесе электр кезінің үзілуіне себеп болуы мүмкін. Бұл өрттің пайда болуына немесе ток соғуға әкелуі мүмкін.

SONY Bravia KDL43WG665 - Айнымалы ток сымы немесе қосу кабелі қысылып қалмауы керек. - 1

Кронштейнді қабырғаға бекітуге қажетті бұрандалар берілмеген.

Қабырғаға бекіту кронштейнін бекіту кезінде қабырғаның материалы мен құрылымына сай бұрандаларды пайдаланыңыз.

Теледидарды қабырғаға орнату

Теледидардың түріне байланысты орнату процедурасы өзгеше болады.

ТД-ды қабырғаға орнату үшін SU-WL450 қабырғаға орнататын кронштейнін пайдаланыңыз.

Нұсқау

  • Үстел тұғыры ТД-ға бекітілсе, үстел тұғырын алдын ала ажыратыңыз. Орнату нұсқаулығын қарап, үстел үсті тірегін шешу қадамдарын кері ретпен орындаңыз.
  • СКД дисплейі бетінің зақымдалуын болдырмау үшін қабырғаға орнататын кронштейні тіркеу бөлшектерін бекемдеу немесе ТД-дан үстел тұғырын алып тастау кезінде ТД экранын төмен қаратып қалың жұмсақ шүберекпен жабылған тегіс, тұрақты бетке қойыңыз.
  • Алынған бұрандаларды балалардан алыс, қауіпсіз орынға қойыңыз.

Орнатуға дайындық

  • Орнату алдында ТД анықтамалық нұсқаулығын және орнату нұсқаулығын алыңыз.
  • Құрастырмас бұрын бұрандаларға сай келетін Phillips бұрауышы болуы керек.
  • Теледидар бекітілетін орынды анықтаңыз.
  • Диаметрі 8 мм болатын төрт немесе одан да көп бұранда және 5 мм-лік немесе ұқсас (берілмеген) бұранда дайындаңыз. Қабырғаның материалына сай келетін бұрандаларды таңдаңыз.

Бөлшектерді тексеру

SU-WL450 құрылғысымен беріледі

- Барлық бөлшектердің бар екендігін тексеріңіз.

A Heriz (20) (1) B Terepshik (2)SONY Bravia KDL43WG665 - SU-WL450 құрылғысымен беріледі - 1SONY Bravia KDL43WG665 - SU-WL450 құрылғысымен беріледі - 2
© PSW 6x20 (4) © TbIbH PSW4x20 (2)SONY Bravia KDL43WG665 - SU-WL450 құрылғысымен беріледі - 3SONY Bravia KDL43WG665 - SU-WL450 құрылғысымен беріледі - 4
E ApaIbIc (20) (2) F SONY Bravia KDL43WG665 - SU-WL450 құрылғысымен беріледі - 5Beldik (1)SONY Bravia KDL43WG665 - SU-WL450 құрылғысымен беріледі - 6
G TbIbH (20) (M4) (2)SONY Bravia KDL43WG665 - SU-WL450 құрылғысымен беріледі - 7H PSW 4x20 (2)SONY Bravia KDL43WG665 - SU-WL450 құрылғысымен беріледі - 8
I Herizr i aIapter (2)SONY Bravia KDL43WG665 - SU-WL450 құрылғысымен беріледі - 9J PSW 4x10 (8)SONY Bravia KDL43WG665 - SU-WL450 құрылғысымен беріледі - 10
K ApaIbIc (60) (2) LSONY Bravia KDL43WG665 - SU-WL450 құрылғысымен беріледі - 11PSW 6x50 (2)SONY Bravia KDL43WG665 - SU-WL450 құрылғысымен беріледі - 12
M TbIbH (M4) (2) NSONY Bravia KDL43WG665 - SU-WL450 құрылғысымен беріледі - 13PSW 4x50 (2)SONY Bravia KDL43WG665 - SU-WL450 құрылғысымен беріледі - 14

Орнатылатын орынды анықтау

1 Орнатылатын орынды анықтаңыз.

Қабырғада ТД үшін жеткілікті орын бар екенін және ТД-дың кемінде төрт есе ауырлығын көтере алатынын тексеріңіз.

Теледидарды қабырғаға орнату туралы келесі кестені қараңыз. Теледидардың салмағын тексеру үшін теледидардың Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.

a b c 80 Экран ортасының нүктесі Стандартты орнату Жақын орнату e d d

Құрал: мм

Улгі нөміріЭкран өлшемдеріЭкран ортасының өлшеміОрнату үзындығы
abcde
Стандартты орнатуЖақын орнату
KDL-50WG6□□1130 660 21 358 130 88
KDL-43WG6□□974 572 54 346 130 88

Нұсқау

  • Кестедегі деректер орнатуға байланысты аздап өзгешеленуі мүмкін. • ТД қабырғаға орнатылғанда ТД жоғарғы бөлігі аздап алға еңкейеді.

Теледидар мен төбе және қабырғаның шығыңқы бөліктері арасында төменде көрсетілгендей ашық орын қалдырыңыз.

Құрал: мм

300100 100 100

• Тиісті желдету және кір мен шаңның жиналуын болдырмау үшін:

— ТД-ды жалпағына қоймаңыз, жоғарғы жағын төмен қаратып, артқа қаратып немесе қырымен орнатпаңыз. — ТД-ды сөреге, кілемге, төсекке немесе шкафқа қоймаңыз. — ТД-ды перделер сияқты шүберекпен немесе газеттер т.б. сияқты элементтермен жаппаңыз. – ТД-ды төменде көрсетілгендей орнатпаңыз.

Ауа айналымы блокталған.

Қабырға

Нұсқау

- Кабельдерді қабырға ішіне салатын болсаңыз, орнатпас бұрын кабель салынатын қабырғаны тесіп алуыңыз керек. Кабельдер қысылып қалмас үшін негіз (20) Ⓐ, негізгі адаптер ① мен аралық (20) Ⓔ, аралық (60) Ⓑ периметрінен тыс қабырғадан саңылау дайындаңыз.

2 Қабырғаға орнату стилін таңдаңыз. Теледидардың артқы жағы мен қабырға арақашықтығын төменде көрсетілгендей таңдауға болады реттеледі.

1-қадам кестесіне қараңыз.

ЕСКЕРТУ

• 2-в таңдалған кезде, Артқы терминалға қатынас шектеулі болады.

SONY Bravia KDL43WG665 - ЕСКЕРТУ - 1

3 Негізгі адаптерді бекіту орны туралы төмендегі кестеден қараңыз. 2-в таңдалған жағдайда, осы қадамды өткізіп жіберіңіз.

Улгі нөмірі Ілмек орны
KDL-50WG6□□с
KDL-43WG6□□

a b c d

Адаптор ① негізін (PSW 4x10) ② Бұрандаларымен 2-а таңдалған кезде (20) Ⓐ негізіне бекіту.

SONY Bravia KDL43WG665 - ЕСКЕРТУ - 3

12-беттегі сипаттамаларды қараңыз.

2-а таңдалған кезде, ① Адаптор негізінің тесік орнын пайдаланыңыз.

ЕСКЕРТУ

  • Теледидар орнатылатын қабырға теледидар салмағынан төрт есе ауыр салмақты көтере алуы тиіс (Салмағын тексеру үшін теледидардың Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.).
  • Теледидар бекітілетін қабырғаның беріктігін анықтаңыз. Қажет болса, қабырғаны жеткілікті түрде күшейтіңіз.

Қабырғаға тұғырды орнату

  • Диаметрі 8 мм болатын немесе ұқсас төрт немесе одан да көп бұранданы пайдаланыңыз (берілмеген). • ① Адапторының негізіне төрт бұрандаларды (20) Ⓐ Негізімен бекітіңіз (Тек 2-а).
  • Негізді (20) Ⓐ қабырғаға көлденең етіп орнатыңыз.

Стандартты орнату (2-а)SONY Bravia KDL43WG665 - Қабырғаға тұғырды орнату - 1

Теледидарды орнатуға дайындау

Тірек орнату нұсқаулығын қараңыз.

1 Теледидардан үстел тұғырын алыңыз.

Жұмсақ шүберек

Нұсқау

• Дисплейдің бетін зақымдамау үшін теледидарды жұмсақ шүберек төселген жерге қойыңыз. - Қабырғаға орнататын кронштейнді орнату кезінде, үстел тұғырынан алынған бұрандаларды пайдаланбаңыз. - Алынған үстел тұғырын және оның бұрандаларын балалардың қолы жетпейтін, қауіпсіз жерде сақтаңыз. Теледидарды кейін үстелде пайдаланғыңыз келсе, олар керек болады. Үстел тұғырын бөлек сатып алуға болмайды.

ЕСКЕРТУ

  • Теледидарды қосардың алдында оның тік орналасқанын тексеріңіз. Суреттің біркелкі емес тұрақтылығын алдын алу үшін теледидардың сұйық кристалдық дисплей тақтасының беті төмен қарап қосылмауы қажет.
  • Егер теледидардың бетіне қысым немесе соққы түссе, теледидар бұзылуы немесе зақымдалуы мүмкін.
  • Теледидарды беттің шетінде тұрған үстел тұғыры бар қатты және түзу жерге бетін төмен қаратып қойыңыз. Теледидардың беті мен үстел тұғырының базасы бірдей деңгей бетінде болса, тұрақсыз жұмыс күйін жасап, теледидарды зақымдауы мүмкін.
  • Үстел тұғырын теледидардан алған кезде, үстел тұғырын мықтап ұстаңыз.

2 Қабырғаға орнататын кронштейн үшін тіркеу бөлшектерін тіркеңіз. 5-беттегі «Бөлшектерді тексеру» бөліміндегі «SU-WL450 құрылғысымен беріледі» тармағын қарау арқылы монтаждау бөлшектерін тексеріңіз.

Нұсқау

  • Бекіту бөлшектерін бұрандалар арқылы мықтап бекітіңіз.
  • Электр бұрағышты пайдаланғанда, айналу шамасын шамамен 1,5 Н·м {15 кгк·см} орнатыңыз.
  • Пайдаланылған немесе пайдаланылмаған бөлшектер алдағы қолданыс үшін қауіпсіз орынға сақталғанын тексеріңіз. Бұл нұсқаулықты болашақта қарау үшін сақтаңыз.

Стандартты орнату (2-а)Бұранда (+PSW 6 x 20) Тегершік Ⓐ Бұранда (+PSW 6 x 50) Аралық (60 мм) ₽ Жұмсақ шүберек Белдік Ⓕ

Жақын орнату (2-b)

Нұсқау

- Осы орнату стилін пайдалану кезінде ТД-дың артқы жағындағы кейбір терминалдарды пайдалану мүмкін емес.

SONY Bravia KDL43WG665 - Нұсқау - 1

3 Қажетті кабельді (кабельдерді) теледидарға жалғау.

Теледидарды қабырғаға орнатпас бұрын кабельдердің жалғанғанын тексеріңіз. Теледидарды орнатқаннан кейін кабельдерді жалғау мүмкін болмайды. Теледидармен берілетін Анықтамалық нұсқау бөлімін қараңыз.

Нұсқау

  • Кабельді қабырға ішімен жүргізу жұмыстарын лицензиясы бар мердігер жасауы керек.
  • Кабельдерді қабырғаға бекітпес бұрын оларды басып кетпес үшін жалғанатын кабельдерді жинаңыз.

Қабырғаға теледидарды орнату

1 Теледидарды негізге немесе негіз адаптеріне орнатыңыз.

  • Негіздегі немесе негіз адаптеріндегі ілмектегі тегершіктер Ⓑ орнын 7-беттегі «Орнатылатын орынды анықтау» ішіндегі 3-қадам кестесінен қараңыз.
  • Теледидарды ақырын төмен сырғытып, теледидар артына тіркелген тегершіктерді Ⓑ негізге немесе негіз адаптеріне іліп, саңылаулар пішінін растаңыз.
  • ТД-ды қабырғаға орнатқаннан кейін тегершіктер Ⓗ негізге немесе Негізгі адаптерге бекем ілінгендігін тексеріңіз.
  • Теледидардың құламайтынына көз жеткізу үшін екі қолыңызды баяу босатыңыз.

Стандартты орнату (2-а)SONY Bravia KDL43WG665 - Теледидарды негізге немесе негіз адаптеріне орнатыңыз. - 1

- Теледидарды тасымалдау кезінде екі немесе одан көп адам (75 дюймді және одан үлкен теледидар жинағы үшін үш немесе одан көп адам) ұстағанын тексеріңіз.

SONY Bravia KDL43WG665 - Теледидарды негізге немесе негіз адаптеріне орнатыңыз. - 2

2 Теледидардың төменгі бөлігінің жылжып кетуін болдырмау.

- Белдікті (F) алып, оны қабырғаға мықтап бекітіңіз.

2-a 2-b F F

- Диаметрі 5 мм болатын немесе ұқсас бұранданы пайдаланыңыз (берілмеген).

Нұсқау

- Теледидардың алға қарай жылжымайтынын тексеру үшін теледидардың төменгі бөлігін өзіңізге қарай ақырын тартып көріңіз. Жылжитын болса, дұрыс бекітілмеген болғаны және белдікті (F) қайта бекітіңіз.

Орнатудың аяқталғандығын тексеру

Келесілерді тексеріңіз.

  • Тегершіктер Ⓑ негізге немесе Негізгі адаптерге бекем ілінді.
  • Сым мен кабель оралмаған немесе қысылмаған.
  • Белдік Ⓕ мықтап бекітілген.

ЕСКЕРТУ

- Айнымалы ток сымының немесе т.б. қате орналасуы қысқа тұйықталу салдарынан өрттің пайда болуына немесе ток соғу қаупіне әкелуі мүмкін. Орнату жұмыстарының қауіпсіздік талаптарына сай орындалғанына көз жеткізіңіз.

Басқа ақпарат

Теледидарды алған кезде алдыңғы орнату процедурасын керісінше орындаңыз.

SONY Bravia KDL43WG665 - Басқа ақпарат - 1

- Теледидарды шешу кезінде екі немесе одан көп адам (75 дюймді және одан үлкен теледидар жинағы үшін үш немесе одан көп адам) ұстағанын тексеріңіз.

Техникалық сипаттамаларыf h1 h2 g e d c b a

Өлшемдері: (шамамен) [мм]

a : 400

b : 300

c : 200

d : 100

e : 80

f : 480

g : 100

h1 : 20 (2-b τγρι)

h2 : 60 (2-a τγρι)

Салмағы (тек тұғыр): (шамамен) [кг] 0,8

Дизайн мен техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертіледі.

Sony қабырғаға орнатуға арналған кронштейн (SU-WL450) орнату және пайдалану туралы ақпарат

Қолдау көрсетілетін модельдер: KDL-50WG6□□* / 43WG6□□*

* Нақты модель атауларында „☐☐” әр модельге тән сандарды және/немесе әріптерді білдіреді.

Сатып алушылар үшін

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : SONY

Модель : Bravia KDL43WG665

Санат : телевизор