TYWK5P1RW - телевизор PANASONIC - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз TYWK5P1RW PANASONIC PDF форматында.

PANASONIC TYWK5P1RW - телевизор
📄 90 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice PANASONIC TYWK5P1RW - page 64
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Плазмалық теледидарға арналған қабырға бекіткіші
Бренд Panasonic
Модель TY-WK5P1RW
Түрі Бұрышы реттелетін
Салмағы 3,2 кг
Ені 550 мм
Биіктігі 446 мм
Тереңдігі 103,5 мм
Еңкею бұрышы 0-ден 20 градусқа дейін (5 градус қадаммен)
Үйлесімділік Panasonic плазмалық теледидарлары (нұсқаулықтың 80-81 беттерін қараңыз)
Қабырғаға бекіту Номиналды диаметрі 6 мм бұрандалар (берілмейді)
Бекіту нүктелерінің саны 6
Бұрау моменті (бекіткішті орнату) 1,2-ден 1,5 Н·м
Бұрау моменті (теледидарды бекіту) 3-тен 4 Н·м
Максималды жұмыс температурасы 40 °C
Күтім Құрғақ жұмсақ шүберек, қажет болса сұйылтылған бейтарап жуғыш зат
Қауіпсіздік Білікті маманның орнатуы ұсынылады
Берілген керек-жарақтар Бұрандалар, шайбалар, алтыбұрышты кілт
Пайдалану нұсқаулығы Кіреді

Жиі қойылатын сұрақтар - TYWK5P1RW PANASONIC

TYWK5P1RW қабырға бекіткішін қалай орнатуға болады?
Нұсқаулықта сипатталған қадамдарды орындаңыз: негізгі бекіткіштерді орнатыңыз, қабырғаның беріктігін тексеріңіз, бекіткішті қабырғаға сәйкес бұрандалармен (ø 6 мм) бекітіңіз, содан кейін оқшаулағыш шайбаларды ойықтарға салып теледидарды орнатыңыз. Кабельдерді қосқаннан кейін блоктың бекіту бұрандаларын қатайтыңыз.
Бұл бекіткішпен қандай теледидарлар үйлесімді?
Бұл бекіткіш тек Panasonic плазмалық экранды теледидарларға арналған. Үйлесімді үлгілер тізімі үшін нұсқаулықтың 80-81 беттерін қараңыз.
Қандай максималды салмақ көтереді?
Бекіткіштің салмағы 3,2 кг. Көтерілетін жалпы салмақты (бекіткіш + теледидар) теледидардың пайдалану нұсқаулығынан тексеру керек. Өндіруші көрсеткен сыйымдылықтан асырмау ұсынылады.
Еңкею бұрышын реттеуге бола ма?
Иә, бұрыш 0-ден 20 градусқа дейін 5 градус қадаммен сол және оң жақ бекіткіштердегі бұрышты реттеу бұрандалары арқылы реттеледі.
Қабырғаға бекіту үшін қандай бұрандаларды қолдану керек?
Қабырға материалына (ағаш, болат құрылым, бетон және т.б.) сәйкес номиналды диаметрі 6 мм бұрандаларды пайдаланыңыз. Бұрандалар қабырға бетінен 10-15 мм шығып тұруы керек.
Орнату үшін маманды шақыруым керек пе?
Иә, қауіпсіздік себептері бойынша орнатуды маман жасауы қажет. Дұрыс емес монтаж теледидардың құлауына және ауыр жарақаттарға әкелуі мүмкін.
Қабырға бекіткішін қалай тазартуға болады?
Құрғақ жұмсақ шүберекпен (мақта немесе фланель) сүртіңіз. Қатты кір болса, суда сұйылтылған бейтарап жуғыш затты қолданыңыз, содан кейін құрғақ шүберекпен сүртіңіз. Бензол, еріткіш немесе балауызды пайдаланбаңыз.
Бекіткіш төбеге орнатуға жарамды ма?
Жоқ, бұл бекіткіш тек тік қабырғаға бекітуге арналған. Оны төбеге орнатпаңыз, себебі бұл жарақатқа әкелуі мүмкін.
Теледидарды бекіткіштен қалай алуға болады?
Блоктың бекіту бұрандаларын (сол және оң жақ) босатыңыз, кабельдерді ажыратыңыз, содан кейін теледидардың төменгі бөлігін өзіңізге қарай тартып, сәл көтеріңіз. Төменгі шайбалар босатылғаннан кейін теледидарды тік көтеріңіз.
Егер қабырға жеткілікті берік болмаса, не істеу керек?
Қабырғаның беріктігі жеткіліксіз болса, тиісті күшейтуді қолданыңыз. Алты бекіту нүктесі үшін орналасу сызбасын қараңыз. Сондай-ақ жоғарғы және төменгі жағындағы алдын ала тесілген қосымша тесіктерді пайдалануға болады, бірақ бетті жарып жібермеу үшін тым жақын бұрғылаудан аулақ болыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы TYWK5P1RW PANASONIC

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз телевизор PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз TYWK5P1RW - PANASONIC және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. TYWK5P1RW брендінің PANASONIC.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ TYWK5P1RW PANASONIC

Орнатылатын жер ұзақ уақыт пайдалануға шыдау үшін жеткілікті түрде орнықты болуына көз жеткізіңіз.

- Егер ұзақ уақыт пайдалану кезінде оның беріктігі азайса, плазмалық теледидар түсіп кетіп, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.

Орнату және қосылатын жабдықты ұзарту жұмысын білікті орнатушы маманнан басқа кісілер жүргізбеуі тиіс.

• Дұрыс орнатылмаған жағдайда, жабдық құлап, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.

Ұсынылған орнатылатын жердің беріктігін қарастырған кезде, қауіпсіздік коэффициентін де есепке алыңыз.

- Егер беріктігі жеткілікті болмаса, жабдық құлап, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.

Жүк көтере алмайтын жерге орнатпаңыз.

- Егер орнатылатын жердің беріктігі жеткілікті болмаса, жабдық құлап кетуі мүмкін.

Қабырғаға орнату кронштейнін бөлшектеуші немесе өзгертуші болмаңыз.

• Әйтпесе, құрылғы түсіп кетіп, зақымдалуы және дене жарақатына себеп болуы мүмкін.

ЕСКЕРТУ

Каталогта көрсетілгеннен басқа теледидарлар мен дисплейлерді пайдаланбаңыз.

• Әйтпесе, құрылғы түсіп кетіп, зақымдалуы және дене жарақатына себеп болуы мүмкін.

Ылғал, шаң, түтін, бу немесе қызу әсеріне ұшырайтын жерлерге орнатпаңыз.

• Бұл плазмалық теледидарға кері әсерін тигізіп, өрт шығуына немесе ток соғуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Плазмалық теледидарды орнату немесе орнынан алу жұмысын кемінде екі адам орындауы тиіс.

- Плазмалық теледидар құлап кетіп, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.

Жоғары қаратып, қырынан немесе төңкеріп орнатпаңыз.

• Бұл плазмалық теледидардың ішіне қызу жинақталып, өрт шығуына себеп болуы мүмкін.

Жел кіретін тесіктерді жауып тастамаңыз. Қабырғаға ілетін кронштейнді пайдаланған кезде плазмалық теледидардың артқы жағы мен қабырға арасынан бос орын қалдырыңыз.

- Олай етпеген жағдайда ішінде қызу пайда болып, өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.

Плазмалық теледидардың жоғарғы, төменгі, сол және оң жақтарынан кемінде 10 см бос орын қалдырыңыз. Сондай-ақ, артынан да біраз бос орын қалдырыңыз.

- Қалдырмаған жағдайда өрт шығуы мүмкін.

Плазмалық теледидарды тек осы нұсқауларда көрсетілген қадамдармен орнатыңыз. Басқа жолмен орнатушы болмаңыз.

• Әйтпесе, құрылғы түсіп кетіп, зақымдалуы және дене жарақатына себеп болуы мүмкін.

Бекіткіш бұрандалар мен қуат сымын қабырғаның ішкі бөліктеріне тимейтіндей етіп орнатыңыз.

• Қабырғаның ішіндегі қандай да бір металл заттарға тисе, электр тогының соғуына себеп болуы мүмкін.

Орнату үшін тек арнаулы құраушы бөлшектерді пайдаланыңыз.

• Әйтпесе, плазмалық теледидар қабырғадан құлап кетіп, жарақаттануға себеп болуы мүмкін.

Пайдаланудан шыққан бұйымды алып тастаңыз.

• Әйтпесе, бұйым құлап кетіп, дене жарақатына себеп болуы мүмкін.

Қолдану ережелері

1) Теледидардың орнын таңдаған кезде абай болыңыз, себебі күн сәулесі тікелей түсетін жерге немесе жылытқышқа жақын қойылса, оның түсі өңіп кетуі немесе пішіні бұзылуы мүмкін. 2) Қабырғаға бекітетін кронштейнді жұмсақ, құрғақ шүберекпен (мысалы, мақта немесе фланель) сүртіп тазалаңыз. Егер кронштейн қатты кірлесе, кірді суға араластырылған бейтарап жуу құралымен кетіріп, құрғақ шүберекпен тазалап сүртіңіз. Бензол, сұйылтқыш немесе жиһаз балауызын пайдаланбаңыз, себебі ол жабынның аршылып түсіп қалуына себеп болуы мүмкін. (Дисплей құрылғысын тазалау туралы ақпаратты дисплей құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан қараңыз. Егер химиялық жолмен өңделген мата пайдалансаңыз, матамен бірге берілген нұсқауларды орындаңыз.) 3) Бұйымға жабысқақ таспа немесе стикерлер жабыстырмаңыз. Бұл қабырға кронштейнінің бетін кірлетуі мүмкін. Резеңке, винил немесе соған ұқсас заттардың ұзақ уақыт тиіп тұруына жол бермеңіз. (Бұл нашарлауға себеп болуы мүмкін.) 4) Орнатқан кезде абай болыңыз, себебі тиген соққылар плазмалық теледидар панелінің жарылуына себеп болуы мүмкін.

Ескерту:

Бұл кронштейн тек Panasonic плазмалық теледидар үлгілерімен пайдалануға арналған (88-91-бетті қараңыз). Басқа құралдармен пайдалану, тұрақсыздыққа әкеліп, жарақатқа себеп болуы мүмкін.

TY-WK5P1RW реттелетін түрі)

Қабырғаға бекітетін кронштейн (Бұрышы

Қабырғаға бекітетін кронштейнді құрастыруға қажет бөлшектер

① Негіздің жоғарғы бекіткіштері (1) Негіздің төменгі бекіткіштері (1) Жапсырма

② Кронштейн негізінің сол жақ бекіткіші (1)

③ Кронштейн негізінің оң жақ бекіткіші (1)

④ Бекіткіш құрылғыны құрастыруға арналған M5 × 10 бұрандалары (4)

Орнату үшін пайдаланылатын бөлшектер

Толық құрастырылған бекіткіш құрылғының көрінісіPANASONIC TYWK5P1RW - Орнату үшін пайдаланылатын бөлшектер - 1

A M8 × 32 алты бұрышты ойық басты бұрандалары (4)

PANASONIC TYWK5P1RW - Орнату үшін пайдаланылатын бөлшектер - 2

E M5x50 Бекітетін құрылғының бұрандасы (2)

PANASONIC TYWK5P1RW - Орнату үшін пайдаланылатын бөлшектер - 3

F Алты қырлы кілт (жеткізу жинағына кіреді) (1)

PANASONIC TYWK5P1RW - Орнату үшін пайдаланылатын бөлшектер - 4

Қабырғаға бекітетін кронштейнді құрастыру кезіндегі сақтық шаралары

♦ Қабырғаға бекітетін кронштейн плазмалық теледидарды көру мақсатында тік қабырғаға бекіту үшін пайдаланылады. Тік қабырғадан басқа бетке орнатпаңыз. ♦ Плазмалық теледидардың дұрыс жұмысын қамтамасыз ету және қандай да бір жағымсыз жағдайдың алдын алу үшін, келесі жерлерге орнатпаңыз. • Су шашқыштардың немесе өрт/түтін детекторларының жаны • Діріл немесе соққы тию қаупі төнетін жерлер • Жоғары кернеулі сымдардың немесе динамикалық қуат көздерінің жаны • Магнит өрістері, жылу, су буы немесе күйе шығатын жерлердің жаны • Жылыту жабдығынан үрленген ауа тиетін жерлер • Ауа кондиционерінен немесе басқа құрылғыдан шығатын конденсат тамшылары түзілетін жерлер

Орнатылатын жердің құрылымы мен материалына сәйкес келетін әдістермен орнатыңыз.

Кронштейн орнатылатын қабырғаның материалына (ағаш, болат каркас, бетон, т.б.) сәйкес келетін, кез келген жерде сатылатын номиналды диаметрі 6 мм бұрандаларды пайдаланыңыз.

Теледидардың қуат ашасы үшін қол оңай жететін электр розеткасын пайдаланыңыз.

Жабдықтың айналасындағы температура 40 °С-тан аспау үшін, оның жақсы желдетілуін қамтамасыз етіңіз. Әйтпесе, плазмалық теледидардың ішінде қызу жинақталып, оның бұзылуына себеп болуы мүмкін.

Құрастыру және орнату кезінде плазмалық теледидар мен еден сызылмауы немесе сырылмауы үшін, еденге жұмсақ сейсеп немесе мата төсеп қойыңыз.

Бөлшектерді бұрандамен бекіткен кезде, бұрандалардың бос немесе тым қатты тартылмауын қадағалаңыз.

Құрастыру және орнату кезінде, не болмаса жұмыс барысында қозғалып жүргенде, айналаңызда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеткілікті шаралар қолданыңыз.

Плазмалық теледидарды төбе шамдарының (прожекторлық жарықтандырғыштардың, галоген шамдардың, т.б.) астына орнатпаңыз. Әйтпесе, қатты қызудан корпус майысуы немесе зақымдалуы мүмкін.

1. Қабырғаға бекітетін кронштейнді құрастыру

Негіздің жоғарғы және төменгі бекіткіштері ① мен кронштейн негізінің сол жақ ② және оң жақ ③ бекіткіштерін суретте көрсетілгендей етіп қойыңыз. Кронштейн негізінің сол жақ және оң жақ бекіткіштерінің шығыңқы бөліктерін (құлақшаларын) негіздің жоғарғы және төменгі бекіткіштеріндегі ойықтарға (сол жақтан 2 және оң жақтан 2) кіргізіп, бөлшектерді бекіткіш құрылғыны құрастыруға арналған төрт бұранданың ④ көмегімен тартып бекітіңіз. (Тартудың бұрау моменті: 1,2-1,5 Н·м)

Ескертпе

• Құрастырылған қабырғаға бекіту кронштейнімен жұмыс істегенде, кронштейн негізінің сол жақ және оң жақ бекіткіштерін ұстан тұрыңыз. Негіздің жоғарғы және төменгі бекіткіштерін ұстасаңыз, бұл құрылғының пішіні бұзылуы мүмкін.

Негіздің жоғарғы бекіткіштері ①Кронштейн негізінің сол жақ бекіткіші ② Кронштейн негізінің оң жақ бекіткіші ③

Негіздің төменгі бекіткіштері ① (жапсырмасы бар жағы)

B A Құлақша Құлақша Ойық (A) Бекіткіш құрылғыны құрастыруға арналған M5 × 10 бұрандалары ④

2. Орнатылатын жердің беріктігін тексеру

① Кабырға кронштейнінің салмағы – шамамен 3,2 кг. Плазмалық теледидардың пайдаланушы нұсқаулығын қарап, қабырға кронштейніне орнатылатын теледидардың салмағын тексеріңіз. ② Оң жақтағы қабырға кронштейнінің контурлық сызбасына қарап, көрсетілген алты орнату орнындағы қабырғаның беріктігін тексеріңіз. Егер бұл орындарда беріктік жеткіліксіз болса, жеткілікті күшейтілуін қамтамасыз етіңіз.

Ескертпелер

  • Қабырғаға бекітетін кронштейннің жоғарғы жағында бес және төменгі жағында тағы да бес алдын ала тесілген бекіту тесігі бар. Қабырға ағаштан немесе басқа материалдан жасалған болса және бекіту құрылғысын оң жақта көрсетілген алты орыннан бекіту арқылы жеткілікті орнату беріктігін қамтамасыз ету мүмкін болмаса, қосалқы тесіктерді пайдаланыңыз. Алайда, орнату бетінің қандай материалдан жасалғанына қарай, бұрандалар бір-біріне тым жақын орындарда пайдаланылған жағдайда, бетте сызаттар пайда болуы мүмкін.
  • Бекіту құрылғысына тек плазмалық теледидарды орнатыңыз немесе орналастырыңыз: қандай да бір басқа бұйымды орнатушы немесе орналастырушы болмаңыз.
  • Плазмалық теледидар орнатылғанда қолданылатын өлшемдер туралы толық мәліметтерді контурлық сызбадан қараңыз (88-91-бетте).

Бірлік: мм550 50025 25 446 325 103.5 17.5 44055 55

Қабырғаға бекітетін тесіктер (6 нүктеде). Бекіту құрылғысын бекіту үшін, міндетті түрде бұрандаларды пайдаланыңыз.

3. Қабырғаға бекітетін кронштейнді қабырғаға орнату

Ескертпелер

  • Қабырға бетон немесе сол сияқты басқа материалдардан жасалғандықтан, қабырға кронштейнін орнатпас бұрын бұрандаларды немесе гайкаларды қабырғаға кіргізу қажет болса, қабырға кронштейнінің өзін орнату арқылы немесе контурлық сызбада көрсетілген суреттерден есептеп шығарып тесіктердің орындарын анықтаңыз да, номиналды диаметрі 6 мм немесе оған балама бұрандалар мен гайкаларды кіргізіңіз. Егер бұрандаларды кіргізіп жатқанда, оларды қабырға бетінен 10-15 мм шығарып қойыңыз.
  • Қабырғаға бекітетін кронштейнді қабырғаға орнату үшін, кез келген жерде сатылатын номиналды диаметрі 6 мм немесе оған балама және қабырғадағы орнатылатын тұстың материалына сәйкес келетін бұрандаларды пайдаланыңыз.
  • Бұрандаларды кемінде алты жерден тартыңыз.

① Қабырғаға бекітетін кронштейнді ондағы көрсеткілер жоғары қарап тұратындай етіп орнатыңыз. ② Алдымен, жоғарғы ортаңғы тесіктегі бұранданы ④ тартыңыз. ③ Кронштейннің бұрыш жасап қисайып кетпегендігіне көз жеткізу үшін деңгей өлшегішті пайдаланыңыз және төменгі жақтағы үш бұранда тесіктерін пайдаланып, кронштейнді орнына бұрандалармен бекітіңіз. ④ Бұрышты реттейтін бұрандаларды ② және ③ кронштейн негізінің сол жақ және оң жақ бекіткіштерінен алыңыз және ② және ③ кронштейн негізінің сол жақ және оң жақ бекіткіштерін ашыңыз. ⑤ Жоғарғы жақтағы қалған екі бұранда тесіктері арқылы бұрандалардың көмегімен кронштейнді орнына бекітіңіз. ⑥ 4-кадамдағы бұрышты реттеу үшін, шығарып алынған бұрышты реттейтін бұрандаларды пайдаланыңыз.

Көрсеткілер Бұрышты реттейтін бұрандалар

PANASONIC TYWK5P1RW - Ескертпелер - 2

4. Қабырғаға бекітетін кронштейннің бұрышын реттеңіз

① Бұл қабырға кронштейнінің бұрышын 5 градустық қадамдармен «Нөлдік қисаю» мен «20 градустық қисаю» арасындағы бес қалыптың біріне қойып реттеуге болады. Қабырға кронштейні өндіруші зауыттан жеткізілгенде «Нөлдік қисаю» қалпына қойылады. Бұрышты өзгерту үшін, бекіткіштің орнын өзгерту үшін бұрышты реттейтін бұрандаларды пайдаланыңыз. (Тартудың бұрау моменті: 1,2-1,5 Н·м)

"20 градустық қисаю" "0 градустық (Нөлдік қисаю)" "15 градустық қисаю" "10 градустық қисаю" "5 градустық қисаю" Бекіткіш "0 градустық (Нөлдік қисаю)" 5 градустан 20 градусқа дейін қисайту Бұрыш "0 градустық (Нөлдік қисаю)" күйіне қойылғанда Реттеу үшін пайдаланылатын бұранда. Қабырғаның беті Бұрыш "…

Ескертпе

- HDMI кабельдерінің немесе дербес компьютер кабельдерінің кейбір түрлерін пайдаланған кезде, кабель қабырғаға тиіп, теледидардағы HDMI ұясын немесе дербес компьютер сигналының кіріс ұясын зақымдауы мүмкін. Мұндай жағдайда, қабырға кронштейнінің бұрышын кабельге салмақ түспейтіндей етіп реттеңіз.

5. Плазмалық теледидарға оқшаулағыш төсемдерді орнату

① Плазмалық теледидардың бетін төмен қаратып, таза көрпеге немесе басқа шаңсыз және бетінде ештеңе жоқ матаға қойып, төменде айтылғандай жалғастырыңыз. Егер плазмалық теледидардың шығыңқы бөліктері болса, сызып немесе зақым келтіріп алмаңыз. ② Плазмалық теледидардан қақпақшаларды (4) шығарып алу үшін төрт қырлы үшты бұрауыш қолданыңыз.

Ескертпе

• Шешілген қақпақтарды қауіпсіз жерге қойыңыз. (Олар бөлек орнату түпкоймасы пайдаланылғанда қажет болады.) ③ Оң жақтағы суретте көрсетілгендей, қосымша М8 × 32 алты бұрышты ойықты бұрандаларды А, тісті дөңес шайбаларды В, оқшаулағыш төсемдерді С және төсемдерді Д (әр бөлшек үшін × 4) жинаққа енгізілген алты қырлы кілтпен F алдында қақпақшалар орнатылған жерлерге орнатыңыз. (Тартудың бұрау моменті: 3-4 Н·м)

* Плазмалық теледидардың түр-сипаты моделіне байланысты болады. Төмендегі сурет қолданыстағы модель үлгісі болып табылады.

Төрт қырлы үшты бұрауыш Көрпе Қалпақша Көрпе A B C D F

6. Плазмалық теледидарды қабырға кронштейніне орнатып, басқа құрамдастарға жалғау

① Плазмалық теледидарды бекітуге және босату үшін пайдаланылатын сол және оң жақтағы қызылмен белгіленген бұрандаларды ① (біреуі – сол жақта, екіншісі – оң жақта) шығарып алыңыз. ② Плазмалық теледидардың жоғарғы жағындағы оқшаулағыш төсемдерді қабырға кронштейнінің жоғарғы жағындағы және плазмалық теледидардан төмен ойықтарға кіргізіңіз. ③ Плазмалық теледидарды оң жақта суретте көрсетілгендей өзіңізге тартып, оны басқа компоненттерге жалғаңыз. ④ Жалғаған соң, плазмалық теледидарды ақырын көтеріп, астыңғы жағындағы изоляциялық арақабаттарды қабырғаға ілетін кронштейннің төменгі жағындағы тесіктерге кигізіңіз. ⑤ Енді плазмалық теледидарды төмен түсіріңіз.

ЕСКЕРТПЕ

- Егер плазмалық теледидар қатты көтеріліп кетсе, оның жоғарғы бөлігі қабырғаға ілетін кронштейннен шығып кетуі мүмкін.

Үстіңгі жағындағы оқшаулағыш төсем Плазмалық теледидарды бекіту және босату үшін пайдаланылатын қызылмен белгіленген бұранда ① Астыңғы жағындағы тесік Қабырғаның беті Жоғарғы жағындағы ойық Қабырғаның беті Астыңғы жағындағы оқшаулағыш төсем

① Қосымша бекітетін құрылғының бұрандаларын Ⓔ (2) плазмалық теледидарды бекіту үшін пайдаланылатын қабырға кронштейнінің жандарындағы (сол және оң жақ) бекітетін құрылғының бұрандаларын бекітетін тесіктерге орнатыңыз. ② Плазмалық теледидарды бекітуге және босатуға арналған сол және оң жақтағы қызылмен белгіленген бұрандаларды ① (біреуі – сол жақта, екіншісі – оң жақта) плазмалық теледидарды бекіту және босату үшін пайдаланылатын қабырға кронштейнінің жанындағы қызылмен белгіленген бұранда бекітетін тесіктерге мықтап бекітіңіз. (Тарту моменті: 1,2-1,5 Н·м)

Ескертпе

- Плазмалық теледидардың қабырғаға ілетін кронштейннен түсіп кетуіне жол бермеу үшін [E] қосымша бекітетін құрылғысының бұрандалары сол және оң жақтарынан негіздеріне мықтап тартылуы керек.

Плазмалық теледидарды бекіту және босату үшін пайдаланылатын қызылмен белгіленген бұранда ①

Бекітетін құрылғының бұрандасы [E]

Бекітетін құрылғы бұрандаларын орнатуға арналған тесік

Плазмалық теледидарды бекіту немесе босату үшін пайдаланылатын қызылмен белгіленген бұранда салынатын тесік Қабырғаға бекітетін кронштейн

PANASONIC TYWK5P1RW - Ескертпе - 1

① Қабырға кронштейнінің жақтарында орнатылған бекітетін құрылғы бұрандаларын ⑤ (біреуін – сол жақта, екіншісін – оң жақта) шығарып тастаңыз. ② Плазмалық теледидарды басқа құрылғыларға жалғайтын сымдарды ажыратыңыз. ③ Плазмалық теледидардың астыңғы жағын көтергенде, плазмалық теледидарды өзіңізге қарай тартыңыз. ④ Астыңғы жақтағы оқшаулағыш төсемдер босағаннан кейін, плазмалық теледидарды тіке жоғары көтеріп алыңыз.

Бекітетін құрылғының бұрандасы E Қабырғаның беті Астыңғы жағындағы оқшаулағыш төсем ④ ③ Қабырғаның беті

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : PANASONIC

Модель : TYWK5P1RW

Санат : телевизор