SP 16.000 Dual - Сорғылар Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз SP 16.000 Dual Kärcher PDF форматында.
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы SP 16.000 Dual Kärcher
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Сорғылар PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз SP 16.000 Dual - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. SP 16.000 Dual брендінің Kärcher.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ SP 16.000 Dual Kärcher
Қауіп деңгейлері 147
Қоршаған ортаны қорғау 147
Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер ..... 147
Жеткізілім жинағы 147
Кепілдік.... 147
Құрылғының сипаттамасы 147
Пайдалануға енгізу.... 147
Пайдалану.... 148
Күтім және техникалық қызмет көрсету ...... 149
Тасымалдау 149
Сақтау.... 150
Кедергілер болғанда көмек алу.... 150
Техникалық сипаттамалары 151
Ағын жылдамдығын оңтайландыру.... 151
ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация 152
Жалпы нұсқаулар

Құрылғыны алғаш рет қолданбас бұрын, осы пайдалану жөніндегі түпнұсқа нұсқаулық пен берілген
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз.
Оларға сай әрекет етіңіз.
Екі кітапшаны да әрі қарай пайдалану немесе келесі иесі үшін сақтап қойыңыз.
Мақсатына сәйкес қолдану
Құрал жеке үй шаруашылығында пайдалануға ғана арналған.
Мақсатына сәйкес қолдану:
- Су басқан жағдайда ғимараттардың бөліктерін кептіру
- Контейнерлерді тасымалдау және тартып шығару
Жұмыс істеу тәртібі туралы нұсқауларды
Пайдалану тарауынан қараңыз.
Қайта айдауға рұқсат берілген сұйықтықтар
⚠️ҚАУІП
Жарылғыш, тез тұтанатын немесе қолайсыз заттарды тасымалдау кезінде өмірге қауіп және зақымдану қаупі төнеді!
Тез тұтанатын немесе жарылғыш заттар жануы немесе жарылуы мүмкін.
Қолайсыз заттар сорғыны зақымдауы мүмкін.
Жарылғыш, тез тұтанатын немесе коррозияға ұшырайтын сұйықтықтарды немесе газдарды (мысалы, отын, керосин, нитро сұйылтқыш), майды, тұзды суды, дәретханадағы ағынды суларды немесе таза суға қарағанда аз ағатын суды сорып алмаңыз.
Қайта айдауға рұқсат берілген сұйықтықтар:
- Көрсетілген ластану деңгейіне дейін тұщы су, бөлшектердің максималды мөлшері туралы ақпаратты Техникалық сипаттамалары тарауынан қараңыз.
- қоспалар тиісті түрде мөлшерленген жузу бассейндерінің суы
- Жууға арналған су, мысалы, ағып жатқан кір жуғыш машиналардан. Содан кейін сорғыны мөлдір таза сумен шайыңыз және тазалаңыз, Шайыңыз және тазалаңыз тарауын қараңыз.
- Сорылатын сұйықтықтардың температурасы 5°C-тан 35°C-қа дейін болуы керек.
Тиісті түрде пайдаланбауы
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Аязға байланысты зақымдану қаупі бар!
Аязда жұмыс істеу құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Толығымен төгілмеген құрылғы аяздан зақымдалуы мүмкін.
Құрылғыны аязда пайдаланбаңыз.
Құрылғыны аяздан қорғаңыз.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Үздіксіз жұмыс кезінде зақымдану қаупі бар!
Құрылғы үздіксіз жұмыс істеуге жарамайды. Құрылғыны ұзақ уақыт бойы үздіксіз (мысалы, тоғандардағы үздіксіз айналым) немесе тұрақты қондырғы ретінде (мысалы, сорғы станциясы, субұрқақ сорғысы) пайдаланбаңыз.
Нұсқау
Өндіруші мақсатына сай пайдаланбау және дұрыс іске қоспау нәтижесінде туындаған ықтимал зақымдар үшін жауапты болмайды.
Қауіп деңгейлері
⚠️ҚАУІП
- Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.
ЕСКЕРТУ
- Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
△АБАЙЛАҢЫЗ
- Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
- Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал қауіпті жағдай бойынша нұсқау.
Қоршаған ортаны қорғау

Орауыш материалдарын утилизациялауға болады. Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.

Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе утилизациялау нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп
тендіруі ықтимал, құнды қайта өңделмелі материалдар және батареялар, аккумуляторлар немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі.
Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген бұйымдарды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.kaercher.com/REACH
Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.
Кепілдік
Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда, ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз. (Мекенжайымыз артқы бетте)
Құрылғының сипаттамасы
Суреттері бар бетті қараңыз Сурет А
① Жылжытуға арналған сап ② Ашасы бар қуат сымы ③ Автоматты желдету құрылғысы ④ Жылдам қосылатын шланг қосылымы ⑤ Сорғы қосылым бөлігі G 1 ½ (1", 1 ¼" және 1 ½" шланг қосылымы және G 1 ½ – бұранда) ⑥ * Сорғы қосылым бөлігі G 1 (3/4" және 1" шланг қосылымы және G 1 – бұранда) ⑦ * Кері соққы клапаны ⑧ G 1 – бұрандалы қосылым ⑨ Жалғау бөлігі (G 1 ½ – бұранда) ⑩ Сүзгілеу элементін орнату ⑪ Сүзгілеу элементі ⑫ Бекіткіш (қалқымалы қосқыш) ⑬ Биіктікті реттеу (қалқымалы қосқыш) ⑭ Қалқымалы қосқыш
* Жеткізілім жиынтығына кірмейді.
Пайдалануға енгізу
⚠️ҚАУІП
Электр тогының соғу және жарақат алу қаупі! Құрылғыда электрлік және механикалық компоненттер бар.
Құрастыру, бөлшектеу немесе тазалау алдында құрылғыны әрқашан қуат көзінен ажыратыңыз.
Нұсқау
Шлангтың ұзындығы неғұрлым қысқа және
диаметрі неғұрлым жоғары болса, беру жылдамдығы соғұрлым жоғары болады.
Сорғының бітелуіне жол бермеу үшін диаметрі
1 ¼"-ден аз шланг үшін алдын-ала сүзгіні қолданыңыз.
Сорғы қосылымы алынбалы жүйемен жабдықталған (жылдам қосылым).
G 1 ½ сорғының байланыстырушы элементі және
G1 бұрандалы қосылымы бар жалғау бөлігі құрылғыны жеткізу жиынтығына бөлшектелген түрде кіреді.
Нұсқау
G 1 ½ сорғының байланыстырушы элементіне диаметрі 1", 1 ¼" және 1 ½" шлангтарды қосуға болады.
Қажетті өлшемдегі түйіршіктері бар заттарды қайта айдау үшін жеткілікті үлкен диаметрдегі шлангіні таңдап, G 1 ½ сорғының байланыстырушы элементін саңылаулар бойынша қысқарту керек. Сондай-ақ, түйіршіктері кішкентай заттар үшін үлкен диаметрдегі шлангі ұсынылады: бұл арқылы үлкен ағынның көлеміне қол жеткізуге болады.
1", 1¼" немесе 1½" шлангты пайдаланған кезде шлангты сорғыға қосыңыз:
1 G 1½ сорғының байланыстырушы элементін жалғау бөлігіне бұраңыз. Сурет В
2 Шланг қысқышын шлангқа сырғытыңыз.
3 Шлангты G 1 ½ сорғының байланыстырушы элементіне сырғытып, шланг қысқышымен бекітіңіз.
4 Жалғау бөлігін жылдам қосылым ішіне итеріңіз. Сурет С
3/4 " немесе 1" шлангты пайдаланған кезде шлангты сорғыға қосыңыз:
1 G 1 – бұрандалы қосылымын жалғау бөлігіне бұраңыз. Сурет В
2 G 1 ½ сорғының байланыстырушы элементінің арнайы керек-жарақтарын (6.997-359.0 G 1 сорғының байланыстырушы элементі (33,3 мм), оның ішінде кері соққы клапаны – жеткізу жиынтығына кірмейді) G 1 бұрандалы қосылымына орнатыңыз:
а Кері соққы клапанын G 1 бұрандалы қосылымына «ЖОҒАРЫ» сөзі оқылатындай етіп қойыңыз.
b G 1 ½ сорғының байланыстырушы элементін G 1 бұрандалы қосылымына бұрап салыңыз.
3 Шланг қысқышын шлангқа сырғытыңыз.
4 Шлангты G 1 сорғының байланыстырушы элементіне сырғытып, шланг қысқышымен бекітіңіз.
5 Жалғау бөлігін жылдам қосылым ішіне итеріңіз. Сурет С
Сорғыны орнату/батыру:
1. Калкымалы коскыштың биіктік реттегішін ілмекке салыңыз. (Сурет D)
2. Сорғыны сорылатын сұйықтықта қатты бетке мықтап орнатыңыз немесе оны тасымалдау тұтқасына бекітілген арқанмен батырыңыз.
Нұсқау
Сору аймағы кірмен бітеліп қалмауы керек. Егер жер лай болса, сорғыны кірпішке немесе ұқсас
нәрсеге салыңыз. Сорғының тураланғанына көз жеткізіңіз. Сорғыны кабельден немесе шлангтан ұстап тасымалдаңыз.
Пайдалану
⚠️ҚАУІП
Ток соғудан өмірге қауіп бар!
Кернеу өткізгіш бөлшектерге тиген кезде, электр тогының соғуынан өмірге қауіп төнеді. Жұмыс кезінде тасымалдау тұтқасына бекітілген кабельге немесе сорылатын сұйықтықпен байланыста болатын кез-келген затқа (мысалы, сорылатын сұйықтыққа шығатын құбырлар, тұтқалар) тигізбеңіз және сорылатын сұйықтыққа қол тигізбеңіз.
Автоматты желдету құрылғысы
- Егер сұйықтық деңгейі төмен болса, сорылған немесе сорғыдағы кез-келген ауа ауаны автоматты түрде шығаратын құрылғы арқылы шығады. Ауадан басқа сұйықтық буланып кетуі мүмкін.
Егер сорғыда сұйықтық деңгейі төмен болса, құю процесін жеңілдету үшін қуат сымын бірнеше рет ажыратып, қайта қосыңыз.
Сурет E
Сүзгілеу элементін реттеу
Сүзгілеу элементі 2 позицияда жұмыс істей алады. Сурет F
| Лас және таза суды айдау.Сорғы процесінің басында сүзгілеуэлементінің осы позициясын ұсынамыз,өйткені қазіргі уақытта сорғыныңөнімділігі максималды. |


- Сорғыны жерге қойыңыз.
- Сорғыны аяғыңыздың арасына қысып, тасымалдау тұтқасынан ұстаңыз.
- Тұтқаны оңға бұру арқылы сүзгілеу элементін ашыңыз.
- Сүзгілеу элементін қажетті орынға қойыңыз.
- Тұтқаны солға бұру арқылы сүзгілеу элементін орнында бекітіңіз.
Автоматты режим
- Биіктікті реттеу арқылы қалқымалы қосқышты және қалқымалы қосқыш пен құлып арасындағы кабель ұзындығын орнатыңыз.
Нұсқау
Сорғыны қараусыз пайдаланған кезде, сорғы сенімді түрде өшірілуін қамтамасыз ету үшін қалқымалы қосқышты әрқашан жоғарғы күйге қойыңыз.
Сурет G
Қалқымалы қосқыш ең төменгі күйге орнатылғанда, қалқымалы қосқыш пен ілмек арасындағы кабель ұзындығын 2,5 см етіп реттеңіз, кабельдегі таңбаны қараңыз.
Сурет H
- Сүзгілеу элементін «Лас және таза суды айдау» күйіне орнатыңыз, Сүзгілеу элементін реттеу тарауын қараңыз.
- Ашаны розеткаға салыңыз.
Нұсқау
Автоматты режимде қалқымалы қосқыш айдау процесін автоматты түрде басқарады. Сұйықтық деңгейінің көтерілуіне байланысты қалқымалы қосқыш қосу биіктігіне жеткенде сорғы қосылады. Сұйықтық деңгейінің төмендеуіне байланысты қалқымалы қосқыш өшіру биіктігіне жеткенде сорғы өшеді. Қалқымалы қосқыштың қозғалыс еркіндігіне кепілдік беру керек.
Нұсқау
Қосу биіктіктері мыналарға байланысты өзгереді:
- Қалқымалы қосқыштың орны.
- Қалқымалы қосқыш пен құлып арасындағы кабель ұзындығы. Кабельдің ұзындығы кем дегенде 2,5 см болуы керек. Белгіленген кабель ұзындығын сақтауды ұсынамыз. Қосу биіктіктерін көрсету үшін Техникалық сипаттамалары-тарауды қараңыз.
Қолмен басқару режимінде сорғы қосулы күйде қалады.
Көрсетілген қалдық сұйықтық деңгейіне (Техникалық сипаттамалары-тарауды қараңыз) қолмен жұмыс істегенде ғана жетуге болады.
- Қалқымалы қосқышты бекіткіште жоғары қаратып бекітіңіз.
- Сүзгілеу элементін сұйықтық деңгейіне байланысты қажетті орынға қойыңыз (Техникалық сипаттамалары және Сүзгілеу элементін реттеу-тарауларды қараңыз).
Сүрет I
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрғақ күйінде жұмыс істеу кезінде зақымдану қаупі бар!
Құрғақ жұмыс сорғының тозуына әкеледі. Қолмен басқару режимінде сорғыны қараусыз қалдырмаңыз.
Құрғақ жұмыс кезінде желілік ашаны дереу розеткадан суырыңыз.
- Ашаны розеткаға салыңыз.
Жұмыстың аяқталуы
- Желі істікшесін розеткадан ажыратыңыз. Құрылғы тоқтайды.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдау тәуекелі!
Қатып қалған кір немесе қоспалар салдарынан зақымдану қаупі. Құрылғыны әр қолданғаннан кейін дереу шайыңыз және тазалаңыз. 2. Егер лас немесе қоспасы бар сұйықтық айдалса, жұмысты тоқтатқаннан кейін құрылғыны дереу шайыңыз және тазалаңыз. Шайыңыз және тазалаңыз-тарауды қараңыз. 3. Құрылғы мен керек-жарақтарды босатып, құрғатыңыз.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
⚠️ҚАУІП
Электр тогының соғуы және жарақат алу қаупі! Құрылғыда электрлік және механикалық компоненттер бар.
Балаларға тазалау және пайдаланушының техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
Шайыңыз және тазалаңыз
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдау тәуекелі!
Қатып қалған кір немесе қоспалар салдарынан зақымдану қаупі.
Құрылғыны әр қолданғаннан кейін дереу шайыңыз және тазалаңыз.
1 Егер айдалатын сұйықтық кір болса немесе құрамында қоспалар болса, құрылғыны содан кейін шаю керек: Құрылғыдан барлық кір немесе қоспалар шайылғанша, қоспасыз таза тұщы суды құрылғымен сорыңыз.
Электр тогының соғу және жарақат алу қаупі!
Құрылғыда электрлік және механикалық компоненттер бар.
Құрастыру, бөлшектеу немесе тазалау алдында құрылғыны әрқашан қуат көзінен ажыратыңыз.
2 Желі істікшесін розеткадан ажыратыңыз 3 Жылдам қосылу түймесін басып, қосылым бөліктерін тартып алыңыз. Сурет С 4 Қажет болса, шланг пен жылдам қосылым құрылғысындағы қалдықтарды алып тастаңыз. 5 Құрылғының сыртын жұмсақ, таза шүберекпен және мөлдір тұщы сумен тазалаңыз. 6 Құрылғы мен керек-жарақтарды босатып, құрғатыңыз.
Техникалық қызмет көрсету
Құрылғы техникалық қызмет көрсетпейді.
Тасымалдау
Қолмен тасымалдау
⚠АБАЙЛАҢЫЗ
Сүріну кезінде жарақат алу қаупі бар!
Бос кабельдер мен шлангтарға сүрінуден жарақат алу қаупі бар.
Құрылғыны жылжытқан кезде кабельдер мен шлангтарға назар аударыңыз.
- Құрылғыны тұтқасынан көтеріңіз және тасыңыз.
Көлік құралдарымен тасымалдау
⚠️ЕСКЕРТУ
Жарақат алу қаупі, зақымдану қаупі бар!
Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.
Тасымалдау кезінде оның жылжып кетуіне немесе айналасына лақтырылуына жол бермеу үшін құрылғыны қолданыстағы нұсқауларға сәйкес қойыңыз немесе бекітіңіз.
- Құрылғыны көліктерде тасымалдау кезінде қолданыстағы нұсқауларға сәйкес оны сырғып кетуден және аударылып кетуден сақтаңыз.
Сақтау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Аязға байланысты зақымдану қаупі бар!
Толығымен төгілмеген құрылғы аяздан зақымдалуы мүмкін.
Сақтамас бұрын құрылғы мен керек-жарақтарды толығымен босатыңыз.
Құрылғыны аяздан қорғаңыз.
Құрылғыны ашық ауада емес, аязсыз жерде сақтаңыз.
⚠АБАЙЛАҢЫЗ
Жарақат алу және зақымдану қаупі бар!
Құрылғы көлбеу беттерде аударылып кетуі мүмкін.
Тасымалдау кезінде құрылғының салмағын ескеріңіз.
- Сорғы мен керек-жарақтарды толығымен босатыңыз.
- Сорғы мен керек-жарақтарды кептіріңіз.
- Сорғыны аяздан қорғалған жерде сақтаңыз.
Кедергілер болғанда көмек алу
Кемшіліктердің себебін төменде көрсетілген тізімге сәйкес өзіңіз жоя аласыз. Күдікті жағдайларда немесе осында аталмаған себептер болған жағдайда Қызмет Көрсету бөлімінің арнайы мамандарымен хабарласыңыз.
| Кате Себебі Жою | ||
| Сорғы жұмыс істеп түп, бірақ беріліс жоқ | Сорғыда ауа бар | 1. Сорғыны сұйықтық айдал шығарылмайынша желіге бірнеше рет қосып, қайта ажыратыңыз. |
| Сору аймағы ластанған. | 1. Құрылғыны электр қуатынан ажыратыңыз.2. Сору аймағын тазалаңыз. | |
| Қолмен орындалатын режимдегі сұйықтық деңгейі тым төмен. | 1. Мұмкін болса сорғыны сорып алынатын сұйықтыққа мүмкіндігінше терең етіп салыңыз, мына бөлімді қараңыз: Пайдалану. | |
| Сорғы іске қосылмайды немесе жұмыс кезінде кездейсок токтатылады | Электр қуаты ажыратылған. | 1. Сақтандырғыштар мен электр қосылымын тексеріңіз. |
| Термореле сорғыны қызып кету себебінен өшірген. | 1. Құрылғыны электр қуатынан ажыратыңыз.2. Сорғыны суытып алыңыз.3. Сору аймағын лас бөлшектерден тазалаңыз.4. Сору аймағын тазалаңыз.5. Сорғының «құрғақ» жұмысының алдын алыңыз. | |
| Лас бөлшектер сору аймағын бітейді. | 1. Құрылғыны электр қуатынан ажыратыңыз.2. Сору аймағын тазалаңыз. | |
| Өнімділік төмендейді | Сору аймағы ластанған. | 1. Құрылғыны электр қуатынан ажыратыңыз.2. Сору аймағын тазалаңыз. |
| Айдап шығару қүші тым аз | Максималды ағын биіктігінен асып кетті.Шланг диаметрі мен ұзындығы дұрыс таңдалмаған. | 1. Сорғының максималды арынын ескеріңіз, Техникалық сипаттамалары-тарауды қараңыз.2. Қажет болса, үлкенірек шланг ұзындығын немесе қыскарақ шланг ұзындығын таңдаңыз, Ағын жылдамдығын оңтайландыру-тарауды қараңыз. |
| Жылдам ажырайтын қосылыс ашылмайды не жабылмайды | Ажырату жүйесі ластанған. | 1. Қыспаны алыңыз.2. Қыспаны тазалаңыз.3. Қыспаны жөндеңіз. |
| Сүзгілеу элементін жылжыту мүмкін емес | Сүзгілеу элементі лас. | 1. Токтатқыш бұрандаларды бұрағышпен босатыңыз.2. Сүзгілеу элементін алыңыз.3. Сүзгілеу элементін тазалаңыз.4. Сүзгілеу элементін орнатыңыз. |
Техникалық сипаттамалары
| SP 16.000 Dual | ||
| Электр желісіне қосу | ||
| Желілік кернеу В 230-240 | ||
| Желі жилігі Гц 50 | ||
| Номиналды қуаты Вт 550 | ||
| Құрылғының техникалық сипаттамалары | ||
| Айдау мөлшері (макс.) | л/сағ | 16.000 |
| Қысымы (макс.) | бар | 0,9 |
| Қуші (макс.) | м | 9 |
| Батыру тереңдігі (макс.) | м | 7 |
| Рүқсат етілген қайта айдалатын сүйықтықтардың бөлшек өлшемі (макс.) | мм | 20 |
| Автоматты режим | ||
| Қалқымалы қосқышты қосу биіктігі (жоғарғы позицияда құлыптау) | мм | 255-310 |
| Қалқымалы қосқышты өшіру биіктігі (жоғарғы позицияда құлыптау) | мм | 115-220 |
| Қалқымалы қосқышты қосу биіктігі (төменгі позицияда құлыптау) | мм | 155-210 |
| Қалқымалы қосқышты өшіру биіктігі (төменгі позицияда құлыптау) | мм | 40-120 |
| Қолмен басқару режимі | ||
| Лас және мөлдір суды айдау сүйықтығының минималды биіктігі | мм | 60 |
| Лас және мөлдір суды айдау сүйықтығының қалдық деңгейі | мм | 25 |
| Жалпак сору сүйықтығының минималды биіктігі | мм | 40 |
| Жалпак сору сүйықтығының қалдық деңгейі | мм | 1 |
| Өлшемдері мен салмағы | ||
| Салмағы (толымдаушыларсыз) | кг | 5,0 |
| Желі кабелі | ||
| Қабель ұзындығы | м | 10 |
Нұсқау
(ЕО) 2019/1781 қосымшасына сәйкес алып тастау себебі 2-бөлім (12): j)
Техникалық өзгертулерді енгізу құқығы бар.
Ағын жылдамдығын оңтайландыру
Ықтимал ағын жылдамдығының жоғары болу шарттары:
- ағын биіктігінің төмен болуы.
- пайдаланылатын шланг диаметрінің үлкен болуы.
- пайдаланылатын шлангтың қысқа болуы.
- жалғанған керек-жарақтан қысымның жоғалуы қаншалықты аз орын алуы.

ЕО стандарттарына сәйкестігі туралы декларация
Осымен төменде көрсетілген машина қауіпсіздік және денсаулық қорғау бойынша ЕО директиваларының талаптарына сәйкес келетінін мәлімдейміз. Бізбен келісусіз машинаның конструкциясы өзгерген жағдайда осы декларация өз күшін жояды. Бұйым: Сорғы Типі: 1.645-xxx
Қолданыстағы ЕО директивалары
2014/35/EC
2014/30/EU
2011/65/EU
2009/125/EG
Қолданылатын нұсқау(лар)
(ЕО) 2019/1781
Қолданылатын біріздендірілген стандарттар
EN 60335-1
EN 60335-2-41
EN 62233: 2008
EN 55014-1: 2017 + A11: 2020
EN 55014-2: 2015
EN 61000-3-2: 2014
EN 61000-3-3: 2013
EN IEC 63000: 2018
Қол қойғандар басқарманың тапсырмасы мен уәкілдігі бойынша әрекет етеді.
H. Jenner
Құжаттаманы жүргізетін уәкілетті тұлға:
С. Райзер
Alfred Kärcher SE & Co. KG
Alfred-Kärcher-Str. 28 - 40