GLL 12V-100-33 CG Professional - Лазерлік көрсеткіш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GLL 12V-100-33 CG Professional BOSCH PDF форматында.
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GLL 12V-100-33 CG Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Лазерлік көрсеткіш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GLL 12V-100-33 CG Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GLL 12V-100-33 CG Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GLL 12V-100-33 CG Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) муше мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сэйкестікті растау жайлы акпарат косымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы акпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастан (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Кызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
– өнім корпусынан тікелей түтін шыкса, пайдаланбаңыз
- жауын -шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаныз
– корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
- өнім корпусының закымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жилігі
Эр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сактау
- күрғақ жерде сақтау керек
– жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек
– сактау кезінде температураның кенет ауыткуынан қорғау керек
– егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады
– сактау шарттары туралы косымша акпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) кужатын караңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады
– босату/жуктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рүқсат берілмейді.
- тасымалдау шарттары талаптарын MEMCT 15150-69 (5 шарт) кужатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нүсқаулары

Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескертүлерді керінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НУСКАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҮРАЛЫН БАСҚАЛАРғА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫНЫЗ.
▶ Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса бүл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі мүмкін.
▶ Ölшеу құралы лазер ескерту тактасымен бірге жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының суретінде белгіленген).
▶ Егер лазер ескерту тактасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз.

Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылыскан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бүл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқигаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
▶ Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату керек.
▶ Лазер курылғысында ешкандай өзгерту орындамаңыз.
▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракулгін
360|Қазақ
сэулелерден толык қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады.
▶ Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз.
▶ Балаларға лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдалануға руксат етпеціз.
Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы мүмкін.
Жанатын суйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы үшқын шығарып, шанды жандырып, өрт тудыруы мүмкін.
▶ Аккумуляторды өзгертпеціз және ашпаңыз. Кыска түйыкталу каупі бар.
Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін.
Аккумулятор дурыс пайдаланылмаған немесе закымдалған жағдайда, аккумулятордан сүйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсок теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сүйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сүйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
▶ Шеге немесе бурауыш сиякты үшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бул қыска түйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін.
▶ Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді түйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа түйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін.
▶ Бул аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жуктеуден сақтайсыз.
Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.


Аккумуляторды, жылудан, сондай-ак, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз.
Жарылыс және қыска түйықталу қаупі туындайды.

Магниттік керек-жарактарды имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Керек-жарактардың магниттері имплантаттардың немесе медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады.
▶ Магнитті аксессуарды магнитті дерек тасымалдаушылар мен магнитке сезімтал аспаптардан алыс устаңыз. Аксессуарлар магниттерінің әсері қалпына келтіруге болмайтын деректер жоғалуына алып келуі мүмкін.
▶ Олшеу күралы радио үяшығымен жабдықталған. Жергілікті пайдалану шектеулерін, мысалы, үшактарда немесе емханаларда ескеріңіз.
Bluetooth® сөз белгісі, сондай-ак сурет белгілері (логотиптер) Bluetooth SIG, Inc. компаниясының тіркелген сауда белгілері және жеке меншігі болып табылады. Осы сөз/сурет белгісінің Robert Bosch Power Tools GmbH тарапынан әр қолданылуы лицензия бойынша жүзеге асады.
▶ Абай болыңыз! Өлшеу құралын Bluetooth® бен пайдалануда басқа құралдар мен жабдықтар, ұшақ және медициналық құралдар (мысалы, кардиостимулятор, есту құралдары) жұмысында кедергілер пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ жақын түрған адамдар мен хайуандарға зиян тудыру қаупін толық жою мүмкін емес. Өлшеу құралын Bluetooth® бен медициналық құралдар, жанар май бекеттері, химиялық жабдықтар, жарылу қаупі бар және жарылатын аймақтар жанында пайдаланбаңыз. Өлшеу құралын Bluetooth® бен ұшақтарда пайдаланбаңыз. Денеге жақын аймақта ұзақ уақыт пайдаланбаңыз.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нүсқаулығының алдыңғы бөлшегінде берілген суреттерге назар аударыңыз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы көлденең және тік сызықтарды өлшеу және тексеруге арналған.
Өлшеу құралы ішкі мен сыртқы аймактарда пайдалануға арналған.
Бул өнім EN 50689 стандартына сәйкес тұтынушы лазерлік өнімі болып табылады.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.
362 | Казак
(1) Лазер жұмыс режимінің түймесі
(2) Bluetooth® түймeci
(3) Аккумулятор/батареялар заряды деңгейінің индикаторы
(4) Ажыраткыш
(5) Лазер сәулесінің шығыс саңылауы
(6) Лазер ескерту тактасы
(7) Сериялық нөмір
(8) Штатив бекіткіші, 5/8 дюйм
(9) Штатив бекіткіші, 1/4 дюйм
(10) Аккумулятор ^a)
(11) Батарея адаптерінің жапқышы
(12) Аккумулятор/батарея адаптерінің босату түймесі
(13) Батареялар ^a)
(14) Батарея адаптерінің қабы
(15) Аккумулятор бөлімі
(16) ¥стағыш (LB 10) ^a)
(17) Магнит ^a)
(18) Ўстағыштың 1/4 дюймдік бұрандасы ^a)
(19) ¥стағыштың бұрандалы саңылауы ^a)
(20) Төбе капсырмасы (DK 20) ^a)
(21) Эмбебап устағыш ^a)
(22) Лазер нысандык тақтасы ^a)
(23) Лазер көру көзілдірігі ^a)
(24) Лазер кабылдағышы ^a)
(25) Штатив ^a)
(26) Телескоптык карнак ^a)
(27) Батарея адаптері ^a)
(28) Корғаныш қалта ^a)
(29) Шабадан ^a)
a) Бейнеленген курамдас бөлшектер стандарттық жеткізу көлеміне кірмейді.
Κασακ|363
Техникалық мәліметтер
| Лазерлік уровень GLL 12V-100-33 CG | |
| Өнім нөмірі | 3 601 K65 4.. |
| Жұмыс аймағы (радиус)A) | |
| – Стандартты 30 м | |
| – Лазер қабылдағышымен 5–100 м | |
| Нивелирлеу дәлдігіВ)С)Д) | ±0,3 мм/м |
| Өздігінен нивелирлеу диапазоны ±4° | |
| Нивелирлеу уақыты < 4 с | |
| Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі 2000 м | |
| Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс. 90% | |
| IEC 61010-1 бойынша ластану дәрежесі 2 | E) |
| Лазер класы 2 | |
| Лазер түрі < 10 мВт, 500–540 нм | |
| С6 10 | |
| Айырмашылық 50 × 10 мрад (толық бұрыш) | |
| Ең қысқа импульс мерзімі 1/10000 с | |
| Импульстер жилігі 10 кГц | |
| Уйлесімді лазер қабылдағышы LR 7 | |
| Штатив бекіткіші 1/4 дюйм, 5/8 дюйм | |
| Қуатпен жабдықтау | |
| – Литий-иондық аккумулятор | 12 В |
| – Сілтілі марганец батареялары (батарея адаптері бар) | 4 × 1,5 В LR6 (AA) |
| З лазер сызығымен жұмыс үзактығыF) | |
| – литий-иондық аккумулятормен | 6 caf |
| – сілтілі марганец батареяларымен | 4 caf |
| Bluetooth® өлшеу құралы | |
| – Уйлесімділігі | Bluetooth® 5.2 (Low Energy)G) |
| – Сигнал арақашықтығы, макс. | 30 мH) |
364|Қазақ
| – Кызметтік жиїліктер диапазоны 2402–2480 МГц | |
| – Тарату куаты, макс. 3,3 мВт | |
| Bluetooth®смартфоны | |
| – Уйлесімділігі Bluetooth®5.2 (Low Energy) | G) |
| Салмағы1) | 0,96 кг |
| Өлшемдері (ұзындығы × ені × биіктігі) 162 × 89 × 139 мм | |
| Қорғаныс дәрежесі3) | IP65 |
| Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы | 0 °C ... +35 °C |
| Жұмыс істеп түрган кездегі рүқсат етілген қоршаған орта температурасы | -10 °C ... +40 °C |
| Сақтау кезіндегі рүқсат етілген қоршаған орта температурасы (аккумуляторсыз) | -20 °C ... +70 °C |
| ұсынылатын аккумуляторлар(2–3 А-сағ) | GBA 12V... |
Усынылатын зарядтағыш құрылғылар GAL 12...
GAX 18...
A) Жұмыс аймағын қолайсыз қоршау шарттарында (мысалы тікелей күн сәулелерінде) қыскарту мүмкін.
В) Төрт көлденең айқасу нүктесінде жарамды.
С) Көрсетілген мәндер қалыпты және жағымды қоршаған орта шарттарын (мысалы, дірілсіз, түмансыз, түтінсіз, тікелей қүн сәулесінсіз) талап етеді. Температура шұғыл өзгерген жағдайда, дәлдік ауыткуы мүмкін.
D) Максималды өздігінен нивелирлеу диапазонында қосымша ±0,1 мм/м ауыткуды есепке алу керек.
E) Тек қана ток өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде тое өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі.
F) Bluetooth® арқылы жұмыс істеу кезіндегі қыска жұмыс уақыты
G) Bluetooth®-төмен энергиялық құрылғыларда (Low Energy) модель мен операциялық жүйеге байланысты ретте байланысты құру мұмкін емес. Bluetooth® құрылғылары SPP профилін қолдауы керек.
Н) Жететін қашықтық сыртқы шарттарға байланысты ретте, соньмен бірге пайдаланған қабылдау құрылғысына байланысты, қатты өзгерүі мүмкін. Жабық бөлмелер ішінде және метал кедергілер (мысалы, қабырғалар, сөрелер, чемодан т.б.) арқылы Bluetooth® жететін қашықтығы қатты қыскаруы мүмкін.
1) Аккумуляторсыз/батарея адаптерінсіз/батареяларсыз салмағы
J) Литий-иондык аккумулятор мен батарея адаптері қорғаныс дәрежесіне жатпайды. Өлшеу құралының зауыттық тақтайшадағы сериялық нөмірі (7) оны дұрыс анықтауға көмектеседі.
Өлшеу құралын энергиямен жабдықтау
Өлшеу құралы стандартты батареялармен не Bosch литий-иондық аккумулятормен жұмыс істейді.
Батареялармен пайдалану
Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын пайдалану ұсынылады. Батареялар батарея адаптеріне салынады.
Батарея адаптері тек тиісті Bosch тексеру камерасын пайдалануға арналған болып электр құралдарымен пайдалануға болмайды.
Батареяларды сапу ушін батарея адаптерінің қабын (14) аккумулятор бөлімшесіне (15) жылжытыңыз. Батареяларды жабу қақпағындағы (11) суретте көрсетілгендей қапқа салыңыз. Жабу қақпағын қап үстінен сезілетін ретте тірелгенше жылжытыңыз.
366|Қазақ
Батареяларды (13) шығару үшін жапқыштың (11) құлыптан босату түймелерін (12) басып, жапқышты тартып алыңыз. Батареяларды шығарып алыңыз. Іштегі қапты (14) аккумулятор бөлімінен шығару үшін қапты ұстап алыңыз да, бүйірлік қабырғасын азғантай басу арқылы өлшеу құралынан тартып шығарыңыз.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және куаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
▶ Элшеу құралын ұзак ұақыт пайдаланбасаңыз, одан батареяларды шығарып алыңыз. Өлшеу құралында ұзак ұақыт сақтауда жатқан батареяларды тот басуы мүмкін.
Аккумулятормен пайдалану
▶ Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтау құралдарын пайдаланыңыз. Тек қана осы зарядтау құралдары сіздің өлшеу құралыңыздың ішінде литий-иондық аккумулятормен сәйкес.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық куатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.
Зарядталған аккумуляторды (10) орнату үшін оны аккумулятор бөлімшесіне (15) сезіліп тірелгенше жылжытыңыз.
Аккумуляторды (10) шығару үшін босату пернелерін (12) басып аккумуляторды аккумулятор бөлімшесінен (15) шығарыңыз. Осы кезде күш салмаңыз.
Аккумуляторды оңтайлы пайдалану туралы нускаулар
Аккумуляторды сүйықтықтардан және ылғалдан қорғаңыз.
Аккумуляторды тек -20 °C ... 50 °C температура аукымында сактаңыз.
Аккумуляторды жазда көлікте қалдырмаңыз.
Пайдалану мерзімінің айтарлыктай қыскаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін білдіреді.
Коқыстарды қайта өндеу туралы нұсқауларды орынданыз.
Өлшеу құралындағы заряд деңгейінің индикаторы
Заряд деңгейінің индикаторы (3) өлшеу құралының қосулы күйінде аккумуляторлардың немесе батареялардың заряд деңгейін көрсетеді.
Егер батареялар немесе аккумулятор заряды азайып кетсе лазер сызыктарының жарыктығы ақырын төменDEDİ.
Егер аккумулятор немесе батареялардың заряды таусылған дерлік болса, заряд деңгейінің индикаторы (3) узак уакыт жыпылықтайды. Лазер сызықтары әр 5 минут сайын 5 секунд жыпылықтайды.
Аккумулятор немесе батареялардың заряды таусылған болса, өлшеу құралы өшпес бұрын, лазер сызықтары және заряд денгейінің индикаторы (3) тағы бір рет жыпылықтайды.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
▶ Ölшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз.
▶ Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура өзгерістерінің әсерін тигізуге болмайды. Оны, мысалы, автомобиль ішінде үзак ұақытқа қалдырмаңыз. Температура өзгерістері шұғыл болған жағдайда, алдымен өлшеу құралының тұрақты температурасын сақтаңыз және жұмысты жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік тексерісін өткізіңіз (қараңыз „Өлшеу құралының,дәлдігін тексеру“, Бет 371).
Айрыкша температура немесе температура өзгерістері орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін.
▶ Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу құралының,дәлдігін тексеру“, Бет 371).
▶ Өлшеу құралын тасымалдаудан алдын оны қосыңыз. Өшуде тербелу бөлігі бұғатталады, әйтпесе ол қатты әрекеттерде зақымдалуы мүмкін.
Косу/өшіру
Өлшеу құралын қосу үшін ажыратқышты (4) ON күйіне жылжытыңыз. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін бірден лазер сызығын шығыс саңылаудан (5) жібереді.
Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (4) OFF күйіне жылжытыңыз. Өшіру кезінде тербелу блогы бұғатталады.
▶ Косулы зарядтау куралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу куралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін.
368|Қазақ
Егер өлшеу күралының температурасы ең жоғарғы руксат етілген жұмыс температурасына жақындаса, лазер сызықтарының жарықтығы ақырын төменделеді.
Руксат етілген максимальды жұмыс температурасынан асырған жағдайда, лазер сызықтары жылдам жыпылықтайды, содан кейін өлшеу құралы өшіп қалады. Өлшеу құралы суығаннан кейін қайтадан жұмыс істеуге дайын және оны қайта қосуға болады.
Өшу автоматикасын өшіру
Егер шамамен 120 минут ішінде өлшеу құралында ешбір түйме басылмаса, өлшеу құралы аккумуляторлардың немесе батареялардың зарядын сақтау үшін автоматты түрде өшіп қалады.
Өлшеу құралын автоматты түрде өшкеннен кейін қайта қосу үшін ажыратқышты (4) алдымен OFF күйіне жылжытып, содан кейін өлшеу құралын қайта қосыңыз немесе лазер жұмыс режимі түймелерінің (1) бірін басыңыз.
Автоматты түрде өшіру құрылғысын ажырату үшін (өлшеу құралы қосулы болғанда) лазер жұмыс режимі түймелерінің (1) бірін кемінде 3 с басып тұрыңыз. Автоматты түрде өшіру құрылғысы ажыратылған болса, лазер сәулелері растау үшін қыска уақыт жыпылықтайды.
Автоматты өшуді белсендендіру үшін өлшеу құралын өшіріп, қайта қосыңыз.
Пайдалану түрлері
Өлшеу құралы бір көлденец және екі тік лазер сызығын шығара алады.
Өлшеу құралын қосқаннан кейін, көлденең лазер сызығы бірден қосылады.
Эр лазер сызығын бір-бірінен тәуелсіз қосып өшіруге болады. Ол үшін лазер сызығына қатысты лазер жұмыс режимінің түймесін (1) басыңыз.
Барлық жұмыс режимдері нивелирлеу автоматикасымен да, еңіс функциясымен да орындалуы мүмкін.
Барлық жұмыс режимдері лазер қабылдағышымен (24) бірге жұмыс істеуге жарамды.
Нивелирлеу автоматикасы
Өлшеу құралы жұмыс барысында әрдайым күйді қадағалайды. ±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағының аасында орнатқан кезде, ол нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істейді. Өздігінен нивелирлеу аймағынан тыс ол автоматты түрде еңіс функциясына ауысады.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу
Өлшеу құралын көлденен, берік бетке қойып, ұстағышқа (16) немесе штативке (25) бекітіңіз.
Нивелирлеу автоматикасы ±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты түрде тегістейді. Лазер сәулелері үздіксіз жанып түрганда, өлшеу кұралы нивелирленген болады.
Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы, өлшеу құралы түрган табан көлденең сызықтан 4° шамасынан артық ауытқыған болса, лазер сәулелері алдымен 2 секунд жылдам ырғакпен, ал содан кейін 5 секунд сайын жылдам ырғакпен бірнеше рет жыпылықтайды. Өлшеу құралы еңіс функциясында тұрады.
Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеуді жалғастыру үшін өлшеу құралын көлденеңінен қойып, өздігінен нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±4° шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағында тұрса, лазер сәулелері үздіксіз жанады.
Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе қүй өзгерсе өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Нивелирлеуден соң өлшеу құралының жылжуы арқылы пайда болуы мүмкін қателердің алдын алу үшін лазерлік сызықтардың қүйін негізгі нүктелерге салыстырып тексеріңіз.
Еңіс функциясымен жұмыс істеу
Өлшеу құралын еңіс бетке қойыңыз. Еңіс функциясымен жұмыс істеген кезде, лазер сәулелері алдымен 2 секунд жылдам ырғакпен, ал содан кейін 5 секунд сайын жылдам ырғакпен жыпылыктайды.
Еңіс функциясында лазер сызықтары будан былай нивелирленбейді және бір-біріне тігінен өтпейді.
"Bosch Levelling Remote App" аркылы қашықтан басқару
Өлшеу құралы Bluetooth® модулімен жабдықталған, ол радио арқылы смартфоннан Bluetooth® интерфейсі арқылы қашықтан басқаруға мүмкіндік береді.
Бүл функцияны пайдалану үшін (App) "Bosch Levelling Remote App" бағдарламасы керек болады. Оны соңғы құрылғыға байланысты тисті App-Store-дан (Apple App Store, Google Play Store) жүктеп алуға болады.
Bluetooth® арқылы қосылу үшін қажетті жүйе алғышарттары туралы акпаратты Bosch веб-сайтынан қараңыз: www.bosch-pt.com.
Bluetooth® арқылы қашықтан баскаруда мобильді соңғы құрылғы мен өлшеу құралы арасында жаман қабылдау шарттары пайда болады.
Ақырғы мобильді кұрылғымен байланыс орнату/аяқтау
Өлшеу құралын өшіргеннен кейін, Bluetooth® функциясы әрдайым өшірулі болады.
Қашыктан басқару үшін Bluetooth® функциясын қосу:
- Bluetooth® түймесін (2) кыскажа басыңыз. Түйме растау үшін баяу ырғакпен жыпылықтайды.
– Егер өлшеу құралы ақырғы мобильді құрылғыға әлдеқашан қосылған және осы ақырғы мобильді құрылғы қол жеткізу аасында болса (іске қосылған Bluetooth® интерфейсімен), осы ақырғы мобильді құрылғымен байланыс автоматты түрде қайта орнатылады. Bluetooth® түймесі (2) үздіксіз жанып түрса, бүл байланыстың сәтті орнатылғанын білдіреді.
Bluetooth® арқылы байланыс өлшеу құралы мен ақырғы мобильді құрылғы арасындағы үлкен қашықтыққа немесе бөгеттерге және электрмагниттік кедергі көздеріне байланысты үзілуі мүмкін. Бүл жағдайда Bluetooth® түймесі (2) жыпылыктайды.
Байланысты қайта орнату (алғаш рет қосылу немесе басқа ақырғы мобильді құрылғыға қосылу):
– Ақырғы мобильді құрылғыда Bluetooth® интерфейсінің іске қосылғанына және өлшеу құралында Bluetooth® функциясының қосылғанына көз жеткізіңіз.
– Bosch Levelling Remote App колданбасын іске қосыңыз. Бірнеше белсенді өлшеу құралы табылса, тиісті өлшеу құралын тандаңыз.
- Өлшеу құралындағы Bluetooth® түймесін (2) басып, түйме жылдам ырғақпен жыпылықтағанша ұстап тұрыңыз.
– Байланысты ақырғы мобильді құрылғыңызда растаңыз.
- Bluetooth® түймесі (2) үздіксіз жанып түрса, бүл байланыстың сәтті орнатылғанын білдіреді.
- Байланыс орнату мумкін болмаса, Bluetooth® түймесі (2) әрі қарай жылдам ырғакпен жыпылықтайды.
Bluetooth® функциясын өшіру:
Bluetooth® түймесін (2), ол сөнетіндей қыскаша басыңыз немесе өлшеу құралын өшіріңіз.
Зауыттық күйге қайтару:
– Зауыттық күйге қайтару кезінде, өлшеу құралындағы барлық байланыс деректері жойылады.
– Кол жеткізу аасында өлшеу құралына әлдеқашан қосылған ақырғы мобильді құрылғы бар болса, осы мобильді құрылғыныда Bluetooth® функциясын өшіріңіз немесе мобильді құрылғыда өлшеу құралымен байланысты жойыңыз.
– Өлшеу күралын қосыңыз. Содан кейін өлшеу күралындағы Bluetooth® түймесін (2) қыскажа басыңыз. Түйме растау үшін баяу ырғакпен жыпылықтайды.
– Содан кейін Bluetooth® түймесін (2) және оның жанындағы лазер жұмыс режимінің түймесін (1) 3 с бойы бірге басыңыз. Bluetooth® түймесі (2) қыска мерзімге жанып, сөнуі керек.
– Олшеу күралы зауыттық күйге қайтарылды.
Өлшеу құралының бағдарламалық жасақтамасын жаңарту
Өлшеу құралы үшін бағдарламалық жасақтама жаңартуы қолжетімді болса, Bosch Levelling Remote App қолданбасында хабарландыру көрсетіледі. Жаңартуды орнату үшін қолданбадағы нұсқауларды орынданыз.
Жаңарту барысында Bluetooth® түймесі (2) жылдам ырғакпен жыпылықтайды. Жаңарту сәтті орнатылғанша, барлық басқа түймелер ажыратылады және лазер сызықтары өшіріледі.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дэлдік әсерлері
Коршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін ауытқуы мүмкін.
Жерден көтерілген жылудан температуралык әсерлерді барынша азайту үшін, өлшеу құралын штативте пайдалануға кеңес беріледі. Оған қоса өлшеу құралын мүмкіндігінше жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Сырткы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы қағылыс немесе қатты сокқылар) ауытқуларға алып келуі мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз.
Алдымен көлденең лазер сызығының нивелирлеу дәлдігін, сосын тік лазер сызықтарының нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максимальды ауыткудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында жөндетіңіз.
Көлденең осытің көлденең нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тексеру үшін берік бетте А және В екі қабырғасының арасында 5 м шамасындағы өркін өлшеу қашықтығы керек болады.
– Өлшеу құралын А қабырғасының жанындағы штативке немесе берік әрі тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын қосыңыз. Алдыңғы жақта көлденен лазер сызығын және тік лазер сызығын өлшеу құралының алдында қосыңыз.
372|Қазақ

– Лазерді жақын А қабырғасына бағыттап, өлшеу құралын нивелирлеңіз. Лазер сызықтары қабырғада айқыш-ұйқыш нүктесінің ортасын белгілеңіз (І нүктесі).

text_image
A 180° B I II– Өлшеу құралын 180° бұрап, оны нивелирлеп лазер сызықтарының арғы В қабырғасындағы айқыш-үйқыш нүктесін белгілеңіз (II нүктесі).
– Олшеу құралын бұрамай В қабырғасының қасында қойып, қосыңыз да нивелирлеңіз.

text_image
A B I II– Өлшеу құралының биіктігін (штативтер немесе бар болса тіреуіш көмегімен) лазер сызықтарының айқыш-ұйқыш нүктесі В қабырғасында алдымен белгіленген нүктеге II сәйкес болатындай бағыттаңыз.

text_image
A I d III 180° B II– Өлшеу құралын 180° бұрап биіктігін өзгертпеціз. Оны А қабырғасына тік лазер сызығы белгіленген І нүктесінен әтетін етіп бағыттаңыз. Өлшеу құралын нивелирлеп, лазер сызықтарының айқыш-үйқыш нүктесін А қабырғасында (III нүктесі) белгілеңіз.
- А қабырғасындағы І мен ІІІ екі белгіленген нуктенің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді.
2 × 5 м = 10 м олшеу кашыктығындағы руксат етілген максималды ауытку:
10 м × ±0,3 мм/м = ±3 мм. I мен III нуктелер арасындағы d айырмашылығы ең көбі
3 мм курауы тиіс.
Тік сызықтарын нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз
Тексеру үшін (қатты табанда) есіктің әр жағынан кемінде 2,5 м жай болатын есік тесігі керек.
– Өлшеу құралын есік саңылауынан 2,5 м қашықтықта, берік әрі тегіс бетке орналастырыңыз (штативке емес). Алдыңғы жақта өлшеу құралын және тік лазер сызығын өлшеу құралының алдында қосыңыз. Лазер сызығын есік саңылауына бағыттап, өлшеу құралын нивелирлеңіз.

– Тік лазер сызығының орталығын есік тесігінің еденінде (І нуктесі), 5 м қашықтықта есік тесігінің басқа жағында (ІІ нуктесі) және есік тесігінің жоғарғы шетінде (ІІІ нуктесі) белгілеңіз.

– Өлшеу құралын 180° бұрап, есік тесігінің басқа жағында тікелей II нүктесінің артында орнатыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеп, тік лазер сызығын орталығы нақты I мен II нүктelerінен өтетін етіп бағыттаңыз.
– Лазер сызығының орталығын есік тесігінің жоғарғы шетінде IV нүктесі ретінде белгілеңіз.
- Екі белгіленген III және IV нуктенің d айырмашылығы өлшеу құралының тік сызықтан дәл ауытқуын көрсетеді.
– Есік тесігінің биіктігін өлшеңіз.
374|Қазақ
Екінші тік лазер сызығы үшін өлшеу әрекетін қайталаңыз. Ол үшін тік лазер сызығын өлшеу құралының жанында бүйірінен қосыңыз және өлшеу құралын өлшеу әрекетін бастамас бұрын 90°-қа бұраңыз.
Максималды рүксат етілетін ауытку төмендегідей есептеледі:
есік тесігінің қос биіктігі × 0,3 мм/м
Мысал: есік тесігінің 2 м биіктігіндегі максималды ауытку:
2 × 2 м × ± 0,3 мм/м = ± 1,2 мм. Сондыктан III мен IV нуктелердің аралығы ең көбі
1,2 мм болуы керек.
▶ Эрдайым тек лазер сызығының орталығын пайдаланыңыз. Лазер сызығының ені қашықтықлен өзгереді.
LB 10 устағышымен жұмыс істеу (A-D суреттерін қараңыз)
Устағыштың (16) көмегімен өлшеу құралын тік жазықтықтарға немесе магнитке сезімтал материалдарға бекітуге болады. Тәбелік қысқышпен (20) бірге өлшеу құралын биіктігі бойынша да туралауға болады.
Өлшеу құралын 1/4 дюймдік штатив бекіткішімен (9) ұстағыштың 1/4 дюймдік бұрандасына (18) орнатып, берік бұрап бекітіңіз.
Устағыштың (16) бекіту мүмкіндіктері:
– әдеттегі бекіткіш бұранданың көмегімен ағаштағы бұрандалы саңылау (19) арқылы (В суретін қараңыз),
- магниттердің (17) көмегімен магнитті материалдарға (С суретін қараңыз),
- төбелік кыскыштың (20) көмегімен төбе планкаларына (D суретін караңыз).
▶ Магниттік керек-жаракты устіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды керек-жарактың артқы жағынан алшақ устаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан бұрын ұстағышты (16) дөрекі бағыттаңыз.
Лазер нысандық тактасы (22) қолайсыз жағдайда және үзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісін жақсартады.
Лазер нысандык тактасының қайтаратын жазықтығы (22) лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығы арқылы лазер сызығы лазер нысандык тактасының артынан да көрінеді.
Штативпен жұмыс істеу
Штатив түрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны болады. Өлшеу құралын 1/4"-штатив патронымен (9) штативіне немесе (25) стандартты фотоштативіне
орнатыңыз. Стандартты кұрылыс штативінде бекіту үшін 5/8"-штатив патронын (8) пайдаланыңыз. Өлшеу кұралын штативтегі кұлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Эмбебап устағышпен бекіту (F'суретін'қараңыз)
Эмбебап ұстағыштың (21) көмегімен өлшеу құралын, мысалы, тік аймақтарға немесе магнитті материалдарға бекітуге болады. Эмбебап ұстағыш едендік штатив ретінде де пайдаланылады және өлшеу құралының биіктік бойынша туралануын оңтайландырады.
▶ Магниттік керек-жаракты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды керек-жарактың артқы жағынан алшак ұстаңыз. Магниттің қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан алдын әмбебап ұстағышты (21) дөрекі бағыттаңыз.
Лазер қабылдағышымен жұмыс істеу (F'суретін-қараңыз)
Колайсыз жарыктык жағдайында (жарык қоршау, тікелей күн сәулелері) және ұзак қашықтықтарда лазер сызықтарын жақсырақ анықтау үшін лазер қабылдағышын (24) пайдаланыңыз.
Барлық жұмыс режимдері лазер қабылдағышымен (24) бірге жұмыс істеуге жарамды.
Лазер көру көзілдірігі
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді. Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрак болады.
▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) Қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады.
Жұмыс мысалдары (Е-Ј суреттерін Қараңыз)
Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдары суреттер беттерінде берілген.
Техникалық күтім және қызмет
Кызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сүйықтықтарға батырмаңыз.
Пастануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын қылшықтарға назар аударыңыз.
Өлшеу құралын тек қорғаныш қалтада (28) немесе шабаданда (29) сақтаңыз немесе тасымалдаңыз.
Жөндеу кажет болған жағдайда, өлшеу құралын қорғаныш қалтада (28) немесе шабаданда (29) жіберіңіз.
Тутынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Кызмет көрсету орталык өнімді жөндеу және күтім, сондай-ак қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Құрамалық сызбаны және қосалқы
бөлшектер бойынша деректерді келесі сайта таба аласыз: www.bosch-pt.com
Құралды пайдалану бойынша кеңес беретін Bosch қызметкерлер тобы өнімдеріміз және оларға арналған қосалқы бөлшектер бойынша сұрақтарыңызға жауап беруге дайын.
Сурактарыңызды қойғаныңызда және қосалқы бөлшектерге тапсырыс бергеніңізде әрқашан міндетті түрде өнімнің зауыттық такташасындағы 10-санды өнім нөмірін атаңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жәндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ!
Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тутынушыларға кеңес беру және шағымдарды кабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы к.,
Қазақстан Республикасы
050012
Муратбаев к., 180 уй
"Гермес" БО, 7 кабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Сервистік орталықтардың мекенжайларын мүнда таба аласыз:
Усынылатын литий-иондык аккумуляторлар қауіпті өнімдерге қойылатын талаптарға сай болуы керек. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.
Ушінші тараптар арқылы жіберілгенде (мысалы, әye көлігімен немесе көлік-экспедициялық қызметтер арқылы) қаптамаға және таңбалауға қойылатын арнайы талаптарды ұстану керек. Мүндау жағдайларда, жіберуге дайындау кезінде қауіпті жуктерді тасымалдау бойынша арнайы маманымен хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз.Қажет болса, қосымша үлттық ережелерді сақтаңыз. Қажет болса, қосымша үлттық ережелерді сақтаңыз.
Кэдеге жарату

Өлшеу құралын, аккумляторын/батареяларын, оның жабдықтары мен орамасын қөршаған ортаны қөрғайтын ретте кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.

Элшеу күралдарын және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Эрі қарай пайдалануға жарамайтын өлшеу құралдарын және ақаулы немесе тозып біткен аккумуляторларды/батареяларды бөлек кәдеге жарату керек. Арнайы қоқыс жинау жүйелерін пайдаланыңыз.
Лайыксыз түрде кәдеге жаратылған жағдайда, ескі электр және электрондық кұралдар, оларда қауіпті заттардың бар болуы ықтималдығы себебінен, қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына қауіпті түрде әсер етуі мүмкін.
378|JSMOYMO
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-ионык:
Тасымалдау бөліміндегі, бетіндегі нүсқауларды орынданыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 377) сенсорлық пернемен растаныз.
Jusmygno
kk Осымен Robert Bosch Power Tools GmbH компаниясы GLL 12V-100-33 CG түріндегі радио жабдыктарды 2014/53/EU директивасына сайлығын мағлүмдайды. ЕО сәйкестік мағлүмдамасы төмендегі интернет мекенжайында қолжетімді: