GLL 12-22 G Professional - Лазерлік көрсеткіш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GLL 12-22 G Professional BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Лазерлік көрсеткіш (көлденең және тік сызықтар) |
| Бренд | Bosch |
| Модель | GLL 12-22 G Professional |
| Өлшемдері (Ұ × Е × Б) | 104 × 64 × 100 мм |
| Салмақ | 0,35 кг |
| Қуат көзі | Литий-ионды аккумулятор 3,7 В 1,0 А·сағ (BA 3.7V 1.0Ah A) немесе 2 LR6 (AA) батареясы |
| Қашықтығы | 12 м |
| Деңгейлеу дәлдігі | ±0,6 мм/м |
| Автоматты деңгейлеу диапазоны | ±3,5° |
| Деңгейлеу уақыты | < 6 с |
| Лазер класы | 2 (жасыл лазер 500-540 нм, < 5 мВт) |
| Жұмыс уақыты (аккумулятормен) | 8 сағ |
| Зарядтау қуаты | USB Type-C® (5 В, ток мин. 500 мА) |
| Жұмыс температурасы | -10 °C-тан +40 °C-қа дейін |
| Сақтау температурасы | -20 °C-тан +70 °C-қа дейін |
| Қорғау индексі | IP55 |
| Штатив жалғауышы | 1/4" |
| Жинақтағы керек-жарақтар | Магниттік айналмалы тірек, қорғаныс қабы, USB Type-C® кабелі, лазерлік көру көзілдірігі (міндетті емес) |
| Негізгі функциялар | Көлденең және тік сызықтарды проекциялау, автоматты деңгейлеу, магниттік бекіту, штативпен үйлесімділік |
| Күтім және тазалау | Еріткіштерсіз жұмсақ дымқыл шүберекпен тазалаңыз; ылғалдан және соққылардан қорғаңыз |
| Қауіпсіздік | Лазер сәулелеріне қарамаңыз; көздің әсер етуінен аулақ болыңыз; тек ұсынылған зарядтағыштарды пайдаланыңыз |
| Жалпы ақпарат | CE сертификаты, EN 50689 сәйкес, ластану индексі 2 |
Жиі қойылатын сұрақтар - GLL 12-22 G Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GLL 12-22 G Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Лазерлік көрсеткіш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GLL 12-22 G Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GLL 12-22 G Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GLL 12-22 G Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз; - жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз; – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз
Шекті күй белгілері
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе, оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау ұсынылады – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз.
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары

Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескертулерді көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҚА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҚОСЫҢЫЗ.
▶ Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса, бұл қауіпті сәулеге шалынуға алып келуі мүмкін.
130 | Қазақ
▶ Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының суретінде белгіленген). ▶ Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз.

Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін.
▶ Егер лазер сәулесі көзге түссе, көздерді жұмып, басты сәуледен ары қарату керек. ▶ Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. ▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды. Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады. ▶ Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құралының қауіпсіздігін сақтайсыз. ▶ Балаларға лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы мүмкін. Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін. ▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қаупі бар. Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі мүмкін.
▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. ▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады.

Аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.


Өлшеу құралын және магниттік керек-жарақтарды имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Өлшеу құралы мен керек-жарақтардың магниттері имплантаттардың және медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады.
▶ Өлшеу құралы мен магнитті аксессуарды магниттік дерек тасығыштар мен магнитке сезімтал құрылғылардан алшақ ұстаңыз. Өлшеу құралы мен аксессуар магниттерінің әсері деректердің қайтымсыз жойылуына әкелуі мүмкін.
Штепсельдік куат блогы бойынша қауіпсіздік техникасының нұсқаулары
▶ Осы штекерлік куат блогын балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар пайдаланбауы тиіс. Осы штекерлік куат блогын 8 жастан асқан балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты адамның бақылауында болған және штекерлік куат блогын қауіпсіз пайдалану туралы нұсқау алып, қатысты тәуекелдерді түсінген жағдайда ғана
132 | Казак
пайдалана алады. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбау және жарақат алу қаупі туындайды.

Штекерлік куат блогын жаңбырдан немесе ылғалдан қорғаңыз.
Штекерлік куат блогының ішіне су кірсе, ток соғу қаупі артады.
▶ Штекерлік куат блогын таза ұстаңыз. Құрылғының ластануы ток соғу қаупін тудырады. ▶ Штепсельдік куат блогын әр пайдалану алдында тексеріңіз. Зақымдар байқалған жағдайда, штепсельдік куат блогын пайдаланбаңыз. Штепсельдік куат блогын өз бетінше ашпаңыз, оны тек Bosch немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары түпнұсқа қосалқы бөлшектермен ғана жөндеуі тиіс. Зақымдалған штепсельдік куат блоктары ток соғу қаупін арттырады.
Өнім және қуат сипаттамасы
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Өлшеу құралы көлденең және тік сызықтарды өлшеу және тексеруге арналған. Өлшеу құралы ішкі аймақтарда пайдалануға арналмаған. Бұл өнім EN 50689 стандартына сәйкес тұтынушы лазерлік өнімі болып табылады.
Көрсетілген компоненттер
Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты.
(1) Лазер сәулесінің шығыс саңылауы (2) Ажыратқыш (3) Магниттік айналмалы ұстағыш (4) Бойлық бекіткіш саңылау (5) Магнит (6) Штатив бекіткіші, 1/4 дюйм (7) Литий-иондық аккумулятор блогының заряд индикаторы a) (8) USB Type-C® ұясы a)b (9) Литий-иондық аккумулятор блогы a) (10) Литий-иондық аккумулятор блогының бекіткіші a)
Қазақ|133
(11) Батарея бөлімі қақпағының бекіткіші (12) Батарея бөлімінің қақпағы (13) Сериялық нөмір (14) Лазер ескерту тақтасы (15) USB Type-C® кабелі a) (16) Қорғаныш қалта (17) Лазер көру көзілдірігі a) (18) Штатив a)
a) Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз.
b) USB Type-C® және USB-C® – USB Implementers Forum ұйымының сауда белгілері.
Техникалық мәліметтер
| Лазерлік уровень GLL 12-22 GLL 12-22 G | ||
| Өнім нөмірі | 3 601 K65 2.. 3 601 K65 3.. | |
| Жұмыс диапазоны A) | 12 м 12 м | |
| Нивелирлеу дәлдігі B)C)D) | ±0,8 мм/м ±0,6 мм/м | |
| Өздігінен нивелирлеу диапазоны ±3,5° ±3,5° | ||
| Нивелирлеу уақыты < 6 с < 6 с | ||
| Жұмыс температурасы -10°C ... +40°C -10°C ... +40°C | ||
| Сақтау температурасы -20°C ... +70°C -20°C ... +70°C | ||
| Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі | 2000 м 2000 м | |
| Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс. | 90% 90% | |
| Ластану дәрежесі IEC 61010-1 стандарты бойынша | 2E) | 2E) |
| Лазер класы 2 2 | ||
| Лазер түрі | < 5 мВт, 630-650 нм | < 5 мВт, 500-540 нм |
| C6 | 5 5 | |
134|Қазақ
Лазерлік уровень GLL 12-22 GLL 12-22 G
| Айырмашылык 25 × 5 мрад | (толык бұрыш) | 25 × 5 мрад(толык бұрыш) |
| Штатив бекіткіші 1/4 дюйм 1/4 дюйм | ||
| Энергиямен жабдықтау | ||
| – Литий-иондық аккумулятор блогы 3,7 В 3,7 В | ||
| – Батареялар (сілтілі-марганец) 2 × 1,5 В LR6 (AA) 2 × 1,5 В LR6 (AA) | ||
| Жұмыс ұзактығы B) | 10 сағ 8 сағ | |
| Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 күжатына сай | 0,35 кг 0,35 кг | |
| Өлшемдері (ұзындығы × ені × биіктігі) 104 × 64 × 100 мм 104 × 64 × 100 мм | ||
| Қорғаныс дәрежесі IP55 IP55 | ||
| Литий-иондық аккумулятор блогы (керек-жарак) | ВА 3.7V 1.0Ah A | ВА 3.7V 1.0Ah A |
| Өнім нөмірі | 1 607 A35 ON8 | 1 607 A35 ON8 |
| Зарядтау ұяшығы | USB Type-C® USB Type-C® | |
| ұсынылатын USB Type-C® кабелі | 1 600 A01 6A8 | 1 600 A01 6A8 |
| Номиналды кернеу | 3,7 В = | 3,7 В = |
| Қуаты | 1,0 А-сағ | 1,0 А-сағ |
| Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы | +10°C ... +35°C | +10°C ... +35°C |
| Штепсельдік қуат блогы (керек-жарак) | ||
| Шығыс кернеу | 5,0 В = | 5,0 В = |
| Минималды шығыс ток | 500 мА | 500 мА |
| ұсынылатын штепсельдік қуат блогы F) | ||
| – EU | 2 609 120 713 | 2 609 120 713 |
| – UK | 2 609 120 718 | 2 609 120 718 |
| – ARG | 1 600 A01 3A0 | 1 600 A01 3A0 |
| – BRA | 1 600 A01 3A2 | 1 600 A01 3A2 |
| – MEX | 1 600 A01 3A1 | 1 600 A01 3A1 |
| – KOR | 2 609 120 716 | 2 609 120 716 |
Лазерлік уровень GLL 12-22 GLL 12-22 G
- AUS
2 609 120 717 2 609 120 717
A) Жұмыс аймағын қолайсыз қоршау шарттарында (мысалы тікелей күн сәулелерінде) қысқарту мүмкін. B) 20 - 25° C С) нивелирленген күйде жарамды (0°) D) Көрсетілген мәндер қалыпты және жағымды қоршаған орта шарттарын (мысалы, дірілсіз, тұмансыз, түтінсіз, тікелей күн сәулесінсіз) талап етеді. Температура шұғыл өзгерген жағдайда, дәлдік ауытқуы мүмкін. E) Тек қана тоқ өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде тоқ өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі. F) Қосымша техникалық деректерді мына жерден қараңыз: https://www.bosch-professional.com/ecodesign Өлшеу құралының зауыттық тақтайшадағы сериялық нөмірі (13) оны дұрыс анықтауға көмектеседі.
Өлшеу құралын энергиямен жабдықтау
Өлшеу құралы Bosch Bosch литий-иондық аккумулятор блогымен (9) немесе стандартты батареялармен жұмыс істейді.
Нұсқау: өлшеу құралын батарея бөлімінің қақпағынсыз (12) немесе литий-иондық аккумулятор блогынсыз (9) пайдаланбаңыз (әсіресе шаң немесе ылғал жерде).
Литий-иондық аккумулятор блогына (9) арналған батареяларды алмастыру үшін батарея бөлімінің қақпағын (12) және салынған батареяларды алып тастаңыз.
Литий-иондық аккумулятор блогын (9) енгізіп, бекіткішті (10) ойыққа кіргізіңіз. Литий-иондық аккумулятор блогын (9) шығару үшін бекіткішті (10) басыңыз да, литий-иондық аккумулятор блогын өлшеу құралынан шығарып алыңыз.
Зарядтау үшін ұсынылатын USB қуат блогын немесе шығыс кернеуі және минималды шығыс тогы "Техникалық мәліметтер" тарауындағы талаптарға сәйкес келетін USB қуат блогын пайдаланыңыз. USB қуат блогының пайдалану бойынша нұсқаулығын қараңыз. Ұсынылатын қуат блогы: "Техникалық мәліметтер" тарауын қараңыз. Желілік кернеуге назар аударыңыз! Ток көзінің кернеуі штепсельдік қуат блогының фирмалық тақтайшасындағы мәліметтерге сәйкес келуі тиіс. 230 В деп
белгіленген штепсельдік қуат блоктарын 220 В шамасында да пайдалануға болады.
Аккумуляторды тек +10°C және +35°C аралығындағы қоршаған орта температурасында USB порты арқылы зарядтаңыз. Температуралар диапазонынан тыс зарядтау нәтижесінде аккумулятор зақымдалуы немесе өрт қаупі артуы мүмкін.
Ескертпе: Литий-ионды батареялар халықаралық тасымалдау ережелеріне сәйкес ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын толық зарядтаңыз.
Литий-иондық аккумулятор блогының заряды тым төмен болса, лазер сызықтары 1 минуттай баяу ырғақпен жыпылықтайды.
Литий-иондық аккумулятор блогының заряды таусылған болса, лазер сызықтары 10 секундтай жылдам ырғақпен жыпылықтайды, содан кейін өлшеу құралы өшіп қалады.
USB Type-C® ұясының (8) қақпағын ашыңыз. USB ұясын USB кабелі (15) арқылы USB қуат блогымен байланыстырыңыз. USB қуат блогын электр желісіне жалғаңыз.
Заряд индикаторының (7) мағынасы түсі
Зарядтау процесі аяқталғаннан кейін, USB кабелін (15) шығарып алыңыз. Шаңнан және шашыранды судан қорғау үшін USB Type-C® ұясының (8) қақпағын жабыңыз.
Батареялармен пайдалану
Литий-иондық аккумулятор блогын (9) батареялармен алмастыру үшін литий-иондық аккумулятор блогын (9) шығарып алыңыз.
Өлшеу құралы үшін алкалинді марганец батареясын пайдалану ұсынылады.
Батареяларды енгізіңіз.
Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз.
Батарея бөлімінің қақпағын (12) енгізіп, ойыққа кіргізіңіз.
Батареялардың заряды төмен болса, лазер сызықтары 1 минуттай баяу ырғақпен жыпылықтайды.
Батареялардың заряды таусылған болса, лазер сызықтары 10 секундтай жылдам ырғақпен жыпылықтайды, содан кейін өлшеу құралы өшіп қалады.
Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және куаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз.
▶ Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, өлшеу құралындағы батареяларды тот басуы және олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін.
Пайдалану
Пайдалануға ендіру
▶ Өлшеу құралын суықтан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. ▶ Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура өзгерістерінің әсерін тигізуге болмайды. Оны, мысалы, автомобиль ішінде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Температура өзгерістері шұғыл болған жағдайда, алдымен өлшеу құралының тұрақты температурасын сақтаңыз және жұмысты жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік тексерісін өткізіңіз (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін тексеру“, Бет 138). Айрықша температура немесе температура өзгерістері орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін. ▶ Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін тексеру“, Бет 138). ▶ Өлшеу құралын тасымалдаудан алдын оны қосыңыз. Өшуде тербелу бөлігі бұғатталады, әйтпесе ол қатты әрекеттерде зақымдалуы мүмкін.
Қосу/өшіру
Кез келген жұмыстың алдында өлшеу құралын, шығыс саңылау (1) бос болатындай, магниттік айналмалы ұстағышта (3) бұраңыз.
Өлшеу құралын қосу үшін ажыратқышты (2) "ON" күйіне жылжытыңыз. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін бірден лазер сызықтарын шығыс саңылаудан (1) жібереді.
▶ Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз.
Өлшеу құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (2) OFF күйіне жылжытыңыз. Өшіру кезінде тербелу блогы бұғатталады.
Өлшеу құралын өшірген және тасымалдаған кезде оны айналмалы ұстағышқа (3) қайтадан бекітіңіз.
▶ Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін.
GLL 12-22 G: 40°C шамасындағы рұқсат етілген макс. жұмыс температурасынан асырған жағдайда, лазер диоды қорғаныс үшін өшеді. Өлшеу құралы суығаннан кейін қайтадан жұмыс істеуге дайын және оны қайта қосуға болады.
Нивелирлеу автоматикасы (А-В суреттерін қараңыз)
Өлшеу құралын көлденең, берік бетке қойып, штативте (18) бекітіңіз.
Өлшеу құралын, шығыс саңылау (1) бос болатындай, магниттік айналмалы ұстағышта (3) бұраңыз.
Қосылғаннан кейін, нивелирлеу автоматикасы ±3,5° шамасындағы өздігінен нивелирлеу диапазонында тегіс емес жерлерді автоматты түрде тегістейді. Лазер сызықтары тұрақты жанып тұрса және әрі қарай қозғалмаса, нивелирлеу аяқталады. Автоматты түрде нивелирлеу мүмкін болмаса, мысалы, өлшеу құралы тұрған бет көлденең сызықтан 3,5° шамасынан артық ауытқыған болса, лазер сызықтары жылдам ырғақпен тұрақты жыпылықтайды және өлшеу құралы нивелирлеу автоматикасынсыз жұмыс істейді. Лазер сызықтары қосулы қалып, екі қиылысатын сызық енді бір-біріне тік бұрышта тұрмайды.
Нивелирлеу автоматикасымен қайтадан жұмыс істеу үшін өлшеу құралын көлденеңінен қойып, өздігінен нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±3,5° шамасындағы өздігінен нивелирлеу диапазонында тұрып нивелирленген болса, лазер сызықтары қайтадан тұрақты жанады.
Пайдалану кезінде қағылулар болса немесе күй өзгерсе өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Жаңа нивелирлеген соң өлшеу құралының жылжып қалуынан қателердің алдын алу үшін көлденең немесе тік лазер сызығының күйін негізгі нүктелерге салыстырып тексеріңіз.
Өлшеу құралының дәлдігін тексеру
Дәлдік әсерлері
Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденнен жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін ауытқуы мүмкін.
Жерден көтерілген жылудан температуралық әсерлерді барынша азайту үшін, өлшеу құралын штативте пайдалануға кеңес беріледі. Оған қоса өлшеу құралын мүмкіндігінше жұмыс аймағының ортасына қойыңыз.
Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз.
Алдымен көлденең лазерлік сызықтың биіктік пен нивелирлеу дәлдігін және тік лазерлік сызықтың нивелирлеу дәлдігін тексеріп шығыңыз.
Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максимальды ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында жөндетіңіз.
Көлденең сызықтың биіктік дәлдігін тексеру
Тексеру үшін 5 м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде А мен В екі қабырғаның арасында керек болады.
– Өлшеу құралын А қабырғасының жанындағы штативке немесе берік әрі тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын, лазер шығару саңылауы (1) бос болатындай, магниттік айналмалы ұстағышта (3) бұраңыз. Өлшеу құралын қосыңыз.

– Лазерді жақын А қабырғасына бағыттап, өлшеу құралын нивелирлеңіз. Лазер сызықтары қабырғада айқыш-ұйқыш нүктесінің ортасын белгілеңіз (І нүктесі).

– Өлшеу құралын 180° бұрап, оны нивелирлеп лазер сызықтарының арғы В қабырғасындағы айқыш-үйқыш нүктесін белгілеңіз (II нүктесі).
- Өлшеу құралын бұрамай В қабырғасының қасында қойып, қосыңыз да нивелирлеңіз.

– Өлшеу құралының биіктігін (штативтер немесе бар болса тіреуіш көмегімен) лазер сызықтарының айқыш-ұйқыш нүктесі В қабырғасында алдымен белгіленген нүктеге II сәйкес болатындай бағыттаңыз.

– Өлшеу құралын 180° бұрап биіктігін өзгертпеңіз. Оны А қабырғасына тік лазер сызығы белгіленген І нүктесінен өтетін етіп бағыттаңыз. Өлшеу құралын нивелирлеп, лазер сызықтарының айқыш-үйқыш нүктесін А қабырғасында (ІІІ нүктесі) белгілеңіз.
- А қабырғасындағы I мен III екі белгіленген нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктен ауытқуын көрсетеді.
2 × 5 м = 10 м өлшеу қашықтығында максимальды рұқсат етілген ауытқу:
GLL 12-22: 10 м × ±0,8 мм/м = ±8 мм. I мен III нүктелерінің арасындағы d айырмашылығы ең көбі 8 мм құрауы керек.
GLL 12-22 G: 10 м × ±0,6 мм/м = ±6 мм. I мен III нүктелерінің арасындағы d айырмашылығы ең көбі 6 мм құрауы керек.
Көлденең сызықтың нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тексеру үшін шам. 5 × 5 м бос кеңістік керек.
– Өлшеу құралын А мен В қабырғаларының арасындағы ортада штативке монтаждаңыз немесе берік әрі тегіс бетке орнатыңыз. Өлшеу құралын, лазер шығару саңылауы (1) бос болатындай, магниттік айналмалы ұстағышта (3) бұраңыз. Өлшеу құралын қосып, нивелирлеуді орындаңыз.

– Өлшеу құралынан 2,5 м қашықтықта екі қабырғада лазерлік сызық ортасын белгілеңіз (А қабырғасында І нүкте, В қабырғасында ІІ нүкте).

- Өлшеу құралын 180°-қа бұрап 5 м арақашықтықта орнатыңыз және нивелирлеңіз.
– Өлшеу құралының биіктігін (штатив немесе қажет болса, тіреуіш көмегімен) лазерлік сызық ортасы В қабырғасында алдын ала белгіленген II нүктеге сәйкес болатындай туралаңыз. - А қабырғасында лазерлік сызық ортасын III нүкте ретінде белгілеңіз (І нүктенің үстінде немесе астында тігінен). - А қабырғасындағы екі белгіленген І мен ІІІ нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының көлденең сызықтан дәл ауытқуын көрсетеді.
2 × 5 м = 10 м өлшеу қашықтығында максимальды рұқсат етілген ауытқу:
GLL 12-22: 10 м × ±0,8 мм/м = ±8 мм. I мен III нүктелерінің арасындағы d айырмашылығы ең көбі 8 мм құрауы керек.
GLL 12-22 G: 10 м × ±0,6 мм/м = ±6 мм. I мен III нүктелерінің арасындағы d айырмашылығы ең көбі 6 мм құрауы керек.
Тік сызықтың нивелирлеу дәлдігін тексеру
Тексеру үшін (қатты табанда) есіктің әр жағынан кемінде 2,5 м жай болатын есік тесігі керек.
– Өлшеу құралын есік саңылауынан 2,5 м қашықтықта, берік әрі тегіс бетке орналастырыңыз (штативке емес). Өлшеу құралын, лазер шығару саңылауы (1) бос болатындай, магниттік айналмалы ұстағышта (3) бұраңыз. Өлшеу құралын қосып, нивелирлеуді орындаңыз.

– Тік лазер сызығының орталығын есік тесігінің еденінде (І нүктесі), 5 м қашықтықта есік тесігінің басқа жағында (ІІ нүктесі) және есік тесігінің жоғарғы шетінде (ІІІ нүктесі) белгілеңіз.

– Өлшеу құралын есік тесігінің басқа жағында, тікелей ІІ нүктенің артында қойыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеп, тік лазер сызығын орталығы тура І мен ІІ нүктелерден өтетіндей етіп туралаңыз.
– Лазер сызығының орталығын есік тесігінің жоғарғы шетінде IV нүктесі ретінде белгілеңіз. - Екі белгіленген III және IV нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының тік сызықтан дәл ауытқуын көрсетеді. - Есік тесігінің биіктігін өлшеңіз.
Максималды рұқсат етілетін ауытқуды төмендегідей өлшейсіз:
GLL 12-22:
есік саңылауының екі еселенген биіктігі × 0,8 мм/м
Мысал: есік саңылауының биіктігі 2 м болса, максимальды ауытқу
2 × 2 м × ±0,8 мм/м = ±3,2 мм құрауы керек. Сол үшін III мен IV нүктелерінің аралығы ең көбі 3,2 мм болуы керек.
GLL 12-22 G:
есік саңылауының екі еселенген биіктігі × 0,6 мм/м
Мысал: есік саңылауының биіктігі 2 м болса, максимальды ауытқу
2 × 2 м × ±0,6 мм/м = ±2,4 мм құрауы керек. Сол үшін III мен IV нүктелерінің аралығы ең көбі 2,4 мм болуы керек.
▶ Әрдайым тек лазер сызығының орталығын пайдаланыңыз. Лазер сызығының ені қашықтықпен өзгереді.
Штативпен жұмыс істеу
Штатив тұрақты және биіктігі реттелетін өлшеу табаны болады. Өлшеу құралын 1/4" штатив патронымен (6) штативтің (18) немесе стандартты фотоштативтің бұрандасына орнатыңыз. Өлшеу құралын штативтегі құлыптау бұрандасымен бекітіңіз.
Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.
Магниттік айналмалы ұстағышпен бекіту (C–D суреттерін қараңыз)
Кіріктірілген магниттік айналмалы ұстағыштың (3) көмегімен өлшеу құралын магниттелетін материалдарға немесе тік беттерге бекітуге болады.
Айналмалы ұстағыштың (3) бекіту мүмкіндіктері:
- магниттердің (5) көмегімен магниттелетін материалдарға (С суретін қараңыз), – стандартты бекіткіш бұранданың көмегімен бойлық бекіткіш саңылау (4) арқылы ағашқа. ▶ Магниттік айналмалы ұстағышты үстіңгі беттерге бекіткен кезде саусағыңызды айналмалы ұстағыштың артқы жағынан алыс ұстаңыз.
Магниттің (5) қатты тарту күшінің салдарынан саусағыңыз қысылып қалуы мүмкін.
Өлшеу құралын қосудан бұрын магниттік айналмалы ұстағышты (3) шамамен туралаңыз.
Өлшеу құралын өшірген және тасымалдаған кезде оны айналмалы ұстағышқа қайтадан бекітіңіз (D суретін қараңыз).
Лазер көру көзілдірігі
Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді. Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынырақ болады.
▶ Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.
Лазер көру көзілдірігін (керек-жарак) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Өлшеу құралын таза ұстаңыз.
Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарға батырмаңыз.
Пастануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.
Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын қылшықтарға назар аударыңыз.
Өлшеу құралын тек қорғайтын қабында (16) сақтаңыз және тасымалдаңыз.
Жөндеу үшін өлшеу құралын қорғау қалтасында (16) жіберіңіз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді:
www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ!
Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы 050012
Муратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:
Ұсынылған литий-иондық аккумуляторлар қауіпті тауарларға қойылатын талаптарға бағынады. Пайдаланушы аккумуляторларды көшеде қосымша құжаттарсыз тасымалдай алады.
Үшінші тұлғалар (мысалы, әуе көлігі немесе жіберу) орамаға және маркаларға қойылатын арнайы талаптарды сақтау керек. Жіберуге дайындау кезінде қауіпті жүктерді тасымалдау маманымен хабарласу керек.
Аккумуляторды корпусы зақымдалған болса ғана жіберіңіз. Ашық түйіспелерді желімдеңіз және аккумуляторды орамада қозғалмайтындай ораңыз. Қажет болса, қосымша ұлттық ережелерді сақтаңыз.
Кәдеге жарату

Өлшеу құралын, аккумуляторын/батареяларын, оның жабдықтары мен орамасын қоршаған ортаны қорғайтын ретте кәдеге жарату орнына тапсыру қажет.

Өлшеу құралдарын және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Ескі электрлік және электрондық құрылғылар туралы 2012/19/EU еуропалық директивасы және оның ұлттық заңнамада қолданылуы бойынша пайдалануға бұдан былай жарамсыз өлшеу құралдарын және 2006/66/EC еуропалық директивасы
146 | Jsmogno
бойынша зақымдалған немесе ескірген аккумуляторларды/батареяларды бөлек жинап, қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен қайта өңдеуге жіберу қажет.
Қате жолмен кәдеге жаратылған ескі электрлік және электрондық құрылғылар қауіпті заттардың болу мүмкіндігіне байланысты қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер тигізуі мүмкін.
Аккумуляторлар/батареялар:
Литий-иондық:
Тасымалдау бөліміндегі, бетіндегі нұсқауларды орындаңыз (қараңыз „Тасымалдау“, Бет 145) сенсорлық пернемен растаңыз.