HILTI SBT 6-22 - шуруповерт

SBT 6-22 - шуруповерт HILTI - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз SBT 6-22 HILTI PDF форматында.

📄 500 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы
Notice HILTI SBT 6-22 - page 343
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы SBT 6-22 HILTI

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық пошта жеке болып қалады: ол тек сіздің сұрағыңызға біреу жауап берген жағдайда хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз шуруповерт PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз SBT 6-22 - HILTI және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. SBT 6-22 брендінің HILTI.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ SBT 6-22 HILTI

kk Түпнұсқа пайдалану бойынша нұсқаулық

Пайдалану бойынша нускаулық туралы мәліметтер

Осы пайдалану бойынша нускаулық туралы

HILTI SBT 6-22 - 1

Импорттауыш және әндірушінің әкілетті ұйымы

• (RU) Ресей Федерациисы
"Хилти Дистрибьюшн ЛТД" АК, 141402, Мәскеу облысы, Химки к., Ленинградская к-сі, 25-бет 15.26-құрылымы
• (BY) Беларусь Республикасы
"Хилти БиУай" ЖШС, 222750, Минск облысы, Дзержин ауданы, Р-1, 18 км, 2 (Слободка ауылының жанында), 1-34 кұрылымы
• (KZ) Казақстан Республикасы
"Хилти Казакстан" ЖШС, 050057, Алматы к., Бостандык ауданы, Тимирязев к-сі, 42/15 үй, литер 012 (15 корпус)
• (KG) Кырғыз Республикасы
"T AND T" ЖШК, 720021, Кырғызстан, Бішкек к., Ибраимов көш., 29 А үйі
• (АМ) Армения Республикасы
"ЭЙЧ-КОН" ЖШК, 0070, Ереван к., Ерманда Кочар к-сі, 19/28
Өндірілген елі: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз.
Өндірілген күні: жабдықтағы белгілеу тақтайшасын қараңыз.

Тиісті сертификатты мына мекенжай бойынша табуға болады: www.hilti.ru

Сақтау, тасымалдау және пайдалану шарттарына пайдалану бойынша нұсқаулықта белгіленгеннен басқа арнайы талаптар қойылмайды.

Өнімнің қызмет ету мерзімі 5 жыл.

  • Ескерту! Өнімді пайдаланбас бұрын өніммен бірге берілген пайдалану бойынша нұсқаулықты, соның ішінде нұсқаулар, қауіпсіздік және ескерту нұсқаулары, суреттер мен спецификацияларды міндettі түрде оқып шығыңыз және түсініп алыңыз. Барлық нұсқаулар, қауіпсіздік және ескерту нұсқаулары, суреттер, спецификациялар, сондай-ақ құрамдас бөлшектер және функциялармен танысып шығыңыз. Бұл нұсқау орындалмаған жағдайда, ток соғу, өрт және/немесе ауыр жаракат алу қаупі туындайды. Пайдалану бойынша нұсқаулықты, соның ішінде барлық нұсқауларды, қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын кейін пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
    • őnímдері кәсіби пайдаланушыларға арналған және оларды тек қана өкілетті, білікті қызметкерлер пайдалануы, күтім және техникалық қызмет көрсетуі тиіс. Қызметкерлер қауіпсіздік техникасы бойынша арнайы нұсқау алуы керек. Өнім мен оның қосалқы құралдарын басқа мақсатта қолдану немесе олардың оқытылмаған қызметкерлердің тарапынан пайдаланылуы қауіпті.
  • Берілген пайдалану бойынша нұсқаулық, басып шығарылған мезетте техниканың ағымдағы жағдайына сәйкес келеді. Ағымдағы нұсқаәрдайым Hilti өнімдерінің веб-сайтында қолжетімді. Ол үшін осы пайдалану бойынша нұсқаулықтағыліп белгіленген сілтемеге өтіңіз немесе QR кодын сканерлеңіз.
  • Өнімді баска түлғаларға тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықпен бірге беріңіз.

Шартты белгілердің анықтамасы

Ескерту

Ескертулер өнімді қолдану барысындағы қауіптер туралы ескертеді. Төмендегі сигналдық сөздер пайдаланылады:

ΚΑΥΙΠΤΙ

ΚΑΥΙΠΤΙ !

▶ Ауыр жаракаттарға әкелетін немесе өмірге қауіп төндіретін тікелей қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.

ECKEPTY

ECKEPTY!

▶ Ауыр жаракаттарға әкелуі немесе өмірге қауіп төндіруі мүмкін ыктимал қауіпті жағдайдың жалпы белгіленуі.

АБАЙЛАНЫЗ

АБАЙЛАНЫЗ!

Жараçat алуға немесе мүліктің зақымдалуына әкелуі мүмкін ықтимал қауіпті жағдайдың жа. белгіленуі.

Пайдалану бойынша нускаулықтағы белгілер

Бүл пайдалану бойынша нүсқаулықта төмендегі белгілер пайдаланылады:

HILTI SBT 6-22 - Пайдалану бойынша нускаулықтағы белгілер - 1

Пайдалану бойынша нүсқаулықты ұстану

HILTI SBT 6-22 - Пайдалану бойынша нускаулықтағы белгілер - 2

Аспапты пайдалану бойынша нүсқаулар және басқа пайдалы ақпарат

HILTI SBT 6-22 - Пайдалану бойынша нускаулықтағы белгілер - 3

Қайта пайдалануға болатын материалдармен жұмыс істеу

HILTI SBT 6-22 - Пайдалану бойынша нускаулықтағы белгілер - 4

Электр аспаптарды және аккумуляторларды тұрмыстық қоқысқа тастамаңыз

Hilti Li-Ion аккумуляторы
Hilti зарядтағыш құрылғысы

Суреттердегі белгілер

Суреттерде төмендегі белгілер қолданылады:

2Бүл сандар осы пайдалану бойынша нүсқаулықтың басындағы тиісті суретке сәйкес келеді.
3Суреттердегі нөмірлер маңызды жұмыс кезендерін немесе жұмыс кезендері үшін маңызды құрамдас бөлшектерді көрсетеді. Мәтінде бүл жұмыс кезендері немесе құрамдас бөлшектері сәйкес сандармен ерекшеленеді, мысалы, (3).
11Позиция нөмірлері Шолу суретінде қолданылады және Өнімге шолу мақаласындағы шартты белгілердің нөмірлеріне сілтейді.
!Аталмыш белгілер өнімді қолдану барысында айрықша назарыңызды аудартады.

Өнімге қатысты белгілер
Өнімдегі белгілер

Өнімде төмендегі белгілер пайдаланылуы мүмкін:

Бүрғылау
BTS-BT қолданбаларына арналған көмек режимі
S-BT арналған қосалқы бүрғылау режимі
S-BT арналған орнату режимі
n_0 Жуктемесіз номиналды айналу жилігі
/minМинут ішіндегі айналымдар
Диаметр
Айналу бағытын өзгерту
---Тұрақты ток
Өнім iOS және Android платформаларымен үйлесімді NFC технологиясын қолдайды.
Li-IonЛитий-иондық аккумулятор
Аккумуляторды еш жағдайда сокпа құрал ретінде пайдаланбаңыз.
Аккумуляторды құлатып жібермеңіз. Сокқы тиген немесе басқа жолмен зақымдалған аккумуляторды пайдаланбаңыз.
Пайдаланылған Hilti литий-ион аккумуляторларының сериясы. Қолдану мақсаты тарауындағы нұсқауларды орындаңыз.
Өнім бар болған жағдайда, өнім АҚШ пен канадалық, нарықтар үшін осы сертификаттау органдарында қолданыстағы стандарттарға сәйкес сертификатталады.

Қауіпсіздік

Электр құралдары үшін қауіпсіздік техникасы бойынша жалпы нұсқаулар

⚠️ ЕСКЕРТУ Бүл электр құралына арналған барлық қауіпсіздік нұсқауларын, нұсқауларды, суреттерді және техникалық деректерді оқып шығыңыз. Төменде берілген нұсқаулар-

ды орындамау электр тогының соғуына, өртке әкелуі мүмкін және/немесе ауыр жаракаттарды тудыруы мүмкін.

Қауіпсіздік техникасы бойынша барлық нұсқауларды және нұсқауларды келесі пайдаланушы үшін сақтаңыз.

Қауіпсіздік нұсқауларында қолданылатын «электр құралы» термині электр желісінен (желілік кабельмен) және аккумулятордан (желілік кабельсіз) жұмыс істейтін электр құралын білдіреді.

Жумыс орны

Жұмыс орнындағы тазалықты және тәртіпті қадағалаңыз. Жұмыс орнындағы ретсіздік және нашар жарық сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.
Жанғыш сүйықтықтар, газдар немесе шаң бар жарылыс қаупі бар аймақта электр құралын қолданбаңыз. Жұмыс кезінде электр құралдары ұшқындар шығады және ұшқындар шанды немесе буларды түтандыруы мүмкін.
▶ Балалардың және бөгде адамдардың жұмыс істеп түрган электр құралына жақындауь руксат етпеніз. Жұмыска көңіл бөлмегенде, электр құралын бақылау жоғалуы мүмкін.

Электр қауіпсіздігі

Электр құралдың байланыс ашасы электр желісінің розеткасына сай болуы керек. Айырдың конструкциясын өзгертпеніз. Қорғауыш жерге қосуы бар электр құралдарымен бірге өтпелі айырларды қолданбаңыз. Түпнұсқа айырлар және оларға сай розеткалар электр тогының соғу қаупін азайтады.

Жерге қосылған беттерге, мысалы, құбырларға, жылыту құралдарына, пештерге (плиталарға) және тоңазытқыштарға тікелей тиюді болдырмаңыз. Жерге қосылған заттарға тигенде электр тогының соғуының үлкен қаупі туындайды.

▶ Электр құралдарды жаңбырдан немесе ылғал әсерінен сақтаңыз. Электр құралға су тиюі нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.

▶ Байланыс сымын баска маçсатта қолданбаңыз, мысалы, электр құралды тасымалдау, оны іліп қою немесе электр желісінің розеткасынан айырды шығару үшін. Байланыс сымын жылу, май, өткір жиектер немесе жылжымалы бөліктерден алшақ ұстаңыз. Байланыс сымының зақымдалуы немесе қабаттасуы нәтижесінде электр тогының соғу қаупі артады.

▶ Егер жұмыстар ашық ауада орындалса, тек бөлмелерден тыс қолдануға рүқсат етілге ұзартқыш сымдарды пайдаланыңыз. Бөлмелерден тыс қолдануға жарамды ұзартқыш сымды пайдалану электр тогының соғу қаупін азайтады.

▶ Егер электр құралмен ылғалдылық жағдайларында жұмыс істеуді болдырмау мүмкін емес болса, шығып кететін токтан қорғау автоматын қолданыңыз. Шығып кететін токтан қорғау автоматын қолдану электр тогының соғу қаупін азайтады.

Адамдардың қауіпсіздігі

▶ ¥қыпты болыңыз, әрекеттеріңізге көңіл бөліңіз және электр құралымен жұмыс істеуге дұрыс қараңыз. Шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь не дәрі қабылдаған соң элект құралын қолданбаңыз. Электр құралын қолданған кездегі зейінсіздік ауыр жаракаттарға апарып соғуы мүмкін.

Жеке қорғану құралдарын пайдаланыңыз және әрқашан міндettі түрде қорғауыш көзілдірікті киіңіз. Электр құралының түріне және пайдалану жағдайларына байланысты жеке қорғану құралдарын, мысалы, шаңнан қорғайтын респираторды, сырғымайтын аяқ киімді, қорғауыш шлемді, естуді қорғау құралдарын қолдану жақақаттану қаупін азайтады.

Электр құралының кездейсок қосылуын болдырмаңыз. Электр құатына қосу және/немесе аккумуляторды қою, көтеру немесе тасымалдау алдында электр құралы өшірілгеніне көз жеткізіңіз. Электр құралын тасымалдағанда саусақтар сөндіргіште болатын немесе қосылған электр құралы желіге қосылатын жағдайлар сәтсіз жағдайларға әкелуі мүмкін.

HILTI

Электр құралын қосу алдында реттеуші құрылғыларды және гайка кілтін алыңыз. Электр құралының айналатын бөлігіндегі аспап немесе кілт жаракаттарға әкелуі мүмкін.
Жумыс кезінде ыңғайсыз қалыптарға түрмауға тырысыңыз. Унемі тұрақты күйді және тепе-тендікті сақтаңыз. Бүл күтпеген жағдайларда электр құралын жақсырақ басқаруға мүмкіндік береді.
- Арнайы киімді киіңіз. Өте бос киімді немесе әшекейлерді кимеңіз. Шашты, киімді жән қолғапты электр құралының айналатын түйіндерінен сақтаңыз. Бос киім, әшекейлер және ұзын шаш оларға ілінуі мүмкін.
▶ Егер шанды жинау және кетіруге арналған құрылғыларды қосу қарастырылған болса, олар қосылғанына және мақсаты бойынша қолданылып жатқанына көз жеткізіңіз. Шанды кетіру модулін пайдалану шаңның зиянды әсерін азайтады.
▶ Өз мойныңызға қате қауіпсіздік сезімін алмаңыз және электр құралына арналған қауіпсіздік ережелерін бұзбаңыз, тіпті электр құралын жиі қолданатын тәжірибелі пайдаланушы болсаңыз. Мұқиятсыз қолдану біrneше секундта ауыр жаракаттануға апарып соғуы мүмкін.

Электр құралын қолдану және оған қызмет көрсету

  • Аспапка шамадан тыс жуктеме тусуін болдырмаңыз. Нак, осы жұмыска арналған элект күралын қолданыңыз. Бүл ережені сақтау көрсетілген қуат диапазонында жоғарырақ жұмыс сапасын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
    ▶ Сөндіргіші бузылған электр құралын қолданбаңыз. Қосу немесе өшіру қиын электр құралы қауіпті және оны жөндеу керек.
    Электр құралын реттеуге, саймандарды ауыстыруға кірісу алдында немесе жұмыстағы үзіліс алдында розеткадан ашаны және/немесе электр құралынан алмалы-салмалы аккумуляторды шығарыңыз. Бүл сақтық шарасы электр құралының кездейсок қосылуын болдырмайды.

▶ Колданылмайтын электр құралдарын балалар жетпейтін жерде сақтаңыз. Аспаппен таныс емес немесе осы нүскқауларды оқып шықпаған адамдарға аспапты пайдалануға рүқсат берменіз. Электр құралдары тәжірибесі жоқ пайдаланушылардың қолында қауіпті болады.

Электр құралдары мен керек-жарактарға ұқыпты қараңыз. Айналмалы бөліктердің мүлтіксіз қызмет ететінін, олардың жүрісінің жеңілдігін, барлық бөліктердің түтастығын және электр құралының жұмысына теріс әсер етуі мұмкін зақымдардың жоқтығын тексеріңіз. Аспаптың зақымдалған бөліктерін оны қолдану алдында жөндеуге өткізіңіз. Электр құралына техникалық қызмет көрсету ережелерін сақтамау көп сәтсіз жағдайлардың себебі болып табылады.

▶ Кескіш аспаптардың үшкір және таза болуын қадағалау керек. Жұмыс күйінде сақталатын кескіш аспаптардың сыналануы сиректеу болады, оларды басқару жеңілдеу.

Электр құралын, саймандарды, көмекші құрылғыларды және т.б. нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Бүл кезде жұмыс жағдайларын және орындалатын жұмыстың сипатын ескеріңіз. Электр құралдарын басқа мақсаттарда қолдану қауіпті жағдайларға әкелуі мүмкін.

▶ Түтқыштар мен түтқыш беттерін таза, құрғақ, май іздерінсіз ұстаңыз. Сырғанақ түтқыштар мен олардың беттері белгілі бір жағдайларда электр құралының қауіпсіз қолданылуы мен басқарылуына жол бермейді.

Аккумуляторлық аспапты пайдалану және оған қарау

- Аккумуляторды тек өндіруші ұсынған зарядтағыш құрылғылардың көмегімен зарядтаңыз. Зарядтағыш құрылғыны тиісті емес аккумулятор түрлерін зарядтау үшін қолданғанда өрт туындауы мүмкін.

- Аспаппен жұмыс істеу үшін тек тиісті аккумуляторларды қолданыңыз. Басқа аккумуляторларды пайдалану жарақаттарға әкелуі және өрт тудыруы мұмкін.

▶ Пайдаланылмайтын аккумуляторларды контакттардың түйықталуының себебі болуы мүмкін скрепкалардан, тиындардан, кілттерден, инелерден, винттерден және басқа металл заттардан ары сақтаңыз. Аккумулятор контакттарының түйықталуы күйіктерге немесе түтануға әкелуі мүмкін.
- Аккумулятормен тиісті емес түрде жұмыс істегенде одан электролит ағып шығуы мұмі Оған тиюді болдырмаңыз. Кездейсоқ тигенде сумен шайыңыз. Электролит көзге тигенде дәрігер көмегіне жүгініңіз. Аккумулятордан ағып шыққан электролит тері тітіркенуін немесе күйіктерді тудыруы мұмкін.
▶ Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды қолданбаңыз. Зақымдалған не пішіні өзгертілген аккумуляторларды болжауға болмайды және олар өрт, жарылыс не жаракаттану қаупін тудырады.
- Аккумуляторды өрт не жоғары температуралы аймактардан алшақ ұстаңыз. Өрт немесе 130 °C (265 °F) жоғары температуралар жарылыс тудыруы мүмкін.
Зарядтау үшін барлық нұсқауларды орындаңыз және аккумулятор не аккумуляторлық құралды ешкашан пайдалану бойынша нұсқаулықта берілген температура ауқымдарынан тыс зарядтамаңыз. Қате зарядтау немесе рұқсатты температура ауқымдарынан тыс зарядтау аккумуляторды бұзуы және өрт қаупін артыруы мүмкін.

Кызмет

Электр құралын жәндеуді тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді қолданатын білікті қызметкерлерге сеніп тапсырыңыз. Бүл электр құралын қауіпсіз күйде сақтауды қамтамасыз етеді.
▶ Зақымдалған аккумуляторларға ешқашан қызмет көрсетпеніз. Аккумулятордың толық күтімін тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету орталықтары орындауы тиіс.

Дрельдермен жұмыс істегенdegі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар Барлық жұмыстарға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар

▶ Косымша тутқышты пайдаланыңыз. Аспапты бақылауды жоғалту жақақаттарға әкелуі мүмкін.
Жұмыс құралы немесе бұрандалар жасырын электр сымдарына тиіп кетуі мүмкін болатын жұмыстарды жүзеге асыру кезінде электр құралын окшауланған беттерінен ұстаңыз. Электр сымдарына тигенде аспаптың қорғалмаған металл бөліктері кернеу астында болады. Бұл электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.

¥зын бүрғы пайдаланылған кездегі қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар

Бүрғы үшін рүқсат етілген максималды айналу жилігінен жоғары айналу жилігімен еи жағдайда жұмыс істемеңіз. Айналу жилігі жоғары болған жағдайда бүрғы дайындамамен жанаспай еркін айналғаннан сөл қисайып кетуі және жаракаттануға апарып соғуы мүмкін.
▶ Бүрғылау әрекетін әрдайым төмен айналу жиілігімен және бұрғы дайындамамен жанасып түрганда ғана бастаңыз. Айналу жиілігі жоғары болған жағдайда бұрғы дайындамамен жанаспай еркін айналғаннан сәл қисайып кетуі және жаракаттануға апарып соғуы мұмкін.
▶ Шамадан артық қысым қолданбаңыз және тек қана бойлық бағытпен бұргғылаңыз. Бұргғылар қисайып жарылуы мүмкін немесе бақылау мүмкіндігінен айырылып, жаракат алуыңыз мүмкін.

Қауіпсіздік техникасы бойынша қосымша нұсқаулар

▶ Өнімді және керек-жарактарды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.
▶ Өнімде немесе керек-жарактарда ешкандай манипуляциялар не өзгерістер орындамаңыз.
Жұмысты бастамас бұрын жұмыс аймағында жасырын сымдардың, газ бен су құбырларын бар-жоғын тексеріп шығыңыз. Құыт сымына, газ немесе су құбырына зақым келтірген жағдайда, өнімнің сыртындағы металл бөліктер ток соғуға немесе жарылыска әкелуі мүмкін.

HILTI

- Өнім жинағына кіретін қосымша түтқыштарды қолданыңыз. Аспапты басқаруды жоғалту жақ қаттарға әкелуі мүмкін. Қосымша түтқыштың сенімді орнатылғанына және берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

▶ Өнімді әрқашан екі қолмен түтқыштарынан берік ұстаңыз. Түтқышты құрғақ әрі таза күйінде ұстаңыз.

Желдету саңылауларын әрдайым бос ұстаңыз. Усті жабылған желдету саңылауларынан өрт қаупі туындайды!

▶ Аспаптың айналатын бөлшектеріне тимеңіз - жаракат алу қаупі бар!

▶ Өнімді қолдану барысында қорғауыш көзілдірікті, қорғауыш касканы, қорғауыш құлаққапты және арнайы респираторды киіп жүріңіз.

▶ Күралды алмастырған кезде қорғауыш қолғап киіңіз. Алмалы-салмалы аспапқа тию кесіктер және күйіктерге апарып соғуы мүмкін.

▶ Корғауыш көзілдіріктерді пайдаланыңыз. Материалдың сынықтары денені және көзді жаракаттауы мүмкін.

Ажарлау, егеукүм қағазымен тазалау, кесу және бұргғылау кезінде пайда болатын шаңның құрамында қауіпті химиялық, заттар болуы мүмкін. Мысалдары келесідей: қорғасын немесе қорғасын негізіндегі бояулар; плитка, бетон және басқа кірпіш қалау өнімдері, табифи тас жән басқа силикаттық өнімдер; емен, шамшат және химиялық, затпен өңделген сүрек сияқты белг бір сүрек түрлері; асбест немесе құрамында асбест бар материалдар. Пайдаланушы мен онъ айналасындағы адамдарға әсер ету дәрежесін өңдеу орындалатын материалдардың қауіп класы бойынша анықтаңыз. Әсерді қауіпсіз деңгейде сақтау үшін шаң жинайтын жүйелерді пайдалану немесе арнайы тыныс алу органдарының қорғанысын киіп журу сияқты қажетті шараларды қолданыңыз. Әсер ету дәрежесін азайту бойынша жалпы шараларға төменdegілер жатады:

Жаксы желдетілген аймақта жұмыс істеу,

▶ Шанның узак уақыт бойы тиюіне жол бермеу,

▶ Шанды көз бен денеден алыстату,

▶ Корғаныс киімін киіп журу және әсер етілген жерлерді сумен және сабынмен жуу.

Саусактың қан айналымын жақсарту үшін жиі үзіліс жасап, жаттығу жасаңыз. ¥зақ уақыт жұмыс істеген кезде, қатты дірілдердің салдарынан саусақ, қол не буындардың қантамыры не жүйкесіне теріс әсер тиюі мұмкін.

▶ Өнімнің жарығына (жарық, диоды) тікелей қарамаңыз және жарықты басқа адамдардың көз тікелей бағыттамаңыз. Соқырлық қаупі бар.

▶ Өнімді жұмыс күйіне орнатылғаннан кейін ғана қосыңыз.

▶ Күлап қалған құралдардан және/немесе керек-жарактардан жаракат алу қаупі бар. Жұмыс бастамас бұрын аккумулятор мен қондырылған керек-жарактың берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

▶Өнделетін бөлшекті ныгайту және тұрақты позицияда сақтау үшін, қыскыш құрылғыларды немесе басқа пайдалы жолдарды қолданыңыз. Дайындаманы тек қана қолмен немесе денеңізге қысып ұстаған кезде, бақылау мүмкіндігінен айырылуыңыз мүмкін.

▶ Дөкір биттерді қолданбаңыз.

▶ Күрал блокталған кезде, өнімді бірден өшіріңіз. Өнім бүйірімен ауытқуы мүмкін.

▶ Өнімді алып тастау алдында ол толығымен токтағанша күтіңіз.

Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану

▶ Литий-иондык аккумуляторларды пайдалану және күту бойынша төмендегі қауіпсіздік шараларын орынданыз. Нұсқауларды орындамау тері тітіркенуіне, ауыр тот басқыш жарақаттарға, химиялық күйіктерге, өртенуге және/немесе жарылысқа апарып соғуы мүмкін.

- Аккумуляторларды тек техникалық мінсіз күйінде қолданыңыз.

▶ Зақымдалуды болдырмау және денсаулыққа қатты зиян келтіре алатын сүйықтықтардың шығуына жол бермеу үшін аккумуляторларды абайлап қолданыңыз!
- Аккумуляторларды ешбір жағдайда модификациялауға немесе құрылымына өзгеріс енгізуге болмайды!
- Аккумуляторларды бөлшектеуге, кысуға, 80°C (176°F) шамасынан жоғары температураға дейін кыздыруға және жағуға тыйым салынады.
Сокцы тиген немесе баскаша зақымдалған аккумуляторларды пайдаланбаңыз немесе зарядтамаңыз. Аккумуляторларда зақымдалу белгілерінің бар-жоғын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
▶ Еш жағдайда қайта өңделген немесе жөнделген аккумуляторларды пайдаланбаңыз.
▶ Ешкашан аккумуляторды немесе аккумуляторлық электр құралын сокпа құрал ретінде пайдаланбаңыз.
- Аккумуляторларға өшкашан тікелей күн сәулесі, жоғары температура, ұшқын немесе ашық жалын әсерін тигізбеніз. Бүл жарылыска апарып соғуы мүмкін.
Батарея полюсіне саусақпен, құралдармен, әшекеймен немесе басқа да электр тогын өткіз бөгде заттармен тимеңіз. Бүл аккумуляторға зақым келтіруі, сондай-ақ мүлікке залал келтіруі және жаракат алуға әкелуі мүмкін.
- Аккумуляторларды жанбыр, ылгал мен сүйықтықтарда алшақ ұстаңыз. Еніп кеткен ылгал қыска түйықталу, ток соғу, күйіп қалу, өртену және жарылыс қаупін тудыруы мүмкін.
▶ Тек осы аккумулятор түрі үшін көзделген зарядтағыш құрылғылар мен электр құралдарын пайдаланыңыз. Бүл ретте тиісті пайдалану бойынша нұсқаулықтардағы мәліметтерге назар аударыңыз.
- Аккумуляторды жарылғыш орталарда пайдаланбаңыз немесе сақтамаңыз.
▶ Егер тиген кезде аккумулятор тым ыстық болса, ол ақаулы болуы мүмкін. Аккумуляторды түтанғыш материалдардан жеткілікті қашықтықта орналасқан, жақсы көрінетін, түтанбайтын жерге қойыңыз. Аккумуляторды суытыңыз. Аккумулятор бір сағаттан кейін әлі де қолға ыстық болып түрса, бүл оның ақаулы екендігін білдіреді. Hilti қызмет көрсету орталығына жолығыңы немесе «Қауіпсіздік және Hilti Li-Ion аккумуляторын пайдалану бойынша нұсқаулар» атты құжатты оқып шығыңыз.

HILTI SBT 6-22 - Аккумулятормен дұрыс жұмыс істеу және оны дұрыс пайдалану - 1

Литий-иондык аккумуляторларды тасымалдау, сактау және пайдалану үшін қолданылатын арнайы директиваларды ескеріңіз. 352

Аталмыш пайдалану бойынша нүсқаулықтың соңындағы QR кодын сканерлеу арқылы табуға болатын Hilti Li-Ion аккумуляторларына арналған қауіпсіздік және пайдалану бойынша нүсқауларды оқып шығыңыз.

Сипаттама

Өнімге шолу

① Жылдам кыскыш бүрғылау патроны
② Айналу моменті, бұргылау және ВТ режиміне арналған реттеу сақинасы
③ Косымша түткыш
④ Жылдамдык ауыстырып-коскышы
⑤ Тасымалдау бекіткіші бар солға/оңға айналудын ауыстырып-қосқышы
⑥ Айналу жилігі электрондык түрде басқарылатын реттелетін негізгі сөндіргіш

⑦ Түтка
⑧ Жұмыс орнын жарықтандыру (жарық, диоды)
⑨ Керек-жарактарға арналған монтаждық саңылау
⑩ Аккумулятор
⑪ Аккумуляторды құлыптан босату түймесі
⑫ Аккумулятордың күй индикаторы

Максатына сай қолдану

Сипатталған өнім қолмен басқарылатын аккумуляторлық, бұрауыш дрель болып табылады. Келесіге арналған

• Болат пен алюминийде алдын ала бүрғылау
• Бояу мен корғаныс жабындарын кетіру
• Дұрыс орнату терендігіне S-BT бұрандалы болтын орнату
• Сомындарды катайту

- Металл, ағаш, пластик бұрғылау

• Бүрандаларды бұрау және босату

- Бул өнім үшін тек В 22 сериялы Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторларын пайдаланыңыз. Hilti компаниясы бул өнім үшін оңтайлы куатка қол жеткізу мақсатында осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы кестеде көрсетілген аккумуляторларды пайдалануға кеңес береді.

- Бул аккумуляторлар үшін тек осы пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңындағы кестеде белгіленген серияларға жататын Hilti зарядтағыш құрылғыларын қолданыңыз.

ATC

Өнім электрондық апаптық токтату құралымен АТС (Active Torque Control) жабдықталған. Егер алмалы-салмалы аспап бұғатталса немесе қысылып қалса, өнім кенеттен кері бағытпен бақылаусыз айнала бастайды. АТС өнімнің мүндай кенет айналу қозғалысын анықтап, өнімді бірден токтатады.

HILTI SBT 6-22 - ATC - 1

Өнім қалыпты жұмыс істеуі үшін айналу мүмкіндігін сақтауы тиіс.

Жылдам өшіру орындалған соң, өнімді өшіріп қайта қосыңыз.

HILTI SBT 6-22 - ATC - 2

Апаттык токтату АТС функциясы "S-BT Болтты орнату" режимінде колжетімді емес.

Жеткізілім жинағы

Бурауыш дрель, косымша түтка, қызмет көрсету бойынша нұсқаулық,

Оған қоса өніміңіз үшін рұқсат етілген жүйелік өнімдерді Hilti Store дүкенінде немесе мына веб-сайттан табуға болады: www.hilti.group

Li-Ion аккумуляторының индикаторлары

Hilti Nuron Li-Ion аккумуляторлары аккумуляторлардың заряд деңгейін, ақаулық туралы хабарларын және күйін көрсете алады.

Заряд деңгейінің және ақаулық туралы хабарлардың индикаторлары

ECKEPTY

Жаракат алу каупі аккумулятордың кулауынан!

- Аккумулятор енгізілген кезде, құлыптан босату түймесін басқаннан кейін аккумулятордың пайдаланылатын өнімге тиісінше бекітілгеніне көз жеткізіңіз.

Төменdegі индикация көрсеткіштерінің біріне қол жеткізу үшін аккумулятордың құлыптан босату түймесін қысқаша басыңыз.

Заряд деңгейі және ықтимал ақаулықтар жалғанған өнім қосылып түрған кезде үздіксіз көрсетіледі.

Құралдың бөлшектері Сипаттамасы
Төрт (4) жарық диоды жасыл түспен тұрақты жанып түрЗаряд деңгейі: 100% және 71% аралығында
Үш (3) жарық диоды жасыл түспен тұрақты жанып түрЗаряд деңгейі: 70% және 51% аралығында
Екі (2) жарық диоды жасыл түспен тұрақты жанып түрЗаряд деңгейі: 50% және 26% аралығында
Бір (1) жарық диоды жасыл түспен тұрақты жанып түрЗаряд деңгейі: 25% және 10% аралығында
Бір (1) жарық диоды жасыл түспен баяу жыпылықтайдыЗарядтау күйі: < 10%
Бір (1) жарық диоды жасыл түспен жылдам жыпылықтайдыLi-Ion аккумуляторының заряды толықтай таусылды. Аккумуляторды зарядтаңыз.Жарық диоды аккумуляторды зарядтағаннан кейін сонда да жылдам жыпылықтаса, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бір (1) жарық диоды сары түспен жылдам жыпылықтайдыLi-Ion аккумуляторы немесе оған байланысты өнімге артық жүктеме түсті, қатты қызып кет немесе басқа ақаулық орын алды.Өнім мен аккумуляторды ұсынылған жұмыс температурасына жеткізіңіз және өнімді пайдаланған кезде оған артық жүктеме түсірмеңіз.Хабар көрсетіле берсе, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бір (1) жарық диоды сары түспен жанып түрLi-Ion аккумуляторы және оған қосылған өнім үйлесімді емес. Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Бір (1) жарық диоды қызыл түспен жылдам жыпылықтайдыLi-Ion аккумуляторы құлыптаулы және оны бұдан былай пайдалану мүмкін емес. Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Аккумулятор күйін көрсететін индикаторлар

Аккумулятордың күйін шақыру үшін құлыптан босату түймесін үш секундтан артық басып тұрыңыз. Жүйе құлату, тесу, сыртқы жылудан зақым келтіру және т.с.с. қате қолданудан туындаған батареяның ақаулығын анықтамайды.

Құралдың бөлшектері Сипаттамасы
Барлық жарық диодтары жұмыс шамы ретінде жанады, содан кейін бір (1) жарық диоды жасыл түспен тұрақты жанады.Аккумуляторды ары қарай пайдалануға болады.
Барлық жарық диодтары жұмыс шамы ретінде жанады, содан кейін бір (1) жарық диоды сары түспен жылдам жыпылықтайды.Аккумулятор қүйі туралы сұрауды орындау мүмкін болмады. Әрекетті қайталаңыз немесе Hilti қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.
Барлық жарық диодтары жұмыс шамы ретінде жанады, содан кейін бір (1) жарық диоды қызыл түспен тұрақты жанады.Жалғанған өнімді ары қарай пайдалану мүмкін болса, бұл қалған аккумулятор қуатының 50% шамасынан төмен болғанын білдіреді.Жалғанған өнімді ары қарай пайдалану мүмкін болмаса, бұл аккумулятордың қызмет ету мерзімі аяқталғанын және оны алмастыр керек екендігін білдіреді. Hilti қызмет көрсет орталығына хабарласыңыз.

Техникалық сипаттамалар
Өнім сипаттары

Өнім буыны01
Номиналды кернеу21,6 В
EPTA Procedure 01 стандарты бойынша аккумуляторсыз салмағы2,0 кг(4,4 фунт)
Айналу жылдамдығы 1. Беріліс0 А/мин ... 490 А/мин
2. Беріліс0 А/мин ... 2000 А/мин
Айналу моменті (жұмсақ бұрандалы қосылым жасау) ♂≤ 65 Н·м
Жұмыс кезіндегі қоршаған орта температурасы-17 °C ... 60 °C(1 °F ... 140 °F)
Сақтау температурасы-20 °C ... 70 °C(-4 °F ... 158 °F)

Алмалы-салмалы аспаптар үшін рүқсат етілген диаметр

∅ жылдам тартылатын патронның қысылу диапазоны1,5 мм ... 13 мм
∅ ағаш бұрғысы (қатты)1,5 мм ... 20 мм(0,06 дюйм ... 0,8 дюйм)
∅ ағаш бұрғысы (жұмсақ)1,5 мм ... 32 мм(0,06 дюйм ... 1,3 дюйм)
∅ металл бұрғысы1,5 мм ... 13 мм(0,06 дюйм ... 0,5 дюйм)

Аккумулятор

Аккумулятордың жұмыс кернеуі21,6 В
Аккумулятор салмағыОсы пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңында қараңыз
Жұмыс кезіндегі қоршаған орта температурасы-17 °C ... 60 °C(1 °F ... 140 °F)
Сақтау температурасы-20 °C ... 40 °C(-4 °F ... 104 °F)
Зарядтаудың басындағы аккумулятор температурасы-10 °C ... 45 °C(14 °F ... 113 °F)

Шуыл туралы акпарат және діріл мәні

Осы нүсқауларда көрсетілген дыбыс қысымы мен діріл деңгейі стандартты өлшеу әдісімен өлшенген және оны басқа электр құралдарымен салыстыру үшін пайдалануға болады. Сонымен бірге, ол экспозицияны алдын ала бағалау үшін жарайды.

Берілген деректер электр құралының негізгі жұмысын көрсетеді. Алайда, егер электр құралы басқа мақсаттарда, басқа жұмыс аспаптарымен қолданылса немесе орган қанағаттандырмайтын техникалық қызмет көрсетілсе, деректер өзгеше болуы мүмкін. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай артуы мүмкін.

Экспозицияны дөл анықтау үшін электр құралы сөндірілген күй немесе бос жұмыс істейтін уақ аралықтарын да ескеру керек. Осының салдарынан аспаптың бүкіл жұмыс істеу кезеңінде экспозиция айтарлықтай азаюы мүмкін.

Пайдаланушыны пайда болатын шуылдан және/немесе дірілден қорғау үшін қосымша сақтық, шараларын қолданыңыз, мысалы: электр аспабына және жұмыс аспаптарына техникалық қызмет көрсету, қолдардың жылуын сақтау, жұмыс процестерін дұрыс ұйымдастыру.

HILTI SBT 6-22 - Шуыл туралы акпарат және діріл мәні - 1

Осы кужатта қолданылатын EN 62841 стандарттарының нұскалары туралы толық ақпарат сәйкестік бойынша декларацияның суретінде 489 берілген.

Шуылдың эмиссиялық көрсеткіші

Эмиссиялық дыбыс қысымының деңгейі (J)78 дБ(А)
Дыбыс қысымының деңгейі бойынша дәлсіздік (Kрд)5 дБ(А)
Дыбыс күшінің деңгейі (WA)86 дБ(А)
Дыбыс күшінің деңгейі бойынша дәлсіздік (K)5 дБ(А)

Дірілдің жалпы көрсеткіші

Дірілдің эмиссиялық шамасы, металл бойынша бүргғылау (аₙ, д)В 22-85< 2,5 м/с2(< 8,2 фут/с2)
В 22-170< 2,5 м/с2(< 8,2 фут/с2)
Металл бойынша бүргғылау дәлсіздігі (К)1,5 м/с2

Жумыска дайындык

HILTI SBT 6-22 - Жумыска дайындык - 1

ECKEPTY

Жаракат алу каупі абайсыздан қосылу себебінен!

  • Аккумуляторды орнату алдында оған қатысты өнімнің өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
  • Аспап реттеулерін орындау немесе қосалқы бөлшектерді алмастыру алдында аккумуляторді шығарыңыз.

Осы кожаттамадағы және әнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орынданыз.

1.Зарядтау алдында зарядтағыш құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығын оқып шығыңыз.
2. Аккумулятордағы және зарядтағыш құрылғыдағы контактілердің таза әрі құрғақ екендігіне көз жеткізіңіз.
3.Аккумуляторды руксат етілген зарядтағыш құрылғы ішінде зарядтаңыз. 346

Жаракат алу каупі кыска түйыкталудан немесе аккумулятордың құлауынан!

▶ Аккумуляторды орнату алдында аккумулятор контактілерінде және өнімдегі контактілерде бөгде заттардың жоктығына көз жеткізіңіз.
- Аккумулятордың әркез дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.

  1. Аккумуляторды алғаш рет іске қоспас бұрын зарядтаңыз.
    2.Аккумуляторды өнімге шерту дыбысымен тірелгенше кіргізіңіз.
  2. Аккумулятордың аспапка берік бекітілгенін тексеріңіз.

Аккумуляторды шығару

  1. Аккумулятордың құлыптан босату түймесін басыңыз.
    2.Аккумуляторды өнімнен шығарыңыз.

Бүйірлік түтқаны орнату 2

HILTI SBT 6-22 - Бүйірлік түтқаны орнату 2 - 1

АБАЙЛАНЫЗ

Жаракат алу каупі бар! Перфоратор баскарудын жоғалуы.

Бүйірлік түтка дұрыс орнатылғанын және берік бекітілгенін тексеріңіз. Кыскыштар арнайы ойыктарға тиісінше енгізілгеніне көз жеткізіңіз.

  1. Буйірлік түтканын қыскыштарын босату үшін түтканы бұраңыз.
  2. Бүйірлік түтканын ұстағышын корпуска толықтай енгізіңіз және қысқыштарды арнайы ойықтарға кіргізіңіз.
    3.Буйірлік түтқанын ұстағышын керу үшін түтқаны бұраңыз.

Алмалы-салмалы аспапты енгізу

1.Жылдам кыскыш бурғылау патронын ашыңыз.
2.Алмалы-салмалы аспапты күрал бекіткішіне салыңыз.
3.Жылдам тартылатын патронды бурап бекітіңіз.
4.Алмалы-салмалы аспаптың берік бекітілгенін тексеріңіз.

Биіктен құлаудан қорғаныс

HILTI SBT 6-22 - Биіктен құлаудан қорғаныс - 1

ECKEPTY

Жаракат алу каупі куралдың және/немесе керек-жарактың кулауынан!

▶ Тек өнім үшін ұсынылған Hilti құрал ұстағыш арқанын қолданыңыз.
▶ Күрал ұстағыш арқанның бекіту нүктесінде әр пайдалану алдында зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.
▶ Курал устағыш арқанды белдік ілмегіне бекітпеңіз. Белдік ілмегін өнімді көтеру үшін пайдаланбаңыз.

HILTI SBT 6-22 - ECKEPTY - 1

Биік жерде жұмыс істеу бойынша үлтық нұскамаларды орынданыз.

Бүл өнім үшін біктен кұлаудан қорғаныс ретінде тек Hilti ұсынған #2293133 кұлаудан сақтандырғышын Hilti ұсынған #2261970 кұрал ұстағыш арқанымен бірге қолданыңыз.

▶ Кулаудан сактандырғышты керек-жаракқа арналған монтаждық саңылауларға бекітіңіз. Берін бекітілгенін тексеріңіз.
▶ Күрал ұстағыш арқанның карабинін құлаудан сақтандырғышқа, ал екінші карабинді жук көтеретін құрылымға бекітіңіз. Екі карабиннің берік бекітілгенін тексеріңіз.

HILTI SBT 6-22 - ECKEPTY - 2

Hilti құлаудан сақтандырғышының және Hilti құрал ұстағыш арқанының пайдалану бойынша нұсқаулықтарына назар аударыңыз.

Кызмет көрсету

Осы кужаттамадағы және әнімдегі қауіпсіздік және ескерту нұсқауларын орынданыз.

Стандартты баскару

Берілісті таңдау

▶ Берілісті таңданыз.

Айналу бағытын орнату

▶ Онға/солға айналуды ауыстырып-қосқышты оң не солға айналуға орнатыңыз.

Kocy

▶ Негізгі сөндіргішті басыңыз.

▶ Өнім жұмыс істеп түр.

HILTI SBT 6-22 - Kocy - 1

Негізгі сөндіргішті басу терендігіне қарай айналу жилігін біркелкі реттеуге болады.

Бурап бекіту

▶ Айналу моменті мен функция ўшін реттеу сақинасында қажетті айналу моментін орнатыңыз: 1-15.

Бурғылау 6

▶ Айналу моменті мен функцияға арналған реттеу сақинасын күйіне орнатыңыз.

ВТ-режимінде басқару

▶ Айналу моменті мен функцияға арналған реттеу сақинасән күйіне орнатыңыз.

Косалкы бүрғылау режимін пайдалан

  1. Берілістерді ауыстырып қосу інтірегін 2 350 шамасына, ал он жак/сол жак жүріс ауыстырып-қосқышын он жак жүріс күйіне орнатыңыз. 350
    2.Бурғыны TS-BT орнатыңыз. 350
  2. Бүрғыны өңделетін бөлшекке қойыңыз.
    4.Негізгі сөндіргішті толығымен басып тұрыңыз және бұрғыға қысу күшін түсіріңіз.
  3. Тиісті бүрғылау тереңдігіне жеткенде, айналу жилігі атвоматты түрде азаяды.
  4. Бурауш дрельді жерден шығарып, негізгі сөндіргішті босатыңыз.
    7.Бүрғыланған саңылауды S-BT қызмет көрсету бойынша нұсқаулығына сәйкес тексеріңіз.

S-BT болтын бұрап қатайтү

HILTI SBT 6-22 - S-BT болтын бұрап қатайтү - 1

Апаттык токтату АТС функциясы "S-BT болтын бұрап кіргізу" режимінде қолжетімді емес.

  1. Берілістерді ауыстырып қосу інтірегін 1 350 шамасына, ал он жак/сол жак жүріс ауыстырып-қосқышын он жак жүріс күйіне орнатыңыз. 350
    2.Болт устағышын орнатыңыз. 350
    3.S-BT болтын болт устағышына орнатыңыз.
    4.S-BT болтын алдын ала бүргыланған саңылау үстіне орналастырыңыз.
    5.Herizgi cэндіргішті толығымен басып тұрыңыз және болтқа қысу күшін түсіріңіз.
  2. Тиісті бурап кіргізу терендігіне жеткенде, айналу моменті шегі функциясы іске қосылады.
    7.Негізгі сөндіргішті босатып, бурауыш дрельді жерден шығарыңыз.
  3. Болты S-ВТ қызмет көрсету бойынша нүсқаулығына сәйкес тексеріңіз.

Өшіру

▶ Негізгі сөндіргішті жіберіңіз.

▶ Өнім өшіп қалады.

Кутім және техникалық қызмет көрсету

HILTI SBT 6-22 - Кутім және техникалық қызмет көрсету - 1

ECKEPTY

Аккумулятор енгізілген кезде жаракат алу қаупі бар !

▶ Кутім және техникалық қызмет көрсету бойынша кез келген жұмыстарды орындамас бұрын әрдайым аккумуляторды шығарыңыз!

Өнімге қызмет көрсету

  • Катты жабысып қалған кірді абайлап кетіріңіз.
  • Бр болса, желдету саңылауларын күрғақ, жұмсақ қылшақпен мұқият тазалаңыз.
  • Корпусты сэл суланған шуберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
  • Өнімнің контактілерін тазалау үшін таза, құрғақ шүберекті қолданыңыз.

Литий-иондык аккумуляторға қызмет көрсету

- Еш жағдайда желдету саңылаулары бітелген аккумуляторды қолданбаңыз. Желдету саңылауларын құрғақ, жұмсақ қылшақпен жақсылап тазалаңыз.

HILTI

  • Аккумуляторға шаңның немесе кірдің қажетсіз тиюіне жол бермеңіз. Аккумуляторға қатты ылғалдың тиюіне ешкашан жол бермеңіз (мысалы, суға батыру немесе жаңбыр астына қою арқылы). Аккумулятор су болса, оны закымдалған аккумулятор ретінде қарастырыңыз. Оны түтанбайтын контейнерге окшаулап, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
  • Аккумуляторды бөгде май мен майлағыштан таза ұстаңыз. Аккумуляторда шаң не кірдің қажетсіз жиналуына жол бермеңіз. Аккумуляторды құрғақ, жұмсақ қылшақпен немесе таза, құрғақ шүберекпен тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөліктерге зақым келтіре алады.

Аккумулятордың контактілеріне тимеңіз және зауыттан тыс қолданылған майды контактілерден кетіріңіз.

- Корпусты сэл суланған шуберекпен ғана тазалаңыз. Ешқандай силикон қамтитын күтім құралдарын пайдаланбаңыз, себебі олар пластик бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.

Техникалық қызмет көрсету

  • Көзге көрінетін барлық бөлшектерде зақымдардың бар-жоғын және басқару элементтерінің ақаусыз жұмысын жиі тексеріп тұрыңыз.
  • Өнім зақымдалған және/немесе ақаулы болған жағдайда, оны пайдаланушы болмаңыз. Өнімд міндетті түрде Hilti қызмет көрсету орталығында жөндетіңіз.
  • Кутім және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан кейін барлық қорғауыш құрылғыларды орнатып, олардың ақаусыз жұмыс істегенін тексеріңіз.

HILTI SBT 6-22 - Техникалық қызмет көрсету - 1

Қауіпсіз жұмысты қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектер мен шығын материалдарын қолданыңыз. Hilti мақұлдаған қосалқы бөлшектер, шығын материалдары мен өнімге арналған керек-жарактар Hilti Store дүкенінде немесе келесі веб-сайтта қолжетімді: www.hilti.group

Аккумуляторлық құралдар мен аккумуляторларды тасымалдау және сақтау Тасымалдау

АБАЙЛАНЫЗ

Тасымалдау кезіндегі кенет іске қосылу !

▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып тасымалдаңыз!
▶ Аккумулятор(лар)ды шығарыңыз.
- Аккумуляторларды ешкашан үймеде тасымалдамаңыз. Тасымалдау барысында аккумуляторларды шамадан артық сокқы мен дірілден қорғау және олардың басқа батарея полюстерімен жанасуына және қысқа түйықталудың туындауына жол бермеу үшін кез келген ток өткізгіш материалдардан немесе басқа аккумуляторлардан окшаулау керек.

Аккумуляторларға арналған жергілікті тасымалдау ережелерін сақтаңыз.

  • Аккумуляторларды поштамен жіберуге болмайды. Зақымдалмаған аккумуляторларды жіберу қажет болғанда, жеткізуші кәсіпорындарға хабарласыңыз.
    ▶ Өнім мен аккумуляторларды әр пайдаланбас бұрын және үзак ұақыт бойы тасымалдағаннал кейін зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.

Сақтау

ECKEPTY

Бүлінген немесе заряды таусылған аккумуляторлардан күтілмеген зақымдалу !

▶ Өніміңізді әрдайым аккумуляторын шығарып алып сақтаңыз!

▶ Өнім мен аккумуляторларды салқын және құрғақ жерде сақтаңыз. Техникалық деректерде көрсетілген температураның шектік мәндерін ескеріңіз.
- Аккумуляторларды зарядтағыш құрылғыда сақтамаңыз. Аккумуляторды зарядтағаннан кейін әрдайым зарядтағыш құрылғыдан шығарыңыз.

  • Аккумуляторларды еш жағдайда күн мен жылу көздерінің астында немесе шыны әйнек артында сақтамаңыз.
    ▶ Өнім мен аккумуляторларды балалар мен рүксаты жок адамдардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
    ▶ Өнім мен аккумуляторларды әр пайдаланбас бұрын және ұзак, уақыт бойы сақтағаннан кей зақымдардың бар-жоғын тексеріп шығыңыз.

Акаулардағы көмек

Кез келген ақаулар орын алған жағдайда, аккумулятордың заряд деңгейі мен ақау индикаторын назар аударыңыз. Li-Ion аккумуляторының индикаторлары бөлімін қараңыз.

Бүл кестеде келтірілмеген немесе өзіңіз түзете алмайтын ақаулар орын алғанда, Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.

Ақаулық branchingлсебепШешім
Өнім қызмет етпейді. Аккумулятор толығымен салынбаған.► Аккумуляторды шырт еткен дыбыс естілгенше бекітіңіз.
Аккумулятор заряды бос. ► Аккумуляторды алмастырыңыз.
Негізгі сөндіргіш басылмайды немесе бұғатталған.Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышы ортаңғы күйде.► Оңға/солға айналу ауыстырып-қосқышын солға не онға басыңыз.
Аккумулятор заряды әдеттегіден тезірек бітеді.Қоршаған орта температурасы тым төмен.► Аккумуляторды ұзақ ұақытта бөлме температурасында жылытыңыз.
Аккумулятор естілетін шырт ету дыбысымен бекітілмейді.Аккумулятордағы құлып шоқысы кірленген.► Тіреуіш шығыңқы жерлерді тазалаңыз және аккумуляторды салыңыз. Мәселе шешілмесе, Hilti сервис орталығына хабарласыңыз.
Өнім немесе аккумулятор жылуды қарқынды түрде шығарады.Электр бөлігі бойынша ақау.► Өнімді бірден өшіріңіз, аккумуляторды шығарыңыз, оны қадағалап, салқындауына мүмкіндік беріңіз және Hilti қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Аккумулятордың жарық диодтары өшірулі.Аккумулятор бүлінген.► Hilti қызмет көрсету орталығына жолығыңыз.
ВТ режимі жұмыс істемейді.Айналу моменті мен функцияға арналған реттеу сақинасы ВТ режимінде емес.► Айналу моменті мен функцияға арналған реттеу сақинасын ВТ режиміне қойыңыз. 📣351
ВТ режимінде алдын ала бұрғылау ерте аяқталады.Қысу күші тым төмен.S-ВТ режимінің қысу күші: ≥ 200 Н (≥ 45 фунт күш)► Бұрғыны өңделетін бөлшекк кемінде көрсетілген қысу күшімен басыңыз.
Ақаулық branchingимал себепШешім
ВТ режимінде алдын ала бұрғылау ерте аяқталады.Қысу қүші тым төмен. ► "Бұрғылау" режиміне ауысыңыз. Айналу моменті мен функцияға арналған реттеу сақинасын күйіне орнатыңыз.
Бұрғы жүзі өтпейді немесе кірленген.► Бұрғы жүзін тазалаңыз.
► Жаңа бұрғыны орнатыңыз.350
Саңылау дұрыс бұрғыланбаған немесе бол дұрыс орнатылмаған.Болттың пайдалану бойынша нұсқаулығы сақталмаған.► S-BT болттың пайдала-ну бойынша нұсқауларды орындаңыз.

Кәдеге жарату

ECKEPTY

Кате жолмен кәдеге жаратудан жаракат алу қаупі бар! Газдардың немесе сүйықтықтардың шығуынан денсаулыққа зиян келтіру қаупі бар.

▶ Зақымдалған аккумуляторларды жіберуге немесе жәнелтуге болмайды!
▶ Кыска түйыкталуға жол бермеу үшін, қосылымдарды ток өткізбейтін материалмен жауып қойыңыз.
- Аккумуляторларды балалардың қолына жетпейтіндей етіп кәдеге жаратыңыз.
- Аккумуляторды Hilti Store дүкенінде көдеге жаратыңыз немесе жергілікті көдеге жарату көсіпорнына хабарласыңыз.

Hilti өнімдері қайта өңдеу үшін жарамды көптеген материалдардың санынан тұрады. Кәдеге жарату алдында материалдарды мұқият сұрыптау керек. Көптеген елдерде Hilti компаниясы ескі аспаптарды кәдеге жарату үшін қабылдайды. Hilti қызмет көрсету орталығынан немесе дилерден сұраңыз.

HILTI SBT 6-22 - ECKEPTY - 1

▶ Электр күралдарды, электрондык кұрылғылар мен аккумуляторларды түрмыстык қоқыспен бірге тастамаңыз!

Өндіруші кепілдігі

▶ Кепілдік шарттары туралы сұрақтарыңыз болса, жергілікті Hilti серіктесіне жолығыңыз.

Косымша акпарат

Баскару, техника, коршаған орта және қайта өңдеу туралы қосымша ақпаратты мына сілтеме бойынша қараңыз: qr.hilti.com/manual/?id=2368265

Бүл сілтеме пайдалану бойынша нұсқаулықтың соңында QR коды ретінде қолжетімді.

Сэйкестік декларациясы

Сэйкестік декларациясы

Өндіруші осы нұсқаулықта сипатталған өнімнің қолданыстағы заңнамаға және қолданыстағы стандарттарға сәйкес екендігін толық жауапкершілікпен жариялайды.

Техникалық құжаттама мына жерде сақталған:

Өнім туралы мәліметтер

Бурауыш дрель SBT 6-22
Буын: 03
Сериялық нөмір: 1-99999999999
Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : HILTI

Модель : SBT 6-22

Санат : шуруповерт