GST 700 500W Professional - Бұранда BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GST 700 500W Professional BOSCH PDF форматында.
| Бренд | Bosch |
| Модель | GST 700 500W Professional |
| Өнім түрі | Лобзик |
| Номиналды қуатты тұтыну | 500 Вт |
| Бос жүрістегі кесу жиілігі | 1450 – 3200 мин⁻¹ |
| Жүріс амплитудасы | 20 мм |
| Ағаштағы макс. кесу тереңдігі | 70 мм |
| Алюминийдегі макс. кесу тереңдігі | 10 мм |
| Легирленбеген болаттағы макс. кесу тереңдігі | 6 мм |
| Еңкеюдің макс. бұрышы (сол/оң) | 45° |
| EPTA-Процедура 01:2014 бойынша салмақ | 2,1 кг |
| Қорғаныс дәрежесі | II (қос оқшаулау) |
| Қоректену | 230 В ~, 50/60 Гц |
| Пышақ түрі | T-саппен (қарапайым ілме) |
| Маятникті қозғалыс | 4 реттелетін позиция (0, I, II, III) |
| Жылдамдық реттегіші | Иә, алдын ала таңдау дөңгелегі |
| Қиғаш кесулер | 45°-қа дейін (оң немесе сол) |
| Негізгі функциялар | Тік, қисық, сүңгу, қиғаш, керек-жарақпен дөңгелек кесулер |
| Күтім және тазалау | Желдету саңылаулары мен пышақ ұстағышты үнемі тазалау; бағыттаушы роликті майлау |
| Қауіпсіздік | Электр қауіпсіздігі: қос оқшаулау, PRCD ұсынылады; жеке қорғаныс: көзілдірік, маска, қолғап |
| Қосалқы бөлшектер және жөндеу мүмкіндігі | Bosch сатудан кейінгі қызметі; www.bosch-pt.com арқылы қолжетімді қосалқы бөлшектер |
| Жалпы ақпарат | Пайдалану нұсқаулығы онлайн тегін қолжетімді; 193 бет |
Жиі қойылатын сұрақтар - GST 700 500W Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы GST 700 500W Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Бұранда PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GST 700 500W Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GST 700 500W Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GST 700 500W Professional BOSCH
Пайдалану нұсқаулығының
түпнұсқасы
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады.
Істен шығу себептерінің тізімі
- көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз
- қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
– ток сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз
– өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз
Пайдаланушының мүмкін қателіктері
- Тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз.
- Жауын-шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз.
- Корпус ішіне су кірсе, құрылғыны қосушы болмаңыз.
Шекті күй белгілері
- Ток сымының тозуы немесе зақымдануы.
- Өнім корпусының зақымдалуы.
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
- Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сақтау
- Құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек.
- Орамасыз сақтау мүмкін емес.
- Сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (шарт 1) құжатын қараңыз.
- +5-ден +40 °C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80 %-дан аспауы тиіс.
Тасымалдау
- Тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді.
- Тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
- Қоршаған орта температурасы -50 °C-тан +50 °C-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100 %-дан аспауы тиіс.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді,
нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды
оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік
нұсқаулықтарын орындамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған «Электр құралы» атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі бар) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін.
Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құралы ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алаңдаушылықтар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін арналған.
Электр қауіпсіздігі
Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай түрде өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. ▶ Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен тоңазытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса, жоғары ток соғу қауіпі пайда болады. Электр құралдарын жаңбырда немесе ылғалды ортада пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қауіпін жоғарылатады. Кабельді тиісті емес мақсатта пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе токтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтан, майдан, өткір қырлардан және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе шатасқан кабель ток соғу қауіпін жоғарылатады. Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жағдайларға сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді. ▶ Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді.
Жеке қауіпсіздік
Электр құралын пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралын шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңғалдық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтар
тиісті жағдайларда қолданып, жеке жарақаттануларды кемітеді.
Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік қүйде болувына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын токқа қосу сәтсіз оқифаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жаракаттануға алып келуі мүмкін. Көп күш істетпеніз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бүл күтілмеген жағдайларда электр күралдың бақылануын сақтайды. ▶ Тиісті киім киїціз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе үзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. ▶ Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. Аспаптарды жиї пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жаракаттануға алып келуі мумкін. НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Энергиямен жабдыктаудың толыктай не жекелей токтатылуы немесе энергиямен жабдыктауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Аталмыш пайдалану женіндегі нускаулыкça сэйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс түлғалар жатады. Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан түлғаларға руксат етіледі. Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты түлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс.
Электр құралдарын пайдалану және күту
▶ Куралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. ▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын және керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті. Қолтұтқалар мен ұстау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен ұстау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Қызмет көрсету
Электр құралына маман жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз етеді.
Жұқа аралар бойынша қауіпсіздік нұсқаулықтары
▶ Кесетін керек-жарақтан жасырын сымдар немесе өз сымына тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құрылын оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе
электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны ток соғуы мүмкін.
▶ Дайындаманы тұрақты ұстау үшін бекіту және тіреу үшін қамыт немесе басқа жолды пайдаланыңыз. Дайындаманы қолмен немесе денеге тіреп ұстау оны тұрақсыз етіп, бақылауды жоғалтуға әкелуі мүмкін. ▶ Қолыңызды аралау аймағынан қашық ұстаңыз. Дайындама астына тимеңіз. Ара полотносына тию жарақаттану қаупін тудырады. Электр құралын дайындамаға тек қосулы күйде апарыңыз. Әйтпесе электр құралы дайындамаға ілініп, кері соғу қаупі пайда болады. ▶ Аралауда тіреу тақтасының тұрақты тұруына көз жеткізіңіз. Қисайған ара полотносы сынуы немесе кері соғуға әкелуі мүмкін. Жұмысты аяқтағаннан соң электр құралын өшіріп, ара полотносы тоқтағаннан соң ғана оны кесіктен шығарыңыз. Осы арқылы кері соғудан сақтанып, электр құралының қауіпсіздігін қамтамасыз етесіз. Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп, электр құрал бақылауының жоғалуына әкелуі мүмкін. Бұзылмаған мінсіз ара полотносын пайдаланыңыз. Қисайған немесе өтпес ара полотнолары сынуы, кесікті зақымдауы немесе кері соғуды тудыруы мүмкін. ▶ Ара полотносын өшіргеннен соң бүйір басу арқылы тоқтатпаңыз. Ара полотносының бұзылуы, сынуы немесе кері соғу себебі болуы мүмкін. ▶ Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе ток соғуына әкелуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа әкелуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға немесе ток соғуына әкелуі мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау ток соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға әкелуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
Электр құралы қатты тірелген күйде ағаш, пластмасса, металл, күйіктас тақта және резинада кесіктер мен ойықтарды аралау үшін арналған. Ол тура және қисық кесіктерді 45° бұрышта аралау үшін арналған. Ара полотносы ұсыныстарына назар аударыңыз.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Ажыратқыш бекіткіші (2) Ажыратқыш (3) Жүріс санын алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (4) Алты қырлы дөңбек кілт (5) Сорғыш шланг a) (6) Аспирациялық келте құбыр (7) Тіреу тақтасы (8) Тербелісті реттегіш інінтірек (9) Ара дискісінің бекіткіші
(10) Бағыттауыш ролик
(11) Ара дискісі a)
(12) Жанасудан қорғаныс
(13) Сорғыға арналған қаптама
(14) Тұтқа (беті оқшауланған)
(15) Жарылудан сақтайтын пластина a)
(16) Тіреу тақтасының бұрандасы
(17) Еңіс бұрышының шкаласы
(18) Параллель тірекке арналған бағыттауыш
(19) Параллель тіректі реттегіш бұранда a)
(21) Айналатын кескіштің ортаға келтіру ұштығы a)
a) Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз.
Техникалық мәліметтер
| Жука ара GST 700 | ||
| Өнім нөмірі | 3 601 BA7 0.. | |
| Номиналды тутынылатын куат | Вт 500 | |
| Бос жүріс саны n0 | мин -1 | 1450–3200 |
| Жүріс мм 20 | ||
| Макс. кесік терендігі | ||
| – ағашта мм 70 | ||
| – алюминийде мм 10 | ||
| – болатта (қорытпалар) мм 6 | ||
| Кесік бұрышы (сол/оң жақ), макс. | ° | 45 |
| Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай | кг 2,1 | |
| Қорғаныс класы | ☐ / II | |
Мәліметтер [U] 230 В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін.
114|Қазақ
Шуыл және діріл туралы ақпарат
EN 62841-2-11 бойынша есептелген шуыл
эмиссиясының көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 86 дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 97 дБ(А). К дәлсіздігі = 5 дБ.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері ən (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі, EN 62841-2-11 бойынша есептелген:
Ара дискісімен жоңқа тақтаны аралау Т 111 С: an,B = 3,5 M/c2, K = 1,5 M/c2 ,
Ара дискісімен табақ металды аралау Т 118 А: an,M = 3,5 M/c2, K = 1,5 M/c2 .
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса, дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Жинау
▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
▶ Алмалы-салмалы аспапты орнату немесе алмастыру кезінде қорғағыш қолғап киіңіз.
Алмалы-салмалы аспаптар өткір болып ұзақ уақыт пайдаланғанда қызып кетуі мүмкін.
Аралау дискісін таңдау
Ұсынылатын дискілерге шолуды осы пайдалану нұсқаулығының соңында табуға болады. Тек қана бір тұтқалы ара полотноларын (Т-тұтқа) орнатыңыз. Ара полотносы қажетті кесіктен ұзын болмауы керек.
Жіңішке кесіктер үшін жіңішке ара полотноларын пайдаланыңыз.
Ара дискісін орнату (А суретін қараңыз)
▶ Орнатудан алдын ара полотносы тұтқасын тазалаңыз. Кірленген тұтқаны қатты бекіту мүмкін емес.
Ара дискісін (11) тістерін кесік бағытына қаратып ара дискісінің бекіткішіне (9) тірелгенше жылжытыңыз. Ара полотносын салуда ара полотносының арқасы бағыттауш деңгелектің (10) ойығында жатуына көз жеткізіңіз.
▶ Ара полотносының бекем тұруына көз жеткізіңіз. Босаң ара полотносы жарақаттауы мүмкін.
Ара полотносын шешу (В суретін қараңыз)
Ара полотносының бекіткішін (9) бағыттама бағытында жоғарыға жылжытып ара полотносын (11) шығарыңыз.
Жарылудан сақтайтын пластина (С суретін қараңыз)
Жарылудан сақтайтын пластина (15) (керек-жарак) ағаш аралау кезінде үстіңгі беттің жарылып кетуінен сақтай алады. Жарылудан сақтайтын пластинаны тек мақұлданған ара дискінің түрлерімен және 0° кесік бұрышында пайдалану қажет.
Жарылудан сақтайтын пластинаны (15) астыңғы жақтан тіреу тақтасына (7) жылжытыңыз.
Шаңды және жоңқаларды сору
Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандар арқылы өңделуі мүмкін.
– Мүмкіншілігінше осы материал үшін сәйкес келетін шаңсорғышты пайдаланыңыз.
- Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз.
– P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады.
Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын үйғарымдарды пайдаланыңыз.
Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.
Қаптама
Каптама қалпағын (13) электр құралын шаңсорғышқа қосу алдында орнатыңыз.
Қаптама қалпақты (13) электр құралына ұстағыштар құрылғының саңылауларына терелетіндей етіп салыңыз.
Қаптама қалпақты (13) шаңсорусыз және еңістік кесік жасаған кезде шешіп қойыңыз. Ол үшін қалпақты сыртқы ұстағыштар жоғарылығына дейін басып алға тартып қойыңыз.
Шаңсоруды қосу
Шаңсорғыш шлангын (5) (керек-жарақ) жоңқаларды аспирациялық келте құбырға (6) қосыңыз. Сорғыш шлангын (5) шаңсорғышқа қосыңыз (керек-жарақтар).
Осы нұсқаулықтар ақырында түрлі шаңсорғыштарға қосу әдістері көрсетілген.
Оптималды шаңсору үшін мүмкіндігінше жарылудан сақтайтын пластинаны (15) орнатыңыз.
Шаңсорғыш өнделетін материалға сәйкес болуы қажет. Денсаулыққа зиян, обыр тұғызатын немесе құрғақ шаңдар үшін арнайы шаңсорғышты пайдаланыңыз.
Пайдалану
Пайдалану түрлері
▶ Барлық жұмыстардан алдың электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз.
Тербелісті реттеу
Төрт басқышта реттелетін тербелу аралау жылдамдығын, аралау өнімділігін және аралау суретін өнделетін материалға лайықтауға мүмкіндік береді.
Реттеу тұтқышымен (8) тербелуді пайдалану кезінде де реттеуге болады.
О деңгейі тербеліс жоқ
I деңгей – кіші тербеліс
II деңгей – орташа тербеліс
III деңгей – үлкен тербеліс
Әр жұмыс үшін оңтайлы тербеліс басқышын сынақ тәжірибемен анықтауға болады. Төмендегі ұсыныстарды ескеріңіз:
– Кесік шеті қанша нәзік және таза болуы керек болса, тербеліс басқышын сонша кіші реттеңіз немесе толығымен өшіріңіз. – Жұқа заттектерді (мысалы, металды) өңдегенде тербелісті өшіріңіз. – Қатты заттектерді өңдегенде (мысалы, болат) кіші тербелісті реттеңіз. – Жұмсақ материалдарда және ағашты талшықтар бағытында аралаған кезде максималды тербеліспен жұмыс істеуге болады.
Еңіс бұрышын реттеу (D суретін қараңыз)
Тіреуіш тақта (7) тек 45° дейін еңіс бұрыштары үшін оңға қиылуы мүмкін.
Жарылудан сақтайтын пластина (15) қисық аралауда орнатылуы мүмкін емес.
- Жарылудан сақтайтын пластинаны (15) алып тастаңыз. – Бұранданы (16) босатып, тіреу тақтасын (7) ара дискісіне (11) қарай азғантай жылжытыңыз. – Дәл еңіс бұрышын реттеу үшін тіреу тақтасының оң және сол жағында 0° мен 45° бұрыштарда тірелу нүктелері бар. Тіреу тақтасын (7) шкалаға (17) сәйкес қажетті күйге қисайтыңыз. Басқа еңіс бұрышын бұрыш өлшегіші арқылы реттеуге болады.
- Содан кейін тіреу тақтасын (7) желілік кабельге қарай тірелгенше жылжытыңыз.
- Бұранданы (16) қайтадан бұрап бекітіңіз.
Пайдалануға ендіру
Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты электр құралдың зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220 В жұмыс істеуге болады.
Қосу/өшіру
▶ Колтутканы жібермей қосқыш/өшіргішті басу мүмкіндігіне көз жеткізіңіз.
Электр құралды қосу үшін қосқыш/өшіргішті (2) басыңыз.
Қосқыш/өшіргішті бекіту үшін (2) оны қысып ұстап, ысырманы (1) оңға немесе солға жылжытыңыз.
Электр құралын өшіру үшін қосқыш/өшіргішті (2) жіберіңіз. Қосқыш/өшіргіш (2) бұғатталған болса, оны алдымен басып, сосын жіберіңіз.
Жүріс санын алдын ала таңдауға арналған реттегіш дөңгелек (3) көмегімен алдын ала таңдауға немесе жұмыс кезінде өзгертуге болады.
Талап етілетін жүріс санын материал мен жұмыс жасау жағдайына байланысты анықтауға болады, оны тәжірибе арқылы білуге болады.
Ара дискісін дайындамаға орнатуда және пластмасса мен алюминийді өңдеуде аралау жылдамдығын төмендету ұсынылады.
Аз жүрістер санында ұзақ уақыт электр құралды пайдалану оның қатты қызуын тудыруы мүмкін. Ара полотносын алып, электр құралын салқындату үшін шамамен 3 минут максималдық жүріс санында істетіңіз.
▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. ▶ Қылышты ара тұрып қалса, электр құралын бірден өшіріңіз. Кіші және жұқа дайындамаларды өңдеу кезінде әрдайым тұрақты астыңғы бет немесе аралау үстелін (керек-жарақ) пайдаланыңыз.
Ағаш, ЖАТ, құрылыс материалдары және т.б. бойынша аралау алдында ине, бұрандалар және т.с.с. сияқты бөгде заттардың бар-жоғын тексеріп, қажетінше алып тастаңыз.
Батырма аралар (Е суретін қараңыз)
▶ Қол арасымен тек ағаш, гипсокартон т.б. сияқты жұмсақ материалдарды өңдеуге болады!
Қол ара үшін тек қысқа ара полотноларын пайдаланыңыз. Жұқа ара 0° еңіс бұрышымен мүмкін болады.
Электр құралын тіреуіш тақтаның (7) алдыңғы шетімен дайындамаға ара дискісін (11) дайындамаға тигізбей қойыңыз да қосыңыз. Жүріс басқаруы бар электр
116|Қазақ
Құралдарда максималды жүріс санын таңдаңыз. Электр құралын қатты дайындамаға басып, ара полотносын ақырын дайындамаға кіргізіңіз.
Тіреу тақтасы (7) толық бетімен дайындамада жатқанда қажетті аралау сызығымен аралаңыз.
Параллельді тіреуіш айналатын кескішпен (20) (керек-жарақ) жұмыс істеу үшін дайындаманың қалыңдығы максималды 30 мм болуы тиіс.
Параллельді кесіктер (F суретін қараңыз): Құлақты бұранданы (19) босатып, параллельді тірек шкаласын тіреу тақтасының (18) бағыттауышында жылжытыңыз. Кесік енін шкала мәні ретінде тіреу тақтасының ішкі қырына реттеңіз. Орнату бұрандасын (19) бекітіңіз.
Диск кесіктері (G суретін қараңыз): аралайтын диск кесік сызығында аралау полотносы үшін жетерлік тесік бұрғылаңыз. Ара полотносы кесік сызығына дәл тұруы үшін тесікті фреза немесе егеумен өңдеңіз.
Орнату бұрандасын (19) бағыттайтын планканың басқа жағына орнатыңыз. Бағыттайтын планканың шкаласын тіреу тақтасының бағыттауышына (18) жылжытыңыз. Дайындаманың араланатын кесігінің ортасында тесік бұрғылаңыз. Ортаға дәлдеу ұшын (21) бағыттайтын планканың ішкі тесігінен бұрғыланған тесікке салыңыз. Радиусты шкала мәні ретінде тіреу тақтасының ішкі қырына салыңыз. Орнату бұрандасын (19) бекітіңіз.
Суыту/майлау құралдары
Металды аралауда қызып кетуі себебінен кесік сызығында суыту немесе майлау құралын сүру керек.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
▶ Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс.
Ара полотносының бекіткішін жүйелі түрде тазалаңыз. Ол үшін ара полотносын электр құралынан алып, электр құралын тегіс жерге жай қағыңыз.
Электр құралының қатты ластануы жұмыс ақаулықтарына алып келуі мүмкін. Сол үшін қатты шаң жасалатын материалдарды төменнен баспен араламаңыз.
Тетенше жұмыс жағдайында мүмкін болғанша шаңсорғышты пайдаланыңыз. Желдеткіш тесікті жиі үрлеп, тазартып, артық токтан сақтайтын қосқышты (PRCD) қосыңыз. Металды өңдеуде ток өткізетін шаң электр құралының ішінде жиналуы мүмкін. Электр құралының оқшаулағышы зақымдалуы мүмкін.
Егер шаң түсуі бітеліп қалса, электр құралын өшіріп, шаңсоруды шешіп, шаң мен жоңқаларды алып қойыңыз. Бағыттаушы дөңгелекті (10) кейде бір тамшы маймен майлаңыз.
Бағыттауыш роликті (10) жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Тозған бөлшекті Bosch қызмет көрсету орталығында алмастыру қажет.
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады.
Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс.
Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі тиіс.
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс:
– Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті;
– Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс;
– Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті;
– Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com
Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сурақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пункттерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан ала аласыз
Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз:
Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады:
- механикалық зақымдардың жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы;
– пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының бар болуы;
– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі;
- біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы.
Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды:
– форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген сынықтар;
– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы.
Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі
туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді:
- табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы);
– қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін
бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның бөліктері;
– электр құралына артық жүктеме түскеннен орын алған ақаулар. (Құралға артық жүктеме түсудің шартсыз белгілеріне мыналар жатады: құбылу түсінің пайда болуы немесе электр құралы бөліктері мен түйіндерінің деформациясы немесе қорытылуы, жоғары температура әсерінен электр қозғалтқышындағы сымдар оқшаулағышының қараюы немесе көмірленуі.)
Кәдеге жарату
Электр құралдарды, жабдықтарды және олардың қаптамаларын қоршаған ортаны қорғайтын кәдеге жарату орнына апару қажет.

Электр құралдарды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Электр және электрондық ескі құралдар бойынша Еуропа 2012/19/EU ережесі және ұлттық заңдарға сәйкес пайдалануға жарамсыз электр құралдары бөлек жиналып, кәдеге жаратылуы қажет.