EPN3300 - Аккумулятор зарядтағыш SAMSUNG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EPN3300 SAMSUNG PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Аккумулятор зарядтағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EPN3300 - SAMSUNG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EPN3300 брендінің SAMSUNG.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EPN3300 SAMSUNG
Маңызды кіріспе Қауіпсіз және дұрыс пайдалануды қамтамасыз ету үшін құрылғыны пайдаланудан бұрын осы нұсқауды оқыңыз.
Кескіндер шынайы өнімнен өзгешелеу болуы мүмкін. Мазмұн ескертусіз өзгертілуі
Сымсыз зарядтағышты пайдаланбас бұрын, оның құрылғыңызбен үйлесімді екендігіне көз жеткізіңіз. Нұсқаушы белгішелер Абайлаңыз: өзіңізге немесе басқаларға жарақат келтіретін жағдайлар Абайлаңыз: құрылғыға немесе басқа жабдықтарға нұқсан келтіретін жағдайлар Хабарлама: жазбалар, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша мәліметтер2
Жұмысты бастау Қораптың ішіндегісі Өнімнің қорабында келесі элементтер бар екенін тексеріңіз:
Жылдам бастау нұсқаулығы
Сымсыз зарядтау қақпақтары бөлек сатылады.
Құрылғымен берілетін элементтер және кез келген қолжетімді керек-жарақтар аймаққа немесе қызмет провайдеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
Жинақпен берілетін элементтер тек осы құрылғыға арналған және басқа құрылғылармен үйлеспеуі мүмкін.
Сыртқы түрлері мен техникалық сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Жергілікті Samsung сатушысынан қосымша керек-жарақтар сатып алуыңызға болады. Сатып алмас бұрын олардың құрылғымен үйлесімді екендігіне көз жеткізіңіз.
Samsung құптаған керек-жарақтары ғана пайдаланыңыз. Құпталмаған керек- жарақтарды пайдалану нәтижесінде кепілдікпен қамтылмайтын өнімділік мәселелері мен ақаулықтар орын алуы мүмкін.
Барлық аксессуарлардың қолжетімділігі толықтай өндіруші компанияларға байланысты өзгешеленуі мүмкін. Қолжетімді керек-жарақтар туралы қосымша ақпаратты Samsung веб-сайтынан қараңыз.Жұмысты бастау
Телефон тірегі Сияқты медициналық құрылғыларға теріс әсер етуі мүмкін магниттер бар. Осы медициналық құрылғылардың бірін пайдаланатын болсаңыз, құрылғыңызды олардан қауіпсіз қашықтықта ұстап, құрылғыны пайдалану алдында дәрігеріңізге хабарласыңыз.4 Сымсыз зарядтағышты
Құрылғыны зарядтау Мобильді құрылғыңызды зарядтау
Тіректі сымсыз зарядтағыштан ажыратып, зарядтағышты сымсыз зарядтағышқа қосыңыз. Зарядтағыш сымсыз зарядтағышқа дұрыс қосылған кезде, индикатор қызыл, жасыл және қызғылт сары түспен жыпылықтайды, содан кейін өшеді. Тек құрылғымен бірге берілген зарядтағыш (9,0 В/1,67 А) пен кабельді қолданыңыз.Сымсыз зарядтағышты пайдалану
Қолдау көрсетілетін мобильді құрылғыны телефон тірегіне қойыңыз.
Сымсыз зарядтау бетіне мобильді құрылғының сымсыз зарядтау катушкасы жанасқан кезде зарядтау процесі басталады.
Зарядтау күйін көру үшін мобильді құрылғының экранында көрсетілген зарядтау белгішесін тексеріңіз.
Жылдам сымсыз зарядтауды бастау үшін жылдам сымсыз зарядтауға қолдау көрсететін мобильді құрылғыны сымсыз зарядтағышқа қойыңыз. Қосымша ақпарат алу үшін мобильді құрылғының пайдаланушы нұсқаулығын қараңыз.
Мобильді құрылғы толықтай зарядталған кезде сымсыз зарядтағыштан алып тастаңыз. Мобильді құрылғыны зарядтау кезіндегі сақтық шаралары
Мобильді құрылғының артқы жағы мен мобильді құрылғының қақпағының арасына кредиттік карта немесе радио-жиілікті идентификация (RFID) картасын (транспорттық карта немесе кілт карта сияқты) қойып, мобильді құрылғыны сымсыз зарядтағышқа қоймаңыз.
Мобильді құрылғы мен сымсыз зарядтағыш арасында металл заттар мен магниттер сияқты өткізгіш материалдар болған кезде, мобильді құрылғыны сымсыз зарядтағышқа қоймаңыз. Мобильді құрылғы дұрыс заряд алмауы немесе қатты қызып кетуі не мобильді құрылғы мен карталар зақымдалуы мүмкін.Сымсыз зарядтағышты пайдалану
Сіздің сатып алған сымсыз зарядтағышыңызға байланысты бөлек зарядтағышты сатып алуыңыз керек болуы мүмкін.
Мобильді құрылғының сымсыз зарядтау катушкасының орналасқан жеріне байланысты мобильді құрылғыңыз дұрыс зарядталмауы мүмкін.
Мобильді құрылғыңызға қалың қап кигізсеңіз сымсыз зарядтағыш дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Егер сіздегі қап қалың болса, оны сымсыз зарядтағышқа мобильді құрылғыңызды қоймас бұрын алыңыз.
Сымсыз зарядталу кезінде мобильді құрылғыңызға зарядтағышты қоссаңыз, сымсыз зарядтау функциясы қолжетімді болмайды.
Егер желі сигналы әлсіз жерлерде сымсыз зарядтағышты қолдансаңыз, желі қабылдауын жоғалтып алуыңыз мүмкін.
Сымсыз зарядтау кезінде Qi сымсыз зарядтағышы шу шығаруы мүмкін.
Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз. Зарядтағыштың қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуат ысырабын болдырмау үшін пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розетка ұясынан ажырату керек. Зарядтау кезінде зарядтағыш электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы керек.Сымсыз зарядтағышты пайдалану
Телефон тірегі тік күйде мобильді құрылғыңызды зарядтау
Тіректі сымсыз зарядтағыштан ажыратып, зарядтағышты сымсыз зарядтағышқа қосыңыз. Тіректі артқы панельдің астыңғы жағындағы бос орынға енгізіңіз де,
бөлігін баса отырып, оны төмен итеріңіз.
3Сымсыз зарядтағышты пайдалану
Қолдау көрсетілетін мобильді құрылғыны телефон тірегіне қойыңыз.
Мобильді құрылғы толықтай зарядталған кезде сымсыз зарядтағыштан алып тастаңыз. Galaxy Buds құлаққабын зарядтау Құрылғыда екі кіріктірілген зарядтау катушкасы бар. Сымсыз зарядтағышты пайдаланып, Galaxy Buds құлаққабын зарядтауға болады. Зарядтау катушкасы Galaxy Buds құлаққабындағы сымсыз зарядтау катушкасымен жанасқан кезде зарядтау процесі басталады.Сымсыз зарядтағышты пайдалану
Индикатор шамының идентификациясы Индикатор жарығы сымсыз зарядтағыштың күйін көрсетеді.
Электр розеткасына қосқан кезде
Толығымен зарядталған кезде Қызыл болып жыпылықтайды
Жалпы қателіктен болып дұрыс зарядталмағанда
Мобильді құрылғыны сымсыз зарядтағыштан алған немесе сымсыз зарядтағыш қуат розеткасына жалғанбаған кезде
Индикатор жарығы сипатталғандай жұмыс істемесе, сымсыз зарядтағыштан зарядтағышты ажыратып, қайтадан қосыңыз.
Мобильді құрылғыға немесе сымсыз зарядтағыш қақпағына байланысты индикатор шамы әртүрлі жұмыс істеуі мүмкін.10
Авторлық құқық Copyright © 2020 Samsung Electronics Co., Ltd. Бұл нұсқаулық халықаралық авторлық құқық туралы заңдар бойынша қорғалған. Бұл нұсқаулықтың ешбір бөлігін кез келген түрде немесе кез келген әдіспен (электрондық не механикалық), соның ішінде, фотокөшіру, жазу немесе кез келген ақпараттық қоймада және шығарып алу жүйесінде сақтау арқылы көшіруге, таратуға, аударуға немесе тасымалдауға
SAMSUNG және SAMSUNG логотипі — Samsung Electronics Co., Ltd. компаниясының тіркелген сауда белгілері.
Барлық басқа сауда белгілері мен авторлық құқықтар олардың тиісті иелерінің меншігі болып табылады.1 English (USA) Read me first Please read this manual before using the device to ensure safe and proper use.
Notice-Facile