EPP3105 - Аккумулятор зарядтағыш SAMSUNG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EPP3105 SAMSUNG PDF форматында.
| Өнім түрі | Сымсыз зарядтағыш |
| Бренд | Samsung |
| Модель | EPP3105 |
| Электрмен қамтамасыз ету (кіріс) | 9,0 В / 1,67 А (USB адаптері жинақта) |
| Қосылым | USB Type-C порты |
| Үйлесімділік | Сымсыз зарядтаумен үйлесімді мобильді құрылғылар мен Galaxy Watch (Gear S2-ден басқа) |
| Негізгі функциялар | Стандартты сымсыз зарядтау, жылдам сымсыз зарядтау, күй индикаторы |
| Жарық индикаторы | Қызыл (зарядтау кезінде), Жасыл (толық зарядталған), Қызыл жыпылықтау (қате), Қызғылт сары жыпылықтау (үйлесімсіз зарядтағыш), Өшіру (алып тастау/ажырату) |
| Желдету | Ішкі желдеткіш (жылдам зарядтау кезінде қаттырақ) |
| Жинақтағы керек-жарақтар | Сымсыз зарядтау станциясы, USB адаптері, USB кабелі, жылдам бастау нұсқаулығы |
| Бөлек сатылатын элементтер | Сымсыз зарядтау қаптары |
| Қорғау | Қызып кетуден қорғау (сақтық шараларында айтылған) |
| Қолдану сақтық шаралары | Құрылғы мен зарядтағыш арасына RFID карталарды немесе металл заттарды қоймау; қалың қаптарды алу; әлсіз желі қабылдау аймағында пайдаланбау |
| Қауіпсіздік | Тек Samsung мақұлдаған керек-жарақтарды пайдалану; ылғалға ұшыратпау |
| Күтім | Зарядтағышты пайдаланбаған кезде ажырату; зарядтау бетін жұмсақ шүберекпен тазалау |
| Ұсынылатын пайдалану | Электр розеткасына жақын, тегіс және тұрақты бетте |
| Желіден қуаттау қажет | Иә (USB адаптері арқылы) |
Жиі қойылатын сұрақтар - EPP3105 SAMSUNG
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы EPP3105 SAMSUNG
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Аккумулятор зарядтағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EPP3105 - SAMSUNG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EPP3105 брендінің SAMSUNG.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EPP3105 SAMSUNG
Жұмысты бастамас бұрын оқыңыз
Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып шығыңыз.
- Суреттер нақты өнімнен ерекшеленуі мүмкін. Мазмүн алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
- Сымсыз зарядтағышты пайдаланудың алдында оның құрылғыңызбен үйлесімді екенін тексеріңіз.
Нускаулық белгішелер

Ескерту: өзіңіздің немесе басқалардың жаракат алуына әкелуі мүмкін жағдайлар

Абайланыз: құрылғыны немесе басқа жабдықты бұзуы мүмкін жағдайлар

Ескерім: ескертулер, пайдалану туралы кецестер немесе қосымша акпарат
Жұмысты бастау
Кораптың ішіндегісі
Өнім қорабында мына заттар бар екенін тексеріңіз:
• Сымсыз зарядтағыш
- USB куат адаптері
- USB кабелі
• Жылдам бастау нускаулығы

• Сымсыз зарядтағыш күндағы бөлек сатылады.
- Кұрылғымен бірге берілген элементтер және кез келген қол жетімді қосалқы құралдар аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
- Берілген элементтер тек осы құрылғыға арналған және басқа құрылғылармен үйлесімді болмауы мүмкін.
- Сыртқы түрі мен сипаттамалары ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
- Косымша косалкы куралдарды жергілікті Samsung сатушысынан сатып алуға болады. Сатып алу алдында олардың кұрылғымен үйлесімді екенін тексеріңіз.
- Tek Samsung рүксат еткен қосалқы құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бекітілмеген қосалқы құралдарды пайдалану кепілдікте қамтылмаған өнімділік мәселелерін және ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
- Косалқы құралдардың қол жетімділігі тек өндіруші компанияларға ғана байланысты болады. Қол жетімді қосалқы құралдар туралы қосымша акпарат Samsung веб-сайтында ұсынылған.
Курылғының сыртқы көрінісі

text_image
Зарядтағыш порт (С түрі) Желдеткіш саңылау Сымсыз зарядтау беті Индикатор шам Индукциялық зарядтау шарғысыСымсыз зарядтағышты пайдалану
Курылғыны зарядтау
1 Зарядтағышты сымсыз зарядтағышка қосыңыз.
Зарядтағыш сымсыз зарядтағышка дұрыс қосылғаннан кейін, индикатор шамы қызыл, жасыл және қызғылт-сары түспен жанады, содан кейін сөнеді.

Samsung компаниясымен мақұлданған және сымсыз зарядтау құрылғыларымен жеткізілетін (9,0 В/1,67 А) зарядтау құрылғыларын қолданыңыз.

2 Қолдау көрсетілетін мобильді құрылғыны немесе Galaxy Watch сымсыз зарядтау бетіне қойыңыз.
- Сымсыз зарядтау беті Galaxy Watch немесе мобильді кұрылғының сымсыз индукциялық зарядтау шарғысымен түйіскенде зарядтау басталады.
- Galaxy Watch немесе мобильді кұрылғы экранында зарядтау күйі туралы хабарлайтын зарядтау белгішесінің бар екенін тексеріңіз.
- Сымсыз зарядтауды бастау үшін, жылдам сымсыз зарядтауға қолдау көрсететін мобильді құрылғыны сымсыз зарядтағышка салыңыз. Қосымша ақпаратты мобильді құрылғының пайдаланушы нусқаулығынан қараңыз.

3 Galaxy Watch немесе мобильді құрылғы толығымен зарядталған болса, Galaxy Watch немесе мобильді құрылғыны сымсыз зарядтағыштан алып тастаңыз.

Galaxy Watch немесе мобильді кұрылғыны зарядтаудың сақтық шаралары
- Мобильді құрылғыны мобильді құрылғы арты мен мобильді құрылғының, тысының арасында орналасқан кредит картасы немесе радио жиілігін анықтау (RFID) картасы (мысалы, тасымалдау картасы немесе кілт картасы) бар сымсыз зарядтағышка қоймаңыз.
- Металл нысандар және магниттер сияқты өткізгіш материалдар мобильді құрылғы немесе Galaxy Watch мен сымсыз зарядтағыш арасына қойылған жағдайда, мобильді құрылғыны сымсыз зарядтағышка қоймаңыз.
Galaxy Watch немесе мобильді құрылғы дұрыс зарядталмауы, қызып кетуі немесе мобильді құрылғы, Galaxy Watch немесе карталар жұмыс істемеуі мүмкін.

- Сатып алынған сымсыз зарядтағышка байланысты тағы да бір зарядтағышты сатып алу қажет болуы мүмкін.
- Galaxy Watch немесе мобильді құрылғының сымсыз индукциялық зарядтау шарғысының орнына байланысты Galaxy Watch немесе мобильді құрылғы дұрыс жұмысістемеуі мүмкін.
- Егер мобильді құрылғыға қалың құндақ бекітілген болса, сымсыз зарядтағыш дұрыс жұмыс істемеуі мұмкін. Егер құндақ қалың болса, мобильді құрылғыны сымсыз зарядтағышқа қояр алдында, оны алып тастаңыз.
- Сымсыз зарядтау кезінде зарядтағышты мобильді құрылғыға жалғасаңыз, сымсыз зарядтау функциясы қол жетімді болмайды.
- Сымсыз зарядтағыш желі сигналы төмен болатын жерлерде қолданылған кезде, желі қосылымы ажырауы мүмкін.
- Сымсыз зарядтағыштың ішіндегі желдеткіш жылдам сымсыз зарядтау кезінде шуыл шығаруы мүмкін. Сымсыз жылдам зарядтау функциясын сөндірген жағдайда, желдеткіштің шуылы азаяды. Сымсыз жылдам зарядтау функциясын қалай сөндіруге болатынын анықтау үшін мобильді құрылғыны пайдалану нұсқаулығын оқып шығыңыз.
- Galaxy Watch құрылғысы мен екі байланыс таспасы сымсыз зарядтау бетіне қойылса, Galaxy Watch құрылғысы зарядталмауы мүмкін, себебі индукциялық зарядтау шарғысы Galaxy Watch құрылғысының сымсыз индукциялық зарядтау шарғысымен байланыска түспейді.
- Gear S2 кұрылғысында сымсыз зарядтауға қолдау көрсетілмейді.
- Куатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде зарядтағышты желіден ажыратыңыз. Зарядтағыштың куат қосқышы жок, сондықтан куат ысырабын болдырмау үшін, пайдаланбаған кезде зарядтағышты электр розеткасынан ажырату керек. Зарядтау кезінде зарядтағыш электр розетка ұсына жақын және оңай қол жетімді болуы керек.
Индикатор шамының көрсеткіштері
Индикатор шамы сымсыз зарядтағыштың күйі туралы хабарлайды.
| Түс Күй | |
| Қызыл → Жасыл→ Қызғылт-сары | Электр розеткасына қосқан кезде |
| Қызыл | Зарядтап жатқанда |
| Жасыл | Толығымен зарядталғанда |
| Қызыл түспенжыпылықтайды | Жалпы қатеге байланысты дұрыс зарядталып жатпағанда |
| Қызғылт-сары түспенжыпылықтайды | Қолдау көрсетілмейтін зарядтағышқа қосылған кезде |
| Өшірулі | Galaxy Watch немесе мобильді құрылғыны сымсыззарядтағыштан ажыратқан кезде немесе сымсыз зарядтағышэлектр розеткасына қосылмаған кезде |

- Индикатор шамы сипатталғандай жұмыс істемесе, зарядтағышты сымсыз зарядтағыштан ажыратып, қайта жалғаңыз.
- Индикатор шамы мобильді кұрылғыға, Galaxy Watch немесе сымсыз зарядтау қакпағына байланысты басқаша жұмыс істеуі мүмкін.
EAC
Авторлық құқық
Бүл нүсқаулық халықаралық авторлық құқықтар туралы заңдармен қорғалған.
Бүл нұсқаулықтың ешбір бөлігін кез келген түрде немесе кез келген әдіс, электрондық немесе механикалық, соның ішінде, фотокөшіру, жазу немесе кез келген ақпараттық қоймада және шығарып алу жүйесінде сақтау арқылы көшіруге, таратуға, аударуға немесе тасымалдауға болмайды.
Сауда белгілері
- SAMSUNG және SAMSUNG логотипі — Samsung Electronics компаниясының тіркелген сауда белгілері.
- Барлық басқа сауда белгілері және авторлық құқықтар тиісті иелерінің меншігі болып табылады.