EP-PA510 - Аккумулятор зарядтағыш SAMSUNG - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз EP-PA510 SAMSUNG PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Аккумулятор зарядтағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз EP-PA510 - SAMSUNG және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. EP-PA510 брендінің SAMSUNG.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ EP-PA510 SAMSUNG
Жұмысты бастамас бұрын
Қауіпсіз әрі дұрыс пайдалану үшін құрылғыны пайдаланбас бұрын осы нұсқаулықты оқып
Сипаттамалар әдепкі құрылғының параметрлеріне негізделген.
Суреттердің сыртқы түрі нақты өнімнен ерекшеленуі мүмкін. Мазмұн алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Осы нұсқаулықтың мазмұны EP-PA510 үлгісіне негізделген. Нұсқаулық белгішелер Ескерту: өзіңіздің немесе басқалардың жарақат алуына әкелуі мүмкін жағдайлар Абайлаңыз: құрылғыны немесе басқа жабдықты зақымдауы мүмкін жағдайлар Ескерім: ескертулер, пайдалану туралы кеңестер немесе қосымша ақпарат
Жұмысты бастау Орама құрамы Өнім қорабында мына заттар бар екенін тексеріңіз:
Жылдам бастау нұсқаулығы
Сымсыз зарядтау қақпағы және сапарға арналған адаптері бөлек сатылады.
Құрылғымен бірге берілген элементтер және кез келген қол жетімді қосалқы құралдар аймаққа немесе қызмет көрсетушіге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
Берілген элементтер тек осы құрылғыға арналған және басқа құрылғылармен үйлесімді болмауы мүмкін.
Сыртқы түрі және сипаттамалар ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Қосымша қосалқы құралдарды жергілікті Samsung сатушысынан сатып алуға болады. Сатып алу алдында олардың құрылғымен үйлесімді екенін тексеріңіз.
Тек Samsung рұқсат еткен қосалқы құралдарды ғана пайдаланыңыз. Бекітілмеген қосалқы құралдарды пайдалану кепілдікте қамтылмаған өнімділік мәселелерін және ақаулықтарды тудыруы мүмкін.
Қосалқы құралдардың қол жетімділігі тек өндіруші компанияларға ғана байланысты болады. Қол жетімді қосалқы құралдар туралы қосымша ақпарат, Samsung веб-сайтында ұсынылған. Құрылғының сыртқы көрінісі Сымсыз зарядтау
Құрылғыны пайдалану Сымсыз зарядтағышты пайдалану
Сымсыз зарядтағышты және сапарға арналған адаптерді зарядтау кабелімен жалғап, сапарға арналған адаптерді розеткаға қосыңыз.Сымсыз зарядтағыш розеткаға қосылғанда индикатор шам көктен жасылға, көгілдірге дейін жыпылықтайды, содан кейін өшеді.Тек Samsung бекіткен сапарға арналған адаптерлерін (5 V/2 A) пайдаланыңыз. Рұқсат етілмеген сапарға арналған адаптерлер зақым тигізуі мүмкін немесе сымсыз зарядтағыш дұрыс емес жұмыс істеуі мүмкін.
3Құрылғыны пайдалану
Қолдау көрсетілетін мобильді құрылғыны зарядтау бетінің ортасына қойыңыз. Сымсыз зарядтағыш қақпағын тек сымсыз зарядтағышқа қоймаңыз. Бұлай істеу сымсыз зарядтағыштың қызып кетуіне және өртке әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, бұл ауыр күйікке немесе құрылғы ақаулығына әкелуі мүмкін.
Мобильді құрылғы толығымен зарядталған болса, сымсыз зарядтағыштан ажыратыңыз. Металл нысандар, магниттер және магнит жолағы бар карталар сияқты бөгде заттарды зарядталатын мобильді құрылғы мен сымсыз зарядтағыштың арасына салмаңыз. Мобильді құрылғы тиісті түрде зарядталмауы мүмкін немесе қызып кетуі салдарынан бұзылуы мүмкін.
Экранда көрсетілген зарядтау белгішесін пайдаланып мобильді құрылғының батарея күйін тексеріңіз.
Мобильді құрылғы, зарядтағыштың беткі қабатында дұрыс орналаспаған кезде немесе мобильді құрылғыны сымсыз зарядтау үшін орауыштың күйіне байланысты, тиісті түрде зарядталмауы мүмкін.
Зарядтағыш желі сигналы төмен болатын жерлерде қолданылған кезде, желі қосылымы ажырауы мүмкін.
Сымсыз зарядтау кезінде сапарға арналған адаптерді мобильді құрылғыға жалғасаңыз, сымсыз зарядтау функциясы қол жетімді емес болады.
Сымсыз зарядтағыш WPC куәліктендірілген құрылғылармен үйлесімді.
Қуатты үнемдеу үшін пайдаланылмаған кезде сапарға арналған адаптерді желіден ажыратыңыз. Сапарға арналған адаптердің қуат қосқышы жоқ, сондықтан қуатты ысыраптауды болдырмау үшін пайдаланбаған кезде сапарға арналған адаптерді электр розетка ұясынан ажырату керек. Зарядтау кезінде сапарға арналған адаптері электр розетка ұясына жақын және оңай қол жетімді болуы керек.
4Құрылғыны пайдалану
Индикатор шамының хабарландырулары Құрылғының зарядтау күйін хабарлау шамы арқылы тексеруге болады.
Розеткаға қосқанда Көк Зарядтап жатқанда Жасыл Толығымен зарядталғанда
Сапарға арналған адаптермен зарядтап жатқанда (5 V/2 A мәндерінен азырақ)
Жалпы қатеге байланысты дұрыс зарядталып жатпағанда Өшірулі Бос режимде
Индикатор шам дұрыс жұмыс істемей жатса, сапарға арналған адаптерді сымсыз зарядтағышқа қайта жалғаңыз.
Индикатор шамның түсі мобильді құрылғыға немесе сымсыз зарядтау қақпағына байланысты өзгеріп отыруы мүмкін.
5Сәйкестікті растау Өнім мәліметтері Төмендегі үшін Өнім : СЫМСЫЗ ЗАРЯДТАҒЫШ Үлгі(лер) : EP-PA510 Мәлімдеме және тиісті стандарттар [Біз осымен жоғарыдағы өнім R&TTE директивасының (1999/5/EO):] EN 301 489-1 V1.9.2 EN 300 330-1 V1.8.1 EN 62311 : 2008 EN 60950-1 : 2006 + A11 : 2009 + A1 : 2010 + A12 : 2011 + A2 : 2013 EN 301 489-3 V1.6.1 EN 300 330-2 V1.6.1 және белгілі бір қауіпті заттарды электр және электрондық жабдықта пайдалануды шектеу туралы директиваның (2011/65/EU) негізгі талаптарына сәйкес екенін мәлімдейміз (EN 50581:2012 стандартын қолдана отырып). Еуропалық Одақтағы өкіл Samsung Electronics Euro QA Lab. (CE БЕЛГІСІНЕ Blackbushe Business Park ЖАЛҒАУ ҚОСУ Saxony Way, Yateley, Hampshire БАСТАЛҒАН ЖЫЛ – 2015) GU46 6GG, UK 18 қыркүйек 2015 ж. Stephen Colclough / ЕО өкілі (берілген орны және күні) (өкілетті тұлғаның аты-жөні мен қолтаңбасы)
- Бұл Samsung Қызмет орталығының мекен-жайы болып табылмайды. Samsung Қызмет орталығының мекен-жайын немесе телефон нөмірін табу үшін кепілдік картасын қараңыз немесе телефоныңызды сатып алған сатушымен хабарласыңыз.
6Авторлық құқық Copyright © 2015 Samsung Electronics Бұл нұсқаулық халықаралық авторлық құқықтар туралы заңдармен қорғалған. Samsung Electronics компаниясының алдын ала жазбаша рұқсатынсыз, бұл нұсқаулықтың ешбір бөлігін кез келген түрде немесе кез келген әдіс, электрондық немесе механикалық, соның ішінде, фотокөшіру, жазу немесе кез келген ақпараттық қоймада және шығарып алу жүйесінде сақтау арқылы көшіруге, таратуға, аударуға немесе тасымалдауға болмайды. Сауда белгілері
SAMSUNG және SAMSUNG логотипі — Samsung Electronics компаниясының тіркелген сауда белгілері.
Барлық басқа сауда белгілері және авторлық құқықтар сәйкес иелерінің меншігі болып
Notice-Facile