CFVCB331 - Батарея зарядтағышы PANASONIC - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз CFVCB331 PANASONIC PDF форматында.
| Бренд | Panasonic |
| Модель | CFVCB331 |
| Өнім түрі | Panasonic ноутбук батареяларына арналған зарядтағыш |
| Өлшемдері (Ұ × Б × Т) | 192 мм × 169 мм × 84 мм |
| Салмағы | Шамамен 0,7 кг |
| Қоректендіру | CF-AA5713A желілік адаптері: кіріс 100-240 В айнымалы ток, 50/60 Гц; шығыс 15,6 В тұрақты ток, 7,05 А |
| Үйлесімді батареялар | CF-VZSU1A және CF-VZSU1B сериялары |
| Зарядтау уақыты (CF-VZSU1A) | Шамамен 2 сағат |
| Зарядтау уақыты (CF-VZSU1B) | Шамамен 4 сағат |
| Жеткізу жиынтығы | Зарядтағыш, CF-AA5713A желілік адаптері, желілік кабель, пайдалану нұсқаулығы |
| Пайдалану сақтық шаралары | Тек көрсетілген батареялармен пайдаланыңыз; басқа адаптерді қолданбаңыз; кабельдің зақымдануын болдырмаңыз; найзағай кезінде ажыратыңыз; шаңды үнемі тазалаңыз |
| Күтім және тазалау | Адаптерді және батареяны ажыратыңыз, зарядтағышты аударып, құрғақ шүберекпен қосқыштардағы шаңды кетіріңіз |
| Қауіпсіздік | Қосқыштарға тимеңіз; тасымалдау алдында батареяны алыңыз; соққыға ұшыратпаңыз; ақаулық жағдайда дереу тоқтатыңыз |
| Жалпы ақпарат | ЕО директиваларына сәйкес келеді; электронды қалдықтарды бөлек жою |
Жиі қойылатын сұрақтар - CFVCB331 PANASONIC
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы CFVCB331 PANASONIC
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Батарея зарядтағышы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз CFVCB331 - PANASONIC және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. CFVCB331 брендінің PANASONIC.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ CFVCB331 PANASONIC
Моделі CF-VCB331* "Panasonic" зарядтау құрылғысы
мұндағы «*» — жеткізу елін білдіретін әріптер жиынтығы немесе бос орын
| Сертификаттау жөніндегі орган / Атқарушы өкіметтің Федералдық Ўйымы | ТЕСТБЭТ СО 119334, Мәскеу, Андреев жағалауы, 2 үй |
| Сәйкестену сертификаты / декларация: No TC RU C-JP.ME10.B04468 | |
| Берілген және регистрация күні: 17.04.2017 | |
| Жарамдылық мерзімі: 16.04.2022 | |

Өндіруші:
Panasonic Corporation 1006, Oaza Kadoma, Kadoma-shi, Osaka, 571-8501, Japan Панасоник Корпорэйшн 1006, Оаза Кадома, Кадома-Ши, Осака 571-8501, Жапония
Тайванда жасалған
Тайванда жасалған
Импорттаушы
«Панасоник Рус» ЖШК, РФ, 115191, Мәскеу к., Большая Тульская к-сі, 11 үй, 3 қабат. Тел. 8-800-200-21-00
Ескерту:
Өндірілген күнін бұйымда орналасқан сериялық нөмірі бойынша анықтауға болады Нөмір: XXxxx
ай: А - қаңтар, В - ақпан, ....L - желтоқсан жыл: 6 - 2016, 7 - 2017...
Бұл бұйымның қызмет көрсету мерзімі өндірушімен белгіленеді, өндіру уақытынан бастан 7 жылға тең, бұйым қатаң түрде пайдалану нұсқаулығы мен қолданылатын техникалық стандарттарға сәйкес жасалған болса.
Сақтау ережелері мен шарттары: жабық және құрғақ жерде сақтау керек.

Тасымалдау ережелері мен шарттары: қаптама сыртында және пайдалану нұсқаулығында көрсетілген.
Пайдалану мен кәдеге жарату шарттары мен ережелері: өндірушімен бекітілмеген және тауарды пайдаланатын мемлекеттің ұлттық және/немесе жергілікті заңдарына сәйкес болуы керек.
Қазақстан Республикасының аумағында өнім сапасы бойынша шағымдарды қабылдауға уәкілетті ұйым:
Панасоник Маркетинг ТМД АҚ өкілдігі, Қазақстан, 050010, Алматы қ., Достық даңғылы, 192, 3-ші қабат
Panasonic ақпараттық орталығы:
+7 (727) 330-88-07 – Алматы қ. мен Қырғызстаннан қоңырау шалу үшін.
8-800-0-809-809 – Қазақстан аумағында жергілікті ұялы байланыс пен қалалық операторлардан тегін қоңырау шалу.
Зарядтау құрылғысы Panasonic компьютерлер сериясына арналған батарея блогын зарядтауға арналған. Пайдалану алдында осы ҚОЛДАНУ НҰСҚАУЛАРЫ және компьютердің ҚОЛДАНУ НҰСҚАУЛАРЫ және
Operating Instructions - Reference Manual оқып шығыңыз.
● Керек-жарақтар
ҚОЛДАНУ НҰСҚАУЛАРЫ (Осы кітап) ...... 1
: Компьютердің дисплейіндегі нұсқаулықтарға сілтеме.
- Кейбір суреттер сіздің түсінуіңізді жеңілдету үшін жай көрсетілген және нақтылы құрылғыдан өзгеше болуы мүмкін.
Сақтық шаралары
- Бұл өнімді басқа емес, тек көрсетілген батарея блогын зарядтау үшін пайдаланыңыз
Электролит ағуы, жылу пайда болуы немесе жарылыс болуы мүмкін.
- Бұл өніммен тек оған арналған АС адаптерін қолданыңыз
Бірге берілген адаптерден (құрылғымен бірге берілетін немесе керек-жарак ретінде бөлек сатылатын) басқа АС адаптерін пайдалану өрт шығуына әкелуі мүмкін.
- Айнымалы ток кабелін, штепселдік ашаны немесе айнымалы ток адаптерін зақымдай алатын әрекет жасамаңыз
Кабельдің зақымдануын немесе түрленуін болдырмаңыз, ыстық құралдардың жанына қоймаңыз, имеңіз, бұрамаңыз немесе күштеп тартқыламаңыз, үстіне ауыр заттарды қоймаңыз немесе қатты буып байламаңыз.
Зақымданған кабельді қолдануды жалғастыру өртке, токтың қысқа тұйықталуына немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
Зақымдалған ауыспалы ток сымын, ауыспалы ток айырын немесе ауыспалы ток адаптерін пайдаланбаңыз.
Жөндеу үшін техникалық қолдау орталығына хабарласыңыз
- Айнымалы ток адаптерін стандартты тұрмыстық розеткадан басқа қорек көзіне қоспаңыз. Өйтпесе, қызып кету салдарынан өрттің пайда болуы ықтимал. Түзеткішке қосу (inverter) айнымалы ток адаптерін зақымдауы мүмкін. Ұшақ ішінде, айнымалы ток адаптерін/толықтырғышын тек сол мақсатқа арналған айнымалы ток розеткасына жалғаңыз.
- Қолыңыз ылғал болған жағдайда, штепсельді ашаны тартпаңыз және жалғамаңыз. Электр тогының соғуы ықтимал.
- Айнымалы ток кабелімен немесе кез келген басқа кабельдермен жалғанған болса, бұл өнімге найзағай кезінде тимеңіз
Электр тогының соғуы ықтимал.
- Штепсельді ашаны шаң және басқа қоқымнан жүйелі түрде тазалаңыз
Штепсельді ашада шаң немесе басқа қоқымның, ылғалдың жиналуы және т.б. изоляциясының зақымдануына әкеледі, бұл өз кезегінде өртке әкелуі мүмкін.
- Штепсельді ашаны алып тастаңыз және құрғақ шүберекпен сүртіңіз. Компьютерді ұзақ уақыт бойы қолданбайтын болсаңыз, штепсельді ашаны алып тастаңыз.
- Штепсельді ашаны розеткаға ТОЛЫҚ ТЫҒЫҢЫЗ
Егер штепсельді аша толық кірістірілмеген болса, онда қызып кету немесе электр тогының соғуы нәтижесінде өрт пайда болуы мүмкін.
- Зақымданған штепсельді ашаны немесе босап кеткен айнымалы ток розеткасын қолданбаңыз.
- Компьютерді штепсельді аша жалғаулы кезде орнынан қозғамаңыз.
Қорек кабелі зақымданып, өртке немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
- Қорек кабелі зақымданған болса, штепсельді ашаны лезде суырып тастаңыз.
- Айнымалы ток адаптерінің қатты соққы алуын болдырмаңыз.
Айнымалы ток адаптерін қатты соққыдан соң (мысалы, түсіріп алу) қолдана беру электр тогының соғуына, қысқа тұйықталу немесе өртке әкелуі мүмкін.
- Айнымалы ток ашасын ажыратқан кезде ашаны ұстап тұрыңыз.
Сымды тартқан кезде сым зақымдалып, өрт шығып немесе электр тогынан зақымдану мүмкін.
- Егер ақаулық немесе кері жағдай орын алса, пайдалануды дереу тоқтатыңыз.
Егер төмендегі ақаулар орын алса, компьютерді айнымалы ток көзінен лезде ажыратыңыз және батареялар блогын алып тастаңыз.
• компьютер зақымдануы - компьютердің ішкі бөлігіндегі бөгде зат • түтіннің шығуы • ерекше иістің пайда болуы - күнделіктіден жоғары ыстық болуы Компьютерді аталған жағдайларда қолдануды жалғастыра беру өрттің пайда болуына немесе электр тогының соғуына әкелуі мүмкін.
- Ақаулық пайда болған жағдайда, қоректі сөндіріңіз және айнымалы ток көзінен ажыратыңыз, сосын батареялар блогын алып тастаңыз. Содан кейін, жөндеу үшін техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Сақ болыңыз.
- Батарея блогын тегіс, тұрақты бетте орнатыңыз немесе алыңыз.
- Зарядтау құрылғысын тасымалдау алдында батареяны алыңыз. Зарядтау құрылғысын алып жүргенде батарея блогы түсіп қалуы мүмкін.
- Зарядтау құрылғысының жалғағыштарына тимеңіз, өйткені бұл жалғағыштарды зақымдауы немесе оларға шаң өткізіп, ақаулық тудыруы мүмкін.
- АС адаптерін дұрыс пайдалану туралы ақпаратты компьютермен бірге келген «Пайдалану туралы нұсқаулар» құжатынан қараңыз.
- Жалғағыштарда шаң немесе кір жиналса, АС адаптерін және батарея блогын ажыратыңыз, зарядтау құрылғысын аударыңыз, сөйтіп шаң мен кірді кетіріңіз. Жиналған шаң ақаулар тудыруы және зарядтаудың сәтті орындалуына кедергі келтіруі мүмкін. Шаңды жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Зарядтау құрылғысын түсіріп алмаңыз немесе оған қатты соққылар тигізбеңіз.

- Көрсетілген батарея блогы
| Батарея блогы Зарядтау уақыты* | 1 |
| CF-VZSU1A сериясы Шамамен | 2 сағат |
| CF-VZSU1B сериясы Шамамен | 4 сағат |
*1 Жоғарыда берілген зарядтау уақыттары батареялар санына қарамастан қолданылады.
Техникалық сипаттама
| Элемент Сипаттамасы | |
| Корек көзі АС адаптері | |
| АС адаптері*2 | Кіру: 100 В - 240 В айнымалы ток, 50 Гц / 60 Гц,шығыс: 15,6 В тұрақты ток, 7,05 А[Көрсетілгеннен басқа АС адаптерін пайдаланбаңыз(№ моделі CF-AA5713A).] |
| өлшемдер (Е × Б × Т) | Шамамен 192 мм × 169 мм × 84 мм |
| Салмағы Шамамен 0,7 кг | |
Ауыспалы ток адаптері, 240 В дейінгі АТ адаптері қуат көздерімен үйлесімді. Бұл зарядтау құрылғысы 125 В АТ үйлесімді АС сымымен жабдықталған.
*2 <Солтүстік Америка үшін ғана>