Sonicare DiamondClean Smart 9400 HX9917 - Электр тіс щеткасы PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Sonicare DiamondClean Smart 9400 HX9917 PHILIPS PDF форматында.
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Sonicare DiamondClean Smart 9400 HX9917 PHILIPS
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Электр тіс щеткасы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Sonicare DiamondClean Smart 9400 HX9917 - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Sonicare DiamondClean Smart 9400 HX9917 брендінің PHILIPS.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Sonicare DiamondClean Smart 9400 HX9917 PHILIPS
BrushSync технологиясы

BrushSync технологиясы иштетет:
Philips Sonicare отбасына қош келдіңіз!
Бүл тіс щеткасы тіс өңезін жақсы кетіруге, тісті ағартуға және қызыл иекті сау қалпында ұстан тұруға мүмкіндік береді. Sonicare жұмсақ дыбыстық технологиясы мен клиникалық түрде әзірленіп дәлелденген
мүмкіндіктер тіркесімен пайдалану арқылы кез келген уақытта ең үздік тазалыққа қол жеткізгеніңізге сенімді бола аласыз.
Косымша қолдау мен өнімді тіркеу қызметтері келесі торапта қолжетімді: www.philips.com/support
Маңызды қауіпсіздік ақпараты
Өнімді тек арнайы мақсатына пайдаланыңыз. Өнімді және оның батареялары мен аксессуарларын қолданбас бұрын осы маңызды ақпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз. Дұрыс пайдаланбау қауінтерге немесе ауыр жаракаттарға әкелуі мүмкін.
Ескертулер
- Зарядтағыштарды судан алшак ұстаңыз.
- Тазалаудан кейін USB зарядтағышын қоспай тұрып, зарядтағыштардың толық құрғақтығын тексеріңіз.
- Бүл құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулар беріліп, басқа біреу қадағалаған және құралды пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер түсіндірілген жағдайда, осы құралды балалар және физикалық мүмкіндігі мен ойлау, сезу қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады. Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету қызметтерін бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.
- Балалар кұрылғымен ойнамауы керек.
-
Тек түпнұсқалы Philips аксессуарларын немесе тұтынылатын заттарын пайдаланыңыз. Өніммен берілген зарядтағышты ғана пайдаланыңыз. Қамтамасыз етілсе, тек түпнұсқа USB кабелі мен USB қуат көзі құрылғысын пайдаланыңыз.
-
Бул кұрылғыда пайдаланушы қызмет көрсететін бөлшектер жок. Кұрылғы зақымдалған болса, оны пайдалануды тоқтатып, еліңіздегі тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз. Электр сымы зақымдалса, зарядтағышты жаңасымен ауыстырыңыз.
- Зарядтағыштарды далада немесе қызған беттердің жанында пайдаланбаңыз.
- Өнімнің ешбір бөлігін ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.
- Бул кұрылғы тек тістер, қызыл иектер мен тілді тазалауға арналған.
- Кылшыктары жаншылған немесе майыскан щетка басын қолданбаңыз. Щетка басын 3 ай сайын немесе тозу белгілері байқалса, одан да ертерек ауыстырыңыз.
- Кұрамында эфирлік май немесе кокос майы бар өнімдерді тікелей ұстауға болмайды. Байланыс қылшықтардың бөлінуіне әкелуі мүмкін.
- Пайдаланғаннан кейін көп қан ақса, 1 апта пайдаланғаннан кейін де тістің қанауы токтамаса немесе қолайсыздық, немесе ауырсыну сезілсе, құрылғы қолданысын токтатып, тіс дәрігеріне хабарласыңыз.
- Осы құрылғыны қолданар алдында, егер сіз 2 ай шамасында жақ сүйекке, бетіңізге немесе тіс етіне операция жасаған болсаңыз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- Егер сізде кардиостимулятор немесе баска импланттык құрылғы болса, пайдаланар алдында дәрігеріңізге немесе импланттык құрылғының өндірушісіне хабарласыңыз.
- Егер сізде медициналык проблемалар болса, осы күралды пайдаланар алдында дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
- Бул кұрылғы — жеке күтім кұрылғысы және стоматологиялық жұмыста немесе мекемеде көп емделушілерге қолдануға арналмаған.
Батареяның қауіпсіздік нұсқаулары
- Бүл құрылғыда тек білікті адамдар шығара алатын батареялар бар
- Өнімді тек арнайы мақсатына пайдаланыңыз. Өнімді және оның батареялары мен аксессуарларын қолданбас бұрын, осы акқаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз. Дұрыс пайдаланбау қауінтерге немесе ауыр жақақаттарға әкелуі мұмкін. Қамтамасыз етілген аксессуарлар әртүрлі өнімдер үшін өзгеше болуы мұмкін.
- Тек түпнұсқа Philips аксессуарларын және тұтынушылық заттарын пайдаланыңыз. СВАуууу, ТСАххх немесе WAАххх алынбалы қуат көзін ғана пайдаланыңыз.
- Өнім мен батареяларды өрттен сақтаңыз және тікелей күн сәулесі немесе жоғары температура әсеріне ұшыратуға болмайды.
- Өнім қатты қызып кетсе немесе иіс шықса, түсі өзгерсе немесе зарядтау бұрынғыдан да үзак ұақыт алса, өнімді пайдалану мен зарядтауды токтатып, Philips компаниясына хабарласыңыз.
- Өнімдерді және батареяларын микротолқынды пештерге немесе индукциялық, плитаға салуға болмайды.
- Батареяларды қызудан немесе улы не қауіпті заттардың шығуынан қорғау үшін өнімді немесе батареяны ашуға, өзгертуге, тесуге, зақымдауға немесе бөлшектеуге болмайды. Батареяларды қыска түйықтауға, артық зарядтауға немесе кері күйде зарядтауға болмайды.
- Бул күралда ауыстырылмайтын батареялар бар. Батареяны пайдалану мерзімі біткен сон, кұрылғыны тиісінше қайта өндеу керек, «Қайта өндеу» бөлімін қараңыз.
- Батареялар закымдалса немесе кемісе, теріге немесе көзге тигізбеңіз. Осы орын алса, бірден сумен жақсылап шайып, медициналық көмекке жүгініңіз.
- Батареяларды қолданған кезде қолыңыз, өнім және батареялар құрған екендігіне көз жеткізіңіз.
- Батареяларды алғаннан кейін кездейсок қыска түйықталуын болдырмау үшін батарея клеммаларының металл нысанмен (мысалы, тиындар, қыстырғыштар, сақиналар) байланысуына мүмкіндік бермеңіз. Батареяларды алюминий жұқалтырға орамаңыз. Қоқыска тастау алдында батарея клеммаларын ораңыз немесе батареяларды пластик қалтаға салыңыз.
- Онімді 0°C – 40°C аралығында зарядтаңыз және пайдаланыңыз.
Сақтау және тасымалдау шарттары
Температура: -10 °C – 60 °C.
Бүл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.
Радио жабдығының директивасы
Осы кужатта Philips компаниясы радио жабдығы түрі (Bluetooth, NFC) бар электр тіс щеткалары 2014/53/EU директивасына сәйкес екендігін мәлімдейді.
- Колданыстағы өнімдердегі Bluetooth радиожиілік интерфейсі 2,4 GHz жиілікте жұмыс істейді.
- Bluetooth кұрылғысының ең жоғары шығыс куаты: 3 dBm.
- Колданыстағы өнімдердегі NFC радиожилік интерфейсі 13,56 MHz жиілікте жұмыс істейді.
- Кұрылғы таратқан ең жоғары РЖ қуаты: 30,16 dBm. ЕО сәйкестік мәлімдемесінің толық мәтінін төмендегі интернет бетінен алуға болады:
Ескертпе: Әр түрлі модельдердің мүмкіндіктері әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір модельдер Bluetooth немесе NFC функциясымен жабдықталмауы мүмкін.
Максатты пайдалану
Sonicare DiamondClean Smart электр тіс щеткалары тістің бұзылуын азайту және ауыз денсаулығын жетілдіріп жүргізу мақсатында тістерден жабыскақ
такта мен тағам қалдығын жоюға арналған. Sonicare DiamondClean Smart электр тіс щеткалары жеке қолдануға арналған. Балалар үнемі ересек адамның қадағалауымен пайдалануы керек.
Philips Sonicare (1-cypet)
1 Can
2 Куатты косу/өшіру түймесі
3 Каркындылық индикаторы
4 Режим/қарқындылық түймесі
5 Режим көрсеткіші
6 Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш
7 Батарея индикаторы
8 Щеткамен тазалау туралы кері байланыс шамы
Аксессуарлар:
9 Щетка саптамасының қақпағы
10 Смарт щетка бас(тар)ын аныктау
11 BrushSync таңбасы
12 Зарядтау шынысы
13 Зарядтау кондырғысы
14 Зарядтайтын кондырма
15 Жол сөмкесін біріктірілген USB сымымен зарядтау
16 USB-А қабырға адаптері
17 Жол калтасы
Ескертпе: Сатып алынған үлгіге байланысты қамтылған аксессуарлар өзгеше болуы мүмкін.
Sonicare қолданбасы - Жұмысты бастау
Sonicare қолданбасы тіс щеткасымен жүптасып, жалғаулы күйінде жұмыс жүргізеді. Тіс щеткасын Sonicare қолданбасына жалғау арқылы келесідей мүмкіндіктерге ие боласыз:
- Щеткамен тазалау барысын бақылаңыз.
- Ауыз куысы денсаулығын жақсарту бойынша жекелендірілген кеңестер мен нақты ұсыныстар алыңыз.
- Толык, артыкшылыктар аукымына өтіп, ағымдағы жаңартуларды алыңыз.
Колданба iPhone және Android™ смартфондарының кең ауқымымен үйлесімді.
Sonicare қолданбасын пайдалануды бастау үшін:
1 Телефоныңызға Sonicare қолданбасын жуктеп алыңыз.
2 Телефоныңыздың Bluetooth функциясы қосылғанын тексеріңіз.
3 Белсенді екенін тексеру үшін тіс щеткасын алыңыз (шамдар қосулы).
4 Колданбаны ашып, кадамдарды орынданыз.
5 Тіс щеткасын қолданбамен жүптастырыңыз.
6 Қолданба арқылы тіркелгі жасаңыз. Ең соңғы жетілдірулер мен мүмкіндіктерге өту үшін микробағдарлама жаңартуын (сұралса) аяқтаңыз.
7 Қолданбаға қосылған тіс щеткасымен жүйелі тазалап отырыңыз. Тіс щеткасын қолданбамен жүйелі синхрондаған кезде, ауыз құысы денсаулығын сақтауды жақсартуға көмектесетін жаңартулар аласыз.
8 Унемі синхронданыз.
9 Деректерді оңтайлы тасымалдау үшін телефонды тіс щеткасына жақын ұстаңыз.
Қолмен синхрондау үшін: қолданбаның мүмкіндіктерін/функцияларын пайдалану үшін тіс щеткасын қолданбамен екі апта сайын жүптастырыңыз/қосыңыз.
Автоматты түрде синхрондау үшін: қолданбаны реттеу кезінде орынға рұқсат беріңіз. Орын рұқсатын беру арқылы телефоныңыз оның тіс щеткасының, байланыс ауқымында болатын уақытты біледі және соңғы түсініктер мен ұсыныстарды қамтамасыз ету үшін қолданбаға щеткамен тазалау деректерін жаңартуы мүмкін.
Ескертпе: Тіс щеткасы щеткамен тазалау деректерін қолданбаға тасымалдасын және жаңартсын десеңіз, қолданбаны пайдаланған кезде, телефоныңыздың Bluetooth функциясы қосылғанын тексеріңіз. Щеткамен тазалау деректерін жинауға байланысты сұрақтарыңыз болса, қолданба параметрлерін орнату процесіндегі Sonicare Қупиялық туралы мәлімдемесін қарап шығыңыз.
Колданба мүмкіндіктері
Sonicare электр тіс щеткасы щеткамен тазалау тәсілдеріңіз туралы кері байланыс беретін смарт датчиктермен жабдыкталған:
- Күнделікті щеткамен тазалау сеанстары
- Әрбір щеткамен тазалау сеансына кеткен уақыт
- Колданылған щеткамен тазалау қысымы
-Жекелендірілген кецестер мен нақты ұсыныстар - Щетка басын ауыстыру туралы еске салғыш (нақты қолданыска байланысты)
Sonicare қолданбасы смарт датчиктер берген деректерді жинайды және уақыт бойынша щеткамен тазалау тәсілдерін бақылайды.
Жумыс жасатуды бастау

1 Щетка басын қылшықтар сабының алдымен бірдей бағытта тұратын етіп туралаңыз.
2 Щетка басын металл білікке қарай токтағанынша басып кіргізіңіз.
Ескертпе: Щетка басы мен сап арасында шамалы аралыктың болуы қалыпты.
Philips Sonicare tíc щеткасын пайдалану
Sonicare tics щеткасын алғаш рет пайдалансаңыз, электр емес tics щеткасын пайдаланудан діріл көбірек сезіледі. Алғашқы кезде пайдаланушылардың тым көп күш қолдануы — қалыпты жағдай. Ақырын күш қолданып, tics щеткасының сіз үшін тазалауына мүмкіндік беріңіз. Ең жақсы тәжірибе үшін төменде берілген щеткамен тазалау нұсқауларын орынданыз. Жаңа Sonicare электр tics щеткасына ауысуға көмектесу үшін алғашқы 1–2 апта ішінде төменгі қарқындылық
параметрін пайдаланыңыз, одан кейін жоғарырақ параметрге ауысыңыз.
Щеткамен тазалау туралы нускаулар

1 Кылшыктарды сулап, тіс пастасының аз ғана мөлшерін жағыңыз.

text_image
45°2 Щетка қылшықтарын аз бұрышпен (45 градус) тіске жақындатыңыз. Қылшықтарды қызыл иекке немесе қызыл иектің астына жеткізу үшін мықтап басыңыз.
Ескертпе: Щетканың ортасы әрқашан тіске тиіп түруы керек.

3 Philips Sonicare құрылғысын қосу үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз.

4 Тіс пен қызыл иекте орналасқан қылшықтарды ұстаңыз. Қылшықтар тіс арасына жетуі үшін әрі- бері ақырын қозғалтып тісті жуыңыз. Осылай щеткамен тазалау барысында жылжытып отырыңыз.
Ескертпе: Кылшыктар жаркырауы кажет. Колмен реттелетін тіс щеткасымен қырған дұрыс емес.
Ескертпе: Тым көп қысым салсаңыз, саптағы діріл өзгерісінен және щеткамен тазалау кері байланысының шамы күлгін түспен жыпылықтауынан білесіз.

5 Алдыңғы тістердің ішкі беттерін тазалау үшін щетка түтқасын жартылай тік ұстап, әр тісті бірнеше рет қабаттастыра жүргізіңіз.
6 Щеткамен тазалау циклін аяктағаннан кейін, қалған уақытты тістердің шайнау беттерін және дақтар пайда болатын аймактарды щеткамен тазалауға жұмсауға болады. Қалауыңыз бойынша щетка қосулы немесе өшірулі кезде щеткамен тілді де тазалауға болады.
Ескертпе: Брекеттер (брекеттерде қолданылған кезде щетканың бастары жылдам тозады) және қалпына келтірілген тістер (пломбалар, қаптамалар, сыналар) дұрыс салынса және бұзылмаса, оларды Philips Sonicare tіс щеткаңызбен тазалағанда мұқият болыңыз.
BrushPacer

Ауыз куысын толык тазалау үшін, аузыңызды BrushPacer мүмкіндігін пайдаланып 6 бөліkke бөліңіз. BrushPacer мүмкіндігі щеткамен тазалау уақытын 6 тең сегментке бөліп, келесі аймаққа өту керек уақытты көрсетеді. Сегменттер қыска діріл кідірісімен көрсетіледі. Щеткамен тазалау сеансының соңында тіс щеткасы автоматты түрде токтайды.
Ескертпе: White+ немесе Gum Health режимдерін пайдаланған кезде, қосымша сегменттерді қосуға болады.
Режимдер
Куатты тіс щеткасы ең кәбі 5 түрлі режиммен жабдықталған: Clean, White+, Gum Health, Deep Clean+ және Tongue Care (тек белгілі бір үлгілер). Қолданыстағы смарт щетканың басына байланысты BrushSync технологиясы оңтайлы режим мен қарқындылықты автоматты түрде таңдайды. Режимдерді ауыстыру үшін сап өшірулі кезде режим/қарқындылық түймесін басыңыз.
| Clean жәнеDeep Clean+ | White+ Gum health Tongue Care | (тек белгілі бір үлгілер) | ||
| Пайдасы | Тіс өңезін кетіру | Тіс өңезі мен бет қағын кетіру | Тіс өңезін кетіру және қызыл иекті уқалау | Тілді тазалау |
| ¥сынылған қарқындымлық деңгейі | Жоғары Жоғары Жоғары Тәмен | |||
| Жалпы щеткамен тазалау уақыты | Clean: 2 минут Deep Clean+: 3 минут* | 2 минут және 40 секунд | 3 минут және 20 секунд | 20 секунд |
| Щеткамен тазалау әдісі | Clean: Әрбір бөлікті 20 секунд щеткамен тазалау![]() | Әрбір бөлікті 20 секунд щеткамен тазалау,![]() | Әрбір бөлікті 20 секунд щеткамен тазалау,![]() | 1. Микро қылшықтар-ды сулап, щетканы артқа және алға қозғалтып тілді тазалаңыз. Барынша артқа тазалаңыз.2. Ауызды шайып, процедуран-ы тағы екі рет қайталаныз. |
Deep Clean+: Әрбір бөлікті 30 секунд щеткамен тазалау* | 7 және 8 бөліктерінің әрқайсысын 20 секундтан щеткамен тазалаңыз.![]() | 7, 8, 9 және 10 бөліктерінің әрқайсысын 20 секундтан щеткамен тазалаңыз.![]() | ![]() ![]() | |
| [КХ8К] | ||||
*Ескертпе: «Deep Clean+» режимінде Philips Sonicare қолданбасымен щеткамен тазалау кезінде щеткамен тазалау уақыты қолданбаға қосылған кезде 2 минут, ал қосылмаған кезде 3 минут болады.
Каркындылыктары

Куатты тіс щеткасы 3 түрлі каркындылық, параметрімен келеді:
- төмен қарқындылық (бір жолақ)
- орташа каркындылық (екі жолақ)
- жоғары қарқындылық (үш жолақ)
Сапка тіркелген кезде, смарт щетка басы ұсынылған қарқындылықты автоматты түрде таңдайды. Егер баска қарқындылыққа өзгерту керек болса, щеткамен тазалау кезінде режим/қарқындылық түймесін басумен істей аласыз.
Каркындылык өзгермейді, себебі сап қуаты өшірулі немесе уақытша токтатылған.
BrushSync технологиясы

BrushSync технологиясы щетка басын микрочип арқылы саппен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Щетка басының астындағы таңбасы щетка басының осы технологиямен жабдықталғанын көрсетеді.
BrushSync технологиясы мынадай мүмкіндіктер береді:
- Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш
- BrushSync режимінде жүптау
Philips Sonicare үлгіci BrushSync технологиясымен жабдыкталған смарт щетка бастарының кең ауқымын ұсынады. Тіс щеткасы бастарының толық ауқымын зерттеп, өзіңіз үшін ең қолайлы щетка басын табу үшін
www.philips.com/toothbrush-heads торабына өтіңіз.
Мүмкіндіктер
- Кысым датчигінің кері байланысы
- BrushPacer
- SmarTimer
- Щетка басы режимін жүптастыру
- EasyStart
- Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш
Кысым датчигінің кері байланысы
Sonicare tics щеткасы қызыл иектер мен тістерді зақымнан қорғау үшін щеткамен тазалау кезінде қолданылған қысымды өлшейді.

Шамадан тыс крысым салсаңыз, крысым төмендегенше сап дірілі өзгереді және саптың астындағы щеткамен тазалау кері байланысының шамы күлгін түспен жыпылықтайды.
Ескертпе: Өніміңіз белсендірілген қысым датчигімен бірге келеді. Бүл мүмкіндікті өшіру үшін (көріңіз «Мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру»).
BrushPacer
BrushPacer — ауызды бөлікке бөлу арқылы ауызды біркелкі щеткамен тазалауға көмектесетін аралық таймері. (көріңіз «Щеткамен тазалау туралы нұсқаулар»)
SmarTimer
SmarTimer щеткамен тазалау циклі соңында щетканы автоматты түрде өшіру арқылы щеткамен тазалау циклі аяқталғанын көрсетеді. Тіс дәрігерлері тісті күніне екі рет ең кемі 2 минут тазалауға кеңес береді.
Ескертпе: Щеткамен тазалау циклін бастағаннан кейін қосу/өшіру түймесін бассаңыз, тіс щеткасы уақытша токтатылады. 30 секундтық кідірістен кейін SmarTimer қалпына келеді.
Щетка басы режимін жуптастыру
BrushSync технологиясы бар щетка бастары саппен байланысатын және ұсынылған режиммен және қарқындылықпен автоматты жүптасатын микрочиппен жабдықталған. BrushSync технологиясы бар щетка бастарының көпшілігі Clean режиміне автоматты түрде жүптастырылады. Белгілі бір артықшылықтары бар щетка бастары тиісті режиммен жүптастырылады (қолжетімді болса), мысалдар мыналарды қамтиды:
- G3 Premium Gum Care: Gum Health режимi
- W3 Premium White: White+ режимi
- TongueCare+: Tongue Care режимi
Ескертпе: ¥сынылған параметрден режимді/қарқындылықты өзгертуді таңдасаңыз,
щетка басы болашак, щетка сеанстары үшін таңдалған параметрді есте сақтайды.
EasyStart
Oсы Philips Sonicare үлгіci EasyStart мүмкіндігі өшірулі күйінде келеді. EasyStart мүмкіндігін іске қосу үшін (көріңіз «Мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру»). Philips Sonicare щеткасымен тазалауға үйрену үшін EasyStart мүмкіндігі алғашқы 14 реттік тазалау кезінде қуатты аздап арттырады.
EasyStart мүмкіндігі барлық режимдермен жұмыс істейді.
Бас тарту
Philips Sonicare tíc щеткасы клиникалық, зерттеулерде пайдаланылса, ол толығымен зарядталған саппен және өшірули EasyStart мүмкіндігімен жоғары қарқындылықта Clean режимінде пайдаланылуы қажет.
Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш
Philips Sonicare кұрылғысы щетка саптамасының тозуын бақылайтын BrushSync технологиясымен жабдықталған.
Ескертпе: Бүл функция тек BrushSync технологиясы бар Philips Sonicare смарт щетка саптамаларымен жұмыс істейді.
1 Алғаш рет жаңа смарт щетка басын бекіту кезінде сап сізде BrushSync технологиясы арқылы Philips щетка басын бар-жоғын анықтайды және щетка басының тозуын бақылайды.
2 Уакыт өте келе салынған қысым мен щетка басы пайдаланылған жалпы уакытқа байланысты сабы щетка басын ауыстыруға оңтайлы уакытты анықтау үшін щетка басының тозуын бақылайды. Бүл мүмкіндік тістеріңізді өте жақсы тазалауға және күтім көрсетуге кепілдік береді.

3 Щетка басын ауыстыру туралы еске салғыш индикаторы сары түспен жанса, щетка басын ауыстыру керек.
Барлық смарт щетка саптамасында щетка саптамасын ауыстыруды еске салу функциясы қосылып келеді. Щетка саптамасын ауыстыру еске салғышын өшіру үшін «Мүмкіндіктерді іске қосу немесе өшіру» бөлімін қараңыз.
Мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру
Тіс щеткасының келесі мүмкіндіктерін белсендіруге немесе өшіруге болады:
- EasyStart
- Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш
- Кысым датчигінің кері байланысы
Ескертпе: Смарт щетка басы сабына қосылған кезде ғана щетка басын ауыстыру туралы еске салғышты қосуға немесе өшіруге болады.
1-кадам: Сапты зарядтау тұғырына немесе зарядтау шынысына қойыңыз.

2-кадам: Режим/карцындылық түймесін басып тұрыңыз.
EasyStart Кысым
датчигінің кері байланысы
Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш
Куат қосу/өшіру түймесін 1 рет басыңыз.
Куат қосу/өшіру түймесін 2 рет басыңыз.
Куат қосу/өшіру түймесін 3 рет басыңыз.

3-кадам: Режим/каркындылық түймесін босатыңыз.

Батарея индикаторы ак түспен 2 рет жыпылықтағанын көрсеніз және 2 дыбыстық белгіні естісеніз, мүмкіндік іске қосылған.
HEMECE

Батарея индикаторы сары түспен 1 рет жыпылықтағанын көрсеңіз және 1 дыбыстық, белгіні естісеңіз, мүмкіндік өшкен.
Зарядтау және батарея күйі
Бүл Philips Sonicare тіс щеткасы толығымен зарядталған батареяда әрқайсысы 2 минуттай болатын кемінде 28 тазалау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді (eger күніне екі рет пайдаланылса, 14 күнге жетеді). Батарея индикаторы 2 минуттық тазалау сеансын аяқтаған кездегі, тіс щеткасын
кідірткенdegі немесе ол зарядталып жаткан кезdegі батареяның күйін көрсетеді.
Ескертпе: Алғаш пайдалану алдында батареяны толық зарядтауға 24 сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін, бірақ Philips Sonicare tіс щеткасын толық зарядтамай тұрып пайдалануға болады.
Зарядтау

Зарядтау түғырында зарядтау
1 Зарядтау негізінің сымын электр розеткасына салыңыз.
2 Зарядтау негізінде зарядтау тұғырын немесе зарядтау шынысын қойыңыз.
3 Сапты зарядтау тұғырына немесе зарядтау шынысына қойыңыз.
- Батарея индикаторы мен шам сақинасы ак, түспен жанып, түтка екі рет сигнал береді. Бүл тіс щеткасын зарядтау басталғанын көрсетеді.
4 Зарядтағыш тіс щеткасы толығымен зарядталғанша зарядтайды.
- Батарея индикаторы ак, түспен жыпылыктаса, сап зарядталып жатыр. Сап толығымен зарядталса, батарея индикаторы 30 секунд ак, түспен жанып, ёшеді.
Ескертпе: Сатып алынған үлгіге байланысты қамтылған аксессуарлар өзгеше болуы мүмкін.
1 Зарядтау жол сөмкесінің астынан USB кабелін алыңыз.
2 Зарядтау жол сөмкесін USB кабелі арқылы 5 В тұрақты ток кіріс қуатына жалғаңыз:
- USB адаптері берілген
- UL тізіміндегі немесе ANSI/UL 60950-1
стандартына сәйкес дербес компьютердің
стандартты USB коннекторы,
- UL тізіміндегі немесе ANSI/UL 60950-1 LPS
стандартына сәйкес USB шығыс порты бар куат көзі,

- UL тізіміндегі немесе 1310 2-класы стандартына сәйкес куат көзі.
3 Сапты жол сөмкесіне қойыңыз. Жол сөмкесі тіс щеткасын толығымен зарядтайды.
Батареяның күйі
Батарея күйі (тығылған зарядтағыштағы/зарядтау жол сөмкесіндегі сап) Тығылған зарядтағыштағы/зарядтау жол сөмкесіндегі сап:
Зарядтау жол сөмкесіндегі зарядтағышка сапты койған кезде, батарея индикаторы батарея деңгейін көрсетеді.
Батареяның күйі Батарея индикаторы
| Зарядтау Ак түспен жыпылықтайды | |
| Толық 30 секунд ақ түспен жанып тұрып,өшеді | |
| Батарея күйі (сап зарядтағышқа/зарядтау жол сөмкесіне қойылмаған кезде)Сап зарядтағышқа/зарядтау жол сөмкесіне қойылмаған:Тіс щеткасы оянған кезде, саптың астындағы батарея индикаторы батарея деңгейін көрсетеді. | |
| Батареяның күйі Батарея | Дыбыс |
| индикаторы | |
| Толық Ақ түспен жанып | - |
| тұрады | |
| Жартылай толық Ақ түспен | - |
| жыпылықтайды | |
| Төмен Сары түспен | жыпылықтайды | Щеткамен тазалаудан кейін саптан 3 дыбыс шығады |
| Бос Сары түспен | жыпылықтайды | Щеткамен тазалаудан кейін саптан 5 дыбыстан 2 рет шығады |
| Ескертпе: Қуат үнемдеу үшін батарея индикаторы қолданылмаған кезде өшеді. | ||
| Ескертпе: Батарея қуаты толық таусылған кезде, тіс щеткасы өшіп қалады. Тіс щеткасын зарядтау үшін оны зарядтағышқа қойыңыз. | ||
| Ескертпе: Батареяны барлық уақытта толық зарядталған қүйінде ұстау үшін пайдаланылмайтын уақытта тіс щеткасын зарядтағышта ұстауға болады. | ||
Тазалау
Щетка сабы

1 Щетка басын алыңыз және металл білік аймағын жылы сумен шайыңыз. Калған тіс пастасының кеткеніне көз жеткізіңіз.
Абайлаңыз: Металл біліктегі резеңке тығыздағышты үшкір заттармен баспаңыз, себебі бул зақымдауы мүмкін.
2 Саптың бүкіл бетін дымқыл шүберекпен сүртіңіз.
Ескертпе: Артык, суды кетіру үшін шүңғылшадағы сапты басуға болмайды.
Щетка саптамасы

1 Әр пайдаланудан кейін щетка басын және қылшықтарды шайыңыз.
2 Щетка басын саптан ажыратып, кемінде аптасына бір рет щетка басының жалғанатын жерін жылы сумен шайып тұрыңыз. Жол қақпағы қажетінше жиі шайыңыз.
Зарядтағыш
1 Тазаламас бұрын зарядтағышты токтан ажыратыңыз.
2 Зарядтағыштың бүкіл бетін дымқыл шуберекпен сүртіңіз.
Жол калтасы
Жылы сумен шайыңыз және дымқыл шүберекпен жол қалтасының ішін тазалаңыз.
1 Тазалау алдында зарядтау жол сөмкесін ажыратыңыз.
2 Жол сөмкесінің бетін ылғал шүберекпен сүртіңіз.
Сактау
Егер өнім үзақ уақыт пайдаланылмайтын болса, оны электр розеткасынан ажыратып, оны тазалаңыз, одан кейін күн сәулесі тікелей түспейтін салқын әрі құрғақ жерде сақтаңыз.
Ауыстыру
Оңтайлы нәтижелерге жету үшін Philips Sonicare щетка бастарын 3 ай сайын ауыстырып тұрыңыз. Тек Philips Sonicare қосалқы щетка бастарын қолданыңыз.
Модель нөмірінің орны
Модель нөмірін Philips Sonicare тіс щеткасы сабының астынан караңыз (НХ99XX).
Кепілдік және қолдау көрсету
Егер сізге акпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе халықаралық кепілдік парақшасын оқыңыз.
Кепілдікте қамтылмаған нәрселер:
- Ауыз саптамаларында (оның ішінде щетка бастары мен саптамалар).
Өндөү

- Руксат етілмеген алмастыратын бөлшектерді немесе руксатсыз щетка бастарын пайдаланудан болған зақым.
- Мақсатсыз пайдаланудан, асыра пайдаланудан, немқұрайлылықтан, енгізілген өзгерістерден немесе рүқсатсыз жөндеуден туындаған зақым.
- Калыпты тозу, соның ішінде кертілу, сырылу, мүжілу, түстің өзгеруі немесе түссіздену.
- Бул белгі электр өнімдері мен батареяларды күнделікті үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайтынын білдіреді.
- Электр өнімдері мен батареяларды бөлек жинау бойынша жергілікті ережелерді орынданыз.
Кұрылғы тасталған кезде, кірістірілген қайта зарядталатын батареяны білікті маман ғана алуы қажет. Батареяны алу алдында оның толығымен бос екендігін тексеріңіз.
Қайта зарядталатын батареяларды алу
Курылғы тасталған кезде, кірістірілген қайта зарядталатын батареяны білікті маман ғана алуы қажет. Батареяны алу алдында оның толығымен бос екендігін тексеріңіз.
Құралды ашу үшін құралдарды қолдану кезінде және қайта зарядталатын батареяны қоқыска тастау кезінде қажетті қауіпсіздік шараларын орындаңыз. Көздерді, қолдарды, саусақтарды және жұмыс істейтін бетті қорғаңыз.
Батареяларды қолданған кезде қолыңыз, өнім және батареялар құрған екендігіне көз жеткізіңіз.
Батареяларды алғаннан кейін, кездейсок қыска түйықтап алмау үшін батарея клеммаларын металл заттарға (мысалы, тиындар, қыстырғыштар, сақиналар) тигізбеңіз. Батареяларды алюминий жұқалтырға
орамаңыз. Қоқыска тастау алдында батарея клеммаларын ораңыз немесе батареяларды пластик қалтаға салыңыз.
Зарядтамалы батареяларды шығару
Қайта зарядталатын батареяны алу үшін сүлгі немесе шүберек, балға мен жалпақ басты (стандартты) бұрауыш қажет. Төменде сипатталған процедураны орындау кезінде негізгі сақтық, шараларына назар аударыңыз.
1 Кез келген зарядты қайта зарядталатын батареяның зарядын бітіру үшін сапты зарядтағыштан шығарып, тіс щеткасын қосып, өзі тоқтағанға дейін қосып қойыңыз. Тіс щеткасы қосылмай қалғанша, осы қадамды қайталаңыз.
2 Щетка саптамасын алып, қоқыска тастаңыз. Бүкіл сапты сүлгімен немесе шуберекпен жабыңыз.
3 Сабының жоғарғы жағын бір қолыңызбен ұстан, төменгі жағынан 0,5 дюйм жоғары түрған сап корпусын ұрыңыз. Соңындағы қақпақты шығару үшін барлық 4 жағынан да балғамен қатты ұрыңыз.
Ескертпе: Ішкі ілмек жалғауын ажырату үшін ұшынан бірнеше рет ұруыңыз қажет болуы мүмкін.

4 Шеткі қақпақты щетка сабынан шығарып алыңыз. Егер соңындағы қақпак, корпусынан оңай ажырамаса, оны шығарып алғанша 3-қадамды қайталаңыз.

5 Саптың жоғарғы жағын төмен қаратып ұстан, білікті қатты бетке басыңыз. Егер ішкі компоненттер корпусынан оңай ажырамаса, оларды шығарып алғанша 3-қадамды қайталаңыз.

6 Батарея мен ішкі компоненттердің төменгі жағында қара жақтау арасына бұрауышты кіргізіңіз. Одан кейін бұрауышты қара жақтаудың төменгі жағын сындыратындай етіп батареядан көтеріңіз.
7 Батареяны жасыл басып шығарылған схемалы тақтаға жалғап түрған металл ілмекті босату үшін бурауышты батареяның төменгі жағы мен қара жақтау арасына салыңыз. Бүл — батареяның төменгі жағын жақтаудан ажыратады.
8 Екінші металл ілмекті босату үшін батареяны үстап, ішкі компоненттерді шығарып алыңыз.

Абайлаңыз: Саусақтарыңызды ауыртып алмас үшін, батарея ілмектерінің өткір үштарына тиіп кетпеніз.
9 Калдык батарея зарядынан кыска түйыкталуды болдырмау үшін батарея түйіспелерін лентамен жабыңыз.
Енді зарядталмалы батареяны қайта өндеуге жіберуге және өнімнің қалған бөлігін тиісінше қоқыска тастауға болады.

Ескертпе: Күралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды. Оның орнына бүл күралды арнайы жинап алатын жерге қайта өндеу мақсатына өткізіңіз. Бүлай істеу арқылы қоршаған ортаға зиян келтірмейсіз.



Deep Clean+: Әрбір бөлікті 30 секунд щеткамен тазалау*
7 және 8 бөліктерінің әрқайсысын 20 секундтан щеткамен тазалаңыз.
7, 8, 9 және 10 бөліктерінің әрқайсысын 20 секундтан щеткамен тазалаңыз.

