BOSCH GLL 315 X Professional - Лазерлік көрсеткіш

GLL 315 X Professional - Лазерлік көрсеткіш BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GLL 315 X Professional BOSCH PDF форматында.

📄 84 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice BOSCH GLL 315 X Professional - page 52
Нұсқаулықты қарау : Français FR English EN Español ES Қазақша KK Македонски MK Português PT Русский RU Türkçe TR Українська UK
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GLL 315 X Professional

Санат : Лазерлік көрсеткіш

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Лазерлік көрсеткіш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GLL 315 X Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GLL 315 X Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GLL 315 X Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – өнім корпусының зақымдалуы Bosch Power Tools 1 609 92A 4HL | (27.11.2020)52 | Қазақ Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – егер құрал жұмсақ сөмке немесе пластик кейсте жеткізілсе оны осы өзінің қорғағыш қабында сақтау

– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150-69 (Шарт 1) құжатын қараңыз

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулары Өлшеу құралымен қауіпсіз және сенімді жұмыс істеу үшін барлық нұсқаулықтарды оқып орындау керек. Өлшеу құралын осы нұсқауларға сай пайдаланбау өлшеу құралындағы кірістірілген қауіпсіздік шараларына жағымсыз әсер етеді. Өлшеу құралындағы ескертулерді көрінбейтін қылмаңыз. ОСЫ НҰСҚАУЛАРДЫ САҚТАП, ӨЛШЕУ ҚҰРАЛЫН БАСҚАЛАРҒА БЕРГЕНДЕ ОЛАРДЫ ҚОСА ҰСЫНЫҢЫЗ. u Абай болыңыз – егер осы жерде берілген пайдалану немесе түзету құралдарынан басқа құралдан пайдаланса немесе басқа жұмыс әдістері орындалса бұл қаупті сәулеге шалынуға алып келуі

u Өлшеу құралы лазер ескерту тақтасымен бірге жеткізіледі (графика бетіндегі өлшеу құралының суретінде белгіленген). u Егер лазер ескерту тақтасының мәтіні еліңіздің тілінде болмаса, алғаш рет қолданысқа енгізбес бұрын оның орнына еліңіздің тіліндегі жапсырманы жабыстырыңыз. Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және өзіңіз де тікелей немесе шағылысқан лазер сәулесіне қарамаңыз. Бұл адамдардың көзін шағылдыруы мүмкін, сәтсіз оқиғаларға әкелуі немесе көзге зақым келтіруі мүмкін. u Егер лазер сәулесі көзге түссе көздерді жұмып басты сәуледен ары қарату керек. u Лазер құрылғысында ешқандай өзгерту орындамаңыз. u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғаныш көзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшін қолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды. u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күннен қорғайтын көзілдірік ретінде немесе жол қозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көру көзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толық қорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезу қабілетін азайтады. u Өлшеу құралын тек білікті маманға және арнаулы бөлшектермен жөндетіңіз. Сол арқылы өлшеу құрал қауіпсіздігін сақтайсыз. u Балаларға лазер өлшеу құралын бақылаусыз пайдалануға рұқсат етпеңіз. Олар басқа адамдардың немесе өзінің көзін абайсыздан шағылыстыруы

u Жанатын сұйықтықтар, газдар немесе шаң жиылған жарылыс қаупі бар ортада өлшеу құралын пайдаланбаңыз. Өлшеу құралы ұшқын шығарып, шаңды жандырып, өрт тудыруы мүмкін. Өлшеу құралын және магниттік керек- жарақтарды имплантаттардың және кардиостимулятор немесе инсулин сорғысы сияқты басқа да медициналық құрылғылардың жанына қоймаңыз. Өлшеу құралы мен керек-жарақтардың магниттері имплантаттардың және медициналық құрылғылардың жұмысына әсер ететін өріс тудырады. u Өлшеу құралы мен магнитті аксессуарды магниттік дерек тасығыштар мен магнитке сезімтал құрылғылардан алшақ ұстаңыз. Өлшеу құралы мен аксессуар магниттерінің әсері деректердің қайтымсыз жойылуына әкелуі мүмкін. Өнім және қуат сипаттамасы Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін

Тағайындалу бойынша қолдану Өлшеу құралы көлденең және тік сызықтарды және перпендикуляр негіздерін есептеп тексеруге арналған. Өлшеу құралы ішкі аймақтарда пайдалануға арналмаған. Көрсетілген құрамдас бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі өлшеу құралының сипаттамасына қатысты. (1) Лазер сәулесінің шығыс саңылауы (2) Батарея бөлімі қақпағының бекіткіші (3) Батарея бөлімінің қақпағы (4) Сериялық нөмір (5) Лазер ескерту тақтасы (6) Өлшеу құралының бекіткіш ойықтары 1 609 92A 4HL | (27.11.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 53 (7)

(10) Айналма платформаның биіктікті реттегіш

(11) Айналма платформаның дәлдеп реттеу бұрандасы (12) Айналма платформа (13) Айналма платформаның бекіткіш ойықтары (14) Маятникті бұғаттау индикаторы (15) Күй индикаторы (16) Тік жұмыс режимі түймесі (17) Көлденең жұмыс режимі түймесі (18) Штатив адаптері

(20) Лазер көру көзілдірігі

(22) Лазер нысандық тақтасы

(23) Қорғаныш қалта (24) 5/8 дюймдік штатив

Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Техникалық мәліметтер Лазерлік уровень GLL 3-15 X Өнім нөмірі 3 601 K63 E.. Жұмыс диапазоны

– Лазер сызықтары 15м – Перпендикуляр табаны 5м Лазер сызықтарының нивелирлеу дәлдігі B)C)D) ±0,2мм/м Әдеттегі өздігінен нивелирлеу

±3° Әдеттегі нивелирлеу уақыты <4с Жұмыс температурасы –10 °C…+45 °C Сақтау температурасы –20 °C…+70 °C Негізгі биіктіктің үстіндегі макс. пайдалану биіктігі 2000м Салыстырмалы ауа ылғалдылығы, макс. 90 % Ластану дәрежесі IEC61010-1 стандарты бойынша

Айырмашылық – Лазер сызығы 1,5мрад – Перпендикуляр табаны 1,5мрад Лазерлік уровень GLL 3-15 X Штатив бекіткіші

5/8 дюйм Батареялар 4×1,5В LR6(AA) Жұмыс ұзақтығы шам.

– 1 лазер сызығымен 24сағ – 2 лазер сызығымен 14сағ – 3 лазер сызығымен 10сағ Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай 0,54кг Өлшемдері (ұзындығы× ені× биіктігі) – Айналма платформасыз 122× 83× 129мм – Айналма платформамен Ø151× 203мм Қорғаныс дәрежесі (батарея бөлімінен тыс) IP54 (шаң мен шашыранды судан

A) Жұмыс аймағын қолайсыз қоршау шарттарында (мысалы тікелей күн сәулелерінде) қысқарту мүмкін. B) зауыттан

20–25°C D) Көрсетілген мәндер қалыпты және жағымды қоршаған орта шарттарын (мысалы, дірілсіз, тұмансыз, түтінсіз, тікелей күн сәулесінсіз) талап етеді. Температура шұғыл өзгерген жағдайда, дәлдік ауытқуы мүмкін. E) Тек қана тоқ өткізбейтін лас пайда болады, бірақ кейбір жағдайларда еру нәтижесінде тоө өткізу қабілеті пайда болуы күтіледі. F) айналма платформамен қиыстырғанда ғана қолжетімді Өлшеу құралының зауыттық тақтайшадағы сериялық нөмірі (4) оны дұрыс анықтауға көмектеседі.

Батареяларды салу/алмастыру Өлшеу құралы үшін алкалин марганец батареясын пайдалану ұсынылады. Батарея бөлімінің қақпағын(3) ашу үшін ысырманы(2) басып, қақпақты алып тастаңыз. Батареяларды енгізіңіз. Батарея бөлімінің ішіндегі суретте көрсетілгендей полюстардың дұрыс орналасуын қамтамасыз етіңіз. Күй индикаторы (15) жыпылықтаса, бұл батареяларды алмастыру керек екендігін білдіреді. Барлық батареяларды бірдей алмастырыңыз. Тек бір өндірушінің және қуаты бірдей батареяларды пайдаланыңыз. u Өлшеу құралын ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, батареяны өлшеу құралынан шығарып алыңыз. Ұзақ уақыт сақтаған жағдайда, өлшеу құралындағы батареяларды тот басуы және олардың заряды өздігінен таусылуы мүмкін. Айналма платформамен жұмыс істеу (Aсуретін қараңыз) Айналма платформаның (12) көмегімен өлшеу құралын 360°-қа орталық, әрдайым көрінетін перпендикуляр негізіне бұрауға болады. Осылайша лазер сызықтары дәл Bosch Power Tools 1 609 92A 4HL | (27.11.2020)54 | Қазақ бағытталады да, өлшеу құралының орналасуы өзгермейді. Өлшеу құралын айналма платформаға(12), айналма платформаның бекіткіш ойықтары (13) өлшеу құралының астыңғы жағындағы тиісті бекіткіш ойықтардың (6) арасында тура орналасатындай, орнатыңыз. Өлшеу құралын айналма платформада құлыптау үшін сағат тілінің бағытымен бұраңыз. Айналма платформаның (12) аяқтарын биіктікті реттегіш бұрандалармен (10) бұрап шығарыңыз. Айналма платформаны ватерпастың (8) көмегімен шамамен туралаңыз. Егер өлшеу құралы бұрама платформаға(12) орнатылған, тік лазер сызықтарын дәлдеп реттеу бұрандамасының(11) көмегімен сілтемелік нүктелермен туралауға болады.

Пайдалануға ендіру u Өлшеу құралын сыздан және тікелей күн сәулелерінен сақтаңыз. u Өлшеу құралына айрықша температура немесе температура өзгерістерінің әсерін тигізуге болмайды. Оны, мысалы, автомобиль ішінде ұзақ уақытқа қалдырмаңыз. Температура өзгерістері шұғыл болған жағдайда, алдымен өлшеу құралының тұрақты температурасын сақтаңыз және жұмысты жалғастырмас бұрын әрдайым дәлдік тексерісін өткізіңіз (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін тексеру“, Бет55). Айрықша температура немесе температура өзгерістері орын алған жағдайда, өлшеу құралының дәлдігі төмендеуі мүмкін. u Өлшеу құралын қатты соғылудан немесе түсуден сақтаңыз. Сыртқы күшті әсерлерден кейін өлшеу құралының жұмысын жалғастырудан бұрын әрдайым дәлдік тексеруін орындау керек (қараңыз „Өлшеу құралының дәлдігін тексеру“, Бет55). u Өлшеу құралын тасымалдаудан алдын оны қосыңыз. Өшуде тербелу бөлігі бұғатталады, әйтпесе ол қатты әрекеттерде зақымдалуы мүмкін.

Өлшеу құралын қосу үшін ажыратқышты(7) " On" күйіне (маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін) немесе " On" күйіне (нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін) жылжытыңыз. Күй индикаторы(15) жанады. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін бірден алдыңғы шығыс саңылаудан (1) көлденең лазер сызығын

u Лазер сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз. Өлшеу құралын өшіру үшін ажыратқышты (7) "Off" күйіне жылжытыңыз. Күй индикаторы(15) сөнеді. Өшіру кезінде тербелу блогы бұғатталады. u Қосулы зарядтау құралын бақылаусыз қалдырмаңыз және өлшеу құралын пайдаланудан соң өшіріңіз. Лазер сәулесімен адамдардың көзін шағылыстыру мүмкін. 45°C шамасындағы рұқсат етілген макс. жұмыс температурасынан асырған жағдайда лазер диоды қорғаныс үшін өшеді. Суығаннан соң өлшеу құралы қайта қосылуы мүмкін. Өшіру автоматикасын ажырату Өлшеу құралы 30минут жұмыс істегеннен кейін автоматты түрде өшеді. Өшіру автоматикасын ажырату үшін өлшеу құралын қосқан кезде тік жұмыс режимі түймесін (16) немесе көлденең жұмыс режимі түймесін (17) 3секунд басып тұрыңыз. Өшіру автоматикасы ажыратылған болса, лазер сәулелері 3секудтан кейін қысқа уақытта жыпылықтайды. Автоматты түрде өшіру функциясын іске қосу үшін өлшеу құралын өшіріп қайта қосыңыз (түймені баспай). Пайдалану түрлері Өлшеу құралында бірнеше жұмыс режимі бар, оларды әркез ауыстыруға болады. Көлденең және тік жұмыс режимдерін бір-бірінен бөлек қосып өшіруге болады. Өлшеу құралы қосылғаннан кейін көлденең жұмыс режимінде болады. Жұмыс режимдерінің барлығын нивелирлеу автоматикасымен де, маятникті бұғаттау тетігімен де таңдауға болады. Көлденең жұмыс режимі (B суретін қараңыз) Көлденең жұмыс режимінде өлшеу құралы көлденең лазер сызығын алға қарай шығарады. Көлденең лазер сызығын өшіру немесе қосу үшін көлденең жұмыс режимітүймесін (17) басыңыз. Тік жұмыс режиміжәне перпендикуляр табаны

Dсуреттерінқараңыз) Өлшеу құралына екі тік жұмыс режимі бар: – алға қаратылған тік лазер сызығы, – алға және оң жаққа қаратылған тік лазер сызығы. Оған қоса тік жұмыс режимінде әрдайым перпендикуляр табаны төмен қарай проекцияланады. Тік жұмыс режимін қосу немесе өшіру үшін және тік жұмыс режимін ауыстыру үшін тік жұмыс режимі түймесін (16) қалаулы жұмыс режиміне қол жеткізгенше

Нивелирлеу автоматикасы Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу Өлшеу құралын көлденең берік бетке қойыңыз немесе айналма платформаға (12) бекітіңіз. 1 609 92A 4HL | (27.11.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 55 Нивелирлеу автоматикасымен жұмыс істеу үшін қосқыш/ өшіргішті (7) " On" күйіне жылжытыңыз. Нивелирлеу автоматикасы ±3° шамасындағы өздігінен нивелирлеу аймағында тегіс емес жерлерді автоматты түрде тегістейді. Лазер сызықтары одан ары қозғалмаса, нивелирлеу аяқталады. Автоматты түрде нивелирлеу мумкін болмаса, мысалы, өлшеу құралы тұрған бет көлденең сызықтан 3° шамасынан артық ауытқыған болса, лазер сәулелері жылдам жыпылықтайды. Бұл жағдайда өлшеу құралын көлденеңінен қойып, өздігінен нивелирлеу аяқталғанша күтіңіз. Өлшеу құралы ±3° өздігінен нивелирлеу аймағында тұрса, лазер сәулелері үздіксіз жанады. Пайдалану кезінде қағылыстар болса немесе күй өзгерсе өлшеу құралы автоматты ретте өзін нивелирлейді. Нивелирлеуден соң өлшеу құралының жылжуы арқылы пайда болуы мүмкін қателердің алдын алу үшін лазерлік сызықтардың күйін негізгі нүктелерге салыстырып тексеріңіз. Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеу үшін ажыратқышты (7) " On" күйіне жылжытыңыз. Маятникті бұғаттау индикаторы (14) қызыл түспен жанып тұрады және лазер сызықтары бояу жыпылықтайды. Маятникті бұғаттау тетігімен жұмыс істеген кезде, нивелирлеу автоматикасы өшіріледі. Өлшеу құралын еркін қолда ұстауға немесе еңіс бетке қоюға болады. Лазер сәулелері бұдан былай нивелирленбейді және бір- біріне тігінен өтпейді. Өлшеу құралының дәлдігін тексеру Дәлдік әсерлері Қоршау температурасы ең күшті әсер етеді. Еденден жоғарыға болған температура өзгерістері лазер сәулесін ауытқуы мүмкін. Температура айырмашылығы еденге жақын аймақта үлкен болғаны үшін, өлшеу құралын мүмкіндігінше штативке орнатып, жұмыс аймағының ортасына орналастыру қажет. Сыртқы әсерлерден тыс аспаптық әсерлер де (мысалы қағылыс немесе қатты соққылар) ауытқуларға алып келуі мүмкін. Сол үшін әр жұмыстан алдын нивелирлеу дәлдігін тексеріңіз. Алдымен көлденең лазерлік сызықтың биіктік пен нивелирлеу дәлдігін және тік лазерлік сызықтың нивелирлеу дәлігін тексеріп шығыңыз. Егер өлшеу құралы тексеру кезінде максималды ауытқудан асырса, оны Bosch сервистік орталығында жөндетіңіз. Көлденең сызықтың биіктік дәлдігін тексеру Тексеру үшін 5м бос өлшеу қашықтығы қатты жерде A мен B екі қабырғаның арасында керек болады. – Өлшеу құралын А қабырғасының жанында айналма платформаның (12) немесе штативтің (24) үстіне монтаждаңыз немесе оны берік, тегіс бетке қойыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеу автоматикасымен жұмыс режимінде іске қосыңыз. Көлденең жұмыс режимі мен тік жұмыс режимін, тік лазер сызығын алға қаратып,

5 m – Лазерді жақын A қабырғасына бағыттап, өлшеу құралын нивелирлеңіз. Лазер сызықтары қабырғада айқыш-ұйқыш нүктесінің ортасын белгілеңіз (Ⅰнүктесі). 180°

– Өлшеу құралын 180° бұрап, оны нивелирлеп лазер сызықтарының арғы B қабырғасындағы айқыш-ұйқыш нүктесін белгілеңіз (Ⅱ нүктесі). – Өлшеу құралын бұрамай B қабырғасының қасында қойып, қосыңыз да нивелирлеңіз.

– Өлшеу құралының биіктігін (штативтер немесе бар болса тіреуіш көмегімен) лазер сызықтарының айқыш- ұйқыш нүктесі В қабырғасында алдымен белгіленген нүктеге Ⅱ сәйкес болатындай бағыттаңыз. Bosch Power Tools 1 609 92A 4HL | (27.11.2020)56 | Қазақ

– Өлшеу құралын 180° бұрап биіктігін өзгертпеңіз. ОныA қабырғасына тік лазер сызығы белгіленген Ⅰнүктесінен өтетін етіп бағыттаңыз. Өлшеу құралыннивелирлеп, лазер сызықтарының айқыш-ұйқышнүктесін A қабырғасында (Ⅲ нүктесі) белгілеңіз. – А қабырғасындағы Ⅰ мен Ⅲ екі белгіленген нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктенауытқуын көрсетеді.2×5м=10м өлшеу қашықтығындағы рұқсат етілгенмаксималды ауытқу: 10м×±0,2мм/м=±2мм. Ⅰ мен Ⅲ нүктелері арасындағы d айырмашылығы ең көбі 2мм құрауы тиіс.Көлденең сызықтың нивелирлеу дәлдігін тексеруТексеру үшін шам. 5×5м бос кеңістік керек.– Өлшеу құралын А мен В қабырғаларының арасындағыортада айналма платформаның (12) немесе штативтің(24) үстіне монтаждаңыз немесе оны берік, тегіс беткеқойыңыз. Өлшеу құралын нивелирлеуавтоматикасымен жұмыс режимінде іске қосыңыз.Көлденең жұмыс режимін қосып, өлшеу құралыннивелирлеңіз. 2,5 m 5,0 m 5,0 m 5,0 m 5,0 m

– Өлшеу құралынан 2,5м қашықтықта екі қабырғадалазерлік сызық ортасын белгілеңіз (А қабырғасында Ⅰнүкте, В қабырғасында Ⅱ нүкте). 2,5 m

– Өлшеу құралын 180°-қа бұрап 5м арақашықтықтаорнатыңыз және нивелирлеңіз.– Өлшеу құралының биіктігін (штатив немесе қажетболса, тіреуіш көмегімен) лазерлік сызық ортасы Вқабырғасында алдын ала белгіленген Ⅱ нүктеге сәйкесболатындай туралаңыз.– A қабырғасында лазерлік сызық ортасын Ⅲ нүктеретінде белгілеңіз (Ⅰнүктенің үстінде немесе астындатігінен). – А қабырғасындағы екі белгіленген Ⅰ мен Ⅲ нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының көлденең сызықтандәл ауытқуын көрсетеді.2×5м=10м өлшеу қашықтығындағы рұқсат етілгенмаксималды ауытқу: 10м×±0,2мм/м=±2мм. Ⅰ мен Ⅲ нүктелер арасындағы d айырмашылығы ең көбі 2мм құрауы тиіс.Тік сызықтың нивелирлеу дәлдігін тексеріңізТексеру үшін (қатты табанда) есіктің әр жағынан кемінде2,5 м жай болатын есік тесігі керек.– Өлшеу құралын есік саңылауынан 2,5марақашықтықта берік, тегіс бетке орналастырыңыз(айналма платформада (12) немесе штативте емес).Өлшеу құралын нивелирлеу автоматикасымен жұмысрежимінде іске қосыңыз. Тік жұмыс режимін, тік лазерсызығын алға қаратып, қосыңыз және лазер сызығынесік саңылауына бағыттаңыз. Өлшеу құралыннивелирлеңіз.1 609 92A 4HL | (27.11.2020) Bosch Power ToolsҚазақ | 57 2,5 m 2,5 m – Тік лазер сызығының орталығын есік тесігінің еденінде(Ⅰнүктесі), 5м қашықтықта есік тесігінің басқажағында (Ⅱнүктесі) және есік тесігінің жоғарғышетінде (Ⅲнүктесі) белгілеңіз. 2 m

– Өлшеу құралын 180° бұрап, есік тесігінің басқажағында тікелей Ⅱ нүктесінің артында орнатыңыз.Өлшеу құралын нивелирлеп, тік лазер сызығынорталығы нақты Ⅰ мен Ⅱ нүктелерінен өтетін етіпбағыттаңыз.– Лазер сызығының орталығын есік тесігінің жоғарғышетінде Ⅳ нүктесі ретінде белгілеңіз. – А қабырғасындағы Ⅲ мен Ⅳ екі белгіленген нүктенің d айырмашылығы өлшеу құралының дәл биіктіктенауытқуын көрсетеді.– Есік тесігінің биіктігін өлшеңіз.Максималды рұқсат етілетін ауытқу төмендегідейесептеледі:есік тесігінің қос биіктігі×0,2мм/мМысал: есік тесігінің 2м биіктігіндегі максималды ауытқу: 2×2м×±0,2мм/м=±0,8мм. Сондықтан Ⅲ мен Ⅳ нүктелердің аралығы ең көбі 0,8мм болуы керек. Пайдалану нұсқаулары u Белгілеу үшін әрдайым тек лазерлік нүктеніңнемесе лазерлік сызықтың ортасынпайдаланыңыз. Лазерлік нүктенің өлшемі немеселазерлік сызықтың ені қашықтықпен өзгереді.Лазер нысандық тақтасын пайдалануЛазер нысандық тақтасы (22) қолайсыз жағдайда жәнеұзақ қашықтықтарда лазер сызығының көрінісінжақсартады.Лазер нысандық тақтасының қайтаратын жазықтығы(22)лазер сызығының көрінуін жақсартып, мөлдір жазықтығыарқылы лазер сызығы лазер нысандық тақтасыныңартынан да көрінеді.Штативпен жұмыс істеу (керек-жарақ) (F суретінқараңыз)Штатив биіктігін реттеуге болатын, тұрақты өлшеу тірегінұсынады. Өлшеу құралын штативке монтаждау үшін оныайналма платформаға (12) қойыңыз.5/8 дюймдік штативке монтаждау: айналма платформаны5/8 дюймдік штатив бекіткішімен (9) 5/8 дюймдікштативтің (24) немесе әдеттегі құрылыстық штативтіңирек оймасына орнатыңыз. Айналма платформаныштативтің бекіткіш бұрандасымен бұрап бекітіңіз.1/4 дюймдік штативке монтаждау (Fсуретін қараңыз):штатив адаптерін(18) (керек-жарақ) айналмаплатформаның 5/8 дюймдік штатив бекіткішіне(9) бұрапкіргізіңіз. Штатив адаптерін 1/4 дюймдік штативбекіткішімен 1/4 дюймдік штативтің(19) немесе әдеттегіфотоштативтің ирек оймасына орнатыңыз. Штативадаптерін штативтің реттегіш бұрандасымен бұрапбекітіңіз.Өлшеу құралын қосудан алдын штативті бағыттаңыз.Лазер көру көзілдірігі (керек-жарақ)Лазер көру көзілдірігі қоршау жарықтығын сүзгілейді.Осылай лазер жарығы көз үшін жарқынрақ болады.u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) қорғанышкөзілдірігі ретінде пайдаланбаңыз. Лазер көрукөзілдірігі лазер сәулесін жақсырақ көру үшінқолданылады, алайда лазер сәулесінен қорғамайды.u Лазер көру көзілдірігін (керек-жарақ) күнненқорғайтын көзілдірік ретінде немесе жолқозғалысында пайдаланбаңыз. Лазер көрукөзілдірігі ультракүлгін сәулелерден толыққорғанысты қамтамасыз етпейді және түсті сезуқабілетін азайтады.Жұмыс мысалдары (B−E суреттерін қараңыз)Өлшеу құралын пайдалану мүмкіндіктерінің мысалдарысуреттер беттерінде берілген. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау Өлшеу құралын таза ұстаңыз.Өлшеу құралын суға немесе басқа сұйықтықтарғабатырмаңыз.Ластануларды суланған, жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз.Bosch Power Tools 1 609 92A 4HL | (27.11.2020)58 | Македонски Лазер шығыс тесігіндегі аймақтарды сапалы тазалайтын қылшықтарға назар аударыңыз. Өлшеу құралын тек қорғайтын қабында (23) сақтаңыз және тасымалдаңыз. Жөндеу үшін өлшеу құралын қорғау қалтасында (23)

Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Кәдеге жарату Өлшеу құралын, оның жабдықтары мен қаптамасын қоршаған ортаны қорғайтын кәдеге жарату орнына тапсыру қажет. Қлшеу құралдарын не батареяларды үй қоқысына тастамаңыз! Тек қана ЕО елдері үшін: Еуропа 2012/19/EU ережесі бойынша жарамсыз өлшеу құралдары және Еуропа 2006/66/EC ережесі бойынша зақымдалған немесе ескі аккумулятор/батареялар бөлек жиналып кәдеге жаратылуы қажет.