SL M07 A4H B UK - Шаңсорғыш HOTPOINT-ARISTON - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз SL M07 A4H B UK HOTPOINT-ARISTON PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз SL M07 A4H B UK - HOTPOINT-ARISTON және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. SL M07 A4H B UK брендінің HOTPOINT-ARISTON.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ SL M07 A4H B UK HOTPOINT-ARISTON
- Құрылғыны қолданбас бұрын мына қауіпсіздік нұсқауларын оқып шығыңыз. Оларды кейін қарап тұру үшін жақын жерде ұстаңыз. Бұл нұсқауларды www.hotpoint.eu сайтынан да алуға болады.
- Осы нұсқаулар пен құрылғының өзінде әрқашан орындалуы тиіс маңызды қауіпсіздік ескертулері беріледі. Өндіруші осы қауіпсіздік нұсқауларын орындамау, құрылғыны тиісті түрде қолданбау немесе басқару элементтерін дұрыс орнатпауға байланысты кез келген жауапкершіліктен бас тартады. ҚАУІПСІЗДІК ЕСКЕРТУЛЕРІ
- Жасы тым кіші балалар (0–3 жас) құрылғыдан аулақ ұсталуы керек. Жасы кіші балалар (3–8 жас) үнемі қадағаланбаса, құрылғыдан аулақ ұсталуы керек.
- 8 жасқа толған балаларға және дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеті төмен, я болмаса тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға осы құрылғыны басқа адам бақылап тұрған кезде ғана қолдануға болады. Бұл адамдарға құрылғыны қауіпсіз түрде қолдану бойынша нұсқама берілген және олар құрылғыны қолдануға қатысты қауіптерді түсінген жағдайда, құрылғыны қолдануға болады. Балаларға құрылғымен ойнауға болмайды. Балаларға бақылаусыз құрылғыны тазалауға және оған қызмет көрсетуге болмайды. РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ҚОЛДАНЫС
- АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: құрылғы сыртқы таймермен немесе бөлек қашықтан басқару жүйесімен басқарылуға арналмаған.
- Бұл құрылғы үйде және оған ұқсас жағдайларда қолдануға арналған: дүкендердегі, кеңселердегі және басқа жұмыс орындарындағы қызметкерлердің ас бөлмесінде; ферма үйлерінде; қонақ үйлеріндегі, мотельдердегі және басқа да қонақ күту орындарындағы тұтынушылар
- Осы құрылғы кәсіби мақсатпен қолданылуға арналмаған. Құрылғыны сыртта қолданбаңыз.
- АБАЙ БОЛЫҢЫЗ: Түтікте электр қосылыстар бар, сондықтан оны су сору үшін қолдануға және тазалау үшін суға малуға болмайды. Түтікті жүйелі түрде тексеріп тұру қажет, зақым келгені анықталса, оны қолдануға болмайды, себебі ток соғу қаупі төнеді.
- Құрылғыны күл я қызып тұрған көмірді немесе кез келген басқа ыстық55
затты сорып алу үшін қолдануға болмайды, себебі өрт шығу қаупі төнеді. Құрылғыны сұйықтық немесе дымқыл заттарды сорып алу үшін қолдануға болмайды, себебі ток соғу қаупі төнеді.
- Құрылғыны адамдарға немесе жануарларға қолдануға болмайды, себебі олар жарақат алуы мүмкін.
- Пайдаланушы нұсқаулығында ерекше көрсетілмеген болса, құрылғының ешбір бөлігін жөндеуге немесе ауыстыруға болмайды. Құрылғыны қаптамадан шығарғаннан кейін, оған тасымалдау кезінде зақым келмегеніне көз жеткізіңіз. Проблемалар болған жағдайда, сатушыға немесе ең жақын жердегі сатудан кейін қолдау көрсету қызметіне хабарласыңыз. Құрастырылғаннан кейін қаптама қалдықтарын (пластик, пенопласт бөлшектер, т.б.) балалардан аулақ сақтау қажет, себебі олар тұншығу қаупін төндіреді.
- Құрылғыны пайдаланбас бұрын барлық қаптама материалдарын, оның ішінде барлық жабысқақ жапсырмаларды алып тастаңыз. ТОКҚА ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУЛЕР
- Құрылғыны жалғамас бұрын номиналды электр сипаттар ток желісіндегі көрсеткіштерге сәйкес келетінін тексеріңіз. Номиналды сипаттар құрылғының түбінде көрсетілген.
- Айыр қол жетерлік жерде болса, айырды суыру арқылы немесе розеткадан бұрын орнатылған бірнеше полюсті ауыстырып-қосқышпен құрылғыны ток желісінен ағыту мүмкін болуы керек, сондай-ақ құрылғы ұлттық электр қауіпсіздігі нормаларына сәйкес жерге тұйықталуы тиіс.
- Ұзартқыш сымдарды, бірнеше ұясы бар розетканы немесе адаптерлерді қолдануға болмайды. Су немесе жалаңаяқ болғанда құрылғыны қолдануға болмайды. Қуат кабелі немесе айыры зақымдалған, дұрыс жұмыс істемейтін немесе зақымдалған я жерге түсіп кеткен құрылғыны пайдалануға болмайды. Қуат кабеліне зақым келсе, оны дәл сондай кабельге ауыстыру керек, әйтпесе ток соғу қаупі төнеді. ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ
- ЕСКЕРТУ: Тазалау немесе қызмет көрсету жұмыстарына кіріспес бұрын құрылғы өшірілгеніне және токтан ажыратылғанына көз жеткізіңіз, әйтпесе ток соғу қаупі төнеді. Бумен тазалағыш жабдықты қолданушы
- Тазалағыш заттарды құрылғыға тікелей бүркімеңіз, себебі ток соғу қаупі төнеді.56
3. Қажетті қосымшаны («Қосымшалар» тарауын
қараңыз) орнына орналасқанша металдан жасалған ұзарту түтігінің шетіне бекітіңіз. Құрылғыңыз Қуатты қашықтан басқару тетігімен жабдықталған болса, бірге берілетін батареяларды салу керек (27) («Мүмкіндіктер» тарауындағы «Қуатты қашықтан басқару тетігі» параграфын
ШАҢСОРҒЫШТЫ ҚОЛДАНУ Шаңсорғышты сүзгілерін немесе шаң контейнерін салмай қолданбаңыз, себебі құрылғы зақымдалуы
1. Қуат кабелін (35) шығарып, құрылғыны
розеткаға қосыңыз (220/240 В). Құрылғыны іске қоспас бұрын қуат кабелін толығымен шығарып алған жөн.
2. Құрылғыны іске қосу үшін іске қосу/тоқтату
түймесін (32) басыңыз.
3. Сору қарқындылығын таңдау үшін (модельге
байланысты) +/- түймесін қолданыңыз және Қуатты қашықтан басқару тетігімен қуатты электрондық жолмен реттеңіз (24, 25); немесе электрондық қуат реттегішін қолмен итеріңіз (31). Зақым келтірмеу үшін перде, мата, жастық сияқты нәзік заттарды тазалаған кезде төмен сору күшін ШАҢСОРҒЫШ СИПАТТАМАСЫ
1. Бірнеше функциялы щетка*
2. Қылшақты реттеу педалі
5. Қаптағыш щеткасы*
6. Нәзік беттерге арналған ұш*
9. Металдан жасалған төменгі ұзарту түтігі
10. Түтік ұзындығының реттегіші
11. Металдан жасалған жоғарғы ұзарту түтігі
14. Қуатты қашықтан басқару тетігі*
15. Тұтқаның ұстайтын жері
16. Иілгіш пластик түтік
19. Шаң сауытының қақпағы
20. Төменгі мультициклон
21. Шаң сауытының контейнері
22. Жоғарғы мультициклон
23. Шаң сауытының тұтқасы
24. Қуат электронды түрде реттеуге арналған +
25. Қуат электронды түрде реттеуге арналған -
28. Шаң сауытының толу индикаторы*
29. Сүзгіні тазалау қажеттігінің индикаторы*
30. Күту индикаторы*
31. Электрондық қуат реттегіші*
32. Іске қосу/тоқтату түймесі
33. Іске қосу және кідірту функциясы*
34. Кабельді орау түймесі
36. Шаң сауытын босату түймесі
37. Мультициклондық сүзгі
- кейбір модельдерде ғана
Мультициклондық шаңсорғышты сатып алғаныңызға алғыс білдіреміз. Тиімді әрі өнімділігі жоғары құрылғыны таңдадыңыз. Hotpoint тұтынушылар қызметі қамтамасыз ететін мүмкіндіктерді толығымен пайдалану үшін бұл өнімді www.hotpoint.co.uk сайтында тіркеген жөн. Мультициклондық шаңсорғышта тиімділік пен эргономика біріктірілген. Тиімділігі жоғары жаңа моторлар аз қуат тұтынып, оңтайлы тиімділікті қамтамасыз етеді. АЛҒАШ РЕТ ПАЙДАЛАНБАС
1. Пластмассалық майысқақ түтікті (16) сору
кірісіне (18) «тық» еткен дыбыс естілгенше кіргізіп бекітіңіз. Оны шешіп алу үшін (17) түймесін басып, шығарып алыңыз.
2. Металдан жасалған жоғарғы ұзартқыш түтікті
(11) орнына бекітілгенше түтік тұтқасына (12) кіргізіңіз. Түтіктің ұзындығын реттеу үшін түтік ұзындығының реттегішін (10) қолданыңыз.57
қолдануды немесе сору әсерін азайту үшін кем дегенде ауа реттегішін (13) ашуды ұсынамыз.
4. Мүмкіндік болса, шаңсорғышты тоқтата тұру
үшін Қуатты қашықтан басқару тетігінде күту түймесін (26) немесе Іске қосу және кідірту функциясын қолданыңыз (модельге байланысты). Щетканы көлденең орналасқан орнына салсаңыз болғаны (33).
5. Құрылғыны өшіру үшін іске қосу/тоқтату
түймесін (32) қайтадан басыңыз.
6. Айырды розеткадан ағытып, орау аяқталғанша
кабельді орау түймесін (34) басып тұрыңыз. Орау кезінде кабель түйінделіп қалмауын қамтамасыз етіңіз.
7. Сорғыш басты корпусқа (33) бекітіп,
құрылғыны қойып қойыңыз. Иілгіш пластик түтік түйінделіп қалса, шаңсорғышты қоспаңыз, әйтпесе құрылғы зақымдалуы мүмкін. МҮМКІНДІКТЕР Жарық диодты индикаторлар (28, 29,
30) және электрондық қуат реттегіші
(31) (бар болса) Шаң сауытының толу индикаторы (28): шаң сауыты толса немесе бітеліп қалса, жарық диод қосқышы жанады. Шаң сауытын тазалағаннан немесе бітеген затты алып тастағаннан кейін жарық диоды автоматты түрде сөнеді. Сүзгіні тазалау қажеттігінің индикаторы (29): шамамен 50 сағат қолданғаннан кейін жарық диоды жанады. Тазалағаннан кейін («Тазалау және техникалық қызмет көрсету» тарауын қараңыз) индикаторды бастапқы қалпына келтіру үшін, Қуатты қашықтан басқару тетігіндегі «+» таңбасын (24) бірнеше секунд басып тұрыңыз. Күту индикаторы (30): Қуатты қашықтан басқару тетігіндегі күту түймесін (26) қолданған кезде сору күші тоқтап, электрондық қуат реттегіші (31) бір рет жыпылықтайды. Сору күшін қайта қосу үшін күту түймесін (26) басыңыз. Күту индикаторы үнемі жанып тұрады. Электрондық қуат реттегіші (31): осы түйме басылғанда сору күші циклде жұмыс істейді (мин. -> орташа -> макс. -> мин.). Соның арқасында қажетті сору күшін орнату мүмкін болады. Қуатты қашықтан басқару тетігі Қуатты қашықтан басқару тетігі (14) (бар болса) сору күшін еңкеймей-ақ тұтқадан тікелей әрі оңай реттеуге мүмкіндік береді. Шаңсорғышты қолданған кезде, күту түймесін (26) басу арқылы оны күту режиміне қоюға болады. Қуатты қашықтан басқару тетігінің батареяларын салу немесе ауыстыру:
1. Батарея бөлігін (27) ашыңыз.
2. Оң және теріс полюстеріне назар аударып, екі
ААА батареясын салыңыз.
3. Батарея бөлігін, орнына «тық» етіп
бекітілгенше жабыңыз. Іске қосу және кідірту Іске қосу және кідірту функциясы (33) (бар болса) шаңсорғышты күту режимінде ұстап, тазалау басын қойып қоюға мүмкіндік береді: щетканы корпусына салсаңыз болғаны. Hepa 14 сүзгісі Белсенді көміртегімен өңдейтін Hepa 14 сүзгісі (38) шаңды барынша ұстап қалуды (>99,995%) және иістерді сүзуді қамтамасыз етеді. ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ Шаңсорғышты тазаламас немесе оған қызмет көрсетпес бұрын, ол розеткадан ажыратылғанына көз жеткізіңіз. Құрылғыны, оның ішкі бөліктерін және қосымшаларды тазалау үшін әсері күшті немесе абразивті заттарды қолданбаңыз. Тазалау үшін құрғақ не сәл дымқыл жұмсақ шүберек қолданыңыз. Құрылғыны қайта қоспас бұрын құрылғы мен оның барлық бөлшектері құрғақ екеніне көз жеткізіңіз. Сүзу өнімділігін қалпына келтіру үшін сүзгіні кем дегенде 6 айда бір рет тазалап тұрған жөн. Қайтсе де, максималды өнімділікті қамтамасыз ету үшін сүзгіні кем дегенде жыл сайын ауыстырған жөн. Шаңсорғышты әрдайым сүзгісін орнатып қолданыңыз. Шаң сауытын тазалау Шаң сауытын жүйелі тазалап отыру үшін келесі процедураны ұстаныңыз (Е):
1. Тұтқадағы (23) шаң сауытын босату түймесін
(36) басып, шаң сауытын шығарып алыңыз.
2. Шаң сауытын қақпағын төмен қаратып, тік
3. Шаң сауыты қақпағының құлпын(19) басып,
шаң сауытын (21) ашыңыз.
4. Шаң сауытын босатыңыз.
5. Шаң сауытының қақпағын «тық» еткен дыбыс
естілгенше жауып, қайтадан негізгі корпусқа
Қалған кірді кетіру мақсатымен шаң сауытын жуу үшін мына әрекеттерді орындау керек (С)
1. Шаң сауыты контейнерін жумас бұрын, оны58
босатқаныңызға көз жеткізіңіз.
2. Шаң сауытын ашу үшін, жоғарғы шаң сауытын
суретте (С) көрсетілгендей бұрап, жоғарғы мультициклондағы индикатор белгісін (22) шаң сауытындағы құлыпты ашу белгісіне (21)
3. Жоғарғы мультициклонды шаң сауытынан
4. Шаң сауытын ағып тұрған сумен жуу арқылы
қалған кірді кетіріңіз.
5. Бөлшектері кепкенше бөлме
температурасында ұстаңыз.
6. Шаң сауытын жабу үшін, жоғарғы шаң
сауытын суретте (С) көрсетілгендей бұрап, жоғарғы мультициклондағы белгіні (22) шаң сауытындағы құлыптау белгісіне келтіріңіз
7. Жоғарғы мультициклондағы индикатор белгісі
(22) және шаң сауытындағы құлыптау белгісі бір-біріне дәл келтірілгенде шаң сауыты дұрыс орнатылған болады.
8. Шаң сауытын қайтадан негізгі корпусқа
Сүзгілерді тазалау (F) Бұл модельде Аса таза Нера 14 сүзгісі бар. Аса таза Нера 14 сүзгісі аллергендерге қарсы максималды қорғау деңгейін және жоғары ауа сапасын қамтамасыз етеді, себебі құрылғыдан шығарылған ауа шаң/ұнтақ қалдықтарынан толығымен тазартылған болады (сүзу дәрежесі > 99,995 %). Артқы жақтағы Аса таза Нера 14 сүзгісін (38)
1. Ашу тілінің көмегімен ауа торын (39) шешіп
2. Ашу тілін босату арқылы Аса таза Нера 14
сүзгісін шығарып алыңыз.
3. Судың күші тым жоғары болмауына назар
аудара отырып, сүзгіні су ағынында жуыңыз.
4. Су қабатталған жерлеріне параллель
5. Барлық бөлшектері кепкенше бөлме
температурасында ұстаңыз.
6. Кетіктерінің орнын байқап, Аса таза Нера 14
сүзгісін орнына салыңыз.
7. Ауа торын корпусына «тық» еткен дыбыс
естілгенше кіргізіңіз. Мультициклондық сүзгіні тазалау (37):
1. Тұтқадағы (23) шаң сауытын босату түймесін
(36) басып, шаң сауытын шығарып алыңыз.
2. Суретте көрсетілгендей (F) шаң сауытындағы
тұтқадағы иінтірекпен ашыңыз.
3. Сүзгіні ашу құлақшасынан тартып шығарыңыз.
4. Судың күші тым жоғары болмауына назар
аудара отырып, сүзгіні су ағынында жуып,
5. Бөлшектері кепкенше бөлме
температурасында ұстаңыз.
6. Сүзгіні шаң сауытының ішіндегі арнайы
7. Шаң сауытының тұтқасын жабыңыз.
Бірнеше функциялы щетка Бірнеше функциялы щетка (1) қатты едендерді және кілемдерді күнделікті тазалауға қолайлы. Бірнеше функциялы щетка (1) ауа ағынын оңтайландыратындай жасалып, әсіресе қатты әрі тегіс едендер мен кілемдерді тазалауға қолайлы. Щетка қосымша педалін (2) төмендегілерді тазалау үшін қолданыңыз: Қатты едендер
Паркет щеткасы Паркет щеткасы (4) ағаш едендер сияқты нәзік жерлерді тазалауға қолайлы. Арнайы табиғи қылдар оны өте нәзік беттерді зақымдамай тазалауға мүмкіндік береді. Люкс паркет щеткасы Люкс паркет щеткасы (3) нәзік және паркетпен қапталған едендерді тазалауға қолайлы. Щетка өте шаңсорғыштың сору күшімен басқарылатын нәзік айналмалы қылдармен және нәзік едендерді қорғайтын жұмсақ дөңгелектермен жабдықталған. Люкс паркет щеткасының пластмассалық бөліктерін тазалау үшін щетканы металдан жасалған төменгі ұзарту түтігінен (9) ажыратып, құрғақ немесе сәл дымқыл жұмсақ шүберекпен сүртіңіз. Айналмалы қылдарды тазалау үшін қауіпсіздік құлпын орнына бұрып, шешіп алыңыз да, тазалауға кірісіңіз. Байланып қалған шаштар мен жіптерді қайшымен кесіп алыңыз, бірақ щетканың қылдарын зақымдап алмаңыз. Қаптағыш щеткасы Қаптағыш щеткасы (5) диван, матрас, көрпе, жастық, т.б. заттарды тазалауға қолайлы. Ол шаңсорғыштың сору күші басқаратын айналмалы қылдармен жабдықталған, олар болса терең тазалауға және маталардан жүн, шаш немесе59
кенелерді кетіруге мүмкіндік береді. Қорғайтын тор қылдардың тазаланатын бетке тиюіне жол бермей, маталарды нәзік түрде өңдеуді қамтамасыз етеді.
Қосымша қысқыштағы (7) жіңішке ұш (8) бұрыштарды, қисық жерлерді және тазалануы қиын басқа жерлерді тазалауға көмектеседі. Нәзік беттерге арналған ұш Қосымша қысқыштағы (7) нәзік беттерге арналған ұш (6) батарея, жиһаз, т.б. сияқты арнайы күтім қажет ететін беттерді тазалауға қолайлы. Оның арнайы табиғи қылдар оны өте нәзік беттерді зақымдамай тазалауға мүмкіндік береді. ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ҚАПТАМА МАТЕРИАЛДАРЫН ТАСТАУ Қаптама материалының 100% қайта өңдеуге болады және ол қайта өңдеу таңбасымен (*) белгіленген. Сондықтан қаптаманың әр түрлі бөліктерін тастағанда жауапкершілік танытып, қоқыс тастауға қатысты жергілікті органдардың ережелерін ұстану қажет. ТҰРМЫСТЫҚ ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОҚЫСҚА
Бұл құрылғы қайта өңдеуге болатын немесе қайта қолдануға болатын материалдардан жасалған. Оны қоқыс тастауға қатысты жергілікті ережелерге сәйкес тастаңыз. Тұрмыстық электр құрылғыларды өңдеу, қалпына келтіру және қайта өңдеу туралы қосымша ақпарат алу үшін, жергілікті органға, тұрмыстық қоқысты жинаумен айналысатын қызметке немесе құрылғыны сатқан дүкенге хабарласыңыз. Бұл құрылғы электр және электрондық құрылғылардың (WEEE) қалдықтарына қатысты 2012/19/EU Еуропа директивасына сәйкес белгіленген. Осы өнімнің дұрыс тасталуын қамтамасыз ету арқылы қоршаған орта мен адам денсаулығына тигізетін кері әсерінің алдын алуға көмектесесіз. Өнімдегі немесе ілеспе құжаттамадағы (*) таңбасы бұл өнім кәдімгі тұрмыстық қоқыс сияқты тасталмай, электр және электрондық жабдықты қайта өңдеумен айналысатын тиісті жинау орталығына тапсырылуы тиіс екенін білдіреді. СӘЙКЕСТІК МӘЛІМДЕМЕЛЕРІ Бұл құрылғы Еуропаның №666/2013, №665/2013 нормативінің Экологиялық дизайн талаптарына сай келеді. Шаңсорғыш қолданысы қатты беттер мен кілемде (жалпы мақсаттағы қолданыс) тексеріліп, төмендегі негізгі Еуропа нормативтеріне сәйкес келетіні расталған: EN 60312-1; EN 60704-1; EN 60704-2-160
АҚАУЛЫҚТАРДЫ ЖОЮ Ақаулық Ықтимал себептері / шешімдері Шаңсорғыш өшірілмейді. • Іске қосу және кідірту түймесінің басылғанын тексеріңіз.
- Айыр қосылмаған немесе тимей тұр.
- Өнім Іске қосу және кідірту функциясы (бар болса) қосылып, қойып қойылған болса, щетканы корпустан алып, Іске қосу және кідірту түймесін басыңыз. Толмаса да, шаң контейнерінің толу индикаторы жанады.
- Шаң контейнерін тазалаңыз.
- Сүзгілерді тазалаңыз және қажет болса, оларды ауыстырыңыз.
- Ұзарту түтігі, иілгіш түтік және щетка қысылып қалмағанына көз жеткізіңіз. Сору күші төмен. • Сүзгілерді тазалаңыз және қажет болса, оларды ауыстырыңыз.
- Ұзарту түтігі, иілгіш түтік және щетка қысылып қалмағанына көз жеткізіңіз.
- Шаң сауытын және оның сүзгілерін тазалаңыз.
- Шаң деңгейі максималды деңгейде тұрғанын не тұрмағанын тексеріңіз, максималды деңгейде болса, шаң сауытын босатыңыз. Қуатты қашықтан басқару жұмыс
- Батарея зарядталмаған.
- Батареялар бөлігіне батареялар дұрыс салынбаған. Оң және теріс полюстеріне назар аударып, екі ААА батареясын орналастырыңыз.
- Оң және теріс полюстеріне назар аударып, батареяларды шығарып алыңыз да, қайта орнатыңыз.
- Электрондық құрылғылар немесе басқа заттар кедергі жасап тұруы мүмкін.
- Мотор қызып кеткен. Көп қолданылған кезде мотор қызып кетуі мүмкін. Мотор суығанша 60–90 минут күтіңіз (Ол физикалық сыртқы параметрлерін байланысты). Сорған кезде кіші электростатикалық разрядтар
- Ұн сияқты өте ұсақ шаң не ұнтақ сорылса, аздаған электростатикалық разрядтар байқалуы мүмкін. Жоғарыда айтылған заттар сорған кезде металдан жасалған ұзарту түтігін қолданбай, тек пластмассалық майысқақ түтікті қолданыңыз және төмен сору күшін орнатыңыз. Қолданған кезде шаңсорғыш ысқырған дыбыс шығарады немесе дірілдейді.
- Бір немесе бірнеше қосымша дұрыс орнатылмаған. Сүзгілер мен щеткалар нұсқауларға сәйкес орнатылғанына көз жеткізіңіз.
- Сүзгілерді тазалаңыз және қажет болса, оларды ауыстырыңыз.
- Ауа реттегіші ашық. Ол дұрыс жабылғанына көз жеткізіңіз. Щетка әзер қозғалады. • Сору күшін азайтыңыз, әсіресе кілемдер мен жалпы маталарды тазалаған кезде. «Сору әсерін» азайту үшін ауа реттегішін ашыңыз. Шаңсорғыш қолданылып жатқанда өшіп қалады
- Мотор қызып кеткен. Көп қолданылған кезде мотор қызып кетуі мүмкін. Мотор суығанша 60–90 минут күтіңіз (Ол физикалық сыртқы параметрлерін байланысты).
- Ұзарту түтігі, иілгіш түтік және щетка қысылып қалмағанына көз жеткізіңіз.61 itbg ИНСТРУКЦИИ ЗА БЕЗОПАСНОСТ ВАЖНО! ДА СЕ ПРОЧЕТАТ И СПАЗВАТ
Notice-Facile