SV 7 Premium - бумен тазалағыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз SV 7 Premium Kärcher PDF форматында.
| Өнім түрі | Бу тазалағыш |
| Бренд | Kärcher |
| Модель | SV 7 Premium |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 510 x 330 x 340 мм |
| Салмағы (аксессуарсыз) | 9,1 кг |
| Электрмен жабдықтау | 220-240 В, 50-60 Гц |
| Тұтынылатын қуат (қазандық) | 1100 Вт |
| Номиналды қуат (турбина) | 1100 Вт |
| Буға арналған максималды қысым | 0,4 МПа |
| Қыздыру уақыты | 5 минут |
| Бу шығынының максималды мөлшері | 65 г/мин |
| Қазандық сыйымдылығы | 0,45 л |
| Су резервуарының сыйымдылығы | 0,5 л |
| Су сүзгі науасының сыйымдылығы | 1,2 л |
| Дыбыс қысымының деңгейі | 71 дБ(A) |
| Қорғау класы | I |
| Қорғау дәрежесі | IP X4 |
| Негізгі функциялар | Сору, булау, бір уақытта сору + булау |
| Жеткізілетін аксессуарлар | Бу шлангі, сору түтіктері, еден саптамасы, қол сорғыш, қарындаш саптамасы, диван сорғыш, жиһаз щеткасы, және т.б. |
| Қауіпсіздік | Қауіпсіздік бекітпесі, ашу түймесі, 15 минут әрекетсіздіктен кейін автоматты тоқтау |
| Күтім | HEPA сүзгісін әр 4 ай сайын тазалау, пайдаланғаннан кейін су сүзгі науасын төгу және тазалау |
| Қолжетімді қосалқы бөлшектер | HEPA сүзгісі (реф. 2.860-229), дөңгелек щеткалар жиынтығы (реф. 2.860-231) |
| Кепілдік | Дистрибьютордың шарттарына сәйкес, материалдық немесе өндірістік ақаулар үшін тегін жөндеу |
Жиі қойылатын сұрақтар - SV 7 Premium Kärcher
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы SV 7 Premium Kärcher
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бумен тазалағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз SV 7 Premium - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. SV 7 Premium брендінің Kärcher.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ SV 7 Premium Kärcher
Қауіпсіздік туралы нұсқаулар КК 6
Буйым сипаттамасы КК 9
Дайындык КК 10
Колдану КК 11
Жабдыктарды қолдану КК 13
Кедергілер болғанда көмек алу KK 15
Техникалық мағлүматтар КК 16
Жалпы нускаулар
Курметті тутынушы,

Буйымды алғашқы қолдану алдында пайдалану нұсқауын мұқият оқып шығыңыз, нұсқауларды орындал,
кейінгі пайдалану үшін немесе осы аппаратты кейін пайдаланатын түлғалар үшін сақтап қойыңыз.
Буйымды мақсатына сәйкес қолдану
Бул буйымды үй шаруашылығына ғана қолданыңыз.
Буйым бу жасау үшін және осы пайдалану нұсқаулығында көрсетілгендей төгілген сұйықтықтар мен қатты бөлшектерді сору үшін жасалған.
Бүйым шығарушы, мақсатына сәйкес келмеген қолдану немесе қате қолдану арқылы пайда болатын зияндар үшін кепілдеме бермейді.
Колдану туралы нұсқаулықтағы символдар мен белгілер
ΔΚΑΥΠ
Бұл белгі тікелей түрде түсетін қауіпті білдіреді, бұл қауіп ауыр дене жарақаттарына және өлімге әкелуі мүмкін.
△ЕСКЕРТУ
Бұл белгі мүмкін болатын қауіпті жағдайды көрсетеді, бұл қауіп ауыр дене жарақаттарына және өлімге әкелуі мүмкін.
△АБАЙЛАҢЫЗ
Бұл белгі мүмкін болатын қауіпті жағдайды көрсетеді, бұл қауіп жеңіл дене жарақаттарына немесе заттар мен бұйымдарға зиян келтіруі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Материалдық зиянға әкелетін ықтимал қауіпті жағдайға нұсқау.
Бұйымдағы символдар мен белгілер
By
Назар аударыңыз – ыстық будың күйдіру қаупі бар

Қоршаған ортаны қорғау

Қаптау материалдары екінші өңдеуге жарамды. Қаптаманы үй қоқысына тастамаңыз, оларды екінші өңдеу үшін бөлек жинаңыз.

Өз мерзімін аяқтаған құралдарда бағалы, екінші өңдеуге жарамды материалдар бар. Сондықтан қолданылған және ескі бұйымдарды арнайы іріктеп жинау жүйелері арқылы қалдықтарға тапсыруыңыз керек.
Курамындағы заттар туралы анықтамалар (REACH)
Буйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мағлұматтарды төменде көрсетілген интернет беттерімізде оқи аласыз:
Буйымдарымыз үшін әр елде жауапты өтім серіктестеріміз тарапынан шығарылатын кепілдеме шарттары күште болады. Егер материалдардың ақаулығы немесе дайындау барысындағы қателіктер табылса, біз ықтимал ақаулықтарды кепіл мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепіл мерзімі ішінде наразылықтарыңыз болса, аспапты сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті сервистік қызмет көрсету орнына сатып алу чегін көрсетіп, хабарласыңыз.
Өндірілген күні көрсетілген түр кестесінде шифрланған.
Жеке сандардың мағынасы келесідей болады:
Мысалы: 30190
3 Өндірілген жылы 0 Өндірілген ғасыры 1 Өндірілген онжылдық 9 Өндірілген айының екінші саны 0 Өндірілген айының бірінші саны
Сонымен бұл мысалда 30190 коды 09 /(2)013 өндірілген күнін білдіреді.
Қосалқы бөлшектер
Тек қана түпнұсқалық KARCHER қосалқы бөлшектер қолданыңыз. Қосалқы бөлшектердің суреттемесі осы нұсқаулықтың соңында берілген.
Қауіпсіздік туралы нұсқаулар
Қауіпсіздік ережесін Пайдалану нұсқауындағы ережелермен қоса, жалпы заңды қауіпсіздік және жазатайым оқиғаны алдын алу талаптарын сақтаған жөн.
Осы нұсқаулықтарға қарсы жасалған кез келген қолданыс кепілдің жойылуына әкеледі.
⚠️ҚАУІП
Жарылу қаупі бар жерлерде пайдалануға тыйым салынады. ■ Қауіпті аймақта бұйымды қолдану кезінде тиісті қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет. ■ Суы бар жузу бассейнінде аппаратты қолданбаңыз. ■ Бу ағынын электрлік бөлшектері бар бұйымдарға (мысалы, пештердің ішіне) тікелей бағыттамаңыз. ■ Пайдалану алдында бұйым мен жабдықтардың дұрыстығын тексеріңіз. Егер қызметі ойдағыдай болмаса, қолдануға тыйым салынады. Электр токқа қосу кабельдерін, қауіпсіздік қалпақшасын және бу беру шлангісін ерекше тексеруден өткізіңіз. ■ Бұзылып қалған кабельдерін дереу түрде осы жұмыстар үшін рұқсаты
бар арнайы мамандар арқылы ауыстыртып алуыңыз тиіс.
Бұзылып қалған жоғары қысымды бу беру шлангісін дереу түрде ауыстыртып алуыңыз тиіс. Бұйым шығарушы тарапынан рұқсат етілген ғана бу беру шлангісі қолданылуы тиіс. ■ Кабель ашасы мен электр розеткасын ешқашан ылғалды қолмен ұстамаңыз не түртпеніз. ■ Ешқашан аспапты жалаңаяқ қоспаңыз. ■ Егер штепсельді айыр розеткаға қосылып тұрса, ешқашан бұйымды су қолмен ұстамаңыз. ■ Ешқашан бұйымды суға немесе басқа да сұйықтықтарға қоймаңыз. ■ Құрамында қауіпті заттары бар бұйымдарды бумен тазаламаңыз (мысалы, таскендір). Жақын аралықтан бу ағынына қолыңызды тигізбеніз және оны адамдар немесе жануарларға қарай бағыттамаңыз (ыстық будың күйдіру қаупі бар).
⚠️ ЕСКЕРТУ
■ Бұйымды тек электршінің IEC 60364 стандартына сәйкес қондырған электр розеткасына қосуға болады.
Бұйымды тек қана ауыспалы токқа қосыңыз. Ток кернеуі бұйымның түрі белгісіндегі көрсетілген кернеуіне сәйкес болуы тиіс. Ылғалды бөлмелерде, мысалы, ванна бөлмелерінде, бұйымды арнайы FI қауіпсіздік ажыратып-қосқышымен розеткаға қосу тиіс. Жарамсыз электрлік ұзарту кабельдерін қолдану қауіпті болуы мүмкін. Ұзартқыш ретінде тек су бүркіндісінен сақтайтын кемінде 3 х 1 мм² көлденең қималы электрлік кабельді пайдаланыңыз. Электр ашасы мен ұзартқыш жалғауы суда жатпау керек. Электр токқа қосу кабелі немесе ұзартқыштағы жалғау муфталарын алмастыру кезінде бүркіндіден сақталуын және механикалық беріктікті қамтамасыз ету қажет. Пайдаланушы бұйымды нысанына байланысты қолдану керек. Бұйыммен жұмыс істеу кезінде жергілікті ерекшеліктерге назар аударуы керек, жақында жүрген адамдарды ескеруі қажет.
Бұл құрылғыны физикалық, сенсорлық немесе ақыл-ой дамуы шектелген немесе тәжірибесі және/немесе біліктілігі жоқ адамдар білікті маманның бақылауында болмаған кезде немесе осы мамандар тарапынан бұйымды қолдану тәсілі және оған қатысты қауіптер түсіндірілмеген кезде пайдаланбауы тиіс. ■ Балалар 8 жастан асқан жағдайда немесе олардың қауіпсіздігіне жауапты адам бақылауында немесе құрылғының қолдану тәсілімен және оған қатысты қауіптермен танысқан кезде ғана құрылғыны қолдана алады. ■ Балаларға құрылғымен ойнауға рұқсат бермеңіз. Балаларға құрылғымен ойнауға жол бермеу үшін оларды бақылап отыру керек. ■ Балалар құрылғыны тек ересектердің бақылауында тазалауы және пайдалануы мүмкін. ■ Бұйымды ешқашан қосулы күйінде қалдыруға болмайды. Электр розеткалары бар кафельді қабырғаларды тазалау кезінде қауіпсіздікті сақтаңыз.
■ Бұйыммен қышқылдар мен сілтілерді сормаңыз, себебі олар аспапқа зиян келтіруі мүмкін. Бұйыммен бұйымның ішкі бөлшектерімен қатынас кезінде жарылып кететін жарылғыш ұнтақтарды немесе сұйықтықтарды сормаңыз. ■ Улы заттар сормаңыз. Жанғыш немесе тұтанғыш заттарды сормаңыз, мысалы тұқылдар, күл немесе басқа жанғыш немесе тұтанғыш заттар. ■ Егер бұйым құласа, оны өкілетті қызмет көрсету орны тексеруі қажет, себебі өнім қауіпсіздігін төмендететін ішкі ақаулықтар пайда болуы мүмкін.
АБАЙЛАҢЫЗ
Электр токқа қосу кабелі мен ұзартқыштың қысылу, қысылу, созылу және т.б. нәтижесінде пайда болған ақаулардың болмауын қадағалау керек. Электр кабельдерін ыстықтың, майдың әсерінен және өткір қырлардың зақымдануынан сақтаңыз. Сумен толтыру уақытында бұйымды міндетті түрде электр тоғынан шығарып, электр ашасын розеткадан шығарып алу керек.
Су резервуарына еріткіштерді, еріткіші бар сұйықтықтарды және де араластырылмаған қышқылдарды (мысалы, жуғыш заттар, жанармай, бояуларға арналған еріткіш немесе ацетон) құюға тыйым салынады, әйтпесе, бұйымның жасалған материалдарына зиян келтіруі мүмкін. ■ Бұйым тұрақтылықты сақтайтын жерде тұруы керек. Жылуға сезімтал төсемдерге ыстық бұйымды қоймаңыз. Бұйымды қосылып тұрған асүйлік плита, электрплитасы немесе басқа жылу көздерінің қасында қалдырмаңыз. ■ Батырмаларды басуда тым артық күш салмаңыз, сонымен қатар үшкір заттарды, т.б. пайдаланбаңыз. Бұйымды сипаттамаға немесе суретке сәйкес қана қолдану және сақтау қажет! ■ Жұмыс барысында бу берудің деңгей реттегішін бекітуге болмайды. Бұйымды қуат көзі желісінен шығарудан бұрын, оны негізгі ажыратқыштан өшіріңіз.
■ Бұйымды қуат көзі желісінен ажырату кезінде кабельден емес, штепсельді айырдан тарту керек. ■ Желі бауын аспапты айналдыра орамаңыз, әсіресе бұйым әлі суымай тұрған кезде. Бұйымды жаңбырдан сақтаңыз. Далада ашық аспан астында сақтауға болмайды.
Қауіпсіздік құралдары
Қауіпсіздік құралдарының мақсаты қолданушыны қауіптен сақтандыру, осылардың күштен шығарылмауы немесе функцияларын ықылассыз қалтырып әрекет етілмеуі керек.
Ажырату түймесі
■ Бульсору шлангісіндегі тұтқада будың кездейсоқ шығуын болдырмайтын ажырату түймесі бар. ■ Егер булы сору шлангісі қысқа мерзімге бақылаусыз қалса, ажырату түймесін іске қосу ұсынылады (тоқтату түймесін басыңыз). ■ Бу шығарылуын қайтадан қосу үшін, ажырату түймесін өшіріңіз (тоқтату түймесін қайтадан басыңыз).
Бұйым сипаттамасы
Сіздің бұйымыңыздың жеткізілу көлемі қорапшада бейнеленген. Бұйым қорапшасын ашқанда қорапша ішіндегі бұйым мен бөлшектерінің толық және бұзылмаған түрде болғандығын тексеріп алыңыз. Егер кейбір жабдықтар жоқ болса немесе тасымалдау кезіндегі ақаулар болса, аппаратты сатқан фирманы хабардар етіңіз.
Суреті бар беттерін жайып ашыңыз!

1 Негізгі қосқышы 2 Бу қазанның қосқышы 3 Бақылау шамы - Су аздығы 4 Бақылау шамы - Қысым индикаторы 5 Бақылау шамы - Сорғыту күші 6 Тасымалдау тұтқасы, қайырмалы 7 Су резервуарының суармалы келте құбыры 8 Бу жіберуді реттеу 9 Қақпағы бар бұйымның электрлік розеткасы 10 Ауа шығу саңылауы 11 Роликтер 12 Желілік кабелі 13 Желілік кабелі үшін орны 14 Қою үшін ұстаушы 15 EPA сүзгісі 16 НЕРА-сүзгіні шығару тұтқышы 17 Су сүзгісі сауыты 18 Су сүзгісі сауытының тұтқасы 19 Су сүзгісінің қақпақшасы 20 Су сүзгісі ендірме 21 Формаланған кеуекті сүзгі 22 Микроперфорациялық тесіктер бар сүзгісі 23 Бұрылғыш
Керек-жарақтар
Бу шығару керек-жарақтары
A3 Бу шығару түймесі
A4 Сору түймесі
A5 Тұтқа
A6 Бұл ашасы
A7 Бұл штекерің бекіткіші
В Бұл сорғыш түтіктері
В1 Тұрақ күйі
В2 Бекіткіш тетігі
С Еденнен сору шүмегі
С1 Қылтарақ жолағының ендірмесі
D Бұл сору қол шүмегі
D1 Терезе тазалау ендірмесі (кең)
D2 Терезе тазалау ендірмесі (тар)
D3 Қылшақ ендірмесі
D4 Түкті матадан жасалған қап
Е Бұл сору нүктелі ағын шүмегі
E1 Ұзартқыш
Е3 Дөңгелек қылшақ
Сорғыш керек-жарақтары
J Құбырлар мен сорғыш түтігіне арналған құбырларды тазалағыш қылшақ
К Қосалқы дорба
L Қосалқы тығыздауыштар (дөңгелек кесікті сақиналар жинағы)
М Көпіршік болдырмаушы (FoamStop)
Дайындық
Су сауытын толтыру
Нұсқау
Кәдімгі құбыр суын қолдануға болады.
Бірақ суда уақыт өте келе қақтың пайда болуына әкелетін кальций болатындықтан, 50% құбыр суынан және 50% дистильденген судан тұратын қоспаны пайдалану ұсынылады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Су резервуарына дұрыс емес суды құюдан пайда болатын мүліктің зақымдалуы.
→ Кір кептіргіштен конденсациялық суды пайдаланбаңыз! → Тазалағыш заттарды не басқа қоспаларды (мысалы, жұпар) құймаңыз! → Таза дистильденген суды қолданбаңыз! Макс. 50% дистильденген су мен 50% құбыр суы. → Жаңбыр суын қолданбаңыз!
Сурет A1
→ Максималды толтыру деңгейін көрсететін қалтқы көрінбегенше су резервуарын шамамен 0,5 литр сумен толтырыңыз. → Су резервуарын жабыңыз.
Нұсқау
Бу қазаны автоматты түрде су резервуарынан су алады. Бұйымды алғаш рет іске қосу алдында су резервуарын екі рет толтыру керек.
Су сүзгісі бар сауытты толтыру
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Су сүзгісі сауытының бос болғандықтан пайда болатын мүліктің зақымдалуы.
→ Су сүзгісі сауытының қолданыс кезінде әрқашан толы болуын қамтамасыз етіңіз.
Сурет B 1
→ Су сүзгісі сауытының тұтқасын көтеріңіз. → Су сүзгісі сауытын тартып шығарыңыз.
Сурет B 2
→ Су сүзгісі ендірмесін шығарыңыз.
Сурет B 4
→ MAX H₂O су деңгейінің көрсеткіші жабылмағанша су сүзгісі сауытын құбыр суымен толтырыңыз. → Көпіршік болдыртпаушыдан (FoamStop) бір қалпақшасын өлшеп алып, оны су фильтр сауытына құйыңыз.
Сурет B 3
→ Су сүзгісі ендірмесін су сүзгісі сауытына қайта салыңыз.
→ Тұтқаны бастапқы күйіне бекітілмегенше бұраңыз.
→ Су сүзгісі сауытының тұтқасын бұйым ішіне салыңыз.
Нұсқау: Сорғыш құралдың жұмысының негізі - тартылып отырған ауаның су сүзгісі ішінде құйындауы. Осы жұмыс уақытында сорылып тартылған заттар мен еден жууға арналған тазалау бұйымдарының қалдықтары су буларымен бірге жиналады. Кейбір жағдайларда бұл көпіршіктің пайда болуына әкелуі мүмкін. Бұған жол бермеу үшін, Сіз көбікке қарсы құралмен толтырылған ыдысты суға салуыңыз қажет. Жұмыс уақытындағы біраз көпіршіктену қалыпты жағдай, бұл бұйым функциясына ешбір ықпал етпейді.
Қолдану
Қолдану кезінде бұйымды көлденең тұрысқа қою керек.
△АБАЙЛАҢЫЗ
Будың кездейсоқ кемуінен жарақат алу қаупі.
→ Жұмыс кідірісі не бақылау барысында ажырату түймесі әрқашан Тоқтату күйінде іске қосылғанына көз жеткізіңіз.
Нұсқау
Бу шығарылуын жалғастыру үшін, Тоқтату күйін қайта басу арқылы өшіріңіз.
→ Бұйым розеткасының қақпағын ашыңыз.
→ Бу штекерін бұйымның электр розеткасына тығыздап енгізіңіз. Сонымен қатар штекер шертпек естілетіндей болып, орнатылуы қажет.
Cypet C2
→ Барлық керек-жарақтарды тұтқаға немесе булы сорғыш түтіктерін тікелей бекітуге болады.
Cypet D2
→ Екі ұзартқыш түтікті бір-біріне жалғау үшін, сағат бағыты сақталуы керек.
Бу шығару және соруға арналған керек-жарақтар
Cypet D1
→ Тұтқаны немесе ұзартқыш түтікті қалаған керек-жараққа жалғаңыз.
Cypet D2
△АБАЙЛАНЫЗ
→ Бұйымды қолдану кезінде құлыптау інтірегі жабық күйінде болуы тиіс! → Бекіткіш тетігі ортада орналасқан (ашық күйі). → Керек-жарақтарды қорғау үшін: Бекіткіш тетігін оңға қарай бұраңыз да, төмен жылжытыңыз (жабық күйі). → Керек-жарақтарды пайдалану алдында, олардың берік бекітілгендігін тексеріңіз. → Керек-жарақтарды ажырату үшін: Бекіткіш тетігін жоғары жылжытыңыз да, солға қарай бұраңыз. → Бекіткіш тетігі енді қайтадан ортада орналасады да, керек-жарақтарды бір-бірінен ары тартуға болады.
Сорып алу қолдану
Бұл бұйыммен шаң мен төгілген сұйықтықтарды соруға болады.
△АБАЙЛАНЫЗ
Будың кездейсоқ кемуінен жарақат алу қаупі.
→ Ажырату түймесін іске қосыңыз.
Cypet E1
→ Негізгі қосқышты басыңыз. Сору күшін бақылау шамдарының бірінші сатысы жыпылықтай бастайды.
Cypet E2
→ Тұтқадағы сору түймесін жылдам басыңыз. Сору әрекеті минималды күшпен басталады. Сору күшін бақылау шамдарының екінші сатысы үнемі жанып тұрады. → Сору әрекетін аяқтау: Сору түймесін қайтадан жылдам басыңыз.
Нұсқау
Сору функциясын қайта қосқан кезде, бұйым алдында орнатылған сору күшімен жұмыс істей бастайды.
Сору күшінің күйге келтіруі
Сору күшінің реттелуі тазаланатын бетке байланысты болады.
Cypet E2
→ Сору түймесін басып тұрыңыз. → Сору күші алдымен тұрақты көтеріледі де, ең жоғары деңгейге жеткенде тұрақты төмендей бастайды. Бұл сору күшін бақылау шамдары арқылы көрсетіледі.
| Денгей Материал/бет | |
| 1 Перделер | |
| 2 | Дивандар және жұмсақ жиңаз |
| 3 Кілемдер/кілем қаптамалары: | |
| 4 Еденнен сорғыту немесесүйықтықтарды сорғыту | |
Нұсқау
Саты нөмірі сору күшін бақылау шамдарының көрсеткішіне сәйкес болады.
Су сүзгісі
Су сүзгісі сауытындағы кір су деңгейінің көрсеткіші ең жоғары күйіне жеткен соң, сору функциясы автоматты түрде бұғатталады. Мұндай жағдайда қозғалтқыштың қатты айналуы естіледі. 10 секундтан кейін бұйым автоматты түрде Кідірту күйіне ауысады.
Cypet E1
→ Бұйымды қосыңыз.
Сүрет
→ Кір суды су сүзгісі сауытынан төгіңіз.
Сүрет B 4
→ Содан кейін қажетті су деңгейіне жетпегенше суды қайта қую қажет болады.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Кідірту функциясы қосулы кезінде қайтадан тікелей қосудан болатын мүліктің зақымдалуы.
→ Ауа шығару сүзгісінің зақымдалуына жол бермеу үшін, бұйымды Кідірту функциясы қосулы кезінде қоспаңыз.
Тазалау жұмыстарын қайтадан бастау үшін, "Су сүзгісі сауытын босату және тазалау" бөлімін қараңыз.
Бумен өңдеу қолдану
Сүрет E1
→ Негізгі қосқышты басыңыз. Сору күшін бақылау шамдарының бірінші сатысы жыпылықтай бастайды.
Сүрет F1
→ Бу қазанының қосқышын басыңыз да, қосқыш жанады. → Қысым көрсеткіш бақылау шамы жанғанша күтіңіз. Бұйым енді бумен өңдеу режимінде жұмыс істеуге дайын.
Сүрет F2
→ Тұтқадағы бу шығару түймесін басыңыз. Бу шығару түймесі басылып тұрғанша бу шығарылады.
Сурет F1
→ Бу шығару әрекетін аяқтау үшін, бу қазанының қосқышын басыңыз.
Бу шығуын тоқтату
Бу реттегіштің айналмалы қосқышын қолдану арқылы бу шығарылымын оңтайландыруға болады.
Сурет F3
→ Бу шығарылымын көбейту үшін: Айналмалы қосқышты сағат бағытымен бұраңыз. → Бу шығарылымын азайту үшін: Айналмалы қосқышты сағат бағытына қарсы бұраңыз. Жеңіл бу: (Позиция 1-2) Өсімдіктерге су бүрку үшін, маталарды, тұсқағаздар, жұмсақ жиһаздар тазалау т.б. үшін. ■ Қалыпты бу: (Позиция 3) Кілем салынған едендер, кілемдер, әйнек беттер, едендер үшін. ■ Қатты бу: (Позиция 4-5) Қатты кірлерді, дақтарды және майды кетіру үшін.
Су резервуарын кез келген кезде қайта толтыруға болады.
Нұсқау
Бу қазанында судың жеткіліксіз мөлшері болған кезде, сорғыш автоматты түрде суды су резервуарынан бу қазанына жібереді. Су резервуары бос болған кезде, сорғыш бу қазанын толтыра алмайды да, бу шығуы бұғатталады.
Су резервуарындағы судың жеткіліксіздігін судың жеткіліксіздігіне арналған бақылау шамы мен дыбыстық сигнал көрсетеді. Жұмысты жалғастыру үшін, "Су резервуарын толтыру" бөлімін қараңыз.
Бумен өңдеу және сорып алу режимі
Сурет E1
→ Негізгі қосқышты басыңыз. Сору күшін бақылау шамдарының бірінші сатысы жыпылықтай бастайды.
Сурет F1
→ Бу казанының коскышын басыңыз да, коскыш жанады. → Кысым көрсеткіш бақылау шамы жанғанша күтіңіз. Бүйым енді бумен өндеу режимінде жұмыс істеуге дайын.
→ Тұтқада бір уақытта бу шығару түймесін және сору түймесін басыңыз. Сору әрекеті минималды күшпен басталады да, бір мезетте бу жіберіліп тұрады.
Бу шығару және сору функциясын пайдалануды жалғастыру үшін, "Бу шығаруды пайдалану" және "Соруды пайдалану" бөлімдерін қараңыз.
→ Жұмысты тоқтатқан кезде, булы сорғыш түтігін тұрақ ұстағышына іліңіз.
Қуат үнемдеу режимі
Бұйым 15 минуттан ұзақ пайдаланылмаған жағдайда, ол автоматты түрде күту режиміне өтеді және қазан өшеді.
Сорғыту күшіне арналған бақылау шамының бірінші қадамы сорғыту көрсеткішінің қалыпты қосылуынан ұзақ жыпылықтай бастайды.
Қайта пайдалану үшін келесі мүмкіндіктер бар:
→ Негізгі қосқышты өшіріп, қайта қосыңыз. немесе
→ Бу шығару түймесін немесе сору түймесін ең кемі 3 секунд басып тұрыңыз.
Жұмысты аяқтау
Сурет E1
→ Негізгі қосқышты басыңыз.
Сурет C2
→ Желілік кабельді қуат көзінен ажыратыңыз.
Сурет H
→ Бу ашасын бұйымнан ажыратыңыз: Бу ашасының бекітпесін басып тұрыңыз және бу ашасын бұйым розеткасынан шығарыңыз.
Бұйымды сақтау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қолданудан кейін керек-жарақтарды тазалау жұмысын орындамаудан болатын мүліктің зақымдалуы.
→ Бұйымды тазаламас бұрын, әрқашан барлық керек-жарақтарды жақсылап тазалаңыз. → Барлық керек-жарақтарды ажыратыңыз. → Су шүмегінің астындағы керек-жарақтарды таза сумен шайыңыз. → Түтіктер мен булы сору шлангісін құбырларды тазалағыш қылшақ көмегімен таза су астында шайыңыз. → Керек-жарақтарды толығымен құрғатыңыз. → Бұйымды құрғақ және суық тимейтін жерде сақтаңыз.
Су сүзгісі бар сауытын босату және тазалау
Сурет B1
→ Су сүзгісі сауытының тұтқасын көтеріңіз. → Су сүзгісі сауытын тартып шығарыңыз.
Сурет B2
→ Тұтқаны артқа бұраңыз. → Су сүзгісі ендірмесін шығарыңыз.
Cypet I
→ Су сүзгісі сауытын төгу құралын еңкейту арқылы босату.
Cypet J
→ Шағын саңылаулы торы бар сүзгі корпусынан буынды толығымен шығарылмағанша тартыңыз. → Барлық құрамдастарды алып тастаңыз және ағынды су астында шайыңыз. Зақымдалған сүзгіні ауыстырыңыз. Жаңа сүзгіні сатып алу үшін, өкілетті қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ
Шағын саңылаулы сүзгіге дұрыс емес буынды орнатудан пайда болатын мүліктің зақымдалуы.
→ Орнатқан кезде, буындағы көрсеткі шағын саңылаулы сүзгідегі белгіге сәйкес келетіндігін тексеріңіз.
Cypet B 3
→ Су сүзгісі ендірмесін су сүзгісі сауытына қайта салыңыз. Cypet B 1 → Су сүзгісі сауытының тұтқасын бұйым ішіне салыңыз. Cypet B 1 → Тұтқаны бастапқы күйіне бекітілмегенше бұраңыз. Cypet L → Желілік кабельді біркелкі орап алыңыз және желілік кабель қалтасына салыңыз. Cypet M → Су сүзгісі сауытын орнына қайта қойыңыз және оның дұрыс орналасқандығына көз жеткізіңіз.
Жабдықтарды қолдану
Теріні, ерекше маталарды немесе ағаш төсемдерді өңдеген кезде, жасап шығарушы нұсқаулықтарын оқып шығу қажет және жұмысты бастамас бұрын, алдымен үлгіде немесе көрінбейтін жерде жұмысты жасап көру қажет. Түс немесе формасының өзгеруін тексеру үшін, бумен өңделген төсемдер кебулері керек. Ағаш төсемдерді (жиһаз, есіктерді, т.б.) өңдеген кезде өте сақ болуыңызды ұсынамыз, себебі бумен тым ұзақ өңдеу балауызды беттерге, төсемдердің жылтырауына немесе сырына зиян келтіруі мүмкін. Сондықтан осындай төсемдердің беттерін бумен қысқа өңдеу қажет немесе тазалауды алдын ала бумен өңделген маталы майлықпен жасау керек. Әсіресе сезімтал төсемдер үшін (мысалы, синтетикалық материалдар, лакталған беттер, т.б.) ең аз қуатты бумен өңдеу функциясын пайдалану ұсынылады. Жоғары сапалы болатты тазалау: Қырнайтын қылшақтарды қолданбаңыз. Қол шүмегін резеңке ыскышымен немесе нүктелі ағын шүмегін деңгелек қылшақсыз орнатыңыз.
Тоқыманы жаңарту
Бұйыммен тазалауды бастамас бұрын, әрқашан көрінбейтін аймақта тоқыманың бу әсеріне тұрақтылығын тексеріңіз: Алдымен бумен тазалаңыз да, кептіріп, матаның түсі, пішіні өзгеруін тексеріңіз.
Еден жууға арналған шүмегі
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бұл өнімділігінің жоғары параметрін орнатудан пайда болатын мүліктің зақымдалуы.
→ Паркет сияқты сезімтал едендерді тазалау жұмысы тек ең жоғары сору күшімен және минималды бу өнімділігімен орындалуы керек.
Қолданыс мысалдары
■ Үлкен беттер, керамикалық, мәрмәр едендерді, паркет, кілемдерді және т.б. тазалау. ■ Қылшақ жолақтарының ендірмесі бар еден сору шүмегі: Ынтымақты кетірілетін кірді еріткішпен өңдеу және қылшақпен тазалауға арналған. Резеңке выскыш ендірмесі бар еден сору шүмегі: Тегіс беттерден сұйықтықтарды сорғытуға арналған. Эбонит ендірмесі бар еден сору шүмегі: Кілем беттерді тазалау және жаңарту.
Ендірмелерді орнату
Cypet D3
→ Еден сору шүмегінің құлпын сыртқа жылжытыңыз. → Ендірмені қылшақтың төменгі жағына орнатыңыз. → Ендірме қорғалғаннан кейін, құлыпты ішке жылжытыңыз. → Ендірмелерді алып тастау: Құлыпты қайтадан сыртқа жылжытыңыз. → Ендірмені шығарыңыз.
Нүктелі ағын шүмегі
Тазалау сапасы шүмектің кірленген жерге жақындығына тәуелді жоғарылайды, себебі бумен өңдеу температурасы мен қысымы шыға берісінде ең жоғары болып табылады.
Қолданыс мысалдары
Нүктелі ағын шүмегін қол жеткізуге қиын жерлерде қолдану ұсынылады. Жоғары сапалы болатты, әйнек беттерін, айналарды және эмаль төсемдерін тазалау. ■ Баспалдақ бұрыштарын, терезе мен есік жақтауларын, алюминий профильдерін тазалау. ■ Арматураларды тазалау. ■ Терезе қақпақтарын, батареяларды тазалау.
Нүктелі ағын шүмегі және керек-жарақтар
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Сезімтал беттерде деңгелек қылшақты қолданудан пайда болатын мүліктің зақымдалуы (мысалы, боялған беттердегі сызаттар).
→ Сезімтал беттерде дөңгелек қылшақты қолданбаңыз.
Дөңгелек қылшақ әсіресе плиталардың жылытқыш элементтері, жалюзи, плита арасындағы тігістер, санитарлық құрылғылар және т.б. сияқты кішкентай беттердегі қиын кетірілетін кірге арналған.
■ Ұзартқыш: Осы керек-жарақтың көмегімен әсіресе қол жеткізуге қиын жерлерді оңтайлы тазалауға болады. Батареялар, есік жақтаулары, терезелер, жалюзи, санитарлық құрылғыларды тазалау үшін мінсіз.
Қол шүмегі
Қолданыс мысалдары
■ Сору қол шүмегін үлкен шыны және айна беттерінде, бүкіл тегіс беттерде немесе дивандар, матрастар және т.б. сияқты маталы беттерде қолдану ұсынылады.
Қол шүмегі және керек-жарақтар
■ Терезе тазалау ендірмесі, кең: Терезе әйнегі және үлкен көлемді беттер. ■ Терезе тазалау ендірмесі, кіші: Терезе әйнегі және кішкентай көлемді беттер. ■ Қылшақтары бар диск: Кілемдер, сатылар, машина салоны, бүкіл маталы беттерге арналған (алдымен көрінбейтін жерде сынап көру керек). Абразивті тазалау мен жуып тазалауға арналған. Түкті матадан жасалған тыскапты қол шүмегіне тартып кигізіңіз. Әсіресе үлкен емес, жууға болатын аудандар үшін жақсы келеді, мысалы, душ кабиналары және айналар үшін.
Әйнектерді тазалау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Суық терезе әйнектеріне бу шығарудан пайда болатын мүліктің зақымдалуы.
→ Аса суық температуралы жыл мезгілдерінде әйнекті шамамен 50 см қашықтықтан өңделетін төсемге бу жіберу арқылы алдын ала жылытып алу керек.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Терезе жақтауларының жабылған жерлеріне бу шығарудан пайда болатын мүліктің зақымдалуы.
→ Осы жерлерге буды бағыттамаңыз. → Әйнек бетін шамамен 20 см қашықтықтан біркелкі бумен өңдеңіз. → Бу берілісін өшіріңіз. → Әйнек бетін кесек-кесекпен үстінен астына қарай резеңке ыскышпен алып тастап, сорғытыңыз. → Резеңке ыскышты және астыңғы терезе жиегін қажетінше құрғақ шүберекпен сүртіңіз.
Жұмсақ жиһаздарға арналған сорғыш шүмек (кішкентай)
Ол саңылауларға арналған плиталар, есік жақтауы, жалюзи саңылаулары және т.б. сияқты қол жеткізу қиын беттерден кірді сорғытуға арналған.
Жұмсақ жиһаздарға арналған сорғыш шүмек (үлкен)
Дивандар, креслолар, матрастар, автокөліктегі орындықтар және т.б. сияқты тоқымалы беттерді тазалауға арналған.
Саңылау шүмегі
Бұрыштар, жапсарлар, батареялар мен қол жеткізу қиын жерлерге арналған.
Жиһаз жаққышы
Сурет жақтаулары, кітаптар және т.б. сияқты сезімтал беттерді тазалауға арналған.
Арнайы жабдықтар
Цилиндрлік қылшақтар комплекті (Тапсырыс № 2.860-231) 4 нүктелі ағын шүмегінің түрлі-түсті цилиндрлік қылшақтар.
Күту мен техникалық тексеру жұмыстары
ΔΚΑΥΙΠ
Электрлік ток соғудан өлім қаупі.
→ Бұйым бойынша өткізілетін барлық жұмыстар уақытында бұйымды міндетті түрде электр тогынан шығарып, электр ашасын розеткадан шығарып алуы тиіс.
→ Бұйым суығанша күтіңіз.
→ Жөндеу жұмыстары мен электр бөлшектері бойынша жұмыстар тек қана осы жұмыстар үшін рұқсаты бар арнайы мамандар арқылы ауыстыртып алуыңыз тиіс.
■ Қылшақтарды сувту және кептіру кезінде қылдың үстіне қоймаңыз, себебі ол деформациялануы мүмкін. Бұйым корпусын сыртынан тазалау үшін тек қана дымқыл майлықты қолданыңыз. Еріткіштер мен жуғыш заттарды қолданбаңыз, себебі олар пластик беттерге зиян келтірулері мүмкін. Су сүзгісі сауытын тазалау үшін, "Бұйымды сақтау" бөлімін қараңыз.
Жөндеу
■ Бу ашасындағы төсемдердің күйін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Қажет болса, оларды ауыстырыңыз. Дәл сол тексерісті бу құбыры мен тұтқаның қосылым төсемдерінде де орындаңыз.
HEPA сүзгісі
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
НЕРА сүзгілерін қате тазалаудан пайда болатын мүліктің зақымдалуы.
→ Қажет болғанда, тек ағынды су астында тазалаңыз; сүртпеңіз не қылшақпен тазартпаңыз. → Су сүзгісі сауытын алып тастау үшін, "Су сүзгісі сауытын толтыру" бөлімін қараңыз.
Сурет K
→ НЕРА сүзгісінің шығару ілгерегін көтеріңіз де, сүзгіні орнынан алып тастаңыз. → НЕРА сүзгісін суық ағынды сумен жуыңыз. → Тазалаудан кейін қоқыс қалдықтары мен қалған суды кетіру үшін, сүзгіні абайлап қағыңыз.
Нұсқау
НЕРА сүзгісін жарық пен жылу көздерінен алшақ, таза ауада кептіріңіз. НЕРА сүзгісін бұйым ішіне тек құрғақ күйінде енгізіңіз.
■ Зақымдалған НЕРА сүзгісін ауыстыру ■ НЕРА сүзгісін әр 4 ай сайын тазалау керек. ■ НЕРА сүзгісінің ұстағышта дұрыс орналасқандығына көз жеткізіңіз. ■ НЕРА сүзгісін тұтқамен қайтадан бұғаттаңыз.
Кедергілер болғанда көмек алу
Кемшіліктердің себебін төменде көрсетілген тізімге сәйкес өзіңіз жоя аласыз. Күдікті жағдайларда немесе осында аталмаған себептер болған жағдайда Қызмет көрсету бөлімінің арнайы мамандарына хабарласыңыз.
Электр тогы соғудан өлім қаупі.
→ Бұйым бойынша жүргізілетін барлық жұмыстар кезінде бұйымды міндетті түрде электр желісінен ажыратып, электр ашасын розеткадан шығарып алу керек. → Бұйым суығанша күтіңіз. → Жөндеу жұмыстары мен электр бөлшектеріне қатысты жұмыстарды тек осы жұмыстарға рұқсаты бар арнайы мамандар ғана орындауы тиіс.
Бұйым сормай тұр
Ток берілісі үзілді
→ Ток ашасын розеткадан шығарып, қосу кабелі мен ток ашасының зақымдалған жерінің бар-жоғын тексеріңіз.
Керек-жарақтар/сорғыту шлангісі/сорғыш түтіктері бітелген немесе қысылған
Керек-жарақтар/сорғыту шлангісі/сорғыш түтіктері 10 секундтан артық бітелген немесе қысылған жағдайда, төменгі қысым пайда болып, электрондық жабдық қауіпсіздік мақсатында қозғалтқышты өшіреді.
→ Бұйымды өшіріңіз. → Бітелуді жойыңыз. → Бұйымды қосыңыз.
Бұйым бөлшектеріндегі қасаң
→ Керек-жарақтар, сорғыш шлангісі немесе сорғыш түтіктері бітелген. Бітелуді жойыңыз. → Су сүзгісінің ендірмесін тазалаңыз. → Су сүзгісі сауытындағы суды ауыстырыңыз.
→ НЕРА сүзгіні ауыстырыңыз.
Тазалау қасиеті төмендейді.
Су сүзгісі бар сауыттың суы өте ластанған
→ Су сүзгісі бар сауытта суды ауыстырыңыз.
Сұйықтықтарды сору кезінде су шығуы болады.
Қалқығыш қосып-өшіргіші жабылған.
→ Су сүзгісі бар сауыттың қақпақшасын тазалаңыз.
Шаңсорғыш сормай тұр.
Қалқығыш қосып-өшіргіші жұмыс істеп кетті.
→ Шаңсорғышты өшіріп қойыңыз, резервуарға суды дұрыс деңгейге дейін құйыңыз да, бұйымды қайтадан қоссаңыз.
Техникалық мағлұматтар
| Электр куатка косу | |||
| Электр кернеуі | 220-240 | В | |
| 1~50-60 | Гц | ||
| Корғау дәрежесі | IP X4 | ||
| Корғау классы | I | ||
| Жұмыс параметрлері | |||
| Қазанның қолдану куаты | 1100 Вт | ||
| Турбинаның кернеу куаты | 1100 Вт | ||
| Ең жоғарғы бу қысымы | 0,4 | бар | |
| Жылу уақыты | 5 Минут | ||
| Ең жоғарғы бу мөлшері | 65 | г/мин | |
| Толтыру мөлшері | |||
| Бу қазаны | 0,45 | ||
| Су сауыты | 0,5 л | ||
| Су фильтр сауыты | 1,2 л | ||
| Көлемі | |||
| Үзындығы | 510 | мм | |
| Жалпақтығы | 330 | мм | |
| Бийктігі | 340 | мм | |
| Бүйымның керек-жарактарсыз салмағы | 9,1 кг | ||
| Дыбыс қысымы деңгейі | |||
| Дыбыс деңгейі(EN 60704-2-1) | 71 | дБ(А) | |
Техникалық өзгерістер пайда болып қалуы мүмкін!