BRAUN TexStyle 9 SI 9188 BK - темір

TexStyle 9 SI 9188 BK - темір BRAUN - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз TexStyle 9 SI 9188 BK BRAUN PDF форматында.

📄 103 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice BRAUN TexStyle 9 SI 9188 BK - page 86
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BRAUN

Модель : TexStyle 9 SI 9188 BK

Санат : темір

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз темір PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз TexStyle 9 SI 9188 BK - BRAUN және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. TexStyle 9 SI 9188 BK брендінің BRAUN.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ TexStyle 9 SI 9188 BK BRAUN

DLB253492_5712710611_SI9_UI_INT.indb 83 21.12.16 10:09Қазақ Пюре жабдығы Осы өнімді пайдаланардан бұрын нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.

Сақтандыру: Ыстық үстілер ! Электр үтіктері жоғары температура және ыстық буымен жұмыс істеп, күйіп қалу кауібіне апара

Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан асқан балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері төмен немесе тәжірибесі және білімі жоқ адамдар қадағаланса немесе құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалануға қатысты нұсқаулар алса және байланысты қауіптерді түсінсе пайдалана алады.

Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс.

Тазалау және техникалық қызмет көрсету балалар тарапынан бақылаусыз орындалмауы тиіс.

Қолданыс кезінде немесе үтікті суыту кезінде үтіктің сымын балалардың қолы жетпейтін жерге қою керек.

Егер қуатпен қамту сымы зақымдалған болса, жарақатты болдырмау үшін ол өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе ұқсас өкілеттігі бар тұлғалар тарапынан ауыстырылуы тиіс.

Су құярда бекетті әрқашан қуат көзінен суырыңыз.

Құрылғыны тұрақты беткейде қолданып, тұрақты жерге

Үзіліс кезінде үтікті арнайы қойғышына немесе тіреуішіне қойыңыз. Үтік тіреуішін тұрақты беткейге қойыңыз.

Құрылғы қуат көзіне жалғанып тұрғанда, оны бақылаусыз қалдыруға болмайды.

Құрылғыны құлатып алсаңыз, бүліну белгілері айқын көрініп тұрса немесе сұйықтық жылыстаса, қолдануға болмайды. Қуат сымдарының күйін жиі тексеріңіз.

Бұл құрылғы үй шарусында қолдануға ғана арналған және тағамдарды үй шаруасына қажетті мөлшерде ғана қолдану қажет.

Қуат сымын ыстық заттарға, үтік табанына, суға және үшкір нәрселерге тигізбеген дұрыс.

Розеткаға жалғар алдында, қуат көзінің кернеуі құрылғы түбінде көрсетілген кернеу мәніне сәйкес болуын және розетканың жерге тұйықталуын қадағалаңыз.

Ұзартқыш қолданылғанда, ұзартқыштың күйін тексеріңіз және қуат ашасының жерге тұйықталғанын және құрылғыда көрсетілген қуат мәніне (16A) сәйкес болуын қадағалаңыз.

Үтік те, табаны да өте жоғары температураға жете қызады, сондықтан күйіп қалу қаупі жоғары болады. Қолыңызды тигізбеңіз.

Абай болыңыз: Осы бу үтіктің қуаты өте жоғары, сондықтан сіздегі электр қуатының жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз. Электр желісінің импедансының 0.198 Ом мәнінен жоғары емес екеніне көз жеткізу үшін электр қуатымен жабдықтайтын жергілікті компанияға хабарласыңыз.

DLB253492_5712710611_SI9_UI_INT.indb 84 21.12.16 10:09Сипаттамасы 1 Бүріккіш қондырма 2 Су сауытының қақпағы 3 Бүріккіш түйме 4 Бу реттегіші 5 Қарқынды бу жіберу түймесі 6 Қарқынды бу жіберу тетігі 7 Teмператураны басқару шамы 8 Қуат сымы 9 Таяныш 10 Үш өлшемді (3D) үтік табаны (A) Үтіктеуді бастау Су сауытына су құю

  • Құрылғының өшірулі және тоқ көзінен ажыратулы екеніне көз жеткізіңіз.
  • Үтікті сәл қисайтып тұрып, “max” деңгейінен асырмай, су сауытына су құйыңыз. Егер сіздегі су аса кермек болса, біз 50 % шүмектен аққан су мен 50% тазартылған суды қосып пайдалануды ұсынамыз.
  • Абай болыңыз: Тазартылған судың жалғыз өзін ешқашан пайдаланбаңыз. Ешқандай қоспалар қосуға болмайды (мысалы, крахмал). Кір кептіретін машинада жиналған суды қолданбаңыз. Бумен үтіктеу
  • Үтікті таянышына (9) қойыңыз да, тоққа
  • Үтік қыза бастайды да, үтіктегі температураны басқару шамы (7) жыпылықтайды.
  • Таңдалған температураға жеткен кезде, температураны басқару шамы үнемі жанып тұрады. Керемет iCare технологиясының арқасында бір температура параметрінің көмегімен үтіктеуге болады, бұл барлық киім түрлерін үтіктеу үшін өте қолайлы, тіпті нәзік матадан тігілген киімдер де бүлінбейді. Бу параметрлері:
  • Үздіксіз бу (қалыпты) Бу реттегішті (4) «1» мен «6» аралығындағы ауқымда бұру арқылы бу көлемін таңдаңыз. Әдеттегідей үтіктеу үшін орташа бу параметрін орнатуды ұсынамыз. Тек зығыр, қалың мата немесе джинс мата сияқты қатқыл маталарды үтіктеген кезде ғана ең үлкен бу беру параметрін орнатқан

Ескертпе: Үтіктеу кезінде бу реттегішін «6» параметрінен асырып бұрмаңыз.

  • Үздіксіз бу (қарқынды) Бу реттегіші «0» мен «6» мәндерінің аралығында тұрғанда, буды барынша көп беріп, аса қатты қыртысталған жерлерді тегістеу үшін қарқынды бу беру түймесін (5) басу арқылы турбо функциясын іске қосуға болады. Қарқынды бу беру түймесін көп дегенде 30 секунд басыңыз.
  • Қарқынды бу жіберу Пайдаланардан бұрын қарқынды бу жіберу тетігін (6) іске қосу үшін оны

Суды қатты қарқынмен беру үшін қарқынды бу беру тетігін бірнеше секунд сайын басыңыз. Үтікті тік қалыпта ұстап, қарқынды бу жіберу тетігін тарту арқылы қарқынды бу жіберу функциясын пайдалануға болады. Бұл функция ілулі тұрған киімнің, перделердің т.с.с. қыртысын кетіру үшін өте пайдалы. Бүрку функциясы Бүрку функциясы (3) шығаратын ұсақ су тозаңы матаны біркелкі дымқыл етеді де, қатты матадағы қыртысты үтіктеуді жеңілдетеді. Құрғақ үтіктеу Бу реттегіш тетікті (4) «0» қалпына қойыңыз (= бу өшірулі). Үш өлшемді (3D) үтік табаны Үш өлшемді үтік табанының бірегей дөңгелек пішіні үтіктелетін бұйымның барлық жерлерінде және барлық бағытта – тіпті кері қарай да жақсы сырғуын қамтамасыз етеді. (B) Авто өшіру Үтік табанында шамамен 1 минут жатқан кезде немесе таянышында тігінен шамамен 8 минут тұрған кезде, қауіпсіздік үшін және қуат тұтынуын азайту үшін авто өшіру функциясы автоматты түрде іске қосылады.

  • Үтік авто өшіру режимінде болғанда, температураны басқару шамы (7) жыпылықтап тұрады.
  • Үтікті қайтадан іске қосу үшін оны алға қарай қозғаңыз.
  • Қайтадан үтіктеуге кіріспес бұрын температураны басқару шамы жанғанша күтіңіз.

DLB253492_5712710611_SI9_UI_INT.indb 85 21.12.16 10:09(C) Үтіктегеннен кейін

  • Үтікті тоқтан суырыңыз да, су сауытын
  • Үтікті сақтауға қоймас бұрын суытып

1. Бу реттегіш тетікті (4) «0» қалпына

(= бу өшірулі) орнатыңыз.

2. Су сауытына су құйыңыз.

4. Температураны басқару шамы (7)

үздіксіз жанғанша күтіңіз де, үтікті тоқтан ажыратыңыз. Үтікті шұңғылшаның үстінде ұстап тұрыңыз.

5. Бу реттегішін сағат тілінің бағытымен

«6» бу параметрінен асырып бұраңыз. Сырт еткен дыбыс естілгенде, серіппенің ұшы көрінгенше оны тігінен сыртқа қарай тартыңыз. Оны түгелдей алып шығу қажет. Өздігінен тазару

6. Құрылғыны шұңғылшаның үстінде

ұстап тұрып әрі-бері қозғаңыз. Бу сауытынан шығатын әк түйіршіктерімен бірге үтік табанынан ыстық су мен бу шығатын болады. 1-6-қадамдарды қайталаңыз. Клапанды жуу Үтік барынша жақсы жұмыс істеуі үшін қарқынды бу жіберу түймесінің төменгі шетінде орналасқан клапанды мезгіл- мезгіл жуып тұру керек (мысалы, бу шығару жеткіліксіз болған кезде).

7. Қақ тұрғызбайтын клапанды сірке

суына (сірке суының эссенциясына емес) немесе лимон қышқылына кем дегенде 30 минут матырып қойыңыз.

8. Шөккен қалдықты шөткемен жинап

алыңыз да, ағып тұрған суға жуыңыз. Бастапқы қалпына келтіру

9. Бу реттегішін орнына салыңыз,

күшпен төмен басыңыз да, «6» бу параметріне қайтадан бұраңыз.

10. Су сауытына қайтадан су құйыңыз.

12. Температураны басқару шамы

үздіксіз жанғанша күтіңіз. Ескертпе: Үтікті бу реттегіш тетіксіз ешқашан да пайдалануға болмайды. Дүкенде сатылатын қақ тазартқыштарды пайдалануға болмайды, олар үтікті бүлдіруі мүмкін. Ескертпе: Қақтан тазарту жиілігі судың кермектік дәрежесіне, пайдаланылатын будың көлеміне және үтіктеу жиілігі мен ұзақтығына байланысты болады. Қақтан тазарту процедурасын кем дегенде айына бір рет іске асырған дұрыс болады. (E) Үтік табанын тазалау

  • Тазалардан бұрын үтіктің өшірілгеніне, тоқтан ажыратылғанына және әбден суығанына көз жеткізіңіз.
  • Saphir үтік табанын тазалау үшін болат жөкені пайдаланыңыз. Eloxal үтік табанын тазалау үшін дымқыл шүберекті пайдалануды

Үтік табанының атауы сый қорапта және үтік табанының өзінде басылған.

  • Химиялық заттарды, сірке суын немесе қырғыш жөкені (мыс., қатты нейлон матасы бар жөке т.с.с) пайдалануға

Ескертусіз өзгертілуге жатады. Құрылғының қызмет мерзімі аяқталғанда, оны тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Құрылғыны Braun компа- ниясының сервис орталығына немесе өз еліңіздегі тиісті жинау орындарына апару арқылы арылыңыз.

DLB253492_5712710611_SI9_UI_INT.indb 86 21.12.16 10:09Шығарылған жылы Шығарылған жылын белгілеу үшін бұйым тақташасындағы 5-сандық шығарушы кодын қараңыз. Шығарушы кодының бірінші саны шығарған жылдың соңғы санын білдіреді. Келесі 2 сандар шығарылған жылдың күнтізбелік апта санын білдіреді. Ал соңғы 2 сандар 1992 жылдан бастап автоматты түрде есептелген басып шығару мерзімін

Мысалы: 30421 – Бұйым 2013 жылының 4 аптасында шығарылған. Үлгі SI 9188 Кернеу 220 – 240 В Герц 50-60 Гц Ватт 2350-2800 Вт

температура: +5ºC және +45°C Ылғалдылық: < 80% Венгрияда жасалған үшін Делонги Браун Хаусхолд ГмбХ Германия Заңды өндіруші: Делонги Браун Хаусхолд ГмбХ Карл-Улрих-Штрассе ң 63263 Ной-Изенбург Бұйымды іске пайдалану нұсқаулығына сәйкес өз мақсатында пайдалану керек. Бұйымның қызмет мерзімі тұтынушыға сатылған күннен бастап 2 жылды құрайды. Импортер: «Делонги» ААҚ, Ресей, 127055, Москва қаласы, Сущёвская көшесі, 27/3-үй (27-үй, 3-құрылым) Тел. +7 (495) 781-26-76 Ақаулықтарды жою нұсқаулығы АҚАУЛЫҚ ЫҚТИМАЛ СЕБЕПТЕРІ ШЕШІМІ Үтіктеу кезінде матаға су

Су сауытының қақпағы дұрыс жабылмаған. Су сауытының қақпағын үстінен басыңыз да, жабылғанын тексеріңіз. Су сауытына химиялық заттар құйылған. Су сауытына химиялық заттарды немесе иіссуды құюға болмайды. Су сауытын босатыңыз да, 2-3 рет шайып жіберіңіз. Бу қосқышы тым ұзақ пайдаланылған. Әр пайдалану арасында кем дегенде бірнеше секунд күтіңіз. Үтік тоқтан ажыратылғаннан кейін немесе сақтауда болғаннан кейін оның табанынан су тамшылайды. Бу реттегіш тетік “0” деңгейінен асыра орнатылған. Бу реттегіш тетікті “0” деңгейіне

Су сауытында су болғанда үтікті көлденең жатқызып

Үтіктеп болғаннан кейін су сауытын босатыңыз да, суыту кезінде үтікті орнықты жерге тігінен тұрғызып қойыңыз. Үтіктен бу аз шығады немесе мүлде шықпайды. Су сауыты босап қалған. Су сауытына қайтадан су құйыңыз. Клапанға тым көп қақ

Клапанды тазалаңыз. Бу шығару үшін үтік жеткілікті дәрежеде әлі

Үтік әбден қызғанша және температураны басқару шамы үздіксіз жанғанша күтіңіз. Үтіктеген кезде үлпектер мен ұсақ ақ қоқсық

Үтіктің бу сауытының ішінде әк түзілген. Қақтан тазарту процедурасын орындаңыз (бу сауыты мен клапанды тазалаңыз). Бүрку функциясы немесе қарқынды бу жіберу функциясы дұрыс жұмыс

Су сауыты босап қалған. Су сауытына қайтадан су құйыңыз. Жарық диодты шам үздіксіз жанады. Температура датчигінде ақаулық бар. Құрылғыны тоқтан ажыратыңыз да, қайта жалғаңыз. Егер ақаулық жойылмаса, Braun компаниясының тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласыңыз.