TexStyle 7 TS 735 TP - темір BRAUN - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз TexStyle 7 TS 735 TP BRAUN PDF форматында.

BRAUN TexStyle 7 TS 735 TP - темір
📄 80 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы
Notice BRAUN TexStyle 7 TS 735 TP - page 67
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы TexStyle 7 TS 735 TP BRAUN

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз темір PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз TexStyle 7 TS 735 TP - BRAUN және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. TexStyle 7 TS 735 TP брендінің BRAUN.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ TexStyle 7 TS 735 TP BRAUN

Үтікті пайдаланар алдында пайдалану туралы нұсқауларды түгелдей оқып шығыңыз. Нұсқауларды құрылғының бүкіл қызмет мерзімі бойында сақтаңыз.

Маңызды сақтық шаралары

- Сіздегі кернеудің үтікте басылған кернеуге сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

- Абай болыңыз: Осы бу үтіктің қуаты өте жоғары, сондықтан сіздегі электр қуатының жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз. Электр желісінің импедансының 0,32 Ом мәнінен жоғары емес екеніне көз жеткізу үшін электр қуатымен жабдықтайтын жергілікті компанияға хабарласыңыз.

- 8 жасқа толған балалар және дене, жүйке не болмаса ақыл-ой кемістігі бар, немесе осы құрылғыны қауіпсіз пайдалану үшін тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар тек оларды біреу қадағаласа немесе оларға құрылғыны қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқау берілсе, және төнетін қатерлер туралы түсінетін болса ғана, олардың бұл құрылғыны қолдануына болады. Балаларға құрылғымен ойнауға тыйым салынған. Балалар 8 жастан аспаған болса және ересектердің қадағалауы болмаса, олар тазалау және күтіп ұстау жұмыстарын іске асырмауға тиіс.

Жұмыс істеп және суып тұрған құрылғыны және оның электр сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін жерде ұстау керек.

- Абай болыңыз: Беткі қабаттары ыстық! Электр үтіктерінде болатын жоғары температуралар мен ыстық, будан күйіп қалуға болады.

- Су құяр алдында үтікті әрдайым токтан ажыратыңыз. Әрдайым сымынан емес, ашасынан тартып суырыңыз.

- Үтіктеу барысында су сауытының қақпағын ашуға болмайды.

- Сымды ешқашан да ыстық заттарға немесе үтік табанына тигізуге болмайды.

- Үтікті ешқашан суға немесе басқа сұйық заттарға батырмаңыз.

- Үтікті пайдаланатын және қоятын жер орнықты болуға тиіс.

- Үтіктеуді кідірткен кезде үтікті әрқашан таянышына тігінен қойыңыз және таянышының орнықты бетте тұрғанына көз жеткізіңіз.

- Үтік қуат көзіне қосулы болғанда оны назардан тыс қалдыруға болмайды.

- Киімді киіп тұрып ешқашан үтіктеуге немесе сулауға болмайды.

- Егер үтік құлап кетсе, көзге көрінетін бүлінген жерлері болса немесе одан су ақса, оны пайдалануға болмайды. Қорек сымының бүлінбегенін үнемі тексеріп отырыңыз.

- Егер құрылғыда (сондай-ақ сымында) ақаулық байқалса, оны пайдалануды

тоқтатыңыз да, Braun сервис орталығына апарыңыз. Қате немесе біліксіз адам жүргізген жөндеу жазатайым жағдайға немесе пайдаланушының жарақатына себеп болуы мүмкін. Braun компаниясының электр аспаптары қолданыстағы қауіпсіздік стандарттарына сай келеді.

А Сипаттама

4 Дәлдеп тигізу түймешігі

5 Бүріккіш түймесі

6 Бу генераторы

7 Температура қосқышы

11 Матаны қорғау функциясы

В Өшіруді бастамас бұрын

Бұл үтік шүмектен аққан суға арналып жасалған. Егер сіздегі су аса кермек болса, біз 50 % шүмектен аққан су мен 50 % тазартылған суды қосып пайдалануды ұсынамыз. Су сауытына «мах» таңбасына дейін су құйыңыз. Тазартылған судың жалғыз өзін ешқашан пайдаланбаңыз. Ешқандай үстемелерді (мысалы, крахмал) қоспаңыз. Кептіргіш барабанда жиналған суды пайдалануға болмайды.

- Су толтырмас бұрын бу генераторын өшіріңіз («0» = бу өшірулі).

- Үтікті сәл қисайта ұстап тұрып (В бөлімінде көрсетілгендей), су сауытына «мах» таңбасына дейін су құйыңыз.

- Үтікті таянышына тігінен тұрғызып қойыңыз да, электр желісіне жалғаңыз.

Үтіктің таянышындағы немесе киімнің затбелгісіндегі үтіктеу нұсқауларына сәйкес температураны таңдаңыз. Қалаған температураға жеткен кезде (шамамен 1 1/2 минуттан кейін), сигнал шамы (8) сөнеді.

Құрғақ үтіктеу

Бумен үтіктеу

Бу көлемін бу генераторын (6) «0» мен «б» аралығындағы ауқымда бұру арқылы таңдауға болады. Температура қосқыш тетіктің ең төменгі деңгейі – 2 (●●). Әдеттегі үтіктеудің барлығы үшін орташа бу параметрін орнатуды ұсынамыз. Тек зығыр, қалың мақта матаны немесе соған ұқсас маталарды үтіктеген кезде ғана ең үлкен бу беру параметрін орнатқан жөн.

Ескерту: Үтіктеу кезінде бу генераторын «6» параметрінен асырып бұрмаңыз.

Күшейтілген бу

Қосымша бу беру үшін бу реттегіш тетігін (6) ең көбі 30 секунд басыңыз. Температура қосқыш тетіктің ең төменгі температура деңгейі – 3 (●●●).

Дәлдеп тигізу

Пайдаланардан бұрын дәлдеп тигізу түймешігін (4) іске қосу үшін оны 3-4 рет басыңыз. Алдын ала баптайтын бумен бірге қуатты бу беру үшін дәлдеп тигізу түймешігін кем дегенде 5 секундтық аралықпен басыңыз. Дәлдеп тигізуді құрғақ үтіктеу кезінде іске қосуға болады. Алайда, температура қосқыш тетіктің ең төменгі температура деңгейі – 3 (●●●). Дәлдеп тигізу функциясын сондай-ақ ілулі тұрған киім-кешекті булау үшін тік қалыпта пайдалануға болады. Абай болыңыз: Алдын ала баптау қондырмаларынан ыстық бу шығады.

Бүрку функциясы

Бүрку түймешігін (5) басыңыз.

Құрғақ үтіктеу

Бу реттегіш тетікті (6) «0» қалпына (= бу өшірулі) орнатыңыз.

«Авто-сөну» механизмі үтіктеу кезінде сәл сыртылдаған дыбыс шығарады. Бұл қалыпты жағдай және үтіктің ешқандай да ақаулығын білдірмейді. «Авто-сөну» шамы (9) автоматты түрде сөну функциясы іске қосылған кезде жыпылықтайды. Бұл жағдай үтік: - көлбеу, үтік табанында шамамен 30 секунд тұрған кезде немесе – тігінен, таянышта шамамен 8 минут тұрған кезде орын алады. Үтікті қайтадан іске қосу үшін оны қозғау жеткілікті. «Авто-сөну» сигнал шамы жыпылықтауын тоқтатқан кезде электр қуаты қайтадан іске қосылады. Автоматты түрде сөну механизмі үтіктің ашасы розеткаға сұғылғаннан кейін шамамен 2 минут өткенде іске қосылады.

Матаны қорғау функциясы

(10) бірінші рет қосардан бұрын шамамен 2 минуттай матаны қорғау функциясынсыз үтіктеңіз. Braun матаны қорғау функциясы нәзік маталарды ыстықтан бүлінуден қорғайды және аса қошқыл түсті маталарды арасына шүберек салмастан үтіктеуге мүмкіндік береді.

Арнайы жабын жылтыр дақтарға жол бермейді. Алайда, үтіктің жабынын бүлдіріп алмас үшін, матаны қорғау функциясы қосылғанда зырылдақ, ағытпалардың, металл түймелердің/тойтармалардың, немесе страздардың үстінен үтіктеуге болмайды. Үтіктеуді бастамай тұрып матаның қалай үтіктелетінін тексеру үшін материалдың шағын бөлігін теріс жағынан үтіктеп байқауды ұсынамыз. Матаны қорғау функциясының көмегімен нәзік маталарды (●●●) және «max» аралығындағы температура параметрімен үтіктеп, үтіктің барлық булау функцияларын пайдалана аласыз. Матаны қорғау функциясын қосқаннан кейін үтіктеуді бастамас бұрын шамамен 1 1/2 минуттай күтіңіз. Үтікті сақтауға қойғанда әрқашан да матаны қорғау функциясын ағытыңыз.

Е Үтіктегеннен кейін

Үтікті токтан суырыңыз да, бу генераторын «0» қалпына бұрыңыз. Үтіктің қызмет мерзімін ұзарту үшін су сауытындағы суды төгіңіз. Суыған үтікті таяныш тірегінде тұрған күйінде құрғақ жерде сақтаңыз.

F Күтіп ұстау және тазалау

Үтіктің табанын тазалау үшін болат жөкені пайдаланыңыз. Қырғыш жөкені, сірке суын немесе басқа химиялық заттарды пайдалануға болмайды.

G Қақ түрғызбайтын клапанды тазалау

Бу генераторының төменгі шетінде орналасқан қақ түрғызбайтын клапанды мезгіл-мезгіл қақтан тазартып отыру керек (мысалы, бу шығару жеткіліксіз болған кезде). Бұл үшін су құятын сауыт бос болуға тиіс.

Қақ түрғызбайтын клапаны бар бу генераторын алу: Бу генераторын «6» бу параметріне қарай сағат тілінің бағытымен бұраңыз. Бу генераторы көтерілгенше қарсыласуды жеңіп қатты бұра беріңіз. ● қалпына орналасқан кезде, оны тігінен сыртқа қарай тартыңыз. Қақ түрғызбайтын клапанның төменгі ұшынан қолмен ұстамаңыз. Қақ түрғызбайтын клапанды сірке суына (сірке суының эссенциясына емес) немесе лимон қышқылына кем дегенде 30 минут матырып қойыңыз.

Шеккен қалдықты щеткамен жинап алыңыз да, ағып тұрған суға шайыңыз (Н, 1-7-сурет).

Бу генераторын қайтадан орнына салу: Бу генераторын қайтадан орнына салған кезде, бу генераторының тұғыры әлі де ● параметрін көрсетіп тұрғанына көз жеткізіңіз (Н, 8-сурет). Бу генераторы «6» параметріне сырт етіп қайта орнағанша оны күшпен төмен басыңыз (Н суреті). Ескерту: Үтікті бу генераторынсыз ешқашан да пайдалануға болмайды.

Н Қақтан тазартатын / қорғайтын жүйе

Бу камерасын қалдықтардан тазарту үшін Н бөлімінің 1-8-суретінде көрсетілгендей әктен тазартыңыз. Абай болыңыз: Бу генераторын «6» бу параметрінен асырып сағат тілінің бағытымен бұрған кезде үтік табанынан ыстық су мен бу шығатын болады. Үтіктің табаны суығанша күтіңіз, содан кейін оны жоғарыда суреттелгендей тазалаңыз. Содан кейін сауытқа су құйып, үтікті қыздырыңыз да, үтіктеу алдында үтікті шаю үшін дәлдеп тигізу түймешігін 4 рет басыңыз (Н, 9-13-сурет). Дүкенде сатылатын қақ тазартқыштарды пайдалануға болмайды, олар үтікті бүлдіруі мүмкін.

Ақаулықты түзету нұсқаулығы

Ақаулық Шешімі

Бусаңылауларынансу тамшыларышығады.Буды азайту немесеоны өшіру үшін бугенераторын сағаттілінің бағытына қарсыбураңыз. Дәлдептигізу түймешігінбасқан кезде,ұзағырақ аралықпенбасыңыз. Жоғарырақтемпературапараметрін таңданыз.
Бу аз шығадынемесе мүлдешықпайды.Судың деңгейінтексеріңіз. Қақтүргғызбайтынклапанды тазалаңыз.
Бу саңылауларыарқылы әктүйіршіктерішығады.Камера арқылышығатын будың қағынтазартыңыз.

Ескертусіз өзгертілуге жатады.

Құрылғының қызмет мерзімі аяқталғанда, оны тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Құрылғыны Braun компаниясының сервис орталығына немесе өз еліңіздегі тиісті жинау орындарына апару арқылы тастаңыз.

Шығарылған жылы

Шығарылған жылын белгілеу үшін бұйым тақташасындағы 5-сандық шығарушы кодын қараңыз. Шығарушы кодының бірінші саны шығарған жылдың соңғы санын білдіреді. Келесі 2 сандар шығарылған жылдың күнтізбелік апта санын білдіреді. Ал соңғы 2 сандар 1992 жылдан бастап автоматты түрде есептелген басып шығару мерзімін білдіреді. Мысалы: 30421 – Бұйым 2013 жылының 4 аптасында шығарылған.

EAC

Бу үтік, Braun TexStyle 7, Тип 4661, Тип 4661E, 220–240 Кернеу, 50–60 Гц, 2000–2400 Ватт

Венгрияда жасалған. Делонги Браун Хаусхолд ГмбХ, Германия. Заңды өндіруші: Делонги Браун Хаусхолд ГмбХ, Карл-Улрих-Штрассе, 63263 Ной-Изенбург

Бұйымды іске пайдалану нұсқаулығына сәйкес өз мақсатында пайдалану керек. Бұйымның қызмет мерзімі тұтынушыға сатылған күннен бастап 2 жылды құрайды.

Импортер: «Делонги» ААК, Ресей, 127055, Москва қаласы, Сущёвская көшесі, 27/3-үй (27-үй, 3-құрылым). Тел. +7 (495) 781-26-76

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BRAUN

Модель : TexStyle 7 TS 735 TP

Санат : темір