CareStyle 5 Pro IS 5055 - темір BRAUN - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз CareStyle 5 Pro IS 5055 BRAUN PDF форматында.
| Өнім түрі | Бу үтік |
| Модель | CareStyle 5 Pro IS 5055 |
| Бренд | Braun |
| Қуат тұтыну | 2400 Вт |
| Табан материалы | Керамика (Eloxal Plus) |
| Су ыдысының сыйымдылығы | 400 мл |
| Үздіксіз бу шығару | 50 г/мин дейін |
| Күшейтілген бу | 200 г/мин дейін |
| Айнымалы бу реттеуі | Иә |
| Шашу функциясы | Иә |
| Тік булау | Иә |
| Тамшыға қарсы жүйе | Иә |
| Өзін-өзі тазалау функциясы | Иә |
| Кірден қорғау жүйесі | Иә |
| Автоматты өшіру | Иә (8 мин тік, 30 сек көлденең) |
| Қуат сымының ұзындығы | 2.5 м |
| Өлшемдері (Ұ х Е х Б) | 310 х 125 х 155 мм |
| Салмағы | 1.6 кг |
| Күтім | Braun тазартқышымен үнемі кірден тазартыңыз |
| Қауіпсіздік ерекшеліктері | Автоматты өшіру, ыстыққа төзімді негіз |
| Қосалқы бөлшектер | Қолжетімді (табан, су ыдысы, т.б.) |
| Кепілдік | 2 жыл |
Жиі қойылатын сұрақтар - CareStyle 5 Pro IS 5055 BRAUN
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы CareStyle 5 Pro IS 5055 BRAUN
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз темір PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз CareStyle 5 Pro IS 5055 - BRAUN және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. CareStyle 5 Pro IS 5055 брендінің BRAUN.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ CareStyle 5 Pro IS 5055 BRAUN
Осы өнімді пайдаланардан бұрын нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз.
Ескертпе
Сактандыру: Ыстық беткей! Электрлі үтіктеу бекеттері күйіп қалу қаупін тудыратын жоғары температура және ыстық буды пайдаланады. - Бұл құрылғыны 8 жастағы және одан асқан балалар және дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері төмен немесе тәжірибесі және білімі жоқ адамдар қадағаланса немесе құрылғыны қауіпсіз жолмен пайдалануға қатысты нұсқаулар алса және байланысты қауіптерді түсінсе пайдалана алады. Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. Тазалау және техникалық қызмет көрсету балалар тарапынан бақылаусыз орындалмауы тиіс. - Қолданыс кезінде немесе үтікті суыту кезінде үтіктің сымын балалардың қолы жетпейтін жерге қою керек. - Егер қуатпен қамту сымы зақымдалған болса, жарақатты болдырмау үшін ол өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе ұқсас өкілеттігі бар тұлғалар тарапынан ауыстырылуы тиіс. - Су құярда бекетті әрқашан қуат көзінен суырыңыз. - Құрылғыны тұрақты беткейде қолданып, тұрақты жерге қою керек. - Үзіліс кезінде үтікті арнайы қойғышына немесе тіреуішіне қойыңыз. Үтік тіреуішін тұрақты беткейге қойыңыз. - Құрылғы қуат көзіне жалғанып тұрғанда, оны бақылаусыз қалдыруға болмайды.
- Бойлерді үтіктеу кезінде ашуға болмайды.
- Пайдалану барысында қысымдалған тесіктерді толтыру, қақ тазалау, шаю немесе тексеру үшін ашпау керек.
- Құрылғыны құлатып алсаңыз, бүліну белгілері айқын көрініп тұрса немесе сұйықтық жылыстаса, қолдануға болмайды. Қуат сымдарының күйін жиі тексеріңіз.
- Бұл құрылғы үй шаруасында қолдануға ғана арналған және тағамдарды үй шаруасына қажетті мөлшерде ғана қолдану қажет.
- Үтікті немесе бекетті суға немесе қандай да сұйықтыққа матырмаңыз.
- Қуат сымдарын ыстық нәрселерге, үтіктің табанына немесе суға тигізуге болмайды.
- Құрылғыны ағытпаға қоспас бұрын, ағытпаның қуат күші құрылғыда көрсетілген қуат күшіне сай екеніне көз жеткізіңіз.
Сипаттамасы
Бу бекеті
1 Дисплей 2 Қосу/Өшіру түймесі 3 Бу параметрлері (эко, қалыпты, турбо) 4 Тазалау жүйесінің түймесі 5 Үтік қойғыш 6 Су құятын ыдыс 7 Қуат сымы 8 Бұрандалы қақпақша 9 Тазалау қақпақшасы 10 Бекіту жүйесі
Үтік
11 Бу түймесі 12 Температураны бақылау шамы 13 Көздеп үтіктеу түймесі 14 Қос сым 15 Тіреуіш
- Құрылғының өшіріліп, жүйенің қуат көзінен суырылғанын тексеріңіз. • Су құятын ыдыстың қақпағын (6) ашыңыз.
- Су құятын ыдысқа краннан су құйыңыз, „max“ деңгейінен асырмаңыз, бірақ „min“ белгісінен төмен болмауын қадағалаңыз, әйтпесе құрылғы
үтіктеуге әзір емес. Егер суыңыз қатқыл болса, 50 % кран суы мен 50 % сүзілген таза суды араластырып пайдалануға кеңес береміз.
- Сүзілген таза судың өзін ғана пайдалануға болмайды. Ешқандай қоспалар қосуға болмайды (мысалы, крахмал). Кір кептіретін машинадағы жиналған суды қолданбаңыз. • Су құятын ыдыстың қақпағын жабыңыз.
- Құрылғыны тұрақты және жазық жерге орналастырыңыз (үстел немесе еден).
Ескертпе:
Егер сіз сүзгі құрылғыларын пайдалансаңыз, сүзгіден өткізілген судың рН мәні бейтарап болуын толық қамтамасыз етіңіз.
Су аз болғанда
- Су деңгейі төмен болғанда ♦ белгісі жанып тұрады.
- Температура басқару LED шамы (12) жыпылықтайды да, таңдалған параметрге қатысты /у белгішесі сөнеді.
- Бумен үтіктеуді жалғастыруды қаласаңыз, бу бекетінің су құятын ыдысына қайта су толтырыңыз (А).
(В) Үтіктеуді бастаңыз.
- Үтікті үтік қойғышқа (5) немесе тіреуішіне (15) қойып, құрылғыны қуат көзіне жалғап, бекеттің қосу/өшіру түймесін (2) басыңыз.
- Үтіктеу жүйесінен үтіктелетін киім-кешекке барынша қолайлы параметрді (3) таңдаңыз.
- Үтік қыза бастайды. Қызу кезінде температураны бақылау шамы (12) жыпылықтайды. • Дисплейдегі тиісті белгіше (1) бу дайын болғанша жыпылықтай бастайды.
- Кажетті температураға жеткенде, температураны бақылау шамы жанады.
- Бумен үтіктеу үшін үтік ұстағыштың астындағы бу түймесін (11) басыңыз. Үтіктің табанындағы барлық тесіктерден бу шығады. Керемет iCare технологиясы температура мен будың дұрыс қиысымын қамтамасыз етеді.
Интерфейсте (3) орнатылған 3 параметр бар:
ЭКО
Мұны синтетика және аралас маталар сияқты ең нәзік киім-кешекті үтіктеу үшін пайдаланған жөн. Бұл параметр қуат тұтыну көлемін азайтуға мүмкіндік береді.
Қалыпты
Мұны жүн, полиэстер және жібек матадан тігілген киім-кешек үшін пайдаланған дұрыс.
Турбо
Бұл параметрді мақта мата, зығыр және джинс сияқты, күштірек буды қажет ететін киім-кешекті үтіктеу үшін ұсынамыз.
Ескертпе: Турбо режиміндегі температура жоғары болатындықтан, киім-кешек бүлінбес үшін үтікті оның үстінде қараусыз қалдыруға болмайды.
Бір параметрден екіншісіне ауысу үшін тиісті батырманы (3) басыңыз.
Ескертпе: Үтіктеу жүйесі токқа қосылған кезде, соңғы таңдалған параметрдің қандай болғанына қарамастан, ол әрқашан қалыпты бу режимінде тұрады.
- Қосарлы қосқыш: Бу батырмасын (11) немесе дәл бүрку батырмасын (13) 1 секунд ішінде қатарынан екі рет жылдам басыңыз. Бірнеше секунд бойы үздіксіз бу шығады. Бұл функцияны тоқтату үшін бу батырмасын (11) немесе дәл бүрку батырмасын (13) тағы бір рет басыңыз.
- Құрғақ үтіктеу үшін үтіктелетін киім-кешекке барынша қолайлы параметрді таңдаңыз да, бу батырмасын (11) баспастан үтіктеңіз. Құрғақ үтіктеу басталғаннан кейін 10 минут аралығында құрылғының күту күйіне ауысуын қадағалаңыз.
- Бумен тігінен үтіктеу: Үтікті ілініп тұрған киімдерді үтіктеу үшін де қолдануға болады (В).
- Утік табанының арнайы жакут қабаты сызатқа тамаша төзімділігін қамтамасыз етеді.
- 3D Saphir табаны үтіктеуге қиын аймақтарды (түймелер, қалталар және қатты қыртыстар) дәл үтіктеу мүмкіндігін ұсынады.
(C) Дәл үтіктеу түймесі
- Іске қосу үшін, дәл үтіктеу (13) түймесін түбіне дейін басыңыз.
- Бу үтіктің ұшынан ғана шығады.
- Бұл функцияны тоқтату үшін, (13) түймені босатыңыз.
- Егер түймені түбіне дейін баспасаңыз, табанының артқы жағындағы тесіктерден де бу шығуы мүмкін.
(D) Үтіктің автоматты түрде өшуі
Үтік автоматты түрде өшу режимінде тұрғанда, белгішесі жыпылықтайды да, температура басқару LED шамы (12) сөнеді. Қуат тұтынуды азайту үшін үтік өшеді.
Ол келесі жағдайларда 10 минуттан кейін іске қосылады:
- бу шықпаса,
- белгішесі іске қосылып, су сауытына су құйылмаса,
Жүйені қайта қосу үшін, ҚОСУ/ӨШІРУ түймесін (2) басу қажет. Қайта үтіктеуге кірісуге дейін температураны бақылау шамының (12) жануын күтіңіз.
Үтіктеу аяқталғанда
- Құрылғыны өшіру үшін Қосу/Өшіру (2) түймесін басыңыз.
- Құрылғыны жинап қою үшін, қуат көзінен ажыратып, сууын күтіңіз.
- Су құятын ыдыстағы суды төгіңіз.
- Үтікті бекітіңіз.
(Е) Бекіту жүйесі
Бекіту жүйесі
Бу бекеті мен үтікті қауіпсіз сақтау үшін қолданылады.
Құрылғыны бекітілген үтіктің ұстағышынан ұстап көтермеңіз немесе алып жүрмеңіз.
- Үтік табанын темір төсемнің ойығына орналастырыңыз.
- Үтікті „кілт“ еткен дыбыс естілгенше төмен қарай басыңыз және үтік автоматты түрде бекітіледі.
- Үтікті босату үшін, бекітпе жүйесін алға қарай сырғытыңыз. Үтік босатылады.
(F) Кірді кетіру
Жұмысы дұрыс болу үшін, жүйені әр 15 литр су қолданылғаннан кейін тазалап отыру қажет (10 рет қайта толтырумен тең). Құрылғыдағы (4) белгісі жыпылықтап тұр.
- Құрылғыны қуат көзінен ажыратыңыз. Құрылғы әбден суығанша күтіңіз.
- Су құятын ыдыстағы суды төгіңіз.
- Үтікті бөлек қойыңыз (қажет болса, үтіктің бекітпесін ашыңыз).
- Бу бекетінің бүйіріндегі бұрандалы қақпақшаны (8)
- кері бұрап, тазалау қақпақшасын (9) ашыңыз. • Тұғырды босатыңыз.
- 500 мл кран суын құйыңыз.
- Бу бекетін жабу үшін, тазалау қақпақшасын бұрап жабыңыз.
- Бу бекетін шаю үшін жақсылап шайқаңыз, одан кейін суын төгіңіз.
- Осы қадамдарды тағы бір рет орындаңыз.
- Тазалау жұмыстарын аяқтаған соң, бу бекетін (2) қосып, жүйенің тазалау түймесін (4) 2 секундтай басыңыз.
Егер құрылғы тазаланбай өшірілсе, құрылғыны келесі жолы қосқанда ☺ белгісі (4) қайта жыпылықтай бастайды.
(G) Тазалау және күту жұмыстары
• Тазалар алдында құрылғының қуат көзінен ажыратылып, суығанына көз жеткізіп алыңыз. - Үтіктің табанын шүберекпен сүртіп алыңыз. - Ысқыш, сіркесу немесе басқа химикаттарды қолданбаңыз. - Ұстағышындағы жұмсақ материалды тазалау үшін жұмсақ шүберек қолданыңыз.
Шығарылған жылы
Шығарылған жылын белгілеу үшін бұйым тақташасындағы 5-сандық шығарушы кодын қараңыз. Шығарушы кодының бірінші саны шығарған жылдың соңғы санын білдіреді. Келесі 2 сандар шығарылған жылдың күнтізбелік апта санын білдіреді. Ал соңғы 2 сандар 1992 жылдан бастап автоматты түрде есептелген басып шығару мерзімін білдіреді. Мысалы: 30421 – Бұйым 2013 жылының 4 аптасында шығарылған.
EAC
үтіктеу жүйесі
Braun IS 5055, IS 5056, 220–240 Кернеу, 50–60 Гц
2200 - 2400 Ватт.
Кытайда жасалған үшін Делонги Браун Хаусхолд ГмбХ
Германия Занды өндіруші:
Кепілді қызмет көрсету мерзімінде немесе одан кейін қызмет көрсету, сондай-ақ ақаулықтарды анықтау мәселелері бойынша Braun компаниясының Тұтынушыларға қызмет көрсету қызметіне
Бұйымды іске пайдалану нұсқаулығына сәйкес өз мақсатында пайдалану керек
Бұйымның қызмет мерзімі тұтынушыға сатылған күннен бастап 2 жылды құрайды.
Импортер:
«Делонги» ААҚ, Ресей, 127055,
Мәскеу қаласы, Сущёвская көшесі, 27/3-үй (27-үй, 3-құрылым)
Ақаулықтарды жою нұсқаулығы
| АҚАУЛЫҚ СЕБЕБІ ЖӨНДЕУ | ||
| Құрылғы қосылмайды. Құрылғы қуат көзіне жалғанбаған. Құрылғының,дұрыс | қосылып түрғанын тексеріп, қосу/өшіру түймесін басыңыз. | |
| Бу бекетінің,астынан бу шығады. "Max" | қысым қауіпсіздігі жүйесі ашылып кеткен. | Құрылғыны бірден өшіріп, Braun түтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. |
| Үтік табанындағы тесіктерден су тамшылайды. | Бу бірінші рет қолданылып отырғандықтан, түтіктердің ішінде су жиналып қалған немесе құрылғы біраз уақыт қолданылмаған. | Үтіктеу тактасындағы бу түймесін бірнеше рет басыңыз. Бул бу жүйесіндегі суық суды жояды. |
| Үтік табанынан қоңыр түсті сүйықтық ағады. | Су құятын ыдыска немесе бу генераторына су жұмсартатын химикаттар немесе қосындылар құйылған. | Су құятын ыдыска ондай өнімдерді құюға болмайды. Утіктің табанын дымқыл шуберекпен сүртіп алыңыз. |
| Аспапты алғаш рет токқа қосқан кезде сіз түтінді немесе иісті байқайсыз. | Үтіктің кейбір бөлшектері тығыздағыш материалдармен/майлармен өңделген, сондықтан үтік бірінші рет қосылғанда сол заттар шығады. | Бүл қалыпыты жағдай және үтікті бірнеше рет қолданған сон өздігінен токтайды. Егер исі аспапты өшіргеннен кейін де қала берсе, Braun компаниясының уәкілетті түтынушыларды қолдау қызметіне хабарласыңыз. |
| Құрылғы тербелістермен байланысты үздікті шуыл шығарады. | Бу генераторына су тартылуда. Бүл қалыпыты жағдай. | |
| Құрылғы тербелістермен байланысты үздіксіз шуыл шығарады. | Жүйені қуат көзінен ажыратып, Braun түтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. | |
| Бу генераторының қакпакшасын бурап ашу қиын. | Бу генераторының қакпакшасына әк жиналып қалған. | Қакпакшаны куштеп бурап ашыңыз. Мәселе орын алмас үшін, бу генераторын жиішаю қажет. |
| Су толтырғаннан кейін, шамы қайта реттелмейді. | Су қалқымасы дұрыс жұмыс істемейді. | Су құятын ыдысты босатып, шайып, қайта толтырыңыз. |
| Жарық,диодты шамдардың,барлығы жыпылықтап түр. | Жүйе қателігі. Жүйені қуат көзіне ажыратып, қайта жалғаныз да, ҚОСУ/өшіру түймесін басыңыз. Егер мәселе әлі де шешілмесе, құрылғын өшіріп, Braun түтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Түтынушыларға қызмет көрсету | |
Ескертусіз өзгертілуі мүмкін.
Өнім қолданыстан шыққанда басқа үй қоқысымен бірге тастамаңыз. Еліңіздегі Braun қызмет көрсету орталығына немесе басқа электродлық құрылғыларды жинау орталығына өткізуіңізге болады.
