BOSCH GLI 18V300 Professional - Шам

GLI 18V300 Professional - Шам BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GLI 18V300 Professional BOSCH PDF форматында.

📄 226 бет PDF ⬇️ Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы 🖨️ Басып шығару
Notice BOSCH GLI 18V300 Professional - page 141
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GLI 18V300 Professional

Санат : Шам

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шам PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GLI 18V300 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GLI 18V300 Professional брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GLI 18V300 Professional BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі бұйым корпусында көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Bosch Power Tools 1 609 92A 7NT | (21.04.2022)142 | Қазақ Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің

– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз. 1 609 92A 7NT | (21.04.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 143 Қауіпсіздік нұсқаулары Аккумуляторлық фонарьлар үшін қауіпсіздік техникасы бойынша

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. u Аккумуляторлық фонарьды күтіп пайдаланыңыз. Аккумуляторлық фонарь қатты қызады, бұл өрт және жарылу қаупін арттырады. u Аккумуляторлық батареямен жарылыс қаупі жоқ ортада жұмыс істеңіз. u Автоматты өшуден кейін аккумуляторлық фонарьдің қосқышын/өшіргішін баспаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін. Аккумуляторлық фонарьді қосудан алдын аккумулятор зарядталғанын және аккумуляторлық фонарь суығанын қамтамасыз етіңіз. u Тек түпнұсқа Bosch керек-жарақтарын пайдаланыңыз. u Жарықтық көзін алмастыру мүмкін емес. Егер жарық көзі бұзылған болса, аккумуляторлық шамды алмастыру қажет болады. u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Аккумулятор дұрыс пайдаланылмаған немесе зақымдалған жағдайда, аккумулятордан сұйықтық ағуы мүмкін. Оған тимеңіз. Кездейсоқ теріге тигенде, сол жерді сумен шайыңыз. Сұйықтық көзге тисе, медициналық көмек алыңыз. Аккумулятордағы сұйықтық теріні тітіркендіруі немесе күйдіруі

u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Пайдаланылмайтын аккумуляторды түйіспелерді тұйықтауы мүмкін қыстырғыштардан, тиындардан, кілттерден, шегелерден, винттерден және басқа ұсақ темір заттардан сақтаңыз. Аккумулятор түйіспелерінің арасындағы қысқа тұйықталу күйіктерге немесе өртке әкелуі мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 7NT | (21.04.2022)144 | Қазақ u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар. u Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды. u Аккумуляторлық батареяны тек өндіруші көрсеткен зарядтау құрылғысымен зарядтаңыз. Зарядтау құрылғысы белгілі бір аккумуляторлар түріне арналған, оны басқа аккумуляторларды зарядтау үшін пайдалану өрт қаупін тудырады. u Аккумуляторлық фонарьмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету және т.б.) бастамай тұрып, сондай-ақ, аккумуляторлық фонарьды тасымалдау және сақтау кезінде аккумуляторды алыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады. u Жарық сәулесін адамдарға немесе жануарларға бағыттамаңыз және тіпті алыстан болсын жарық сәулесіне өзіңіз қарамаңыз. u Жол қозғалысы кезінде аккумуляторлық фонарьды пайдаланбаңыз. Аккумуляторлық фонарь жолда жарықтандыруға арналмаған. u Аккумуляторлық шамды пайдалану кезінде шамның жарық бастиегін жаппаңыз. Пайдалану кезінде шамның жарық бастиегі қызады және әбден қызса, күйіп қалуға әкелуі мүмкін. u Балалардың аккумуляторлық батареяны пайдалануына жол бермеңіз. Ол кәсіби пайдалануға арналған. Балалар кездейсоқ өздерінің немесе адамдардың көзін шағылыстыруы мүмкін. Өнім және қуат сипаттамасы Тағайындалу бойынша қолдану Аккумуляторлық фонарь жайы өзгеретін, ішкі мен сыртқы аймақтарда кеңістігі мен уақыты шектелген жарықтандыруға арналған, бөлмені жалпы жарықтандыруға арналмаған. Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамдастар нөмірі суреттер бар беттегі аккумулятордың сипаттамасына қатысты. 1 609 92A 7NT | (21.04.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 145 (1) Аккумулятор

(3) Шам бастиегі (4)

(6) Тұтқа (беті оқшауланған)

Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. Техникалық мәліметтер Аккумуляторлық фонарь GLI 18V-300 Өнім нөмірі 3 601 DA1 1.. Номиналды кернеу В 18 Жарықтандыру ұзақтығы, шам. мин/A-сағ 300 Жалпы жарық ағыны, макс. лм 300 Зарядтау кезіндегі ұсынылатын қоршаған орта температурасы °C 0...+35 Жұмыс кезіндегі

және сақтау кезіндегі рұқсат етілген қоршаған орта температурасы °C –20...+50 Ұсынылатын аккумуляторлар GBA 18V... ProCORE18V... (макс. 8,0 А-сағ) Ұсынылатын зарядтағыш құрылғылар GAL 18... GAX 18... GAL 36... A) <0 °C температураларында қуаты шектелген Жарықтандырылған нысандардың түстері басқаша болуы мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 7NT | (21.04.2022)146 | Қазақ

Аккумуляторды зарядтау (керек-жарақтар) u Тек техникалық мәліметтерде жазылған зарядтағыш құрылғыларды пайдаланыңыз. Тек қана мұндай зарядтағыш құрылғылар аккумуляторлық шамда пайдаланылатын литий-иондық аккумулятормен үйлесімді. Нұсқау:аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан алдын толық зарядтаңыз. Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына

Литий-иондық аккумулятор электрондық элементтерді қорғау "Electronic Cell Protection (ECP)" арқылы терең заряд жоғалтудан қорғалған. Аккумулятордың тогы бітсе, қорғау жүйесі аккумуляторлық фонарьды өшіреді. u Автоматты өшуден кейін аккумуляторлық фонарьдің қосқышын/өшіргішін баспаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін. Аккумуляторлық фонарьді қосудан алдын аккумулятор зарядталғанын және аккумуляторлық фонарь суығанын қамтамасыз етіңіз. Аккумуляторды (1) шығару үшін құлыптан босату түймесін (2) басып, аккумуляторды аккумуляторлық шамнан шығарыңыз. Бұл ретте күш салмаңыз. Кәдеге жарату туралы нұсқауларды орындаңыз. Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторындағы жасыл түсті жарық диодтары аккумулятордың заряд деңгейін көрсетеді. Қауіпсіздік үшін зарядталу күйін тек аккумуляторлық шам өшірулі кезде ғана тексеруге болады. Зарядталу күйін көрсету үшін заряд деңгейі индикаторының немесе түймесін басыңыз. Мұны аккумулятор шығарылғанда да орындауға болады. Заряд деңгейінің индикаторына арналған түймені басқаннан кейін ешқандай жарық диоды жанбаса, бұл аккумулятордың ақаулы және оны ауыстыру керек екендігін

1 609 92A 7NT | (21.04.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 147 Аккумулятор түрі GBA 18V... Жарық диодтары Қуаты Үздіксіз жарық 3× жасыл 60−100% Үздіксіз жарық 2× жасыл 30−60% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5−30% Жыпылықтау 1× жасыл 0−5% Аккумулятор түрі ProCORE18V... Жарық диодтары Қуаты Үздіксіз жарық 5× жасыл 80−100% Үздіксіз жарық 4× жасыл 60−80% Үздіксіз жарық 3× жасыл 40−60% Үздіксіз жарық 2× жасыл 20−40% Үздіксіз жарық 1× жасыл 5−20% Жыпылықтау 1× жасыл 0−5%

Аккумуляторды орнату Зарядталған аккумуляторды (1) аккумулятор орнына сырт еткен дыбыс естілгенше

Аккумуляторлық шамды іске қосу үшін ажыратқышты (4) басыңыз. Аккумуляторлық шамды өшіру үшін ажыратқышты (4) қайтадан басыңыз. Bosch Power Tools 1 609 92A 7NT | (21.04.2022)148 | Қазақ Пайдалану нұсқаулары Ілгектер (Aсуретінқараңыз) Ілгектердің(5) көмегімен аккумуляторлық шамды бөгде затқа бекітуге болады. Жарық бастиегін қайыру (Bсуретінқараңыз) Пайдалану әдісіне сәйкес жарық бастиегін(3) 6 деңгейге қайыруға болады. Ықтимал пайдалану мысалдары: – Бөлмені жарықтандыру – Жұмыс орнын жылтылдаусыз жарықтандыру – Еденді жарықтандыру Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Аккумуляторлық фонарьмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету және т.б.) бастамай тұрып, сондай-ақ, аккумуляторлық фонарьды тасымалдау және сақтау кезінде аккумуляторды алыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады. Аккумуляторлық фонарь техникалық қызмет көрсетуді қажет етпейді және ауыстыруды немесе қызмет көрсетуді қажет ететін элементтерді қамтымайды. Зақым келтірмеу үшін аккумуляторлық шамның әйнек пластинкасын тек құрғақ әрі жұмсақ шүберекпен тазалаңыз. Жуғыш заттарды немесе еріткіштерді пайдаланбаңыз. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян 1 609 92A 7NT | (21.04.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 149 келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы: “Роберт Бош” (Robert Bosch) ЖШС

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден