1 600 A00 9CS - Батарея зарядтағышы BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз 1 600 A00 9CS BOSCH PDF форматында.
Жиі қойылатын сұрақтар - 1 600 A00 9CS BOSCH
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Батарея зарядтағышы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз 1 600 A00 9CS - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. 1 600 A00 9CS брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ 1 600 A00 9CS BOSCH
Зарядні пристрої, приладдя і упаковку треба здавати на екологічно чисту повторну переробку. Не викидайте зарядні пристрої в побутове сміття! Лише для країн ЄС: Відповідно до європейської директиви 2012/19/EU про відпрацьовані електро- і електронні прилади і її перетворення в національному законодавстві вимірю- вальні прилади, що вийшли з вживання, повинні здаватися окремо і утилізуватися екологічно чистим способом. Можливі зміни. Қaзақша Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген. Зарядтау құрылғысының өндірілген мерзімі бұйым корпусында көрсетілген. Импорттаушы контакттік мәліметін орамада табу мүмкін. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі –тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланба
–тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз –қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
–құрғақ жерде сақтау керек –жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (Шарт 1) құжатын қараңыз
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады –босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз. OBJ_BUCH-2159-006.book Page 53 Tuesday, July 26, 2016 2:24 PM54 | Қaзақша 1 609 92A 34U | (26.7.16) Bosch Power Tools Өнім және қызмет сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға апаруы мүмкін. Осы нұсқаулықты толық орындаңыз. Зарядтау құралын тек барлық қызметтерін толық бағалап, оларды орындай алатыныңызға сенімді болғанда немесе тиісті нұсқаулықтарды алғаннан соң пайдалану керек. Қауіпсіздік нұсқаулары Бұл зарядтау құралы балалардың, дене немесе ой қабілеттері шектелген, тәжірібесі және білімі аз адамдардың пайдалануына арналмаған. Осы зарядтау құралымен 8 жастан асқан балалардың және дене, сезім, ойлау қабілеттері шектелген не тәжірибесі мен білімі аз адамдардың жүйені қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаусыз және жауапты адамның бақылауынсыз пайдалануы аса қауіпті. Кері жағдайда дұрыс пайдаланбаудан жарақаттанулар қауіпі пайда болады. Пайдалану, тазалау және қызмет көрсету кезінде балаларға мұқият болыңыз. Осылайша балалардың зарядтау құралымен ойнамауын қамтамасыз етесіз. Тек қуаты 2,0 Аh бастап Bosch литий-иондық аккумуляторлерді зарядтаңыз (3 аккумулятор элементтерінен бастап). Аккумулятор қуаты зарядтау құралының аккумуляторды зарядтау қуатына сәйкес болуы қажет. Қайта зарядталмайтын батареяларды зарядтамаңыз. Кері жағдайда өрт немесе жарылу қауіпі пайда болады. Зарядтау құралын жаңбырдан, сыздан қорғаңыз. Зарядтау құралының ішіне су кірсе, ол электр тоғының соғу қаупін арттырады. Зарядтау құралын таза ұстаңыз. Құралдың ластануы тоқ соғуы қаупін туындатады. Әр пайдаланудан алдын зарядтау құралын, кабельді және айырды тексеріңіз. Ақауды байқасаңыз зарядтау құралын пайдаланбаңыз. Зарядтау құралын өзіңіз ашпаңыз, оны тек білікті маманға және түпнұсқалы бөлшектермен жөндетіңіз. Зақымдалған зарядтау құралы, кабель және айыр электр тоғының соғу қаупін арттырады. Зарядтау құралын қосулы күйде оңай жанатын беттердің (мысалы, қағаз, мата және т.б.) үстіне қоймаңыз немесе жанғыш заттардың жанында пайдаланбаңыз. Зарядтау кезінде зарядтау құралының қызуы себебінен өрт қаупі пайда болады. Аккумулятордан зақымданған немесе дұрыс пайдаланбаған жағдайда бу шығуы мүмкін. Бұл жағдайда ішке таза ауа кіргізіңіз және шағымдар болса, медициналық көмек алыңыз. Булар тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. Зарядтау құралына немесе аккумулятор мен зарядтау құралының арасына метал заттарды қоймаңыз. Метал заттар қызып жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Несие карталарын немесе басқа магниттік дерек тасушыларын зарядтау құралына жақын ұстамаңыз. Ол дерек тасушыдағы деректер жойылуы
Тағайындалу бойынша қолдану Зарядтау құрылғысы индуктивті Bosch 10,8 В-, 12 В- және 18 В литий-иондық аккумуляторларды қайта зарядтауға арналған. Индукциялық зарядтау түйісусіз магниттік индукция арқылы орындалады. Бейнеленген құрамды бөлшектер Құрамды бөлшектер нөмірі суреттері берілген зарядтау құралының сипаттамасына сәйкес. 1 Индукциялы аккумулятор* 2 Күту режимінің индикаторы (жасыл) 3 Зарядтау күйінің индикаторы 4 Қателік индикаторы (қызыл) 5 Зарядтау аймағы *Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. OBJ_BUCH-2159-006.book Page 54 Tuesday, July 26, 2016 2:24 PMҚaзақша | 55 Bosch Power Tools 1 609 92A 34U | (26.7.16) Техникалық мәліметтер
Пайдалануға ендіру Желі қуатына назар аударыңыз! Тоқ көзінің қуаты зарядтау құралының зауыттық тақтайшасындағы мәліметтеріне сай болуы қажет. 230 В белгісімен белгіленген зарядтау құралдарымен 220 В жұмыс істеуге болады. Зарядтау әдісі Зарядтау әдісі желі айыры розеткаға салынып индукциялы аккумулятор 1 немесе электр құрал аккумулятормен 1 (аккумулятор астынғы жағымен) зарядтау аймағына 5 қойылғанда басталады. Зарядтау әдісі аккумулятор қуаты 85 – 90 %-дан төмен жатқанда ғана басталады. Бұл аккумулятор пайдалану мерзімін ұзартады. Оңтайлы зарядтау әдісі арқылы аккумулятордың зарядтау күйі автоматты ретте анықталып, аккумулятор температурасы мен қуатына байланысты тиімді зарядтау тоғымен орындалады. Осылай аккумулятор сақталып зарядтау құралында тұрса әрдайым толық зарядталған болады. Жарық диод элементтерінің мағанасы Күту режимінің индикаторының (жасыл) үздіксіз жануы 2 Күту режимі индикаторының ұздіксіз жасыл жануы 2 желі айыры розеткаға салынып зарядтау құралы жұмысқа дайын болып тұрғанын білдіреді. Жыпылықтап тұрған зарядтау күйінің нидкаторы 3 Жылдам зарядтау әдісі зарыдтау күйі индикаторының 3 жасыл жарық диоды жыпылықтауы арқылы білдіріледі. Аккумулятордың бөлігі зарядталған болса жасыл жыпылықтаған жану жасыл үздіксіз жануға
Аккумуляторды кез келген уақытта алып пайдалану мүмкін. Егер барлық бес дарық диодтар жасыл түсте үздіксіз жанса, аккумулятор толық зарядталған. Қателік индикаторының (қызыл) 4 үздіксіз жануы Қызыл түсті қателік индикаторының 4 үздіксіз жануы аккумулятор температурасының рұқсат етілген зарядтау температурасы аймағынан тыс екендігін білдіреді, “Техникалық мәліметтер” бөлімін қараңыз. Рұқсат етілген температура аймағына жеткеннен соң зарядтау құралы автоматты ретпен жылдам
Қателік индикаторының (қызыл) 4 жыпылықтап
Қызыл түсті қателік индикаторының 4 жыпылықтауы зарядтау әдісіндегі ақауды білдіреді “Ақаулар – Себептері және шешімдері” бөлімін қараңыз. Ақаулар – Себептері және шешімдері Зарядталу құралы GAL 1830 W Өнім нөмірі
В 10,8–18 Зарядтау тоғы A3,0 Рұқсат етілген зарядтау температурасы аймағы °C 0–45 Төмендегі аккумулятор күшіндегі зарядтау уақыты. (80%) 100% –2,0 Аh мин (35) 45 –2,5 Аh мин (45) 65 –4,0 Аh мин (65) 85 Аккумулятор көздерінің саны 3–10 EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай салмағы кг 0,58 Сақтық сыныпы / II Аккумулятор жинағы Өнім нөмірі GBA 10,8 V ...Ah OW-B 1 607 A35 ... GBA 12 V ...Ah W 1 607 A35 ... GBA 18 V ...Ah MW-...
Себебі Шешімі Қызыл қателік индикаторы 4 жырылықтап жатыр Зарядтау мүмкін емес Аккумулятор (дұрыс) орналастырылмаған Аккумляторды ортаға дәлдеп аккумулятор астымен зарядтау аймағына 5 қойыңыз Бөгде нысан айқындау Зарядтау аймағында аккумулятордан басқа зат
Затты алып қойыңыз Дұрыс емес аккумулятор орналастырылған Сәйкес аккумуляторды орналастырыңыз Аккумулятор бұзылған Аккумуляторды алмастыру Күту режимінің индикаторы (жасыл) 2 жанбай жатыр Зарядтау құралының айыры (дұрыс) салынбаған Айыр (толық) розеткаға
Розетка, желі кабелі немесе зарядтау құралы бұзылған Желі қуатын тексеру, зарядтау құралын керек болса Bosch электр құралдарының авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету орталықтарында тексеріңіз OBJ_BUCH-2159-006.book Page 55 Tuesday, July 26, 2016 2:24 PM56 | Română 1 609 92A 34U | (26.7.16) Bosch Power Tools Пайдалану нұсқаулары Үздіксіз немесе көп реттік зарядтаулардан соң зарядтау құралы қызып кетуі мүмкін. Бұл қаупті емес және зарядтау құралында техникалық ақау барын білдірмейді. Пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумулятордың ескіргенін және ауыстыру керектігін
Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермес үшін алмастыруды тек Bosch немесе Bosch электр құралдарының авторизацияланған клиенттерге қызмет көрсету орталықтарында орындаңыз. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Қажетті сызбалар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпаратты мына мекенжайдан табасыз: www.bosch-pt.com Кеңес беруші Bosch қызметкерлері өнімді пайдалану және олардың қосалқы бөлшектері туралы сұрақтарыңызға тиянақты жауап береді. Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Ө
заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
ЖШС “Роберт Бош” Электр құралдарына қызмет көрсету орталығы Алматы қаласы
Notice-Facile