LEITZ Power Bank - Портативті батарея

Power Bank - Портативті батарея LEITZ - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Power Bank LEITZ PDF форматында.

📄 128 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice LEITZ Power Bank - page 90
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : LEITZ

Модель : Power Bank

Санат : Портативті батарея

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Портативті батарея PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Power Bank - LEITZ және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Power Bank брендінің LEITZ.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Power Bank LEITZ

Пайдалану нұсқаулықтары Бума құрамы

Осы пайдалану нұсқаулықтары Өнімнің мүмкіндіктері

Apple cмартфондары мен басқа да құрылғыларды зарядтауға арналған «Lightning» коннектор (1 A макс.)

Зарядтау деңгейін көрсететін түйме

Заряд деңгейінің индикаторы

Батарея жинағын компьютерден немесе қосымша USB зарядтағышының көмегімен зарядтауға арналған шағын USB

Артық жүктеме мен қысқа тұйықталуға қарсы электрондық қорғау Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану Бұл өнім жеке, коммерциялық емес мақсатта пайдалануға арналған. Бұл өнім «Lightning» қосқышы арқылы зарядталатын құралдарға арналған. Өнімді тек осы мақсатта ғана және пайдалану нұсқаулықтарындағы көрсетілгендей пайдаланыңыз. Сонымен қатар, өндірушінің деректерін және жекелеген құрылғыларға қызмет көрсету бойынша нұсқамаларды сақтаңыз. Cіздің қауіпсіздігіңіз үшін Уақытыңызды бөліп, келесі қауіпсіздік ережелерін мұқият оқып шығыңыз. Барлық нұсқауларды орындаңыз. Бұл өрттің шығуын, жарылыстардың, электр тогының соғуын немесе бұйымның зақымдалуына және/немесе қатты немесе өлім қаупі бар жарақаттарға себеп болуы мүмкін басқа қауіптерді болдырмайды. Өнімді пайдаланатын барлық адамдар осы ескертулерді және нұсқауларды оқығанына және орындағанына көз жеткізіңіз.91

Бұл өнім бөлме ішінде пайдалануға арналған. Сыртта қолдануға рұқсат етілмейді.

Батарея жинағын айнымалы ток адаптерімен зарядтаған кезде, айнымалы ток адаптерінің қауіпсіздік нұсқауларын

Пайдаланудан бұрын өнімді, кабельді және адаптерді зақымдарға қарсы тексеріңіз. Егер зақымды, күшті иісті немесе құрамдастардың шамадан көп қызып кеткенін байқасаңыз, дереу барлық жалғамаларды ажыратып, өнімді пайдалануды тоқтатыңыз.

Өнімді белгіленген шектік сипаттамаларына сай пайдаланыңыз.

Қызып кету жағдайын болдырмау үшін өнімнің бетін жаппаңыз, жылу көздерінің жанында немесе тікелей күн сәулесінде пайдаланбаңыз және тек 0 °C және 40 °C аралығындағы қоршаған орта температурасында пайдаланыңыз.

Өнімді найзағай кезінде немесе пайдаланылмаған кезде ажыратыңыз.

Біріктірілген литий-полимер батареясы жанғыш болып келеді. Ашық жалыннан қашық сақтаңыз! Өнімді тез жанғыш материалдардың жанында немесе жарылу қаупі бар ортада пайдаланбаңыз.

Құрылғыны ашуға, өзгертуге немесе жөндеуге тырыспаңыз. Өнімді түсіріп алмаңыз, теспеңіз, сындырмаңыз немесе қатты қысым әсерін болдырмаңыз.

Өнімді балалардың қолы жетпейтін жерде пайдаланыңыз және сақтаңыз.

Өнімді тазалаудан бұрын барлық қосылымдарды ажыратыңыз. Тазалау шүберектер мен химиялық заттектер қолданбаңыз, үстірттің бұзылуы мүмкін. Өнімнің сыртын дымқыл шүберекпен тазалаңыз. Электрлік/электрондық бөлшектерін тазалауға болмайды.92

Батарея жинағын зарядтау

Шағын USB қосқышын компьютердің USB портына немесе USB қуат адаптеріне жалғау үшін берілген кабельді пайдаланыңыз (1-сурет). Зарядтау үдерісі автоматты түрде қосылады. Индикатор зарядталу барысын көрсетеді: – Қызғылт-сары түс: Зарядталу деңгейі 20 % немесе одан төмен – Жасыл түс: Зарядталу деңгейі 20 % мен 100 % аралығында – Өшірулі: Зарядтау аяқталды

Зарядтау әрекеті аяқталғаннан кейін зарядтағышты желілік розеткадан суырып тастаңыз. Құрылғыны зарядтауҚұрылғыны зарядтау Аккумулятор батареясы USB қуат көзінен ажыратылғандығына көз жеткізіңіз. Өйтпеген жағдайда құрылғыны зарядтау мүмкін емес.

Құралдарыңызды әрбір құралға арналған нұсқаулық ережелеріне сәйкес зарядтаңыз. Осында берілген барлық нұсқауларды орындаңыз.

Барынша ұйғарынды зарядтау тоғының мәні 1 А шегінен асып кетпегеніне көз жеткізіңіз.

Зарядталатын құрылғыны батареялар жинағындағы зарядтау портына қосыңыз (2-сурет). Құрылғы толық зарядталған кезде немесе батарея жинағы толығымен разрядталған кезде батарея жинағы автоматты түрде

Аккумулятор батареясының зарядталу деңгейін кез-келген уақытта индикаторға қарап тексеруге болады. Бұл үшін түймешікті басыңыз (3-сурет).93

Шамадан тыс жүктелген жағдайда не болады Егер батарея жинағы шамадан тыс жүктелсе, ол автоматты түрде өшеді. Егер бұл жағдай орын алса, мына әрекеттерді орындаңыз:

Кабельді қуат көзінен ажыратыңыз.

Батарея жинағын қайта орнату қажет. Батарея жинағын айнымалы ток адаптеріне немесе компьютерге аз уақытқа жалғаңыз («Батарея жинағын зарядтау» бөлімін қараңыз). Одан кейін, «Батарея жинағын зарядтау» нұсқауларын қайтадан

Егер осы мәселе қайта туындаса, құрылғы батареядан зарядтала

Батарея жинағының өнімділігін жақсарту

Өнімді алғаш рет пайдалану алдында оны зарядтаңыз. Бекітілген батарея бірнеше рет зарядталып, разрядталғаннан кейін ғана толық қуатына жетеді.

Егер өнімді ұзақ уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, оны қуат көзіне немесе басқа USB қуат көзіне жалғаулы қалдырмаңыз.

Өнімді толық разрядталған күйде ұзақ уақыт бойы сақтауға болмайды. Сақтау орнына қойылған батарея жинағының қалған қуаты шамамен 50–75 %.

Өнімді 90 күннен кешіктірмей қайта зарядтаңыз. Техникалық деректері Номиналды кіріс кернеуі/ток күші DC 5 В, 1 A Номиналды шығыс кернеуі/ток күші DC 5 В, 1 A Батарея қуаты 1350 мАс Рұқсат етілетін қоршаған орта температурасы 0–40 °C Өлшемдері (Ұ × Е × Т) 92 мм × 63 мм × 5,2 мм Салмағы 40 г

3 жыл шығарушысының кепілдемесі94

Қосымша ақпарат Жаңартылған ақпаратты және/немесе пайдалану туралы толық мәліметті http://www.leitz.com/ бетіндегі өнім сипаттамасынан алуға

Электр магниттік үйлесімділік талаптары Бұл құрылғы Еуропа Қауымдастығының EMC 2004/108/ EC Директивасында көрсетілген шектік мәндерге сәйкестігі сынағынан өткен. Бұл шектік мәндер тұрғын үй аумақтарында зиянды кедергіден тиісті қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Егер осы аппарат осы нұсқаулыққа сәйкес орнатылмаса және пайдаланылмаса, ол радио немесе теледидар сигналдарын қабылдауға кедергі келтіріп, сонымен қатар, басқа электрондық құрылғыларға әсер етуі мүмкін. Осындай кедергіні болдырмау мақсатында құрамдастарды жалғау үшін тек қапталған кабельді пайдаланыңыз. Орындамау осы жабдықты пайдалану рұқсатын жоққа шығарады.

Сызылған дөңгелек себеті өнімнің тұрмыстық қоқыспен (қалдық ластағыш заттар) бірге жоймау талабын білдіреді. Электр және электрондық құрылғыларды және бос батареяларды арнаулы белгіленген орындарда жою керек. Жою үшін ақы алынбайды. Қосымша ақпарат алу үшін жергілікті қала әкімшілігіне немесе аудан кеңесіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз.95