TH60E3X - GORENJE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз TH60E3X GORENJE PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз анықталмаған PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз TH60E3X - GORENJE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. TH60E3X брендінің GORENJE.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ TH60E3X GORENJE
Consigli per risparmiare energia 1) Quando si inizia a cucinare accendere la cappa alla velocità minima per controllare l'umidità e aspirare gli odori che si formano durante la cottura. 2) Aumentare la velocità di funzionamento della cappa solo quando necessario in base alla quantità di vapore. 3) Per mantenere un'efficienza ottimale di rimozione di grassi e degli odori, mantenere puliti il filtro o i filtri della cappa. 76
KZ - АС ҮЙ АУА СОРҒЫШЫ Осы пайдалану жөніндегі нұсқаулықтың нұсқауларын дəл орындаңыз! Өндіруші осы нұсқаулық нұсқауларын орындамау салдарынан туындаған ақауларға, залалға жəне өртке жауап бермейді. Аспап үй жағдайында тама дайындау кезінде пайда болатын түтін мен буды бұру үшін қолданылады. Аспап осы нұсқаулықтағы суреттерде берілген аспаптан дизайны бойынша өзгеше болуы мүмкін. Бұл ретте осы нұсқаулықта берілген пайдалану, техникалық қызмет көрсету жəне монтаждау жөніндегі нұсқауларды орындаңыз. Нұсқаулықты аспапқа жақын жерде ұстаңыз. Нұсқаулық пен қоса берілетін құжаттамаларды міндетті түрде сақтап қойыңыз. Аспапты жаңа иегерге беру кезінде осы құжаттарды да беруді ұмытпаңыз. Нұсқаулықты мұқият оқып шығыңыз, өйткені мұнда аспапты монтаждау, пайдалану жəне қауіпсіз қолдану ! жөніндегі маңызды ақпараттар бар. Осы аспаптың конструкциясына, электрлік схемасына жəне шығарылған ауаны бұру жүйесіне өзгерістер ! енгізуге тыйым салынады. Монтаждауды бастамас бұрын аспапты бұзылулардың жоқтығына тексеріп алыңыз. Бұзылуларды анықтаған ! кезде аспапты орнатпаңыз жəне аспапты сатып алған дүкенге жүгініңіз. Ескертпе. Жұлдызшамен «(*)» белгіленген керек-жарақтар кейбір модельдерде ғана жабдықтың жиынтығына кіреді. Қаласаңыз керек-жарақтарды қосымша жабдық ретінде сатып алуға болады. !
Назар аударыңыз! ЕСКЕРТУ! Монтаждау толықтай аяқталмайынша аспапты электр желісіне жалғамаңыз. Тазалау мен қызмет көрсетуді бастамас бұрын ауа сорғыны байланыстырғыш кабель ашасын розеткадан ажырату немесе сақтандырғышты сөндіру арқылы электр желісінен ажыратыңыз. Монтаждау жəне қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау кезінде қорғайтын қолғап киіңіз. Аспапты балаларға, физикалық, қозғалу жəне психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны қолдану үшін жеткілікті тəжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек біреудің қарауымен немесе егер оларды олардың қауіпсіздігі үшін жауап беретін тұлға аспапты қолдануды үйреткен жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Аспап ересектердің қолдануына арналған. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз. Аспап ересектердің қолдануына арналған. Балаларға басқару элементтерімен жəне аспаптың өзімен ойнауға рұқсат етпеңіз. Егер тор дұрыс орнатылмаған болса, аспапты қолданбаңыз. Егер бұл жеке келісілмеген болса, ауа сорғыны тірек жазықтығы ретінде қолдануға ҚАТАҢ тыйым салынады. Егер бөлмеге ауа сорғыдан басқа газбен немесе басқа да отынмен жұмыс жасайтын аспаптар орнатылған болса, оны жеткілікті желдетуді қамтамасыз етіңіз. Ауа сорғының ауасын газбен немесе басқа да отынмен жұмыс жасайтын аспаптардың желдету каналдары арқылы шығаруға болмайды. Сорғы астында ашық отпен дайындауға жəне отпен шарпуға ҚАТАҢ тыйым салынады. Ашық отты қолдану сүзгілердің бүлінуіне немесе жануына алып келуі мүмкін, сондықтан кез келген жағдайда мұның алдын алыңыз. Тағамды қараусыз қуыруға тыйым салынады, өйткені май қызып кетуі жəне өртенуі мүмкін. Сорғының астында орналасқан пісіру аспабының жұмысы кезінде ауа сорғының қол жетімді бөліктері қызуы мүмкін. Шығарылған ауаны бұру саласындағы жергілікті уəкілетті органдардың ескертулері мен қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларын мұқият орындаңыз. Аспаптың ішкі жəне сыртқы беттерін жүйелі түрде тазалап тұрыңыз (АЙЫНА БІР РЕТТЕН ЖИІ ЕМЕС) Аспапты тазалау, сонымен қатар сүзгілерді тазалау жəне ауыстыру бойынша нұсқауларды орындамау өртке себеп болуы мүмкін. Шамдары дұрыс орнатылмаған ауа сорғыны қолдануға жəне қалдыруға тыйым салынады, өйткені бұл электр тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін. 77
Өндіруші осы нұсқаулық нұсқауларын орындамау салдарынан туындаған ақауларға, залалға жəне өртке жауап бермейді. Бұл аспап Электрлік жəне электронды жабдықтардың қалдықтарын қолдану туралы 2002/96/EU еуропа деректемесіне сəйкес таңбаланған (WEEE). Бұйымды кəдеге жарату ережелерін сақтау арқылы осы сияқты қалдықтармен тиісті түрде əрекет жасамау салдарынан қоршаған ортаға жəне адамдардың денсаулығына зиян келтірудің алдын ала аласыз. Бұйымдағы немесе оның ілеспе құжаттарындағы имволы оның тұрмыстық қалдықтар ретінде кəдеге жаратылмауы тиіс екендігін көрсетеді. Бұйымды одан ары кəдеге жарату үшін оны электронды жəне электрлік жабдықтардың тиісті орындарына тапсырған жөн. Бұйымды кəдеге жарату туралы толық ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына, шақырылатын жəне қалдықтарды кəдеге жаратын қызметке немесе осы бұйымды сатып алған дүкенге хабарласыңыз. Аспап келесі стандарттар мен регламенттерге сəйкес əзірленген, сыналған жəне өндірілген: қауіпсіздік: EN/IEC 60335-1; EN/IEC 60335-2-31, EN/IEC 62233, • жұмыс тиімділігі: EN/IEC 61591; ISO 5167-1; ISO 5167-3; ISO 5168; EN/IEC 60704-1; EN/IEC 60704-2-13; ISO 3741; • EN 50564; IEC 62301, электромагнитті үйлесімділік: EN 55014-1; CISPR 14-1; EN 55014-2; CISPR 14-2; EN/IEC 61000-3-2; EN/IEC • 61000-3-3. Қоршаған ортаға əсерді азайту үшін пайдалану жөніндегі ұсыныстар Дайындауды бастаған кезде ауа сорғыны минималды жылдамдықпен ҚОСЫҢЫЗ. Дайындау аяқталғаннан кейін ауа сорғыны бірнеше минут қосылған күйде қалдырыңыз. Булану қарқындылығы артқан кезде ғана жұмыс жылдамдығын ұлғайтыңыз. Турбо режимді немесе ең жоғары жылдамдықты қажет болған кезде ғана қолданыңыз. Жағымсыз иістерді тиімді жою үшін көмір сүзгілерді (көмір сүзгіні) уақытылы ауыстырыңыз. Май сүзгілерінің (май сүзгіні) жұмыс жасау тиімділігін жоғалтпау үшін оларды жүйелі түрде ауыстырып тұрыңыз. Осы нұсқаулықта берілген рұқсат етілген диаметрі үлкен сору шлангтарын қолданыңыз, бұл сорғының барынша тиімді жұмыс жасауын қамтамасыз етеді жəне шу деңгейін азайтады. Орнату жөніндегі қосымша нұсқаулар Монтаждау үшін жиынтықта жеткізілетін бұрандаларды қолданыңыз. Егер бұрандалар жеткізу жиынтығына кірмейтін болса, типі сəйкес келетін бұрандаларды сатып алыңыз. Бұранда ұзындығы ОРНАТУ бөлімінде көрсетілген параметрлерге сəйкес келуі тиіс. Егер күмəн туындаса, авторлық құқығы бар сервис маманына хабарласыңыз. ЕСКЕРТУ! Осы нұсқаулық талаптарына сəйкес келмейтін бұрандалар мен бекіту бөлшектерін қолдану электр тоғынан зақым алуға алып келуі мүмкін.
ҚОЛДАНУ Ауа сорғы ауа бұру немесе қайта айналдыру режимінде жұмыс жасай алады.
Ауа бұру режимінде жұмыс жасау Бұру режимінде ластанған ауа бөлмеден ауа сорғының жоғарғы бөлігіндегі ауа шығару саңылауына бекітілетін арнайы сору шлангасына беріледі. Назар аударыңыз! Сору шлангасы жеткізу жиынтығына кірмейді жəне жеке сатып алынады. Шланг диаметрі ауа шығару саңылауының диаметріне сəйкес келуі тиіс. Горизонталь орналастыру кезінде шығарылған ауаны кедергісіз бұруды қамтамасыз ету үшін шлангты жоғарыға қарай 10° көлбеулікпен орналастырыңыз. Назар аударыңыз! Егер көмір сүзгісі орнатылған болса, оны ағытып алыңыз. Ауа сорғыны қабырғадағы саңылауға жалғар алдында сору шлангасының диаметрі ауа шығару саңылауының диаметріне сəйкес келуі тиіс. Сору шлангасының жəне қабырғадағы саңылаудың шағын диаметрі ауа шығару тиімділігін азайтады жəне шу деңгейін айтарлықтай арттырады. Бұл жағдайда өндіруге жауапкершілік көтермейді. 78
Жүргізілген сору шлангасының өте ұзын болмауы маңызды. Сору шлангасын барынша көп майыстырмай жүргізіңіз. Майыстырудың максималды бұрышы 90°. Соратын шланг диаметрін аз ғана өзгертуге тырысыңыз. Соратын шлангтың ішкі беті барынша тегіс болуы тиіс. Соратын шланг сертификатталған материалдардан жасалуы тиіс.
Қайта айналдыру режимінде жұмыс жасау Қайта айналдыру режимінде дүкендерден немесе сервис орталығынан сатып алуға болатын көмір сүзгісі орнатылуы тиіс. Сүзгі май бөлшектерін жəне иісті ұстап қалады да, тазартылған ауаны жоғарғы тор арқылы бөлмеге қайтарады.
ОРНАТУ Ауа сорғының төменгі жиегі мен ... арасындағы минималды арақашықтық: – электрлік пісіру беті — 50 сантиметр, – газды/аралас пісіру беті — 65 сантиметр, Егер газ плитаны/панельді орнату жөніндегі нұсқаулықта көбірек арақашықтық көрсетілген болса, осы арақашықтықты есепке алыңыз.
Электр желісіне жалғау Жалғар алдында аспап ішіндегі зауыттық жапсырмада көрсетілген деректердің электр желісінің нақты параметрлеріне сəйкес келетінін тексеріп алыңыз. Егер ауа сорғының байланыстыру кабелі ашамен жабдықталған болса, ашаны қолданыстағы ережелерге сəйкес орнатылған жəне қол жетімді жерде орналасқан розеткаға тығыңыз. Егер ауа сорғының байланыстыру кабелі ашамен жабдықталмаса немесе розетка қол жетімсіз жерде орналасса, аспапты орнату жөніндегі нұсқаулыққа сəйкес ІІІ санатты шектен тыс кернеу туындаған кезде желіні толықтай ажыратуды қамтамасыз ететін қос полюсті сөндіргішке жалғаңыз. Ескерту! Ауа сорғыны электр желісіне жалғар жəне жұмысының дұрыстығын тексерер алдында байланыстыру кабелінің дұрыс жалғанғанына көз жеткізіңіз. Ауа сорғысы тиісті кабельдерімен бірге жеткізіледі. Егер кабель бүлінсе, ауыстыру үшін авторлық құқығы бар сервис орталығына хабарласыңыз.
Монтаждау Ауа сорғы ауыр, сондықтан оны кемінде екі адам тасымалдауы жəне монтаждауы тиіс. Монтаждауды бастамас бұрын: • •
Бұйымның өлшемі бойынша монтаждалатын жерге сəйкес келетінін тексеріңіз. Егер ауа сорғысы жиынтығында көмір сүзгілері (көмір сүзгісі) (*) бар болса, оны ауыстырыңыз (тиісті бөлімді қараңыз). Егер ауа сорғыны қайта айналдыру режимінде қолданатын болсаңыз, көмір сүзгілерін (көмір сүзгісін) орнатыңыз. Ауа сорғының ішінде тасымалдау кезінде еніп кетуі мүмкін қандай да бір заттардың бар-жоғын тексеріңіз, мысалы, бұрандалары бар пакет (*), кепілдік парағы (*) жəне егер бар болса, міндетті түрде алыңыз. Монтаждалатын жердегі қабырғаға немесе төбеге еркін қатынауды қамтамасыз ету үшін мүмкіндігінше плитаны электр желісінен ажыратыңыз жəне ысырып қойыңыз немесе пісіру бетін үстел бетінен шығарып алыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса, плитаны немесе пісіру бетін бұзылулардан қорғау үшін қалың материалмен жабыңыз. Ауа сорғыны құрастыруды тегіс бетте жүргізіңіз. Бетін қорғайтын материалмен жабыңыз жəне ауа сорғының бөлшектері мен бекіту бөлшектерін шығарып қойыңыз. Ауа сорғыны монтаждайтын жерде монтаждау аяқталғаннан кейін еркін қатынауды қамтамасыз ететін розетканың бар жоғын жəне шығарылған ауаны бұруға арналған каналға жалғануын тексеріңіз. Қажетті құрылыс-монтаж жұмыстарын орындаңыз (розетканы орнату, шығаратын шлангқа арналған саңылауды жасау). 79
Ауа сорғыны түрлі қабырғалар мен төбеге бекіту үшін дюбельдер ұсынылады. Монтаждауды бастамас бұрын білікті маман қабырға беті мен төбенің сəйкестігін тексеруі тиіс. Қабырға немесе төбе аспап салмағына шыдау үшін берік болуы тиіс. Ауа сорғыны қабырғаға сұйық шегенің, силиконның жəне т.б. Көмегімен бекітпеңіз. Аспап тек ілінетін монтаждауға арналған. Өнiм сапасына қойылатын талаптарды мына мекен-жай бойынша жiберуiңiздi сұраймыз: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Бегалин қ. 19\49, Пр-во «Gorenje», тел 8 (727) 293 03 07 Претензии по качеству продукции направлять по адресу: Республика Казахстан, г. Алматы, ул. Бегалина, дом 19\49, Пр-во «Gorenje» 8 (727) 293 03 07 Қытайда жасалған
ЖҰМЫСЫ Асханада түтін мен иіс қарқындығы жоғары болған кезде жоғары жылдамдықты қосыңыз. Ауа сорғыны дайындауды бастар алдында 5 минут қосу, дайындау барысында оны қосылған күйде қалдыру жəне дайындау аяқталғаннан кейін шамамен 15 минут өшірмеу ұсынылады. Төменде басқарудың үш түрінің сипаттамасы берілген.
АУЫСТЫРЫП ҚОСҚЫШТАРМЕН БАСҚАРУ Сорғы əр жағында орналасқан үш ауыстырып қосқыш көмегімен басқарылады. Ауыстырып қосқыштар телескоп бөлігін жылжытқан кезде көрінеді. Телескопты сорғы автоматты өшіргішпен жабдықталған. Телескоп бөлігін жылжытқаннан кейін сорғы осыған дейін орнатылған жылдамдыққа қосылады. 1.
0 – Сорғы өшірілген. I – Сорғы 1-жылдамдықпен жұмыс жасайды. ↓– 2 немесе 3-жылдамдықтарға ауысу.
II – Сорғы 2-жылдамдықпен жұмыс жасайды (1-ауыстырып қосқыш ↓ күйінде тұрған кезде).
III – Сорғы 3-жылдамдықпен жұмыс жасайды (1-ауыстырып қосқыш ↓ күйінде тұрған кезде). 3.
– жарықты ҚОСУ/ӨШІРУ.
символы бар ауыстырып қосқыш жарықты қосады немесе өшіреді. Жарық сорғы моторына тəуелсіз жұмыс жасайды. батырмасын басу моторды өшірмейді. Телескоп бөлігін жапқаннан кейін өшіргіш автоматты түрде жарықты жəне сорғы моторын қосады. Егер жылдамдықты жəне жарықты ауыстырып қосқыштар қосылған болса, онда телескоп бөлігін жылжытқан кезде мотор мен жарық автоматты түрде қосылады.
БАТЫРМАЛАРМЕН БАСҚАРУ – сорғыны ҚОСУ/ӨШІРУ. Сорғыны 1-жылдамдықпен қосады. – 2-жылдамдықты қосу үшін басыңыз. – 3-жылдамдықты қосу үшін басыңыз. – Жарықты қосу үшін басыңыз. Жарықты өшіру үшін қайта басыңыз.
– Жылдамдықты таңдау мүмкін болуы үшін ҚОСУ/ӨШІРУ сенсорын басыңыз. – 1-жылдамдықты қосу үшін басыңыз. gombot. – 2-жылдамдықты қосу үшін басыңыз. – 3-жылдамдықты қосу үшін басыңыз. – Жарықты қосу үшін басыңыз. Жарықты өшіру үшін қайта басыңыз.
ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Тазалауды жəне басқа да кез келген жұмыстарды бастамас бұрын аспаптың байланыстыру кабелінің электр қорегінен ажыратылғанына немесе жалпы электр желісін өшіргіштің сөндірілгеніне көз жеткізіп алыңыз. Егер аспап электр желісіне розетка арқылы жалғанса, одан байланыстыру кабелінің ашасын ажыратыңыз.
Тазалау Аспаптың ішкі жəне сыртқы беттерін жүйелі түрде тазалап тұрыңыз (май сүзгілерінен жиі емес). Тазалау үшін бейтарап сұйық тазалау құралына малынған матаны қолданыңыз. Абразивтік тазалау құралдарын қолдануға болмайды. СПИРТТІ ҚОЛДАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ! ЕСКЕРТУ! Аспапты тазалау жəне сүзгілерді ауыстыру ережелерін орындамау өртке алып келуі мүмкін, сондықтан берілген нұсқауларды орындау ұсынылады. Өндіруші мотордың ықтимал ақауларына жəне дұрыс жөндемеу немесе берілген нұсқауларды орындамау салдарынан болған өртке жауап бермейді.
Сүзгілер Металл май сүзгісі май бөлшектерін ұстап қалады. Май сүзгісін айына бір рет агрессивті емес жуу құралдарымен қолмен немесе ыдыс жуу машинасында жылдам бағдарламада төмен температурамен тазалаңыз. Ыдыс жуу машинасында жуу кезінде сүзгі түсі өзгеруі мүмкін, бірақ бұл сүзгі жұмысына əсер етпейді. Май сүзгісін шығарып алу үшін оның тұтқасынан төмен тартыңыз. Көмір сүзгісі (қайта айналдыру режимінде жұмыс жасау үшін) дайындау кезінде пайда болатын жағымсыз иістерді жұтады. Сүзгінің қызмет ету мерзімі мен дəрежесі күн сайын дайындау қарқындығына жəне май сүзгісін тазалау жиілігіне байланысты болады. Кез келген жағдайда көмір сүзгісінің картриджін əр төрт ай сайын ауыстыру қажет. Көмір сүзгісін жууға жəне өзгертуге БОЛМАЙДЫ.
Шамдарды ауыстыру Ауа сорғысы оңтайлы жарықтандыруды қамтамасыз ететін, қарапайым шамдармен салыстырғанда 10 есе ұзақ қызмет ететін жəне электр энергиясын 90% дейін үнемдейтін жарық диодты шамдармен жабдықталған. ЕСКЕРТУ! Ауыстыру үшін техникалық қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Электр энергиясын үнемдеу бойынша кеңестер 1) Дайындауды бастаған кезде бу мен иіс шығаруды бақылау үшін ауа сорғысын минималды жылдамдықпен қосыңыз. 2) Булану қарқындылығы артқан кезде ғана ауа сорғысының жұмыс жылдамдығын ұлғайтыңыз. 3) Май буы мен иісті тиімді жою үшін ауа сорғысының сүзгілерін (сүзгісін) жүйелі түрде ауыстырып тұрыңыз. 81
LT - GARTRAUKIS Atidžiai laikykitės instrukcijų, pateiktų šiame vadove. Mes neatsakome už jokius nepatogumus, žalą arba gaisrus, atsiradusius dėl to, kad nesilaikoma šiame vadove pateiktų nurodymų. Gaubtas skirtas sugerti virimo dūmus ir garus ir skirtas naudoti tik namie. Gaubtas gali atrodyti kitaip, nei nurodyta šioje brošiūroje. Tačiau jo naudojimo, priežiūros ir montavimo instrukcijos yra tos pačios. ! ! ! !
Notice Facile