Viva Collection HR7520 - ас үй роботы PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Viva Collection HR7520 PHILIPS PDF форматында.

PHILIPS Viva Collection HR7520 - ас үй роботы
📄 122 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice PHILIPS Viva Collection HR7520 - page 47
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Азық-түлік комбайны
Бренд Philips
Модель Viva Collection HR7520
Қуат тұтынуы 750 Вт
Ыдыс сыйымдылығы 2.1 л
Өлшемдері (Е x Т x Б) 30 x 25 x 40 см
Салмағы 4.5 кг
Кернеуі 220-240 В
Жиілігі 50-60 Гц
Жылдамдық параметрлері 2 жылдамдық + импульс
Функциялары Турау, Кесу, Ұсақтау, Араластыру, Қамыр илеу
Материалы Пластик корпус, тот баспайтын болат пышақтар
Ыдыс жуғыш машинада жууға болатын бөлшектер Ыдыс, қақпақ және керек-жарақтар
Қауіпсіздік ерекшеліктері Қауіпсіздік құлпы, тайғақ емес аяқтар
Сым ұзындығы 1.0 м
Шу деңгейі < 85 дБ
Жинақтағы керек-жарақтар Турайтын пышақ, Кескіш диск, Ұсақтағыш диск, Қамыр аспабы, Шпатель
Қосалқы бөлшектердің қолжетімділігі Philips қолдауы арқылы қол жетімді
Жөндеу мүмкіндігі Жөндеуге жарамды, қосалқы бөлшектер бар
Нұсқаулық тілдері Бірнеше тілдер (нұсқаулықты қараңыз)

Жиі қойылатын сұрақтар - Viva Collection HR7520 PHILIPS

Philips Viva Collection HR7520 қуаты қандай?
Philips Viva Collection HR7520 қуат тұтынуы 750 Вт құрайды.
Ыдыс сыйымдылығы қандай?
Ыдыс сыйымдылығы 2,1 литр.
Бөлшектерді ыдыс жуғыш машинада жууға бола ма?
Иә, ыдыс, қақпақ және көптеген керек-жарақтар ыдыс жуғыш машинада жууға жарамды.
HR7520 қандай функцияларды орындайды?
Ол турау, кесу, ұсақтау, араластыру және қамыр илеу сияқты функцияларды ұсынады.
Оның импульстік функциясы бар ма?
Иә, екі жылдамдық параметріне қосымша импульстік функциясы бар.
HR7520 қамыр илеуге жарамды ма?
Иә, оған қамыр аспабы кіреді және ол 500 г ұнға дейінгі қамырды өңдей алады.
Қандай қауіпсіздік ерекшеліктері бар?
Онда дұрыс жиналмаған жағдайда жұмысты болдырмайтын қауіпсіздік құлпы және тұрақтылық үшін тайғақ емес аяқтар бар.
Қосалқы бөлшектерді қайдан табуға болады?
Қосалқы бөлшектер Philips қолдауы және уәкілетті дилерлер арқылы қол жетімді.
Шу деңгейі қандай?
Шу деңгейі 85 дБ -ден төмен.
Азық-түлік комбайнын қалай тазалау керек?
Барлық бөлшектерді бөлшектеңіз, қолданғаннан кейін бірден шайыңыз және ыдыс жуғыш машинаға салыңыз немесе жылы сабынды сумен жуыңыз. Қайта жинау алдында мұқият құрғатыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Viva Collection HR7520 PHILIPS

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ас үй роботы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Viva Collection HR7520 - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Viva Collection HR7520 брендінің PHILIPS.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Viva Collection HR7520 PHILIPS

Осы затты сатып алуыңызбен құттықтаймыз және Philips компаниясына қош келдіңіз!

Philips ұсынатын қолдауды толық пайдалану үшін өніміңізді

www.philips.com/welcome торабында тіркеңіз.

Құралды қолданар алдында осы нұсқаулықты мұқият оқып шығып, болашақта анықтама ретінде пайдалану үшін сақтап қойыңыз.

Қауіпті жағдайлар

• Мотор бөлімін суға салуға немесе оны ағын су астында шаюға болмайды.

Ескерту

Құрал жұмыс істеп тұрғанда, тамақ салатын түтікке ингредиенттерді салу үшін саусақтарыңызды немесе басқа затты ешқашан пайдаланбаңыз. Тек итергішті пайдаланыңыз.

Құралды розеткаға жалғамас бұрын, құралдың астында көрсетілген кернеудің жергілікті розетканың кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз.

- Қауіпті жағдай орын алмауы үшін, бұл құралды таймер арқылы істетпеңіз.

- Егер қуат сымы, штепсельдік ұшы, қорғайтын қақпағы немесе өзге бөлшектері зақымданған болса, құралды пайдаланбаңыз.

• Қуат сымы зақымданған болса, қауіпті жағдай

орын алмауы үшін, оны тек Philips компаниясында, Philips мақұлдаған қызмет орталығында немесе білікті мамандар ауыстыруы керек.

• Бұл құрылғыны балаларға пайдалануға болмайды. Құралды және оның сымын балалардың қолдары жетпейтін жерде сақтаңыз.

Құралды қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулар беріліп, басқа біреу қадағалаған және құралды пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер түсіндірілген жағдайда, осы құралды физикалық, сезу немесе ойлау қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады.

• Құралдың қараусыз істеп тұруына жол бермеңіз.

- Блендер құмырасының немесе тостағанының қабырғаларына азық жабысып қалса, құралды өшіріп, розеткадан ажыратыңыз. Жабысып қалған азықты қүрекшемен (берілмеген) алып тастаңыз.

- Шараны босату, дискілерді, пышакты және шырын сыққыш сүзгісін қолданған немесе тазалаған кезде абай болыңыз. Кесетін жүздері өте өткір.

• Пышактардың жүзін ұстамаңыз (әсіресе құрал

қуат көзіне қосулы тұрған кезде). Пышақтар өте өткір.

• Пышақ кептеліп қалған жағдайда, пышаққа тұрып қалған ингредиенттерді алмас бұрын құралды розеткадан ажыратыңыз. • Тағамның ыстық құрамдастарын өңдемес бұрын сұытып алыңыз (< 60 °C). - Ас комбайнына немесе блендерге ыстық сұйықтық құйылса, абай болыңыз, себебі бу құрылғыдан сыртқа шығуы мүмкін. • Бұл құрал тек үйде қолдануға жасалған.

Ескерту

Жылуды қосу/өшіру түймесін байқаусызда бастапқы қалпына келтіру нәтижесінде орын алатын қауіпті жағдайды болдырмау үшін, бұл құралға таймер сияқты сырттай қосылатын құрал жалғанбауы керек және оны өшіріліп-қосылатын электр желісіне жалғамаған жөн. Құралды блендер құмырасын, тостағанды немесе оның қақпағын бұрап өшірмеңіз. Құралды жылдамдық таңдағышын 0 күйіне қою арқылы ғана өшіріңіз. • Қолданып болған соң, құралды дереу розеткадан ажыратыңыз.

Жылжымалы бөлшектері тоқтағанша күтіңіз, одан кейін қақпағын ашып, пайдаланылған жылжымалы бөлшектерін алмас бұрын құралды сөндіріп, токтан суырыңыз. • Қараусыз қалдырсаңыз және жинау, бөлшектеу, тазалау, қосалқы құралдарды алмастыру немесе қолданғанда қозғалып тұратын бөліктерді ұстау алдында әрқашан құрылғыны өшіріп, қуат көзінен ажыратыңыз. Құралды алғаш қолданар алдында, азыққа тиетін бөлшектерді жақсылап тазалаңыз. Осы нұсқаулықта берілген нұсқауларды және тазалау кестесін қараңыз. - Басқа өндірушілер шығарған немесе Philips компаниясы нақты ұсынбаған қосалқы құралдар мен бөлшектерді ешқашан пайдаланбаңыз. Ондай қосалқы құралдар мен бөлшектерді пайдалансаңыз, кепілдік өз күшін жояды. • Тостағандағы немесе құмырадағы көрсетілген ең жоғарғы деңгей көрсеткішінен арттырмаңыз. Пайдаланушы нұсқаулығында көрсетілген мөлшерді, дайындау уақытын және жылдамдығын қадағалаңыз.

• Әр партияны өңдегеннен кейін құралды міндетті түрде бөлме температурасына дейін суытып алыңыз. Сәбіз сияқты кейбір ингредиенттер бөлшек беттерінің түстерін өзгертуі мүмкін. Бұл бөлшектерге кері әсер етпейді. Бөлшек түсі әдетте белгілі бір уақыттан кейін қалпына келеді. • Шу деңгейі: Lc = 87 дБ [А]

Бұл Philips Avent құралы электромагниттік өрістерге (ЭМӨ) қатысты барлық стандарттарға сәйкес келеді.

Бұл таңба осы өнімді қалыпты тұрмыстық қалдықпен тастауға болмайтынын білдіреді (2012/19/EU).

PHILIPS Viva Collection HR7520 - Ескерту - 1

Электр және электрондық өнімдердің қалдықтарын бөлек жинау жөніндегі еліңіздің ережелерін сақтаңыз. Қоқысқа дұрыс тастау қоршаған ортаға және адам денсаулығына тиетін зиянды әсердің алдын алуға көмектеседі.

2 Шолу (1-сурет).

① Ас комбайнының итергіші ② Ас комбайны шарасының қақпағы ③ Пышактар ④ Илеу құралы ⑤ Эмульсиялық диск ⑥ Қуырылған картоп дискісі (тек HR7530)

⑦ Екі жақты диск A: Жұқа тілімдеуге арналған В: Жұқалап турауға арналған ⑧ Жетекші вал ⑨ Ас комбайны ыдысы ⑩ Цитрус сыққыш конус ⑪ Цитрус сыққыш елегі ⑫ Диірмен (тек HR7520 / HR7530) ⑬ Сактау науасы (тек HR7530) ⑭ Блендердің өлшеу тостағы ⑮ Блендер қақпағы ⑯ Блендер құмырасы ⑰ Тығыздаушы сақина ⑱ Блендерге/диірменге арналған алынбалы алмас құралы (тек HR7520 / HR7530) ⑲ Бақылау түймесі бар электрқозғалтқыш блогы

3 Алғашқы рет қолданар алдында

Құрылғы мен қосалқы құралдарды алғаш қолданар алдында, тағамға тиетін бөлшектерді мұқият тазалаңыз. Көбірек кеңестер мен негізгі рецептілерді онлайн алу үшін:

1 www.philips.com торабына өтіңіз. 2 Бастапқы беттегі іздеу түймесін басыңыз. 3 Іздеу жолағына өнім нөмірін HR7510/HR7520/HR7530 деп теріңіз. 4 Қажетті ақпаратты іздеу нәтижесінен табыңыз немесе жүктеп алыңыз. 5 Ынталандыратын рецептерді www.philips.com/kitchen сайтынан табуға болады.

Мотордың термиялық

қорғанысы (артық

Тағам өңдегіш пайдалану барысында қызып кету және артық ток жағдайларынан қорғалып жобаланған.

Артық жүктеме жағдайында мотор зақымынан қорғау үшін автоматты түрде тоқтайды.

Құрылғыны қайта орнату үшін, төмендегі қадамдарды орындаңыз:

1 Тұтқаны 0 позициясына бұраңыз, одан кейін оны қуат көзінен ажыратыңыз. 2 Жүкті азайту үшін ингредиенттердің біразын алып тастаңыз. 3 Құралды 20 минут суытыңыз. 4 Қуат ашасын қуат көзіне қосыңыз және қажетті жылдамдықты қайтадан таңдаңыз.

Қосалқы құралдардың кез келгенін пайдалану немесе жинау алдында мынаған сай жинаңыз: 2-8-сурет.

1 Мотор бөлігіне бекітіліп, «сырт» еткен дыбыс естілгенше тостағанды оңға қарай бұраңыз. 2 Қосалқы құралды немесе саппен берілген қосалқы құралды тостағанға жинаңыз. 3 Ингредиенттерді ыдысқа салыңыз. 4 Тостағанның қақпағын жабыңыз да, орнына түсіп, «сырт» еткен дыбыс шыққанша қақпақты оңға қарай бұраңыз.

Одан кейін, итергішті тамақ салатын түтікке кіргізіңіз.

• Дискілер үшін азықты түтікке итергішпен итеріп салыңыз.

5 Штепсельдік ұшты розеткаға қосыңыз. 6 Ұсынылған азық мөлшері мен параметрді 9-суретінен қараңыз. Тұтқаны қажетті жылдамдық параметріне бұраңыз. 7 Қолданыстан кейін тұтқаны 0 позициясына бұрап, құралды токтан суырыңыз.

Түсті сәйкестендіру

жылдамдығы нұсқаулығы

Үнемі жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін, қосалқы құрал түсін тұтқа аймағындағы жылдамдық түсімен сәйкестендіріңіз.

Кілегейді араластыруға, жұмыртқаны шайқауға, пасталар мен нан қамырын дайындауға 1-жылдамдықты пайдаланыңыз. Пиязды турау, етті майдалау, смузилер жасау және т.б. үшін 2-жылдамдықты пайдаланыңыз (қосымша мәліметтерді 9-суреттен қараңыз).

ТүсОңтайландырылған жылдамдық
Ашық қызғылт сары1-жылдамдық
Қою қызғылт сары 2-жылдамдық

Алмас құралы

(2-жылдамдық)

PHILIPS Viva Collection HR7520 - (2-жылдамдық) - 1

Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 2.

Пышақтардың көмегімен азықтарды турауға, араластыруға, майдалауға, ұсақтауға немесе олардан езбе жасауға болады.

Құралды өшіргеннен кейін пышаққа немесе тостағанның ішіне жабысып қалған азықты кетіру үшін қалақшаны пайдаланыңыз.

Пайдаланылуы/КолданылуыМаксат
Етти/балыктымайдалап турауЕт домалактары, балык котлеті, бургер
Пияз/асшөп турауСальса, песто немесе гарнир
Жан факты немесе шоколадты усактауСалаттардын устіне себу немесе гарнир жасау, нан, көмеш
Жан фактарды езуБадам немесе жержанғақ пастасы
Картопты езу Картоп торын жасау
Араластыру және шайқауКекс майын араластыру

PHILIPS Viva Collection HR7520 - (2-жылдамдық) - 2

Ескертпе

  • Ингредиенттерді салар алдында пышақ бөлігін әрқашан ыдысқа салыңыз.
  • Пышақтармен кофе дәндері, куркума, мускат жаңғағы және мұз бөліктері сияқты қатты азықтарды ұсақтамаңыз, себебі бұл пышақтың өткірлігіне әсер етеді. • (Қатты) ірімшік немесе шоколад тураған кезде, құралды ұзақ істетпеңіз. Әйтпесе, бұл ингредиенттер қызып, ериді де, кесектеніп кетеді.

Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 3.

Бастау үшін тұтқаны 1-жылдамдыққа бұраңыз. Қамыр дайын болған кезде тоқтату үшін, тұтқаны 0-жылдамдыққа бұраңыз.

Илеу құралын нан, тоқаш, тәтті нан, печенье, бәліш пен макаронға арналған қамырды тез әрі машақатсыз илеу үшін пайдалануға болады.

PHILIPS Viva Collection HR7520 - Ескертпе - 1

Ескерту

  • Тек қолмен қайта иленіз. Табада қайта илеу ұсынылмайды, себебі ол өндегішті тұрақсыз етуі мүмкін.
  • Бір уақытта 500 грамнан аса ұн салуға болмайды, себебі бұл өндегішті тұрақсыз етуі мүмкін.

Бастамастан бұрын, қажетті дискіні келесіден таңдап, оны келесі суреттерге сай жинағыңызды тексеріңіз: 4 және 5.

Атауы Максат
PHILIPS Viva Collection HR7520 - Ескерту - 1Эмульсиялык дискИнгредиенттерді араластыру, шайкаужәне эмульсиясынжасау (мысалы,майонез, Голландия түздығы жәнешайқалған кілегей).
PHILIPS Viva Collection HR7520 - Ескерту - 2Екі жақты дискИнгредиенттерді (мысалы, ірімшік,сәбіз, шоколад,т.б.) бір жағымен ұсақтап және ұнтақтап,ингредиенттерді (мысалы, картоп,сәбіз, т.б.) басқажағымен тураңыз.
PHILIPS Viva Collection HR7520 - Ескерту - 3Куырылған картоп дискісіИнгредиенттерді қалын тіліктерге бөлу үшін.

PHILIPS Viva Collection HR7520 - Ескерту - 4

Ескерту

• Дискінің кесу пышағын ұстағанда абайлаңыз. Онда өте өткір кесу жүзі бар. - Дискіні ешқашан мұз текшелері сияқты қатты ингредиенттерді өңдеу үшін пайдаланбаңыз. - Ингредиенттер салынатын түтіктің ішіне ингредиенттерді итергішпен күш салып тығындамаңыз.

PHILIPS Viva Collection HR7520 - Ескерту - 1

Ескертпе

  • Ингредиенттерді беру түтігіне итергішпен салыңыз. Жақсылап туралуы немесе үгітілуі үшін, азық салатын түтікті бірқалыпты етіп толтырыңыз. Азықты көп мөлшерде өңдеу керек болса, онда кішкене партиялармен өңдеңіз және тостағанды партиялар арасында босатып отырыңыз.
  • Қалған ингредиенттің кішкентай бөлігі табылса, оны басқа тағамға пайдалана аласыз.

Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағыңызды тексеріңіз: 6.

Блендерді жеміс-жидектен, көкөніс пен судан немесе басқа сұйық азықтан сүт коктейльдерін, шырын, көже мен тұздықтар дайындау үшін пайдалануға болады. Оны сондай-ақ майонез жасау үшін пайдалануға да болады.

PHILIPS Viva Collection HR7520 - Ескертпе - 1

Ескертпе

  • Блендер қосылып тұрғанда, құмыраға қолыңызды немесе басқа затты салмаңыз.
  • Пышақтарды блендер құмырасына тақпас бұрын оған сақина тығыздағышты салыңыз.
  • Өңдеу барысында сұйық азықтарды қосу үшін, оларды блендер құмырасына азық салынатын тесік арқылы құйыңыз.
  • Өңдемес бұрын, азықты кішкентай етіп бөлшектеп алыңыз.
  • Көп мөлшерде дайындау керек болса, бірден көп азық салмай, кішкентай партияларға бөліңіз.
  • Тасымау үшін: ыстық немесе көбіктенетін (мысалы, сүт) сұйықтықтарды өңдегенде, блендер құмырасына 1 литрден артық сұйықтық құймаңыз.
  • Азықтарды блендер құмырасына жоғарғы деңгейден асырмай салыңыз.

PHILIPS Viva Collection HR7520 - Ескертпе - 1

Кеңес

- Құрғақ ұсақтау, мысалы, кофе дәні ұнтағын және тағы басқаны жасау үшін ең жақсы нәтижеге жету мақсатында ұсақтауға арналған керек-жарақты (СР6623) қолданыңыз.

Цитрус сыққыш

(1-жылдамдық)

PHILIPS Viva Collection HR7520 - (1-жылдамдық) - 1

Бастамастан бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 7.

Цитрус сыққышты апельсин, лимон мен грейпфрут сияқты цитрус жемісінің шырынын тез әрі оңай сығу үшін пайдалана аласыз.

PHILIPS Viva Collection HR7520 - (1-жылдамдық) - 2

Ескертпе

• Цитрус сыққыш торын ыдыстағы сапқа қойыңыз. Тордағы қорғаныстың ыдыс тұтқасындағы ұяға бекітілгенін тексеріңіз. Тор дұрыс бекітілгенде сырт еткен дыбыс естіледі. • Цитрус жемісін конусқа итере бастаңыз. Қажет болса, електен дәнекті алып тастау үшін сығуды тоқтатыңыз. Сығып болғанда немесе дәнектерді алып тастағыңыз келгенде, тұтқаны 0-жылдамдық позициясына бұрап, қосалқы құралдар орнатылған тостағанды құралдан алыңыз. • Цитрустық жемістерді салынатын түтіктің ішіне ингредиенттерді конуспен күш салып тығындамаңыз.

Бастамас бұрын, келесі суретке сай жинағаныңызды тексеріңіз: 8.

Ұсатқышты кофе дәндерін, бұрыш дәндерін, жаңғақтарды, асшөптерді және кептірілген жемістерді ұсақтау үшін қолдануға болады. Інжір сияқты кептірілген жемістерді ұсақтап, йогурттың бетіне себуге немесе нанға не печеньеге салуға пайдалануға болады.

Түркиялық кептірілген інжірді өңдегенде жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін ең көбі 25 г інжірді 5 секунд Р жылдамдығында өңдеңіз.

5 Тазалау

PHILIPS Viva Collection HR7520 - Тазалау - 1

Ескерту

- Құралды тазаламас бұрын оны розеткадан ажыратыңыз.

PHILIPS Viva Collection HR7520 - Ескерту - 1

Ескерту

- Жүздері өткір. Тағам процессорының пышақ бөлігін, блендердің пышақ бөлігін және дискілерді тазалағанда абайлаңыз.

1 Моторды дымқыл шүберекпен сүртіңіз. 2 Басқа бөлшектерді ыстық суда (< 60°C) біраз жуу сұйықтығын қосып немесе ыдыс жуғышта жуыңыз.

6 Сақтау

1 Қуат сымын біріктірілген сым сақтау орнына тығыңыз (11-сурет). 2 Өнімді құрғақ жерде сақтаңыз. 3 Сақтау науасына кішкентай қосалқы құралдарды салыңыз (12-сурет).

PHILIPS Viva Collection HR7520 - Сақтау - 1

Ескерту

- Сақтау барысында алмастар мен дискілерді мұқият өңдеңіз. Пышақтар мен дискілер жүздерінің қатты заттарға тимеуін қадағалаңыз. Бұл пышақты мұқалтуы мүмкін.

7 Кепілдік және қызмет көрсету

Мәселе болса, қызмет көрсету немесе ақпарат қажет болса, www.philips.com/support веб-сайтына кіріңіз немесе еліңіздегі Philips тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. Телефон нөмірін дүние жүзілік кепілдік кітапшасынан табуға болады. Егер еліңізде тұтынушыларға қолдау көрсету орталығы болмаса, онда жергілікті Philips компаниясының дилеріне барыңыз.

1 Маңызды

Условия хранения/Сактау шарттарыУсловия эксплуатации/пайдалану шарттары
Температура/Температура -20°C ÷ +60 °C +10°C ÷ +40°C
Относительная влажность/Салыстырмалы вығалдылық20% ÷ 95% 20% ÷ 90%
Атмосферное давление/Атмосфералық кысым85 ÷ 109 kPa 85 ÷ 109 kPa

PHILIPS Viva Collection HR7520 - Маңызды - 1

Ас үй комбайны

HR7510 220-240В~ 50-60Гц 800Вт

HR7520; HR7530 220-240В~ 50-60Гц 850Вт

Ресей және Кедендік Одақ территориясына импорттаушы:

"ФИЛИПС" ЖШК, Ресей Федерациясы, 123022 Мәскеу қаласы,

Сергей Макеев көшесі, 13-үй, тел. +7 495 961-1111

Өндіруші:

Тұрмыстық қажеттіліктерге арналған

Қытайда жасалған

PHILIPS Viva Collection HR7520 - Маңызды - 2

PHILIPS Viva Collection HR7520 - Маңызды - 3

PHILIPS Viva Collection HR7520 - Маңызды - 4

PHILIPS Viva Collection HR7520 - Маңызды - 5

PHILIPS Viva Collection HR7520 - Маңызды - 6

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : PHILIPS

Модель : Viva Collection HR7520

Санат : ас үй роботы