SC 1 Multi Comfort - бумен тазалағыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз SC 1 Multi Comfort Kärcher PDF форматында.
| Өнім түрі | Бу тазалағыш |
| Бренд | Kärcher |
| Модель | SC 1 Multi Comfort |
| Өлшемдері (Ұ x Е x Б) | 341 x 110 x 181 мм |
| Аксессуарларсыз салмағы | 1,2 кг |
| Электр қорегі | 220-240 В, 50-60 Гц |
| Қыздыру қуаты | 1300 Вт |
| Қорғаныс класы | I |
| Қорғаныс түрі | IPX4 |
| Қызу уақыты | Шамамен 30 секунд |
| Үздіксіз бу шығымы | 33 г/мин |
| Су ыдысының сыйымдылығы | Максимум 200 мл |
| Қолданылуы | Детергентсіз бумен тазалау |
| Негізгі функциялар | 5 минут үздіксіз будың кейін автоматты түрде өшіру, кіріктірілген кірден тазарту картриджі, LED дисплей |
| Күтім | Серпилье мен қаптарды макс. 60 °C температурада жуу, шамамен 15 литр судан кейін кірден тазарту картриджін ауыстыру |
| Қауіпсіздік | Қауіпсіздік клапан, сақтандырғыш, қызып кету мен артық қысымнан қорғау құрылғылары |
| Кіріктірілген аксессуарлар | Бу саптамасы, қолмен сорғыш, қап, ұзартқыш түтіктер (2), еденге арналған саптама, серпилье |
| Қосалқы бөлшектер мен жөндеу мүмкіндігі | Түпнұсқа аксессуарлар www.kaercher.com сайтында қолжетімді, уәкілетті сатудан кейінгі қызмет |
| Кепілдік | Елдің шарттарына сәйкес, материал мен дайындау ақауларын қамтиды |
Жиі қойылатын сұрақтар - SC 1 Multi Comfort Kärcher
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы SC 1 Multi Comfort Kärcher
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бумен тазалағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз SC 1 Multi Comfort - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. SC 1 Multi Comfort брендінің Kärcher.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ SC 1 Multi Comfort Kärcher
Бүйымды мақсатына сәйкес қолдану.... 151
Қоршаған ортаны қорғау 151
Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер ..... 151
Жеткізілім жинағы 152
Кепілдік.... 152
Қорғаныс құрал-жабдықтары 152
Құрылғының сипаттамасы 152
Сүрткіш құрылғының ықтимал позициялары... 153
Пайдалану.... 154
Қолдануға арналған маңызды ескертулер ..... 155
Күтім және техникалық қызмет көрсету ...... 156
Қақтан тазарту картриджін ауыстыру.... 156
Ақаулар кезіндегі көмек.... 157
Техникалық мағлұматтар 157
Жалпы нұсқаулар

Құрылғыны алғаш рет қолданбас бұрын, осы пайдалану жөніндегі түпнұсқа нұсқаулық пен берілген
қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды оқып шығыңыз. Оларға сай әрекет етіңіз.
Екі кітапшаны да әрі қарай пайдалану немесе келесі иесі үшін сақтап қойыңыз.
Бұйымды мақсатына сәйкес қолдану
Бұйымды үй шаруашылығында ғана қолданыңыз.
Құрал буды тазартуға арналған және оны осы нұсқаулықта сипатталғандай сәйкес толымдаушылармен қолдануға болады. Тазартқыш құралдар қажет емес. Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды орындаңыз.
220-240
Қоршаған ортаны қорғау

Орауыш материалдарын утилизациялауға болады. Орауыштарды қоршаған ортаға қауіпсіз түрде утилизациялаңыз.

Электрлік және электрондық бұйымдардың құрамында қате қолдану немесе утилизациялау нәтижесінде адам денсаулығына және қоршаған ортаға қауіп
төндіруі ықтимал, құнды қайта өндірілетін материалдар және батареялар, аккумуляторлар немесе май сияқты бөлшектер жиі кездеседі. Алайда, аталмыш бөлшектер бұйымды тиісінше пайдалану үшін қажет болады. Осы таңбамен белгіленген құрылғыларды үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайды.
Құрамдағы заттар бойынша нұсқаулар (REACH)
Бұйымның құрамындағы заттар туралы соңғы мәліметтерді мына мекенжай бойынша табуға болады: www.kaercher.de/REACH
Керек-жарақ және қосалқы бөлшектер
Тек түпнұсқалы керек-жарақ немесе қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз, себебі ол құралдың қауіпсіз және апатсыз жұмыс істеуіне кепілдік болады.
Керек-жарақтар мен қосалқы бөлшектер туралы ақпарат www.kaercher.com веб-сайтында қолжетімді.
Жеткізілім жинағы
Бұйымның жеткізілім жинағы орауыштың үстінде көрсетілген. Бұйымды орауыштан шығарғанда жинақтың толықтығын тексеріп шығыңыз. Керек-жарақтар жетіспеген немесе тасымалдау кезінде зақымдар тиген жағдайда, дилеріңізге хабарласыңыз.
Кепілдік
Әр елде жергілікті дистрибьюторлар берген кепілдік шарттары қолданылады. Бұйымда материалдық немесе өндірістік ақаулар анықталған жағдайда, ықтимал ақауларды кепілдік мерзімі ішінде ақысыз жөндейміз. Кепілдік мерзіміне наразылықтарыңыз болса, бұйымды сатқан сауда мекемесіне немесе жақындағы өкілетті қызмет көрсету орнына түбіртекті көрсетіп хабарласыңыз. (Мекенжайымыз артқы бетте) Кепілдік туралы қосымша ақпаратты (бар болса) жергілікті Kärcher веб-сайтының «Жүктеулер» бөліміндегі қызмет көрсету бөлімінде табуға болады.
| Шығару күні фирмалық тақтайшада ММ/YYYY пішімінде көрсетіледі, мунда ММ - өндіріс айы, YYYY - шығарылған жылы немесе кодталған түрде.Жеке сандардың мағынасы келесідей болады: Мысалы: 30290 | |
| 3 | Өндірілген жылы |
| 0 | Өндірілген ғасыры |
| 2 | Өндірілген онжылдық |
| 9 | Өндірілген айының екінші саны |
| 0 | Өндірілген айының бірінші саны |
| Сонымен бул мысалда 30290 коды 09 /(2)023 өндірілген күнін білдіреді. | |
Қорғаныс құрал-жабдықтары
⚠АБАЙЛАҢЫЗ
Жоқ немесе өзгертілген қорғаныс құрал-жабдықтары
Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған.
Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз немесе ажыратпаңыз.
Құрылғыдағы таңбалар
(Құрылғы түріне байланысты)
![]() | Кую каупі бар, жұмыс кезінде құрылғының беті қызады |
![]() | Будан кую каупі бар |
![]() | Пайдалану нұсқаулығын оқып шығыңыз |
| USE WATER ONLY | Су ыдысына тек қоспасыз су құйыңыз |
Қауіпсіздік клапаны
Ақаулық нәтижесінде өте жоғары қысым туындайтын болса, сақтандырғыш клапаны артық қысымды қоршаған ортаға шығарады.
Созылмалы сақтандырғыш
Созылмалы сақтандырғыш құрылғының қызып кетуінің алдын алады. Құрылғы қызып кеткен кезде созылмалы сақтандырғыш оны желіден ажыратады. Құрылғыны қайтадан іске қоспас бұрын, ҚÄRCHER өкілетті тұтынушыларға қолдау қызметіне жүгініңіз.
Құрылғының сипаттамасы
Осы нұсқаулықта құрылғының максималь жабдықталуы сипатталған. Үлгісіне байланысты жеткізілім жиынтығында айырмашылықтар бар (қаптаманы қараңыз).
Суреттерді графикалық беттен қараңыз. Сурет А
① Бу шүмегі ② Құлыптан шығару түймесіне арналған керек-жарақтар ③ Бу беру түймесі бар жарықдиодты шам дисплейі ④ Тұтқаның/ұзартқыш түтіктің жалғағышы ⑤ Құлыптан шығару түймесі бар алынбалы тұтқа ⑥ Желілік істікшесі бар желілік байланыстырғыш кабель және жабысқақ кабельдік байлам ⑦ Қақтан тазарту картриджі ⑧ Су багы ⑨ ** Байланыстырғыш адаптері және бу беру пистолеті бар ұзартқыш шланг ⑩ Қол қондырмасы ⑪ Қол қондырмасына арналған қаптауыш (1 дана) ⑫ ** Ұзартқыш түтіктер (2 дана) ⑬ Құлыптан шығару түймесі ⑭ ** Еден тазалауға арналған қондырма ⑮ Жабысқақ ⑯ ** Еденге арналған шүберек ** Қосымша
Бастапқы іске қосу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Қақ себебінен құрылғының зақымдалуы
Қақтан тазалау картриджінсіз қақ жиналып, құрылғыны зақымдауы мүмкін, сондықтан құрылғыны қақтан тазалау картриджінсіз пайдалануға болмайды.
Пайдалану алдында қақтан тазалау картриджінің құрылғыға дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
- Тұтқаны құрылғыға бекітіңіз.
Сурет B
- Су ыдысын қолыңызбен бүйірінен мықтап ұстап, төмен қарай тартыңыз. Сурет С
- Қақтан тазалау картриджін қаптамадан шығарыңыз.
Cypet D
Нұсқау
Қақтан тазалау картриджін пайдаланған кезде ҚÄRCHER жазуы сіз қарап отырған бағытта дұрыс оқылатынына көз жеткізіңіз.
- Қақтан тазалау картриджін орнатыңыз:
- Қақтан тазалау картриджін жоғарғы екі пластикалық қабырғаның астына сәл бұрышпен қойыңыз.
- Оны пластикалық қабырғалардың астына қойғаннан кейін, шерту естілгенше және орнына түскенше қақтан тазалау картриджін басыңыз.
Cypet E
- Су ыдысын құрылғының астыңғы жағына қойып, шерту естілгенше және орнына түскенше жоғары қарай басыңыз.
Cypet G
Су ыдысы құрылғыға берік орнығуы тиіс.
Нұсқау
Қақтан тазалау картриджін қолдану туралы қосымша ақпаратты Қақтан тазарту картриджін ауыстыру тарауынан қараңыз
Орнату
Кондырғыларды монтаждау
Нұсқау
Тығыз орнығуды қамтамасыз ету үшін керек-жарақтар монтаждау кезінде шерту естіліп, орнына түсуі керек.
Нұсқау
Керек-жарақтар бөлшектерін немесе сүрткіш құрылғының орындарын өзгертпес бұрын құрылғыны өшіру керек.
Нұсқау
Еденге арналған қондырманы қолданбай тазалау жұмыстарын жүргізу үшін KÄRCHER қосымша керек-жарақтарын (мысалы, ұзартқыш шланг, бумен тегістегіш) пайдалануға болады.
Бу беру пистолеті бар қол қондырмасын/ұзартқыш шлангты монтаждау
- Қондырманың ашық шетін бу беру қондырмасына немесе бу беру пистолетіне бу беру қондырмасының немесе бу беру пистолетінің құлыптан шығару түймесі сырт еткенше кигізіңіз.
Сурет H
Сурет I
Ұзартқыш түтіктерді/еденге арналған қондырманы/тұтқаны монтаждау Нұсқау
Еден тазалауға арналған құрылғы дербес жұмыс істеуі үшін жинақтағы EasyFix Large еденге арналған қондырмасы/EasyFix Large еденге арналған шуберегі SC 1 Multi & Up үшін керек-жарақтар ретінде пайдаланылуы керек.
Нұсқау
Егер Berg ұзартқыш түтіктер мен EasyFix Large еденге арналған қондырмасы жеткізу көлеміне кірсе, бумен сүрткіш тиісті тазалау қажеттіліктеріне жеке бейімделу үшін сүрткіш құрылғының үш түрлі позициясында пайдаланылуы мүмкін, «Сүрткіш құрылғысының ықтимал позициялары» тарауын қараңыз.
4 Сүрткіш құрылғысының жоғарғы позициясы – тікелей тұтқада:
а Ұзартқыш түтіктерді бір-біріне біріктіріп, оларды еденге арналған қондырманың ашық ұшына салыңыз. b Құрылғыдан бу беру қондырмасын ұзартқыш түтікке жалғаңыз.
Сурет J
5 Сүрткіш құрылғысының ортаңғы позициясы – ұзартқыш түтіктер арасында:
а Алынбалы тұтқадағы құлыптан шығару түймесін басып, тұтқаны құрылғыдан шығарыңыз. b Тұтқаны 1-ші ұзартқыш түтіктің ашық ұшына бекітіңіз. с 1. Ұзартқыш түтікті құрылғыдағы тұтқаның/ұзартқыш түтіктің жалғағышына бекітіңіз. d 2-ші ұзартқыш түтіктің ашық ұшын құрылғының бу беру қондырмасына бекітіңіз. е 2. Ұзартқыш түтікті еденге арналған қондырмаға жалғаңыз.
Сурет K
6 Сүрткіш құрылғының төменгі позициясы – тікелей EasyFix Large еденге арналған қондырмасында:
а Алынбалы тұтқадағы құлыптан шығару түймесін басып, тұтқаны құрылғыдан шығарыңыз. b Ұзартқыш түтіктерді бір-біріне біріктіріп, тұтқаны ұзартқыш түтіктің ашық ұшына салыңыз. с Ұзартқыш түтікті құрылғыдағы тұтқаның/ұзартқыш түтіктің жалғағышына бекітіңіз. d Еденге арналған қондырманы бу беру қондырмасына жалғаңыз. e Тазалау жұмыстары кезінде шатасып қалмас үшін желілік кабельді берілген жабысқақ кабельдік байламның көмегімен тұтқаның астына бекітіңіз.
Сурет L
Қондырманы ажыратыңыз
- Тиісті құлыптан шығару түймесін басыңыз (мысалы, бу беру қондырмасына, қол қондырмасына немесе ұзартқыш түтіктерге арналған) және жалғанған керек-жарақтарды алыңыз.
Сурет О
Сүрткіш құрылғының ықтимал позициялары
Нұсқау
Егер ұзартқыш түтіктер мен EasyFix Large еденге арналған қондырмасы жеткізу көлеміне кірсе, бумен сүрткіш тиісті тазалау қажеттіліктеріне жеке бейімделу үшін сүрткіш құрылғының үш түрлі позициясында пайдаланылуы мүмкін.
Сүрткіш құрылғысының жеке позицияларының монтаждалу сипаттамасын «Қондырғыларды монтаждау» тарауынан қараңыз.
Нұсқау
Жұмыс кезінде қысқа үзіліс жасау үшін құрылғыны еденге арналған қондырманың төменгі жағында сүрткіш құрылғының 3-ші позициясында ғана пайдалануға болады. Құрылғының мұндай позициясы ұзақ уақыт кезеңіне, мысалы, құрылғыны сақтауға арналмаған.
1 Сүрткіш құрылғысының жоғарғы позициясы – тікелей тұтқада:
- Жақсы қол жетімділік, мысалы, жиһаз астын тазалау үшін.
Сурет J
2 Сүрткіш құрылғысының ортаңғы позициясы – ұзартқыш түтіктер арасында:
- Жақсы қол жетімділік пен қолда ыңғайлы ұстаудың үйлесімі.
Сурет K
3 Сүрткіш құрылғының төменгі позициясы – тікелей EasyFix Large еденге арналған қондырмасында
- Қолда ыңғайлы ұстау және жұмыста қысқа үзіліс жасау үшін өздігінен тұру мүмкіндігі.
Сурет L
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрылғы мен мүліктің аударылу салдарынан бүлінуі
Коргаудың жеткіліксіздігі құрылғының жұмыс үзілісінде немесе сақтау барысында құлап кетуіне және зақымдалуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ, сұйықтық ағып, еденге зақым келтіруі мүмкін. Құрылғыны еденге арналған қондырмасымен қатты бетке қойыңыз. Сүрткіш құрылғысы өздігінен тұрған күйде болмаса (құрылғы жоғарыда және ортасында), қысқа жұмыс үзілістері кезінде оны бекіту үшін құрылғыны да тік күйде қатты қабырғаға сүйеп қою керек.
Пайдалану
Су құйыңыз
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Жарамсыз судың әсерінен құрылғының зақымдалуы
Сәйкес емес су саңылауларды бітеуі мүмкін. Киімді кептіргіштегі конденсатты суды пайдаланбаңыз.
Жиналған жаңбыр суын қолданбаңыз.
Тазалау құралдарын немесе басқа қоспаларды (мысалы, сірке суы, хош иістендіргіштер) қоспаңыз.
Нұсқау
Су багын кез келген уақытта толтыруға болады.
- Су ыдысын қолыңызбен бүйірінен мықтап ұстап, төмен қарай тартыңыз.
Сурет C
- Ыдыстың қақпағын жоғары көтеріңіз.
Ыдыс қақпағының алдыңғы бөлігін артқа немесе төмен қарай бүгіңіз және су ыдысының құюға арналған саңылауы жабылмайтындай етіп оны бас бармағыңызбен бекітіңіз.
- Су ыдысына 200 мл-ден аспайтын ағын су құйыңыз.
- Ыдыстың қақпағын жабыңыз.
Сурет F
- Су ыдысын құрылғының төменгі жиегінің ішкі жағына орналастырыңыз. Содан кейін су ыдысын жоғары қарай, содан кейін құрылғыға қарай шерту естілгенше итеріңіз.
Сурет G
Су ыдысы құрылғыға берік орнығуы тиіс.
Құрылғыны қосу
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Аударылу немесе құлау салдарынан құрылғының және мүліктің зақымдануы
Қорғаудың жеткіліксіздігі құрылғының жұмыс үзілісінде немесе сақтау барысында аударылып немесе құлап кетуіне және зақымдалуына әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ, сұйықтық ағып, еденге зақым келтіруі мүмкін.
Жұмыстағы үзілістер кезінде нық тұруы үшін сүрткіш құрылғының төменгі позициясын пайдаланыңыз («Сүрткіш құрылғының ықтимал позициялары» тарауын қараңыз) және құрылғыны қатты бетке қойыңыз. Еденге арналған керек-жарақтары жоқ құрылғыларды тұрақты жерде сақтау керек (мысалы, үстелде).
Нұсқау
Қақтан тазарту картриджін шығарып, қайта орнатқаннан кейін 1-ші булау кезінде бу ағыны әлсіз немесе біркелкі болмауы мүмкін және жеке су тамшылары түсуі мүмкін. Құрылғыға қақтан тазарту картриджіне су толтыратын қысқа іске қосу уақыты керек. Шығатын будың мөлшері шамамен 30–60 секундтан кейін будың максималды мөлшеріне жеткенше біртіндеп арта береді.
Нұсқау
Құрылғыда бу беру түймесі бар.
Бу беру түймесінің келесі функциялары бар:
- Жылыту, пайдалануға дайындық, бу беру режимі және қақтан тазалау картриджін ауыстыру сияқты әр түрлі режимдерді көрсетуге арналған жарықдиодты шам индикаторы.
- Бу беру функциясын қосу және өшіру.
- Құрылғыны тұтқасынан мықтап ұстаңыз немесе оны қатты бетке қойыңыз.
- Желілік штепсельді электр розеткасына қосыңыз. Бу беру түймесі сары түспен жыпылықтайды және құрылғы қызады.
- Шамамен 30 секундтан кейін құрылғы пайдалануға дайын болады және бу беру түймесі тұрақты жасыл түспен жанады.
- Бу беру режимін қосу үшін бу беру түймесін бір рет ақырын басыңыз.
Бу шүмектен шығады.
Үздіксіз бу беру 5 минут орындалғаннан кейін бу беру автоматты түрде өшеді. Бұл су ыдысының бос екені байқалмаса, сорғының құрғақ жұмыс істеуіне жол бермейді.
- Қажет болса, қосымша су құйып, тазалау жұмыстарын жалғастыру үшін бу беру түймесін бір рет ақырын басыңыз.
Суды толтырыңыз
Нұсқау
Егер су жеткіліксіз болса, қатты шу естіледі, себебі сорғы ауаны сорып алады және көрінетін бу болмайды.
Нұсқау
Су деңгейін жартылай ашық мөлдір су багынан көруге болады.
- Су ыдысын алыңыз да, оны 200 мл-ден аспайтын ағын сумен толтырыңыз. Су құйыңыз тарауын қараңыз.
Сурет F
Жұмысты тоқтату
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Конденсаттың / ылғалдың есебінен мүліктің зақымдануы
Ұзақ жұмыс үзілісі кезінде мүліктің зақымдануын болдырмау үшін, Құрылғыны сақтау тарауын қараңыз.
Нұсқау
Энергияны үнемдеу үшін, 20 минуттан асатын үзіліс кезінде құрылғыны өшіріп қоюды ұсынамыз. Құрылғыны өшіру тарауын қараңыз.
- Бу беру режимін тоқтату үшін бу беру түймесін бір рет ақырын басыңыз.
- Қажет болса, бу беру режимін өшіріңіз, ол үшін бу беру түймесін бір рет ақырын басыңыз. Бу беру режимі өшіріліп, бу беру түймесі тұрақты жасыл түспен жанады.
- Желілік штепсельді электр розеткасынан шығарып алыңыз.
Құрылғы өшірілген.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрылғының судың тұрып қалуы салдарынан зақымдалуы
Құрылғы 2 айдан артық пайдаланылмаса, бактағы су бұзылып кетуі мүмкін.
Ұзақ мерзімді жұмыс үзілісінің алдында су багын босатыңыз.
• Су багін босату.
Құрылғыны сақтау
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Конденсаттың/ылғалдың есебінен мүліктің зақымдануы
Тазалаудан кейін керек-жарақтардағы (мысалы, еденге арналған шүберектегі/еденге арналған қондырмадағы/қол қондырмасындағы) немесе құрылғыдағы ылғал сөрелерді немесе еден жабындарын зақымдауы мүмкін.
Тазалау жұмыстарынан кейін керек-жарақтарды алып тастаңыз және оларды, сондай-ақ құрылғыны құрғатыңыз.
Керек-жарақтарды/құрылғыны сезімтал беттерге немесе еденге қоймаңыз немесе сақтамаңыз.
- Керек-жарақтарды құрылғыдан ажыратыңыз.
- Қажеттіліктеріңізге байланысты желілік байланыстыру сымдарын құрылғының тұтқасына ораңыз.
- Толымдаушыларды құрғатыңыз.
- Құрылғыны қорғалған, құрғақ және аяз жоқ жерде сақтаңыз.
Қолдануға арналған маңызды ескертулер
Көпқабатты немесе лакталған беттерді тазарту
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Зақымдалған беттер
Бу балауызды, жиһаз лагын, пластик жабындарды немесе шеттерінің бояуы мен жапсырмасын ерітіп жібере алады.
Буды желімделген шеттеріне бағыттамаңыз, жапсырмасы қатпарлануы мүмкін. Құралды қорғалмаған ағаш немесе паркет едендерді тазартуға қолданбаңыз.
Құрылғыны боялған немесе пластикпен жабылған беттерді, асүй немесе үй жиһазын, есіктерді немесе паркетті тазалауға қолданбаңыз.
- Осы беттерді тазарту үшін, матаны бумен қысқа уақыт өңдеп, онымен бетін сүртіңіз.
Әйнекті тазарту.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Әйнектің сынуы және бөлтің зақымдалуы
Бу терезе жақтауының жапсырылған бөліктерін зақымдауы және сыртқы температура төмен болған кезде терезе әйнегі бөлігіне күш түсуіне әкелуі, нәтижесінде оның сынуы мүмкін.
Буды терезе жақтауының жапсырылған бөліктеріне бағыттамаңыз.
Әйнектің бүкіл бетін бумен мұқият жеңіл өңдеу арқылы әйнектерді сыртқы температура төмен болған кезде қыздырыңыз.
- Терезенің бетін қондырма-щеткамен тазалап, микроталшыққа арналған алынбалы майлықты тазартыңыз. Суды жою үшін, айдауды пайдаланыңыз немесе бетін құрғатып кептіріңіз.
Матаны жаңарту
Құрылғыны пайдаланбас бұрын бүркеулі жерде матамен үйлесімділігін әрқашан тексеріңіз: Матаны бумен өңдеп, кептіріңіз, сосын түсінің немесе пішінінің өзгергенін тексеріңіз.
Бу шүмегі / бу тапаншасы
Бу шүмегін немесе бу тапаншасын келесі жағдайларда қондырмаларсыз қолдануға болады:
- Ілініп тұрған киімдегі жеңіл қыртыстарды жою үшін: Киімді бумен 10-20 см қашықтықтан өңдеңіз.
- Шаңды ылғалмен жою үшін: Майлықты бумен жеңіл өңдеп, онымен жиһазды сүртіңіз.
Қол қондырмасы
Қондырма-щеткамен шағын жуылатын беттерді, душ кабиналарын және айнаны тазалауға болады.
- Қол қондырмасын бу беру қондырмасына немесе бу беру пистолетіне кигізіңіз.
Сурет H Сурет I
- Майлықты микроталшыққа бекітіңіз.
Еден саптамасы
Еденге арналған қондырмамен жуылатын қабырға және еден жабындарын тазалауға болады, мысалы: тас едендер, плиткалар және ПВХ едендері.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Бумен өңдеуден болған зақымдар.
Жоғары температура мен ылғалдылық зақымдарға әкелуі мүмкін.
Пайдалану алдында будың жылуға төзімділігі мен әсерін білінбейтін жерде будың аз мөлшерімен тексеріңіз.
Нұсқау
Тазартылатын беттегі тазартқыш құралдардың немесе күтім көрсетуге арналған эмульсиялардың қалдығы бумен тазалаған кезде жолақтардың пайда болуына әкелуі мүмкін, бірақ олар көп рет пайдаланғаннан кейін жойылады.
⚠АБАЙЛАҢЫЗ
Аяқтың күюі
Еден саптамасы/еден матасы булау кезінде қызады.
Еден материалын алып тастағанда, ыстық су тамып кетуі мүмкін.
Еден саптамасын/еден матасын тиісті аяқ киіммен ғана қолданыңыз және алып тастаңыз. Құрылғыны қолдану алдында еденнің бетін шаңсорғышпен соруға немесе сыпыруға кеңес беріледі. Осылайша ылғалды тазартудан бұрын еден лас пен бөтен заттардан тазартылады. Қатты ластанған жерлерде будың ұзақ әрекет етуі үшін мұқият жұмыс істеңіз.
- Ұзартқыш түтіктерді бу тапаншасымен байланыстырыңыз.
Сурет I
- Ұзартқыш түтікті еденге арналған қондырмаға жалғаңыз.
Сурет M
- Еденге арналған қондырмаға майлықты бекітіңіз.
а Еденге арналған майлықты еденге жабысатын жолақтарын жоғары қаратып қойыңыз.
b Еденге арналған қондырманы еденге арналған шуберектің ортасына қойып, аздап басыңыз.
Сурет N
Еден шуберегі жабысқақ бекіткіш арқылы автоматты түрде жабысады.
Еденге арналған майлықты алыңыз
- Аяққа арналған сүйеуішке еденге арналған майлықты қойып, еденге арналған қондырманы жоғары көтеріңіз.
Сурет N
Нұсқау
Ең басында еденге арналған шүберектің бекітпе таспасы әлі жеткілікті түрде жақсы ұсталады және еден қондырмасынан әрен ажыратылады. Көп рет қолданған және жуған соң, шүберек еден қондырмасынан жақсы шешіледі, оңтайлы бекіту күшіне қол жеткізілген.
Күтім және техникалық қызмет көрсету
Қақтан тазарту картриджін ауыстыру
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ
Құрылғыны зақымдау және қызмет көрсету мерзімінің қысқартылуы
Қақтан тазалау картриджінің ауыстыру аралықтарын сақтамау (бу беру түймесінің
көрсеткіші) құрылғыға зақым келтіруі және оның қызмет ету мерзімін қысқартуы мүмкін.
Қақтан тазалау картриджінің қызмет ету мерзімі шамамен 15 литр су ағынының мөлшеріне сәйкес келеді.
Жұмыс уақытының соңында бу беру түймесінің жарықдиодты шам индикаторы
Қақтан тазалау үшін қажетті картриджді ауыстыру келесі тәсілмен көрсетіледі:
1 Картридждің қызмет ету мерзімі аяқталғанға дейін 1 сағат бұрын бу беру түймесіндегі жарықдиод 30 секунд ішінде қызғылт сары түспен жыпылықтайды. 2 Қақтан тазалау картриджі толығымен таусылғанша, құрылғы розеткаға қосылған сайын бу беру түймесі қызғылт сары түспен 30 секунд жыпылықтайды. 3 Егер қақтан тазалау картриджінің қызмет ету мерзімі өтіп кетсе, бу беру түймесі қызғылт сары түспен тез және үздіксіз жыпылықтайды. Қақтан тазалау картриджін жаңасына ауыстыру керек.
Сурет V
Сурет W
Нұсқау
Бұл режимде құрылғының ықтимал зақымдануынан қорғау үшін бумен жұмыс істеу енді мүмкін емес.
Осылайша, бумен жұмыс істеу қақтан тазалау картриджін сәтті ауыстырғаннан кейін ғана мүмкін болады. Бастапқы іске қосу тарауын қараңыз.
Құрылғыны зақымдау қаупі
Бұрын пайдаланылған қақты жинақтау патронын орнату құрылғыны зақымдауы мүмкін.
Жаңа және ескі картридждерді шатастырмау үшін мұқият жұмыс жасаңыз.
Нұсқау
Қақтан тазарту картриджін шығарып, қайта орнатқаннан кейін 1-ші булау кезінде бу ағыны әлсіз немесе біркелкі болмауы мүмкін және жеке су тамшылары түсуі мүмкін. Құрылғыға қақтан тазарту картриджіне су толтыратын қысқа іске қосу уақыты керек. Шығатын будың мөлшері шамамен 30–60 секундтан кейін будың максималды мөлшеріне жеткенше біртіндеп арта береді.
Нұсқау
Қақтан тазалау картриджін ауыстырмас бұрын су ыдысын алып тастау керек және ауыстырғаннан кейін қайта салу керек. Бастапқы іске қосу тарауын қараңыз.
- Егер құрылғы бу беру режимінде болса, бу беруді өшіру үшін бу беру түймесін бір рет ақырын басыңыз.
- Желілік штепсельді электр розеткасынан шығарып алыңыз.
- Қақтан тазарту картриджін алыңыз.
- Жаңа қақтан тазарту картриджін салыңыз және ол орнына түскенше басыңыз.
Cypet E
- Бу беру түймесін басып, желі істікшесін розеткаға салыңыз. Бу беру түймесін 7 секунд бойы басып тұра беріңіз.
- Қалпына келтіру сәтті орындалғаннан кейін бу беру түймесі жасыл түспен жыпылықтайды, содан кейін қыздыру режиміне ауысады. Қақтан тазалау картриджінің жұмыс уақыты қайтадан басталады.
Cypet X
- Қақтан тазалау картриджін үрлеу үшін бу беру түймесін ақырын басыңыз, бу біркелкі шыға бастағанға дейін бұл шамамен 30–60 секундты алады.
Толымдаушыларға күтім көрсету
(Жеткізілуіне қарай толымдаушылар)
Нұсқау
Шуберектер кептіргіште кептіруге жарамайды. Нұсқау
Оңтайлы тазалау нәтижелеріне қол жеткізу үшін майлықтарды бірінші рет қолданар алдында машинада бір рет жууды ұсынамыз.
Жуған кезінде жапсырмадағы жуу шарттары көрсетілген нұсқауларды сақтаңыз. Майлықтар ласты жақсы сіңіре алуы үшін, жұмсақ шайғышты пайдаланбаңыз.
- Еденге арналған майлықтар мен қаптарын кір жуғыш машинада ең көбі 60 °С-пен жуыңыз.
Ақаулар кезіндегі көмек
Ақаулардың себептері көп жағдайда келесі шолуды пайдалану арқылы өздігінен жоюға болатындай қарапайым болады. Күдіктер болса немесе осы жерде көрсетілмеген ақаулар болған кезде, рұқсат етілген сервистік орталыққа хабарласыңыз.
Күйіктер қаупі және электр тогынан жарақат алу
Құрылғы қуат көзіне қосылу кезінде немесе суымаған кезде, ақауларды жою қауіпті.
Желілік штепсельді розеткадан шығарып алыңыз. Құрылғыны суытыңыз.
Бактегі судың жеткілікті мөлшеріне қарамастан будың жоқтығы/жеткіліксіз мөлшері
Қақтан тазарту картриджі орнатылмаған немесе дұрыс орнатылмаған.
- Қақтан тазалау картриджін салыңыз және/немесе оның құрылғыда тығыз орналасқанын тексеріңіз және қажет болса, оны қайтадан басыңыз.
Қақтан тазарту картриджін суды толтыру кезінде шығарылған және/немесе жаңа қақтан тазарту картриджі салынған
- Толтыру кезінде әрқашан қақтан тазалау картриджін құрылғыда қалдырыңыз.
- Бу беру түймесін бір рет ақырын басыңыз. Шамамен 30–60 секундтан кейін будың толық өнімділігіне қол жеткізіледі.
Бу беру түймесі қызғылт сары түспен жыпылықтайды, ал басқа жағынан құрылғы тамаша жұмыс істейді
Жуырда қақтан тазарту картриджінің мерзімі аяқталады.
- Жаңа қақтан тазалау картриджін орнатыңыз, Қақтан тазарту картриджін ауыстыру тарауын қараңыз.
Ыдыста судың жеткілікті мөлшеріне қарамастан бу жоқ, ал бу беру түймесі қызғылт сары түспен тез және тұрақты жыпылықтайды
Қақтан тазарту картриджінің мерзімі аяқталуға таяп қалды
- Жаңа қақтан тазалау картриджін орнатыңыз, Қақтан тазарту картриджін ауыстыру тарауын қараңыз.
- Егер жаңа қақтан тазалау картриджі әлдеқашан орнатылған болса және қате әлі де пайда болса, құрылғыны қайта қосқан кезде ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ функциясы орындалмаған болуы мүмкін. Қақтан тазалау картриджін орнатқаннан кейін бу беру түймесін басып, желі істікшесін салыңыз да, бу беру түймесін 7 секунд басып тұрыңыз, Қақтан тазарту картриджін орнату тарауын қараңыз.
Үздіксіз бу беру 5 минут орындалғаннан кейін бу беру автоматты түрде өшеді
Су ыдысының бос екені байқалмаса, өшіру функциясы сорғының құрғақ жұмыс істеуіне жол бермейді.
- Су ыдысында жеткілікті су бар-жоғын тексеріңіз. Қажет болса, қосымша су құйыңыз.
- Бу беру режимін жалғастыру үшін бу беру түймесін бір рет ақырын басыңыз.
Техникалық мағлұматтар
SC 1 Multi, SC 1 Multi Comfort, SC 1 Multi & Up
| Электр желісіне қосу | |
| Кернеу | V |
| Фаза ~ 1 | |
| Жиілік Hz 50-60 | |
| Қорғаныс класы IPX4 | |
| Қорғау класы I | |
Құрылғының техникалық сипаттамалары
| Максималды сыйымдылық | ml | 200 |
Өлшемдері мен өнімдер
| Керек-жарактарсыз салмағы | kg | 1,2 |
| ¥зындығы | mm | 341 |
| Ені | mm | 110 |
| Биіктігі | mm | 181 |
Техникалық өзгерістер рұқсат етілген.


