HD 5/15 CX Plus + FR Classic - жоғары қысымды тазалағыш Kärcher - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HD 5/15 CX Plus + FR Classic Kärcher PDF форматында.

Kärcher HD 5/15 CX Plus + FR Classic - жоғары қысымды тазалағыш
📄 216 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы 10 сұрақтар ⚙️ Сипаттамалар
Notice Kärcher HD 5/15 CX Plus + FR Classic - page 195
Pick your language and provide your email: we'll send you a specifically translated version.
Өнім түрі Суық су жоғары қысымды тазалағыш
Модель HD 5/15 CX Plus + FR Classic
Бренд Kärcher
Жұмыс қысымы (макс) 150 бар
Су шығыны (макс) 500 л/сағ
Тұтынылатын қуат 3,0 кВт
Электрмен жабдықтау 230 В / 50 Гц
Қорғау класы I (жерге қосумен)
Салмағы 27 кг
Өлшемдері (Ұ × Е × Би) 400 × 380 × 930 мм
Жоғары қысымды шланг 15 м (жиынтықта)
Пистолет және саптама Қауіпсіздік жүйесімен (автоматты тоқтату)
Жуғыш зат функциясы Резервуары бар интеграцияланған сору жүйесі
Шу деңгейі (LpA) 90 дБ(А) (типтік)
Қол-білек дірілі < 2,5 м/с²
Қауіпсіздік құрылғылары 30 мА ағып кету ажыратқышы, қауіпсіздік клапаны, автоматты тоқтату
Қолдану Кәсіби, сыртқы беттер, көліктер, машиналар үшін
Су температурасы макс 60 °C (тек суық су)
Су қосу Тез қосу, кіріс қысымы мин. 1 бар
Ұсынылатын күтім 0 °C төмен суды төгу, сүзгілерді үнемі тазалау
Қосымша керек-жарақтар кіреді Айналмалы саптама, жалпақ ағынды саптама, жуғыш зат саптамасы, иілген тұтқа

Жиі қойылатын сұрақтар - HD 5/15 CX Plus + FR Classic Kärcher

Kärcher HD 5/15 CX Plus + FR Classic құрылғысының максималды қысымы қандай?
Максималды жұмыс қысымы 150 бар (15 МПа).
Осы құрылғымен жуғыш затты қолдана аламын ба?
Иә, құрылғыда интеграцияланған жуғыш затты сору жүйесі бар. Тек Kärcher ұсынған өнімдерді пайдаланыңыз және нұсқаулықтағы қауіпсіздік шараларын сақтаңыз.
Пайдалану алдында жүйеден ауаны қалай шығаруға болады?
Алғашқы пайдалану алдында су шүмегін ашыңыз, пистолетті саптамадан алыңыз және су көпіршіксіз шыққанша ілмекті басыңыз. Ілмекті жіберіңіз және шүмекті жабыңыз. Содан кейін құрылғыны қосып, іске қосыңыз.
Жоғары қысымды шлангтың ұзындығы қанша?
Жеткізілетін жоғары қысымды шлангтың ұзындығы 15 метр, бұл жұмыс аймағында жақсы ұтқырлықты қамтамасыз етеді.
Бұл тазалағышпен көлік дөңгелектерін тазалай аламын ба?
Иә, бірақ дөңгелекке зақым келтірмеу үшін саптама мен дөңгелек арасында кемінде 30 см қашықтықты сақтаңыз. Тым жақын ағын дөңгелектің немесе клапанның жарылуына әкелуі мүмкін.
Қысым жеткіліксіз болса не істеу керек?
Алдымен су шүмегінің толық ашық екенін, кіріс сүзгісінің бітелмегенін және шлангтың бүктелмегенін тексеріңіз. Егер мәселе шешілмесе, уәкілетті сервистік орталыққа хабарласыңыз.
Құрылғы электр ағып кетуден қорғалған ба?
Иә, тазалағыш қауіпсіздік үшін ағып кету ажыратқышымен (макс. 30 мА) жабдықталған. Ол дұрыс жерге тұйықталған розеткаға қосылуы керек.
Пайдаланғаннан кейін тазалағышқа қалай күтім жасау керек?
Пайдаланудан кейін қуатты өшіріңіз, ашаны суырыңыз, қысымсыз ілмекті басу арқылы шлангтағы қалған суды төгіңіз. Су кіріс сүзгісін тазалаңыз және құрылғыны сүртіңіз. Аяз кезінде оны аяздан қорғалған бөлмеде сақтаңыз.
Ұзартқыш кабельді қолдана аламын ба?
Иә, бірақ жеткілікті қимасы бар (мысалы, 3x1,5 мм²) сыртқы қолдануға арналған ұзартқышты пайдаланыңыз. Қосылыс су өткізбейтін болуы керек және жерден 60 мм биіктікте орнатылуы керек. Кабель барабанын толығымен ашыңыз.
HD 5/15 CX Plus үшін қосалқы бөлшектерді қайдан табуға болады?
Түпнұсқа қосалқы бөлшектерді Kärcher сервистік орталығынан немесе уәкілетті дилерлерден алуға болады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тек өндіруші ұсынған керек-жарақтар мен бөлшектерді пайдаланыңыз.

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы HD 5/15 CX Plus + FR Classic Kärcher

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық поштаңыз құпия сақталады: ол тек біреу сұрағыңызға жауап берсе, сізге хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз жоғары қысымды тазалағыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HD 5/15 CX Plus + FR Classic - Kärcher және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HD 5/15 CX Plus + FR Classic брендінің Kärcher.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HD 5/15 CX Plus + FR Classic Kärcher

Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар: Жоғарғы қысымды жуғыш

Бұйымды алғаш рет қолдану алдында осы қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды және түпнұсқа пайдалану бойынша нұсқаулықты оқып шығыңыз. Оларға сай әрекет етіңіз. Кітаптардың екеуін де кейін пайдалану немесе кейінгі пайдаланушылар үшін сақтап қойыңыз.

- Пайдалану бойынша нұсқаулықтағы нұсқаулармен қоса, заңмен белгіленген жалпы қауіпсіздік және қауіпсіздік техникасы бойынша ережелерге назар аударуыңыз қажет.

- Құрылғыдағы нұсқаулары мен ескертулері бар тақтайша қауіпсіз пайдалануға арналған маңызды нұсқауларды береді.

Қауіп деңгейлері

⚠️ҚАУІП

Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып соғатын тікелей қауіп бойынша нұсқау.

ЕСКЕРТУ

Ауыр жарақаттануға немесе өлімге апарып соғуы мүмкін қауіпті жағдай бойынша нұсқау.

⚠АБАЙЛАҢЫЗ

Жеңіл жарақаттануға апарып соғуы ықтимал қауіпті жағдай бойынша нұсқау.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Материалдық зиянға апарып соғуы ықтимал қауіпті жағдай бойынша нұсқау.

Жеке қорғаныс құралы

⚠АБАЙЛАҢЫЗ

  • Курылғыдағы жұмыстарды орындау үшін тиісті қолғапты пайдаланыңыз.
  • Пайдалану нұсқаулығында дыбыстық қысымның деңгейі 80 дБ(А)-ден жоғары көрсетілсе, құлақаспап пайдалану қажет, пайдалану нұсқаулығындағы Техникалық сипаттар бөлімін қараңыз.

- Ұшатын су немесе лас тамшыларынан өзіңізді қорғау үшін, қолайлы қорғайтын киімдерді және қорғаныш көзілдірігін пайдаланыңыз. - Құрылғыны пайдалану кезінде аэрозоль булары туындауы мүмкін. Бұл аэрозоль булармен тыныс алу денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін. Аэрозольмен дем алудың алдын алу үшін, тазарту қажет бетке және қоршаған орта жағдайларына қарай қажетті қорғаныс шараларын қабылдау үшін, жұмыс беруші өндірістік қауіптерді бағалауға міндетті. Ағызып апаратын аэрозольдерді қорғау үшін FFP 2 немесе одан жоғары кластың респираторлары қажет.

Техникалық қауіпсіздік бойынша жалпы нұсқаулар

⚠️ ҚАУІП • Түншығу қаупі! Қаптама пленканы балалардан алыс ұстау қажет.

⚠️ ЕСКЕРТУ ● Құрылғыны тек нұсқауға сәйкес қолданыңыз. Жергілікті жағдайларды ескеріңіз және құрылғымен жұмыс істеген кезде, бөгде тұлғаларды, әсіресе балаларды қадағалаңыз.

- Құрылғыны физикалық, психикалық және ойлау қабілеті жеткіліксіз

адамдардың, тәжірибесі/білімі жеткіліксіз адамдардың пайдалануына болмайды.

- Құрылғыны пайдалану бойынша нұсқау берілген немесе құрылғыны пайдалану мүмкіндігін растаған және осы мақсатқа тағайындалған адамдар қолдануға рұқсат етілген. ● Балаларды бұйыммен ойнамайтындай етіп қадағалап тұрыңыз.

- Балаларға немесе жастарға құрылғыны басқаруға рұқсат етілмейді.

⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ ● Қорғаныс құрылғысы сіздің қауіпсіздігіңізге арналған. Қорғаныс құрылғысын ешқашан өзгертпеңіз немесе ажыратпаңыз.

⚠️ ҚАУІП ● І қорғаныс сыныбы бар құрылғыны сәйкес жерге тұйықталған қуат көзіне қосу керек. ● Зауыт тақтайшасында көрсетілген кернеу желі кернеуіне сәйкес келу керек. ● Розетканың сақтандырғыштармен минималды қорғанысын қамтамасыз етіңіз, пайдалану нұсқаулығындағы Техникалық сипаттар бөлімін қараңыз. ● Құрылғыны тек ақаулардан автоматты қорғаныспен (макс. 30 мА) пайдалануға рұқсат етіледі.

- Ешқашан қуат ашасы мен электр розеткасын ылғалды қолмен ұстамаңыз.

- Ұзартқыштың желі ашасы мен муфта су өтпейтін болу және суда болмау керек. Жалғаулық муфтаның еденде жатпауы керек.

Розеткалардың еденнен кемінде 60 мм биіктікте болуын қамтамасыз ететін кабельдік барабандарды қолданыңыз. ●Барлық ток өткізетін бөлшектер судың енуінен қорғалған болуы керек.

⚠️ ЕСКЕРТУ ●Құрылғыны IEC 60364-1 стандартына сәйкес электрик маман орнатқан қуат көзіне қосыңыз. ●Әрбір іске қосу алдында желі кабелі мен желі ашасында зақым белгілерінің жоқтығын тексеріңіз. Желі кабелі зақымдалған жағдайда құрылғыны пайдалануға тыйым салынады.

Зақымдалған желі кабелін дереу авторизацияланған сервистік қызмет немесе электрик мамандар күшімен ауыстыру керек. ●Жаншу, қысу, созу немесе осыған ұқсас әрекеттермен желі кабелін немесе ұзартқышты зақымдамауға тырысыңыз. Желі кабелін жоғары температура, май және өткір жиектер әсерінен қорғау керек. ●Желіге қосу

үшін әзірлеуші рұқсат еткен желілік сымды ғана қолданыңыз, бұл шарт желілік сымды ауыстырған кезде де әрекет етеді. Тапсырыс № және түрі. Пайдалану нұсқаулығын қараңыз.

- Үйлесімді емес электр ұзартқыштары қауіпті болуы мүмкін. Ашық аспан астында жұмыс істеген кезде жеткілікті қимасы бар, тиісінше таңбаланған және әзірлеуші рұқсат еткен электр ұзартқыш сымды ғана қолданыңыз. ●Желіге немесе ұзартқыш электр сымдарына қосуға қолданылатын байланыстырғыш муфталар су өткізбеушілігі және механикалық беріктігі бірдей дәл сондай муфталармен ауыстырылуы керек.

⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ • ⚫зақ токтап тұрғанда және пайдаланып болған соң құрылғыны басты ажыратқышпен ажыратып, ашаны желіден суырыңыз.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ • Қосу процестері кернеудің қысқа уақытқа төмендеуіне әкеледі. • Электр желісінің сипаттамалары қанағаттанарлық болмаған кезде, кейбір құрылғылардың жұмысы шектеулі болады.

- Желінің толық кедергісі 0,15 Ом-нан аз болған кезде құрылғы жұмысында ақау байқалмайды.

Суды қосу

⚠️ ЕСКЕРТУ ●Жоғары қысым түтік құбыры зақымдалған кезде құрылғыны іске қосуға рұқсат етілмейді.

Зақымдалған жоғары қысым түтік құбырын тез арада ауыстыру қажет. Әзірлеуші ұсынған түтік құбыр мен байланыстарды ғана қолдануға рұқсат етіледі. Тапсырыс № Пайдалану нұсқаулығынан қараңыз.

- Барлық байланыстырғыш түтік құбырлардың резьбалық байланысы бітеу болуы керек.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ • Сумен жабдықтау кәсіпорныңыздың нұсқауларын сақтаңыз.

Пайдалану

⚠️ ҚАУІП ●Құрылғыны қауіпті аймақтарда (мыс., АЖҚС) қолданған кезде сәйкес қауіпсіздік ережелерін ұстаныңыз. ●Жарылыс қаупі бар аймақтарда пайдалануға тыйым салынады.

- Еріткіштерді, құрамында еріткіштері бар сұйықтықты немесе сұйытылмаған қышқылдарды сіңірмеңіз. Оларға мысалы, бензин, бояуды еріткіштер

немесе пеш отыны жатады. Аэрозоль булары жоғары уыттылыққа ие, жарылысқа қауіпті және улы.

- Зақымдалған автокөлік қақпақтары/ниппель қақпақтары өмірге қауіпті. Автокөлік қақпақтарының/ниппель қақпақтарының жоғарғы қысыммен зақымдалуы мүмкін және жарылуы мүмкін. Мұның алғашқы себебі қақпақтың түсуінің өзгеруі болуы мүмкін. Қақпақтарды/қақпақтардың ниппелін тазалау кезінде бүріккіштердің мин. 30 см ара қашықтығын сақтау керек.

⚠️ ЕСКЕРТУ ●Әсер ету аймағында сәйкес қорғаныс киімдері жоқ адамдар болатын болса, құрылғыны қолданбаңыз. ●Жоғары қысымды тазартқыштың ұңғысы қысқа болса, жоғары қысымды ағынға қолдың кездейсоқ түсіп кетуі мүмкін. ұңғысының ұзындығы 75 см-ден қысқа нүктелік бүріккіштерді немесе роторлық бүріккіштерді пайдаланбаңыз. ●Жоғары қысымды ұңғыдан шыққан су ағынының беріліс күші жоғары. ұңғы еңкейтілсе, күші жоғары бағымталған. Тапанша мен ұңғыны берік ұстау қажет. ●Еңкейтілген бүріккіш құрылғыларды

пайдаланған кезде беріліс күші мен айналдыру күші өзгеруі мүмкін. ●Киімді немесе аяқ киімді тазалау үшін, өзіңізге жоғарғы қысым ағынын бағыттамаңыз. ●Жоғарғы қысым ағынын адамдарға, жануарларға, белсенді электр жабдықтарына немесе құрылғының өзіне бағыттамаңыз. ●Жоғарғы қысым ағынымен денсаулыққа қауіпті заттарды (мыс., асбест) қамтитын затты тазаламаңыз. ●Әрбір іске қосу алдында құрылғыны және құрамдас бөліктерін тексеріңіз, мыс, жоғарғы қысым шлангінің, шашыратқыш пистолет пен қорғаныс құрылғысының сәйкес қалыпта және қауіпсіз пайдаланылатынын тексеріңіз. Зақымдалу болған жағдайда құрылғыны пайдалануға тыйым салынады. Зақымдалған компоненттерін дереу ауыстыру керек. ●Тек қана өндіруші ұсынатын жоғарғы қысым шлангісін, арматураны және муфтаны пайдаланыңыз.

⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ ●Құрылғыны жұмыс істеп тұрғанда қараусыз қалдырмаңыз. ●Қозғалтқыш жұмыс істеп

тұрса, қаптаманы ашпаңыз.

  • Жұмыс кезінде жоғары қысымды тапанша үңгірін тірелгенше баспаңыз.
  • Ыстық сумен жұмыс істегеннен кейін түтік құбырды суытыңыз немесе құрылғының салқын сумен жұмыс істеуіне мүмкіндік беріңіз. - Құрылғының негізі тегіс, берік болуы қажет.
  • Қауіпсіздік техникасы мен адам денсаулығын сақтау талаптарына сәйкес келу үшін, бетті тазарту алдында өндірістік қауіптерді бағалаумен танысу қажет. Қажет болса, тиісті сақтық шараларын орындау қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

  • Құрылғыны 0 °С-тан төмен температурада қолданбаңыз.
  • Қозғалтқыштарды майтұтқыштарды жууға арналған орындарда ғана тазарту қажет.

Тазалау құралдарымен пайдалану

⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ ● Тазалау құралдарын балалардың қолы жетпейтін жерлерде сақтаңыз. ● Тазарту құралдарын қолданған кезде әзірлеушінің тазарту құралына қатысты қауіпсіздік паспортын сақтау қажет, әсіресе, бұл жеке

қорғаныс құралдарына арналған нұсқауларға қатысты. ● Жеткізілетін немесе өндіруші ұсынатын тазалау құралдарын ғана пайдаланыңыз. Басқа тазалау құралдарын немесе химикалийді пайдалану құрылғы қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. ● Ұсынылған тазарту құралдарын пайдалану алдында сұйылту керек. Материалдар құрамында қоршаған ортаны ластайтын қышқылдар, сілтілер немесе заттар болмағандықтан, олар пайдалануға сенімді болып есептеледі. Тазартқыш құралдар көзге түскен кезде оны судың көп мөлшерімен жуып, дәрігерге көріну керек. Тазартқыш құралдарын байқаусызда жұтып қойған кезде тез арада дәрігерге қаралу қажет.

2,5 м/с² (Пайдалану нұсқаулығында Техникалық сипаттар) бір қолды дірілдеу мәні бар құрылғы ⚠ АБАЙЛАҢЫЗ

Құрылғыны ұзақ қолданған кезде қолдағы қан айналымы бұзылуы мүмкін. Щеткамен жұмыстың жалпы ұзақтығын орнатпау керек, себебі ол көптеген факторларға байланысты болады:

  • Жеке нашар қан айналымға бейімділік (жиі саусақтарыңыз салқындайды, саусақтарыңыз шаншиды).
  • Қоршаған орта температурасы төмен. Қолды қорғау үшін жылы қолғаптарды қолданыңыз.
  • Щетканы мықтап ұстау салдарынан қан айналымының нашарлауы.
  • Үзіліспен жұмыс істеуге қарағанда, үздіксіз жұмыс істеу зиян.

Құрылғыны тұрақты және ұзақ қолданған кезде және саусақтардың шаншуы, салқын саусақтар сияқты қан айналымының нашарлау белгілері бірнеше рет пайда болғанда, дәрігерге қаралу қажет.

Пневматикалық шиналардағы құрылғылар

⚠ АБАЙЛАҢЫЗ

  • Бұралатын дискілері бар құрылғыларға арналған: Шиналардағы қысымды реттеу алдында дискінің барлық бекіткіш бұрандалары тығыз бұралғанына көз жеткізіңіз.
  • Шиналардағы қысымды реттеу алдында компрессордағы қысым редукторы дұрыс реттелгеніне көз жеткізіңіз.

- Шиналардағы максималды жарамды қысымнан асыруға рұқсат етілмейді. Шинада және, қажет болса, дискіде шиналардағы қысымды есептеу қажет. Әртүрлі мәндер болған кезде ең аз мәнді ұстау қажет.

Ыстық суға арналған құрылғылар, бензинді қозғалтқышы бар құрылғылар, іштен жанатын қозғалтқыштары бар құрылғылар

⚠️ ҚАУІП ● Сәйкес келмейтін жанармайды қолданудан жарылу қаупі. Пайдалану нұсқаулығында көрсетілген жанармаймен ғана толтырыңыз.

⚠️ ЕСКЕРТУ: Пайдаланылған газдар улы. Пайдаланылған газдармен дем алуға рұқсат етілмейді. Құрылғыны пайдаланған кезде ғимараттарды жеткілікті желдетіп, пайдаланылған газдарды шығару қажет.

Жанармаймен толтырған кезде, жанармайдың ыстық беттерге түспейтініне көз жеткізіңіз.

⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ: Күйік қаупі. Пайдаланылған газдарға арналған саңылауға еңкеймеңіз және саңылауды қолмен ұстамаңыз. Жанарғы жұмысы кезінде жылытқыш

қазанға жанаспаңыз.

Пайдаланылған газдарды шығаруға арналған саңылауды жабуға рұқсат етілмейді. Пайдаланылған газдар шыққан кезде ауаға арналған кіріс саңылаулар жоқ екеніне көз жеткізіңіз.

Пайдалану нұсқаулығындағы бензин қозғалтқышы бар құрылғыларға арналған қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқауларды сақтаңыз.

Күтім және техникалық қызмет көрсету

⚠️ ЕСКЕРТУ: Тазарту, техникалық қызмет көрсету және бөлшектерді ауыстыру алдында құрылғыны өшіру қажет, ал желіден қуат алатын құрылғыларда штекерін розеткадан қосымша суыру керек.

Құрылғыда және құрылғының керек-жарақтарында кез келген жұмысты істемес бұрын жүйеден қысымды шығару қажет.

⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ: Құрылғыны рұқсат етілген сервистік қызмет көрсету орталықтарында қауіпсіздік техникасы бойынша барлық негізгі нұсқауларды білетін осы саладағы мамандар жөндеуі қажет.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ

Өндірістік мақсатта қолданылатын тасымалы құрылғылардың қауіпсіздігін тексерген кезде, қолданыстағы жергілікті нұсқауларды ұстану керек. Қысқа тұйықталу немесе басқа зақымдар. Құрылғыларды түтік құбырдағы су ағынымен немесе жоғары қысым астында тазартуға тыйым салынады. Ацетонды, сұйытылмаған қышқылдарды немесе еріткіштерді қолданбаңыз, себебі олардың құрылғыда қолданылатын материалдарды зақымдауы мүмкін.

⚠️ АБАЙЛАҢЫЗ: Тек өзірлеуші рұқсат еткен құрал-жабдықтар мен қосалқы бөлшектерді пайдаланыңыз. Түпнұсқа құрал-жабдықтар мен түпнұсқа қосалқы бөлшектер құрылғыны сенімді және үздіксіз пайдалануға кепілдік береді.

Жөндеу қаупінің алдын алу үшін қосалқы бөлшектерді рұқсат етілген сервистік қызмет көрсету орталықтарында ғана орнату керек.

Тасымалдау

△АБАЙЛАНЫЗ

- Тасымалдау алдында құрылғыны өшіру керек. Құрылғының салмағын ескеріп бекіту туралы ақпаратты пайдалану нұсқаулығындағы Техникалық сипаттар бөлімінен қараңыз. ●Жарақат пен төтенше жағдайлар қаупі. Тасымалдау және сақтау кезінде құрылғының салмағын есепке алыңыз, Пайдалану нұсқаулығындағы Техникалық сипаттар бөлімін қараңыз.

Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : Kärcher

Модель : HD 5/15 CX Plus + FR Classic

Санат : жоғары қысымды тазалағыш