K 120 - Жылыту Heylo - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз K 120 Heylo PDF форматында.
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы K 120 Heylo
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Жылыту PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз K 120 - Heylo және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. K 120 брендінің Heylo.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ K 120 Heylo
购买时,加热器已设置为可从 “InfoAir “技术中获益,但服务尚未激活。要使用 “InfoAir “技术,必须在相应的门户网站上注册,并注明位于燃 烧器内的 IMEI 代码和数据标签上的序列号。 ►►►kk - «InfoAir» ТЕХНОЛОГИЯСЫМЕН ҮЙЛЕСЕТІН ӨНІМ «InfoAir» дегеніміз не? Бұл компьютер немесе смартфон арқылы нақты уақыт режимінде ыстық ауа жылытқышын қашықтан бақылауға арналған бұлтқа негізделген шешім (пайдаланушы қай жерде болса да, жылытқышты бақылау үшін өнім күту режимінде болуы керек). InfoAir технологиясы мүмкіндік береді: ► GPS бақылау; ► Қуатты қосу/өшіруді жоспарлау; ► Өнім күйі; ► Ақаулық туралы хабарлама және тағы басқа ақпарат. Сатып алу кезінде жылытқыш «InfoAir» технологиясын пайдалану үшін орнатылған, бірақ қызмет белсенді емес. «InfoAir» технологиясын пайдалану үшін оттық бөлігінде орналасқан IMEI кодын және деректер жапсырмасында көрсетілген сериялық нөмірді көрсете отырып, тиісті порталда жазылым алынуы керек.en
►►►1. СИПАТТАМАСЫ (1 -Сур.) Ауа жылытқыштардың бұл сериясы орташа және үлкен көлемдегі орынжайларды жылыту үшін пайдаланылатын ауаны жылытуға арналған. Біздің ауа жылытқыштар қауіпсіздіктің, функционалдылықтың және төзімділіктің ең заманауи өлшемдеріне сәйкес әзірленген. Жылытқыштағы қауіпсіздік құрылғылары оның тиісті түрде жұмыс жасауын тұрақты қамтамасыз етеді. ►►►2. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ
МАҢЫЗДЫ: БҰЛ ЖЫЛЫТҚЫШ МОБИЛЬДІ ЖӘНЕ УАҚЫТША КӘСІБИ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ӘЗІРЛЕНГЕН. ОЛ ҮЙДЕ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН НЕМЕСЕ АДАМДАРДЫҢ ЖЫЛУЛЫҚ ЖАЙЛЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ЖАСАЛМАҒАН. МАҢЫЗДЫ: ФИЗИКАЛЫҚ, СЕНСОРЛЫҚ ЖӘНЕ АҚЫЛ- ОЙ ҚАБІЛЕТІ ШЕКТЕУЛІ НЕМЕСЕ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН БІЛІМІ ЖЕТКІЛІКСІЗ ТҰЛҒАЛАР (ОНЫҢ ІШІНДЕ, БАЛАЛАР) ӨЗДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ЖАУАПТЫ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАРАУЫНДА БОЛҒАН ЖАҒДАЙЛАРДЫ ҚОСПАҒАНДА, АТАЛҒАН ҚҰРЫЛҒЫНЫ ҚОЛДАНА АЛМАЙДЫ. БАЛАЛАРДЫ ҚАРАУСЫЗ ҚАЛДЫРМАҢЫЗ ЖӘНЕ ОЛАРҒА ЖЫЛЫТҚЫШПЕН ОЙНАУҒА РҰҚСАТ БЕРМЕҢІЗ. МАҢЫЗДЫ: ӨНДІРУШІ ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ЗАҢСЫЗ ТҮРЛЕНДІРУДІҢ НӘТИЖЕСІНДЕ МҮЛІККЕ НЕМЕСЕ АДАМДАРҒА КЕЛТІРІЛГЕН КЕЗ КЕЛГЕН ШЫҒЫН ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІК АЛМАЙДЫ. ҚАУІПТІ: ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ТИІСТІ ТҮРДЕ ПАЙДАЛАНБАУ ЖАРАҚАТТАР, КҮЙІК, ЖАРЫЛЫС, ЭЛЕКТР ТОҒЫМЕН ЖАРАҚАТТАНУ НЕМЕСЕ УЛАНУҒА АЛЫП КЕЛУІ ЫҚТИМАЛ. КӨМІРТЕК ОКСИДІНЕН АСФИКЦИЯЛАНУДЫҢ АЛҒАШҚЫ БЕЛГІЛЕРІ ТҰМАУ, БАС АУРУЫ, БАС АЙНАЛУ ЖӘНЕ/НЕМЕСЕ ЛОҚСУ БЕЛГІЛЕРІНЕ ҰҚСАС. БҰНДАЙ БЕЛГІЛЕР ЖЫЛЫТҚЫШТЫҢ ДҰРЫС ЕМЕС ЖҰМЫСЫНАН БОЛУЫ МҮМКІН. ОСЫНДАЙ БЕЛГІЛЕР ПАЙДА БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ДЕРЕУ ТАЗА АУАҒА ШЫҒЫП ЖӘНЕ ЖЫЛЫТҚЫШТЫ УӘКІЛЕТТІ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНА ЖӨНДЕУ ҮШІН ТАПСЫРУ КЕРЕК. ҚАУІПТІ: ТЕРМОСТАТ КӨМЕГІМЕН БАСҚАРЫЛАТЫН ЖЫЛЫТҚЫШ (БАР БОЛСА) КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА ҚОСЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ. ►►2.1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР ►2.1.1. Жылытқышты әрбір пайдаланған сайын барлық жергілікті ережелер мен қолданыстағы нормаларды ұстану керек. ►2.1.2. Жақын жерде қалқа, брезент немесе басқа да күрделі жабын пайдаланған жағдайда оларды минималды қауіпсіз қашықтықта орналастыру керек. Кез келген жағдайда барлық жергілікті қаулылар мен қолданыстағы заңнаманы сақтаңыздар. ►2.1.3. Жылытқышты еш уақытта жарылыс қаупі бар орында пайдалануға болмайды. ►2.1.4. Балаларды және үй жануарларын жылытқыштан қауіпсіз қашықтықта ұстаңыз. ►2.1.5. Жылытқыш және жанғыш материалдар, оның ішінде қуат беру кабелі арасындағы минималды қауіпсіз қашықтық жылытқыш шығысынан 1,5 м (3,2 фут) және 2,5 м (8,2 фут) құрауы керек. ►2.1.6. Жылытқышты қосудың алдында өртке қарсы қорғаныс құрылғылары пайдалануға дайын екеніне көз жеткізіңіз. ►2.1.7. Жылытқышты тек жақсы желдетілетін үй-жайларда пайдалану керек. ►2.1.8. Жылытқышты тұрақты және тегіс беттерде пайдаланған дұрыс. ►2.1.9. Жылытқыш, кернеу мен ток жиілігі жылытқышта орнатылған техникалық деректер тақтасында көрсетілгендерге сәйкес келетін желіден ғана қуат алуы
►2.1.10. Жылытқышты электрлік желіге тек тиісті түрде жерге тұйықталған сәйкес қималы электрлік ұзартқыштарды пайдаланып жалғау керек. ►2.1.11. Жылытқыштың ауа ену және шығаруға арналған саңылауларын бұғаттауға немесе бітеуге болмайды. ►2.1.12. Бұйым ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған жағдайда, жылытқышты қуат беру көзінен ажырату керек. ►2.1.13. Жылытқышты жылжытуға, толтыруға немесе аспапты ыстық кезінде, электр қуаты желісіне қосылған немесе жұмыс істеп тұрған кезде техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізуге тыйым салынады. ►2.1.14. Жылытқыштағы кез келген жөндеу жұмыстары техникалық қолдау орталығында жүргізілуі керек. ►2.1.15. Аталған құрылғы үшін қолданылатын бөлшектер тізіміне сәйкес тек түпнұсқалы қосалқы бөлшектерді ғана пайдаланыңыз. ►2.1.16. Тек түпнұсқалы монтаждау немесе жөндеу жинақтарын ғана пайдалану керек. ►►2.2. ТОЛТЫРУ ►2.2.1. Тек жылытқыштың зауыттық тақташасында көрсетілген отын түрлері ғана қолданылуы керек. ►2.2.2. Толтыру алдында жылытқышты сөндіріп, суығанша күту керек. ►2.2.3. Жеткізу үшін жауапты персоналдың толық біліктілігі болуы және олар сәйкес қорғаныс құралдарын пайдалануы керек. ►2.2.4. Отынды сақтау қолданбалы заңнамаға сәйкес орындалады. ►2.2.5. Отын сақтауға арналған барлық бактер қолданбалы нормаларға сәйкес жылытқыштан минималды қашықтықта болуы керек. ►►►3. БУМАСЫНАН ШЫҒАРУ ЕСКЕРТУ: БУМА МАТЕРИАЛЫ – БАЛАЛАР ОЙЫНШЫҒЫ ЕМЕС. ПОЛИЭТИЛЕНДІ ПАКЕТТІ БАЛАЛАР ҚОЛЫ ЖЕТПЕЙТІН ОРЫНДА САҚТАҢЫЗ; ТҰНШЫҒУ ҚАУПІ БАР! ►3.1. Жылытқышты қаптау және жөнелту үшін пайдаланылған барлық қаптау материалдарын шешіп алыңыз. Оларды қолданыстағы нормаларға сәйкес кәдеге жаратаңыз.en
►3.2. Егер жылытқыш платформада орнатылса, оны қолданыстағы ұлттық нормалар мен ережелерге сәйкес, тиісті құрылғылар мен құралдардың көмегімен абайлап түсіру керек. Аспапты ілгектер мен шынжырларды пайдалана отырып, шанышқылы жүк тиегіштің көмегімен көтеруге болады (бұл үшін жылытқышілмек бұранмен жабдықталған). ►3.3. Тасымал кезінде алынған зақымдарды тексеріңіз. Егер жылытқыш зақымдалса, бұл жағдайды алынған дилерге бірден хабарлаңыз. ►►►4. ҚҰРАСТЫРУ (2 -Сур.) Біздің жылытқыштар тұтқалармен, кронштейндермен, тіреулермен және үлгісіне қарай т.б. жабдықталған. Бұл құрауыштар, соның ішінде монтажға арналған жиынтық жылытқышпен бірге қаптамада болады. ►►►5. ОТЫН ЕСКЕРТУ: ЖЫЛЫТҚЫШ HVO 100 BIOFUEL ОТЫНЫМЕН, В7 ДИЗЕЛЬДІК ОТЫНЫМЕН НЕМЕСЕ КЕРОСИНМЕН ЖҰМЫС
Өрт шығу немесежарылу қаупін болдырмау үшін еш уақытта бензин, лигроин, лакқа арналған еріткіштер, спирт немесе басқа да тез тұтанатын отын түрлерін пайдаланбаңыз. Өте төмен температура көрсеткіштерінде улы емес, қатпайтын қоспалар пайдалануға рұқсат беріледі. Қысқы дизельдік отынды 5°С (41°F) төмен температурада пайдалану ұсынылады. ►►►6. ӘРЕКЕТ ЕТУ ПРИНЦИПІ Жанарғының сорғысы отынды бактан сорады және оны қысымдағы бүріккішке береді, онда ол шашырап, жану камерасында жануды ұстап тұру үшін қажетті ауамен араласады. Ұшқын отын-ауа қоспасын жағады, ал түтін болса түтін мұржасы арқылы шығады. Бірқатар қадағалар, жұмыста іркілістер анықталған жағдайда жұмыс циклін тоқтатып, жылытқыштың дұрыс жұмыс істеуін үнемі қадағалап отырады. Жылытқыштың артқы бөлігінде орналасқан желдеткіш, жылу бөлмесіне бере отырып, жану камерасын және түтін айналым жүйесін салқындату үшін қызмет етеді. ►►►7. БАСҚАРУ ПАНЕЛІ (3 -Сур.) A. ҚЫЗДЫРУДЫ ҚОС/СӨНД БАТЫРМАСЫ: «ҚЫЗДЫРУ» режимін қосу және сөндіру батырмасы. B. ЖЕЛДЕТКІШТІ ҚОС/СӨНД БАТЫРМАСЫ: «ЖЕЛДЕТУ» режимін қосу және сөндіру батырмасы. C. Дисплей. D. Қашықтықтан басқарылатын бөлме термостатының ажыратқышы (қосымша бөлме термостаты). E. Жанарғыдағы кернеудің жоғалу дабылдағышы. F. Жанарғыны бұғаттау дабылдағышы. G. Электрлік кернеудің сигналдық шамы (сигналдық шам тек күту режимінде ғана жанады). H. Термостаттың қызып кету дабылдағышы.
I. Желдеткішті бұғаттау дабылдағышы.
L. Сыртқы резервуар деңгейі датчигінің ажыратқышы (қосымша датчик). M. Қызып кеткенде термостатты қайта жүктеу батырмасы. N. Бұғатталған қозғалтқышты қайта жүктеу батырмасы (модельге тәуелді). O. Кабель барабанының тіреуі. P. Қашықтықтан басқарылатын бөлме термостатының кабелін сынудан қорғауға арналған қысқыш. ►►►8. ПАЙДАЛАНУ РЕЖИМІ ЕСКЕРТУ: ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ҚОСУ АЛДЫНДА «ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ БОЙЫНША АҚПАРАТТЫ» МҰҚИЯТ ОҚЫП
►►8.1. ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ІСКЕ ҚОСУ ►8.1.1. Барлық қауіпсіздік техникасы нұсқауларын орындаңыз. ►8.1.2. Отын түтігін немесе түтіктерін дұрыс ұштарын қосу арқылы жалғаңыз (4 -Сур.). ►8.1.3. Бакте отынның бар-жоғын тексеріңіз. ►8.1.4. Жылытқышты электрлік қуат беру желісіне жалғаңыз (5 -Сур.) (КЕРНЕУІН «ТЕХНИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР КЕСТЕСІНЕН» ҚАР). Кернеудің сигналдық шамы «!» (G 3 -Сур.) жанады. ►8.1.5. ҚЫЗДЫРУ РЕЖИМІ: «ҚЫЗДЫРУ» режимін белсендіру үшін «ҚЫЗДЫРУДЫ ҚОС/СӨНД» батырмасын басыңыз (A 3 -Сур.). Бірнеше секундтан кейін желдеткіш автоматты түрде қосылады. Егер жылытқыш іске қосылмай жатса, «ПРОБЛЕМАНЫ АНЫҚТАУ» параграфына қараңыз. Қалыпты пайдалану режимінде дислейде жылытқыштың жұмыс уақыты көрсетіледі. ►8.1.6. ЖЕЛДЕТУ РЕЖИМДЕРІ: Тек «ЖЕЛДЕТУ» режимін белсендіру үшін «ЖЕЛДЕТКІШТІ ҚОС/СӨНД» батырмасы басыңыз (B 3 -Сур.). ►8.1.7. Бөлмелік термостатпен үлгілері үшін нұсқалған температураны тексеріңіз (6 -Сур.). ЕСКЕРТПЕ: ПАЙДАЛАНУ РЕЖИМІН ӨЗГЕРТУ ҮШІН (ЖЕЛДЕТУ НЕМЕСЕ ЖЫЛЫТУ) АҒЫМДАҒЫ УАҚЫТТА ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН РЕЖИМДІ СӘЙКЕС «ЖЫЛЫТУДЫ ҚОС/СӨНД» НЕМЕСЕ «ЖЕЛДЕТКІШТІ ҚОС/СӨНД» БАТЫРМАСЫН БАСУ КЕРЕК. ЕСКЕРТПЕ: ЕГЕР ОТЫН ТАУСЫЛСА, ЖЫЛЫТҚЫШ БҰҒАТТАЛАДЫ, АЛ БАСҚАРУ ТАҚТАСЫНДА ЖАНАРҒЫНЫ БҰҒАТТАУ СИГНАЛЫ ЖАНАДЫ. САЛҚЫНДАҒАННАН КЕЙІН ЖЫЛЫТҚЫШ СИГНАЛ БЕРУ РЕЖИМІНДЕ ҚАЛЫП, ЖЕЛДЕТКІШТІ СӨНДІРЕДІ. ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ҚАЙТА ҚОСУ ҮШІН («ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ІСКЕ ҚОСУ» ТАРМАҒЫН ҚАР.). МАҢЫЗДЫ: ТІКЕЛЕЙ ҚЫЗДЫРЫЛМАЙТЫН ҮЛГІЛЕРІНДЕ ЖАНУ ӨНІМДЕРІ СЫРТҚА ШЫҒАРЫЛУЫ МҮМКІН. ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАҒА СӘЙКЕС ЖӘНЕ АТАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚТЫҢ СӘЙКЕС БӨЛІМІНІҢ НҰСҚАУЛАРЫН САҚТАП АРНАЛАРДЫ ҚАЙТА ОРНАТУДЫ ОРЫНДАҢЫЗ. ►►8.2. ЖЫЛЫТҚЫШТЫ ӨШІРУ ►8.2.1. ҚЫЗДЫРУ РЕЖИМІ: «ҚЫЗДЫРУ» режимін дезактивациялау үшін «ҚЫЗДЫРУДЫ ҚОС/СӨНД» батырмасын басыңыз (A 3 -Сур.). Жалын сөнеді, ал желдеткіш жану камерасы толық салқындағанға дейін жұмысын жалғастырады. Еш уақытта салқындау циклі толық аяқталғанға дейін шаны розеткадан суырмаңыз. ►8.2.2. ЖЕЛДЕТУ РЕЖИМДЕРІ: Тек «ЖЕЛДЕТУ» режимін дезактивациялау үшін «ЖЕЛДЕТКІШТІ ҚОС/СӨНД» батырмасы басыңыз (B 3 -Сур.). ►8.2.3. Бірнеше минут күтіңіз, кейін қуат беру шнурының ашасын желіден ажыратыңыз. ЕСКЕРТПЕ: ҚУАТ БЕРУ АШАСЫМЕН ЖЕЛІГЕ ЖАЛҒАНҒАН ЖЫЛЫТҚЫШ КҮТУ РЕЖИМІНДЕ ЖҰМЫС ЖАСАУЫН ЖАЛҒАСТЫРАДЫ, ЯҒНИ БЕЛСЕНДІ БОЛМАЙДЫ. БІРАҚ, ЭЛЕКТРЛІК ҚУАТ АЛАДЫ.en
Қалыпты пайдалану барысында ақаулық анықталған жағдайда, жылытқыштың басқару тақтасында сәйкес авариялық сигнал пайда болады. Жылытқышты қалпына келтіру үшін дабылдаманың пайда болу себебін анықтау және жою қажет (мысалы, жанармайдың болмауы, ауаны жеткізу немесе шығару үшін ауа қабылдағыштың бітелуі, желдеткіштің тоқтауы және т.б.). Егер жылытқыштың ақаулығына себеп болған мәселені өзіңіз жоя алмайтын болсаңыз, сервистік орталыққа жүгініңіз. Жылытқыштың жұмыс қалпын қалпына келтіру үшін келесі әрекеттерді орындау ұсынылады (барлық қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз): ►ЖАНАРҒЫДА КЕРНЕУ БОЛМАҒАНДА ҚАЙТА ҚОСУ [Сигнал шамы жыпылықтайды (E 3 -Сур.)]: Жанарғы және электронды тақта арасында кернеудің болмауы. Жылытқышты сөндіріңіз (A/B 3 -Сур.), электрлік қуат беруді ажыратыңыз (12 -Сур.) және сервистік орталыққа
►ЖАНАРҒЫНЫ ҚАЙТА ЖҮКТЕУ [Сигнал шамы жыпылықтайды (F 3 -Сур.) (9 -Сур.)]: Жанарғы жұмысы барысында ақау болған. Бұғаттау себебін жойыңыз (мысалы, резервуарға отынды үстеп құйыңыз), қақпақты алыңыз (7 -Сур.), қайта қосу батырмасын бірнеше секундқа дейін басыңыз (10 -Сур.), содан кейін қақпақты бұрынғы қалпына қойыңыз (8 -Сур.). Бірнеше сәтсіз қайта қосу талпынысынан кейін электроника жылытқышты бұғаттайды. Жылытқышты бұғаттан шығару үшін қуат беруді сөндіру қажет (12 -Сур.). Егер мәселе шешімін таппайын болса, сервистік орталыққа жүгініңіз. ►ҚАЙТА ҚОСУ ЭЛЕКТРЛІК КЕРНЕУДІ БЕРУДЕГІ АҚАУЛЫҚ [Сигнал шамы жыпылықтайды (G 3 -Сур.)]: Электрлік желідегі кернеу мәні сәйкес емес. Қуат беруді сөндіріңіз (12 -Сур.) және электрлік желі жүйесін баптаңыз. Егер мәселе шешімін таппайын болса, сервистік орталыққа
►ҚАЙТА ҚОСУ ТЕРМОСТАТТЫҢ ҚЫЗЫП КЕТУІ [Сигнал шамы жыпылықтайды (D 3 -Сур.)]: Жылытқыш максималды рұқсат етілген жұмыс температурасына жетті. Бұғаттау себебін жойыңыз қақпақты алыңыз (7 -Сур.), қақпақшаны бұрап алыңыз, бұғаттан шығару батырмасын бірнеше секундқа дейін басыңыз (3 -Сур.), содан кейін қақпақты бұрынғы қалпына қойыңыз (8 -Сур.). Егер мәселе шешімін таппайын болса, сервистік орталыққа жүгініңіз. ►ЖЕЛДЕТУ МОТОРЫН ҚАЙТА ҚОСУ (моделіне тәуелді) [Сигнал шамы жанады (I 3 -Сур.)]: Желдеткіштің моторы бұғатталған немесе тиісті түрде жұмыс істемейді. Қуат беруді сөндіріңіз (12 -Сур.). Бұғаттау себебін жойыңыз қақпақты алыңыз (7 -Сур.), бұғаттан шығару батырмасын соңына дейін басып тұрыңыз (3 -Сур.) (модельге тәуелді), содан кейін қақпақты бұрынғы қалпына қойыңыз (8 -Сур.). Егер мәселе шешімін таппайын болса, сервистік орталыққа жүгініңіз. ►►►10. СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАРТУ ►►10.1. ОТЫН СОРҒЫШ ФИЛЬТРІ, МОДЕЛЬГЕ ТӘУЕЛДІ (11 -Сур.) Пайдаланылатын отынның сапасына байланысты сүзгілерді тазарту қажет болуы мүмкін: ►10.1.1. Шыныны (A) шешіңіз. ►10.1.2. Тығыздағыштарды мұқият сақтаумен сүзгіні (В) төлкесінен шығарыңыз. ►10.1.3. Фильтрді (В) таза отынмен бөлшектерін зақымдап алмау үшін абайлап тазалаңыз. ►10.1.4. Сүзгіні (В) төлкесіне орнатыңыз. ►10.1.5. Бекітпелердің дұрыс орнатылуын бақылаумен төлкені (А) орнатыңыз. ►►10.2. ОТЫН СОРҒЫСЫНЫҢ СҮЗГІСІ Профилактикалық қызмет көрсету моделін қар. ►►►11. ОРЫН АУЫСТЫРУ ЖӘНЕ САҚТАУ ЕСКЕРТУ: ЖЫЛЫТҚЫШТЫҢ ОРНЫН АУЫСТЫРУ КЕЗІНДЕ БҰЙЫМДЫ СӨНДІРУ КЕРЕК («ЖЫЛЫТҚЫШТЫ СӨНДІРУ» ТАРМАҒЫН ҚАР.), ШТЕКЕРДІ ЭЛЕКТР ЖЕЛІСІНЕН АЖЫРАТЫП (12 -Сур.) ТОЛЫҚ САЛҚЫНДАУЫН КҮТУ КЕРЕК. ҚАУІПТІ БОЛДЫРМАУ ҮШІН ЖЫЛЫТҚЫШ ОРЫН АУЫСТЫРУ КЕЗІНДЕ ТЕГІС ҚАЛЫПТА БОЛУЫ КЕРЕК. Жылытқышты ең жақсы қалыпта сақтау үшін келесі әрекеттерді орындау ұсынылады (барлық қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз): ►12.1. Аспапты ілгектер мен шынжырларды пайдалана отырып, шанышқылы жүк тиегіштің көмегімен көтеруге болады (бұл үшін жылытқышілмек бұранмен жабдықталған). ►12.2. Жылытқышты ықтимал ақаулардан қорғалған, құрғақ жерде сақтау керек. ►►►12. БӨЛМЕ ТЕРМОСТАТЫН ҚОСУ Моделіне тәуелді бөлме термостатын жалғау мүмкіндігі бар (D 3 -Сур.). Дұрыс жалғау үшін қақпақты шешіп алып, қашықтан басқарылатын бөлме термостатын (13-14 -Сур.) ажыратқышқа (D 3 -Сур.) розеткада орналасқан блоктың тиісті түрде жабылғанына көз жеткізу арқылы жалғау керек. Басқару тақтасындағы біршама ақауларды болдырмау үшін бөлме термостатының кабелін сынуға кедергі болатын (P 3 -Сур.) арнайы қысқышпен үнемі бұғаттау ұсынылады. Жылытқыш дұрыс жұмыс жасауы үшін қақпақша немесе термостат үнемі (14 -Сур.) қашықтықтан басқарылатын бөлме термостатының ажыратқышына дұрыс орнатылуы керек (D 3 -Сур.). ►►►13. АРНАЛАРДЫ ОРНАТУ БОЙЫНША КЕҢЕСТЕР (15 -Сур.) МАҢЫЗДЫ: КІРІС/ШЫҒЫС АУА АРНАЛАРЫН ОРНАТУ ҮШІН ТЕК ТҮПНҰСҚАЛЫҚ ЖИЫНТЫҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ (ҚАРАСТЫРЫЛҒАН ЖАҒДАЙДА). Жылытқыштың жұмысымен туындауы мүмкін проблемалардың алдын алу және адамдардың жарақат алу қаупін барынша азайту үшін, ауа өткізгіштердің орналасуына ерекше назар аудару қажет. Ауа ағынына кедергіні төмендету мақсатында ауа жолдарының түтіктерін максималды керіп, иілу санын минимумге жеткізіп және сүйір бұрыштармен қатпарларға жол бермеу керек. Алғашқы бірнеше метрі бұрылыссыз болуы тиіс.en
ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ПРОЦЕДУРАСЫ Сүзгілер Жыл сайынғы тазарту және/немесе қажеттілігіне қарай тазарту (бүтіндігін тексеру) Сүзгілерді тазартыңыз («СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАРТУ» ПАРАГРАФЫН ҚАР.) Отын сорғысының
Жыл сайынғы тазарту және/немесе қажеттілігіне қарай тазарту (бүтіндігін тексеру) Сервистік орталыққа жолығыңыз Электродтар Қажеттілікке байланысты тазалау Сервистік орталыққа жолығыңыз Желдеткіш Қажеттілікке байланысты тазалау Сервистік орталыққа жолығыңыз Жандыру камерасы Қажеттілікке байланысты тазалау Сервистік орталыққа жолығыңыз ►►►15. МӘСЕЛЕНІ АНЫҚТАУ МӘСЕЛЕ ЫҚТИМАЛ СЕБЕП ЫҚТИМАЛ ШЕШІМІ Жылытқыш іске қосылмайды немесе іске қосулы күйінде
1. Жылытқыш күту режимінде
2. Қуаттану көзі жоқ
3. Қуат кабелі ажыратылған
4. Ақаулы электрондық жүйе немесе
қалпына келтіру қажеттілі
5. Бөлме термостатын дұрыс
8. Бөлме термостатында белгіленген
температура тым жоғары
9. Электрондық жүйе бұғатталған
1. Қуат беру батырмасын «ҚОС/СӨНД» / «ЖЕЛДЕТУ» басыңыз
(A/B 3 -Сур.) 2a. Қуат сымының ашасын электрмен қуаттандыру розеткасына шегіне дейін сұғыңыз (5 -Сур.) 2b. Агрегатыңыздың кернеуінің дұрыстығын тексеріңіз
3. Сервистік орталыққа жолығыңыз
4a. Жылытқыштың жұмыс күйін қалпына келтіріңіз («ЖЫЛЫТҚЫШТЫҢ ЖҰМЫС КҮЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» ПАРАГРАФЫН ҚАР.) 4b. Сервистік орталыққа жолығыңыз
5. Бөлме термостатында жұмыс ортасындағы температурадан
асатын температураны орнатыңыз (6 -Сур.)
6. Отын құйыңыз және қажет болса, жылытқыштың жұмыс
күйін қалпына келтіріңіз («ЖЫЛЫТҚЫШТЫҢ ЖҰМЫС КҮЙІН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ» ПАРАГРАФЫН ҚАР.) 7a. Бакты босатып, оны таза отынмен толтырыңыз 7b. Сүзгілерді тазартыңыз («СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАРТУ» ПАРАГРАФЫН ҚАР.) 7c. Сервистік орталыққа жолығыңыз
8. Бөлме термостатының белгіленген температурасын
9. Электрондық жүйенің жұмыс жағдайын қалпына келтіріңіз
2. Ауа жинағыштың бітеліп қалған
1a. Бакты босатып, оны таза отынмен толтырыңыз 1b. Сүзгілерді тазартыңыз («СҮЗГІЛЕРДІ ТАЗАРТУ» ПАРАГРАФЫН ҚАР.) 1c. Сервистік орталыққа жолығыңыз
ОңайНұсқаулық