ELICA HIDDEN ADVANCE PRF0183971 - ас үй желдеткіші

HIDDEN ADVANCE PRF0183971 - ас үй желдеткіші ELICA - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HIDDEN ADVANCE PRF0183971 ELICA PDF форматында.

📄 104 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice ELICA HIDDEN ADVANCE PRF0183971 - page 65

Questions des utilisateurs sur HIDDEN ADVANCE PRF0183971 ELICA

0 question sur cet appareil. Repondez a celles que vous connaissez ou posez la votre.

Poser une nouvelle question sur cet appareil

L'email reste privé : il sert seulement à vous prévenir si quelqu'un répond à votre question.

Aucune question pour l'instant. Soyez le premier à en poser une.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз ас үй желдеткіші PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HIDDEN ADVANCE PRF0183971 - ELICA және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HIDDEN ADVANCE PRF0183971 брендінің ELICA.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HIDDEN ADVANCE PRF0183971 ELICA

: деталі, позначені цим символом, можна придбати окремо у спеціалізованих дилерів. : деталі, позначені цим символом, є додатковими аксесуарами, що постачаються лише в деяких моделях та можуть бути придбані на веб-сайтах www.elica.com и www.shop.elica.com. KK - Ескертулер және орнату Бұл құрылғы тамақ пісіру кезінде шығатын түтін мен буды сорып, сыртқа шығаруға және тек үйде қолдануға

  • Өнімнің немесе шығару құбырларының электрлік желілеріне немесе құрылымына өзгерістер енгізбеңіз. •Кез келген тазалау немесе техникалық қызмет көрсету алдында өнімді розеткадан суырыңыз немесе қосқышты өшіріңіз. •Барлық орнату және күтім көрсету жұмыстарын орындаған кезде әрқашан жұмыс қолғабын киіңіз.•
  • Бұл өнімді 8 жастан асқан балалар, сондай-ақ физикалық, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері шектелген адамдар немесе құрылғыны пайдалану тәжірибесі немесе қажетті білімі жоқ адамдар олардың қауіпсіздігіне жауап беретін басқа адамның бақылауынсыз немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану және оның қауіптілігін түсіну туралы нұсқаулар алмайынша қолданбауы керек.• •Балалардың осы өніммен ойнамауын қадағалаңыз.• •Тазалау және күтім көрсету жұмыстарын балалар тиісті бақылаусыз орындамаулары керек. •Егер өнім газды немесе басқа отынды жағатын басқа құрылғылармен бір уақытта қолданылса, бөлме жеткілікті түрде желдетілуі керек.
  • Өнімнің ішін де, сыртын да жиі тазалап отыру керек (КЕМІНДЕ БІР АЙДА БІР РЕТ); әрқашан пайдалану нұсқаулығында берілген нұсқауларды орындаңыз. •Өнімді тазарту және сүзгілерді ауыстыру / тазалау жөніндегі нұсқаулықтың орындалмауы өрт қаупіне әкелуі мүмкін.• •Бұл өнімді жалынды отпен тамақ пісіргенде пайдалануға қатаң тыйым салынады.• ЕСКЕРТУ: •Өнім қосулы болған кезде оның қолжетімді бөліктері қызып кетуі мүмкін.• •Орнату жұмыстары толық аяқталғанша, құрылғыны электр желісіне қоспаңыз.• •Жергілікті билік органдары бекіткен, түтін шығаруға байланысты қауіпсіздік техникасы және қауіпсіздік шаралары бойынша ережелер қатаң сақталуы керек.• •Шығарылған ауа газ жағатын құрылғылар не басқа да жағу құрылғылары тудыратын түтінді жою үшін пайдаланылатын құбырлар арқылы жіберілуі керек.• •Өнімді дұрыс орнатылмаған 65шамдармен пайдаланбаңыз немесе қалдырмаңыз, себебі бұл тоқ соғу қаупіне әкелуі мүмкін.• •Торды дұрыс орнатпайынша, бұл өнімді ЕШҚАШАН пайдаланбаңыз. •Егер басқалай айқын түрде рұқсат етілмесе, өнімді тіреуші бет ретінде ЕШҚАШАН пайдалануға болмайды. ОРНАТУ ҚАУІПСІЗДІГІ
  • Өнімді орнату үшін онымен бірге берілетін бекіткіш бұрандаларды тек тиісті бетке ғана пайдаланыңыз; болмаса, дұрыс бұранда түрлерін сатып алыңыз. •Өнімнің ішіндегі (тасымалдау мақсатында салынған) керек- жарақтардың (мысалы, бұрандалар салынған қалташықтар, кепілдік куәліктері және т.б.) бар-жоғына көз жеткізіңіз. Егер ондай нәрселер болса, оларды алып, қауіпсіз жерде сақтаңыз. • ЕСКЕРТУ: Бұрандалар мен ысырмаларды ос нұсқауларға сай орнатпасаңыз, электр тогы қаупі орын алуы мүмкін. •Шығару құбыры бірге берілмейді және ол бөлек сатып алынуы керек. •Сорғыш құбырдың диаметрі жалғағыш сақинаның диаметріне сай келуі керек. •Өнімді плита үстіне орнатқан кезде, сызбаларда көрсетілген биіктікті сақтаңыз •Плитадағы ыдыстың беті мен түтінсорғының төменгі бөлігі арасындағы минималды арақашықтық электр плиталары үшін кемінде 50 cm, ал газ немесе аралас пештер үшін 65 cm болуы керек. •Егер газ плитасын орнату нұсқаулығында бұдан үлкенірек арақашықтықтар көрсетілген болса, оларды сақтаңыз. ЭЛЕКТРЛІК БАЙЛАНЫСТАР ҚАУІПСІЗДІГІ
  • Қуат көзіндегі кернеудің сипаттамалары өнімнің ішінде орналасқан деректер жапсырмасындағы кернеу сипаттамаларына сәйкес келуі керек. •Егер өнім қуат сымы ашасымен жабдықталған болса, оны қолданыстағы стандарттарға сәйкес келетін және орнатқаннан кейін де қол жетімді болатын розеткаға қосыңыз. •Егер өнімнің қуат ашасы болмаса (электр желісіне тікелей қосылатын болса) немесе қуат ашасы қол жетпейтін жердегі розеткаға жалғанатын болса, тіпті орнатқаннан кейін де, стандартты екі полюсті ажыратып-қосқышты орнату ережелеріне сәйкес сай қосымша орнату арқылы III санаттағы артық кернеу болған жағдайларда құрылғыны желіден толық ажырату мүмкіндігін қамтамасыз етіңіз. • Ескерту! Қуат кабелін ауыстыруды уәкілетті техникалық қолдау қызметі немесе біліктілігі оған сай адам жүзеге асыруы керек.

Ескеріңіз! Бұл түтін сорғыш автоматты жұмыс жүйесімен жабдықталған ("VOC сенсорын калибрлеу" тарауын

Түтін тартқыш электр желісіне қосылған сайын реттеліп отырады (мысалы: ол алғашында электр тогы ажыраған соң орнатылады). Оны қолмен де орындауға болады ("VOC сенсорын калибрлеу - қолмен" тарауын қараңыз). 5 минутқа созылатын реттеу кезінде басқару элементтері жыпылықтайды және тек шам түймесін ғана пайдалану мүмкін болады. T1 T2

T1= ШАМДАРДЫ ЖАҒУ/ӨШІРУ. T2= Моторды ӨШІРУ немесе Жылдамдықты азайту (мысалы: 4-тен 1-ге). Түтін сорғыш қандай позицияда болса да пернені 3 секунд басып тұрсаңыз, мотор өшеді. T3= Сору жылдамдығын арттыру. Түтін сорғышты 1-жылдамдықпен іске қосу үшін T3 пернесін басыңыз, мотордың жылдамдығын 2- жылдамдықтан қарқынды жылдамдыққа дейін арттыру үшін пернені басып тұра беріңіз. Қарқынды жылдамдықты автоматты түрде іске қосу үшін пернені 3 секунд басып тұрыңыз. Әр жылдамдық үшін өзінің тиісті ШАМЫ жанады. 1-жылдамдық ШАМЫ: L1 2-жылдамдық ШАМЫ: L2 3-жылдамдық ШАМЫ: L3 L4 қарқынды жылдамдық ШАМЫ (жыпылықтайды). Қарқынды жылдамдықтың уақыты шектелген. Стандартты уақыт – 5 минут. Осы уақыттан кейін түтін тартқыш 3- жылдамдыққа ауысады. Уақыт аяқталғанға дейін функцияны өшіру үшін T2 пернесін басыңыз; сорғыш 3-жылдамдыққа ауысады. Моторды өшіру үшін T2 пернесін 3 секунд басып тұрыңыз. T4= Сенсорды ҚОСУ/ӨШІРУ. VOC сенсорының функциясын іске қосады немесе өшіреді. Пернені басқан кезде VOC сенсорының функциясы іске қосылады және L5 диодшамы көк түске айналады. VOC сенсорының функциясы қосылған кезде мотор өшіруі керек (егер ол бұған дейін іске қосылған болса). Түтін 66сорғыш түтін сенсоры анықтаған түтіннің мөлшеріне қарай ең қолайлы жылдамдықта іске қосылады. T5= Жұмыс күйінің индикаторы VOC сенсорын калибрлеу Сенсорды калибрлеу шамамен 5 минутқа созылады; L1, L2, L3 және L4 диодшамдары циклді түрде жыпылықтай бастағанда, 1-жылдамдықты іске қосу үшін T4 пернесін басыңыз (L5 диодшамы үнемі жанып тұрады). Калибрлеу L1, L2, L3 және L4 диодшамдары сөнген кезде аяқталады, содан кейін дыбысты сигнал ("бип")

Калибрлеу кезінде тек шамдарды қосып-өшіруге болады. Калибрлеу процедурасы түтін сорғыштағы сенсордың дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет және олар мынадай болуы

автоматты: түтін сорғышты розеткаға қайта қосқан сайын (мысалы, бірінші орнатқан кезде немесе қуат үзілгеннен кейін). қолмен: автоматты жұмыс қанағаттанарлықсыз болған кезде және ас үйде қалыпты орта жағдайы сақталған кезде орындалады. Қолмен калибрлеу режимі T4 пернесін 6 секунд басып тұру арқылы іске қосылады. Плита түрін таңдау VOC функциясын жақсы пайдалану үшін плитаның дұрыс түрін таңдау керек (газ, индукция немесе электр). Түтін сорғышты және VOC сенсорын өшіргенде, T1 және T4 пернелерін бір уақытта дыбысты сигнал шыққанша басып тұрыңыз, T1 немесе T4 пернесі қайта басылған кезде пернелерді жіберіңіз. Келесі схемаға сәйкес қажетті плитаны таңдауға болады: 1-диодшам: газ плита 2-диодшам: электр плита 3-диодшам: индукция плита Таңдалған перне жанып, таңдау жасалғанын көрсетеді; 10 секундтан кейін перне қысқаша жыпылықтайды, бұл таңдаудың жасалғанын көрсетеді. Май сүзгісінің ескертуі 40 сағат жұмыс істегеннен кейін L1 және L5 диодшамдары жыпылықтай бастайды. Осы ескерту көрінсе, орнатылған май сүзгісін жуу керек. Ескерту күйін қалпына келтіру үшін T2 түймесін 3 секунд басып тұрыңыз. Көмір сүзгінің ескертуі 160 сағат жұмыс істегеннен кейін L2 және L5 диодшамдары жыпылықтай бастайды. Осы ескерту көрінген кезде, орнатылған көмір сүзгіні ауыстыру керек. Ескерту күйін қалпына келтіру үшін T3 түймесін 3 секунд басып тұрыңыз. Стандартты режимде көмір сүзгісі туралы ескерту қосулы болмайды. Егер түтін тартқыштың сүзгісі бар нұсқасы қолданылса, көмір сүзгісі туралы ескертуді іске қосу керек. Көмір сүзгісі туралы ескертуді іске қосу: Түтін тартқышты ӨШІРІП, T2 және T3 пернелерін бірге 3 секунд басып тұрыңыз (егер L2 ШАМЫ жыпылықтаса, демек көмір сүзгі белсенді ЕМЕС), көмір сүзгінің ескерту функциясын іске қосу үшін T3 пернесін басыңыз. L2 және L5 ШАМДАРЫ тұрақты жанады, 10 секунд күтіңіз, содан кейін функция дыбысты сигналдан кейін ("бип") іске қосылады. Көмір сүзгісі туралы ескертуді өшіру: Түтін тартқышты ӨШІРІП, T2 және T3 пернелерін бірге 3 секунд басып тұрыңыз (егер L2 ШАМЫ тұрақты жанса, демек көмір сүзгі белсенді), L2 және L5 ШАМДАРЫ тұрақты жанады, T3 пернесін басыңыз, сонда L2 ШАМЫ жыпылықтай бастайды, 10 секунд күтіңіз, сосын дыбысты сигналдан ("бип") кейін көмір сүзгінің ескерту функциясы ажыратылады. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚАТЫСТЫ ЕСКЕРТУЛЕР

  • Тазалау: Тазалау үшін тек бейтарап сұйық жуғыш қоспаға малынған дымқыл шүберекті пайдаланыңыз. Тазалау құралдарын немесе аспаптарын пайдаланбаңыз. Өнімге техникалық қызмет көрсету үшін орнату соңында осы таңбамен белгіленген суреттерді

67• Майға қарсы сүзгі: Майға қарсы металл сүзгі айына бір рет агрессивті емес жуғыш заттармен, қолмен немесе ыдыс жуғыш машинада қысқа уақытта төмен температурада жуылуы керек. Майға қарсы сүзгіні шығарып алу үшін, серіппеден босату тұтқасын тартыңыз.

  • Көмір сүзгі (тек сүзгілі нұсқа үшін): Картриджді кемінде төрт айда бір рет ауыстыру қажет. Оны жууға немесе қалпына келтіруге БОЛМАЙДЫ. Суреттер бөлімінде көрсетілгендей: майға қарсы сүзгілерді алып тастаңыз, екі жағына көмір сүзгісін салып, оны өнімге бекітіңіз. Майға қарсы сүзгілерді орындарына қайта
  • Жуылатын белсендірілген көмір сүзгісі (тек сүзгілі нұсқа үшін): Көмір сүзгісін екі ай сайын (егер сіздегі үлгіде болса- сүзгінің қанығу жүйесі көрсеткен кезде) жуып отыруға болады. Сызбалар бөлімінде көрсетілгендей: май сүзгісін алыңыз, көмір сүзгісін алыңыз және ыстық сумен, лайықты жуғыш қоспалармен қолдап жуыңыз немесе ыдыс жуғышта 65°C температурада жуыңыз (ыдыс жуғышта жуу кезінде толық жуу циклін ыдыс-аяқтарсыз орындаңыз). Артық суды сүзгіні зақымдамай алыңыз, содан кейін оны толығымен кептіру үшін пешке 100°C температурада 10 минутқа қойыңыз. Майға қарсы сүзгілерді орындарына қайта орнатыңыз. Көбіктөсемді 3 жыл сайын және матаның зақымданғаны байқалған сайын ауыстырыңыз.
  • Периметрлік сору панелі (панельге техникалық қызмет көрсету) Шешіп алу:: a. панельді төмен қарай қатты тартыңыз (АЛДЫҢҒЫ ЖАҒЫН) ә. оны артқы ілгектерден босатыңыз. Тазалау: сору панельді агрессивті емес жуғыш заттармен қолмен жуып тұру керек. Құрастыру: панель артқы жақтағы ілгектерге ілініп, оның алды ұстатылуы тиіс (магниттермен). Назар аударыңыз! Панельдің өз орнына мықтап бекітілгеніне әрдайым көз жеткізу керек.
  • Жарықтандыру жүйесі : Жарықтандыру жүйесін пайдаланушы ауыстыра алмайды, егер ол жұмыс істемесе, тұтынушыларға қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз. МЕРЗІМ СОҢЫНДА ТАСТАУ Бұл құрылғы Қолданылған электрондық және электрлік құрылғыларға (WEEE) қатысты 2012/19/EC - UK SI 2013 №.3113 Еуропалық Директивасына сай таңбаланған. Осы өнімді тастауды тиісті түрде орындаңыз. Осылайша пайдаланушы қоршаған орта мен денсаулыққа жағымсыз салдардың алдын алуға көмектеседі. Өнімдегі не ілеспе құжаттардағы осы таңба бұл өнімнің тұрмыстық қалдықпен бірге тасталмай, электр және электрондық жабдықтарды қайта пайдалану үшін тиісті жинау пункттеріне жіберілуі керектігін білдіреді. Оны жергілікті қоқыс тастау ережелеріне сәйкес тастаңыз. Бұл өнімді пайдалану, қалпын келтіру және қалпына келтіру туралы қосымша ақпарат алу үшін жергілікті уәкілетті мекемеге, тұрмыстық қалдықтарды жинау қызметіне немесе өнімді сатып алған дүкенге хабарласыңыз.

Бұл құрылғы мына қауіпсіздік стандартының ережелеріне сәйкес жасалды, сыналды және өндірілді: EN/IEC 60335-1; EN/IEC 60335-2- 31, EN/IEC 62233. Өнімділігі: EN/IEC 61591; ISO 5167-1; ISO 5167-3; ISO 5168; EN/IEC 60704-1; EN/IEC 60704-2-13;EN/IEC 60704-3; ISO 3741; EN 50564; IEC 62301. ЭМҮ: EN 55014-1; CISPR 14-1; EN 55014-2; CISPR 14-2; EN/IEC 61000-3-2; EN/IEC 61000-3-3. ЕСКЕРТПЕЛЕР : осы таңбамен белгіленген бөлшектерді мамандандырылған дилерлерден бөлек сатып алуға болады. : бұл таңбамен белгіленген бөлшектер тек кейбір модельдермен бірге жеткізілетін қосымша керек-жарақтар болып табылады және оларды www.elica.com және www.shop.elica.com сайттарынан сатып алуға болады. ET - Hoiatused ja paigaldamine Toode on mõeldud toiduvalmistamise auru ja suitsu väljatõmbeks ning on mõeldud ainult koduseks kasutamiseks. ÜLDINE OHUTUSTEAVE

Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : ELICA

Модель : HIDDEN ADVANCE PRF0183971

Санат : ас үй желдеткіші