PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Электр тіс щеткасы

Sonicare ProtectiveClean 4500 - Электр тіс щеткасы PHILIPS - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз Sonicare ProtectiveClean 4500 PHILIPS PDF форматында.

📄 810 бет Қазақша KK Жүктеу 💬 ЖИ сұрағы ⚙️ Сипаттамалар
Notice PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - page 718
SKIP

Жиі қойылатын сұрақтар - Sonicare ProtectiveClean 4500 PHILIPS

Пайдаланушылардың сұрақтары туралы Sonicare ProtectiveClean 4500 PHILIPS

0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.

Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою

Электрондық пошта жеке болып қалады: ол тек сіздің сұрағыңызға біреу жауап берген жағдайда хабарлау үшін қолданылады.

Әзірге сұрақтар жоқ. Бірінші болып сұраңыз.

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Электр тіс щеткасы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз Sonicare ProtectiveClean 4500 - PHILIPS және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. Sonicare ProtectiveClean 4500 брендінің PHILIPS.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ Sonicare ProtectiveClean 4500 PHILIPS

BrushSync технологиясы

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - BrushSync технологиясы - 1

BrushSync технологиясы иштетет:

Philips Sonicare отбасына қош келдіңіз!

Бүл тіс щеткасы тіс өңезін жақсы кетіруге, тісті ағартуға және қызыл иекті сау қалпында ұстан тұруға мүмкіндік береді. Sonicare жұмсақ дыбыстық технологиясы мен клиникалық түрде әзірленіп дәлелденген мүмкіндіктер тіркесімен пайдалану арқылы кез келген уақытта ең үздік тазалыққа қол жеткізгеніңізге сенімді бола аласыз.

Косымша қолдау мен өнімді тіркеу қызметтері келесі торапта қолжетімді: www.philips.com/support

Маңызды қауіпсіздік ақпараты

Өнімді тек арнайы мақсатына пайдаланыңыз. Өнімді және оның батареялары мен аксессуарларын қолданбас бұрын осы маңызды акқаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз. Дұрыс пайдаланбау қауінтерге немесе ауыр жаракаттарға әкелуі мұмкін.

Ескертулер

  • Зарядтағыштарды, жол зарядтағыш сөмкесін және ультрафиолет дезинфекторды суға жақындатпаңыз.
  • Тазалаудан кейін қабырға розеткасына қоспай тұрып, зарядтағыштың, зарядтау жол сөмкесінің және ультрафиолет дезинфекторының толығымен құрғақ екенін тексеріңіз.
  • Бүл құрылғыны қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулар беріліп, басқа біреу қадағалаған және құралды пайдалануға қатысты қауіп-қатерлер түсіндірілген жағдайда, осы құралды балалар және физикалық мүмкіндігі мен ойлау, сезу қабілеті шектеулі, білімі мен тәжірибесі аз адамдар пайдалана алады. Тазалау мен пайдаланушыға техникалық қызмет көрсету қызметтерін бақылаусыз балаларға орындауға болмайды.

- Балалар кұрылғымен ойнамауы керек.

  • Тек түпнұсқа Philips аксессуарларын немесе түтынушылық заттарын пайдаланыңыз.
    Қамтамасыз етілсе, тек түпнұсқа USB кабелі мен USB қуат көзі құрылғысын пайдаланыңыз.
  • Бул құрылғыда пайдаланушы қызмет көрсететін бөлшектер жоқ. Құрылғы зақымдалған болса, оны пайдалануды токтатып, еліңіздегі тұтынушыларға қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз (көріңіз «Кепілдік және қолдау көрсету»).
  • USB кабелі немесе USB куат блогы закымдалған болса, оны пайдалануды токтатыңыз.
  • Зарядтау қондырғысын, зарядтау жол сөмкесін және/немесе ультрафиолет дезинфекторын сыртта немесе қыздыру беттерінің маңында қолданбаныз.
  • Өнімнің ешбір бөлігін ыдыс жуғыш машинада жууға болмайды.
  • Бул құрылғы тек тістер, қызыл иектер мен тілді тазалауға арналған.
  • Ультрафиолет дезинфекторды барлық, уақытта балалар жетпейтін жерде сақтаңыз.
  • Ультрафиолет дезинфекторы ашык кезде УК жарыкдиоды/шамы қосулы қалса, ультрафиолет дезинфектор қолданысын токтатыңыз. УК жарығы адам көзіне және терісіне зиянды болуы мүмкін.
  • Дезинфекторды тек орнындағы корғағыш экранмен басқарыңыз.
  • Ыстық кезінде УК дезинфектордың УК жарық шамын ұстамаңыз.
  • Кылшыктары жаншылған немесе майыскан щетка басын қолданбаңыз. Щетка басын 3 ай сайын немесе тозу белгілері байқалса, одан да ертерек ауыстырыңыз.
  • Іурамында эфирлік май немесе кокос майы бар өнімдерді тікелей ұстауға болмайды. Байланыс қылшықтардың бөлінуіне әкелуі мүмкін.
  • Ең жоғарғы пайдалану биіктігі — 4500 метр.

МЕДИЦИНАЛЫК ЕСКЕРТУЛЕР

  • Пайдаланғаннан кейін көп қан ақса, 1 апта пайдаланғаннан кейін де тістің қанауы токтамаса немесе қолайсыздық немесе ауырсыну сезілсе, құрылғы қолданысын токтатып, тіс дәрігеріне хабарласыңыз.
  • Осы құрылғыны қолданар алдында, егер сіз 2 ай шамасында жақ сүйекке, бетіңізге немесе тіс етіне операция жасаған болсаңыз, дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
  • Егер сізде кардиостимулятор немесе баска импланттык құрылғы болса, пайдаланар алдында дәрігеріңізге немесе импланттык құрылғының өндірушісіне хабарласыңыз.
  • Егер сізде медициналык проблемалар болса, осы күралды пайдаланар алдында дәрігеріңізбен кеңесіңіз.
  • Бул кұрылғы — жеке күтім кұрылғысы және стоматологиялық жұмыста немесе мекемеде көп емделушілерге қолдануға арналмаған.

Батареяның қауіпсіздік нұсқаулары

  • Бүл құрылғыда тек білікті адамдар шығара алатын батареялар бар.
  • Өнімді тек арнайы мақсатына пайдаланыңыз. Өнімді және оның батареялары мен аксессуарларын қолданбас бұрын, осы акпаратты мұқият оқып шығып, оны келешекте қарау үшін сақтап қойыңыз. Дұрыс пайдаланбау қауінтерге немесе ауыр жаракаттарға әкелуі мүмкін. Қамтамасыз етілген аксессуарлар әртүрлі өнімдер үшін өзгеше болуы мүмкін.
  • Тек түпнұсқа Philips аксессуарларын және түтынушылық заттарын пайдаланыңыз. ТСВххх алынбалы куат көзін ғана пайдаланыңыз (кіріс көрсеткіштері: 100–240В; 50/60Гц; 1,5Вт), НХ6100 (кіріс көрсеткіштері: 100–240В; 50/60Гц; 1,4Вт), НХ6110 (кіріс көрсеткіштері: 100–240В; 50/60Гц; 1,5Вт), НХ6160 (кіріс көрсеткіштері: 100–240V; 50/60Hz; 6W), WAАххх (кіріс көрсеткіштері: 100–240 В; 50/60 Гц; 3,5 Вт) адаптерімен зарядтаңыз.

  • Ђнім мен батареяларды өрттен сақтаңыз және тікелей күн сәулесі немесе жоғары температура әсеріне ұшыратуға болмайды.

  • Өнім қатты қызып кетсе немесе иіс шықса, түсі өзгерсе немесе зарядтау бұрынғыдан да үзак ұакыт алса, өнімді пайдалану мен зарядтауды токтатып, Philips компаниясына хабарласыңыз.
  • Өнімдерді және батареяларын микротолқынды пештерге немесе индукциялық, плитаға салуға болмайды.
  • Батареяларды қызудан немесе улы не қауіпті заттардың шығуынан қорғау үшін өнімді немесе батареяны ашуға, өзгертуге, тесуге, зақымдауға немесе бөлшектеуге болмайды. Батареяларды қыска тұйықтауға, артық зарядтауға немесе кері қуйде зарядтауға болмайды.
  • Бул күралда ауыстырылмайтын батареялар бар. Батареяны пайдалану мерзімі біткен соң, кұрылғыны тиісінше қайта өндеу керек, «Қайта өндеу» бөлімін қараңыз.
  • Батареялар зақымдалса немесе кемісе, теріге немесе көзге тигізбеніз. Осы орын алса, бірден сумен жақсылап шайып, медициналық көмекке жүгініңіз.
  • Батареяларды қолданған кезде қолыңыз, өнім және батареялар құрған екендігіне көз жеткізіңіз.
  • Онімді 0°C – 40°C аралығында зарядтаңыз және пайдаланыңыз.
  • Батареяларды алғаннан кейін кездейсок қыска түйықталуын болдырмау үшін батарея клеммаларының металл нысанмен (мысалы, тиындар, қыстырғыштар, сақиналар) байланысуына мүмкіндік берменіз. Батареяларды алюминий жұқалтырға орамаңыз. Қоқыска тастау алдында батарея клеммаларын ораңыз немесе батареяларды пластик қалтаға салыңыз.
  • Бул куралда литий-ион аккумулятор бар. ДУРЫС КАЙТА ОНДЕЛУІ НЕМЕСЕ ТАСТАЛУЫ КАЖЕТ.

Бүл Philips құрылғысы электромагниттік өрістерге қатысты барлық қолданыстағы стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді.

Радио жабдығының директивасы

Осы кужатта Philips компаниясы радио жабдығы түрі (Bluetooth, NFC) бар электр тіс щеткалары 2014/53/EU директивасына сәйкес екендігін мәлімдейді.

  • Колданыстағы өнімдерderi Bluetooth радиожилік интерфейсі 2,4 GHz жиілікте жұмыс істейді.
  • Bluetooth кұрылғысының ең жоғары шығыс куаты: 3 dBm.
  • Колданыстағы өнімдердегі NFC радиожилік интерфейсі 13,56 MHz жиілікте жұмыс істейді.
  • Кұрылғы таратқан ең жоғары РЖ қуаты: 30,16 dBm. ЕО сәйкестік мәлімдемесінің толық мәтінін төмендегі интернет бетінен алуға болады:

Ескертпе: Әр түрлі модельдердің мүмкіндіктері әр түрлі болуы мүмкін. Кейбір модельдер Bluetooth немесе NFC функциясымен жабдықталмауы мүмкін.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Радио жабдығының директивасы - 1

Алынбалы куат көзінің бөлшегі: «xxxxх» таңбасы пайдалануға расталған зарядтағыштардың моделін білдіреді. (TCBxxxx, HX6100, HX6110, HX6160 немесе WAАxxxx)

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Радио жабдығының директивасы - 2

Бүл таңба құралды пайдаланбас бұрын, пайдалану нұсқауларын оқып шығуды білдіреді.

Максатты пайдалану

ProtectiveClean электр тіс щеткалары тістің бұзылуын азайту және ауыз саулығын жақсарту үшін тістерден жабысқақ дақтар мен тағам қалдығын жоюға

арналған. ProtectiveClean электр тіс щеткалары жеке қолданыска арналған. Балалар үнемі ересек адамның қадағалауымен пайдалануы керек.

Philips Sonicare (1-cypet)

1 Can
2 Куатты косу/өшіру түймесі
3 Режим түймесі
4 Режим көрсеткіші
5 Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш
6 Батарея индикаторы

Аксессуарлар:

7 Щетка саптамасының какпағы
8 Смарт щетка бас(тар)ын аныктау
9 Зарядтау кондырғысы
10 Жол калтасы
11 УК дезинфектор және зарядтағыш

Ескертпе: Сатып алынған үлгіге байланысты қамтылған аксессуарлар өзгеше болуы мүмкін.

Жұмыс жасатуды бастау

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Жұмыс жасатуды бастау - 1

1 Щетка басын қылшықтар сабының алдымен бірдей бағытта тұратын етіп туралаңыз.

2 Щетка басын металл білікке қарай токтағанынша басып кіргізіңіз.

Ескертпе: Щетка басы мен сап арасында шамалы аралыктың болуы қалыпты.

Philips Sonicare tics щеткасын пайдалану

Sonicare tics щеткасын алғаш рет пайдалансаңыз, электр емес тics щеткасын пайдаланудан діріл көбірек сезіледі. Алғашқы кезде пайдаланушылардың тым көп күш колдануы — қалыпыты жағдай. Ақырын күш

қолданып, тіс щеткасының сіз үшін тазалауына мүмкіндік беріңіз. Ең жақсы тәжірибе үшін төменде берілген щеткамен тазалау нұсқауларын орынданаңыз. Жаңа Sonicare электр тіс щеткасына ауысуға көмектесу үшін ол EasyStart мүмкіндігімен іске қосулы келеді. Philips Sonicare тіс щеткасымен тазалауды үйрену үшін бүл мүмкіндік алғашқы 14 реттік тазалау кезінде қуатты аздап арттырады.

Щеткамен тазалау туралы нускаулар

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Щеткамен тазалау туралы нускаулар - 1

1 Кылшыктарды сулап, тіс пастасының аз ғана мөлшерін жағыңыз.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Щеткамен тазалау туралы нускаулар - 2

text_image 45°

2 Тіс щеткасының қылдарын тіске қарай (45 градус) қисайтып қойыңыз, сосын қатты басып, қылдар қызыл иек сызығына немесе қызыл иек сызығының сәл астына жеткізіңіз.

Ескертпе: Щетканың ортасы әрқашан тіске тиіп тұруы керек.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Щеткамен тазалау туралы нускаулар - 3

3 Philips Sonicare құрылғысын қосу үшін қосу/өшіру түймесін басыңыз.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Щеткамен тазалау туралы нускаулар - 4

text_image 45°

4 Тіс пен қызыл иекте орналасқан қылшықтарды ұстаңыз. Қылшықтар тіс арасына жетуі үшін әрі- бері ақырын қозғалтып тісті жуыңыз. Осылай щеткамен тазалау барысында жылжытып отырыңыз.

Ескертпе: Кылшыктар жаркырауы кажет. Колмен реттелетін тіс щеткасымен қырған дұрыс емес.

Ескертпе: Тым көп крысым салсаңыз, саптың дірілінің өзгеруі және щетка басын ауыстыру

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Щеткамен тазалау туралы нускаулар - 5

туралы еске салғыштың сары түспен жыпылықтауы туралы ескерту аласыз.

5 Алдыңғы тістердің ішкі беттерін тазалау үшін щетка түтқасын жартылай тік ұстан, әр тісті бірнеше рет қабаттастыра жүргізіңіз.
6 Щеткамен тазалау циклін аяктағаннан кейін, қалған уақытты тістердің шайнау беттерін және дақтар пайда болатын аймактарды щеткамен тазалауға жұмсауға болады. Қалауыңыз бойынша щетка қосулы немесе өшірулі кезде щеткамен тілді де тазалауға болады.

Ескертпе: Брекеттер (брекеттерде қолданылған кезде щетканың бастары жылдам тозады) және қалпына келтірілген тістер (пломбалар, қаптамалар, сыналар) дұрыс салынса және бұзылмаса, оларды Philips Sonicare tіс щеткаңызбен тазалағанда мұқият болыңыз.

QuadPacer

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - QuadPacer - 1

flowchart
graph TD
    A["①"] --> B["②"]
    B --> C["③"]
    C --> D["④"]
    D --> E["④"]
    style A fill:#f9f,stroke:#333
    style B fill:#f9f,stroke:#333
    style C fill:#f9f,stroke:#333
    style D fill:#f9f,stroke:#333
    style E fill:#f9f,stroke:#333

Ауыз куысын толык тазалау үшін, аузыңызды QuadPacer мүмкіндігін пайдаланып 4 бөлікке бөліңіз. QuadPacer мүмкіндігі щеткамен тазалау уақытын 4 тең сегментке бөліп, келесі аймаққа өту керек уақытты көрсетеді. Сегменттер қыска діріл кідірісімен көрсетіледі. Щеткамен тазалау сеансының соңында тіс щеткасы автоматты түрде тоқтайды.

Ескертпе: White немесе Gum Care режимдерін пайдаланған кезде, косымша уакыт косуға болады.

Режимдер

Электр тіс щеткасы ең көбі 3 режиммен жабдыкталған: Clean, White және Gum Care (тек белгілі бір үлгілер). Режимдерді ауыстыру үшін, тіс щеткасы өшірулі кезде режим түймесін басыңыз.

Пайдасы КүндөліктіБетіндегі дақтарды кетіредіҚызыл иектерге жақсы массаж жасайды
ерекше тазалау үшін
Жалпы щеткамен тазалау уақыты2 минут 2 минут және 30 секунд3 минут
Щеткамен тазалау әдісіӘрбір бөлікті 30 секунд щеткамен тазалаңыз.Әрбір бөлікті 30 секунд щеткамен тазалауӘрбір бөлікті 30 секунд щеткамен тазалау
PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Режимдер - 1PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Режимдер - 2PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Режимдер - 3
одан кейін алдыңғы тістерді ағарту және жарқырату үшін 5 және 6 бөліктерінің әрқайсысын 15 секунд щеткамен тазалаңыз.одан кейін қызыл иектеріңізді жақсы дайындау және массаж жасау үшін 5, 6, 7 және 8 бөліктерінің әрқайсысын 15 секунд щеткамен тазалаңыз.
PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Режимдер - 4PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Режимдер - 5

BrushSync технологиясы

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - BrushSync технологиясы - 1

BrushSync технологиясы щетка басын микрочип аркылы саппен байланыстыруға мүмкіндік береді.

Щетка басының астындағы ʃаңбасы щетка басының осы технологиямен жабдықталғанын көрсетеді.

BrushSync технологиясы мынадай мүмкіндіктер береді:

- Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш Philips Sonicare үлгіci BrushSync технологиясымен жабдыкталған смарт щетка бастарының кең ауқымын ұсынады. Тіс щеткасы бастарының толық ауқымын зерттеп, өзіңіз үшін ең қолайлы щетка басын табу үшін www.philips.com/toothbrush-heads торабына өтіңіз.

Мумкіндіктер

  • Кысым датчигінің кері байланысы
  • Quadpacer
  • Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш
  • EasyStart
  • SmarTimer

Кысым датчигінің кері байланысы

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Кысым датчигінің кері байланысы - 1

Sonicare tics щеткасы қызыл иектер мен тістерді зақымнан қорғау үшін щеткамен тазалау кезінде қолданылған қысымды өлшейді.

Шамадан тыс крысым салсаңыз, сап дірілін өзгертеді және щетка басын ауыстыру туралы еске салғыш белгішесі крысым төмендегенше сары түспен жыпылықтайды.

Ескертпе: Өніміңіз белсендірілген қысым датчигімен бірге келеді. Бүл мүмкіндікті өшіру үшін (көріңіз «Мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру»).

Quadpacer

QuadPacer — ауызды 4 бөлікке бөлу арқылы ауызды біркелкі щеткамен тазалауға көмектесетін аралық таймері.

Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш

Philips Sonicare кұрылғысы щетка саптамасының тозуын бақылайтын BrushSync технологиясымен жабдыкталған.

Ескертпе: Бул функция тек BrushSync технологиясы бар Philips Sonicare смарт щетка саптамаларымен жұмыс істейді.

1 Алғаш рет жаңа смарт щетка басын бекіту кезінде сап сізде BrushSync технологиясы арқылы Philips щетка басын бар-жоғын анықтайды және щетка басының тозуын бақылайды.
2 Уакыт өте келе салынған қысым мен щетка басы пайдаланылған жалпы уакытқа байланысты сабы щетка басын ауыстыруға оңтайлы уакытты анықтау үшін щетка басының тозуын бақылайды. Бүл мүмкіндік тістеріңізді өте жақсы тазалауға және күтім көрсетуге кепілдік береді.
3 Щетка басын ауыстыру туралы еске салғыш индикаторы сары түспен жанса, щетка басын ауыстыру керек.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш - 1

Барлық смарт щетка саптамасында щетка саптамасын ауыстыруды еске салу функциясы қосылып келеді. Щетка саптамасын ауыстыру еске салғышын өшіру үшін «Мүмкіндіктерді іске қосу немесе өшіру» бөлімін қараңыз.

EasyStart

Oсы Philips Sonicare моделінің EasyStart мүмкіндігі косулы күйінде келеді. Philips Sonicare щеткасымен тазалауға үйрену үшін EasyStart мүмкіндігі алғашқы 14 реттік тазалау кезінде қуатты аздап арттырады.

Бас тарту

Philips Sonicare tíc щеткасы клиникалық зерттеулерде пайдаланылса, ол толығымен зарядталған саппен және өшірулі EasyStart мүмкіндігімен жоғары қарқындылықта Clean режимінде пайдаланылуы қажет.

EasyStart өшіру үшін (көріңіз «Мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру»).

SmarTimer

SmarTimer щеткамен тазалау циклі соңында щетканы автоматты түрде өшіру арқылы щеткамен тазалау циклі аяқталғанын көрсетеді.

Тіс дәрігерлері тісті күніне екі рет ең кемі 2 минут тазалауға кеңес береді.

Ескертпе: Щеткамен тазалау циклін бастағаннан кейін қосу/өшіру түймесін бассаңыз, тіс щеткасы уақытша токтатылады. 30 секундтық кідірістен кейін SmarTimer қалпына келеді.

Мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру

Тіс щеткасының келесі мүмкіндіктерін белсендіруге немесе өшіруге болады:

  • EasyStart
  • Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш
  • Кысым датчигінің кері байланысы

Ескертпе: Смарт щетка саптамасы сабына қосылғанда, щетка саптамасын ауыстыру еске салғышын ғана қосуға немесе өшіруге болады.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру - 1

1-кадам: Сапты розеткаға қосылған зарядтау тұғырына қойыңыз.
2-кадам: Куатты косу/өшіру түймесін басып түру ¥зактығы:

EasyStart Щетка басын ауыстыру керектігін еске салғыш Кысым датчигінің кері байланысы

3 секундка 5 секундка 7 секундка дейін дейін дейін

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру - 2

3-кадам: Естілген кезде, куат қосу/өшіру түймесін жіберіңіз:

1 дыбыс 1 дыбыс, одан кейін 2 дыбыс1 дыбыс, 2 дыбыс, одан кейін 3 дыбыс
↓ ↓ ↓
PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру - 3PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру - 4Батарея индикаторы мен щетка басын ауыстыру туралы еске салғыш шамы жасыл болып 2 рет жыпылықтағанын көрсеніз және 3 дыбыс біртіндеп қаттырақ, шығып естілсе, функция іске қосылды.
HEMECE
PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру - 5PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Мүмкіндіктерді белсендіру немесе өшіру - 6Батарея индикаторы мен щетка басын ауыстыру туралы еске салғыш шамы сары болып 1 рет жыпылықтағанын көрсеніз және 3 дыбысты жоғары-төмен деңгейде естісеніз, функция өшірілді.

УК дезинфектор

Ескертпе: Сатып алынған үлгіге байланысты қамтылған аксессуарлар өзгеше болуы мүмкін.

УК дезинфектор көмегімен әр пайдаланудан кейін щетка басын тазалауға болады.

Мына жағдайларда дезинфекторды розеткадан ажыратыңыз, пайдалануды токтатыңыз және тұтынушыларды қолдау қызметіне хабарласыңыз:

  • Есік ашық кезде УК жарық шамы қосылып қалады.
  • Дезинфектордың терезесі сынған немесе жок.
  • Дезинфектор тутін немесе күйгеннің иісін шығарады.

Ескерту: УК жарығы адам көзіне және терісіне зиянды болуы мүмкін. Бүл құрылғы барлық уақытта балалар жетпейтін жерде ұстау керек.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - УК дезинфектор - 1

1 Щеткамен тазалаудан кейін щетка басын шайыңыз және артық суды шайқап кетіріңіз.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - УК дезинфектор - 2

Ескерту: Щетка басын дезинфекторда тазалаған кезде, щетка басының қақпағы щетка басында түрмағанына көз жеткізіңіз.

2 Саусакты дезинфектордың үстіндегі есік ойығына салып, есікті ашыңыз.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - УК дезинфектор - 3

3 Щетка басын дезинфектордағы 2 ілгектің біреуіне қылшықтарды жарық шамына қаратып қойыңыз.

Ескерту: Philips Sonicare щетка бастарын тек дезинфекторда тазалаңыз.

Ескертпе: Philips Sonicare for Kids щетка бастарын дезинфекторда тазаламаңыз.

4 Дезинфектордың тиісті кернеулі розеткаға қосылғанын тексеріңіз.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - УК дезинфектор - 4

5 Есікті жабыңыз және УК тазалау циклін тандау үшін жасыл куатты қосу/өшіру түймесін бір рет басыңыз.

Ескертпе: Есік дұрыстап жабылған болса ғана дезинфекторды қосуға болады.

Ескертпе: Дезинфекциялау кезінде есікті ашсаңыз, дезинфектор жұмысы токтайды.

Ескертпе: Дезинфектор циклі шамамен 10 минутты алып, автоматты түрде ёшеді.

Терезеде жарык көрінсе, дезинфектор жұмыс істеуде.

Зарядтау және батарея күйі

Бүл Philips Sonicare тіс щеткасы толығымен зарядталған батареяда әрқайсысы 2 минуттай болатын кемінде 28 тазалау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді (eger күніне екі рет пайдаланылса, 14 күнге жетеді). Батарея индикаторы 2 минуттық тазалау сеансын аяқтаған кездегі, тіс щеткасын кідірткендегі немесе ол зарядталып жатқан кездегі батареяның күйін көрсетеді.

Ескертпе: Алғаш пайдалану алдында батареяны толық зарядтауға 24 сағатқа дейін уақыт кетуі мүмкін, бірақ Philips Sonicare тіс щеткасын толық зарядтамай тұрып пайдалануға болады.

Зарядтау

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Зарядтау - 1

Зарядтағышта зарядтау немесе УК дезинфектор

1 Зарядтағышты немесе дезинфекторды электр розеткасына тығыңыз.
2 Сапты зарядтағышка немесе дезинфекторға қойыңыз.

  • Сап саптын дұрыс салынғанын растау үшін 2 қыска дыбыстық сигнал шығарады.
  • Батарея индикаторының жарығы жыпылыктап түрса, щетканың зарядталып жатқанын білдіреді.
  • Зарядтағышта сап толық зарядталған кезде, батарея индикаторы 30 секунд бойы жасыл болып жанып, өшеді.

Батареяның күйі

Батарея күйі (зарядтағышка тығылған сап)

Сапты зарядтағышка қойған кезде, батарея индикаторы батарея деңгейін көрсетеді.

Батареяның күйі Батарея индикаторы

Батарея күйі (сап зарядтағышка қойылмаған кезде)

Тіс щеткасы оянған кезде, саптың астындағы батарея индикаторы батарея деңгейін көрсетеді.

Батареяның күйі БатареяДыбыс
индикаторы
Толық Жасыл болып жанып түр-
Жартылай толық Жасыл болып жыпылықтайды-
Төмен Сары түспенжыпылықтайдыЩеткамен тазалаудан кейін саптан 3 дыбыс шығады
Бос Сары түспенжыпылықтайдыЩеткамен тазалаудан кейін саптан 5 дыбыстан 2 рет шығады

Ескертпе: Куат үнемдеу үшін батарея индикаторы қолданылмаған кезде өшеді.

Ескертпе: Батарея куаты толык таусылған кезде, тіс щеткасы өшіп қалады. Тіс щеткасын зарядтау үшін оны зарядтағышқа қойыңыз.

Ескертпе: Батареяны барлық уақытта толық зарядталған күйінде ұстау үшін пайдаланылмайтын уақытта тіс щеткасын зарядтағышта ұстауға болады.

Тазалау

Щетка сабы

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Щетка сабы - 1

1 Щетка басын алыңыз және металл білік аймағын жылы сумен шайыңыз. Қалған тіс пастасының кеткеніне көз жеткізіңіз.

Абайлаңыз: Металл біліктегі резеңке тығыздағышты үшкір заттармен баспаңыз, себебі бул зақымдауы мүмкін.

2 Саптың букіл бетін дымқыл шуберекпен сүртіңіз.

Ескертпе: Артык суды кетіру ўшін шүңғылшадағы сапты басуға болмайды.

Щетка саптамасы

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Щетка саптамасы - 1

1 Әр пайдаланудан кейін щетка басын және қылшықтарды шайыңыз.

2 Щетка басын саптан ажыратып, кемінде аптасына бір рет щетка басының жалғанатын жерін жылы сумен шайып тұрыңыз. Жол қақпағы қажетінше жиі шайыңыз.

Зарядтағыш

1 Тазаламас бурын зарядтағышты токтан ажыратыңыз.

2 Зарядтағыштың бүкіл бетін дымқыл шуберекпен сүртіңіз.

Жол калтасы

Жылы сумен шайыңыз және дымқыл шуберекпен жол қалтасының ішін тазалаңыз.

Дезинфекторды тазалау

Абайланыз! дезинфекторды ағын суға салманыз немесе шумек астында шайманыз.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Дезинфекторды тазалау - 1

Абайлаңыз! УК жарық шамы ыстық кезде дезинфекторды тазаламаңыз.

Тиімдірек болуы ўшін дезинфекторды апта сайын тазалау ұсынылады.

1 Дезинфекторды розеткадан ажыратыңыз.
2 Тамшы науасын тігінен тартып шығарыңыз. Тамшы науасын шайып, дымқыл шүберекпен тазалап сүртіңіз.
3 Ішкі беттердің барлығын ылғалды шүберекпен сүртіңіз.
4 УК жарык, шамының алдындағы корғағыш экранды алыңыз.
Экранды алу үшін ысырмалар жанындағы жиектерді ұстаңыз, жайлап қысыңыз және қорғағыш экраннан тартып шығарыңыз.
5 УК жарык шамын алыңыз.
Жарык шамын алу үшін ұстаңыз және металл қыскыштан шығарыңыз.
6 Корғағыш экранды және УК жарық шамын ылғалды шуберекпен тазалаңыз.
7 УК жарык шамын кайта салыңыз.
Жарык шамын қайта салу үшін жарык шамының төменгі жағын металл қыскышпен туралаңыз және шамды қыскышқа кіргізіңіз.
8 Корғағыш экранды қайта салыңыз.
Экранды қайта салу үшін экрандағы ілгектерді УК жарық, шамының жанындағы шағылыстырғыш беттегі ойықтарға туралаңыз. Экранды дезинфектордағы тесіктерге түзу кіргізіңіз.
9 Тамшы науасын УК дезинфекторға кері салыңыз.
10 Тазалаудан кейін желіге қоспай тұрып дезинфектордың толығымен құрғақ екенін тексеріңіз.

Сактау

Егер өнім үзак уақыт пайдаланылмайтын болса, оны электр розеткасынан ажыратып, оны тазалаңыз, одан кейін күн сәулесі тікелей түспейтін салқын әрі құрғақ жерде сақтаңыз.

Ауыстыру

Оңтайлы нәтижелерге жету үшін Philips Sonicare щетка бастарын 3 ай сайын ауыстырып тұрыңыз. Тек Philips Sonicare қосалқы щетка бастарын қолданыңыз.

Модель нөмірінің орны

Модель нөмірін Philips Sonicare тіс щеткасы сабының, астынан караңыз (НХ64XX, НХ68XX).

Кепілдік және қолдау көрсету

Егер сізге акпарат немесе қолдау қажет болса, www.philips.com/support сайтына кіріңіз немесе халықаралық кепілдік парақшасын оқыңыз.

Кепілдіктің ерекшеліктері

Кепілдікте қамтылмаған нәрселер:

  • Ауыз саптамаларында (оның ішінде щетка бастары мен саптамалар).
  • Руксат етілмеген алмастыратын бөлшектерді немесе руксатсыз щетка бастарын пайдаланудан болған зақым.
  • Максатсыз пайдаланудан, асыра пайдаланудан, немкурайлылыктан, енгізілген өзгерістерден немесе руксатсыз жөндеуден туындаған зақым.
  • Калыпты тозу, соның ішінде кертілу, сырылу, мужілу, түстің өзгеруі немесе түссіздену.
  • УК жарык шамы.

Өндеу

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Өндеу - 1

  • Бүл белгі электр өнімдері мен батареяларды күнделікті үй қоқыстарымен бірге тастауға болмайтынын білдіреді.
  • Электр өнімдері мен батареяларды бөлек жинау бойынша жергілікті ережелерді орындаңыз.
  • Дезинфектордың УК жарық шамында сынап бар. УК жарық шамын қызмет мерзімі соңында турмыстық қалдықпен қоқысқа тастауға болмайды. Оны ресми жинау пунктіне қайта өндеге өткізіңіз.

- Philips өнімдеріндегі заттар туралы акпаратты www.philips.com/REACH веб-сайтынан табуға болады

Қайта зарядталатын батареяларды алу

Өнім тасталған кезде, кірістірілген қайта зарядталатын батареяны білікті маман алуы қажет. Кірістірілген қайта зарядталатын батареяларды алу нұсқауларын www.philips.com/support веб-сайтынан табуға болады.

Зарядтамалы батареяларды шығару

Қайта зарядталатын батареяны алу үшін сүлгі немесе шуберек, балға мен жалпақ басты (стандартты) бұрауыш қажет. Төменде сипатталған процедураны орындау кезінде негізгі сақтық шараларына назар аударыңыз.

1 Кез келген зарядты қайта зарядталатын батареяның зарядын бітіру үшін сапты зарядтағыштан шығарып, тіс щеткасын қосып, өзі токтағанға дейін қосып қойыңыз. Тіс щеткасы қосылмай қалғанша, осы қадамды қайталаңыз.

2 Щетка саптамасын алып, кокыска тастаңыз. Букіл сапты сулгімен немесе шуберекпен жабыңыз.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Зарядтамалы батареяларды шығару - 1

3 Сабының жоғарғы жағын бір қолыңызбен ұстан, төменгі жағынан 0,5 дюйм жоғары түрған сап корпусын ұрыңыз. Соңындағы қақпакты шығару үшін барлық 4 жағынан да балғамен қатты ұрыңыз.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Зарядтамалы батареяларды шығару - 2

Ескертпе: Ішкі ілмек жалғауын ажырату үшін ұшынан бірнеше рет ұруыңыз қажет болуы мүмкін.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Зарядтамалы батареяларды шығару - 3

4 Шеткі какпакты щетка сабынан шығарып алыңыз. Егер соңындағы какпак, корпусынан оңай ажырамаса, оны шығарып алғанша 3-қадамды кайталаңыз.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Зарядтамалы батареяларды шығару - 4

5 Саптың жоғарғы жағын төмен қаратып ұстан, білікті қатты бетке басыңыз. Егер ішкі компоненттер корпусынан оңай ажырамаса, оларды шығарып алғанша 3-қадамды қайталаңыз.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Зарядтамалы батареяларды шығару - 5

6 Батарея мен ішкі компоненттердің төменгі жағында қара жақтау арасына бұрауышты кіргізіңіз. Одан кейін бұрауышты қара жақтаудың төменгі жағын сындыратындай етіп батареядан көтеріңіз.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Зарядтамалы батареяларды шығару - 6

7 Батареяны жасыл басып шығарылған схемалы тақтаға жалғап түрған металл ілмекті босату үшін бұрауышты батареяның төменгі жағы мен қара жақтау арасына салыңыз. Бүл — батареяның төменгі жағын жақтаудан ажыратады.

8 Екінші металл ілмекті босату үшін батареяны ұстап, ішкі компоненттерді шығарып алыңыз.

Абайлаңыз: Саусактарыңызды ауыртып алмас үшін, батарея ілмектерінің өткір үштарына тиіп кетпеціз.

9 Калдык батарея зарядынан кыска түйыкталуды болдырмау үшін батарея түйіспелерін лентамен жабыңыз.

PHILIPS Sonicare ProtectiveClean 4500 - Зарядтамалы батареяларды шығару - 7

Енді зарядталмалы батареяны қайта өндеуге жіберуге және өнімнің қалған бөлігін тиісінше қоқыска тастауға болады.

Ескертпе: Күралды өз қызметін көрсетіп тозғаннан кейін, күнделікті үй қоқысымен бірге тастауға болмайды. Оның орнына бүл күралды арнайы жинап алатын жерге қайта өндеу мақсатына өткізіңіз. Бүлай істеу арқылы қоршаған ортаға зиян келтірмейсіз.

Utρωδηρεηιύ

Philips Sonicare nùunwùhpn nngnìuniú t átq: lúnqwùwūn pəniŋ t unwīhu yuunwnti wunwùuwuhwnh htnwgnui, niùtǔwī wultīh uwhunwī yuunwùutn l wwnnq lùntn: Oqunwqnδαtlnú Sonicare-h ñnɪnp àwjùwju hù unthùninqhwjh l yjhhúhlywlju wwjúwùuttniú úzwljuwð l huuunwunluwð huunlywùh2utnh hwúwnpnijəniùn` ηnip ywnnn tþ quunwh jhùti, nn wútiú wùqwú uunwùniú tþ lwiwrqnjiù úwpnnipajniùn: Lnwgnighs wgwugniqjwiù l uwnpwulnnniún qnwùgtlnú hwúwn ywnnn tþ wùguti htnljuwī ljujp` www.philips.com/support

Stntlnipjniutn wuynwupnijwù uwhù

Uwnpù oqinnwqnndtp úhwjù puù tǔwwuunwlḥ: Uwnpn, nnu wùwnunyngutpn l u wputuniwnutpù oqinnwqnndtlnig wnwg lwnnwgtp wju lwnlunn untntlywqhnp l u wwhtp wjù htunwqwjh hwiúwn: Nz tǔwwuunwlqujhù oqinnwqnndniún lwnnn l s wnwgwutl lwnwüqutn lwwí jning yìwwuulwópúttn:

2qn12wgniu5utn

Мазмұны Оған қол жеткізу үшін атауға басыңыз
Нұсқаулық көмекшісі
Anthropic қолдайды
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : PHILIPS

Модель : Sonicare ProtectiveClean 4500

Санат : Электр тіс щеткасы