BOSCH GSB 1600 RE - бурғы

GSB 1600 RE - бурғы BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GSB 1600 RE BOSCH PDF форматында.

📄 173 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы
Notice BOSCH GSB 1600 RE - page 106
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : BOSCH

Модель : GSB 1600 RE

Санат : бурғы

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бурғы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GSB 1600 RE - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GSB 1600 RE брендінің BOSCH.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GSB 1600 RE BOSCH

Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Bosch Power Tools 1 609 92A 89H | (02.12.2022)106 | Қазақ Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Көрсетілген қызмет ету мерзімі тұтынушы аталмыш нұсқаулықтың талаптарын орындаған жағдайда ғана жарамды болады. Iстен шығу себептерінің тізімі – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз Пайдаланушының мүмкін қателіктері – тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Қызмет көрсету түрі мен жиілігі – Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.

– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150-69 (шарт1) құжатын қараңыз – +5-ден +40°C-қа дейін температурасында қоймада өндірушінің қаптамасында сақтаңыз. Салыстырмалы ылғалдылық 80% -дан аспауы тиіс.

– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ15150-69 (5шарт) құжатын оқыңыз – Қоршаған орта температурасы −50°С-тан +50°С-қа дейін тасымалдау рұқсат етілген. Салыстырмалы ылғалдылық 100%-дан аспауы тиіс. Қауіпсіздік нұсқаулары Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік

Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/ немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз. Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы

u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. u Жабдық тұрмыстық жағдайларда, коммерциялық аймақтарда және қоғамдық жерлерде, зиянды және қауіпті өндірістік факторлар жоқ кіші электр тұтынуы бар өндірістік аймақтарында жұмыс істеу үшін

Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда

u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта 1 609 92A 89H | (02.12.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 107 пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі

u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды

u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. u Аталмыш пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес білікті қызметкерлер құрамына электр құралын реттеу, монтаждау, қолданысқа енгізу және оған қызмет көрсету әрекеттерімен таныс тұлғалар жатады. u Электр құралымен жұмыс істеуге 18 жасқа толған, техникалық сипаттаманы, пайдалану жөніндегі нұсқаулықты және қауіпсіздік ережелерін оқып шыққан тұлғаларға рұқсат етіледі. u Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар олардың қауіпсіздігі үшін жауапты тұлғаның бақылауында болмаса немесе электр құралын пайдалану бойынша нұсқау алмаған болса, бұйымды пайдаланбауы тиіс. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет

u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті

u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр Bosch Power Tools 1 609 92A 89H | (02.12.2022)108 | Қазақ құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану

u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз

Бұрғылар үшін қауіпсіздік нұсқаулары Барлық операциялар үшін қауіпсіздік нұсқаулары u Перфораторлық бұрғылауда құлақ қорғағыштарын кийіңіз. Шуылда тұру есті қабілетінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. u Қосымша тұтқаны/тұтқаларды пайдаланыңыз. Бақылау мүмкіндігінен айырылу жарақат алуға әкелуі

u Кескіш керек-жарақ немесе бекіткіштер жасырын сымдарға немесе өзінің сымына тиюі мүмкін әрекеттерді орындаған кезде электр құралын оқшауланған беттерінен ұстаңыз. Егер кескіш керек- жарақ немесе бекіткіштер жұмыс істеп тұрған сымға тисе, электр құралының ашық металл бөлшектерін белсендіріп, пайдаланушыға ток соғуы мүмкін. Ұзын бұрғы қондырмаларын пайдалану үшін қауіпсіздік нұсқаулары u Бұрғы қондырмасының максималдық жылдамдығынан жоғары жылдамдықта жұмыс істемеңіз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма дайындамаға тимей бос айналса бүгіліп жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Әрдайым бұрғылауды төмен жылдамдықта және қондырма ұшы дайындамаға тиіп тұрған күйде бастаңыз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма дайындамаға тимей бос айналса бүгіліп жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Қондырмаға сай сызықта басыңыз, тым қатты баспаңыз. Қондырмалар бүгіліп сынуға немесе бақылау жоғалтуға және жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары u Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Тебуді тудыратын жоғары реактивті күштерден абай болыңыз. Электр құрал егер электр құралы артық жүктелсе немесе өңделетін дайындамада қысылса ол сыналады. u Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары мезеттер пайда болуы мүмкін. u Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. u Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін

Мақсаты бойынша қолдану Бұл электр құралы кірпіш, бетон және тастарды сондай- ақ, ағаш, металл, керамика және пластмассаны перфораторлық бұрғылауға арналған. Электрондық басқару жүйесі бар және оңға/солға айналатын аспаптар бұрғылау мен бұранда кесуге де жарамды. Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі электр құралының көрсетіліміне қатысты болып келеді. (1) Жылдам қысқыш бұрғылау патроны

(2) Алдыңғы гильза (3) Артқы гильза (4) "Бұрғылау/соққымен бұрғылау" ауыстырып-

(5) Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (6) Ажыратқышқа арналған бекіту түймесі (7)

(8) Айналу жиілігін алдын ала таңдауға арналған айналмалы реттегіш (9) Қосымша тұтқа (беті оқшауланған)

(10) Тұтқа (беті оқшауланған) (11) Тереңдік шектегіші

(12) Бұрғылау патронының кілті

(13) Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны

(14) Әмбебап бит ұстағышы

(16) Алты қырлы дөңбек кілт

1 609 92A 89H | (02.12.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 109 (17) Айыр тәрізді кілт

Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз.

стандартты (жинақта қамтылмайды) Техникалық мәліметтер

Перфораторлық бұрғылау құралы GSB 1600 RE Өнім нөмірі 3601B282.. Номиналды тұтынылатын

Вт 750 Макс. шығыс қуат Вт 456 Бос жүріс күйіндегі айналу

мм 43 Макс. бұрғы Ø – Бетон мм 16 – Болат мм 12 – Ағаш мм 25 Айналу жиілігін басқару ● Оңға/солға айналу ● Бұрғылау патронының қысу

EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 1,8 Қорғаныс класы / II Мәліметтер [U] 230В кесімді кернеуге арналған. Басқа кернеу және елде қабылданған заңдар бұл мәліметтерді өзгертуі мүмкін. Құрылғы IEC 61000-3-11 стандартының талаптарына сәйкес келеді және белгілі бір шарттарда қосылуы тиіс. Құрылғы жағымсыз қуат жағдайларында кенет кернеу өзгерістеріне әкелуі мүмкін. Бұл құрылғының қарсылығы

=Ω деп орнатылған. Пайдаланушы құрылғы жалғанатын, Z

қарсылығына ие қосылым нүктесінің мына қарсылық талабына сәйкес келгеніне көз жеткізуі қажет: Z

мәні белгісіз болса, Z

мәнін желі жабдықтаушысымен немесе қуатпен жабдықтайтын ұйыммен бірге анықтаңыз. Шуыл және діріл туралы ақпарат EN62841-2-1 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген шуыл деңгейі әдетте келесідей болады: дыбыстық қысым деңгейі 100дБ(А); дыбыстық қуат деңгейі 111дБ(А). K дәлсіздігі=5дБ. Құлақ қорғанысын тағыңыз! Жалпы діріл мәндері a

(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі, EN62841-2-1 бойынша есептелген: Металл бойынша бұрғылау: a

Бетон бойынша соққымен бұрғылау: a

Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.

u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. Қосымша тұтқа (A суретін қараңыз) u Электр құралыңызды тек қосалқы тұтқамен бірге пайдаланыңыз (9). Қауіпсіз және ыңғайлы жұмыс күйіне қол жеткізу үшін қосымша тұтқаны (9) кез келген жаққа қайыруға болады. Қосымша тұтқаның (9) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытына қарсы бұрап, тереңдік шектегішін (11)

Тереңдік шектегішін (11), бұрғы ұштығы мен тереңдік шектегіші (11) ұшының арасындағы қашықтық қажетті X бұрғылау тереңдігіне сәйкес келетіндей, тартыңыз. Содан кейін қосымша тұтқаның(9) астыңғы бөлігін сағат тілінің бағытымен бұрап бекітіңіз. Тереңдік шектегішіндегі (11) бұдырлану жоғары қарап тұруы тиіс. Жұмыс құралын ауыстыру u Аспап алмастыру кезінде қорғау қолғабын киіңіз. Бұрғы патроны ұзақ уақытты жұмыс әдістерінде қатты қызып кетуі мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 89H | (02.12.2022)110 | Қазақ Тез қысатын бұрғылау патроны (B суретін қараңыз) Жылдам қысқыш бұрғылау патронының (1) артқы гильзасын (3) берік ұстап тұрыңыз және алдыңғы гильзаны (2) құралды енгізу мүмкін болғанша ➊ бағытымен бұраңыз. Құралды орнатыңыз. Жылдам қысқыш бұрғылау патронының (1) артқы гильзасын (3) ұстап тұрыңыз және алдыңғы гильзаны (2) шерту дыбысы естілмегенше ➋ бағытымен қолмен бұраңыз. Бұрғылау патроны автоматты түрде бекітіледі. Бекіткіш құралды шығару үшін алдыңғы гильзаны (2) қарама-қарсы бағытпен айналдырғанда қайтадан босап

Тісті тоғыны бар бұрғылау патроны (C суретін

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (13) құрал енгізілгенше бұрап ашыңыз. Құралды енгізіңіз. Бұрғылау патронының кілтін (12) тісті тоғыны бар бұрғылау патронының (13) тиісті саңылауларына енгізіп, құралды біркелкі етіп қысыңыз. Бұрап бекіту құралдары (D суретін қараңыз) Қондырма биталарды (15) пайдаланғанда әрқашан әмбебап ұстағышты (14) пайдаланыңыз. Тек шуруп басына жарайтын қондырма биталарды пайдаланыңыз. Бұрап бекіту үшін "Бұрғылау/перфораторлық бұрғылау" ауыстырып-қосқышын (4) әрдайым "Бұрғылау" белгісіне

Бұрғылау патронын ауыстыру Бұрғылау патронын бөлшектеу (E суретін қараңыз) Жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) бөлшектеу үшін алты қырлы дөңбек кілтті (16) жылдам қысқыш бұрғылау патронына (1) салып, айыр тәрізді кілтті (17) (SW14 мм) жетек шпинделінің кілт бетіне қойыңыз. Электр құралын тұрақты бетке, мысалы, верстакқа қойыңыз. Айыр тәрізді кілтті (17) нық ұстап тұрып, жылдам қысқыш бұрғылау патронын (1) алты қырлы дөңбек кілтті (16) ➊ айналу бағытымен бұрау арқылы босатыңыз. Берік орнатылған жылдам қысқыш бұрғылау патроны азғантай соққымен алты қырлы дөңбек кілттің (16) ұзын білігінде босатылады. Алты қырлы дөңбек кілтті жылдам қысқыш бұрғылау патронынан шығарып, жылдам қысқыш бұрғылау патронын толықтай бұрап

Тісті тоғыны бар бұрғылау патронын (13) бөлшектеу әрекеті жылдам қысқыш бұрғылау патроны үшін сипатталған әрекетпен бірдей жолмен орындалады. Бұрғылау патронын орнату (F суретін қараңыз) Жылдам қысқыш/тісті тоғыны бар бұрғылау патронын орнату әрекеті кері реттілікпен орындалады. Бұрғылау патронын шамамен 33–39 Нм тарту моментімен бекемдеу қажет. Шаңды және жоңқаларды сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану

Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы мүмкін.

Пайдалануға ендіру u Желі қуатына назар аударыңыз! Ток көзінің қуаты электр құралының зауыттық тақтайшасындағы мәліметтерге сай болуы қажет. 230В белгісімен белгіленген электр құралдармен 220В жұмыс істеуге болады. Айналу бағытын реттеу(G–H суреттерін қараңыз) u Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты(5) электр құралы тоқтап тұрғанда ғана пайдаланыңыз. Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш(5) электр құралының айналу бағытын өзгертуге мүмкіндік береді. Дегенмен ажыратқыш(7) басылса, бұл әрекетті орындау мүмкін болмайды. Оңға айналу: бұрғылау және бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты(5) сол жағынан жоғары жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан төмен қарай жылжытыңыз. Солға айналу: бұрандалар мен гайкаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып- қосқышты(5) сол жағынан төмен қарай жылжытып, дәл сол уақытта оң жағынан жоғары қарай жылжытыңыз. Жұмыс режимін реттеу Бұрғылау және бұрау Ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз. Соққымен бұрғылау Ауыстырып-қосқышты (4) "Соққымен бұрғылау" белгісіне жылжытыңыз. Ауыстырып-қосқыш (4) тіреліп, қозғалтқыш жұмыс істеп тұрғанда да қолданылуы мүмкін. 1 609 92A 89H | (02.12.2022) Bosch Power ToolsҚазақ | 111

Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (7) басып

Басылған ажыратқышты (7) бекіту үшін бекіту түймесін (6) басыңыз. Электр құралын өшіру үшін, ажыратқышты (7) жіберіңіз немесе бекіту түймесімен (6) құлыптанған болса, ажыратқышты (7) қысқа уақыт басып жіберіңіз. Айналымдар/қағу санын реттеу Ажыратқышты (7) басу күшін өзгерте отырып, қосылған электр құралының айналымдар/қағулар санын біртіндеп реттеуге болады. Ажыратқышты (7) жай басу төмен айналымдар/қағулар санын қосады. Басу күшейсе айналымдар/қағулар саны

Айналымдар санын/қағулар санын таңдау Айналымдар санын таңдайтын реттеуші (8) арқылы қажетті айналымдар санын/қағулар санын жұмыс істеу кезінде реттеуге болады. Талап етілетін айналымдар санын/қағулар санын материалмен жұмыс жасау жағдайына байланысты тәжірибе арқылы анықтауға болады. Пайдалану нұсқаулары u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін. Электр құралмен ұзақ жұмыс істегеннен кейін салқындату үшін 3 минутқа ең жоғары айналымдар санына қосу

Плиткаларды бұрғылау үшін ауыстырып-қосқышты (4) "Бұрғылау“ белгісіне орнатыңыз. Плитканы тесіп өткеннен соң аустырып-аустырып қосышты „перфоратормен бұрағылау“белгісіне өткізіп соққымен

Бетон, тас және құрылыста қатты метал бұрғысын пайдаланыңыз. Металда бұрғылау үшін жоғары сапалы, тез кесетін болаттан жасалған мүлтіксіз, өткірленген бұрғыларды пайдаланыңыз. Bosch керек-жарақтары бағдарламасы тиісті сапаға кепілдік береді. Бұрғы өткірлеу құралымен (керек-жарақ) 2,5–10 мм диаметрлік спиральді бұрғыны өткірлеуге болады. Айрықша дәлдікті талап ететін жұмыстар үшін бұрғылау станинасын (керек-жарақ) пайдаланыңыз. Керек-жарақ ретінде берілетін білдек қысқышы дайындаманы мықтап қысуға көмектеседі. Бұл дайындаманың бұралуына және пайда болатын жазатайым оқиғаларға жол бермейді. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Барлық жұмыстардан алдын электр құралының желілік айырын розеткадан шығарыңыз. u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Егер байланыс сымын алмастыру қажет болса, қауіпсіздіктің төмендеуіне жол бермеу үшін осы жұмыс тек Bosch компаниясы немесе Bosch электр құралдары бойынша өкілетті қызмет көрсету орталықтарында жүргізілуі тиіс. Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі

Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану

Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша Bosch Power Tools 1 609 92A 89H | (02.12.2022)112 | Română қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап

Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.

Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау

Қазақстан Республикасы

Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан

Қызмет көрсету орталықтарының басқа да мекенжайларын мына жерден қараңыз: www.bosch-pt.com/serviceaddresses Электр құралы кепілді пайдалану мерзімінің ішінде өндірушінің кесірінен істен шыққан жағдайда, өнім иесі төмендегі шарттар орындалғанда кепілдік бойынша тегін жөндеуге құқылы болады: – механикалық зақымдардың жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулық талаптарының бұзылу белгілерінің жоқтығы; – пайдалану бойынша нұсқаулықта сатушының сату туралы белгісінің және сатып алушы қолтаңбасының

– электр құралы сериялық нөмірінің және кепілдік талонындағы сериялық нөмірдің сәйкестігі; – біліксіз жөндеу белгілерінің жоқтығы. Кепілдік төмендегі жағдайларда қолданылмайды: – форс-мажор жағдайларына байланысты кез келген

– барлық электр құралдарындағыдай электр құралының қалыпты тозуы. Жалғағыш контактілер, сымдар, қылшақтар және т.б. сияқты құрал бөліктерінің қызмет ету мерзімін қысқартатын қалыпты тозу нәтижесінде қажеттілігі туындаған жөндеу кепілдік аясына кірмейді: – табиғи тозу (ресурстың толық пайдаланылуы); – қате орнату, рұқсатсыз модификациялау, қате қолдану, қызмет көрсету немесе сақтау ережелерін бұзу нәтижесінде істен шыққан жабдық пен оның

ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: * Перфораторлық