GDE 18V16 Professional - бурғы BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз GDE 18V16 Professional BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бурғы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз GDE 18V16 Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. GDE 18V16 Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ GDE 18V16 Professional BOSCH
EAC деректері Сәйкестікті растау құжаттары туралы ақпарат Өнім төмендегі талаптарға сай TP TC 010/2011 құжат нөмірі ТС RU С-DE.АЯ46.В.767xx
Декларацияны »Роберт Бош« ЖШҚ қабылдады Ресей, Мәскеу облысы, Химки, Вашутинское тас жолы, иелік 24 Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде және өнім корпусында көрсетілген. Қауіпсіздік техникасының
Сорғыш құрылғыларға арналған қауіпсіздік техникасының нұсқаулары u Сорғыш құрылғымен бірге пайдаланылатын электр құралының пайдалану бойынша нұсқаулығындағы қауіпсіздік техникасының нұсқауларын оқып шығыңыз және қатал ұстаныңыз. u Өрт қаупі бар! Орнатылған сорғыш құрылғымен металл дайындамаларды өңдемеңіз. Ыстық металл жоңқасы шаң жинағыш контейнердің бөліктерін тұтандыруы мүмкін. u Құлақ қорғағыштарын кийіңіз. Шуылда тұру есті қабілетінің төмендеуіне алып келуі мүмкін. u Қолданыстағы ұлттық және халықаралық стандарттарды ұстаныңыз. u Электр құралымен кез келген жұмысты істемес бұрын (мысалы, орнату, құралды ауыстыру, тазалау, т.б.) аккумуляторды электр құралынан алыңыз. Ажыратқышты кездейсоқ басқан жағдайда, жарақат алу қаупі туындайды. Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді оқып шығыңыз. Қауіпсіздік техникасының нұсқауларын және ескертпелерді орындамау ток соғуға, өртке және/немесе ауыр жарақаттануға әкелуі мүмкін. Қауіпсіздік техникасының нұсқаулары мен ескертпелерді болашақ жұмыстар үшін сақтап
Мақсаты бойынша қолдану Сорғыш құрылғы бетонды, кірпішті, тасты, керамиканы және плитканы бұрғылыған кезде бұрғылау шаңын жинауға арналған. Ағаш, металл немесе пластик бойынша бұрғылау кезінде сорғыш құрылғыны пайдалануға
Сорғыш құрылғыны тек төмендегі перфораторлармен бірге пайдалануға болады:
Көрсетілген құрамды бөлшектер Көрсетілген құрамды бөлшектердің нөмірлері графикалық беттегі сорғыш құрылғының көрсетіліміне қатысты болып келеді. (1) SDS plus ауыстырмалы бұрғылау патронына арналған шаң саңылауы (2) SDS plus қатты бұрғылау патронына арналған шаң саңылауы (3) Бұрғылау тереңдігін реттеу түймесі (4) Тереңдік шектегішінің шкаласы бар
(5) Бұрғы ұзындығын реттеу түймесі (6) Шаң жинағыш қораптың босату түймесі (7)
(8) Сорғыш құрылғының босату түймесі (9) Корпус бағыттауышы (10)
(11) Бағыттауыш ойық (12) Тоқтатқыш түйме 1 609 92A 8R7 | (14.07.2023) Bosch Power ToolsҚазақ | 51 (13) Шаң жинағыш қорап (14)
HEPA сүзгісі 0,3 микрометрден үлкен болатын барлық бөліктердің 99,97% кетіреді. Техникалық мәліметтер Сорғыш құрылғы GDE 18V-16 Өнім нөмірі 1600A0051N Саңылау диаметрі мм 4–16 Макс. бұрғы ұзындығы мм 165 Макс. бұрғылау тереңдігі мм 100 Салмағы EPTA- Procedure01:2014 құжатына сай кг 1,2 Мәндер өнімге байланысты өзгешеленуі мүмкін, сондай-ақ пайдалану және қоршаған орта шарттарына бағынуы мүмкін. Қосымша ақпаратты мына мекенжай бойынша қараңыз: www.bosch-professional.com/wac.
Сорғыш құрылғыны бекіту (A суретін
– Перфораторды бағыттауыш ойығымен (11) сорғыш құрылғының корпус бағыттауышына (9) орнатып, сорғыш құрылғыны перфораторға жылжытыңыз. Сорғыш құрылғы шерту дыбысымен тірелуі тиіс. – Ажырату үшін босату түймесін(8) басыңыз, құлыптан босату түймесін басып тұрыңыз және сорғыш құрылғыны перфоратордан тартып алыңыз.
Пайдалану бойынша нұсқаулар u Сорғыш құрылғыны ешқашан сүзгісіз пайдаланбаңыз. Сорғыш құрылғы сүзгісіз пайдаланылған жағдайда, бұрғылау шаңының үлкен бөліктері пайдаланушыға қарай лақтырылуы және электр құралына зақым келтіруі мүмкін. u Тек зақымдалмаған сүзгіні (сызатсыз, тесіксіз және т.б.) пайдаланыңыз. Зақымдалған сүзгіні дереу алмастырыңыз. u Электр құралын ешқашан сорғыш құрылғысынан ұстап тасымаңыз. u Сорғыш құрылғы қондырылған электр құралын жұмыс барысында сорғыш құрылғыдан емес, әрдайым электр құралының тұтқасы мен қосымша тұтқасынан ұстап тұрыңыз. Нұсқау: бағыттауыш(4) серіппемен керілген. Бұрғы ұзындығын реттеу түймесін(5) басқан кезде, бағыттауыш алға секіруі мүмкін. u Электр құралын жұмыс барысында екі қолмен берік ұстап, тұрақты қалыпта тұрыңыз. Электр құралы екі қолмен сенімді түрде басқарылады. Бұрғыны енгізу/шығару (B суретін қараңыз) – Бұрғы ұзындығын реттеу түймесін(5) басып, бағыттауышты(4) тірелгенше сыртқа тартыңыз. – (5) түймесін қайтадан жіберіңіз. – Бұрғы ұштығын артқы жақтан шаң саңылауы(2) арқылы өткізіп, содан кейін оны электр құралының нұсқауларына сәйкес бұрғылау патронына енгізіңіз. – Бұрғыны шығарудан бұрын(5) түймесін қайтадан басып, бағыттауышты(4) тірелгенше сыртқа
Бағыттауыш ұзындығын реттеу (Cсуретінқараңыз) Таза сору және тереңдік шектегішін тиісінше реттеу үшін бағыттауышты(4), алдыңғы бұрғы ұштығы(1)/(2) шаң саңылауымен беттелетіндей реттеу қажет. – Қажетті бұрғыны бұрғылау патронының құрал бекіткішіне енгізіңіз. – (5) түймесін, бағыттауышты(4) бұрғы ұзындығына сәйкес реттей отырып басыңыз. – (5) түймесін қайтадан жіберіңіз. Нұсқау: сорғыш құрылғыны сақтау үшін(5) түймесін басып, бағыттауышты(4) тірелгенше сыртқа тартыңыз. Бұл ретте бағыттауыш серіппесі босатылып, серіппенің қызмет ету мерзімі ұзарады. Бұрғылау тереңдігін реттеу (Dсуретінқараңыз) Тереңдік шектегішін реттеу түймесінің(3) көмегімен қажетті X бұрғылау тереңдігін белгілеуге болады. – (3) түймесін басып, түймені бағыттауышқа(4), көрсетілген X арақашықтығы қажетті бұрғылау тереңдігіне сәйкес келетіндей жылжытыңыз. – (3) түймесін қайтадан жіберіңіз. Шаң саңылауын ауыстыру (E суреттерін
Бұрғылау патроны мен бұрғылау диаметріне байланыстышаң саңылауын алмастыру қажет: – SDS-plus ауыстырмалы бұрғылау патроны мен 4–16 мм бұрғылау диаметріне арналған шаң саңылауы(1) – SDS-plus қатты бұрғылау саңылауы мен 4–16 мм бұрғылау диаметріне арналған шаң саңылауы(2) Сондай-ақ шаң саңылауының қабырғамен жанасу бетінде анық тозу іздері көрінгенде және нәтижесінде сору кезінде шаң сорғыш қылшақ арқылы шыққан жағдайда, шаң саңылауын алмастыру қажет. Шаң саңылауын алып тастау: Bosch Power Tools 1 609 92A 8R7 | (14.07.2023)52 | Қазақ – Тоқтатқыш түймені (12) басып, шаң саңылауын жоғары қарай ұстағыштан тартыңыз. Шаң саңылауын монтаждау: – Шаң саңылауын, тоқтатқыш түйме (12) шерту дыбысымен тірелгенше, жоғарыдан ұстағышқа
Шаң жинағыш қорапты босату (F1−F2суреттерінқараңыз) Нұсқау: шаң жинағыш қорапқа техникалық қызмет көрсеткен және оны тазалаған кезде шаңнан қорғайтын масканы киіп жүріңіз. Оңтайлы сору күшін сақтау үшін шаң жинағыш қорапты(13) жүйелі түрде және жұмыстарды аяқтағаннан кейін босатып тұрыңыз. Көру әйнегінің(7) көмегімен шаң жинағыш қораптың толтыру деңгейін бақылауға болады. – Электр құралын сорғыш құрылғымен көлденеңінен ұстап, электр құралын бірнеше секундқа қосыңыз. Осылайша шаң қалдықтары сору каналынан шаң жинағыш қорапқа (13) сорылады. – Сол жақ және оң жақ құлыптан босату түймесін (6) басып, шаң жинағыш қорапты (13) сорғыш құрылғыдан шығарыңыз. – Қажет болса, HEPA сүзгісін(14) шаң жинағыш қораптан шығарып, оны жақсылап қағыңыз немесе сүзгі қабаттарын жұмсақ қылшақпен сүртіп шығыңыз. Нұсқау: HEPA сүзгісін сумен немесе оны сығылған ауамен үрлеу арқылы тазаламаңыз. – Шаң жинағыш қорапты(13) арнайы қоқыс ыдысына
– HEPA сүзгісін (14) тазалағаннан кейін, шаң жинағыш қорапқа (13) қайта салыңыз. Содан кейін шаң жинағыш қорапты сорғыш құрылғыға құлыптан босату түймелері (6) сырт етіп енгізілгенше жылжытыңыз. Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау – Сорғыш құрылғыны құрғақ, жұмсақ шүберекпен
Өнімдерді олардың сақтығын қамтамасыз ететін, өнімдерге атмосфералық жауын-шашынның тиюіне және асқын температура көздерінің (температураның шұғыл өзгерісінің), соның ішінде күн сәулелерінің әсер етуіне жол бермейтін дүкендерде, бөлімдерде (секцияларда), павильондар мен киоскілерде сатуға болады. Сатушы (өндіруші) сатып алушыға өнімдер туралы қажетті және шынайы ақпаратты беріп, өнімдерді тиісінше таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Өнімдер туралы ақпарат міндетті түрде тізімі Ресей Федерациясының заңнамасымен белгіленген мәліметтерді қамтуы тиіс. Егер тұтынушы сатып алатын өнімдер әлдеқашан пайдаланылған немесе өнімдерде ақаулық (ақаулықтар) жойылған болса, тұтынушыға бұл туралы ақпарат берілуі
Өнімдерді сату процесінің аясында төмендегі қауіпсіздік талаптары орындалуы тиіс: – Сатушы сатып алушыға ұйымының фирмалық атауы, орналасқан жері (мекенжайы) және жұмыс режимі туралы мәліметтер беруге міндетті; – Сауда бөлмелеріндегі өнімдердің сынамалары сатып алушыға бұйымдардағы жазбалармен танысуға мүмкіндік беруі және визуалды тексерістен басқа бұйымдардың іске қосылуына әкелетін, сатып алушылар өз бетінше орындайтын ешқандай әрекеттерге жол бермеуі тиіс; – Сатушы осы бұйымдардың белгіленген талаптарға сәйкестігінің растамасы, сертификаттардың немесе сәйкестік жөніндегі мәлімдемелердің бар болуы туралы ақпаратты сатып алушыға беруге міндетті; – Идентификациялық сипаттары жоқ (жоғалған), жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, бұзылу белгілері бар және пайдалану бойынша нұсқаулығы (кітапшасы), міндетті сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік белгісі жоқ өнімдерді сатуға тыйым салынады. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану
Қызмет көрсету орталығы өнімді жөндеу және оған техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Құрамдас бөлшектер бойынша кескін мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтер төмендегі мекенжай бойынша қолжетімді: www.bosch-pt.com Bosch қызметтік кеңес беру тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің фирмалық тақтайшасындағы 10 таңбалы өнім нөмірін беріңіз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 1 609 92A 8R7 | (14.07.2023) Bosch Power ToolsRomână | 53 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
Notice-Facile