HII 64500 FTO - плита BEKO - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HII 64500 FTO BEKO PDF форматында.
| Бренд | Beko |
| Модель | HII 64500 FTO |
| Өнім түрі | Кіріктірілген индукциялық плита |
| Пісіру аймақтарының саны | 4 аймақ (соның ішінде бір икемді аймақ) |
| Өнім өлшемдері (Ұ x Е x Биіктік) | 590 x 520 x 60 мм |
| Кіріктіру өлшемдері (Ұ x Е x Биіктік) | 560+2 x 490+2 x 56±0.3 мм |
| Қуат көзінің кернеуі | 220-240 В~, 50-60 Гц |
| Орнатылған электр қуаты | 7.4 кВт (2.5 кВт дейін реттеледі) |
| Басқару түрі | Сенсорлық слайдермен |
| Негізгі функциялар | Boost, икемді аймақ, жылы ұстау, таймер, Stop&Go, құлыптау |
| Boost функциясы | Иә, ұзақтығы 5 минут, аймаққа 3500 Вт дейін |
| Икемді аймақ | Иә, үлкен аймақ немесе екі тәуелсіз аймақ ретінде пайдалануға болады |
| Таймер | 99 минутқа дейін, аймақтың автоматты өшірілуімен |
| Қауіпсіздік автоматты өшіру | Иә, қуат деңгейіне байланысты (2-ден 8 сағатқа дейін) |
| Кастрөлді анықтау | Иә, жарамсыз кастрөл болса көрсету |
| Қызып кетуден қорғау | Иә, кіріктірілген температура сенсоры |
| Төгілуден қорғау | Иә, басқару панеліне сұйықтық түскенде автоматты өшіру |
| Қалдық жылу индикаторы | « H » дисплейі |
| Пісіру беті | Керамикалық шыны |
| Ұсынылатын тазалау | Арнайы керамикалық шыны тазартқыш, қатты қалдықтар үшін қырғыш |
| Жөндеу мүмкіндігі және қосалқы бөлшектер | Білікті техникке немесе уәкілетті сатудан кейінгі қызметке хабарласыңыз |
| Кепілдік | Брендтің жалпы шарттарын қараңыз |
Жиі қойылатын сұрақтар - HII 64500 FTO BEKO
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы HII 64500 FTO BEKO
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз плита PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HII 64500 FTO - BEKO және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HII 64500 FTO брендінің BEKO.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HII 64500 FTO BEKO
Алдымен, осы пайдаланушы нұсқаулығын оқыңыз!
Құрметті тұтынушы!
Осы Веко құрылғысын таңдағаныңыз үшін рақмет. Жоғары сапалы және заманауи технологиямен жасалған құрылғыңызды пайдалану кезінде үздік нәтижелер аласыз деп үміттенеміз. Осы себепті, құрылғыны пайдалану алдында осы пайдаланушы нұсқаулығын және барлық басқа ілеспе құжаттарды мұқият оқып шығыңыз және болашақта пайдалану үшін анықтама ретінде сақтаңыз. Егер құрылғыны басқа біреуге берсеңіз, пайдаланушы нұсқаулығын да беріңіз. Пайдаланушы нұсқаулығындағы барлық ақпарат пен ескертулерді ескере отырып, нұсқауларды орындаңыз.
Бұл пайдаланушы нұсқаулығы басқа үлгілерге де қатысты болуы мүмкін екенін ұмытпаңыз. Үлгілер арасындағы айырмашылықтар нұсқаулықта нақты сипатталған.
Таңбалардың мағыналары
Осы пайдаланушы нұсқаулығының әртүрлі бөлімдерінде келесі таңбалар пайдаланылады:

Пайдалану туралы маңызды ақпарат және пайдалы кеңестер.

ЕСКЕРТУ: Өмір мен мүлік қауіпсіздігіне қатысты қауіпті жағдайлар туралы ескертулер.

ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі туралы ескерту.

ЕСКЕРТУ: Электр тоғының соғуы туралы ескерту.
1 Қауіпсіздік және қоршаған орта туралы маңызды нұсқаулар
Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары. Мұқият оқып, болашақта пайдалану үшін сақтап қойыңыз.
1.1 Жалпы қауіпсіздік
Бұл бөлімде өрт, электр тоғының соғуы, микротолқынды энергияның шығып кетуі, жарақат алу немесе мүлікке зақым келтіру қаупін алдын алуға көмектесетін қауіпсіздік нұсқаулары ұсынылған. Осы нұсқауларды орындамау кепілдікке зиян келтіреді.
• Веко өнімдері тиісті қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді; сондықтан құрылғыда немесе электр кабелінде қандай да бір зақым болса, кез келген қауіптің алдын алу үшін оны жеткізуші, қызмет көрсету орталығы немесе маман және өкілетті қызмет жөндеуі немесе ауыстыруы
керек. Ақаулы немесе біліксіз жәндеу жұмысы қауіпті болуы және пайдаланушыға қауіп тудыруы мүмкін.
1.2 Орнату
Электр тоғының соғу қаупі
- Кез келген жұмысты немесе техникалық қызмет көрсетуді бастамас бұрын, құрылғыны электр желісінен ажыратыңыз.
- Міндетті түрде сапалы жерлендіру жүйесіне қосылыңыз. • Тұрмыстық электр сымдары жүйесіндегі барлық өзгерістерді тек білікті электрші жүргізуі керек.
- Бұл ұсыныстарды орындамау электр тогының соғуына немесе өлімге әкелуі мүмкін.
1
Қауіпсіздік және қоршаған орта туралы маңызды нұсқаулар
1.3 Пайдалану және техникалық қызмет көрсету
Электр тоғының соғу қаупі
- Сынған немесе шытынаған пісіру панелінде тамақ пісірмеңіз. Егер пісіру панелі сынатын немесе шытынайтын болса, құрылғыны дереу негізгі қуат көзінен (қабырғадағы қосқыштан) сөндіріп, білікті маманға хабарласыңыз.
• Тазалау немесе техникалық қызмет көрсету алдында пісіру панелін қабырғадағы қосқышпен сөндіріңіз.
• Бұл ұсыныстарды орындамау электр тогының соғуына немесе өлімге әкелуі мүмкін.
1.4 Денсаулық қаупі
- Бұл құрылғы электрмагнитті қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.
1.5 Ыстық бет қаупі
• Пайдалану кезінде бұл құрылғының қолжетімді бөліктері қатты қызып, күйік алуға әкелуі мүмкін.
• Денеңіздің, киіміңіздің немесе қолайлы ыдыс-аяқтан басқа кез келген басқа заттың салқындамаған индукциялы әйнектің бетіне тиюіне жол бермеңіз.
- Пышақтар, шанышқылар, қасықтар және қақпақтар сияқты металл заттарды плитаның бетіне қоюға болмайды, себебі олар қызып кетуі мүмкін.
• Балаларды құрылғыдан алшақ ұстаңыз.
- Кәстрөлдердің тұтқалары ыстық болуы мүмкін. Таба тұтқаларының қосылып тұрған басқа пісіру аймақтарына шығып тұрмағанына көз жеткізіңіз. Тұтқаларды
1 Қауіпсіздік және қоршаған орта туралы маңызды нұсқаулар
балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Бұл ұсыныстарды орындамау күйік алуға әкелуі мүмкін.
1.6 Кесу қаупі
• Қауіпсіздік қақпағы алынғанда, пісіру панелін қырғыштың аса өткір жүзі ашылады. Аса мұқият пайдаланып, қауіпсіз және балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз.
- Сақтық шараларын елемеу жарақаттар мен кесіктер алуға әкелуі мүмкін.
1.7 Маңызды қауіпсіздік нұсқаулары
• Бұл құрылғыны орнатпай және пайдаланбай тұрып осы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. • Бұл құрылғыға ешбір жағдайда жанғыш заттарды немесе бұйымдарды қоюға бол-
майды.
• Бұл ақпаратты құрылғыны орнатуға жауапты адамға беріңіз, себебі бұл орнату шығындарын азайтуы мүмкін. • Қауіптің алдын алу мақсатында бұл құрылғы осы орнату нұсқауларына сәйкес орнатылуы керек. • Бұл құрылғыны тек білікті маман тиісті түрде орнатып, жерге қосуы керек. • Бұл құрылғыны сымдарды жүргізу ережелеріне сәйкес, электр желісінен толық ажырататын оқшаулау қосқышы бар тізбекке қосу керек. • Құрылғыны дұрыс орнатпау кепілдіктің немесе жауапкершіліктің тоқтатылуына әкелуі мүмкін. • Құрылғыны пайдалану кезінде оны ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
Қауіпсіздік және қоршаған орта туралы маңызды нұсқаулар
Құрылғыны пайдаланғанда, оны ешқашан қараусыз қалдырмаңыз. Қайнау түтін мен тұтануы мүмкін майлы қалдықтардың пайда болуына әкеледі.
• Құрылғыңызды ешқашан жұмыс немесе зат сақтау орны ретінде пайдаланбаңыз. • Құрылғының бетінде ешқашан заттарды немесе ыдыстарды қалдырмаңыз.
• Құрылғыңызды ешқашан бөлме жылытқышы ретінде пайдаланбаңыз.
• Құрылғыны пайдаланғаннан кейін осы нұсқаулықта сипатталғандай пісіру аймақтары мен пісіру панелін әрқашан өшіріңіз (мысалы, сенсорлық басқару элементтері арқылы).
• Балаларға құрылғымен ойнауға, оған отыруға, тұруға немесе оған көтерілуге рұқсат бермеңіз.
Балаларға қызық болатын заттарды құрылғының үстіндегі шкафтарда сақтамаңыз. Пісіру панеліне мінген балалар ауыр жарақат алуы мүмкін.
- • Құрылғы пайдаланылатын аймақта балаларды жалғыз немесе қараусыз қалдырмаңыз.
• Балаларға немесе құрылғыны пайдалану мүмкіндігі шектеулі жандарға оны пайдалану тәсілдерін жауапты және білікті адам үйретуі керек. Құсқаушы құрылғыны өзіне және айналасындағыларға қауіп төндірмей пайдалана алатынына көз жеткізуі керек.
• Нұсқаулықта ұсынылмаса, құрылғының ешбір бөлігін жөндемеңіз немесе ауыстырмаңыз. Барлық басқа қызмет түрлерін білікті маман орындауы керек.
1 Қауіпсіздік және қоршаған орта туралы маңызды нұсқаулар
маман орындауы керек.
маман орындауы керек.
• Пісіру панелін тазалау үшін бу тазалағышты пайдаланбаңыз.
• Пісіру панеліне ауыр заттарды қоймаңыз немесе тастамаңыз.
• Керамикалық әйнек бетінде кетілген шеті бар табаларды пайдаланбаңыз және әйнек бетімен сүйремеңіз, себебі олар әйнекті сыруы мүмкін.
• Пісіру панелін тазалау үшін тазалау құралдарын немесе басқа қатты қажақ заттарды пайдаланбаңыз, себебі олар индукциялық әйнекті сырып тастауы мүмкін.
• Қуат сымы зақымдалған болса, қауіптің алдын алу үшін оны өндіруші, оның қызмет көрсету агенті немесе соған ұқсас біліктілігі бар
адамдар ауыстыруы керек.
• Бұл құрылғы үйде және келесіге ұқсас жағдайларда пайдалануға арналған:
– дүкендердегі, кеңселердегі және басқа жұмыс орталарындағы қызметкерлердің ас бөлмелері;
– фермалық үйлері;
– қонақ үйлердегі, мотельдердегі және басқа да тұратын жерлердегі клиенттер тарапынан;
– төсек және таңғы ас үлгісіндегі демалыс орталары.
• ЕСКЕРТУ: Құрылғы және оның қолжетімді бөліктері пайдалану кезінде қызады. Пайдалану барысында абай болып, қыздыру элементтерін ұстамаңыз. 8 жасқа дейінгі балаларды қадағалау мүмкін бол-
1 Қауіпсіздік және қоршаған орта туралы маңызды нұсқаулар
маса, оларды құрылғыдан алыс ұстау керек.
• Бұл құрылғыны бақылауда немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану туралы нұсқаулармен таныс болса және одан келетін қауіпті түсінген жағдайда, 8 немесе одан жоғары жастағы балалар және физикалық, сезім органдары немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі немесе тиісті тәжірибеге және білімге ие емес адамдар пайдалануы мүмкін.
• Балалар құрылғымен ойнамауы тиіс. Ересектердің қадағалауынсыз жүрген балалар тазалау және техникалық қызмет көрсету сияқты жұмыстарды орындамауы керек.
• ЕСКЕРТУ: Плитада өсімдік майы мен малдың майы бар тамақты қараусыз пісірген қауіпті болуы, тіпті өртке әкелуі мүмкін.
Өртті ЕШҚАШАН сумен сөндіруге тырыспаңыз, керісінше құрылғыны өшіріп, жалынды қақпақпен немесе өртке қарсы көрпемен жабыңыз.
- ЕСКЕРТУ: Өрт қаупі: пісіру беттерінде зат сақтамаңыз.
• ЕСКЕРТУ: Құрылғы беті керамикалық әйнектен немесе тоқ өткізетін бөліктерді қорғайтын ұқсас материалдан жасалғандықтан, плита беті шытынаған кезде электр тоғының соғуын алдын алу үшін құрылғыны өшіріңіз.
- Бу тазалағышты пайдаланбаңыз.
• Құрылғы тысқы таймер немесе бөлек қашықтан басқару жүйесі арқылы басқаруға арналмаған.
• АБАЙЛАҢЫЗ: Ас пісіру процесі қадағалануы керек. Қысқа мерзімді ас пісіру процесі үздіксіз
1 Қауіпсіздік және қоршаған орта туралы маңызды нұсқаулар
қадағалауда жүргізілуі керек.
1.8 WEEE қоқыс өнімін қоқысқа лақтыру туралы директиваның талаптарына сай:
Бұл құрылғы 2012/19/EU еуропалық электр және электронды жабдықтардың қалдықтары жөніндегі директивасына (WEEE) сәйкес таңбаланған. Бұл құралды дұрыс жоюды қамтамасыз ету арқылы сіз ол дұрыс жойылмаған жағдайда қоршаған ортаға және адам денсаулығына келтірілетін зиянның алдын алуға көмектесесіз.

Өнімдегі осы таңба оны қарапайым тұрмыстық қоқыс ретінде сұрыптауға болмайтынын көрсетеді. Оны қайта өңдеу және электронды тауарларды қабылдау пунктіне апару керек.
Бұл құрылғы арнайы жоюды қажет етеді. Осы өнімді сұрыптау, жою және қайта өңдеу туралы қосымша ақпарат алу үшін жергілікті кеңеске, тұрмыстық қалдықтарды жою қызметіне немесе оны сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
Бұл өнімді сұрыптау, қалпына келтіру және кәдеге жарату туралы қосымша ақпарат алу үшін жергілікті муниципалитетке, тұрмыстық қалдықтарды жою жөніндегі қызметке немесе оны сатып алған дүкенге хабарласыңыз.
1.9 RoHS директивасының талаптарына сәйкестік
Сатып алынған өнім EU RoHS директивасының (2011/65/EU) талаптарына сай. Ол директивада көрсетілген зиянды және тыйым салынған материалдарды қамтымайды.
1.10 Орауыш туралы ақпарат

Өнімнің орауыш материалдары ұлттық қоршаған орта туралы ережелерге сай қайта өңдеуге болатын материалдардан жасалған. Орама материалдарын тұрмыстық немесе басқа қоқыстармен бірге лақтырмаңыз. Оларды жергілікті билік органдары белгілеген орауыш материалды жинау орындарына апарыңыз.
1.11 Сақтау бойынша нұсқаулар
Құрылғыны қаптамадағы белгілерге сәйкес зауыттық қаптамасында сақтаңыз.
2 Жалпы шолу
2.1 Шолу


Баскару және бөлшектер
A. Шолу
- 2000 Boost 2600 Вт аймағы
- 1500 Boost 1800 Вт аймағы
- 1800 Boost 2000 Вт аймағы
- 1500 Boost 1800 Вт аймағы
- 2800 Boost 3500 Вт аймағы
- Шыны плита
- Баскару тактасы
В. Баскару тактасы
- Қыздыру аймағын таңдау түймесі
- Қуатты реттеу түймелері/Таймерді реттеу түймелері/Пернені құлыптау түймелері
- Таймерді басқару
- Жылы ұстау түймесі
- Тоқтату және жалғастыру түймесі
- Boost функциясының түймесі
- Қосу/Өшіру түймесі
- Икемді аймақты таңдау/Барбекю функциясының түймесі
2.2 Техникалық деректер
| Пісіру аймактары 4 аймак | |
| Электрлік түрі КЛАСС I | |
| Куат көзінің кернеуі 220-2 | 40 В~,50-60Hz |
| Орнатылған электркуаты | 6600-7400W,3000W(опция) |
| Өнім өлшемі(¥зындығы*Ені*Биіктігі) | 590*520*60 mm |
| Кірістірілген өлшемдер 5 | 60 +2*490+2*56 ± 0.3 mm |

Өнім сапасын жақсарту мақсатында техникалық сипаттамалар алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

Осы нұсқаулықтағы сызбалар шартты түрде берілген және сіздің өніміңізге дәл сәйкес келмеуі мүмкін.
3 Алғашқы рет пайдаланбай тұрып
3.1 Индукциялық пісіруге кіріспе
Индукциялық пісіру — қауіпсіз, жетік, тиімді әрі үнемді пісіру технологиясы. Ол әйнек бетті толығымен қыздырғаннан гөрі, электрмагниттік дірілдермен жасалған қызуды дәл кәстрөлге қарай бағыттайды. Әйнектің беті тек кәстрөл қызғандықтан қызады.

3.2 Сенсорлық басқару элементтерін пайдалану
- Басқару элементтерін түрткен жеткілікті, яғни оларды басудың қажеті жоқ.
- Саусағыңыздың ұшқыр ұшын емес, жұмсақ ұшын пайдаланыңыз.
- Әрбір түрткеніңіз тіркелген сайын дыбыстық белгі естисіз.
- Басқару элементтері әрқашан таза, құрғақ екеніне және ешқандай заттармен (мысалы, ыдысаяқ немесе мата) жабылмағанына көз жеткізіңіз. Тіпті шағын су қабаты басқаруды қиындатуы мүмкін.

Тек индукциялық пештерге жарамды түбі бар ыдысты пайдаланыңыз. Қаптамадағы немесе кәстрөлдің түбіндегі индукция таңбасын қараңыз.
Сонымен қатар магниттік тексеру жасау арқылы ыдыстың жарап-жарамайтынын тексеруге болады. Магнитті кәстрөлдің ортасына қарай жылжытыңыз. Егер ол тартылатын болса, индукцияға жарайды дегенді білдіреді.
- Егер магнитіңіз болмаса:
- Тексергіңіз келетін кәстрөлге аздап су құйыңыз.
- Дисплейде «» жыпылықтамаса және су қызып кетсе, онда кәстрөлді пайдалануға болады.
3 Алғашқы рет пайдаланбай тұрып
- Келесі материалдардан жасалған ыдыстар жарамайды: таза тот баспайтын болат, алюминий немесе магниттік негізі жоқ мыс, шыны, ағаш, фарфор, керамика және фаянс.
- Жиектері кетілген немесе түбі қисық ыдыстарды пайдаланбаңыз.



- Кәстрөлдің түбі тегіс, әйнекке тығыз орналасқанына және пісіру аймағымен бірдей өлшемге ие екеніне көз жеткізіңіз. Диаметрі таңдалған аймақтың диаметріне сәйкес келетін кәстрөлдерді пайдаланыңыз. Диаметрі сәл үлкенірек кәстрөлді пайдаланған кезде энергия максималды тиімділікпен пайдаланылады. Егер диаметрі кішірек кәстрөлді қолдансаңыз, тиімділік күтілгеннен төмен болуы мүмкін. Табаны әрқашан пісіру аймағының ортасына қойыңыз.




- Индукциялық плитаның панелінде табаларды сырғытпай, көтеріп жылжытыңыз, себебі сырғыту әйнекті сыруы мүмкін.

3.4 Кәстрөл өлшемдері
- Пісіру аймақтары белгілі бір шегіне дейін автоматты түрде кастрөлдің диаметріне бейімделеді. Алайда бұл кастрөлдің түбі тиісті пісіру аймағына сәйкес минималды диаметрде болуы керек. Плитаның максималды тиімділігіне қол жеткізу үшін кәстрөлді пісіру аймағының ортасына қойыңыз.
- Индукциялық ыдыс түбінің диаметрі:
| Пісіру алаңының диаметрі (мм) | Мин. Кәстрөл диаметрі (мм) |
| Алан 1 (210 мм) 140 | |
| Алан 2 (160 мм) 100 | |
| Алан 3 & 4 (180 мм) 120 | |
| Алан 5 (Икемді аймақ) 240 | or 160x270 |
Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер пайдаланылатын кәстрөлдің сапасына байланысты өзгеруі мүмкін.
4 Құрылғыны пайдалану
ҚУАТТЫ БАСҚАРУ
Қуатты басқару арқылы жалпы қуатты 3.0 кВт/7.2 кВт деңгейіне орната аласыз. Сатып алу кезінде табақ максимальды мүмкін болатын қуатта орнатылған. Төменгі абзацта көрсетілгендей, үйіңіздің электр жүйесінің шектеулеріне сәйкес параметрлерді реттеңіз. Ескерту: Табаққа таңдалған қуатқа байланысты, таңдалған шектен асып кетпеу үшін кейбір пісіру аймақтарының қуат деңгейлері мен функциялары (мысалы, қайнату немесе жылдам жылыту) автоматты түрде шектелуі мүмкін. Таңдалған жалпы қуаттан асып кеткен жағдайда «РН» белгісі пайда болады.

Қуатты басқаруды тек пеш сөніп тұрған кезде ғана реттеуге болады.
Егер сіз плитаны бірінші рет қолдансаңыз, оның әдепкі қуаты 7,2 кВт екенін ескеріңіз. Алдымен stop +go түймесін басып, оны 5 секунд ұстап тұрыңыз. Сіз дыбыстық сигналды бір рет естисіз және «7,2» қуат көрсеткіші жыпылықтайды, басқа «7,2» қуат көрсеткіші жыпылықтағанда, boost түймесін 5 секунд басып тұрыңыз, ол «3,0» қуат көрсеткішіне дейін жыпылықтайды, содан кейін stop +go түймесін басып, оны 5 секунд ұстап тұрыңыз, дыбыстық сигнал 10 рет естіледі, бұл орнатуды аяқтағаныңызды білдіреді.
Алдымен stop +go түймесін басып, оны 5 секунд ұстап тұрыңыз. Сіз дыбыстық сигналды бір рет естисіз, содан кейін «3,0» жыпылықтайды, «3,0» қуат көрсеткіші жыпылықтағанда, көтеруді 5 секунд түртіп, ұстап тұрыңыз, нәтижесінде басқа «7,2» қуат көрсеткіші жыпылықтайды, содан кейін stop +go түймесін түртіп, 5 секунд ұстап тұрыңыз, дыбыстық сигнал 10 рет естіледі, бұл орнатуды аяқтағаныңызды білдіреді
4.1 Тамақ пісіруді бастау үшін
- Қуат қосылғаннан кейін дыбыстық сигнал бір рет беріліп, барлық индикаторлар 1 секундқа жанады, содан кейін сөнеді, бұл плитаның
күту режиміне өткенін білдіреді.
- ON/OFF реттегішін түртіңіз, барлық индикаторлар «-» немесе «--» көрсетеді.

- Таңдалған пісіру алаңына тиісті кәстрөлді қойыңыз.

Табаның түбі мен пісіру алаңының беті таза және құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.
- Пісіру аймағын таңдау түймесін түртіңіз, сонда түйменің жанындағы дисплейде шам жыпылықтай бастайды.

- Сан жыпылықтаған кезде «+» немесе «-» түймесін бірнеше рет түрту арқылы қуат деңгейін орнатыңыз.

Сондай-ақ, сырғытпаны сырғытуға немесе сырғытпаның кез келген нүктесін түртуге болады.

Немесе
4 Құрылғыны пайдалану

- 1 минут ішінде қыздыру режимін таңдамасаңыз, пісіру панелі автоматты түрде өшеді. 1-қадамнан қайта бастауыңыз керек болады.
- Пісіру кезінде кез келген уақытта қыздыру параметрін өзгертуге болады.
Егер дисплейде қыздыру параметрімен кезектесіп “” шамы жыпылықтаса, бұл мынаны білдіреді:
- сіз табаны тиісті пісіру аймағына қоймадыңыз немесе,
- сіз қолданатын таба индукциялық плиталарға жарамайды немесе,
- таба тым шағын немесе пісіру аймағында дұрыс орналаспаған.
Пісіру аймағында қолайлы таба болмаса, қыздыру орындалмайды. Егер оған тиісті таба орнатылмаса, дисплей 1 минуттан кейін автоматты түрде өшеді.
4.2 Тамақ пісіруді аяқтаған кезде
- Өшіргіңіз келетін қыздыру аймағының таңдау түймесін түртіңіз.

- «-» түймесін қайта түртіңіз немесе сырғытпаны сол жаққа қарай сырғытыңыз, кейін «-» түймесін түртіңіз немесе сырғытпаның сол жақ нүктесін түртіңіз де, «-» түймесін түртіңіз. Дисплейде «0» көрсетілетініне көз жеткізіңіз.

- Барлық пісіру аймақтарын өшіру үшін «ҚОСУ/ӨШІРУ» түймесін түртіңіз.

- Ыстық беттерден сақ болыңыз: «Н» (қалдық жылу индикаторы) ыстық пісіру аймағын көрсетеді. Ол беті қауіпсіз температураға дейін суыған кезде жоғалады. Оны басқа ыдыстарды жылыту үшін әлі ыстық аймақты пайдаланып, энергияны үнемдеу функциясы ретінде пайдалануға болады.

4.3 Күшейту функциясын пайдалану
Boost функциясы – таңдалған пісіру аймағының қуатын барынша арттыруға мүмкіндік беретін функция. Қосылған кезде функция 5 минут жұмыс істеп, күштірек және жылдамырақ пісіруге мүмкіндік ұсынады. Бұл күріш немесе макарон сияқты өнімдерді пісіру үшін үлкен ыдыстағы суды тез қыздыруға көмектеседі.
Қуатты арттыру үшін күшейтуді қолдану
- Күшейткіңіз келетін қыздыру аймағын таңдау пернесін түртіп, перненің жанындағы индикатор шамы дисплейде жыпылықтайды.

- Күшейту функциясының басқару пернесін түртіңіз, сонда пісіру аймағы күшейтілген режимде жұмыс істей бастайды. Қуат дисплейінде аймақ күшейту режимінде екенін көрсететін «Р» белгісі пайда болады.
4 Құрылғыны пайдалану
інде аймақ күшейту режимінде екенін көрсететін «Р» белгісі пайда болады.

- Күшейту қуаты 5 минут бойы сақталып, кейін аймақ күшейтуге дейін орнатылған қуат деңгейіне оралады.
- Іске қосылғаннан кейін 5 минут ішінде күшейту функциясын тоқтатқыңыз келсе, пісіру аймағын таңдау пернесін түртіңіз, сонда түйменің жанындағы индикатор шамы жыпылықтайды. Содан кейін күшейту функциясының реттегішін түртіңіз, сол кезде пісіру аймағы күшейтуге дейін орнатылған қуат деңгейіне оралады.

Қуатты басқару
Плитаңыз екі топқа бөлінеді. Әр топта тек 1 аймақтың қуатын арттыруға болады, ал тиісті аймақ 5 немесе одан төмен қуат деңгейінде болуы керек.

Күшейту функциясын 4 аймақта қолдануға болады.
GroupB V тобы
4.4 Икемді аймақ функциясын пайдалану
Бұл аймақты пісіру қажеттіліктеріне байланысты бір аймақ немесе екі түрлі аймақ ретінде пайдалануға болады. Икемді аймақ бөлек басқаруға болатын екі тәуелсіз пісіру алаңын қамтиды.

Ыдыс-аяқтың бір пісіру алаңының ортасында орналасқанына көз жеткізіңіз. Үлкен кәстрөлді немесе сопақша, тікбұрышты және ұзартылған табаларды пайдаланған кезде оларды екі айқышты қамтитын пісіру аймағының ортасына қою керек.
Кәстрөлдерді дұрыс және қате орналастыру үлгілері:

Икемді аймақты бір үлкен аймақ ретінде пайдалану:
Икемді аймақты бір үлкен аймақ ретінде белсендіру үшін икемді аймақ функциясы бар аймақты таңдап, икемді аймақ белгішесін түртіңіз, содан кейін икемді аймақ белгішесінің жанында
4 Құрылғыны пайдалану
индикатор жанады және икемді аймақ функциясы іске қосылады.
Қуат параметрі кез келген басқа қалыпты аймақта жұмыс істейді.

Икемді аймақ режимінде 3 және 4 аймақтар Boost (күшейту) функциясына бірге кіріп, 5 минуттан кейін шыға алады.
Икемді аймақты екі тәуелсіз аймақ ретінде пайдалану:
Икемді аймақты әртүрлі қуат параметрлері бар екі түрлі аймақ ретінде пайдалану үшін қыздыру аймағын қайтадан басыңыз, содан кейін икемді аймақ реттегішін түртіңіз, икемді аймақ реттегішінің жанында индикатор өшеді, содан кейін икемді аймақ жойылады.

Табаның бетіндегі температураны біркелкі ұстау үшін икемді аймақ режимінде барбекю функциясын пайдалануға болады.
- Барбекю функциясын пайдаланғыңыз келетін пісіру аймағын таңдау реттегішін түртіңіз, реттегіштің жанындағы индикатор жыпылықтайды.
- "Икемді аймақ / барбекю" реттегішін түртіп, барбекю функциясын іске қосу үшін оны 3 секунд ұстап тұрыңыз. Осыдан кейін дисплейде "b" және "q" таңбалары пайда болады.
![6:00 → [●] 3" → 6:00 9:00](/content/2026/04/740080/images/9ffa327e6b4a4d8303ce99495f7102a05311d99f2c272f0112b25612d6192e93.jpg)
- Барбекю функциясын өшіру үшін бұрын таңдалған пісіру аймағын таңдау реттегішін түртіңіз, содан кейін 1 секунд ішінде "Икемді аймақ/Барбекю" реттегішін түртіңіз. Пісіру аймағының индикаторында "0" пайда болады және қуат деңгейін қалпына келтіруге болады.
![6:00 → [●] 3" → 0:00 0:00](/content/2026/04/740080/images/25be2fdaa4a39094b2133e715e41ac8731c270804a9484338274ffc03affcd30.jpg)
Кідірту функциясын пісіру кезінде кез келген уақытта пайдалануға болады. Ол индукциялық пісіру панелінің жұмысын тоқтатып, қайта бастауға мүмкіндік береді.
- Пісіру аймағы жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.
- STOP+GO түймесін басыңыз, пісіру аймағының индикаторында "Il" көрсетіледі. Осыдан кейін индукциялық пісіру панелінің STOP+GO, қосу/өшіру және құлыптау пернелерінен басқа барлық пісіру аймақтары өшеді.

- Кідірту күйінен бас тарту үшін STOP+GO түймесін басыңыз, содан кейін пісіру аймағы бұрын орнатылған қуат деңгейіне оралады.

4.7 Жылуды сақтау функциясын пайдалану
4 Құрылғыны пайдалану
Жылуды сақтау функциясы тағамды жылы ұстау үшін қолайлы. Тұрақты температураға қол жеткізу үшін жылуды сақтау функциясын пайдаланыңыз.
- Жылуды сақтау функциясын қосқыңыз келетін қыздыру аймағын таңдау түймесін түртіңіз, сол перненің жанындағы индикатор шамы жыпылықтайды.
- Жылуды сақтау функциясының түймесін басыңыз, пісіру аймағының индикаторында "А" көрсетіледі.

- Жылуды сақтау функциясынан бас тарту үшін қыздыру аймағын таңдау түймесін түртіп, жылуды сақтау түймесін түртіңіз, сонда пісіру аймағы "0" қуат режиміне ауысады.

4.8 Басқару элементтерін құлыптау
- Сіз басқару элементтерін құлыптап, олардың байқаусызда пайдалануының алдын ала аласыз (мысалы, балалардың пісіру аймақтарын байқаусызда қосуы).
- Басқару элементтері құлыпталған кезде, "ҚОСУ/ӨШІРУ" түймесінен басқа барлық басқару элементтері жұмыс істемейді.
Басқару элементтерін құлыптау үшін
- “+” немесе “-” түймесін бірге басыңыз.
- Таймер индикаторында "Lo" көрсетіледі.
Басқару элементтерінің құлпын ашу үшін
- Плита қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
- “+” немесе “-” түймесін 3 секунд бірге басып тұрыңыз.
- Енді сіз пісіру панеліңізді пайдалануды бастай аласыз.

Плита бугаттау режимінде болғанда, «ON/OFF» (ҚОСУ/ӨШІРУ) түймесінен басқа барлық басқару элементтері өшіріледі. Төтенше жағдайда сіз әрқашан «ON/OFF» (ҚОСУ/ӨШІРУ) түймесін пайдаланып, плитаны өшіре аласыз, бірақ келесі пайдаланар алдында пісіру панелін алдымен бугаттан шығару қажет.
Таймерді екі түрлі жолмен пайдалануға болады:
- Сіз оны минуттық таймер ретінде пайдалана аласыз. Бұл жағдайда таймер белгіленген уақыттан кейін ешбір пісіру аймағын өшірмейді.
- Оны белгіленген уақыттан кейін бір немесе бірнеше пісіру аймағын өшіретіндей етіп орнатуға болады. • Таймерді 99 минутқа орнатуға болады.
Таймерді минут есептегіш ретінде пайдалану
Егер де бірде-бір пісіру аймағын таңдамаған болсаңыз
- Пісіру панелі қосулы екеніне көз жеткізіңіз.

Бірде-бір пісіру аймағын таңдамасаңыз да таймерді пайдалана аласыз.
- Таймер түймесін түртіңіз, таймер индикаторында "30" көрсетіледі.

- “-” немесе “+” басқару түймесін түртіп, таймерді реттеңіз. Орнатылған минуттар шамамен 5 секунд жыпылықтағаннан кейін
4 Құрылғыны пайдалану
расталады. Уақыт орнатылғаннан кейін дереу кері санақ басталады. Көрсеткіш тақтада қалған уақыт көрсетіледі.

- Таймерден бас тарту үшін таймер түймесін басыңыз, таймер дисплейінде "00" көрсетіліп, содан кейін дисплейде "--" пайда болады.

- 30 секундтан кейін дыбыстық сигнал беріледі және белгіленген уақыт өткенде таймер дисплейінде “--” көрсетіледі.

- Уақытты 1 минутқа азайту немесе көбейту үшін таймердің “-” немесе “+” басқару түймесін бір рет түртіңіз.
- Уақытты 10 минутқа азайту немесе көбейту үшін таймердің “-” немесе “+” басқару түймесін түртіп, ұстап тұрыңыз.
• Орнату уақыты 99 минуттан асса, таймер автоматты түрде 00 минутқа оралады.
Бір пісіру аймағын өшіру үшін таймерді орнату
- Таймерді орнатқыңыз келсе, қыздыру аймағын таңдау реттегішін түртіңіз.

- Таймер түймесін түртіңіз, таймер индикаторында "30" көрсетіледі.

- “-” немесе “+” басқару түймесін түртіп, таймерді реттеңіз. Орнатылған минуттар шамамен 5 секунд жыпылықтағаннан кейін расталады.

- Таймердің “-” немесе “+” басқару түймесін бір рет түрту уақытты 1 минутқа азайтатын немесе көбейтетін болады.
- Таймердің “-” немесе “+” басқару түймесін түртіп, ұстап тұру уақытты 10 минутқа азайтатын немесе көбейтетін болады.
- Орнату уақыты 99 минуттан асса, таймер автоматты түрде 0 минутқа оралады.
- Егер қыздыру аймағын таңдау түймесін түртіп, содан кейін таймерді түртсеңіз, таймер жойылып, минуттық дисплейде "00", содан кейін "-" көрсетіледі.

- Уақыт орнатылған кезде кері санақ дереу басталып, дисплейде қалған уақыттың көрсетіледі.


Қуат деңгейінің индикаторының жанындағы қызыл нүктесі жанып, аймақ таңдалғанын көрсетеді.

Бірнеше пісіру аймағын өшіру үшін таймерді орнату
- Егер функция бірнеше пісіру аймағына пайдаланылса, дисплей ең аз уақытты көрсетеді (мысалы, 1-аймақ үшін 3 минут,
4 Құрылғыны пайдалану
ал 2-аймақ үшін 6 минут, сондықтан таймер дисплейінде «3» көрсетіледі).

Куат деңгейі индикаторының жанындағы жыпылықтайтын қызыл нүкте таймер дисплейінде берілген пісіру аймағының қалған белгіленген уақытын көрсететінін білдіреді. Егер сіз басқа пісіру аймағының қалған уақытын тексергіңіз келсе, сол аймақ үшін пісіру аймағын таңдау түймесін басыңыз. Таймер белгіленген уақытты көрсетеді.

- Пісіру уақыты аяқталғаннан кейін тиісті аймақ автоматты түрде өшеді және аймақ қауіпсіз температураға дейін салқындағанша дисплейде «Н» жазуы көрсетіледі.


Егер таймерді орнатқаннан кейін уақытты өзгерткіңіз келсе, 1-қадамнан бастауыңыз керек.
4.10 Қызып кетуге қарсы қорғаныс
Кірістірілген температура датчигі пісіру панелінің ішіндегі температураны басқарады. Егер температураның жоғарылауы анықталса, пісіру панелі автоматты түрде жұмысын тоқтатады.
4.11 Төгілуден қорғаныс
Бақылау элементтеріне белгілі бір мөлшердегі сұйықтық төгілгеннен кейін плита дыбыстық сигнал шығарып, өшеді. Бұл жағдайда қуатты өшіріп, ыстық сұйықтықтарды тазалау кезінде әдеттегі сақтық шараларын ұстанып, тамақ пісіруді жалғастырмас бұрын плитаның құрғақ екеніне көз жеткізіңіз. (Тазалау және күтім көрсету бөлімін қараңыз).
сету бөлімін қараңыз).
4.12 Шағын бұйымдарды анықтау
Егер индукциялық пісіру панелінде сәйкес келмейтін өлшемдегі немесе магнитті емес (мысалы, алюминийден жасалған) таба немесе басқа шағын заттар (мысалы, пышақ, шанышқы, кілт) қалса, индукциялық пісіру панелі автоматты түрде 1 минуттан кейін күту режиміне өтеді. Салқындату желдеткіші тағы 1 минут жұмыс істейді.
4.13 Қалдық жылу туралы ескерту
Плита біраз уақыт жұмыс істегенде, онда қалдық жылу болады. Беттерден жарақат алу ықтималдығы туралы ескерту үшін дисплейде «Н» әрпі (қалдық қыздыру индикаторы) көрсетіледі. Ол беті қауіпсіз температураға дейін суыған кезде жоғалады.
4.14 Автоматты түрде өшіруден қорғау
Автоматты түрде өшіру – индукциялық пешті қорғау функциясы. Пісіру аймағының қуатын өшіруді ұмытып қалсаңыз, ол автоматты түрде өшеді. Әдепкі өшу уақыты төмендегі кестеде берілген:
| Куат деңгейі | Әдепкі жұмыс таймері (сағат) |
| 1 | 8 |
| 2 | 8 |
| 3 | 8 |
| 4 | 4 |
| 5 | 4 |
| 6 | 4 |
| 7 | 2 |
| 8 | 2 |
| 9 | 2 |
4 Құрылғыны пайдалану
Төмендегі параметрлер тек анықтама ретінде ұсынылған. Нақты параметрлер бірнеше факторға, соның ішінде ыдысыңызға немесе пісірілетін тамақтың мөлшеріне қарай өзгешеленеді.
| Жылу Жарамдылық | |
| 1 - 2 • тағамның аз мөлшерін жылыту• шоколатты немесе майды еріту• баяу қайнату• баяу жылжыту | |
| 3 - 4 • қайта жылыту• тез қайнату• күріш пісіру | |
| 5 - 6 • қүймақтар | |
| 7 - 8 • соте• макарон өнімдерін пісіру | |
| 9 • араластырып құыру• қатты құыру• сорпаны қайнату• суды қайнату |
5 Пісіру нұсқаулары

Өсімдік майы мен малдың майы өте тез қызатындықтан, қуыру кезінде, әсіресе пісіру панелінің Boost функциясын қолданғанда абай болыңыз. Өте жоғары температураларда өсімдік майы мен малдың майы өздігінен тұтанып, үлкен өрт қаупін тудырады.
5.1 Пісіру кеңестері
- Тамақ қайнаған кезде температураны төмендетіңіз.
- Қақпақты пайдалану пісіру уақытын қысқартады және жылуды сақтау арқылы электр қуатын үнемдейді.
- Пісіру уақытын азайту үшін су немесе майды азайтыңыз.
- Пісіруді жоғары температурада бастап, тағам барынша қызған кезде оны азайтыңыз.
Баяу қайнату, күріш пісіру
- Баяу қайнату қайнау температурасына жетпей, шамамен 85°C-та орын алады, осы кезде пісіру сұйықтығының бетіне анда-санда көпіршіктер көтеріледі. Бұл дәмді сорпалар мен жұмсақ бұқтырмаларды дайындаудың басты сыры, өйткені тағам дәмі ұзақ пісірмей-ақ айқын сезіледі. Жұмыртқа мен ұн негізіндегі тұздықтарды қайнау температурасынан төмен температурада пісіру керек.
- Күрішті сіңіру әдісімен дайындау, тағамды ұсынылған уақытта пісіру секілді кейбір тапсырмалар үшін температураны ең төменгі мәннен жоғарырақ қою қажет болуы мүмкін.
Стейкті қуыру
Шырынды хош иісті стейктерді қуыру үшін:
- Қуыру алдында етті бөлме температурасында шамамен 20 минутқа қалдырыңыз.
- Тубі қалың табаны алдын ала қыздырыңыз.
- Стейктің екі жағына май жағыңыз. Ыстық табаға аз мөлшерде май құйып, үстіне ет салыңыз.
- Қуырылып жатқан стейкті тек бір рет аударыстырыңыз. Стейктің нақты қуырылу уақыты еттің қалыңдығына және оның қаншалықты дайындалатынына байланысты өзгешеленеді. Әр жағын қуыруға шамамен 2–8 минут кетеді. Қуыру дәрежесін анықтау үшін стейктің үстінен басыңыз: ол неғұрлым қатты болса, соғұрлым «жақсы қуырылған» болып есептеледі.
- Стейкті ұсынбай тұрып, жылы табаққа бірнеше минутқа қалдырыңыз. Ет «демалып», жұмсара түседі.
Араластырып қуыру үшін
- Түбі жалпақ вок табаны немесе керамикамен қапталған үлкен табаны таңдаңыз.
- Барлық ингредиенттер мен жабдықты дайындаңыз. Араластырып қуыру тез болуы керек. Көп мөлшерде тамақ дайындаған кезде оны бірнеше порцияға бөліп пісіріңіз.
- Табаны қыздырып, екі ас қасық май қосыңыз.
- Алдымен кез келген етті пісіріп, оны бір жаққа қойып, жылы сақтаңыз.
- Көкөністерді араластырып қуырыңыз. Ыстық, бірақ әлі қытырлақ болғанда, пісіру аймағын төменірек режимге орнатып, етті табаға салыңыз және тұздықты қосыңыз.
- Ингредиенттер қызғанына көз жеткізу үшін оларды ақырын араластырыңыз.
- Бірден ұсыныңыз.
6.1 Пісіру панелін орнатпай тұрып ескерілетін жайттар
- Жұмыс беті төртбұрышты және тегіс, ешқандай құрылымдық элементтер кедергі жасамайды.
- Жұмыс беті ыстыққа төзімді материалдан жасалған.
- Егер плита түмшапештің үстіне орнатылса, түмшапеште кіріктірілген салқындату желдеткіші бар.
- Құрылғы барлық арақашықтық талаптарына, сондай-ақ қолданылатын стандарттар мен нормативтерге сәйкес келетін болады.
- Жергілікті сым өткізу ережелері мен нормативтеріне сәйкес орнатылған және орналастырылған, негізгі қуат көзінен толық ажыратуды қамтамасыз ететін оқшаулау қосқышы тұрақты сымдарға кіріктірілген. Оқшаулау қосқышы бекітілген үлгіге сәйкес болуы тиіс және барлық полюстерде (немесе жергілікті сым ережелері бұл талаптарды өзгертуге мүмкіндік берсе, барлық белсенді [фаза] өткізгіштерде) 3 мм әye аралығындағы контактілердің ажыратылуын қамтамасыз етуі керек.
- Ажыратқыш қосқыш сатып алушыға плита орнатылған кезде оңай қолжетімді болады.
- Егер орнатуға қатысты күмәндансаңыз, жергілікті құрылыс органдарына және заңнамалық актілерге жүгініңіз.
- Плитаның айналасындағы қабырғаларды безендіру үшін ыстыққа төзімді және оңай тазаланатын материалдар (мысалы, керамикалық плитка) қолданылуы тиіс.
- 6.2 Плитаны орнатқаннан кейін мынаны тексеріңіз:
- Қуат кабелі шкафтардың немесе жәшіктердің есіктері арқылы қолжетімсіз.
- Шкафтың сыртынан плитаның негізіне таза ауа жеткілікті түрде келіп түседі.
- Егер плита тартпаның немесе шкафтың үстіне орнатылса, плитаның негізінің астына жылу өткізбейтін тосқауыл орнатылады.
- Оқшаулағыш ажыратқыш тұтынушыға оңай қолжетімді.
6.3 Орнату жабдығын таңдау
Жұмыс бетін сызбада көрсетілген өлшемдерге сәйкес кесіп алыңыз.
Кез келген жағдайда индукциялық плитаның жақсы желдетілуін және ауа кірісі мен шығысының бітеліп қалмауын қамтамасыз етіңіз. Индукциялық плитаның жұмыс күйінде екеніне көз жеткізіңіз. Төменде көрсетілгендей.

6 Құрылғыны орнату

Бұл тақтаны электр желісіне қосуды тиісті біліктілігі бар маман ғана жүзеге асыруы тиіс.
Плитаны электр желісіне қоспас бұрын мынаны тексеріңіз:
- Тұрмыстық электр сымдар жүйесі плита тұтынатын қуатына сай келеді.
- Кернеу зауыттық тақтада көрсетілген мәнге сәйкес келеді.

Қуат сымының бөліктері техникалық ақпарат тақтайшасында көрсетілген жүктемеге төтеп бере алады. Пісіру панелін электр желісіне қосу үшін қосқыштарды, ауыстырғыштарды немесе тармақтағыштарды пайдаланбаңыз, себебі олар қызып кетіп, өртке әкелуі мүмкін.
Қуат кабелі ыстық бөліктерге тимеуі керек және оның температурасы кез келген нүктеде 75 °С-тан аспайтындай етіп орналастырылуы қажет.
Тұрмыстық сымдар жүйесі өзгертусіз жарамды екеніне электршімен бірге көз жеткізіңіз. Өзгерістерді тек білікті электрші жасауы керек.
Қуат көзі тиісті стандарттың талаптарына сәйкес қосылуы керек немесе бір полюсті қосқыш орнатылуы керек. Қосылу әдісі төменде көрсетілген.


7 Тазалау және күтім көрсету
| Не Калай Маңызды | ||
| Өйнектегі күндөлікті ластанулар (өйнектегі саусақ іздері, іздер, тамақ немесе қантсыз сүйықтықтар дақтары) | 1. Пісіру панелінің қуатын өшіріңіз.2. Пісіру панелінің тазартқышын шыны әлі жылы (ыстық емес!) болған кезде қолданыңыз.3. Сумен шайып, таза шуберекпен немесе қағаз сулгімен құргатып сүртіңіз.4. Пісіру панелінің қуатын қайта қосыңыз. | • Пісіру панелінің қуаты өшірілгенде, «Ыстық бет» көрсеткіші болмаса да, пісіру аймағы ыстық болып қалуы мүмкін! Аса муқият болыңыз.• Күшті тазартқыштар, кейбір нейлон тазартқыштар және қатты/кажақ тазартқыштар өйнекті сызып тастауы мүмкін. Тазалағыш немесе жуғыш затыңыздың сәйкес келетініне көз жеткізу үшін өрқашан жапсырмасын оқып шығыңыз.• Тазартқыштардың қалдықтарынешқашан пісіру панелінің бетінде қалдырмаңыз: өйнек боялуы мүмкін. |
| Шыны бетіндегі қай-нап төгілген сүй-ықтықтар, өріген заттар және ыстық қантты төгілулер | Өйнек Индукциялық плиталарға сай келетін қалақшаны, шпа-тельді немесе жүзді қырғышты пайдаланып, оларды дерев алып тастаңыз, бірақ ыстық пісіру беттерінде абай болыңыз:1. Қабырғадағы пісіру панелінің қуатын өшіріңіз.2. Пышақты немесе құралды 30° бұрышта ұстан, кез кел-ген ластануды немесе дақты плитаның салқын жеріне қы-рып алыңыз.3. Ластануды немесе төгілген сүйықтықты ыдыс-аякқа ар-налған шүберекпен немесе қағаз сулгімен сүртіп алыңыз.4. Жоғарыдағы «Өйнектегі күн-делікті ластанулар» үшін 2-4 қадамдарды орынданаңыз. | • Қайнатылған және қантталған тағам-нан немесе төгілген сүйықтықтан қалған дақтарды мүмкіндігінше тезірек кетіріңіз. Егер дақтарды суығанша өйнекте қалдырсаңыз, ар-тынша оларды кетіру қыынға соғуы немесе тіпті өйнек бетіне тұрақты зақым келтіруі мүмкін.• Кесу қаупі: қауіпсіздік қақпағы тар-тылған кезде, қырғыштағы пышақ ұстарадай өткір болады. Аса муқият пайдаланып, қауіпсіз және балалар-дың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. |
| Басқару элементтері-не сүйықтықтың тө-гілуі | 1. Пісіру панелінің қуатын өшіріңіз.2. Төгілген сүйықтықты сіңіріп алыңыз3. Сенсорлық басқару аймағые таза, дымқыл жөкемен неме-се шүберекпен сүртіңіз.4. Аймақты қағаз сулгімен құрга-тып сүртіңіз.5. Пісіру панелінің қуатын қайта қосыңыз. | • Пісіру панелі дыбыстық сигнал шыға-руы және өшуі мүмкін, ал егер сүй-ықтық сенсорлық басқару элемент-теріне тиіп кетсе, олар істемей қалуы мүмкін. Пісіру панелін қоспас бұрын сенсорлық басқару аймағын құрга-тып сүртіңіз. |
8 Ақаулықтарды жою
| Ақаулықтарды жою Herizrì себебі Анықтама | ||
| Плитаны қосу мүмкін емес. Қуат жоқ. Плитаның электр желісіне қо-сылғанына және қосулы екені-не көз жеткізіңіз. Уйіңізде неме-се аймағыңызда электр қуаты өшпегеніне көз жеткізіңіз. Егер бәрін тексеріп, мәселені шеше алмасаңыз, білікті маманға жү-гініңіз. | ||
| Басқару элементтері басқанға әсер етпейді. | Басқару элементтері құлып-талған. | Басқару элементтерінің құлпын ашыңыз. Нұсқаулар алу үшін «Индукциялық пісіру панеліңізді пайдалану» бөлімін қараңыз. |
| Сенсорлық басқару элемент-терін басқару қиын. | Басқару элементтерінде шағын су қабаты болуы мүм-кін және басқару элемент-терін түрту үшін саусақ ұшын пайдалану қажет болуы мүм-кін. | Сенсорлық басқару аймағының құрғақ екеніне көз жеткізіңіз және басқару элементтерін түрткен кезде саусақ ұшын пай-даланыңыз. |
| Өйнек сырылуда. | Ыдыстың шеттері кетілген. | Түбі тегіс ыдыстарды қолда-ныңыз. «Дұрыс ыдыс-аяқты тандау» бөлімін қараңыз. |
| Жарамсыз қажақ ұнтақтарды немесе тазартқыштарды қол-дану. | «Тазалау және күтім көрсету» бөлімін қараңыз. | |
| Кейбір табалар сықырлаған немесе шерту дыбыстарын шығарады. | Бұған ыдысыңыздың пішіні себеп болуы мүмкін (әр түр-лі металдардың қабаттары әрқалай дірілдейді). | Бұл ыдыс-аяқ үшін қалыпты жағдай және ақаулықтың бел-гісі емес. |
| Индукциялық плита жоғары қыздыру температурасында жұмыс істегенде ақырын гуіл естіледі. | Бұл индукциялық плиталар-дың технологиясымен бай-ланысты. | Бұл қалыпты жағдай, бірақ қы-здыру температурасын төмен-деткен кезде гуіл басылуы не-месе толығымен кетуі керек. |
| Индукциялық плитадан шығатын желдеткіш шуы. | Электрониканың қызып ке-туіне жол бермеу үшін ин-дукциялық плитаға кіріктіріл-ген салқындату желдеткіші қосылды. Ол индукциялық плитаны өшіргеннен кейін де жұмысын жалғастыра алады. | Бұл қалыпты жағдай және ешқандай әрекетті қажет ет-пейді. Желдеткіш жұмыс істеп түрған кезде индукциялық пли-таны желіден ажыратпаңыз. |
8 Ақаулықтарды жою
| Табалар қызбайды және ди-сплейде көрсетілмейді. | Индукциялық плитаны таба-ны анықтай алмайды, себебі ол индукциялық пісіруге жа-рамайды. | Индукциялық плиталарға сәй-кес келетін ыдыстарды пайда-ланыңыз. «Дұрыс ыдыс-аяқты таңдау» бөлімін қараңыз. |
| Индукциялық плитаны та-баны анықтай алмау себебі – ол пісіру аймағы үшін тым шағын немесе дұрыс орна-ласпаған. | Табаны ортасына қойыңыз және оның түбі пісіру аймағы-ның өлшеміне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. | |
| Индукциялық плита немесе пісіру аймағы күтпеген жер-ден өшірілгенде, дыбыстық сигнал беріледі және қате коды (әдетте пісіру тай-мерінің дисплейінде бір не-месе екі санмен ауысады) көрсетіледі. | Техникалық ақаулық. Ақаулық | әріптері мен санда-рын жазып алып, индукциялық плитаны желіден ажыратыңыз және білікті маманға жүгініңіз. |
Индукциялық пісіру аймағының ақауларын көрсету және тексеру
Ауытқулар пайда болған кезде индукциялық плита автоматты түрде қорғаныс режиміне өтіп, тиісті қорғаныс кодтарын көрсетеді:
| Ақаулықтарды жою | Негізгі себебі | Анықтама |
| F3/F4 | Индукциялық катушканың температура датчигінің ақаулығы. | Білікті маманға жүгініңіз |
| F9/FA | IGBT температура датчигінің ақаулығы. | Білікті маманға жүгініңіз |
| E1/E2 | Қалыпты емес қуат кернеуі. | Қуат көзінің тұрақты екеніне көз жеткізіңіз.Қуат берілгеннен кейін қосыңыз. |
| E3 | Индукциялық катушканың температура датчигінің қызып кетуі. | Білікті маманға жүгініңіз |
Жоғарыда жиі кездесетін ақауларды тексеру деректері мен қорытындылары берілген.
Қауіп пен индукциялық плитаның зақымдануын алдын алу үшін құрылғыны өз бетіңізше бөлшектемеңіз.
9 Техникалық деректер парағы
Тұрмыстық электр тоғытқыштарына арналған ақпарат
| Символдык мән бірлігі | Символдык мән бірлігі | Символдык мән бірлігі | |
| Модельді сәйкестендіру НІІ 64500 FTO | |||
| Хоб түрі КІРІСТІРІЛГЕ | |||
| Пісіру аймақтарының және/немесе аймақтардың саны | 4 аймақ | ||
| Неапг технологиясы (индукциялық пісіру аймақтары мен пісіру аймақтары, сәулелі пісіру аймақтары, қатты тақтайшалар) | индукциялық пісіру аймақтары | ||
| Дөңгелек пісіру аймақтары немесе аймағы үшін: электрлік жылытылатын пісіру аймағына пайдалы бетінің диаметрі, ең жақын 5 мм-ге дөңгеленген | Ø1-аймақ: 21.0 | 2-аймақ: 16.03-аймақ: 18.04-аймақ: 18.0 | см |
| Дөңгелек емес пісіру аймақтары немесе аймақтары үшін: электрлік қыздырылған пісіру аймағына немесе аймағына пайдалы бетінің үзындығы мен ені, ең жақын 5 мм-ге дөңгеленген | LW | Көпір аймақ: 18.0*39.5 | см |
| Бір кг үшін есептелген пісіру аймағына немесе ауданға арналған энергия шығыны | ЕС электрлік пісіру | 1-аймақ: 187,672-аймақ: 188,533-аймақ: 168,384-аймақ: 197,33Көпір аймақ: 185,81 | Вт/кг |
| Плитаға арналған энергия шығыны кг үшін есептелген | ЭК ЭЛЕКТРЛІ 186 | 68 Вт/кг |
Өндіруші: "Arcelik A.S."
Karaağaç Caddesi No: 2-6 Sütlüce, 34445, Turkey/Түркия
"Шағымдарды қабылдайтын заңды тұлға: Қазақстан Республикасы, 050030, Алматы қаласы, "Technodom Operator" (Технодом Оператор) АҚ, Құрманғазы көшесі 178 А, тел: +7 (727) 244 0000" Өнімнің жасалған күні сериялық нөміріне қосылған және құралдың заттаңбасында көрсетілген, атап айтқанда: сериялық нөмірдің алдыңғы екі саны құралдың шығарылған жылын білдіреді, ал соңғы екі сан – шығарылған айы. Мысалы, «10-100001-05» өнім 2010 жылғы мамыр айында шығарылғанын білдіреді.
Құралды сақтау шарттары және мерзімі, қызмет көрсету мерзімі.
Құралды -40 °C –дан +50°C-ға дейінгі температурада жабық үй-жайда сақтаңыз. Құрал 2006/95/EC, 2004/108/EC Директиваларына сәйкес жасалған.
Құрметті Сатып алушы!
БЕКО сауда маркасының бұйымын таңдағаныңыз үшін алғыс білдіреміз.
БЕКО ірі тұрмыстық техникаға тұтынушыға тапсырған күннен бастан 7 (жеті) жыл ресми қызмет көрсету мерзімін белгілейді. Өзге тұрмыстық техникаға, теледидарларға, аудио-видео және радио аппаратураларға, тұрмыста қолдануға арналған кондиционерлерге пайдалану жөніндегі нұсқаулықты ұстанған жағдайда, 5 (бес) жыл ресми қызмет көрсету мерзімін белгілейді. БЕКО өнімдерінің жоғары сапасын, беріктігі мен қауіпсіздік дәрежесін ескерсек, өнімнің қызмет көрсету мерзімі ресми пайдалану мерзімінен едәуір ұзарады. Белгілі бір мемлекетке сатуға арналған БЕКО өнімі сол мемлекеттің пайдалану жөніндегі талаптарына негізделе отырып жасалған. Осыған көз жеткізу үшін бұйым мен бұйымның орамындағы ресми белгілердің сәйкестігін тексеруіңізді сұраймыз. Егер қандай да бір сұрақтар туындайтын болса, Сізден міндетті түрде БЕКО қызмет көрсету орталығына хабарласуыңызды сұраймыз. Қызмет көрсету орталығының мекенжайы мен телефон нөмірлерін кепілдік талонына берілген қосымшадан кере аласыз (Қазақстан Республикасы аумағында телефон соғу тегін). Осы кепілдік талонымен БЕКО, егер де бұйымда кемшіліктер анықталған жағдайда, тұтынушының құқығын қорғау бойынша заңмен әрекет етілетін тұтынушы талаптарын қанағаттандыру бойынша өзіне міндеттемелерді қабылдауын растайды. Алайда, БЕКО компаниясы тұтынушы төменде аталған талаптарды орындамаған жағдайда кепілдіктен, сондай-ақ бұйымға тегін қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады. Кепілдік міндеттемелер мен тегін қызмет көрсету талаптары тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнама аясында әрекет етеді.
Кепілдік міндеттемелері мен тегін қызмет көрсету талаптары:
- Өндірушінің кепілдік талаптары мен уәкіл етілген қызмет көрсету орталықтары ұсынатын тегін қызмет көрсету тек қана БЕКО модельдеріне сатып алу және жүзеге асыру үшін ҚР елінің аумағына және ҚР мемлекетінің Мемлекеттік Стандартына сәйкес сертификациялаудан өткен мемлекеттерге таратылады.
- Өндіруші БЕКО өнімдеріне төмендегі кепілдік мерзімін белгілейді: Ірі тұрмыстық техника: тұтынушыға тапсырған күннен бастап - 2 (екі) жыл. Өзге тұрмыстық техникаға, теледидарларға, аудио-видео және радио аппаратураларға, тұрмыста қолдануға арналған кондиционерлерге тұтынушыға тапсырған күннен бастап - 1 (бір) жыл.
- Егер бұйымның құрал-жабдықтары оның конструкциясын ауыстыру және бұйымды бөлшектеуге байланысты болмаса, төмендегі құрал-жабдықтарға кепілдік міндеттемелер таратылмайды.
Бұйымның барлық түрлері үшін:
а) қашықтан басқару пульттеріне, аккумуляторлы батареяларға, қоректендіру элементтеріне (батареяларға), қоректендіру блоктарының сыртқы бөліктеріне және қуат бергіш құрылымдарға; б) жалғағыш кабельдерге, антенналарға және оларға арналған өткізгіштерге, құлаққаптарға, микрофондарға; в) бұйыммен бірге берілетін қаптарға, белдіктерге, тасымалдауға арналған шнурларға, монтажды құрылғыларға, аспаптарға, құжаттарға;
Төмендегілерді қоса алғанда:
а) Тоңазытқыштарға: иіс сорғыштарға, ауа тазартқыштарға (биодезодораторларға), сүзгілерге; б) Қысқа толқынды пештерге: табақшаларға, отқа ет қақтайтын істіктерге, торларға, табақшаларға; в) Шаң сорғыштарға: түтіктерге, шлангтерге, щеткаларға, қондырмаларға, шаң жинағыштарға, сүзгілерге; г) Кондиционерлерге, ауа тазартқыштарға: сүзгілерге;
- Өндіруші мынадай жағдайларда бұйымға кепілдік бермейді және тегін қызмет көрсетпейді:
а) жеке мұқтаждық үшін қажет болған бұйым (тұрмыстық, отбасылық), өндірістік қызметтерді іске асыру үшін және оның негізгі атқаратын қызметіне сәйкес келмейтін басқа да мақсаттарға қолданған жағдайда; б) пайдалану ережелері мен талаптарын, пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және бұйымды орнату жөніндегі нұсқаулықта жазылған талаптарды бұзған жағдайда;
в) Егер бұйымда рұқсат етілмеген жөндеу жұмыстарының ізі анықталса;
г) бұйымның конструкциясы мен схемасында рұқсат етілмеген өзгерістер орын алса;
д) Егер ақау еңсерілмес күштің іс-әрекеті, оқыс жағдайлармен, тұтынушының немесе үшінші тұлғаның қасақана немесе абайсыз іс-әрекетінің арқасында орын алса;
е) Бұйымның ішіне басқа бір заттардың, сұйықтықтардың, шыбын-шіркейлердің түсіп кетуінен пайда болған зақымданулар табылса;
Түпнұсқа болып қалмайтын шығын материалдарын қолдану Сізді автоматты түрде Өндіруші кепілдігінен айырады.
- Төмендегі жағдайларда бұйымға кепілдік міндеттемелер таратылмайды және тегін сервистік қызмет көрсетілмейді: а) Бұйымды тұтынушыға тапсырғаннан кейін пайда болған механикалық зақымдар; б) Қуат көзі, телекоммуникациялық, кабельдік желілер параметрлерінің дұрыс жұмыс істемеуі және (немесе) стандарттарға сәйкес келмеуі және осы сияқты өзге де сыртқы факторлардың салдарынан пайда болған бұзылулар; в) Стандарттарға сай келмейтін және (немесе) сапасыз шығыс материалдары, жабдықтар, қосалқы бөлшектер, қуат көзі элементтері, ақпаратты тасымалдауыштар қолданудан пайда болған бұзылулар.
- Тұтынушы орын алған кемшіліктер жөнінде уақтылы (бір айдан астам уақыт өткен жағдайда) хабарламаған жағдайда, өндіруші тұтынушының талаптарын толық немесе ішінара қанағаттандырмауға құқылы (ҚР АК 436-бабы).
Үш контактілі желілік айыры бар бұйым, міндетті түрде, жерге тұйықталуы тиіс.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!
Қазақстан Республикасы аумағында әрекет етеді. Действует на территории Республики Казахстан.
Қазақстан Республикасы аумағында әрекет етеді Действует на территории Республики Казахстан
www.beko.com/kz-ru
Өнім сапасын жақсарту мақсатында техникалық сипаттамалар алдын ала ескертусіз өзгертілуі мүмкін.

Осы нұсқаулықтағы сызбалар шартты түрде берілген және сіздің өніміңізге дәл сәйкес келмеуі мүмкін.