ANGLE EXACT 22 CF Professional - бұрау BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз ANGLE EXACT 22 CF Professional BOSCH PDF форматында.
| Өнім түрі | Сымсыз өндірістік бұрышты бұрағыш |
| Бренд | Bosch |
| Модель | ANGLE EXACT 22 CF Professional |
| Анықтамалық нөмір | 0 602 490 693 |
| Номиналды кернеу | 14,4 В |
| Ең жоғары момент (қатты бұрау, оң айналу) | 16 Нм |
| Бос жүріс жиілігі (оң айналу) | 440 айн/мин |
| EPTA-Procedure 01:2014 бойынша салмағы | 1,5 кг |
| Қорғаныс индексі | IP 20 |
| Батарея түрі | Ni-Cd немесе Ni-MH аккумуляторлар (APT қосқыш ұшы) |
| Аккумулятор сыйымдылығы (Ni-Cd) | 1,8 Ач немесе 2,4 Ач |
| Аккумулятор сыйымдылығы (Ni-MH) | 2,6 Ач |
| Ұсынылатын зарядтағыш | AL 2450 DV |
| Баламалы қуат көзі | 4EXACT тұрақтандырылған қуат көзі кернеу адаптерімен |
| Айналу бағыты | Оң айналу (бұрау) және солға баяу айналу (crowfoot бастиектері үшін) |
| Тоқтату ілінісі | Иә, моментті алдын ала таңдаумен |
| Жарықтандыру LED-і | Иә, орнын реттеуге болады |
| Заряд күйінің көрсеткіші | LED (жасыл жыпылықтайды = заряд қажет, қызыл = зарядсыз немесе шамадан тыс жүктеме) |
| Қайта іске қосудан қорғау | Иә (ілініс іске қосылғаннан кейін 0,7 с) |
| Ілу құрылғысы | Алынбалы ілу кронштейні |
| Аспап ұстағыш | 3/8" еркек шаршысы бар бұрышты беріліс (crowfoot бастиегі үшін) |
| Жұмыс температурасы | -5 °C-тан +50 °C-қа дейін |
| Зарядтау температурасы | 0 °C-тан +45 °C-қа дейін |
| Күтім | Тұрақты тазалау, 150 сағаттан кейін берілістерді майлау, содан кейін әр 300 сағат сайын |
| Тиісті пайдалану | Қол жетімділігі қиын жерлерде бұрау және бұрап алу (бір жағынан) |
Жиі қойылатын сұрақтар - ANGLE EXACT 22 CF Professional BOSCH
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы ANGLE EXACT 22 CF Professional BOSCH
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бұрау PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз ANGLE EXACT 22 CF Professional - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. ANGLE EXACT 22 CF Professional брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ ANGLE EXACT 22 CF Professional BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында
қолданылады
Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар.
Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында және қосымшада көрсетілген.
Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген.
Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген.
Өнімді пайдалану мерзімі
Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тактайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды.
Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің тізімі
– тұтқасы мен корпусы бүзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз - өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз - ток сымы бүзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз - жауын-шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз - көп ұшқын шықса, пайдаланбаңыз - қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз
Шекті күй белгілері
- ток сымының тозуы немесе зақымдануы
- өнім корпусының зақымдалуы
Қызмет көрсету түрі мен жиілігі
Эр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
Сактау
- құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек
- орамасыз сақтау мүмкін емес
– сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ 15150 (шарт 1) құжатын қараңыз
Тасымалдау
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5 шарт) құжатын оқыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулары
Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік нұсқаулары
ЕСКЕРТУ
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді,
нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды
оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік
нұсқаулықтарын орындамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін.
Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап қойыңыз.
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі бар) және аккумулятордан қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар.
Жұмыс орнының қауіпсіздігі
Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құралы ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. ▶ Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алаңдаушылық бақылауды жоғалтуға алып келуі мүмкін.
Электр қауіпсіздігі
Электр айырлары розеткаға сай болуы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәсілмен өзгертпеңіз. Жерге қосылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. ▶ Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса, жоғары ток соғу қауіпі пайда болады. Электр құралдарын жаңбырда немесе ылғалды ортада пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су ток соғу қауіпін жоғарылатады. Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе токтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді
ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель ток соғу қауіпін жоғарылатады.
Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді. ▶ Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған ток желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану ток соғу қауіпін төмендетеді.
Жеке қауіпсіздік
Электр құралын пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралын шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңдымаушылық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанамайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтарды тиісті жағдайларда қолданып, жеке жарақаттануларды кемітеді. ▶ Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын токқа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі мүмкін. Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақтылықты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. ▶ Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді кимеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. ▶ Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берілген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемітеді. Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей, қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін.
НАЗАР АУДАРЫНЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз.
Электр құралдарын пайдалану және күту
▶ Куралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол бермейді. ▶ Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірибесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. Электр құралдарын және керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті. ▶ Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді.
Батарея құралын пайдалану және күту
▶ Тек өндіруші көрсеткен зарядтағышпен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне әкелуі мүмкін. Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне әкеледі. ▶ Егер батарея жинағы қолданылмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші металл заттардан алыс ұстаңыз, олар бір терминалдан екіншісіне байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке әкелуі мүмкін. Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе, дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шыққан сұйықтық көздің жарақаттануына немесе күйіктерге әкелуі мүмкін. Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттануға әкелуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге әкелуі мүмкін. ▶ Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130 °C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. Барлық зарядтау нұсқауларын орындап, батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап, өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін.
Қызмет көрсету
Электр құралына маман жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз етеді. Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы жөндеуге болады.
Бұрауыштарға арналған қауіпсіздік нұсқаулықтары
Бекіткіш жасырын сымдарға тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құрылғысын оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер бекіткіш істеп тұрған сымға тисе, электр құралының металл бөлшектері ток өткізіп, пайдаланушыны ток соғуы мүмкін. ▶ Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе ток соғуына әкелуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа әкелуі
210|Қазақ
мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға әкелуі мүмкін.
Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары мезеттер пайда болуы мүмкін. ▶ Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы-салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. ▶ Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар. ▶ Шеге немесе бұрауыш сияқты үшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. ▶ Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз.

Аккумуляторды, жылудан, сондай-ақ, мысалы, үздіксіз күн жарығынан, оттан, кірден, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылыс және қысқа тұйықталу қаупі туындайды.
Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Тебуді тудыратын жоғары реактивті күштерден абай болыңыз. Электр құрал егер электр құралы артық жүктелсе немесе өңделетін дайындамада қысылса ол сыналады.
Үшкірлеу, аралау, тегістеу, бұрғылау және ұқсас әрекеттерді орындау кезінде пайда болатын шаң концерогенді, тератогенді немесе мутагенді әсер етуі мүмкін. Осы шаң түрлері қамтитын заттектердің ішінде: Бояулардағы қорғасын және лак; кірпіш, цемент және басқа да тас заттектеріндегі кристалды кремнезем; химиялық өңделген ағаштағы күшән мен хромат. Сырқаттану қаупі осы заттектердің пайдаланылу жиілігіне байланысты болады. Қауіпті азайту үшін дұрыс желдетілетін бөлмелерде тиісті қорғаныс жабдығымен жұмыс істеңіз (мысалы, арнайы құрастырылған, ең кіші шаң бөлішектерін сүзгілейтін шаңтұтқыштар).
Кездейсоқ іске қосылуға жол бермеңіз. Аккумуляторды салудан алдын ажыратқыштың өшірулі күйінде болғанына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты ажыратқышқа қойып тасымалдау немесе қосулы электр құралына аккумуляторды салу жазатайым оқиғаларды тудыруы мүмкін.
▶ Тек қана ақаусыз, тозбаған алмалы-салмалы аспаптарды пайдаланыңыз. Ақауы бар алмалы-салмалы аспаптар бұзылып, жарақат пен зиян келтіруі мүмкін. ▶ Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды. ▶ Ұзын бұрандаларды бұрап кіргізу кезінде абай болыңыз, бұранда түріне және алмалы-салмалы аспапқа байланысты сырғу қаупі бар. Ұзын бұрандаларды жиі дұрыс бақылау қиынға соғады және олар бұрап кіргізу барысында сырғып, сізге жарақат тигізуі мүмкін. Электр құралын іске қосу алдында орнатылған айналу бағытына назар аударыңыз. Мысалы, бұранданы босату қажет болып, айналу бағыты бұранданы бұрап кіргізу үшін реттелген болса, бұл алмалы-салмалы аспаптың бақыланбайтын қатты қозғалысын тудыруы мүмкін. Электр құралын дрель ретінде пайдаланбаңыз. Ажырату тіркесімі бар электр құралдары бұрғылауға арналмаған. Тіркесім автоматты түрде ескертусіз ажыратылуы мүмкін.
Өнім және қуат сипаттамасы

Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау токтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып
келуі мүмкін.
Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз.
Тағайындалу бойынша қолдану
ANGLE EXACT 2|3|6|7|8|15|17|23|30
Электр құралы белгіленген өлшем және қуат диапазонында бұрандаларды, гайкаларды және басқа да бұрандалы қосылымдарды бұрап кіргізуге және босатуға арналған.
Электр құралы дрель ретінде пайдалануға арналмаған; адамдардың жарақаттануына және материалдық залалға жол бермеу үшін ажырату тіркесімі бар электр құралын ешқашан бұрғылау үшін пайдаланбаңыз.
ANGLE EXACT 14CF | 22CF | 29CF
Электр құралы өзінің сол жаққа қарай баяу айналуына байланысты ашық жылжытылған сырғақтық суппортпен пайдалануға арналған. Ол тек бір жақтан қол жеткізуге болатын жерлердегі, мысалы, құбырлардағы бұрандалы қосылымдарға арналған.
Ол бұрандалы қосылымдарды босатуға арналмаған.
Электр құралы дрель ретінде пайдалануға арналмаған; адамдардың жарақаттануына және материалдық залалға жол бермеу үшін ажырату тіркесімі бар электр құралын ешқашан бұрғылау үшін пайдаланбаңыз.
Көрсетілген құрамды бөлшектер
Көрсетілген құрамдастар нөмірленген суреттері бар беттегі электр құралының сипаттамасына сай.
(1) Алмалы-салмалы аспап (мысалы, бұрандалы бастиек) (2) Құрал бекіткіші (3) Бұрыштық оймалы бастиек (4) Айыр тәрізді кілт, ені 27 мм (5) Бұрыш басты фланецтегі кілт жазықтығы (6) Айыр тәрізді кілт, ені 22 мм (7) Айналу моментін алдын ала таңдау ысырмасы (8) Ілгіш қапсырма (9) Бұрандалы қосылымдардың жарық диодты индикаторы (10) Аккумулятор заряды деңгейінің жарық диодты индикаторы (11) АРТ штепсельдік контактісі бар аккумулятор (12) Аккумуляторды босату түймесі (13) Ажыратқыш (14) Айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (15) Ілгіш қапсырмадағы бекіту ойығы (16) Жарық диодының ұстағышы (17) Белгілеу шеңбері
(18) Жұмыс шамы (19) Жаппа гайкадағы кілт жазықтығы (20) Контргайка (21) Зарядтағыш құрылғы (22) Желілік аша (23) Зарядтағыш құрылғыдағы жасыл түсті жарық диодты индикатор (24) Зарядтағыш құрылғыдағы қызыл түсті жарық диодты индикатор (25) 4EXACT құрылғысындағы кернеу адаптеріне арналған жалғағыш төлке (26) D-Sub штепсельдік ашасы (27) D-Sub штепсельдік ашасындағы бұрандалар (28) Кернеу адаптері (29) Жылдам алмастыру патроны (30) Реттегіш құрал (31) Алты қырлы дөңбек кілт (32) Реттегіш шайба (33) Серіппелі тежегіш сақина (34) Корпус қабығындағы қуыс (35) Тұтқа (беті оқшауланған) Бейнеленген немесе сипатталған керек-жарақтар стандартты жеткізілім жиынтығымен қамтылмайды. Толық керек-жарақтарды біздің керек-жарақтар бағдарламасынан табасыз.
Техникалық мәліметтер
| Өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бурауыш ANGLE EXACT | 2 3 6 | |||
| Өнім нөмірі | 0 602 490 647 | 0 602 490 656 | 0 602 490 652 | |
| ISO 5393 бойынша қатты/жүмсақ материалдардағы макс. айналу моменті | Нм 2/2 3/3 6/6 | |||
| Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі n0 | мин 1 | 110 420 650 | ||
| Номиналды кернеу В 9,6 9,6 9,6 | ||||
| Айналу бағыты | ΩΩ | ΩΩ | ΩΩ | |
| Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 сай кг 1,0 1,0 1,0 | ||||
| Қорғаныс түрі IP 20 IP 20 IP 20 | ||||
| Өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш ANGLE EXACT | 7 8 15 | |||
| Өнім нөмірі | 0 602 490 669 0 602 490 651 0 602 490 650 | |||
| ISO 5393 бойынша қатты/жұмсақ материалдардағы макс. айналу моменті | Нм | 7/7 9/9 15/15 | ||
| Бос жүріс күйіндегі айналу жилігі n0 | мин -1 | 110 420 250 | ||
| Номиналды кернеу В 9,6 9,6 9,6 | ||||
| Айналу бағыты | ΩΩ | ΩΩ | ΩΩ | |
| Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 сай кг 1,0 1,0 1,0 | ||||
| Қорғаныс түрі IP 20 IP 20 IP 20 | ||||
212|Қазақ
| Өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш ANGLE EXACT | 17 23 30 | |||
| Өнім нөмірі | 0 602 490 675 0 602 490 673 0 602 490 671 | |||
| ISO 5393 бойынша қатты/жұмсақ материалдардағы макс. айналу моменті | Нм | 17/13 23/20 30/28 | ||
| Бос жүріс күйіндегі айналу жилілігі n0 | мин -1 | 560 320 220 | ||
| Номиналды кернеу В 14,4 14,4 14,4 | ||||
| Айналу бағыты | ΩΩ | ΩΩ | ΩΩ | |
| Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 сай кг 1,5 1,5 1,5 | ||||
| Қорғаныс түрі IP 20 IP 20 IP 20 | ||||
| Өнеркәсіптік аккумуляторлық бурыштық бурауыш ANGLE EXACT | 14CF 22CF 29CF | ||
| Өнім нөмірі | 0 602 490 690 0 602 490 693 0 602 490 691 | ||
| Оңға айналу кезіндегі қатты материалдардағы макс. айналу моменті A) | Нм 10 16 20 | ||
| Оңға айналу кезіндегі бос жүріс күйіндегі айналу жилігі n0A) | мин -1 | 340 440 300 | |
| Номиналды кернеу В 9,6 14,4 14,4 | |||
| Айналу бағыты | ΩΩ | ΩΩ | |
| Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 сай кг 1,0 1,5 1,5 | |||
| Қорғаныс түрі IP 20 IP 20 IP 20 | |||
A) Солға айналу кезінде электр құралдары баяуырақ жұмыс істеп, төменірек айналу моментіне ие болады. Жылжытылған сырғақтық суппорттың беріліс қатынасына сай алмалы-салмалы аспаптағы айналу жиілігі мен айналу моменті өзгереді.
| Ni-Cd аккумулятор жинағы 9,6 9,6 12,0 12,0 14,4 14,4 | ||||||
| Өнім нөмірі | 2 607 335877 | 2 607 335659 | 2 607 335879 | 2 607 335375 | 2 607 335881 | 2 607 335655 |
| Үялар саны | 8 | 8 | 10 | 10 | 12 | 12 |
| Аккумулятор кернеуі | В 9,6 9,6 12,0 12,0 14,4 14,4 | |||||
| Куаты | A-сағ | 1,8 2,4 1,8 2,4 1,8 2,4 | ||||
| Салмағы EPTA-Procedure01:2014 сай | кг 0,45 0,50 0,65 0,70 0,70 0,80 | |||||
| Үсынылатын зарядтағышқұрылғылар | AL 2450 DV | AL 2450 DV | AL 2450 DV | AL 2450 DV | AL 2450 DV | AL 2450 DV |
| Ni-MH аккумулятор жинағы | 9,6 12,0 14,4 | ||
| Өнім нөмірі | 2 607 335 681 2 607 335 683 2 607 335 685 | ||
| Үялар саны | 8 10 12 | ||
| Аккумулятор кернеуі | В 9,6 12,0 14,4 | ||
| Куаты | A-caf 2,6 2,6 2,6 | ||
| Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 сай кг 0,55 0,70 0,80 | |||
| Үсынылатын зарядтағыш құрылғылар | AL 2450 DV | AL 2450 DV | AL 2450 DV |
| Бурыштык оймалы бастиек | 1/4 дюйм | 3/8 дюйм | 3/8 дюйм | 1/4 дюйм | SWF 1/4 дюйм |
| Өнім нөмірі | 0 607 453 617 | 0 607 453 620 | 0 607 451 618 | 0 607 453 618 | 0 607 453 630 |
| Бурыштык оймалы бастиек | ■ 1/4 дюйм | ■ 3/8 дюйм | ■ 3/8 дюйм | ● 1/4 дюйм | SWF ● 1/4 дюйм |
| ISO 5393 бойынша катыматериалдардағы макс.айналу моменті | Нм 20 25 30 20 20 | ||||
| Салмағы EPTA-Procedure01:2014 сай | кг 0,23 0,23 0,27 0,23 0,23 |
| Тік бурандалы бастиек SWF 1/4 дюйм | ||
| Өнім нөмірі | 0 607 453 631 | |
| ISO 5393 бойынша қатты материалдардағы макс. айналу моменті | Нм | 6 |
| Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 сай кг 0,22 | ||
Шуыл және діріл туралы ақпарат
EN 62841-2-2 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері.
Электр құралының амплитуда бойынша есептелген дыбыстық қысым деңгейі әдетте 70 дБ(А) құрайды. К дәлсіздігі = 3 дБ. Шуыл деңгейі жұмыс істеу кезінде 80 дБ(А) шамасынан асуы мүмкін.
Құлақ қорғанысын тағыңыз!
Жалпы діріл мәндері an (үш бағыттың векторлық қосындысы) және К дәлсіздігі, EN 62841-2-2 бойынша есептелген: бұрап бекіту: an < 2,5 M/c2 , K = 1,5 M/ c2 .
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады.
Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы-салмалы аспаптармен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін.
Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді.
Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды жылы ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдастыру.
Жинау
Жеткізілім жиынтығы
ANGLE EXACT 2|3|6|7|8|15|17|23|30
Осы өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш алмалы-салмалы аспапсыз, бұрыштық оймалы бастиексіз, тік оймалы бастиексіз, аккумулятор жинағынсыз, зарядтағыш құрылғысыз, кернеу
тұрақтандырғышынсыз немесе кернеу адаптерінсіз жеткізіледі.
Кернеу адаптерлерін тек Bosch өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауышын 4EXACT кернеу тұрақтандырғышына жалғау үшін ғана пайдалану қажет.
ANGLE EXACT 14CF | 22CF | 29CF
Осы өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыштар электр құралынсыз, жылжытылған сырғақтық суппортынсыз, аралық фланецінсіз, аккумулятор жинағынсыз, зарядтағыш құрылғысыз, кернеу тұрақтандырғышынсыз немесе кернеу адаптерінсіз жеткізіледі.
Кернеу адаптерлерін тек Bosch өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауышын 4EXACT кернеу тұрақтандырғышына жалғау үшін ғана пайдалану қажет.
Пайдалану және сақтау ортасы

Электр құралы тек жабық жұмыс жайларында пайдалануға арналған.
Ақаусыз пайдалану үшін рұқсат етілген
қоршаған орта температурасы -5°C және +50°C (23°F және 122°F) аралығында, ал рұқсат етілген салыстырмалы ауа ылғалдығы конденсациясыз 20 және 95% аралығында болуы керек.
Аккумулятор 0°C (32°F) және 45°C (113°F) аралығындағы температурада сақталуы қажет, сонда аккумулятор ұялары зақымдалмайды.
Бұрыштық оймалы бастиекті монтаждау
ANGLE EXACT 2|3|6|7|8|15|17|23|30
Бұл өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыштарда алдымен жарамды бұрыштық оймалы бастиекті (қараңыз „Техникалық мәліметтер“, Бет 211) монтаждау керек.
Оймалы бастиекті монтаждау, жылжыту немесе бөлшектеуден бұрын айналу бағытын ауыстырып-қосқыштың ортада тұрғанына (іске қосылудан қорғайтын құлып) немесе аккумулятор электр құралынан шығарылғанына көз жеткізіңіз.
Электр құралын айыр тәрізді кілтпен (6) бұрыш басты фланецтің кілт жазықтығында (5) мықтап ұстаңыз.
214|Қазақ
▶ Электр құралын корпус қабығында мысуға болмайды.
Бұрыштық оймалы бастиекті (3) қалаулы күйде фланецке орнатып, айыр тәрізді кілтпен (4) жаппа гайканың кілт жазықтығына (19) бұрап қойыңыз.
Бұл ретте айыр тәрізді кілтпен (6) бұрыш басты фланецке тіреп тұрыңыз.
ANGLE EXACT 14CF | 22CF | 29CF
Бұл өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық
бұрауыштарда алдымен сәйкес жылжытылған сырғақтық суппортты орнату керек. Нарықта әртүрлі жылжытылған сырғақтық суппорттар бар.
Делдалдан жарамды жылжытылған сырғақтық суппортты сұраңыз.
Жылжытылған сырғақтық суппортты орнату бойынша нұсқауларды орындаңыз.
Ілгіш аспап
Ілгіш капсырма (8) электр құралын ілгіш аспапқа бекітуге мүмкіндік береді.
Ілгіш капсырманы (8) электр құралына орнатып, оны ойықтарға (15) кіргізіңіз.
▶ Ілгіштің және ілгіш аспап ілгегінің күйін жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз.
Зарядтау процесі
Нұсқау: зарядтағыш құрылғылар мен аккумуляторлар жеткізілім жиынтығына кірмейді.
Суретте көрсетілген желілік аша электр
құралыңыздағыдан өзгеше болуы мүмкін.
Зарядтағыш құрылғы мен аккумулятордың еліңізге тән ток желісіне сәйкес келгеніне көз жеткізіңіз.
AL 2450 DV зарядтағыш құрылғысы (А суретін қараңыз)
Зарядтағыш құрылғыны (21) желілік ашамен (22) электр қуат көзіне жалғап, аккумуляторды (11) зарядтағыш құрылғының зарядтау қуысындағы дұрыс орынға салыңыз.
Аккумуляторды енгізу/шығару кезінде күш салмаңыз. АРТ (Акку Pack Top) штепсельдік контактісі бар аккумуляторлар электр құралына немесе зарядтағыш құрылғыға тек дұрыс күйде енгізілетіндей етіп құрастырылған.
Жасыл түсті жарық диодты индикатор (23) жыпылықтай бастайды. Бұл зарядтау тогының кемуін көрсетеді. Аккумулятор толық зарядталғаннан кейін зарядтау процесі автоматты түрде тоқтайды. Жасыл түсті жарық диодты индикатор жыпылықтамай жанып тұрса, бұл зарядтау процесінің аяқталғанын білдіреді. Шамамен 2 секунд ішінде дыбыстық сигнал беріліп, аккумулятордың толық зарядталғанын көрсетеді.
Қызыл түсті жарық диодты индикатордың (24) үздіксіз жанып тұруы зарядтау тогы азайтылған зарядтау процесін білдіреді. Егер жарық диодты индикатор жыпылықтаса, зарядтау мүмкін болмайды.
Ақаулар - Себептері және шешімдері
| Себе6і Шешім | |
| Жарык диодты индикаторлар жанбай тур | |
| Зарядтағыш құрылғының желілік ашасы (дұрыс) енгізілмеген | Желілік ашаны розеткаға (толық) енгізу |
| Розетка, желілік кабель немесе зарядтағыш құрылғы бұзылған | Желілік кернеуді тексеру, зарядтағыш құрылғыны қажетінше Bosch электр құралдарының өкілетті қызмет көрсету орталықтарында тексерту |
| Зарядтау мүмкін емес | |
| Аккумулятор температурасы рұқсат етілген диапазоннан тыс | Аккумулятор температурасын сувту немесе жылыту арқылы 0°C (32°F) және 45°C (113°F) аралығындағы рұқсат етілген температура диапазонына келтіру |
| Аккумулятор ластанған Аккумулятор контактілерін тазалау; мысалы, аккумуляторды бірнеше рет енгізіп шығару арқылы, қажет болса, оны ауыстыру | |
| Аккумулятор бұзылған Аккумуляторды алмастыру | |
| Аккумулятор (дұрыс) енгізілмеген | Аккумуляторды зарядтау құысына (толық) енгізу |
Кернеу тұрақтандырғышы (В суретін қараңыз)
ANGLE EXACT 2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 14CF | 15 | 17 | 22CF | 23 | 29CF | 30
Нұсқау: өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрауыштарда аккумуляторлардың орнына кернеу тұрақтандырғышын пайдалануға болады.
Суретте көрсетілген желілік аша электр құралыңыздағыдан өзгеше болуы мүмкін.
▶ Кернеу тұрақтандырғышы еліңізге тән ток желісіне сәйкес келетіндігіне көз жеткізіңіз.
4EXACT кернеу тұрақтандырғышы мен жарамды желілік кабеліне қоса номиналды кернеуі бұрауышыңызбен бірдей болатын кернеу адаптері қажет болады.
Кернеу тұрақтандырғышындағы (жарық, диодты индикатор) кернеу бұрауыш кернеуімен бірдей болуы тиіс. Кернеу тұрақтандырғышы тек қана кернеуі 9,6 В және 14,4 В аралығында болған EXACT, ANGLE EXACT және BT-EXACT сериялы Bosch өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрағыштарына арналған. Кері жағдайда өрт немесе жарылыс қаупі пайда болады.
Қуат көзіне жалғау
Нұсқау: жеткізу кезінде аккумулятор да, кернеу адаптері де электр құралына салынбайтынын ескеріңіз.
▶ Аккумуляторларды ешқашан аккумуляторлық құрылғыда сақтамаңыз. Аккумуляторлар бөлек сақталған жағдайда ұзақ жұмыс істеп, дұрыс зарядталады. Аккумуляторды ұзақ уақыт сақтағаннан кейін пайдаланудан бұрын толық зарядтау керек.
Аккумуляторды электр құралына салмастан бұрын тиісті зарядтағыш құрылғыда зарядтаңыз. Зарядтау процесінің дұрыс сипаттамасын зарядтағыш құрылғының пайдалану бойынша нұсқаулығында және осы нұсқаулықтағы мәліметтерден алыңыз (қараңыз „Зарядтау процесі“, Бет 214).
Аккумулятор NTC температураны бақылау құралымен жабдықталған, ол тек 0°C (+32°F) және 45°C (+113°F) арасындағы температура диапазонында зарядталуға мүмкіндік береді. Осылайша аккумуляторды ұзақ уақыт пайдалану мүмкін болады. Дұрыс пайдаланған жағдайда аккумуляторды ең көбі 3000 рет қайта зарядтауға болады.
Жаңа немесе ұзақ уақыт бойы пайдаланылмаған аккумулятор толық қуатына шамамен 5 зарядтау және зарядты босату циклінен кейін жетеді. Аккумуляторларды тек электр құралының "Аккумулятор зарядының деңгейі" жарық диодты индикаторы қызыл түспен жанғанда ғана зарядтауға болады.
Аккумуляторды енгізу және шығару
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (14) ортаңғы күйге басыңыз. Нәтижесінде ажыратқыш (13) "Өшірулі" күйінде бекітіліп, электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол берілмейді.
Зарядталған аккумуляторды (11) электр құралының тұтқасына кіргізіңіз.
Аккумулятордың дұрыс күйде енгізілгеніне және босату түймелерінің (12) электр құралының тұтқасына тірелгеніне көз жеткізіңіз.
Аккумуляторды енгізу/шығару кезінде күш салмаңыз. АРТ (Akku Pack Top) штепсельдік контактісі бар аккумуляторлар электр құралына немесе зарядтағыш құрылғыға тек дұрыс күйде енгізілетіндей етіп құрастырылған.
Аккумуляторды (11) шығарып алу үшін екі жағындағы босату түймелерін (12) басып, аккумуляторды тұтқадан төмен қарай тартыңыз.
Кернеу адаптерін енгізу және шығару (С суретін қараңыз)
ANGLE EXACT 2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 14CF | 15 | 17 | 22CF | 23 | 29CF | 30
Электр құралыңыздың номиналды кернеуіне сәйкес келетін кернеу адаптерін таңдаңыз. Кернеу адаптерлерін кернеуіне қарай D-Sub штепсельдік ашасы (26) корпусының түсі бойынша ажыратуға болады. D-Sub штепсельдік ашасының корпусы 9,6 В кернеу үшін көк түсті, ал 14,4 В кернеу үшін қызыл түсті болып келеді.
▶ Адаптер корпусын (28) тек кернеу тұрақтандырғышының өшірулі күйінде немесе
кернеу тұрақтандырғышынан ажыратылған штепсельдік ашамен (26) өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрауышқа орнатуға немесе одан алып тастауға болады.
Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (14) ортаңғы күйге басыңыз. Нәтижесінде ажыратқыш (13) "Өшірулі" күйінде бекітіліп, электр құралының кездейсоқ іске қосылуына жол берілмейді.
Содан кейін адаптер корпусын (28) электр құралының тұтқасына кіргізіңіз. Адаптер корпусының дұрыс күйде салынғанына және босату түймелері (12) электр құралының тұтқасына шерту дыбысымен тірелгеніне көз жеткізіңіз.
Содан кейін электр құралыңыз жарамды кернеу тұрақтандырғышының штепсельдік ашасын (26) жалғағыш төлкеге (25) кіргізіңіз. Штепсельдік ашаны (26) жалғағыш төлкеге (25) екі бұранданы (27) қолмен тарту арқылы бұрап бекітіңіз.
Кернеу адаптерін шығару үшін екі бұранданы (27) өшірулі кернеу тұрақтандырғышының штепсельдік ашасынан (26) босатып, штепсельдік ашаны жалғағыш төлкеден (25) тартып шығарыңыз.
Содан кейін екі жақтағы босату түймелерін (12) басып, адаптер корпусын (28) электр құралының тұтқасынан тартып шығарыңыз.
Жылдам алмастыру патронымен оймалы бастиек жағдайында құралды алмастыру (D суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды.
Бұл өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш үшін 1/4 дюймдік жылдам алмастыру патроны бар тік оймалы бастиек (өнім нөмірі 0 607 453 631) қолжетімді.
ANGLE EXACT 2|3|6|7|8|15
Бұл өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш үшін 1/4 дюймдік жылдам алмастыру патроны бар бұрыштық оймалы бастиек (өнім нөмірі 0 607 453 630) қолжетімді.
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Жылдам алмастыру патронын (29) алға қарай тартыңыз. Алмалы-салмалы аспапты (1) құрал бекіткішіне (2) салып, жылдам алмастыру патронын қайтадан жіберіңіз.
Алмалы-салмалы аспаптарды тек жарамды жалғағыш үштықтармен (1/4 дюймдік алты қырлы) пайдаланыңыз. Осы жылдам алмастыру патронына бұрғыны салуға әрекеттенбеңіз.
Ажырату тіркесімі бар өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш бұрғылауға арналмаған. Тіркесім автоматты түрде ескертусіз өшуі мүмкін. Тіркесімді өшіргеннен кейін бұрғылауды жалғастырсаңыз, ажырату тіркесімі қайта істегенше электр құралы қолыңыздан шығып кетуі мүмкін.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
Жылдам алмастыру патронын (29) алға қарай тартыңыз. Алмалы-салмалы аспапты (1) құрал бекіткішінен (2) шығарып, жылдам алмастыру патронын жіберіңіз.
Сыртқы төрт қырлы оймалы бастиек үшін құралды алмастыру
Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды.
ANGLE EXACT 2|3|6|7|8|15
Бұл өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш үшін 1/4 дюймдік төрт қырлы бұрыштық оймалы бастиек (өнім нөмірі 0 607 453 617) және 3/8 дюймдік төрт қырлы бұрыштық оймалы бастиек (өнім нөмірі 0 607 453 620) қолжетімді.
ANGLE EXACT 17 | 23 | 30
Бұл өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш үшін 3/8 дюймдік төрт қырлы бұрыштық оймалы бастиек (өнім нөмірі 0 607 451 618) қолжетімді.
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Аспап патронының (2) төрт қырлы басындағы штифтіні, мысалы, жіңішке бұрауышпен ішке басып, алмалы-салмалы аспапты (1) төрт қырлы бас үстінен жылжытыңыз. Штифт алмалы-салмалы аспап ойығына кіргеніне көз жеткізіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
Штифтіні алмалы-салмалы аспап (1) ойығының ішіне басып, алмалы-салмалы аспапты құрал бекіткішінен (2) шығарыңыз.
Ішкі алты қырлы оймалы бастиек жағдайында құралды алмастыру (Е суретін қараңыз)
Алмалы-салмалы аспапты орнатқанда оның аспап патронында нық тұрғанына көз жеткізіңіз. Алмалы-салмалы аспап аспап патронына мықтап жалғанбаған кезде, ол босап кетіп, оны басқару мүмкін болмайды.
ANGLE EXACT 2|3|6|7|8|15
Бұл өнеркәсіптік аккумуляторлық бұрыштық бұрауыш үшін 1/4 дюймдік ішкі алты қырлы бұрыштық оймалы бастиек (өнім нөмірі 0 607 453 618) қолжетімді.
Алмалы-салмалы аспапты орнату
Алмалы-салмалы аспапты (1) құрал бекіткішінің (2) ішкі алты қырлы ойығына шерту дыбысымен тірелгенше енгізіңіз.
Алмалы-салмалы аспапты шығару
Алмалы-салмалы аспапты (1) құрал бекіткішінен (2) қажетінше қысқашпен тартып шығарыңыз.
Пайдалану

Жеке қорғаныс құралдарын пайдаланыңыз. Әрқашан көзді қорғайтын көзілдірік тағыңыз. Шаң маскасы, тайғақ емес қауіпсіздік аяқ киімдері, қорғаныш дулыға немесе есту қорғаныштары сияқты қорғаныс құралдарын тиісті жағдайларда қолдану жеке жарақаттану қаупін азайтады.
Пайдалануға ендіру
Электр құралын іске қосу қажет болса, алдымен айналу бағытын ауыстырып-қосқышпен (14) реттеңіз:
Электр құралы айналу бағытын ауыстырып-қосқыш (14) ортада тұрмаған жағдайда ғана іске қосылады (кездейсоқ іске қосылудан қорғайтын құлып).
Айналу бағытын реттеу (F суретін қараңыз)
▶ Айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (14) электр құралы толық тоқтаған кезде ғана пайдаланыңыз.
Оңға айналу бағыты: бұрандаларды бұрап кіргізу үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (14) солға тірелгенше басыңыз.
Солға айналу бағыты: бұрандаларды босату немесе бұрап шығару үшін айналу бағытын ауыстырып-қосқышты (14) оңға тірелгенше басыңыз.
Жұмыс шамын іске қосу
Жұмыс шамы (18) қолайсыз жарықтандыру жағдайында бұранда кіргізу орнын жарықтандыруға көмектеседі. Жұмыс шамын (18) ажыратқышты (13) ақырын басу арқылы іске қосуға болады. Ажыратқышты қаттырақ бассаңыз, электр құралы қосылып, жұмыс шамы жанып тұрады.
Жұмыс шамына тікелей қарамаңыз, ол көзді зақымдауы мүмкін.
Қосу/өшіру

Бұрауыштарда айналу моментіне тәуелді ажырату тетігі бар, ол белгіленген диапазонда реттеледі. Ол орнатылған айналу моментіне жеткеннен кейін іске қосылады.
Нұсқау: егер бұрауышты кернеу адаптерімен бірге пайдалансаңыз, алдымен кернеу тұрақтандырғышын іске қосу қажет.
Электр құралын қосу үшін ажыратқышты (13) тірелгенше басыңыз.
Электр құралы орнатылған айналу моментіне жеткенде автоматты түрде өшеді.
▶ Ажыратқыш (13) мерзімінен бұрын босатылса, алдын ала орнатылған айналу моментіне жетпейді.
Пайдалану бойынша нұсқаулар
- Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды
тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз.
Электр құралын сомын/бұрандаға тек өшірілген күйде салыңыз. Айналып жатқан жұмыс құралдары сырғып кетуі мүмкін.
Айналу моментін реттеу (G - I суреттерін қараңыз)
Бұрау моменті ажырату тіркесімінің серіппелерінің алдын ала керілісіне байланысты болады. Ажырату тіркесімі оң және сол жаққа айналу кезінде орнатылған бұрау моментіне жеткеннен кейін ажыратылады.
Жеке бұрау моментін орнату үшін тек бірге жеткізілген реттегіш құралды (30) пайдаланыңыз.
Электр құралындағы ысырманы (7) артқа қарай толық жылжытыңыз.
ANGLE EXACT 2|3|6|7|8|15|17|23|30
Алты қырлы дөңбек кілтті (31) алмалы-салмалы аспапқа (30) салып, оны баяу бұраңыз.
Корпус саңылауында кіші дөңес жер (реттегіш шайба (32)) тіркесімде көрінгенде, реттегіш құралды (30) осы дөңес жерге қойып бұраңыз.
ANGLE EXACT 14CF | 22CF | 29CF
Сатып алынған жылжытылған сырғақтық суппорт туралы мәліметтерге назар аударыңыз немесе делдалдан сұраңыз.
Сағат тілінің бағытымен бұрағанда үлкенірек бұрау моменті, ал сағат тілінің бағытына қарсы бұрағанда кішірек бұрау моменті пайда болады.
Реттегіш құралды (30) шығарыңыз. Тіркесімді ластанудан қорғау үшін ысырманы (7) қайтадан алға жылжытыңыз.
Нұсқау: қажетті реттеу бұрандалы қосылымның түріне байланысты болады және практикалық тәжірибе өткізу арқылы анықталуы тиіс. Сынақ бұрағ бекітуді динамометрлік кілтпен тексеріңіз.
▶ Айналу моментін тек берілген қуат диапазонында реттеңіз, әйтпесе ажырату тіркесімі жұмыс істемейді.
Айналу моментінің реттеуін белгілеу
ANGLE EXACT 2|3|6|7|8|14CF|15|17| 22CF|23|29CF|30
Жеке реттелген айналу моменттерін белгілеу үшін белгілеу шеңберін (17) басқа түсті белгілеу шеңберімен алмастыруға болады.
Егер бірнеше EXACT электр құралын 4,5 Нм айналу моментімен пайдалансаңыз, қызыл түсті белгілеу шеңберін бұрау моментін белгілеу үшін пайдалануға болады. Егер айналу моменті 7,5 Нм болған басқа EXACT электр құралдарын басқа монтаждау аймағында пайдалансаңыз, басқа түсті белгілеу шеңберін (қара, көк, жасыл не сары) алып, осы аймақ үшін айналу моментін белгілеуіңіз керек. Түрлі түстегі белгілеу шеңберлері орнатушыларға көмек ретінде беріледі, олар әр электр құралында қандай айналу моменті орнатылғанын анықтауға арналған.
Белгілеу шеңберін (17) жұқа бұрауышпен, қалақшамен немесе ұқсас затпен басып қойыңыз.
Электр құралын әрдайым белгілеу шеңберімен пайдаланып, корпусын шаңмен ластанудан қорғаныспен қамтамасыз етіңіз.
Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
Аккумуляторды (11) зарядтау қажет болғанда, жарық диодты индикатор (10)
жасыл түспен жыпылықтап, дыбыстық сигнал беріледі. Содан кейін 6 – 8 бұрандалы қосылым ғана жасау мүмкін болады.
Егер жарық диоды қызыл түспен жанса, бұл жаңа бұрандалы қосылым үшін қуаттың жеткіліксіз екендігін немесе электр құралына артық жүктеме түскенін білдіреді. Электр құралын бұдан былай іске қосу мүмкін болмайды. Іске қосылудан қорғайтын құлып аккумулятор электр құралынан шығарылып, зарядталған аккумулятор салынғанша белсенді болып қалады.
Егер кернеу адаптерімен жұмыс істесеңіз, қызыл түсті жарық диодты индикатор (10) артық жүктеменің түскенін көрсетеді.
Жарық диодты индикатор (10) қызыл түспен жыпылықтаса, бұл электр құралы қызып, оның істен шыққанын білдіреді. Электр құралын қайта іске қосудан бұрын жыпылықтау қысқа мерзімде автоматты түрде сөнгенше күтіңіз.
Әр зарядтағаннан кейін электр құралының пайдалану мерзімінің айтарлықтай қысқаруы аккумуляторды ауыстыру керектігін білдіреді. Тозған аккумуляторларды заңды / елге тән нұсқамалар бойынша кәдеге жаратыңыз.

Бұрандалы қосылымдардың индикаторы
Алдын ала орнатылған айналу моментіне жеткеннен кейін ажырату тіркесімі ажыралады. Жарық диодты индикатор (9)
жасыл түспен жанады.
Егер алдын ала орнатылған айналу моментіне жетпесе, жарық диодты индикатор (9) қызыл түспен жанып, дыбыстық сигнал беріледі. Бұрал бекітуді тағы бір рет орындау керек.
Қайталанудан қорғаныс
Бұрандалы қосылымда ажырату тіркесімі босатылса, қозғалтқыш өшеді. Қайта іске қосу тек 0,7 секундтық үзілістен кейін мүмкін болады. Осылайша қатты бұрандалы қосылымдардың қате тартылуына жол бермейсіз.
Бұрыштық оймалы бастиекті жылжыту ANGLE EXACT 2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 15 | 17 | 23 | 30
Бұрыштық оймалы бастиекті (3) жалпы сегіз күйге ауыстыруға болады.
Электр құралын айыр тәрізді кілтпен (6) бұрыш басты фланецтің кілт жазықтығында (5) мықтап ұстаңыз.
Электр құралын корпус қабығында қысуға болмайды.
Айыр тәрізді кілтпен (4) кілт жазықтығында (19) жаппа гайканы босатыңыз. Бұрыштық оймалы бастиекті (3) қалаулы күйге 45°-қа жылжытып, айыр тәрізді кілтпен (4) кілт жазықтығында (19) жаппа гайканы қайтадан тартып қойыңыз.
Бұл ретте айыр тәрізді кілтпен (6) бұрыш басты фланецке тіреп тұрыңыз.
ANGLE EXACT 14CF | 22CF | 29CF
Сатып алынған жылжытылған сырғақтық суппорт туралы мәліметтерге назар аударыңыз немесе делдалдан сұраңыз.
Жарық диодты жұмыс шамын жылжыту (J суретін қараңыз)
ANGLE EXACT 2 | 3 | 6 | 7 | 8 | 14CF | 15 | 17 | 22CF | 23 | 29CF | 30
Белгілеу шеңберін (17) жұқа бұрауыш парағымен, қалақшамен немесе ұқсас затпен басып қойыңыз. Серіппелі тежегіш сақинаны (33) серіппелі тежегіш сақина қысқышымен артқа қарай корпус сыртына жылжытыңыз.
Жарық диодты жұмыс шамын (18) жабатын жарық диоды ұстағышының (16) екі жартысын да енді қалаулы күйге келтіруге болады. Жарық диодты жұмыс шамындағы кабельді зақымдамай, тиісті корпус қабығындағы қуысқа (34) бүктемей жылжытыңыз. Жарық диодты жұмыс шамын (18) жарық диоды ұстағышының (16) екі корпус қабығымен қайтадан жауып қойыңыз.
Серіппелі тежегіш сақинаны (33) және белгілеу шеңберін (17) қайтадан әдепкі күйіне қайтарыңыз.
Техникалық күтім және қызмет
Қызмет көрсету және тазалау
Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады.
Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз.
Беріліс қорабына арналған май (225 мл)
Өнім нөмірі 3 605 430 009
Моликот майы
SAE 10/SAE 20 мотор майы
– Алғашқы 150 жұмыс сағатынан кейін беріліс қорабын жеңіл еріткішпен тазалаңыз. Еріткіш өндірушісінің пайдалану және кәдеге жарату нұсқауларын орындаңыз. Беріліс қорабын беріліс қорабына арналған Bosch майымен майлаңыз. Алғаш рет тазалаудан бастап тазалау процедурасын әр 300 жұмыс сағатынан кейін қайталаңыз.
– Ажырату тіркесімінің жылжымалы бөліктерін 100 000 бұрал бекіту әрекетінен кейін бірнеше тамшы SAE 10/SAE 20 мотор майымен майлаңыз. Сырланатын және айналмалы бөліктерді моликот майымен майлаңыз. Жағдай болғанда тіркесімнің тозған-тозбағанын тексеріп, қайталанушылық пен дәлдікке әсер етілмегеніне көз жеткізіңіз. Содан кейін тіркесімнің айналу моментін қайта орнату қажет. ▶ Қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарын тек мамандар мен дайындығы бар қызметкерлер орындауы тиіс. Осылайша электр құралының қауіпсіздігі сақталады. Өкілетті Bosch сервистік орталығы бұл жұмыстарды жылдам және сенімді түрде орындайды. ▶ Майлағыш және тазалағыш заттарды қоршаған орта үшін қауіпсіз жолмен кәдеге жарату қажет. Заңдық нұсқамаларды орындаңыз.
Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері
Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз: www.bosch-pt.com
Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді.
Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімнің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз.
Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек "Роберт Бош" фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Қазақстан
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы:
"Роберт Бош" (Robert Bosch) ЖШС
Алматы қ.,
Қазақстан Республикасы
050012
Мұратбаев к., 180 үй
"Гермес" БО, 7 қабат
Тел.: +7 (727) 331 31 00
Факс: +7 (727) 233 07 87
E-Mail: ptka@bosch.com
Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз www.bosch-professional.kz ресми сайтынан ала аласыз.
Кәдеге жарату

Электр құралдарды, аккумуляторларды, керек-жарақтарды және орау материалдарын экологиялық тұрғыдан
дұрыс утилизациялауға тапсыру керек.

Электр құралдарды және аккумуляторларды/батареяларды үй қоқысына тастамаңыз!
Тек қана ЕО елдері үшін:
Еуропа 2012/19/EU ережесі бойынша жарамсыз электр құралдары және Еуропа 2006/66/ЕС ережесі бойынша зақымдалған немесе ескі аккумулятор/батареялар бөлек жиналып кәдеге жаратылуы қажет.
Аккумуляторлар/батареялар:


Назар аударыңыз: бұл аккумуляторлардың құрамында кадмий, өте улағыш, ауыр металл бар.