HISENSE HVC676451DA - Шаңсорғыш

HVC676451DA - Шаңсорғыш HISENSE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы

Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HVC676451DA HISENSE PDF форматында.

📄 124 бет Қазақша KK 💬 ЖИ сұрағы ⚙️ Сипаттамалар
Notice HISENSE HVC676451DA - page 67
Нұсқаулық көмекшісі
ChatGPT арқылы жұмыс істейді
Хабарламаңызды күтуде
Өнім туралы ақпарат

Бренд : HISENSE

Модель : HVC676451DA

Санат : Шаңсорғыш

SKIP

Жиі қойылатын сұрақтар - HVC676451DA HISENSE

Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HVC676451DA - HISENSE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HVC676451DA брендінің HISENSE.

ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HVC676451DA HISENSE

66ПАЙДАЛАНУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ ҚАЗ

Аспапты қолдану кезінде берілген қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды орындаңыз: Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз және аспапты нұсқаулыққа сәйкес қолданыңыз. // Алғаш қолданар алдында аспаптың тасымалдау қаптамасын, қорғайтын пленкасын және жапсырмаларын алып тастаңыз. // Жұмыс жасап тұрған аспапты қараусыз қалдырмаңыз. // Қолданар алдында аспап бөлшектерін жинаңыз және бекітіңіз. // Аспапты құрғақ жабық ғимараттарда ғана қолданыңыз. // Аспапты өндіруші ұсынған бөлшектермен ғана қолдануға рұқсат етіледі. // Егер аспап құлаған, зақымдалған, ашық ауада сақталған немесе суға құлаған болса, оны қолданбаңыз. // Аспапты жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Бұл оның қызмет ету мерзімін ұзартады. // Шаштың, ұзын киімнің, саусақтың және дененің басқа да мүшелерінің аспаптың саңылауы мен жылжымалы бөліктеріне тиіп тұрмауын қадағалаңыз. // Аспап радио кедергілердің рұқсат етілетін деңгейлерін реттейтін электромагнитті өрістер мен нормалар жөніндегі барлық стандарттарға сәйкес келеді. // Аспап балалардың және физикалық немесе психикалық қабілеттері шектеулі адамдардың қолдануына арналмаған. Аспапты сегіз жастан асқан балаларға және физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек тәжірибесі бар адамның қадағалауымен немесе егер олар аспапты қолдануға үйретілген болса және аспапты дұрыс пайдаланбауға байланысты туындауы ықтимал қауіпті түсінген жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Аспап жұмысы кезінде балаларды қадағалаңыз. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз. // Балалар сегіз жасқа жеткен және үлкен кісінің қарауында болған жағдайда ғана аспапты тазалауды және оған қызмет көрсетуді орындай алады. // Қолданып болған соң аспапты сөндіріңіз.

Аспапты, зарядтау құрылғысын немесе көп функциялы станцияны суға немесе кез келген басқа да сұйықтыққа салмаңыз, ағын сумен жумаңыз. Маңызды ескертулер Интеллектуалды көп функциялы станция кірістірілген зарядтау кабелімен бірге жеткізіледі. // Интеллектуалды көп функциялы станцияны қорек желісіне жалғамас бұрын көрсетілген кернеудің сіздің қорек желісінің кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз. // Бұзылған шаңсорғышты немесе бұзылған интеллектуалды көп функциялы станцияны қолданбаңыз. // Егер интеллектуалды көп функциялы станция істен шықса, қауіптің алдын алу мақсатында оны жөндеу үшін тек түпнұсқа қосалқы бөлшектерді ғана қолданыңыз. // Интеллектуалды көп функциялы станцияға трансформатор орнатылған. Қауіптің алдын алу үшін адаптерді ағытып алуға және оны басқа адаптермен ауыстыруға тыйым салынады. // Зақымдалудың алдын алу үшін интеллектуалды көп функциялы станцияның кабелінен тартпаңыз және станция кабелін адаптерлерге немесе ұзартқыштарға жалғамаңыз. // Интеллектуалды көп функциялы станция шаңсорғыштың тек осы моделімен ғана қолдануға арналған, оны қандай да бір басқа мақсаттарда қолданбаған жөн. // Интеллектуалды көп функциялы станцияны шаң жинайтын қапсыз және сүзгісіз қолданбаңыз. // 67Интеллектуалды көп функциялы станцияны тазаламас бұрын станцияны желіден ажыратыңыз. // Шаңсорғышты тек интеллектуалды көп функциялы станция көмегімен ғана зарядтаңыз. // Шаңсорғышты интеллектуалды көп функциялы станцияда зарядтау кезінде оны қосуға болмайды. // Шаңсорғышты сүзгісіз немесе орнатылған сүзу элементісіз қолданбаңыз. // Шаңсорғыш жұмыс жасап тұрған кезде ауа шығаратын саңылауды бітеуге болмайды. // Шаңсорғышты тек бөлме ішінде және тек тұрмыстық мақсатта ғана қолданыңыз. // Сору саңылауларының бітеліп қалмағанына және аспаптың тиімді әрі бірқалыпты сору қуатына қол жеткізу үшін олар арқылы ауаның еркін өте алатынына көз жеткізіңіз. Сору шлангасының қол жетімді бөліктерін жүйелі түрде тазалап тұруды және ауа ағынына кедергі келтіруі мүмкін шаңды, шашты немесе басқа да қоқыстарды тазалап тұруды ұсынамыз. // Бықсып жатқан қоқысты, темекі тұқылын, сіріңкені, сұйықтықты (мысалы, су, кілем тазалауға арналған көбік) немесе өткір заттарды (сынған шыны және т.б.) тазалау үшін шаңсорғышты қолданбаңыз. // Соратын шлангты немесе аспаптың ашық бөлігін бетіңізге немесе денеңізге жақындатпаңыз. // Шаңсорғышты құрылыс материалдарын (ұсақ құм, ізбес, цемент шаңы, тонер шаңы және т.б. сияқты) жинау үшін қолданбаңыз. Бұл аспаптың бұзылуына алып келуі мүмкін. Ақаулықтарды іздеу және жою

Аспап жұмыс жасамайды. Аккумулятор толықтай разрядтанған. Аккумуляторды зарядтаңыз. Қол сорғысы дұрыс орнатылмаған. Қол сорғысын дұрыс жалғаңыз. Сору қуаты төмен. Шаң жинағыш толып қалған. Шаң жинағышты тазалаңыз. сүзгісі бітелген. сүзгісін тазалаңыз немесе уыстырыңыз. Ауа беретін түтік немесе айналып тұратын щетка бітелген. Турбощетканы тазалаңыз. Аспап зарядталмайды. Аккумулятор розеткаға қосылмаған. Аккумуляторды розеткаға жалғаңыз. Аккумулятор шаңсорғыш ұстағышындағы ағытпаға жалғанбаған. Аккумуляторды шаңсорғыш ұстағышына

Қол сорғысы орнатылмаған. Қол сорғысын орнатыңыз. Зарядтағаннан кейін шаңсорғыш өте қысқа уақыт жұмыс жасайды. Шаңсорғыш жеткілікті ұзақ зарядталмаған. Аккумуляторды нұсқаулыққа сәйкес зарядтаңыз. Аккумулятор өзінің ресурсін тауысқан. Аккумуляторды ауыстырыңыз. Қоршаған орта Бұйым тұрмыстық қалдық ретінде жойылмауы тиіс.Оны одан ары кәдеге жарату үшін оны электронды және электрлік жабдықтардың тиісті орындарына тапсырған жөн. Бұйымды кәдеге жарату ережелерін сақтау арқылы қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян келтірудің алдын ала аласыз. Бұл аспап Электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын қолдану туралы 2012/19/EU еуропа деректемесіне сәйкес таңбаланған (WEEE). Осы деректеме ЕО барлық елдерінде қолданылатын электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын жинау және кәдеге жарату бойынша талаптарды анықтайды. Кепілдік және сервис Ақаулар туындаған кезде авторлық құқығы бар сервис орталығына хабарласыңыз. Авторлық сервис орталықтарының тізімін «Кепілді міндеттемелер» кітапшасынан және www. Hisense.com сайтынан таба аласыз. Ескертпе:Аккумулятор кепілдігі 12 ай. Тек тұрмыста қолда нуға арналған! 68Қауіпсіздік мақсатында аспаптың кейбір бөліктері жеке қапталған және негізгі қаптамаға салынған. // Алғаш қолданар алдында құрастыру және қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен мұқият танысып шығыңыз. // Аспап үй жағдайында құрғақ тазалауға арналған.

Қозғалтқышы, аккумуляторы және шаң жинағышы бар корпус

Еденге арналған электр жетегі бар щетка

Ұзын жіңішке қондырма

Мата беттерді тазалауға арналған электр жетегі бар қондырма

Микросүзгісі бар 2 қап

Шаңсорғыш: Шлангтың жоғарғы бөлігін қозғалтқыш блогына, ал төменгі бөлігін еденге арналған щеткаға жалғаңыз. Егер құрылғы саңылауларға тығыз салынған болса (сәл ғана сырт еткен дыбысты естисіз), құрастыру дұрыс орындалған. Аспап пішіміне байланысты тұрақты болып табылмайды. Аксессуарлары бар интеллектуалды көп функциялы станция: оны суреттемелері бар нұсқауларға сәйкес құрастырыңыз. // Қап жоғарғы бөлікте сақталады. // Төменгі бөлікте екі кішкене қондырмаға және текстиль беттерге арналған электрлік жетегі бар қондырмаға арналған орын қарастырылған. // Шаң сорғышты көп функциялы станцияға орналастырыңыз. // Интеллектуалды көп функциялы станцияны кез келген қыздыру элементтерінен кемінде 1м қашықтыққа орналастырыңыз.

Щеткалар мен қондырмалар шлангқа да, қозғалтқыш блогына да сай келеді. // Щеткалар мен қондырмалардағы батырмаларды басу арқылы оларды түрлі қолданыстар үшін тез өзгерте аласыз:

Иілімді шланг диван, шкаф және т.б. астын жинауға қолданылады. // Шлангты шлангтағы батырманы басу арқылы жинауға болады. // Егер шлангты қайта жазып алғыңыз келсе, оны сырт еткен дыбыс шыққанша тартыңыз.

Еденге арналған щетка барлық беттерді (еден бетін шаңсорғышпен құрғақ тазалау) тазалау үшін қолданылады. Шаңсорғышты түгі қалың кілемдерді тазалау үшін қолданбаңыз, әйтпесе түк щетканың шығыршықтарына оралып қалуы мүмкін, бұл шаңсорғыштың бұзылуына алып келеді.

Мата беттерге арналған қондырма беттерді үй жануарлардың жүндерінен тазалау, сондай-ақ дивандарды, кереуеттерді және т.б. тазалау үшін жарамды.

Жіңішке қондырма тар қатынау қиын жерлерді (бұрыштар, дивандар, өрмекші, радиатордың артын ...) тазалауға арналған.

Қылдары бар қондырма (жиектемелерге, жылжымалы жәшіктерге арналған...).

Интеллектуалды көп функциялы станция қосымша жабдықтарды сақтау, шаң жинағышты босату және шаңсорғышты зарядтау үшін қолданыла алады. Шаңсорғышты интеллектуалды көп функциялы станцияға орнатқаннан соң екі секундтан кейін шаңсорғышта индикатор жанады, шаң жинағыш босайды. Шаң жинағышты босату үшін қақпақтың төменгі бөлігі ашылады. Процесс ұзақтығы 3- 5 секундтан аспайды (жасыл индикатор жанады). // Егер шаң жинағышты қосымша тазалауды орындағыңыз келсе, дисплейдегі қосу/өшіру батырмасын басып, бірнеше секунд ұстап тұрыңыз, шаң жинағышты босату процесі қайталанады // Процессті аяқтағаннан кейін шаңсорғышты зарядтау процесі басталады. Егер контейнердің төменгі қақпағы автоматты түрде жабылмаса, оны шаңсорғышты станциядан алу кезінде жабыңыз. Егер шаң жинағыш қақпағы тығыз жабылмаса, қызыл индикатор жыпылықтай бастады. 69ЗАРЯДТАУ Интеллектуалды көп функциялы станция кірістірілген зарядтау кабелімен жеткізіледі. // Оны кез келген қыздыру аспаптарынан кемінде 1м қашықтыққа орналастырыңыз. // Кабельдің желіге тікелей жалғанғанына көз жеткізіңіз, үш тармақтар мен ұзартқыштарды қолданбаңыз. // Интеллектуалды көп функциялы станция шаңсорғыштың тек осы моделіне арналған және құрылымы осы шаңсорғыштың құрылымынан өзгеше болатын басқа модельдер үшін қолданыла алмайды. // Зарядтау кезінде шаңсорғыш дисплейінде батарея зарядының пайызы көрсетіледі. // Құрылғыны зарядтау кезінде қосу мүмкін емес.

Қосу/өшіру батырмасы

Сандық дисплейде қолданудың бірнеше түрлі функциясы көрсетіледі:

Шығыршықтың үсті сызылған белгісі: осы символ жанған кезде щетканы бөгде заттардан тазалау қажет.

Толып қалған контейнер белгісі: шаң жинағышты тазалау қажет.

Айналымдарды ауыстырып қосу және дисплей белгілері: дөңгелек ауыстырып қосқыш көмегімен сору қуатын реттей аласыз // шаңсорғыштың үш сору жылдамдығы бар. // Үш жылдамдықтың біреуін таңдай аласыз (max (13 минутқа дейін), med (20 минутқа дейін), min (60 минутқа дейін))

АСПАПТЫ КӘДЕГЕ ЖАРАТУ Егер аспапты ауыстыруды қаласаңыз немесе аспап бұдан былай қажет болмаса, қоршаған ортаны қорғау туралы ойланған жөн. Шаңсорғышты кәдеге жаратпас бұрын аккумулятор батареясын ағытып алу қажет. // Аккумулятор батареясын қауіпсіз алу үшін оның толықтай разрядтанғанына көз жеткізіңіз. Егер аспапта алмалы-салмалы аккумулятор батареясы болмаса, суреттемелері бар жадынамада берілген нұсқауларды орындаңыз.

Шаң жинағыш пен сүзгілер Интеллектуалды көп функциялы станция: жоғарғы бөлігінде қапқа арналған орын бар, бұл жерге контейнердегі шаң жиналады. Қапты саңылауларынан шығарып алып, қоқыс шелегіне лақтырыңыз. Жиынтықта қосымша қаптар ұсынылады. Егер қаптарыңыз бітіп қалса, оны дүкеннен ала немесе онлайн тапсырыс бере аласыз, қап артикулі ішкі бетінде көрсетілген. // Қажет болған кезде ауыстырып алуға болатын сүзгі дәл сол бөлікте астында орналасқан. Шаңсорғыш: шлангты қозғалтқыш блогынан алыңыз. // Шаң жинағышты тазалау үшін қозғалтқыш блогының бүйір бетіндегі батырманы басыңыз. Ұстап тұратын штифт контейнерді босатады. // Алдымен шаң жинағышты астынан ұстап көтеріңіз, содан соң оны қозғалтқыш блогынан бұрыштап шығарып алыңыз. // Сүзгісі бар жиектемені контейнерден шығарып алыңыз. // Сүзгіні жиектемеден ақырын шығарып алу үшін оны солға бұрыңыз. // Шаң жинағышты, муфтаны және сүзгіні сүртуге, сілкуге немесе жылы сумен шаюға болады, бірақ сақ болыңыз, өйткені дұрыс қолданбау шаңсорғыш компоненттерінің бүлінуіне алып келуі мүмкін. // Контейнерді орнына орнатпас бұрын бөлшектердің барлығының толықтай кепкеніне көз жеткізіңіз. // Шаң жинағыштың ішкі компоненттерін орнату үшін құрастыруды кері тәртіппен орындаңыз. // Шаң жинағышты орнату кезінде алдымен контейнерді шағын ұстап тұратын штифті бар орынға орнатқаныңызға көз жеткізіңіз; осыдан кейін контейнерді қозғалтқыш блогына бағыттай отырып, бұрыштап жылжытыңыз. // Шаң сүзгісі орнатылмаған шаңсорғышты қолданбаңыз.

Сүзгіні ауыстыру Егер сүзгінің бүлінгенін байқасаңыз, оны тез арада ауыстырыңыз. Аспапты жүйелі түрде қолдану кезінде шаңсорғыштық қызмет ету мерзімін ұзарту үшін сүзгіні әр 6 ай сайын ауыстыруды ұсынамыз.