HVC5101W - Шаңсорғыш HISENSE - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз HVC5101W HISENSE PDF форматында.
| Өнім түрі | Ылғалды тазарту опциясы бар сыдырғы шаңсорғыш |
| Бренд | Hisense |
| Модель | HVC5101W |
| Қуат көзі | 10,8 В / 2000 мАч литий-ионды аккумулятор |
| Желілік адаптер | 18 В тұрақты ток / 500 мА |
| Номиналды қуат | 85 Вт |
| Шаң жинағыштың сыйымдылығы | 300 мл |
| Таза су резервуарының сыйымдылығы | 400 мл |
| Болжалды жұмыс уақыты | Шамамен 30 минут (пайдалануға байланысты) |
| Зарядтау уақыты | Шамамен 4-5 сағат |
| Негізгі функциялар | Құрғақ сору және едендерді ылғалды тазарту |
| Сүзгі түрі | Жууға болатын сүзгі (әр 6 ай сайын ауыстыру ұсынылады) |
| Щетка | Алынбалы шүберегі бар моторлы щетка |
| Күтім | Шаң жинағыш пен сүзгі жууға болады; шүберекті 40°C температурада машинада жууға болады |
| Қауіпсіздік | Шамадан тыс жүктемеден қорғау, автоматты тоқтау, суға батырмаңыз |
| Пайдалану | Тек үй ішінде, тұрмыстық пайдалану үшін |
| Кепілдік | Hisense халықаралық кепілдігі; аккумуляторға 12 ай кепілдік |
| Жеткізілетін керек-жарақтар | Адаптер, 2 шүберек, дозатор, қосымша сүзгі |
| Салмағы | Шамамен 3,5 кг (бағалау) |
Жиі қойылатын сұрақтар - HVC5101W HISENSE
Пайдаланушылардың сұрақтары туралы HVC5101W HISENSE
0 сұрақ осы құрылғы туралы. Білетініңізге жауап беріңіз немесе өзіңіздікін қойыңыз.
Осы құрылғы туралы жаңа сұрақ қою
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз Шаңсорғыш PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз HVC5101W - HISENSE және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. HVC5101W брендінің HISENSE.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ HVC5101W HISENSE
Аспапты қолдану кезінде берілген қауіпсіздік жөніндегі нұсқауларды орындаңыз: Пайдалану жөніндегі нұсқаулықты мұқият оқыңыз және аспапты нұсқаулыққа сәйкес қолданыңыз. // Алғаш қолданар алдында аспаптың тасымалдау қаптамасын, қорғайтын пленкасын және жапсырмаларын алып тастаңыз. // Жұмыс істеп тұрған аспапты қараусыз қалдырмаңыз. // Қолданар алдында аспап бөлшектерін жинаңыз және бекітіңіз. // Аспапты құрғақ жабық ғимараттарда ғана қолданыңыз. // Аспапты өндіруші ұсынған бөлшектермен ғана қолдануға рұқсат етіледі. // Егер аспап құлаған, зақымдалған, ашық ауада сақталған немесе суға құлаған болса, оны қолданбаңыз. // Аспапты жүйелі түрде тазалап тұрыңыз. Бұл оның қызмет ету мерзімін ұзартады. // Шаштың, ұзын киімнің, саусақтың және дененің басқа да мүшелерінің аспаптың саңылауы мен жылжымалы бөліктеріне тиіп тұрмауын қадағалаңыз. // Аспап радио кедергілердің рұқсат етілетін деңгейлерін реттейтін электромагнитті өрістер мен нормалар жөніндегі барлық стандарттарға сәйкес келеді. // Аспап балалардың және физикалық немесе психикалық қабілеттері шектеулі адамдардың қолдануына арналмаған. Аспапты сегіз жастан асқан балаларға және физикалық, қозғалу және психикалық қабілеттері шектелген адамдарға, сонымен қатар оны қолдану үшін жеткілікті тәжірибесі мен білімі жоқ адамдарға тек тәжірибесі бар адамның қадағалауымен немесе егер олар аспапты қолдануға үйретілген болса және аспапты дұрыс пайдаланбауға байланысты туындауы ықтимал қауіпті түсінген жағдайда ғана осы аспапты қолдануға рұқсат етіледі. Аспап жұмысы кезінде балаларды қадағалаңыз. Балаларға аспаппен ойнауға рұқсат етпеңіз. // Балалар сегіз жасқа жеткен және үлкен кісінің қарауында болған жағдайда ғана аспапты тазалауды және оған қызмет көрсетуді орындай алады. // Қолданып болған соң аспапты сөндіріңіз.
Қауіптілік
Аспапты және зарядтау базасын (немесе адаптерді) суға және басқа да сұйықтыққа батырмаңыз, ағын судың астында жумаңыз.
Маңызды ескертулер
Желілік шнуры бар аспапты немесе зарядтау базасын электр желісіне жалғар алдында номиналды кернеудің электр желісінің кернеуіне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз. // Аспап және зарядтау базасы (немесе адаптер - аспабыңыздың моделіне байланысты) бүлінген болса, оларды қолданбаңыз. // Зарядтау базасы (немесе адаптер) бүлінген жағдайда аспапты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін тек түпнұсқа бұйымдарды ғана қолданыңыз. // Адаптерге трансформатор кірістірілген. Адаптерді ағытып алуға және ауыстыруға тыйым салынады, өйткені бұл қауіпті жағдайға алып келуі мүмкін. // Аккумуляторды аспап жиынтығына кіретін адаптердің және зарядтау базасының көмегімен ғана зарядтауға болады. Зарядтау процесінде адаптердің қызуына жол беріледі (егер адаптер жеткізу жиынтығына кіретін болса, моделіне байланысты). // Зарядтау кезінде аспапты сөндіріп қойыңыз. // Аспапты сүзгілерсіз немесе сүзгілер блогысыз қолдануға тыйым салынады. // Ауа шығаруға арналған саңылаулардың аспап жұмысы кезінде бітелмеуін қадағалаңыз. //
Шаңсорғыш бөлме ішінде жинау мақсатында үйде қолдануға арналған. Сору қуатын және жинау тиімділігін сақтау үшін соратын саңылаулардың тазалығын қадағалаңыз. Түрбаның саңылауларын шаңнан, шаштан және ауа ағынын бітеуі мүмкін басқа да ластардан жиі тазалап тұрыңыз. Тұғырды немесе зарядтау базасын тазалар алдында оны электр желісінен ажыратыңыз. Аспапты әлі де суымаған күлді, жоңқаларды, тұқылдарды, сіріңкелерді, сұйықтықтарды (мысалы, кілемдерге арналған көбік), өткір заттарды (жарықшақтарды және т.б.) жинау үшін қолдануға тыйым салынады. Соратын саңылауды өзіңізге жақындатпаңыз. Аспапты құрылыс қоқысын (ұсақ құм, ізбес, цемент) және принтерге арналған тонерді жинау үшін қолданбаңыз, өйткені бұл аспаптың сынуына алып келуі мүмкін.
Ақаулықтарды іздеу және жою
| Ақаулық | Ықтимал себебі | Жою |
| Аспап жұмыс жасамайды. | Аккумулятор толықтай разрядтанған. | Аккумуляторды зарядтаңыз. |
| Қол сорғысы дұрыс орнатылмаған. | Қол сорғысын дұрыс жалғаңыз. | |
| Сору қуаты төмен. | Шаң жинағыш толып қалған. | Шаң жинағышты тазалаңыз. |
| сүзгісі бітелген. | сүзгісін тазалаңыз немесе ұыстырыңыз. | |
| Ауа беретін түтік немесе айналып тұратын щетка бітелген. | Турбощетканы тазалаңыз. | |
| Аспап зарядталмайды. | Аккумулятор розеткаға қосылмаған. | Аккумуляторды розеткаға жалғаңыз. |
| Аккумулятор шаңсорғыш ұстағышындағы ағытпаға жалғанбаған. | Аккумуляторды шаңсорғыш ұстағышына жалғаңыз. | |
| Қол сорғысы орнатылмаған. | Қол сорғысын орнатыңыз. | |
| Зарядтағаннан кейін шаңсорғыш өте қысқа уақыт жұмыс жасайды. | Шаңсорғыш жеткілікті ұзақ зарядталмаған. | Аккумуляторды нұсқаулыққа сәйкес зарядтаңыз. |
| Аккумулятор өзінің ресурсін тауыскан. | Аккумуляторды ауыстырыңыз. |
Қоршаған орта
Бұйым тұрмыстық қалдық ретінде жойылмауы тиіс. Оны одан әрі кәдеге жарату үшін оны электронды және электрлік жабдықтардың тиісті орындарына тапсырған жөн. Бұйымды кәдеге жарату ережелерін сақтау арқылы қоршаған ортаға және адамдардың денсаулығына зиян келтірудің алдын ала аласыз.
Бұл аспап Электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын қолдану туралы 2012/19/EU еуропа деректемесіне сәйкес таңбаланған (WEEE). Осы деректеме ЕО барлық елдерінде қолданылатын электрлік және электронды жабдықтардың қалдықтарын жинау және кәдеге жарату бойынша талаптарды анықтайды.
Кепілдік және сервис
Ақаулар туындаған кезде авторлық құқығы бар сервис орталығына хабарласыңыз. Авторлық сервис орталықтарының тізімін «Кепілді міндеттемелер» кітапшасынан және www. Hisense.com сайтынан таба аласыз.
Ескертпе: Аккумулятор кепілдігі 12 ай.
Тек тұрмыста қолдануға арналған!
Hisense
Тасымалдау мақсатында аспаптың кейбір бөлшектері жеке қапталған және негізгі қаптамаға қауіпсіз тәсілмен салынған.
Алғаш қолданар алдында құрастыру және қауіпсіз пайдалану жөніндегі нұсқаулықпен танысыңыз. Аспап конструкциясы оны тәуелсіз орналастыруды қарастырмаған. Сондықтан аспапты зарядтау станциясына қауіпсіз орналастыруды ұсынамыз. Аспап тұрмыстық қолдануға, еденді дымқылдай тазалау мүмкіндігімен құрғақтай тазалауға арналған.
Аспап компоненттері
1 Қозғалтқыш блогы, аккумуляторы және шаң жинағышы бар корпус
2 Тұтқа
4 Дымқылдай жинауға арналған 2 мата қондырма
5 Дозатор
6 Өлшейтін стакан
Аспапты құрастыру

Аспап тұтқасы мен қозғалтқыш блогын орнатыңыз. Аспаптың дұрыс жиналғанына және саңылауларына берік бекітілгеніне көз жеткізіңіз.
Сақтау немесе зарядтау кезінде аспапты жақын орналасқан жылу көздерінен кемінде 1 м қашықтыққа ұстаған жөн. Аспап конструкциясы оны тәуелсіз орналастыруды қарастырмаған.

Аспапты қолдану және пайдалану
Аспапты дымқылдай жинау үшін қолдануға болатын тік шаңсорғыш ретінде де қолдануға болады. Бұл екі функцияны жеке-жеке қолдануға да болады. Егер тек құрғақтай жинауды жүргізсеңіз және еден жуу функциясын қолданбайтын болсаңыз, біз еден жууға арналған қондырманы щетканың төменгі бөлігінен алып тастауды ұсынамыз.

Суға арналған резервуарды ашу үшін суретті қараңыз. Суға арналған резервуарды су құбыры суымен (бөлме температурасындағы) судың максималды рұқсат етілетін мөлшерін көрсететін максималды белгіге дейін толтырыңыз. Судың шашырауының алдын алу үшін максималды рұқсат етілетін деңгейден асырмаңыз. Қақпақты жабыңыз.

Қосу/өшіру батырмасы тұтқаның алдыңғы бөлігінде орналасқан. Еденге шашылатын суды беруді бақылау үшін тұтқаның сыртқы бетіндегі батырманы қолданыңыз. Өзіңізге қажетті су мөлшерін қолдана аласыз. Аспап дымқыл вакуумды тазалау үшін қарастырылмаған, сондықтан сақ болыңыз - еденді өте көп суламаңыз.

Суды еденге шашу үшін тұтқаның артқы бетіндегі батырманы басыңыз. Аспап суды алдыңғы беттегі, щетканың астындағы форсунка арқылы шашады.

Алдыңғы бетіндегі дисплей блогы келесілерді көрсетеді: Аспаптың батарея зарядының сандық индикаторы бар. Индикатор қолдану кезіндегі немесе зарядтау процесіндегі батареяның ағымдағы зарядын көрсетеді. Құрғақ тазалау индикаторы. Дымқыл жинау индикаторы.
Аспапты зарядтау

Зарядтау адаптерін қорек шнурының көмегімен шаңсорғыштың артқы бетіне жалғаңыз. Адаптердің/зарядтау құрылғысының айтарлықтай жеңіл қосылуға және зарядтауға арналған магнитті қондырмасы бар.
Аспапты зарядтау кезінде қосу мүмкін емес.
Аспапты тазалау
Әр қолданар алдында аспаптың, шаң жинағыштың және сүзгінің таза екеніне көз жеткізіп алыңыз; тек осылайша ғана аспаптың қызмет ету мерзімін ұзарта аласыз.

Шаңға арналған контейнер щетканың жоғарғы бөлігінде орналасқан.
Шаң жинағышты алу үшін алға шығыңқы ортаңғы бөлігінен ұстап, жай ғана көтеріңіз.
Щетканың төменгі бөлігіне ысырма-жапсырманың көмегімен бекітілген мата қондырманы да ағытып алыңыз. Мата қондырманы қайта қолдануға, кір жуу машинасында 40°C-ге дейінгі температурада жууға болады. Мата қондырманы кір жуу машинасында кептірмеңіз, өйткені шектен тыс температура оның түрінің өзгеруіне алып келуі мүмкін.

Шаң жинағышты щеткадан алу кезінде оны ашу және босату үшін батырманы басыңыз.
Контейнерді жууға болады, бірақ орнына орнатар алдында мұқият кептіріп алу қажет.

Суретте көрсетілгендей шаң сүзгісін ағытып алыңыз және оны ақырын сілкіңіз. Сондай-ақ оны мұқият жуа аласыз, бірақ сақ болыңыз - оны бүлдіріп алу оңай. Егер сүзгі бүлінген болса, оны ауыстырыңыз, өйткені дұрыс қолданбау қозғалтқыш блогының бүлінуіне алып келуі мүмкін. Тиімді пайдалану үшін біз сүзгіні әр жарты жыл сайын ауыстырып отыруды ұсынамыз.
Барлық бөлшектерін тазалап болған соң аспапты құрастырыңыз.
Аспапты қажет болмаған кезде бөлшектемеңіз және ашпаңыз. Аспапты лақтырмас бұрын аккумуляторының толықтай разрядталғанына көз жеткізіңіз. Аспаптың қызмет ету мерзімі аяқталғаннан кейін оны әдеттегі тұрмыстық қалдықтармен бірге лақтырмаңыз. Аспапты қалдықтарды екінші ретті қайта өңдейтін арнайы орталықтарға беріңіз. Бұл қоршаған ортаға келтірілетін залалдың алдын алуға көмектеседі.
| Тауар атауы: | Еден жуу функциясы бар шансорғыш |
| Аспаптың номиналды кернеуі: | DC 10.8 В / 2000 мAh / литий-ионды аккумуляторлар |
| Аспаптың номиналды куаты: | 85Вт |
| Адаптер кернеуі: | 18 ВDC 500 мА |
| Суға арналған резервуардың,сыйымдылығы: | 400 мл |
| Шаң жинағыштың, сыйымдылығы: | 300 мл |