YOUseries Drill - бурғы BOSCH - Тегін пайдаланушы нұсқаулығы
Құрылғының нұсқаулығын тегін табыңыз YOUseries Drill BOSCH PDF форматында.
Құрылғыңыздың нұсқаулығын жүктеңіз бурғы PDF форматында тегін! Нұсқаулықтарыңызды табыңыз YOUseries Drill - BOSCH және электрондық құрылғыңызды қайта қолыңызға алыңыз. Бұл бетте құрылғыңызды пайдалануға қажетті барлық құжаттар жарияланған. YOUseries Drill брендінің BOSCH.
ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ YOUseries Drill BOSCH
Еуразия экономикалық одағына (Кеден одағына) мүше мемлекеттер аумағында қолданылады Өндірушінің өнім үшін қарастырған пайдалану құжаттарының құрамында пайдалану жөніндегі осы нұсқаулық, сонымен бірге қосымшалар да болуы мүмкін. Сəйкестікті растау жайлы ақпарат қосымшада бар. Өнімді өндірген мемлекет туралы ақпарат өнімнің корпусында жəне қосымшада көрсетілген. Өндірілген мерзімі Нұсқаулық мұқабасының соңғы бетінде көрсетілген. Импортерге қатысты байланыс ақпарат өнім қаптамасында көрсетілген. Өнімді пайдалану мерзімі Өнімнің қызмет ету мерзімі 7 жыл. Өндірілген мерзімнен бастап (өндіру күні зауыт тақтайшасында жазылған) істетпей 5 жыл сақтағаннан соң, өнімді тексерусіз (сервистік тексеру) пайдалану ұсынылмайды. Қызметкер немесе пайдаланушының қателіктері мен істен шығу себептерінің
– тұтқасы мен корпусы бұзылған болса, өнімді пайдаланбаңыз – өнім корпусынан тікелей түтін шықса, пайдаланбаңыз – тоқ сымы бұзылған немесе оқшаулаусыз болса, пайдаланбаңыз – жауын –шашын кезінде сыртта (далада) пайдаланбаңыз – корпус ішіне су кірсе құрылғыны қосушы болмаңыз – қөп үшқын шықса, пайдаланбаңыз – қатты діріл кезінде пайдаланбаңыз Шекті күй белгілері – тоқ сымының тозуы немесе зақымдануы – өнім корпусының зақымдалуы Bosch Power Tools 1 609 92A 4G8 | (05.12.2018)260 | Қазақ Қызмет көрсету түрі мен жиілігі Әр пайдаланудан соң өнімді тазалау ұсынылады.
– құрғақ жерде сақтау керек – жоғары температура көзінен және күн сәулелерінің әсерінен алыс сақтау керек – сақтау кезінде температураның кенет ауытқуынан қорғау керек – орамасыз сақтау мүмкін емес – сақтау шарттары туралы қосымша ақпарат алу үшін МЕМСТ15150 (шарт1) құжатын қараңыз
– тасымалдау кезінде өнімді құлатуға және кез келген механикалық ықпал етуге қатаң тыйым салынады – босату/жүктеу кезінде пакетті қысатын машиналарды пайдалануға рұқсат берілмейді. – тасымалдау шарттары талаптарын МЕМСТ 15150 (5шарт) құжатын оқыңыз. Электр құралдары үшін жалпы қауіпсіздік
Осы электр құралының жинағындағы ескертулерді, нұсқауларды, суреттерді және сипаттамаларды оқыңыз. Барлық техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын орындамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Болашақ жұмыстар үшін қауіпсіздік нұсқаулықтары мен ескертпелерді сақтап
Қауіпсіздік нұсқаулықтарында пайдаланылған Электр құрал атауының желіден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі менен) және аккумуляторден қуат алатын электр құралдарына (желілік кабелі жоқ) қатысы бар. Жұмыс орнының қауіпсіздігі u Жұмыс орнын таза және жарық ұстаңыз. Ластанған және қараңғы жайларда сәтсіз оқиғалар болуы мүмкін. u Электр құрылғысын жарылатын атмосферада пайдаланбаңыз, мысалы, жанатын сұйықтық, газ немесе шаң бар болғанда. Электр құрал ұшқындарды жасайды, ал олар шаң немесе буларды жандыруы мүмкін. 1 609 92A 4G8 | (05.12.2018) Bosch Power ToolsҚазақ | 261 u Балалар мен бақылаушыларды электр құралынан алыс ұстаңыз. Алданулар бақылау жоғалуына алып келуі мүмкін. Электр қауіпсіздігі u Электр айырлары розеткаға сай боулы тиіс. Айырды ешқашан ешқандай тәрізде өзгертпеңіз. Жерге косылған электр құралдарымен адаптер айырларын пайдаланбаңыз. Өзгертілмеген айырлар мен сәйкес розеткалар электр тұйықталуының қауіпін төмендетеді. u Құбырлар, радиаторлар, плиталар мен суытқыштар сияқты жерге қосылған беттерге тимеңіз. Денеңіз жерге қосылған болса жоғары тоқ соғу қауіпі пайда
u Электр құралдарды жаңбырда немесе ылғалды қоршауда пайдаланбаңыз. Электр құралына кірген су тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Кабельді тиісті болмаған ретте пайдаланбаңыз. Кабельді электр құралын тасу, көтеру немесе тоқтан шығару үшін пайдаланбаңыз. Кабельді ыстықтық, май, өткір қырлар және жылжымалы бөлшектерден алыс ұстамаңыз. Зақымдалған немесе бытысып кеткен кабель тоқ соғу қауіпін жоғарылатады. u Электр құралын сыртта пайдаланғанда сыртқы жайлар үшін сай кабельді пайдаланыңыз. Сыртта пайдалануға жарамды кабельді пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендейді. u Егер электр құралын ылғалды жерде пайдалану керек болса, онда қорғайтын өшіру құрылғысы (RCD) арқылы қорғалған тоқ желісін пайдаланыңыз. RCD пайдалану тоқ соғу қауіпін төмендетеді. Жеке қауіпсіздік u Электр құралды пайдалануда абай болыңыз, жұмысыңызды бақылаңыз және парасатты пайдаланыңыз. Электр құралды шаршаған кезде немесе есірткі, алкоголь немесе дәрі әсер еткен кезде пайдаланбаңыз. Электр құралын пайдалану кезінде аңсыздық ауыр жеке жарақаттануға алып келуі
u Жеке қорғайтын жабдықтарды пайдаланыңыз. Әрдайым көз қорғанысын тағыңыз. Шаң маскасы, сырғанбайтын қауіпсіздік аяқ киімдері, шлем немесе есту қорғаныштары сияқты қорғағыш жабдықтары тиісті жағдайларда қолданып жеке жарақаттануларды кемейтеді. u Кездейсоқ іске қосылудың алдын алу. Тоқ көзіне және/немесе батареялар жинағына қосудан алдын, құралды көтеру немесе тасудан алдын өшіргіш Bosch Power Tools 1 609 92A 4G8 | (05.12.2018)262 | Қазақ өшік күйде болуына көз жеткізіңіз. Электр құралын саусақты өшіргішке қойып тасу немесе қосқышы қосулы электр құралын тоққа қосу сәтсіз оқиғаға алып келуі
u Электр құралын қосудан алдын келген реттеу сынасын немесе кілтті алып қойыңыз. Электр құралының айналатын бөлігінде қалған кілт немесе сына жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Көп күш істетпеңіз. Әрдайым тиісті таяныш пен тең салмақытылқты сақтаңыз. Бұл күтілмеген жағдайларда электр құралдың бақылануын сақтайды. u Тиісті киім киіңіз. Бос киім мен әшекейлерді киймеңіз. Шашыңыз бен киімдерді жылжымалы бөлшектерден алыс ұстаңыз. Бос киімдер, әшекейлер немесе ұзын шаш жылжымалы бөлшектер арқылы тартылуы мүмкін. u Егер шаң шығарып жинау жабдықтарына қосу құрылғылары берліген болса, онда олар қосулы болуына және тиісті ретте қолдануына көз жеткізіңіз. Шаң жинауды пайдалану шаңға байланысты зияндарды кемейтеді. u Аспаптарды жиі пайдаланып жақсы білгеннен соң масайрап кетпей қауіпсіздік принциптерін елемей отырмаңыз. Абайсыз әрекет секунд ішінде ауыр жарақаттануға алып келуі мүмкін. u НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Энергиямен жабдықтаудың толықтай не жекелей тоқтатылуы немесе энергиямен жабдықтауды басқару тізбегінің ақаулануы салдарынан электр құралының жұмысында кідіріс пайда болған жағдайда, бұғатталмағандығына көз жеткізіп (болған жағдайда) барып, ажыратқышты Выкл. (Өшіру) қалпына келтіріңіз. Желілік ашаны розеткадан шығарыңыз немесе алып – салмалы аккумуляторды ажыратыңыз. Осы әрекет арқылы бақыланбайтын қайта іске қосылудың алдын аласыз. Электр құралдарын пайдалану және күту u Құралды аса көп жүктемеңіз. Жұмысыңыз үшін жарамды электр құралын пайдаланыңыз. Жарамды электр құралымен керекті жұмыс аймағында дұрыс әрі сенімді жұмыс істейсіз. u Ажыратқышы дұрыс емес электр құралын пайдаланбаңыз. Қосуға немесе өшіруге болмайтын электр құралы қауіпті болып, оны жөндеу қажет болады. u Жабдықтарды реттеу, бөлшектерін алмастыру немесе электр құралдарын қоймаға қою алдында, ашаны қуат көзінен ажыратыңыз және/немесе аккумуляторы алмалы-салмалы болса, оны электр құралынан алып тастаңыз. Бұл сақтық әрекеті электр құралдың байқаусыз қосылуына жол
1 609 92A 4G8 | (05.12.2018) Bosch Power ToolsҚазақ | 263 u Пайдаланылмайтын электр құралдарды балалар қолы жетпейтін жайға қойыңыз. Осыларды білмейтін немесе осы ескертпелерді оқымаған адамдарға бұл құралды пайдалануға жол бермеңіз. Тәжірібесіз адамдар қолында электр құралдары қауіпті болады. u Электр құралдарын мен керек-жарақтарын ұқыпты күтіңіз. Қозғалмалы бөлшектердің кедергісіз істеуіне және кептеліп қалмауына, бөлшектердің ақаусыз немесе зақымдалмаған болуына, электр құралының зақымдалмағанына көз жеткізіңіз. Зақымдалған бөлшектері бар құралды пайдаланудан алдын жөндеңіз. Электр құралдарының дұрыс күтілмеуі жазатайым оқиғаларға себеп болып жатады. u Кескіш аспаптарды өткір және таза күйде сақтаңыз. Дұрыс күтілген және кескіш жиектері өткір кескіш аспаптар аз кептеліп, кесілетін бетке оңай бағытталады. u Электр құралын, жабдықтарды, алмалы-салмалы аспаптарды және т.б. осы нұсқауларға сай пайдаланыңыз. Сонымен жұмыс шарттарымен орындайтын әрекеттерге назар аударыңыз. Электр құралдарын арналмаған жұмыстарда пайдалану қауіпті. u Қолтұтқалар мен қармау беттерін құрғақ, таза және май мен ластан таза ұстаңыз. Сырғанақ қолтұтқалар мен қармау беттері күтілмеген жағдайларда сенімді қолдану мен бақылауға жол бермейді. Батарея құралын пайдалану және күту u Тек өндіруші сипаттаған зарядтағышмен қайта зарядтаңыз. Батарея жинағының бір түріне сай зарядтағыш басқа батарея жинағымен қолдануда өрт қауіпіне адып келуі мүмкін. u Электр құралдарын тек арнайы тағайындалған батарея жинақтарымен пайдаланыңыз. Кез келген басқа батарея жинақтарын пайдалану жарақаттану мен өрт қауіпіне алып келеді. u Егер батарея жинағы қолдануда болмаса, оны түйреуіш, тиын, кілт, шеге, бұранда немесе басқа кіші метал заттардан ұстаңыз, олар бір терминалдан басқасына байланыс жасауы мүмкін. Батарея терминалдарын қосу күйік немесе өртке алып келуі мүмкін. u Дұрыс емес пайдалануда батареядан сұйықтық ағуы мүмкін, оған тимеңіз. Егер тиіп қалсаңыз, сумен шайып тастаңыз. Егер сұйықтық көзге тисе дәрігерге хабарласыңыз. Батареядан шаққан сұйықтық қозу немесе күйіктерге алып келуі мүмкін. Bosch Power Tools 1 609 92A 4G8 | (05.12.2018)264 | Қазақ u Зақымдалған немесе өзгертілген батарея жинақтарын пайдаланбаңыз. Зақымдалған немесе өзгертілген батареялар өртке, жарылуға немесе жарақаттуға алып келуі мүмкін кездейсоқ әрекеттерге алып келуі мүмкін. u Батарея жинағын немесе құралын өртке немесе қатты температураға салдырмаңыз. 130°C жоғары температураларда жарылыс болуы мүмкін. u Барлық зарядтау нұсқауларын орындап батарея жинағын нұсқауларда белгіленген температура ауқымынан тыс жағдайда зарядтамаңыз. Дұрыс емес зарядтау немесе белгіленген ауқымнан тыс температурада зарядтау батареяны зақымдап өрт қауіпін жоғарылатуы мүмкін. Қызмет көрсету u Электр құралына маманды жөндеуші тек бірдей қосалқы бөлшектермен қызмет көрсетуі керек. Бұл электр құралының қауіпсіздігін сақталуын қамтамасыз етеді. u Зақымдалған батарея жинақтарын ешқашан пайдаланбаңыз. Батарея жинақтарын тек өндіруші немесе өкілетті қызмет көрсету жабдықтаушысы арқылы орындалуы мүмкін. Бұрауыштарға арналған қауіпсіздік нұсқаулықтары Барлық операциялар үшін қауіпсіздік нұсқаулары u Кесетін керек-жарақтар немесе бекіткіш жасырын сымдарға тиюі мүмкін әрекеттерді жасаған кезде электр құрылғы оқшауланған ұстау жайынан ұстаңыз. Егер кесуші аспап істеп тұрған сымға тисе электр құралының метал бөлшектерін істетіп пайдаланушыны тоқ соғуы мүмкін. Ұзын бұрғы қондырмаларын пайдалану үшін қауіпсіздік
u Бұрғы қондырмасының максималдық жылдамдығынан жоғары жылдамдықта жұмыс істемеңіз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма дайындамаға тимей бос айналса бүгіліп жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. u Әрдайым бұрғылауды төмен жылдамдықта және қондырма ұшы дайындамаға тиіп тұрған күйде бастаңыз. Жоғары жылдамдықтарда қондырма дайындамаға тимей бос айналса бүгіліп жеке жарақаттануға алып келуі мүмкін. 1 609 92A 4G8 | (05.12.2018) Bosch Power ToolsҚазақ | 265 u Қондырмаға сай сызықта басыңыз, тым қатты баспаңыз. Қондырмалар бүгіліп сынуға немесе бақылау жоғалтуға және жеке жарақаттануға алып келуі
Қосымша қауіпсіздік нұсқаулықтары u Дайындаманы бекітіңіз. Қысу құралына немесе қысқышқа орнатылған дайындама қолыңызбен салыстырғанда, берік ұсталады. u Электр құралын жерге қоюдан алдын оның тоқтауын күтіңіз. Алмалы- салмалы аспап ілініп электр құрал бақылауының жоғалтуына алып келуі мүмкін. u Сыналанса, электр құралын бірден сөндіріңіз. Тебуді тудыратын жоғары реактивті күштерден абай болыңыз. Электр құрал егер электр құралы артық жүктелсе немесе өңделетін дайындамада қысылса ол сыналады. u Қажетті іздеу құралдарын пайдаланып жасырылған сымдарды табыңыз немесе жауапты жергілікті ұйым өкілдерін шақырыңыз. Электр сымдарына тию өрт немесе тоқ соғуына алып келуі мүмкін. Газ құбырын зақымдау жарылысқа алып келуі мүмкін. Су құбырын зақымдау материалдық зиянға алып келуі мүмкін. u Электр құралын берік ұстаңыз. Шуруптарды бұрап бекіту және бұрап босату кезінде қысқаша жоғары мезеттер пайда болуы мүмкін. u Аккумулятор зақымдалған немесе дұрыс пайдаланылмаған жағдайда, одан бу шығуы мүмкін. Аккумулятор жанып немесе жарылып қалуы мүмкін. Таза ауа ішке тартыңыз және шағымдар болса, дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Бу тыныс алу жолдарын тітіркендіруі мүмкін. u Аккумуляторды ашпаңыз. Қысқа тұйықталу қауіпі бар. u Шеге немесе бұрауыш сияқты ұшты заттар немесе сыртқы әсер арқылы аккумулулятор зақымдануы мүмкін. Бұл қысқа тұйықталуға алып келіп, аккумулятор жануы, түтін шығаруы, жарылуы немесе қызып кетуі мүмкін. u Бұл аккумуляторды тек қана осы өндіруші өнімдерінде пайдаланыңыз. Сол арқылы аккумуляторды қауіпті, артық жүктеуден сақтайсыз. Мысалы, аккумуляторды жылудан, сондай-ақ, үздіксіз күн жарығынан, оттан, судан және ылғалдан қорғаңыз. Жарылу
Bosch Power Tools 1 609 92A 4G8 | (05.12.2018)266 | Қазақ Өнім және қуат сипаттамасы Барлық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді оқыңыз. Техникалық қауіпсіздік нұсқаулықтарын және ескертпелерді сақтамау тоқтың соғуына, өрт және/немесе ауыр жарақаттануларға алып келуі мүмкін. Пайдалану нұсқаулығының алғы бөлігінің суреттерін ескеріңіз. Тағайындалу бойынша қолдану Бұл электр құралы бұрандаларды бұрап бекіту және бұрап босату, сондай-ақ, ағаш, метал және пластмассаны бұрғылауға арналған. Бейнеленген құрамды бөлшектер (1) Құрал бекіткіші (2) Тез қысқыш бұрғылау патроны (3) Жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш (4)
(6) Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы
(9) Тұтқа (беті оқшауланған) (10) Штепсельдік қуат блогы
(елге байланысты) (11) USB кабелі
(16) Әмбебап бит ұстағыш
(17) Сыртқы алты қырлы сағасы бар бұрғы
Бейнеленген немесе сипатталған жабдықтар стандартты жеткізу көлемімен қамтылмайды. Толық жабдықтарды біздің жабдықтар бағдарламамыздан табасыз. B) USB Type-C
- USB Implementers Forum ұйымының сауда белгілері. 1 609 92A 4G8 | (05.12.2018) Bosch Power ToolsҚазақ | 267 Техникалық мәліметтер Аккумуляторлық дрель-шуруп
Drill Өнім нөмірі 3 603 JC5 0.. Жұмыс кернеуі В 3,6 Бос жүріс күйіндегі айналу жиілігі – 1-беріліс мин
0 − 1000 ISO5393 бойынша жұмсақ материалдардағы макс. айналу моменті Нм 9,2 макс. бұрғылау Ø (1- / 2-беріліс) – Металл мм 6 – қатты/жұмсақ сүрек мм 8/10 Бұрандалардың макс. диаметрі – жұмсақ сүрек мм 5 Бұрғылау патроны қысқышының ауқымы мм 1 − 10 Салмағы EPTA-Procedure 01:2014 құжатына сай кг 0,60 рұқсат етілген қоршаған орта температурасы – зарядтау кезінде °C +10... +35 – жұмыс кезінде
және сақтау кезінде °C -10... +50 Ұсынылатын аккумуляторлар 1 607 A35 08. ұсынылатын штепсельдік қуат блогы 1 600 A01 6A. A) <0 °C температураларында қуаты шектелген Шуыл / діріл туралы ақпарат EN 62841-2-1 бойынша есептелген шуыл эмиссиясының көрсеткіштері. Электр құралының амплитуда бойынша есептелген дыбыстық қысым деңгейі әдетте 70дБ(A) шамасынан кем болады. K дәлсіздігі = 3 дБ. Шуыл деңгейі жұмыс істеу кезінде 80дБ(A) шамасынан артуы мүмкін. Құлақ қорғанысын тағыңыз! Bosch Power Tools 1 609 92A 4G8 | (05.12.2018)268 | Қазақ Жалпы діріл мәндері a
(үш бағыттың векторлық қосындысы) және K дәлсіздігі, келесі бойынша есептелген: EN 62841-2-1 Металды бұрғылау: a
Осы нұсқауларда келтірілген діріл деңгейі және шуыл эмиссиясының көрсеткіші заңды өлшеу әдісі бойынша өлшенген және оларды электр құралдарын бір-бірімен салыстыру үшін пайдалануға болады. Олармен алдыңғы тербелу және шу шығаруды бағалауға болады. Берілген тербелу деңгейі мен шуыл шығару мәні электр құралының негізгі жұмыстары үшін берілген. Егер электр құрал басқа жұмыстар үшін басқа алмалы- салмалы аспаптар менен немесе жетімсіз күтумен пайдаланылса дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәндері өзгереді. Бұл бүкіл жұмыс уақыты үшін тербелу және шуыл шығаруды қатты көтеруі мүмкін. Дірілдеу деңгейі мен шуыл шығару мәнін нақты есептеу үшін құрал өшірілген және қосылған болып пайдаланылмаған уақыттарды да ескеру қажет. Бұл дірілдеу деңгейі және жұмыс уақытындағы шуыл шығару мәнін төмендетеді. Пайдаланушыны дірілдеу әсерінен сақтау үшін қосымша қауіпсіздік шараларын қолдану қажет, мысалы: электр құралды және алмалы-салмалы аспаптарды күту, қолдарды ыстық ұстау, жұмыс әдістерін ұйымдыстыру.
u Электр құрылғысын тазалау не оған техникалық қызмет көрсету, құрал параметрлерін орнату, керек-жарақтарын ауыстыру немесе сақтау алдында аккумуляторды алып тастаңыз. Осы сақтық әрекеті электр құралының байқаусызда қосылуына жол бермейді. Аккумуляторды зарядтау (C суретін қараңыз) u Тек техникалық мәліметтерде деректерде белгіленген штепсельдік қуат блогын пайдаланыңыз. Тек қана осы штепсельдік қуат блогы электр құралыңыздың ішіндегі литий-иондық аккумуляторға жарамды болып келеді. Нұсқау:аккумулятор ішінара зарядталған күйде жеткізіледі. Аккумулятордың толық қуатын пайдалану үшін оны алғаш рет пайдаланудан бұрын штепсельдік қуат блогы арқылы толық зарядтаңыз. Литий-иондық аккумуляторды пайдалану мерзімін қысқартусыз кез келген уақытта зарядтауға болады. Зарядтау процесін үзу аккумулятордың зақымдалуына
1 609 92A 4G8 | (05.12.2018) Bosch Power ToolsҚазақ | 269 Литий-иондық аккумулятор Electronic Cell Protection (ECP) арқылы қатты заряд таусылуынан қорғалған. Аккумулятор заряды таусылған болса, электр құралы қорғаныс схемасы арқылы өшіріледі: алмалы-салмалы аспап бұдан былай қозғалмайды. u Электр құралы автоматты өшкеннен соң қосқыш/өшіргішті енді басушы болмаңыз. Әйтпесе аккумулятор зақымдануы мүмкін. Аккумулятор NTC температураны бақылау құралымен жабдықталған, ол тек 10°C және 35°C аралығындағы температура диапазонында зарядтауға мүмкіндік береді. Осылайша аккумуляторды ұзақ мерзімде пайдалануға болады. Аккумуляторды (5) бөлек немесе электр құралында зарядтауға болады. – Қақпақты (8) ашыңыз. – Аккумуляторды (5) USB кабелі (11) арқылы штепсельдік қуат блогына (10)
– Зарядтағыш құрылғыны (10) розеткаға енгізіңіз. Зарядтау процесі басталады. Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (6) заряд деңгейін көрсетеді. Зарядтау кезінде электр құралы ажыратылып, оны пайдалану мүмкін болмайды. Ұзақ уақыт пайдаланбасаңыз, штепсельдік қуат блогын (10) ток желісінен ажыратыңыз. Аккумуляторды салу және алу (A суретін қараңыз) u Аккумуляторды салуда күш салмаңыз. Аккумулятор электр құралына тек дұрыс күйде салынатын етіп құрылған. – Аккумуляторды (5) бөліміне (12) соңына жеткенше салыңыз. – Аккумуляторды (5) алу үшін ондағы босату түймелерін (13) басып, батарея бөлімінен (12)тартып шығарыңыз. Қоқыстарды қайта өңдеу туралы нұсқауларды орындаңыз. Аккумулятордың заряд деңгейінің индикаторы Аккумулятордың заряд деңгейінің индикаторы (6) аккумулятор (5) қозғалғаннан кейін автоматты түрде іске қосылады. Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (6) аккумулятор (5) бұдан былай қозғалмаған соң бірнеше минут ішінде сөнеді. Электр құралымен жұмыс істеген кезде, аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (6) өшірулі болады. Bosch Power Tools 1 609 92A 4G8 | (05.12.2018)270 | Қазақ Зарядтау Бөлек немесе электр құралындағы аккумулятор (қозғалыс
Зарядтау процесі (штепсельдік қуат блогы жалғанған аккумулятор) 100% Жасыл
(жыпылықтайды) 50% − 20% Сары
(жыпылықтайды) 20% − 5% Қызыл
(жыпылықтайды) 5% − 0% Қызыл (жыпылықтайды)
(жыпылықтайды) Ескерту: аккумулятор (5) ұзақ уақыт сақталып, пайдаланылмағаннан кейін, аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (6) іске қосылмай қалуы мүмкін. Бұл аккумулятор зарядының (5) қатты таусылуынан қорғайды. Аккумулятор (5) зарядталғаннан кейін индикатор қайта іске қосылады. Бұл жағдайда зарядтау уақыты ұзарады. Аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (6) аккумулятор (5) толық зарядталғаннан кейін бірнеше минут ішінде сөнеді. Нұсқау: аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (6) ақ түспен жыпылықтаса, бұл температураның рұқсат етілген қоршаған орта температурасынан тыс болғанын білдіреді. Рұқсат етілген температура диапазонына қайтадан жеткенде зарядтау процесі автоматты түрде басталады. Зарядтау барысында аккумулятор заряды деңгейінің индикаторы (6) жасыл түспен жыпылықтайды. Құралды ауыстыру (B суретін қараңыз) Жылдам тартылатын бұрғылау патронын (2) айналу бағытында ➋ бұрау арқылы аспап орнатылғаныша ашыңыз. Құралды салыңыз. Жылдам қысу патронын (2) айналдыру бағытында ➊ қолмен бекітіңіз. Шаңды және жоңқаларды сору Қорғасын бояу, кейбір ағаш сорттары, минералдар және металлдар бар кейбір материалдардың шаңы денсаулыққа зиянды болуы мүмкін. Шаңға тию және шаңды жұту пайдаланушыда немесе жанындағы адамдарда аллергиялық реакцияларды және/немесе тыныс жолдарының ауруларын тудыруы мүмкін. 1 609 92A 4G8 | (05.12.2018) Bosch Power ToolsҚазақ | 271 Кейбір шаң түрлері, әсіресе емен және шамшат ағашының шаңы, әсіресе, ағашты өңдеу қалдықтарымен (хромат, ағашты қорғау заты) бірге канцерогендер болып есептеледі. Асбестік материал тек қана мамандармен өңделуі керек. – Жұмыс орнының жақсы желдетілуіне көз жеткізіңіз. – P2 сүзгі сыныпындағы газқағарды пайдалану ұсынылады. Өңделетін материалдар үшін еліңізде қолданылатын ұйғарымдарды пайдаланыңыз. u Жұмыс орнында шаңның жиналмауын қадағалаңыз. Шаң оңай тұтануы
портының қақпағы (8) жұмыс кезінде жабық болғанына көз жеткізіңіз. Осылайша шаңның кіруіне жол бермейсіз. Пайдалану түрін орнату Қажетті жұмыс режимін жұмыс режимдерін ауыстырып-қосқыш (3) арқылы орнатуға болады. Ауыстырып-қосқышты тиісті жұмыс режимінің белгісіне
Белгі Пайдалану түрі Бұранда = сағат тілі бағытымен + 1-қадам Бұрғылау = сағат тілі бағытымен + 2-
R = сағат тілі бағытына қарсы + 1-қадам
Электр құралды қосу үшін қосқышты/өшіргішті (4) басып тұрыңыз. Электр құралды өшіру үшін қосқышты/өшіргішті (4) жіберіңіз. Bosch Power Tools 1 609 92A 4G8 | (05.12.2018)272 | Қазақ Техникалық күтім және қызмет Қызмет көрсету және тазалау u Аккумуляторды электр құралмен кез келген жұмыстарды (мысалы, орнату, қызмет көрсету, т.б.) бастау алдында, сондай-ақ, электр құралды тасымалдау және сақтау кезінде шығарыңыз. Қосқыш/өшіргішке кездейсоқ тию жарақаттану қаупін тудырады. u Жақсы әрі сенімді жұмыс істеу үшін электр құралы мен желдеткіш тесікті таза ұстаңыз. Тұтынушыға қызмет көрсету және пайдалану кеңестері Қызмет көрсету шеберханасы өнімді жөндеу және күту, сондай-ақ қосалқы бөлшектер туралы сұрақтарға жауап береді. Жарылу сызбалары мен қосалқы бөлшектер туралы мәліметтерді төмендегі мекенжайда табасыз: www.bosch-pt.com Bosch бағдарламасы кеңес тобы біздің өнімдер және олардың керек-жарақтары туралы сұрақтарыңызға жауап береді. Сұрақтар қою және қосалқы бөлшектерге тапсырыс беру кезінде міндетті түрде өнімдің зауыттық тақтайшасындағы 10-санды өнім нөмірін жазыңыз. Өндіруші талаптары мен нормаларының сақталуымен электр құралын жөндеу және кепілді қызмет көрсету барлық мемлекеттер аумағында тек “Роберт Бош” фирмалық немесе авторизацияланған қызмет көрсету орталықтарында орындалады. ЕСКЕРТУ! Заңсыз жолмен әкелінген өнімдерді пайдалану қауіпті, денсаулығыңызға зиян келтіруі мүмкін. Өнімдерді заңсыз жасау және тарату әкімшілік және қылмыстық тәртіп бойынша Заңмен қудаланады.
Тұтынушыларға кеңес беру және шағымдарды қабылдау орталығы: “Роберт Бош” (Robert Bosch) ЖШС
Қазақстан Республикасы
Муратбаев к., 180 үй “Гермес” БО, 7 қабат Тел.: +7 (727) 331 31 00 Факс: +7 (727) 233 07 87 E-Mail: ptka@bosch.com Сервистік қызмет көрсету орталықтары мен қабылдау пунктерінің мекен-жайы туралы толық және өзекті ақпаратты Сіз: www.bosch-professional.kz ресми сайттан
ЕО сәйкестік мағлұмдамасы Өз жауапкершілікпен біз аталған өнімдер төменде жзылған директикалар мен жарлықтардың тиісті қағидаларына сәйкестігін және төмендегі нормаларға сай екенін білдіреміз. Техникалық құжаттар: *
Notice-Facile