KO8548 - шаюытқыш TEFAL - Notice d'utilisation et mode d'emploi gratuit

Retrouvez gratuitement la notice de l'appareil KO8548 TEFAL au format PDF.

Page 106
Assistant notice
Powered by ChatGPT
En attente de votre message
Informations produit

Marque : TEFAL

Modèle : KO8548

Catégorie : шаюытқыш

Téléchargez la notice de votre шаюытқыш au format PDF gratuitement ! Retrouvez votre notice KO8548 - TEFAL et reprennez votre appareil électronique en main. Sur cette page sont publiés tous les documents nécessaires à l'utilisation de votre appareil KO8548 de la marque TEFAL.

MODE D'EMPLOI KO8548 TEFAL

40°C-70°C-80°C-90°C және 100°C температурасын таңдау түймесі. Бұрын таңдалған температура жадта сақталады. Қайнату бағдарламасын бастау түймесі Жылы ұстау режимі пернесін ұзақ уақыт бойы басу арқылы белсендіріледі («Жылы ұстау» пиктограммасы жанады). Жылы ұстау функциясы 30 минут бойы қосулы болады.

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР

• Құрылғыны бірінші рет пайдалану алдында пайдалану туралы нұсқауларды мұқият оқып шығыңыз. Бұл құрылғы тек үй ішінде қолдануға арналған. Коммерциялық мақсатта, дұрыс емес пайдаланған немесе нұсқауларды орындамаған жағдайда, өндіруші жауапты болмайды және кепілдік қолданылмайды. • Бұл құрылғы дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері төмен немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдардың (оның ішінде балалар) пайдалануына арналмаған, тек олардың қауіпсіздігіне жауапты адамның қадағалауымен немесе сол адамның нұсқауларын алып қана пайдалана алады. • Құрылғы мен оның қуат сымын 8 жасқа толмаған балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. • Дене, сезім немесе ақыл-ой қабілеттері төмен немесе тәжірибесі мен білімі жеткіліксіз адамдар бұл құрылғыны қадағалау жасалған немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілген және қауіптерді толық түсінген жағдайда пайдалана алады. • Балалар құрылғыны ойыншық ретінде пайдаланбауы керек. 106

• Бұл құрылғыны 8 жастан үлкен балалар қадағалау жасалған немесе құрылғыны қауіпсіз пайдалану нұсқаулары берілген және қауіптерді толық түсінген жағдайда ғана пайдалана алады. Нұсқаулық беретін ересектердің бақылауынсыз және 8 жасқа жетпеген балаларға құралды тазалау және жөндеу жұмыстарын орындауға болмайды. • Құрылғы тек үйде пайдалануға арналған. • Ол төмендегі орындарда пайдалануға арналмаған және пайдаланылған жағдайда кепілдік күші жойылады: ––дүкендер, кеңселер мен басқа жұмыс орталарындағы қызметкерлерге арналған ас үй; ––фермалар; ––қонақ үйлерде және басқа уақытша тоқтау орындарында тұтынушылармен; ––төсек пен таңғы ас берілетін орындарда. • Шәйнекті максималды су деңгейі белгісінен асырып толтыруға және минималды деңгей белгісінен аз су құюға болмайды. • Шәйнек қатты толып кетсе, су сыртқа шашылуы мүмкін. • Ескерту: Су қайнап жатқанда, қақпақты ашпаңыз. • Шәйнекті қақпағын құлыпқа жауып, өз негізімен және қаққа қарсы сүзгісімен ғана пайдалану керек. • Шәйнектің өзін, оның негізін және қуат сымы мен штепселін суға немесе басқа сұйықтыққа салмаңыз. • Қуат сымы немесе штепсель зақымдалған болса, шәйнекті пайдаланбаңыз. Қауіп төндірмеу үшін, оларды өндірушінің өзі, оның сатып алғаннан кейінгі қызметі немесе біліктілігі ұқсас адамдар ауыстыруы керек. • Балалардың құрылғымен ойнамауын қадағалау керек. • Жауапты ересек адамның қадағалауынсыз балалар құралды тазаламауы және техникалық қызмет процедураларын жасамауы керек. • ЕСКЕРТУ: Тазалау, толтыру немесе төгу кезінде жалғағышта кез келген төгілуді болдырмаңыз. • Құрылғыны тазалау үшін әрқашан тазалау бойынша нұсқауларды орындаңыз; ––Құрылғыны розеткадан ажыратыңыз. ––Құрылғыны ыстық кезінде тазалауға болмайды. 107

––Дымқыл шүберекпен немесе губкамен тазалаңыз. ––Құрылғыны ешқашан суға батырмаңыз немесе ағып жатқан судың астына қоймаңыз. ЕСКЕРТУ: бұл құрылғыны дұрыс пайдаланбасаңыз, жарақат алу қауіптері туындайды. Шәйнекті ас суын қайнату үшін ғана пайдаланыңыз. ЕСКЕРТУ: пайдаланудан кейін қыздыру элементінің бетінде қалдық жылу болады. Қызған кезінде толығымен салқындағанша тек тұтқасынан ұстаңыз. Құрылғы теңіз деңгейінен 1000 м биіктіктен төмен, үйдің ішінде ғана пайдалануға арналған. 1000 м биіктігінен төмен өнімді пайдалану үшін алдын ала таңдалған температуралар берілген. Бұл биіктіктен жоғары өнімде бағдарламаның соңында көрсетілетін максималды температура пайдалану биіктігіне сай қайнау температурасы болады.

• Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін бұл құрал тиісті стандарттар мен ережелерге сәйкес келеді (төмен кернеу, электрмагниттік сәйкестік, азық-түлікпен қатынаста болатын материалдар, қоршаған орта, т.б. қатысты директивалар). • Құралды тек жерге тұйықталған ток көзіне қосыңыз. Құралдың техникалық сипаттамасында көрсетілген кернеудің электр көзінің кернеуіне сәйкес келетінін тексеріңіз. • Нұсқаудан тыс жолдармен қосу кепілін жояды. • Таты тазаланбағандықтан бүлінген шәйнекке кепіл берілмейді. • Қуат сымын балалардың қолы жететін жерге қалдырмаңыз. • Құралды қуат сымынан тартып өшірмеңіз. • Тұтынушы тарапынан орындалатын қалыпты тазалау және техникалық қызмет көрсету жұмыстарынан басқа кез келген әрекеттерді бекітілген қызмет көрсету орталығы орындауы қажет. • Барлық құралдар қатаң сапа тексерісінен өтеді. Онда кездейсоқ таңдалған құралдарға сынақтар жасалады, олар қолданыс салдарын түсіндіреді. • Тазалау үшін қырғыш жөкелерді қолданбаңыз. • Қақтың түзілуіне кедергі жасайтын сүзгіні алу үшін шәйнекті негізден алыңыз, оны суытыңыз. Ыстық суға толы шәйнектен ешқашан сүзгіні алмаңыз. • Қақты жоғарыда аталған әдістерден басқа ешқандай әдістермен кетірмеңіз. • Шәйнек пен оның қуат сымын жылу көздерінен, су немесе сырғанақ беттер мен өткір қырлы жерлерден алшақ ұстаңыз. • Құралды жуынатын бөлмеде және су көзінің жанында пайдаланбаңыз. • Қолыңыз немесе аяғыңыз су болса, шәйнекті қолданбаңыз. • Жұмысында әдеттен тыс белгілер байқалса, қуат сымын бірден ажыратыңыз. • Розеткадан суырғанда, қуат сымынан тартпаңыз. • Құрал қосылып тұрғанда, абай болыңыз. Әсіресе шүмектен шығатын ыстық будан байқаңыз. • Қуат сымын еш уақытта үстелден салбыратып қоймаңыз: еденге құлап түсу қаупі бар. • Су қайнап жатқанда, сүзгіні және қақпақты ұстамаңыз. • Істеп тұрғанда, шәйнекті жылжытпаңыз. • Құралды ылғалды және аяз жерде ұстамаңыз. 108

Суды қыздырғанда, сүзгіні міндетті түрде салыңыз. Бос шәйнекті қыздыруға болмайды. Шәйнекті және оның қуат сымын тұрақты, жылуға және суға төзімді бетке қойыңыз. Кепілдік тек өндірістік ақаулар мен үйдегі қолданыс үшін жарайды. Осы пайдалану нұсқауларын орындамағаннан болған бұзылу және зақымдалу жағдайларына кепілдік жүрмейді.

АЛҒАШ ҚОЛДАНАР АЛДЫНДА 1. Ораманың барлық элементтерін, ішіндегі, сондай-ақ сыртындағы керек-жарақтарды және жапсырмаларды алып тастаңыз. 2. Баусымның ұзындығын реттеңіз, қалғанын үйкек астына орап қойыңыз. Сымды ойыққа кіргізіңіз. (1-сур.) Қолдануды бастамас бұрын шәйнекте суды екі-үш рет қайнатып, суды төгіп тастаңыз, өйткені онда шаң-тозаңның бөлшектері болуы мүмкін. Шәйнекті шайыңыз.

ПАЙДАЛАНУ 1. ҚАҚПАҚТЫ АШУ ҮШІН (ҮЛГІГЕ БАЙЛАНЫСТЫ) –– Құлыптау жүйесін бассаңыз, қақпақ автоматты түрде көтеріледі. (2-сур.) Жабу үшін қақпақты төмен қарай қатты басыңыз. 2. ҮЙКЕКТІ ТЕГІС, ТҰРАҚТЫ, ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ, СУ ШАШЫРАМАЙТЫН ЖӘНЕ ЖЫЛУ КӨЗДЕРІНЕН АЛШАҚ БЕТКЕ ҚОЙЫҢЫЗ. • Шәйнекті тек қамтамасыз етілген негізбен бірге пайдалану керек. 3. ШӘЙНЕКТІ ҚАЛАҒАН СУ МӨЛШЕРІМЕН ТОЛТЫРЫҢЫЗ. (3-сур.) • Үйкекте тұрған шәйнекті ешқашан толтырмаңыз. • Шәйнектегі судың деңгейі ең жоғарғы таңбадан аспауы, ең аз таңбадан төмен болмауы қажет. Егер шәйнек толып кетсе, қайнап жатқан су шәйнек жиегінен төгілуі мүмкін. • Шәйнекті сусыз қоспаңыз. • Шәйнекті қоспас бұрын, қақпақтың жабық екендігіне көз жеткізіңіз. 4. ШӘЙНЕКТІ ҮЙКЕГІНЕ ҚОЙЫҢЫЗ. РОЗЕТКАҒА ҚОСЫҢЫЗ. 5. ШӘЙНЕКТІ ІСКЕ ҚОСУ Шәйнекті негізге қойғанда барлық шамдар жанады. Шәйнектегі су температурасы экранда көрсетіледі. СУДЫ ЖЫЛЫТУ ҮШІН: 2 опция: –– Қайнату бағдарламасын бастағыңыз келсе, түймесін басыңыз 100°C тікелей экранда көрінеді, шәйнек дыбыстық сигнал шығарады және суды жылытуды бастайды. Су температурасы 100°C-қа жеткенде шәйнек екі рет дыбыстық сигнал шығарады. • Температураны таңдағыңыз келсе – 5 мүмкін параметр: 40°C – 70°C – 80°C – 90°C – 100°C – пернесін ол таңдағыңыз келетін температураны көрсеткенше басып тұрыңыз. Таңдалған температура екі рет жыпылықтайды, содан кейін жыпылықтамайды. Шәйнек дыбыстық сигнал шығарып, суды жылытуды бастайды. Экранда судың нақты уақыттағы температурасын бақылауға болады. Таңдалған температураға жеткеннен кейін шәйнек екі рет дыбыстық сигнал шығарады және жылытуды тоқтатады.

ЖЫЛЫ ҰСТАУ РЕЖИМІ Жылы ұстау режимін суды таңдалған температурада 30 минут бойы ұстау үшін пайдалануға болады. Температура таңдалғаннан кейін түймесін ұзақ басу жылы ұстау режимін белсендіреді. логотипі экранның жоғарғы жағында көрінеді. Сондай-ақ жылы ұстау режимін температураға жеткеннен кейін іске қосуға болады. пернесін ұзақ басыңыз. логотипі экранның жоғарғы жағында көрінеді. Жылы ұстау режимін өшіргіңіз келсе, бар болғаны пернесін басыңыз. ЕСКЕРТПЕ Ұзақ басу қайнату бағдарламасының соңынан кейін түймені 25 секундтан азырақ бассаңыз ғана жылы ұстау режимін белсендіреді, олай етпесе экран өшеді. ЕСКЕРТПЕ Экран 25 секундтан кейін автоматты түрде өшеді – тек жылы ұстау режимін таңдамасаңыз – бірақ кез келген пернені басу экранды кез келген уақытта қайтадан қосады. 100°C температурасын таңдасаңыз және жылы ұстау функциясын белсендірсеңіз, шәйнек температураны 95°C-та 30 мин. бойы сақтайды. Шәйнектегі судың температурасы сіз пернесін басқанда таңдаған температурадан жоғарырақ болса, жылыту басталмайды. Мысалы, су температурасы 90°C болса, сіз 40°C, 70°C немесе 80°C температурасын таңдау арқылы жылытуды бастай алмайсыз. Ұсынылатын температуралар: 70°C : ақ шай 80-85°C : көк шай 90°C : жаңа тартылған кофе 95°C : қара шай 100°C : қайнаған су/тұндырмалар 6. ШӘЙНЕК АВТОМАТТЫ ТҮРДЕ ӨШЕДІ: Су қайнау нүктесіне немесе таңдалған температураға жеткенде. • Қолданып болғаннан кейін шәйнекте суды қалдырмаңыз.

ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ҰСЫНЫСТАР Барлық шайлар іс жүзінде бір бұтадан (camellia sinensis) шыққанымен, олардың дәмі мен түрі өндіру аймағына, өңдеу әдісіне (әртүрлі ферменттеу және кептіру процестері әрі орау әдістері бар) және деңгейіне (тұтас немесе бөлінген жапырақтар, желдету және шаң) қарай өзгеріп отырады. –– Көк шай: туралатын және ферменттелуін болдырмау үшін азғантай қуырылған оралған кептірілген жапырақтар. 3 минут қана демделуге қалдырыңыз. Көк шайлардың азғантай хош иісі болады, жиі ащы болады және түсі өте өңсіз болады. –– Қара шай: кептірілген және айтарлықтай кезең бойы ферменттелген ескірек жапырақтардан жасалады. 5 минут бойы (я болмаса, түрік немесе орыс шайы үшін ұзағырақ) демдеңіз. Күшті дәмді және тамаша мыс тәрізді түсті береді. –– Оолунг шайы: көк және қара шайлардың арасында. Аздап ферменттелген. 7 минут бойы демдеңіз. Дәмі азырақ және қара шайдан өңсіздеу. Пуристтер құр шайды ішкенімен, шайды құю алдында шыныаяққа салқын сүт қосуды (үнді немесе цейлон шайына) немесе қант, содан кейін лимон қосуды (көк немесе хош иісті шайларға) жөн көруіңіз мүмкін.

ТАЗАЛАУ ЖӘНЕ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ШӘЙНЕКТІ ТАЗАЛАУ Шәйнекті желіден ажыратыңыз. Оны суытыңыз, сосын ылғал губкамен сүртіп алыңыз. • Шәйнекті, үйкекті, электрлі баусымды немесе штепсельді ешқашан суға салмаңыз: электрлі қосылыстар да, ажыратқыш та сумен жанаспауы қажет. • Қажақты губкаларды қолданбаңыз. СҮЗГІНІ ТАЗАЛАУ (4-сур.) Алынбалы сүзгі шәйнектен құйылып жатқан сумен бірге қақ бөлшектерінің түсуінің алдын ала отырып, оны ұстап қалатын матадан дайындалған. Бұл сүзгі судың кермектігін азайтпайды немесе жоймайды. Осылайша ол судың барлық қасиеттерін сақтайды. Суда әк мөлшері көп болған жағдайда, сүзгі өте тез бітеліп қалады (10-15 рет қолданғаннан кейін). Оны жүйелі түрде тазалап тұру маңызды. Ол ылғалды болса, оны ағып жатқан су астына қойыңыз, құрғақ болса, қылшақпен ақырын тазалаңыз. Егер қақ кетпеген жағдайда, қақты кетіруді жүргізіңіз.

ҚАҚТЫ КЕТІРУ Егер су құрамында әк қоспалары көп болатын болса, онда, ең кем дегенде, айына бір рет немесе одан да жиірек қақты тұрақты түрде кетіріп отыру керек. Шәйнектегі температураны анықтауға қақ әсер етуі мүмкін. Қақты кетіру үшін келесіні қолданыңыз: • Жабдық дүкендерінен сатып алуға болатын ақ сірке суын пайдаланып: –– Шәйнекті ½ л ақ сірке суымен толтырыңыз, –– 1 сағат бойы қыздырусыз қалдырыңыз. • Лимон қышқылын пайдалану: –– ½ л суды қайнатыңыз, –– 25 г лимон қышқылын қосып, 15 минутқа қалдырыңыз. • Шәйнектің ішіндегісін төгіңіз және 5-6 рет шайыңыз. Қажет болған жағдайда үрдісті қайталаңыз. Шәйнек қағын түсіру үшін: Сүзгіні ақ сірке суына немесе лимон қышқылының ерітіндісіне салыңыз. • Қақты жоғарыда аталған әдістерден басқа ешқандай әдістермен кетірмеңіз.

АҚАУЛАР ЕГЕР ШӘЙНЕКТІҢ КӨЗГЕ КӨРІНЕТІН ЗАҚЫМДАНУЛАРЫ БОЛМАСА: • Шәйнек жұмыс істемейді –– Шәйнектің электр желісіне дұрыс қосылғанын тексеріңіз. –– Шәйнекте су болған жоқ болмаса қақ жиналып қалған, осының салдарынан су жоқ болған кезде шәйнекті ажырататын қауіпсіздік жүйесі іске қосылды: шәйнектің суығанын күтіңіз, оны негізінен алыңыз және су құйыңыз. Қақ жиналып қалса, алдымен қақты тазалаңыз. Ауыстырып-қосқышты басу арқылы шәйнекті қосыңыз: ол шамамен 15 минуттан кейін жұмыс істейді. ЕГЕР ШӘЙНЕК ҚҰЛАП ҚАЛСА, ОДАН СУ АҒАТЫН БОЛСА, ЕГЕР БАУСЫМДА, ШӘЙНЕКТЕ НЕМЕСЕ ҮЙКЕКТЕ КӨЗГЕ КӨРІНЕТІН ЗАҚЫМДАНУЛАР БОЛСА Шәйнекті Tefal фирмасының кепілді қызмет көрсетудің уәкілетті орталығына апарыңыз, өйткені тек осындай орталықтардың ғана жөндеуді жүргізуге құқығы бар. Кепілдіктің шарттары мен жөндеу жұмыстарын жүргізетін орталықтардың тізімі электр құралымен қоса ұсынылған кепілдік кітапшасында берілген. Үлгі мен сериялық нөмірі электр құралының төменгі бөлігінде көрсетілген. Бұл кепілдік тек өндірістік кемшіліктер мен үйдегі қолданыс барысында туындаған ақауларды ғана жабады. Нұсқаулықты сақтамағандықтан туындаған кез келген зақымданулар мен бұзылулар кепілдік шартына кірмейді. • Tefal, тұтынушының мүддесінде, өз шәйнектерінің сипаттамаларын немесе құрам бөлшектерін кез келген сәтте өзгерту құқығын өзіне қалдырады. • Зақымдалған болса, шәйнекті пайдаланбаңыз. Электр құралын бөлшектеуге немесе қауіпсіздік құрылғысын алуға тырыспаңыз. • Егер электр баусымы зақымданған болса, онда қайғылы оқиғалардан аулақ болу үшін, ол өндірушімен, оның кепілдік қызметтерымен немесе сәйкес біліктілігі бар маманмен алмастырылуы қажет.

ТҰРМЫСТА ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ Балалар үшін, тіпті жеңіл күйіп қалулар зор қауіптілік тудырады. Балалар есейген сайын, оларды асханада болуы мүмкін ыстық сұйықтықтарды абайлап қолдануға үйрету қажет. Шәйнек және электр баусымы балалардың қолы жетпейтін жерде, жұмыс үстелінің шетінен мүмкіндігінше алыс орналасуы қажет. Егер қайғылы оқиға орын алса, күйіп қалған аумақты тез арада салқын сумен жуыңыз, қажет болған жағдайда дәрігерге көрініңіз. • Қайғылы оқиғалардан аулақ болу үшін, Сіздің қолыңызда бала болған жағдайда ыстық сусындарды ішпеңіз және тасымаңыз.

Шәйнек жылытуды бастамайды

Шәйнек қуат негізінде дұрыс орналастырылмаған.

Шәйнекті қуат негізінде қайта орналастырыңыз.

Шәйнек жылытуда, бірақ басқару тақтасының шамдары өшірулі.

Индикациялық шамдардағы қосылым мәселесі және/ немесе индикатор шам зақымдалған.

Өкілетті сервистік орталыққа жөндеуге жіберіңіз.

мынаны көрсетеді: «E0»

Температура датчигінің қатесі.

Өкілетті сервистік орталыққа жөндеуге жіберіңіз.

мынаны көрсетеді: «E1»

Температура датчигінің қатесі.

Өкілетті сервистік орталыққа жөндеуге жіберіңіз.

мынаны көрсетеді: «E3»

Температураны реттеу қатесі.

Шәйнекті өшіріп, 1 минутқа розеткадан ажыратыңыз, содан кейін шәйнекті розеткаға қосывңыз және қайтадан қосыңыз. Мәселе қайталанса, өкілетті сервистік орталыққа жөндеуге жіберіңіз.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ Сіздің құралдың құрамында қалпына келетін және қайта қолдануға болатын бағалы материалдар бар. Оны жергілікті қалдық жинайтын пунктіге апарып өткізіңіз. 2012/19/EU қоқыс электр және электрондық жабдықтар (WEEE) туралы еуропалық директива барлық пайдаланылған тұрмыстық құрылғылардың кәдімгі тұрмыстық қоқыспен бірге қоқысқа лақтырылмауын талап етеді. Құрамдас бөліктерін қалпына келтіруді және қайта өңдеуді барынша арттыру, осылайша адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға әсерін азайту үшін пайдаланылған құрылғылар бөлек жиналуы керек.