DBB5960HM - AEG-ELECTROLUX - Notice d'utilisation et mode d'emploi gratuit

Retrouvez gratuitement la notice de l'appareil DBB5960HM AEG-ELECTROLUX au format PDF.

Page 160
Assistant notice
Powered by ChatGPT
En attente de votre message
Informations produit

Marque : AEG-ELECTROLUX

Modèle : DBB5960HM

Catégorie : анықталмаған

Téléchargez la notice de votre анықталмаған au format PDF gratuitement ! Retrouvez votre notice DBB5960HM - AEG-ELECTROLUX et reprennez votre appareil électronique en main. Sur cette page sont publiés tous les documents nécessaires à l'utilisation de votre appareil DBB5960HM de la marque AEG-ELECTROLUX.

MODE D'EMPLOI DBB5960HM AEG-ELECTROLUX

KK ПАЙДАЛАНУШЫ НҰСҚАУЛЫҒЫ 160

ТАМАША НƏТИЖЕГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҮШІН

AEG өнімін таңдағаныңызға рахмет. Бұл өнімді тұрмыс-тіршілікті жеңілдету үшін инновациялық технологияны - қатардағы құрылғыларда бола бермейтін функцияларды қолдана отырып, сізге жылдар бойы мүлтіксіз көмек көрсету үшін арнайы жасадық. Құрылғының мүмкіншіліктерін барынша толық қолдану үшін бірнеше минутыңызды бөліп, осы ақпаратты оқып шығыңыз. Біздің веб-сайтқа барып келесіні қараңыз: Қолдануға қатысты кеңестер, кітапшалар, ақаулықты түзету, қызмет көрсету туралы ақпарат: www.aeg.com Сізге барынша жақсы қызмет көрсету үшін өніміңізді мына жерге тіркеңіз: www.aeg.com/productregistration Құрылғыңызға қажетті керек-жарақтарды, шығынды материалдарды жəне фирмалық қосалқы бөлшектерді сатып алу үшін: www.aeg.com/shop

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯН КЕЛДІРМЕУ ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР Белгі салынған материалдарды қайта өңдеуден өткізуге тапсырыңыз. Орам материалдарын қайта өңдеуден өткізу үшін тиісті контейнерлерге салыңыз. Электрлік жəне электроникалық құрылғылардың қалдығын қайта өңдеуден өткізу арқылы, қоршаған ортаға жəне адамның денсаулығына зиын келтіретін жағдайларға жол бермеуге өз үлесіңізді қосыңыз. Белгі салынған құрылғыларды тұрмыстық қалдықтармен бірге тастамаңыз. Өнімді жергілікті қайта өңдеу орталығына өткізіңіз немесе жергілікті мекемеге хабарласыңыз.

ТҰТЫНУШЫҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

Фирмалық заттарды қолдануды ұсынамыз. Қызмет көрсету орталығына хабарласқанда келесі деректердің дайын болуын қамтамасыз етіңіз. Деректерді техникалық ақпарат тақтайшасынан табуға болады. Үлгісі, Өнім нөмірі, Сериялық Ескерту / Абайлаңыз - Қауіпсіздік туралы маңызды мағлұмат. Алдын ала ескертусіз өзгертіледі.

ҚАУІПСІЗДІК ТУРАЛЫ МАҒЛҰМАТТАР Кез келген тазалау немесе техникалық қызмет көрсету жұмыстарын орындамас бұрын ашаны шығару немесе желілік қуат көзін ажырату арқылы сорғышты электр желісінен ажыратыңыз. Орнату жəне техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жүргізген кезде əрдайым жұмыс қолғабын киіңіз. Бұл құрылғыны 8 жастағы жəне одан үлкен балалар, дене, сезу немесе ақыл-ой қабілеттері шектеулі тұлғалар немесе тəжірибесі мен білімі жоқ тұлғалар оны қауіпсіз жолмен пайдалануға қатысты нұсқау алып, ықтимал қауіптерді ұғынған жағдайда жəне бақылауда болғанда пайдалана алады. Балалардың басқару элементтерін өзгертуіне жəне құрылғымен ойнауына жол бермеу керек. Тазалау жəне өз бетінше техникалық қызмет көрсету жұмыстарын балалардың бақылаусыз жүргізуіне болмайды. Асүй сорғышы басқа газ жағу құрылғыларымен немесе басқа отындармен пайдаланылған кезде, құрылғы орнатылған бөлме жеткілікті түрде желдетілуі қажет. Сорғыштың іші-сыртын тұрақты түрде тазалап тұру қажет (АЙЫНА КЕМІНДЕ БІР РЕТ). Оны осы нұсқаулықта берілген техникалық қызмет көрсету нұсқауларына сəйкес жүзеге асыру керек. Осы пайдаланушы нұсқаулығында сорғыш пен сүзгілерді тазалауға қатысты берілген нұсқауларды орындамау өрт қаупіне əкеп соғады. Тамақты тікелей сорғыш астында жандыруға қатаң тыйым салынады.

1. ҚАУІПСІЗДІК НҰСҚАУЛАРЫ

Ашық жалынды пайдалану сүзгілер үшін зиян жəне өрт қаупін туындатуы мүмкін, сондықтан оған ешқашан жол бермеу керек. Майдың шамадан тыс қызып немесе жанып кетпеуін қамтамасыз ету үшін, тамақты абайлап қуыру қажет. САҚ БОЛЫҢЫЗ: Сорғыштың қолжетімді бөліктері тамақ дайындау құрылғылары пайдаланылған кезде қызып кетуі мүмкін. Шамды ауыстыру үшін тек осы нұсқаулықтың «Техникалық қызмет көрсету/Шамдарды ауыстыру» бөлімінде көрсетілген шам түрін пайдаланыңыз. ЕСКЕРТУ! Орнату толық аяқталмайынша құрылғыны электр желісіне қоспаңыз. Будың шығуына қарсы қолданылатын техникалық жəне қауіпсіздік шараларын ескере отырып, жергілікті билік органдары бекіткен ережелерді мұқият орындау маңызды. Осы құрылғының түтік арқылы бағыттау жүйесін газ немесе басқа отынды жағатын құрылғылардан шыққан буларды шығару сияқты басқа да мақсаттарда пайдаланылатын кез келген қолданыстағы желдету жүйесіне жалғау қажет. Электр тогының соғу қаупіне байланысты шамы дұрыс бекітілмеген сорғышты пайдаланбаңыз жəне қалдырмаңыз. Торлары тиісті түрде бекітілмеген сорғышты ешқашан пайдаланбаңыз. Арнайы көрсетілмейінше, сорғышты ЕШҚАШАН тірек беті ретінде пайдаланбаңыз. Тек орнату үшін өніммен бірге берілген бекіту бұрандаларын пайдаланыңыз, егер берілмесе, бұранданың тиісті түрін сатып алыңыз. Бұрандалардың орнату нұсқаулығында көрсетілген дұрыс ұзындығын пайдаланыңыз. Күмəндансаңыз, өкілетті қызмет көрсету бойынша жəрдем көрсету орталығына немесе тиісті маманданған тұлғаға хабарласыңыз. ЕСКЕРТУ! Бұрандаларды немесе бекіту құрылғысын осы нұсқауларға сəйкес орнатпау электрлік қауіптерге əкелуі мүмкін.

Сорғыш тамақ дайындаудан буларды жəне түтіндерді сору үшін пайдаланады. Сіздің үлгіне байланыста қосатын пайдалану нұсқауынде қажетті сорғыштың түрі көрсетілген, сыртқа шығаратын сорғыш ретінде фильтр ретінде

немесе ішкі айналатын

Желінің кернеуі аспаптың ішінде орналасқан тақтайшада белгіленген техникалық деректердей кернеуге сəйкес келуі керек. Егер сорғыш вилкамен жабдықталған болса, орнатылғаннан кейін де істеуге болатын, қол жетерлік жерде болуы тиіс, істеп тұрған ережелерге сəйкес алмалы-салмалы штепсельге сорғышты қосыңыз. Егер сорғыш вилкамен жабдықталмаған болса (желіге тура қосылу), немесе алмалысалмалы штепсель орнатылғаннан кейін де қол жетерлік жерде болмаса, онда орнату нұсқауына сəйкес 3-дəрежедегі асқын кернеуді болдырмайтын жəне желінің толық ашылуын қамтамассыз ететін тиісті екіполюстік ажыратқышты пайдаланыңыз. Ескерту!қорек желісіне сорғыштың электрлік жүйесін қосу алдында қорек кабелі дұрыс монтаждалғанына көз жеткізіңіз.

Сорғыштың төменгі қыры мен ыдыс астындағы тіреуіш жазықтығының ара қашықтығы электр плитасы үшін 50cm, ал газ немесе біріктірілген плиталар үшін 65cm ден кем болмауы тиіс. Егер нұсқауда газ плитасын орнатуға артығырақ ара қашықтық белгіленген болса, оны ескеріңіз.

4. ТЕХНИКАЛЫҚ КҮТІМ КӨРСЕТУ

Ескерту! Кез келген тазалау немесе техникалық қызмет ету операциясын жасаудан бұрын, вилканы шығарып немесе бөлменің басты ажыратқышын суырып сорғышты электр желісінен ажыратыңыз. Сорғыш ішінен жəне сыртынан жиі тазаланып тұруы қажет (кем дегенде шамамен майды ұстап қалатын фильтрді тазалау мерзіміне сəйкес). Тазалау үшін бейтарап жуғыш затпен суланған арнайы шүберекті пайдаланыңыз. Абразиялық қоспасы бар затты пайдаланбаңыз. СПИРТТІ ПАЙДАЛАНБАҢЫЗ! Ескерту! Фильтрді ауыстыру жəне аспапты тазалау ережелерінің сақталынбауы өрттің пайда болуына əкелуі мүмкүн. Сондықтан берілген нұсқаумен пайдалануға кеңес береміз. Жоғарыда көрсетілген ескертулерді сақтамағандықтан немесе дұрыс емес жөндеу салдарынан болған өрт немесе қозғауыштың бүлінуіне байланысты барлық жауапкершілік алынады.

4.1 Майды ұстап қалу фильтрі Фильтрді ай сайын агрессивті емес жуғыш заттармен, қолмен немесе ыдысжуғыш машинада, төмен температурада, үнемді тазалау тəртібінде жуу керек. Ыдысжуғыш машинада жуылған май ұстайтын фильтр түссізденуі мүмкін, бірақ одан оның сүзгіш қасиеті мүлде өзгеріссіз қалады.

4.2 Type 20 LONG LIFE - жуылатын көмірлі фильтр. Көмірлі фильтрді жылы суда, тиісті жуғыш заттарымен немесе 65° С температурада ыдыс жуғыш машинасында (ыдысжуғыш машинасына ыдыс салмай, толық жуу циклін орындаңыз) екі ай сайын тазалауға болады. Фильтрге зақым келтірмейтіндей етіп артық қалған суды абайлап алып тастаңыз, содан кейін пластмасс рамадан жастықшаларды шешіп 100° С–та 10минуттай пештің ішінде толық кепкенінше ұстаңыз. Матасы бүліне салысымен жастықшаларды 3 жыл сайын ауыстырып тұрыңыз. 4.3 Type 15 - Жуылмайтын көмірлі фильтр Көмірлі фильтрдің қанығуы ұзақ пайдалану мерзімінің қысқа немесе ұзақ өтуіне байланысты болады, ол ас үйдің түрі мен майды ұстайтын фильтрді ұстанылған мерзімділік тазалаумен алдын ала анықталады. Қандай жағдай болса да, картриджді кем дегенде 4 айда бір рет ауыстырыңыз. Көмірлі фильтрді жууға болмайды жəне де регенерецияға жарамсыз.

(**) Type 15 - Type 20

4.4 Регенеративті көміртегі сүзгісі

Көмір сүзгісін екі ай сайын (немесе сүзгінің қанығу индикаторы– бар болса–мұның қажеттілігін көрсетсе) жəне төменде көрсетілген процедураға сай регенерациялау керек: 1. Электр құрылғыны желіден ажыратыңыз. 2. Май қалдықтарын кетіру үшін сүзгінің бетін дымқыл шүберекпен тазалаңыз. 3. Сүзгіні 200 градустық духовкаға 45 минутқа қойыңыз. 4. Духовканы өшіріңіз жəне сүзгіні шығару алдында бір сағат бойы күтіңіз. Назар аударыңыз! Тимей тұрып, сүзгі салқындағанын тексеріңіз.

5. БАСҚАРУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ Суыру желдеткішінің жылдамдығын бақылау үшін жəне плитаның үстіне жарық түсіру үшін, суыру қалпағы басқару қалқанымен жабдықталған.

1 Жылдамдықты ҚОСУ/ӨШІРУ түймесі Басқару тақтасын қосу/өшіру пернесі 2 Сору жылдамдығы (қуат) пернесі 1 3 Сору жылдамдығы (қуат) пернесі 2 4 Сору жылдамдығы (қуат) пернесі 3 5 Сору жылдамдығы (қуат) пернесі 4 Ескертпе: сору жылдамдығы (қуат) пернесінде 5 минуттан тұратын 4 шектелген ұзақтық бар, ол шектеуден кейін алдыңғы сору жылдамдығы іске қосылады. 6 "Breeze" (Самал) функциясының пернесі (Бөлмені желдету) Түтін тартқыш төменгі сору жылдамдығымен (қуатымен) 60 минутқа іске қосылады, сосын өшеді. 7 Сүзгінің толғанын бақылау жəне іске қосу/өшіру пернесі 8 Пеш2ттүтін тартқышы функциясының индикаторы 9 Шамдарды ҚОСУ/ӨШІРУ пернесі

Астың булану концентрациясы едəуір көбейген кезінде, сорғыштың қарқынды тəртібін пайдаланыңыз. Біз сорғышты тамақ пісіру алдында 5 мин бұрын қосуға, жəне пісіріп болғаннан кейін 15мин қосып қалдыруға кеңес береміз. Басқару бастырмалары құрылғының алдыңғы панелінде орналасқан:

Басқару тақтасын қосу/өшіру функциясы Түтін тартқыш күту режимінде болған кезде 1 пернесін басыңыз, барлық ЖШД шамдары өшеді: басқару тақтасы өшеді. 1 пернесін тағы да басыңыз, барлық ЖШД шамдары жанады: басқару тақтасы қосылады. Көміртегі сүзгісінің толғанын бақылау жəне іске қосу/өшіру функциясы Түтін тартқыш күту режимінде болған кезде, 5 пернесін 3 секундтан астам уақытқа басып тұрыңыз 7 пернесі көміртегі сүзгісінің іске қосылғаны туралы хабарлау үшін жыпылықтайды. 7 пернесі көміртегі сүзгісінің өшірілгені туралы хабарлау үшін жанған күйі қалады. Сүзгінің толуы жəне қайта орнату функциясы Тұрақты аралықтарда жəне түтін тартқыш температурасына қарай, 7 пернесі шамдары қатысты нұсқаулықтарға сай сүзгілерге техникалық қызмет көрсету керектігін көрсету үшін жанады. 7 пернесі тұрақты жанады: май сүзгілеріне техникалық қызмет көрсету қажет 7 пернесі қосулы жəне жыпылықтайды: көміртегі сүзгілеріне техникалық қызмет көрсету қажет Сүзгінің толғуы индикаторын қайта орнату Түтін тартқыш күту режимінде болған кезде, 7 пернесін 3 секундтан астам уақытқа басып тұрыңыз. Қажет болса осы əрекетті қайталаңыз.

5.1 Hob2Hood Сорғыш ең жарамды жылдамдықты автоматты түрде реттеу үшін плитамен сымсыз байланысу функциясымен жабдықталған. Осы функцияның баржоғы мен үйлесімділігін тексеру үшін плитаның пайдалану нұсқаулығын қараңыз. Желіге алғаш рет қосқан жағдайда немесе қуат көзінен кенеттен ажыратылған жағдайда (элетрлік қуаттың сөнуі), сорғыш плитамен байланысты қалпына келтірмегенше 1 минут күте тұрыңыз. Түтін тартқыш Hob2Hood режимінде жұмыс істеп жатса, 8 пернесі жанады.

6. ЖАРЫҚТАНДЫРУ ҚҰРАЛЫ Корпус жарық диод технологиясына негізделген жарық жүйесімен жабдықталған. Жарық диодтары оңтайлы жарықты, əдеттегі шамдардан 10 есе артық ұзақтықты қамтамасыз етеді жəне 90% электр энергиясын сақтауға мүмкіндік береді. болыѕыз! Жарыќ диодыныѕ сјулесіне тікелей ќарамаѕыз. Шамдарды ауыстыру үшін, өкілетті қосалқы бөлшектер орталығына хабарласыңыз.

MK УПАТСТВО ЗА КОРИСНИК МАКЕДОНСКИ